Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 15:41, дипломная работа
Есептеу техникасының дамуы ерте кезден-ақ басталды. Кейбір мысалдар: XVII ғасырдың 40-жылдарында Б. Паскаль (1613—1662) сандарды қоса алатын механикалық қүрылғы ойлап тапты. XVIII ға-сырда В. Лейбниц сандарды қоса жене көбейте алатын қүрылғы жасап шығарды. XIX ғасырда Ч. Бэббидж (1792—1871) механикалық машинаны программа арқылы басқару жүйесімен біріктірді.
Компьютерлік тышқанның пайда болуы
Алғашқы компьютерлік тышқан "Х және Y позицияларының индикаторы" деген атауға ие болатын. Бұл құрылғы ARPANet Network Information Center жобасы іске асып жатқан кезде пайда болды.
Сол кезде қолданыста болған манипулятор жұмыс істеуде ыңғайсыз әрі өлшемі жағынан үлкен болғандықтан, Дуглас Карл жаңа құрылғыны ойлап табуды көздейді.
Қарапайымдылығы мен тиімділігімен көзге түскен құрылғыны Дугластың әріптестері белсенді түрде жетілдіре бастайды. Кейін Билл Инглиш тышқанның жұмыс істейтін нұсқасын халық назарына ұсынған. Қазір бұл құрылғыға қарасақ, тышқан деп айту қиынға соғып тұр. Энгельбарттың тышқаны ағаш корпус пен темірден жасалған дөңгелектермен жабдықталды. Бұған қоса, құрылғыда қызыл пернесі болды. Бірақ 40 жылдан кейін бұл құрылғы миллиондаған компьютер қолданушылардың нағыз көмекшісіне айналды.
Жобаны Энгельбарт 10 мың долларға сатып, кішкентай ғана үйді сатып алды.
2.2.3 Құрылғылардың тағайындалуы және классификациясы
2.2.4 Дискідегі жинақтауыштар.Классификациясы,
Информация жинақтауыштар – кез келген ЭЕМ-нің қажетті бөлігі – оларды көбінесе информацияның сыртқы жинақтауыштары немесе компьютердің сыртқы жады дейді. Олар көлемді информацияны ұзақ сақтау уақыт үшін қажет және ондағы мәліметтер ЭЕМ-нің жұмыс күйіне байланысты болмайды. Сыртқы жадта кез келген программа немесе жай мәліметтер сақтала береді, сол себепті оны әрбір адамның мәліметтерінің кітапханасы деуге болады.
ДЭЕМ-дерде информацияны
жинақтаушы рөлін магниттік дикілердегі
жинақтауыштар атқарады, оларда мәліметтерді
тікелей оқуға не жазуға болады.
Соңғы кездерде ДЭЕМ-дер үшін магниттік
таспадағы жинақтауыштар –
Магниттік дискідегі жинақтауыштар (НМД – накопитель на магнитных дисках) екі түрлі болады: иілгіш магниттік дискідегі жинақтауыш (ИМДЖ) (НГМД – накопитель на гибких магнитных дисках) және қатқыл магниттік дискідегі жинақтауыш (ҚМДЖ) (НГМД – накопитель на жестких магнитных дисках).
Қатты дискідегі мәлімет жинақтауыштар (винчестер) информацияны тұрақты сақтауға арналған. 80286 процессорлы IBM PC-де қатқыл дискінің мәлімет сыйымдылығы 20-40Мб, 80386SX,DX және 80486SX (SX- бір процессорлы, DX- екі прцессорлы) – 300Мб-қа шейін, 80486DX – 500 – 600Мб, ал Pentuim – 1-40Гб-қа шейінгі деңгейде немесе одан да жоғары болады.
Қатқыл диск орнынан алынбайды, ауа кірмейтіндей жабық корпусқа салынып, жүйелік блокта орналасады. Ол екі жағына да мәлімет жазылатын бір дистеге біріктірілген бірнеше дискілерден тұрады. Иілгіш алмалы-салмалы дискетке қарағанда винчестерге өте көп мәлімет көлемі сияды, сондықтан оны пайдалану өте ыңғайлы.Иілгіш дискідегі (дискеттегі) жинақтауыштар бір компьютерден екінші компьютерге мәлімет алмастыру үшін, әзір жұмысқа қажет емес информацияны сақтап қою үшін, қатқыл дискідегі мәліметтердің архивтік (тығыздалған) көшірмесін алу үшін керек.Жұмыс процесінде әр адам өзінің мәліметтері мен программаларының дискіде алатын көлемін білуі тиіс және дискіде қанша бос орын қалғанын қадағалап, дискінің көлемін тиімді пайдалануға тырысуы қажет.
Иілгіш диск (дискета) – табақша пішінді, бетіне қабыршық түрінде магнитті қоспа жағылған иілгіш диск. Дискеттің пластмассадан жасалған қапшығында оған мәлімет жаздырмауға болатын кішкене тіктөртбұрышты ойық бар және мәлімет жазу-оқу кезінде дискінің бетімен байланыс жасайтын магниттік бастиектің жылжитын орны пластмасса қапшықта ашық болады.Дискеттің негізгі параметрі – оның диаметрі, қазіргі шығарылатын дискеттер үшін бір ғана стандарт бар – ол диаметрі 3,5 дюймдік дискеттер, яғни дискеттің диаметрі 89 мм болады.IBM PC XT, AT компьютерлері үшін диаметрі 5,25 дюймдік (133 мм) дискеттер қолданылған болатын.Мәлімет жазу не оқу үшін дискет жүйелік блоктағы дискжетектің ұясына салынады. ДЭЕМ-дерде бір немесе екі дискеттер ұясы болуы мүмкін. Дискеттер алмалы-салмалы құрал болғандықтан, олар әрі мәліметті сақтау үшін, әрі компьютерлер арасында мәлімет алмастыру үшін де қажет.5,25 дюймдік дискеттер дайындалу сапасына қарай 720кб немесе 1,2Мб информация сақтай алады.3,5 дюймдік дискетте екі түрлі көлемде информация жазылады, 1,44Мб және 720кб. 1,44Мб мәлімет жазылатын дискеттің төменгі оң жақ шетінде кішкене төртбұрышты қосымша ойық болады, ал 720 кбкөлемді дискетте ол болмайды. Дискеттер қатты пластмасса қорапта орналасады, сол себепті олар әрі ұзақ, әрі сенімді қызмет атқарады. Соңғы шығып жатқан ДЭЕМ-дерде 3,5 дюймдік дискеттер ғана қолданылады.
2.2.5 СD-ROM және Floppy диск жетегінің құрылғылары
Тип |
Анықтама |
Сипаттама |
CD-ROM |
Compact Disk Read-Only Memory аббревиатурасы. Жинақы-дискіні оқуға қабілетті, бірақ оларға мәліметтерді жаза алмайды |
Тасуыштарға бірнеше жүз мегабайт сыяды, оқу жылдамдықтарымен ажыратылады (8x, 16x, 32x және т.с.с.) |
CD-RW |
Мәліметтерді жинақы-дискіге жаза алады және оқи алады (Read/Write) |
CD-ROM жетегінің барлық қызметін қолдайды, сонымен қатар CD-ге жазу жылдамдығы бойынша ажыратылады |
DVD-ROM |
Оқи алады, бірақ DVD-дискіге жаза алмайды |
DVD-дан оқу жылдамдығы бойынша ажыратылады |
DVD-RW |
DVD-дискілерге жазу мен оқуды қолдайды |
DVD-дискілерге 4,7 Гб-қа
дейін мәліметтер сыяды, DVD-ROM-ның
барлық қызметтерін қолдайды, DVDға
жазу жылдамдығы бойынша |
CD/DVD |
DVD-жетектері сондай-ақ дыбыстық және басқа кез келген DVD-жетегі сияқты жинақы-дискілерді оқуға қабілетті. Әдетте CD жазбасын қолдамайтын жетектерді осылай белгілейді. |
2.2.6 Бейне тақтаның құрылғысы,тағайындалуымен
классификациясы
2.2.7 Баспа құрылғысы
Принтер мәтіндік және графикалық мәліметтерді компьютердің жедел жадынан қағазға басып шығаруға арналған.Ол рулон қағаз түрінде де, парақ та бола береді.
Принтерлердің негізгі артықшылығы – олар көптеген қаріп түрлерін пайдаланып, күрделі мәтіндерді басып бере алады. Шрифт түрлеріндегі әріптердің биіктігі, ені, олардың ара қашықтығы, интервалдары әртүрлі болады. Әрбір адам мәтінді қағазға шығарар алдында өзіне керекті қаріп түрін және басқа баспа параметрлерін таңдап, қағаздың мөлшері мен жолдың енін сәйкес күйге келтіріп алуы тиіс.Осыған байланысты матрицалық принтерлердің тар (стандартты бір бет қағаз үшін ) және күймелі (қатар тұрған екі бет қағаз үшін) түрлері бар.
Жұмыс кезінде компьютердегі мәліметтің (мәтін теруге арналған компьютер жадындағы кеңістік) өте көлемді болатынын білген дұрыс, ол экран мөлшерінен әлдеқайда үлкен болып,мыңдаған жолдардан тұра алады, оның көлемі тек компьютер жадындағы бос орынмен және программа ерекшеліктерімен анықталады.Сол себепті мәлімет қағазға басыларда, әр жолдың ені анықталып, қаріп ерекшеліктері мен интервалдарға, шеттегі бос орындарға байланысты мәтін беттерге бөлінеді.
Принтерлер графиктік сызбаларды, суреттерді түрлі түсті етіп басып бере алады, соған байланысты олардың көптеген модельдері бар. Қазіргі кезде принтерлердің матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш және термографиктік түрлері бар.
Соңғы кезге дейін ең көп тараған, арзан, әрі пайдалануға қолайлы лазерлік принтерлер болып саналады, оларда қағазға таңба салу лазерлік сәуле арқылы жүзеге асырылады.
Матрицалық принтерлерде баспа тиегі қағаз жолдарымен жылжи отырып, керек кезінде бояйтын (көбінесе қара бояу) лента арқылы қағазды символ суретіне сәйкес нұқып отырады. Арзан принтердің баспа тиегінде 9 ине бар, олардың сапасы орташа болады: сапасын арттыру үшін инелер бір жолда жағалап бірнеше рет жүріп өтуі тиіс. Бұларға қарағанда 24 не 48 инелі принтерлер басылымының сапасы жоғары болады. Матрицалық принтерлердің жұмыс өнімділігі 10-60 секундта бір бет аралығында (секундына 20-400 символ) болады, бірақ олардың қағаздағы сапасын арттырғымыз келсе, жылдамдықтан ұтыламыз. Принтерлерді таңдау кезінде олардың латын әрпінен өзге ұлттық әріптерді (қазақ, орыс, ұйғыр) баса алатын мүмкіндігіне көп көңіл бөлінеді. Мұндайда екі түрлі жағдай болуы ықтимал:
а) орыс, қазақ әріптерінің бейнелері принтер жадына алдын ала қондырылған, сондықтан принтер тоқ көзіне қосылысымен бірден ұлттық әріптерді баса береді. Егер принтердегі әріптердің кодтары компьютердегімен бірдей болса, операциялық жүйелер командаларымен (PRINT, COPY) мәтіндерді қағазға баса беруге мүмкіндік бар. Егер кодтар әртүрлі болса, онда оларды сәйкестендіретін драйвер-программалар қажет.
ә) ұлттық әріптер принтер жадында жоқ болғанда, алдын ала компьютерге ұлттық әріптерді принтерге шығара алатын драйверді (басқару программасын) жүктну керек. Принтерді немесе компьютерді ток көзінен ағытатын болсақ, ол мүмкіндік жоғалады.
Сия бүріккіш притерлерде қағаздағы бейне арнайы сия тамшыларын бүрку арқылы шығарылады. Бірақ олар қалыңырақ қағазды және тұрақты түрде қадағалап қарап тұруды керек етеді. Бұл принтерлер матрицалық принтерлерден жақсы, сапалы әрі дыбыссыз жұмыс істейді, көптеген қаріп түрлерін қамтиды, дегенмен жоғары сапалы қағаз түрлерін және сияны жиі керек етеді.
Лазерлік принтерлер – ксерография принціпін қолданатын құралдарға жатады, бұларды әріп бейнелері электірлік тәсілмен бояу жұқтырылған доңғалақ арқылы қағазға түседі. Доңғалаққа әріптер бейнесіндегі бояу жұқтыру компьютер коандалары арқылы лазерлік сәулелермен жүргізіледі. Қағаз бетіндегі бір дюйм аумаққа 300-ден 2400 нүктеге дейін салу мүмкіндігі бар, сол себепті таңбалар саасы жоғары болады. Сонымен, лазерлік принтерлер өте сапалы басылым бере алады және жылдамдықтары да жоғары-орташа есеппен алғанда, секундына 330 символ (бір бетті 3-15 секундта) басып бере алады. Бірақ лазерлік принтердің бағасы кішігірім ДЭЕМ-нің бағасымен бірдей.
Плоттер де (график сызғыш) мәліметтерді, негізінен графиктік информацияны қағазға шығарады.
График сызғыштар жобалау жұмыстарын автоматтандыруда әртүрлі сызба (чертеж) түріндегі бейнелерін басып ылу үшін қажет. Бұлар бір түсті, түрлі түсті болып және де сызу сапасына қарай бірнеше топтрға жіктеледі.
2.2.8 Баспа
құрылғысының түрлері.ЭЕМ ге
2.2.9 Енгізу құрнылғысы
Мәліметгерді енгізудің ең негізгі құрылғысы пернетақта болып табылады. Одан басқа да енгізу құрылғыларына тышқан, джойстик, трекбол және т.б. жатады. Джойстик - компьютерлік ойындарда колданылатын қолмен басқарылатын құрылғы. Трекболдың тышқаннан айырмашылығы оның қорапқа орнатылған кішкене шары алақанмен козғалысқа келтіріледі және ол жазық бетті қажет етпейді, сондықтан ол ықшам компьютерлерде қолданылады.
2.2.10 Енгізу құрылғыларының түрлері.ЭЕМ ге қосу
Пернелік тақта.ЭЕМ-ге мәлімет енгізетін ең негізгі құрылғы пернелік тақта болып саналады, ол арқылы мәтіндік информацияны теріп, әртүрлі командалар енгізіп орындауға болады.
“Тышқан тәрізді қол тетік” пернелікпен бірге ЭЕМ-ді басқаруға арналған. Бұл – тегіс стол бетімен жылдам жылжи алатын, қажет болғанда оның 2-3 батырмасының бірін баса отырып, белгілі бір әрекетті орындауға болатын қолмен басқарылатын кішкене тетік.
Сканер (ізкескіш) – қағазға жазылған мәліметтің кезкелген түрін (сурет, сызба, кітап мәтіні) оптикалық негізге сүйене отырып компьютерге жылдам енгізе алатын құрылғы.
Бірақ енгізілген информация графиктік түрге айналып, оны бірден өңдеу ісін жүргізу қиынырақ болады. Ол суреттерді, сызбаларды компьютер жадына енгізе алады, мәлімет енгізу оңай, әрі жылдам орындалады.
2.2.11 Модем
Модем — бұл компьютерлерге (телефон немесе басқа кәбілдік байланыс желілері арқылы) мәліметтер алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы. Аса көп модемдер бар, бірақ кең тарағандары стандарттық модемдер, DSL-модемдер және кәбілдік желілерге арналған модемдер. Стандарттық модемдер ішкі де, сыртқы да болады, ал DSL мен кәділдік модемдер тек сыртқы ғана болады, өйткені олардың қатынас құру қызметін пайдалану үшін байланыс оператордан жеке алынады (кәдігімгі модем бойынша да бірлестіктермен-операторлармен келісімшарт жасасуға болады). Байланыс тәсілі көрсетілген модемдер тізімі мен мәліметтерді жеткізудің ең жоғарғы жылдамдықтары 2.2 кестеде келтірілген.
Модемдердің әр түрлі типтерін салыстыру
Типі |
Жылдамдығы |
Сипаттамасы |
Стандарттық |
Секундына 56 000 бит (бит/сек) |
Телефон желілері арқылы
Интернетке қатынас құру үшін қолданады. |
DSL-модем |
Секундына 8 000 килобит (Кбит/сек) |
Жиіліктің еркін ауқымын пайдалана отырып, мәліметтерді
телефон желісі арқылы береді. |
Кәбілдік желілерге арналған модем |
30 000 Кбит/сек |
Оптикалық талшықты кәбілде
бөлінген арналарды пайдаланады. |
2.2.12 Факс –модем .Негізгі түсінігі мен мінездемелері