Информатикадан отчет

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 15:41, дипломная работа

Описание работы

Есептеу техникасының дамуы ерте кезден-ақ басталды. Кейбір мысалдар: XVII ғасырдың 40-жылдарында Б. Паскаль (1613—1662) сандарды қоса алатын механикалық қүрылғы ойлап тапты. XVIII ға-сырда В. Лейбниц сандарды қоса жене көбейте алатын қүрылғы жасап шығарды. XIX ғасырда Ч. Бэббидж (1792—1871) механикалық машинаны программа арқылы басқару жүйесімен біріктірді.

Работа содержит 1 файл

Сауле практика.doc

— 5.21 Мб (Скачать)

 

 

2.1.3 Жадтың  түрлері

 
Компьютердің жедел жады (қысқартылған түрде – ОЗУ немесе RAM) мәліметтерді қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет етеді. Кез келген бағдарламаның, ОЖ-ні қамти отырып, жұмыс істеуі үшін іске қосу кезінде бағдарламаның бір бөлігін жүктеуге жетел жадтың біршама көлемі талап етіледі. Бұл қатқыл дискіге қатынамастан бағдарламаның маңызды мәліметтеріне қатынас құру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Компьютерде бір мезгілде неғұрлым көп бағдарлама жұмыс істесе, солғұрлым үлкен жедел жад талап етіледі. Бағдарламаның жұмысы аяқталған кезде немесе компьютерді ағытқанда жедел жадта сақталынатын мәліметтер өшіріледі.  
Жедел жад ішкі жад болып саналады да сыртқы жадтың мысалдары бола алатын қатқыл дискі немесе жинақы-дискіден ерекшеленеді. Тіпті компьютер ағытылғаннан кейін де ақпарат сыртқы жадта сақталады.  
Жедел жадтың көлемі мегабайтармен (Мб) өлшенеді. Қазіргі заманғы қосымша бағдарламалардың көпшілігі жұмыс істеу үшін, ең шекті өлшемде, іске қосылған бағдарламалардың әрбір данасы 64 Мб жедел жад талап етеді. Пәрменді пайдаланылатын бейнелік және дыбыстық үлкен бағдарламаларға (мысалы – компьютерлік ойындарға) оданда үлкен жад талап етіледі.  
Жаңа компьютерлерге қазір ең аз дегенде 256 Мб-тық жедел жад орнатады. Егерде компьютерде орнатылған жадтан үлкен жатты талап ететін бағдарламаны іске қосатын болсақ, онда оның жұмыс істеу жылдамдығы бірден құлдырайды, тіптен компьютер мүлдем «тұрып қалады». Өнімділік тұрғысынан, компьютерде неғұрлым үлкен жад орнатылса, солғұрлым жақсы.

 

2.1.4 Хабарлардың өлшеу бірліктері

 

Компьютер тек сандық формада ұсынылған ақпаратты ғана өңдей алады. Барлық басқа ақпаратты (мысалы, дыбыстарды, кескіндерді, құралдардың көрсетулерін және т.б.) компьютерде өңдеу үшін сандық формаға түрлендірілген болуы тиіс. Мысалы, музыкалық дыбысты сандық формаға аудару үшін әрбір өлшеудің нәтижесін сандық формада ұсына отырып, шамалы уақыт аралығындағы белгілі бір жиіліктерде дыбыстың қарқындылығын өлшеуге болады. Компьютерге арналған бағдарламалардың көмегімен алынған ақпаратты түрлендіруге болады, мысалы, әр түрлі көздерден алынған дыбыстарды бір біріне «беттестіруге» болады. Осыдан кейін нәтижені кері дыбыстық формаға түрлендіруге болады.  

Осыған ұқсас  жолмен компьютерде мәтіндік ақпаратты  да өңдеуге болады. Компьютерге енгізу кезінде әрбір әріп белгілі бір сандармен тамғаланады, ал сыртқы құрылғыларға (экранға немесе баспаға) шығару кезінде адамдардың қабылдауы үшін осы сандар бойынша әріптердің тиісті кескіні құрылады. Әріптер жинағы мен сандар жинағы арасындағы сәйкестік символдарды тамғалау деп аталады.

Компьютердегі ақпараттың бірлігі бір бит, яғни 0 немесе 1 мәнін қабылдай алатын екілік разряд болып саналады. Әдеттегідей, компьютерлердің командалары жеке биттермен емес, бірден сегіз битпен жұмыс істейді. Сегіз биттің тізбегі байтты құрайды. Бір байтта мүмкін болатын 256 символдан (256 = 2) біреуінің мәнін тамғалауға болады. Ақпараттың тым ірі бірліктері 1024 байтқа тең (1024=2 )  килобайт (қысқаша белгіленуі Кбайт), 1024 Кбайтқа тең мегабайт (қысқаша белгіленуі Мбайт) және 1024 Мбайтқа тең гигабайт (Гбайт). Шамалау үшін айтсақ, егерде мәтіннің бір бетіне орташа 2500 таңба орналасса, онда 1 Мбайт — шамамен 400 бет, ал  1 Гбайт — 400 мың бет.

Әдеттегідей, компьютерде  барлық сандар нөл мен бірдің көмегімен  ұсынылады (адамдар үшін үйреншікті ондық цифрлар емес). Басқаша айтқанда, компьютерлер әдетте санаудың екілік жүйесімен жұмыс істейді, сондықтан олардың құрылысы айтарлықтай қарапайым түрде болады. Компьютерге сандарды енгізу және адамдар оқуға оларды шығару адамдарға үйреншікті ондық формада жүзеге асырылады — барлық қажетті түрлендірулерді компьютерде жұмыс істейтін бағдарлама орындай алады.

 

2.1.5 Графикалық  адаптерлер

Монитор немесе дисплей  – ДЭЕМ-ге міндетті түрде қажет  шеткері құрылғы, ол компьютердің жедел  жадында өңделетін информацияны экранда көру үшін қажет. Экран түстеріне қарай дисплейлер монохромды (ақ-қара) және түрлі-түсті болып, ал экранға шығарылатын информация түрлеріне байланысты символдық (тек символдық информация) және графиктік (символдық және оған қоса графиктік информация) болып бөлінеді.ЭЕМ-нің бейнелік құрылғысы екі бөліктен: монитор мен адаптердан тұрады. Біз тек мониторды көреміз, ал адаптер ЭЕМ қорабының ішінде орналасқан мониторды басқару блогы. Монитордың өзінде тек электрондық-сәулелі түтікше бар. Ал адаптерде бейне сигналдарын беретін логикалық схемалар орналасқан.Электрондық сәуле экранда секундтің 1/50 бөлігінде жүріп өтеді, бірақ экран бейнесі одан жәй өзгереді. Сондықтан экранның бір көрінісі үшін бейне сигналды бірнеше рет қайталап беріп отыру керек. Адаптерде бейнелер көрінісін сақтауға арналған бейнелік жад бар.Көбінесе символдық режимде дисплей экранына 80 таңбадан тұратын 25 жол мәлімет шығарылады (барлығы – 2000 таңбадан тұратын стандартты машинка қағазындағы символдар саны), ал графикалық режимдегі экранның бейнелеу (көрсету мүмкіндігі) қабілеті адаптер тақшасын жүйелік блокты байланыстыру құрылғысының мүмкіндіктеріне сәйкес болады.Экрандағы кескін көрінісінің сапасы графикалық адаптердің типіне қарай өзгеріп отырады.Кең тараған адаптерлерге мыналар жатады: EGA, VGA және SVGA. Қазіргі кезде VGA және SVGA (Super VGA) кеңінен қолданылады, SVGA-ның көрсету қабілеті өте жоғары. Адаптерлер бейнелерді айқындап көрсету қабілетімен ерекшеленеді.

Адаптердің бейнелеу қабілеті оның графикалық режимде экранда көрсетіле алатын бір жолдағы нүктелер (пиксельдер) санына байланысты. Мысалы, 720*348 мүмкіндікті немесе одан да жоғары монитор вертикаль (тік) бағытты 348 жол-нүктені көрсете алады, ал оның әр жолында 720 нүкте бар. Баспағана жүйелерінде 800*600 және 1024*768 мүмкіндікті немесе одан да жоғары мониторлар қолданылып жүр. Бірақ олар қымбатырақ тұрады. Экран бетінің мөлшері диагональ стандарт (14 дюйм-1 дюйм=2,54см) бойынша жасалады, үлкейтілген (15 дюйм) және теледидар (17,20 және 21 дюйм – диагоналі бойынша 54см-ге дейін) тәрізді болып та жасалғандары кездеседі, олар түрлі түсті (16млн-нан бірнеше ондаған млн түстерге дейін) немесе ақ-қара (монохромды) болып та шығарыла береді.Адаптерлер стандартты түрлі түсті монитордағы түстер палитрасын (жиынын) анықтайды: CGA (ескі модель) стнадартты режимде 4 түспен, EGA – 64 түспен, VGA – 256 түске дейін, ал SVGA – млн-нан аса түстермен жұмыс істе алады. Бірақ символдық рнжимде көрсетілген стандарттағы экрандардың барлығы да 16 түсті ғана қолданылады.Монитор типін ЭЕМ-де қойылған мақсатқа байланысты таңдау керек. Егер тек мәтіндік информациямен жұмыс істейтін болсақ, онда монохромды символдық монитор жеткілікті. Ал, егер де автоматтандырылған жобалау жұмыстарымен айналасу қажет болса, онда түрлі түсті графикалық монитор қажет болады. Бірақ көптеген программалармен жұмыс істеу кезінде түрлі түсті графикалық мониторды қолданған өте ыңғайлы

 

 

 

 

2.1.6 Бейне  тақта.Мінездемелер және негізгі  түсінік

 

 

2.1.7 Желілік  адаптер Негізгі түсінік

 

2.1.8 Аналық тақша

 

Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мәліметтер аналық немесе жүйелік тақшамен өңделеді. Аналық тақша – бұл компьютердің барлық құрауыштары қосылатын күрделі көп қабатты баспалық тақша. Аналық тақша мыс өткізгіштер-жолдар желісімен қапталған – олар бойынша тақшада құрастырылған микросхемалар мен компьютердің басқа құрылғылары қосылатын слоттарға мәліметтер келіп түседі. Әрбір құрылғы белгілі бір слотқа қосыла алады.

BIOS (Basic Input Output System)Енгізу-шығарудың базалық жүйесі (BIOS — Basic Input Output System) өзіне компьютердің құрылғыларының арасындағы өзара әрекетті ұйымдастырушы енгізу-шығару бағдарламаларының жинағын қамтиды. BIOS аппараттық құрал ретінде де, операциялық жүйенің бағдарламалық модулі ретінде де қарастырылады.Компьютерде BIOS жүйесі жүйелік тақшада орнатылған микросхема түрінде іске асырылған.  
Ескі жүйелерде ROM BIOS микросхемасын орнатқан болатын. Қазіргі заманғы компьютерлерде BIOS-ты сақтау үшін флэш-жад (flash memory) микросхемасы пайдаланылады. Олар бір құрауыш үшін ондаған мың есеге дейін ақпаратты қайта жазуға рұқсат етеді. Бұл қосылатын құрылғыларды қолдау үшін ескі қызметтерді оңай түрлендіруге немесе жаңа қызметті үстемелеуге мүмкіндік береді. BIOS-ты түрлендіру үшін жүйелік тақшасы бар жинақта жеткізілетін арнайы утилит (бағдарлама) пайдаланылады.  
BIOS жүйесі мыналарды қамтиды:

• CMOS RAM — жүйелік  уақыт пен компьютер қисыны туралы ақпаратты сақтайтын жад.

• CMOS-жад аз энергия тұтынуымен, энергияға тәуелсіздігімен  ерекшеленеді, құрамдас аккумулятордан қоректенеді. CMOS RAM мөлшері BIOS жүйесіне кіретін Setupбағдарламасының көмегімен өзгереді. Бұл бағдарламаға компьютерді бастапқы жүктеу кезінде DEL пернесін ұстап тұрып кіруге болады,Сендердің компьютерлеріңде орнатылған BIOS туралы егжей-тегжейлі аналық тақша сипаттамасынан оқуға болады.

 

2.1.9   Аналық тақша құрылғылары

2.1.10 Кіріс-шығыс порттарының,тағайындалуы  және классификация

2.1.11 Қоректену блогы

 

2.1.12 Құрылғының тағайындалуы және  классификациясы

2.1.13 Дыбыс тақшасы.Негізгі түсінігі,тағайындалуы  және классификациясы

   

     Дыбыстық тақша әдетте пайдаланушының қате әрекеттеріне жауап беретін динамиктің шиқылына қарағанда тым күрделі дыбыстарды компьютердің түрлендіруіне мүмкіндік береді. Дыбыстық тақша ұсынатын дыбыспен жұмыс істеудің кеңейтілген мүмкіндігі компьютерлік ойындарда және басқа қазіргі заманғы бағдарламаларда талап етіледі.

 

 

2.2 ЭЕМ-нің шеткі құрылғылары

2.2.1 Пернетақта

 

Пернетақта – компьютерге  ақпарат енгізуге арналған құрылғы.  Ол әріп немесе  цифр пернелері көмегімен компьютерге кез келген  ақпараты беруге мүмкіндік жасайды. Пернетақталарда 100-дің үстінде пернелер орналасады.

Пернелер бірнеше  блокқа бөлінеді:

-басу  пернетақтасы, , (алфавитті-цифрлық және таңбалық пернелер: бос орын, 0-9 дейін цифрлар, A-Z латын әріптері, А-Я кириллица символдары, тыныс белгілері, «+», «-», «*», «/», арнайы символдар және т.б.)

- функционалдық  пернелер: Ғ1, Ғ2, ..., Ғ12.

- арнайы  операциялар пернелері, олар: Enter, Esc, Tab,  Ctrl, Alt, Backspace, Caps Lock, Shift, Windows.

-меңзерді  экран бетінде басқару және  редакциялау пернелері, олар: Insert, End, Home, PageUp, PageDown, Left, Right, Up, Down, Delete

- сандық  пернетақта, олар оң жақта бөлек орналасқан.

-басу  пернетақтасы, олар пернетақтаның ортасында орналасқан. Ол пернетақтаның негізгі блогы. Оның көмегімен  кез келген алфавитті-цифрлық ақпаратты енгізуге болады. Бұл блокта латын, орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілері және басқа да символдар орналасқан.

- функционалдық  пернелер:  Олар Ғ1, Ғ2, ..., Ғ12 әріптерімен белгіленген.  Олар компьютердің күрделі операцияларын тез орындау үшін қолданылады. Әр түрлі программада олар әртүрлі қызмет атқарады.

- арнайы  операциялар пернелері, олар:

Enter-ең негізгі перне, операцияның аяқталғандығын көрсетеді.  

Esc – Бағдарламаны аяқтау пернесі, операцияны болдырмау немесе операциялар тізбегіне  кері қайтуды орындайды.

Tab – Меңзерді бір басқару позициясынан басқасына ауыстырады.

Ctrl – арнайы әрекеттер үшін қолданылады.

Alt –арнайы әрекеттер үшін қолданылады.

Backspace – меңзердің сол жағындағы қате символды өшіреді.

Caps Lock – бас әріптер режимін іске қосады және айырады.

Shift – перненің қосалқы мәнін алу үшін қолданылады.

Windows – Пуск менюін ашу шін қолданылады.

-меңзерді  экран бетінде басқару және  редакциялау пернелері, олар:

Insert – символдарды ауыстыру және енгізу режимін қосады.

End – меңзерді жол соңына жылжытады.

Home – меңзерді жол басына жылжытады.

PageUp – меңзерді бір бетке жоғары жылжытады.

PageDown – меңзерді бір бетке төмен жылжытады.

Left – меңзерді бір орынға солға жылжытады.

Right – меңзерді бір орынға оңға жылжытады.

Up – меңзерді бір жолға жоғары жылжытады.

Down – меңзерді бір жолға төмен жылжытады.

Delete – меңзердің оң жағындағы символды өшіреді.

- сандық  пернетақта, олар Num Lock пернесі қосылып тұрса сандарды енгізуді, айыруыл тұрса меңзерді басқару операцтяларын іске асырады.  

 

Пернетақтамен жұммыс істеу техникасы.

Жеке пернені  басқанда күш қолданбай, жай басу керек. Егер бір перне көп басылып  тұрса, машина  оны көп рет басылды деп түсініп, бірнеше символ салынады. Кейбір операцияларды орындау үшін екі немесе үш пернелер комбинациясын қолданады. Мысалы, Ctrl+L, бұл сендерге алдымен Ctrl пернесін басып, содан соң оны жібермей тұрып, L пернесін басу керек екенін білдіреді. Содан соң Ctrl-ды босатуға болады.  

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2.2 Тышқан

 

Компьютер қолданушыларының арасында Билл Гейтстің есімі кең таралған. Иә, қазіргі заманауи компьютерлердің жұмыс істеуі сол кісінің арқасында десек те, артық емес. Бірақ қазіргі заманауи компьютердің пайда болуына тек бір адамның еңбегі түрткі болмады. Неге тышқанды ойлап тапқан адамның есімін білмейміз? Оның да жасаған еңбегі бар емес пе? Бұл олқылықтың орнын толтыру үшін біз компьютер тарихын парақтап, тышқанды ойлап тапқан адам туралы айтпақпыз.Мына мақаланы тышқан құрылғысын ұстап алып, оқып отырған боларсыз. Солай емес пе? Олай болса, заманауи тышқанның прототипі Дуглас Карл Энгельбарттың құрылғысы туралы кеңінен білгеніңіз жөн.Карл Дуглас 1925 жылы 30 қаңтар күні Портленд қаласының маңында дүниеге келген. Балақай жергілікті мектепті бітіргеннен кейін, сол жердегі инженер-электр мамандығы бойынша университетке оқуға түседі. Бірақ екінші дүниежүзілік соғыс жас жігіттің жоспарын түгелдей өзгертеді. Дуглас Карл филлиппиндік әсери теңіз базасына түсіп, радиотехник мамандығы бойынша борышын өтеді. Сол кезде Дугластың қолына есептеуіш машиналардың маманы Ванневар Буштың "Ойлау қабілетіміз каншалықты тез" атты мақаласы түседі. Бұл мақалада автордың адам баласының жады мен сыртқы ақпарат тасушылардың айырмашылығы жайлы жазылған ой-толғаныстары айтылады. Мақалада жазылған ойлар Дуглас Карлға фантастика болып көрінгенімен, ол сол тақырыпқа қатты қызығып кеткен екен. Бұған қарамастан, бұл мақала күрделі техникалық әскери мәселелерді шешіп, жаңа құрылғыларды ойлап табуға итермеледі.Соғыс аяқталғасын Энгельбарт туған жеріне оралады. Сол жерден оны NACA (кейін NASA деп өзгертілді) зертханасына алып кетіп, электротехник мамандығы бойынша жұмыс береді. Жаңа тұрақты жұмысы пайда болғасын Дуглас Карл Калифорния штатына көшуді жөн санайды. Университетті бітіргеннен кейін, 1995 жылы Дуглас арманына қадам жасай бастайды. Оның бар арманы компьютердің дамуына септігін тигізу еді. Ол NASA-дан кетіп қалып, электротехник профессорының орынбасары болады. Әскерилердің тарапынан қаржыландырылған CALDIC атты суперкомпьютердің жобасының пайда болуына белсенді түрде атсалысты. Бір жылдан кейін Энгельбарт Стенфордтың ғылыми-зерттеу университетінде өз жобаларын коммерциялық жолға қоюды іске асыра бастағанымен, оның ойлап тапқан газды-плазмалық сандық құрылғысы мен 12 магнитті жады аппараттарын сату сәті түспеді.

Информация о работе Информатикадан отчет