Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 17:02, курсовая работа
Пәннің мақсаты – информатика дамуындағы негізгі тенденцияларды қатитын теориялық және тәжірибелік мағлұматтармен студенттерді таныстыру. Қазіргі заманғы программалау тілдерін қолдануда, математикалық және сандақ үлгілеуде, ғылыми-техникалық есептердің нәтижелі алгоритмдерін құрумен таныстыру.
1. Тұрпатты (типтік) бағдарлама
2. «Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (SYLLABUS)
3. Теориялық материалдар
3.1 Зертханалық жұмыстарды өткізудің жоспары және әдістемелік нұсқаулығы
3.2 Практикалық сабақтарды өткізудің жоспары және әдістемелік нұсқаулығы
3.3СОӨЖ өткізу жоспары
3.4 СӨЖ орындау бойынша жоспар және әдістемелік нұсқаулық
4.Бақылау тапсырмалары
5. Сөздік
5. Сөздік,
Негізгі ұғымдар.
Информатика – ЭЕМ арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән. Информатиканы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ-дерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында информацияны кеңінен тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер береді.
Компьютерлік сауаттылық деп компьютерді пайдалана отырып, оқу, жазу, есептеу, сурет салу және информация іздеу жолдарын меңгеруді айтады.
Информациялық процестер - адамдар арасында, тірі организмдерде, техникалық құрылғыларда және қоғамдық өмірде информацияны жеткізу, жинақтау жөне түрлендіру процестері.
Қоғамды информатизациялау – ең анық информацияны дер кезінде және толық пайдалануымен қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін жаппай енгізу. ҚИ жаңа инф-лық технологиялардың дамуы мен оны игеру дәрежесіне байланысты.
Информатизациялау дегеніміз – қоғамда, танымда,әрбір салада информатика жетістіктерін қолдану процесі.
Информатизациялаудың материалдық негізі – информация ала алатын информациялық, компьютерлік, бейне- аудио коммуникациялық құралдар.
Информатизациялаудың саналық негізі – ғылыми, әсіресе математикалық, формалдық, информациялық әдістер мен моделдер, білім базалары және т.б.
Информатизациялаудың технологиялық негізі – жаңа ИТ және интерфейс ұйымдастыру әдістері, информацияларды маңыздылау және т.б.
Информатизациялаудың ұйымдастыру негізі – информациялық қызмет ету жүйелері мен құрылымдары, қоғамның және оның институттарының инфраструктурасы
Есептеуіш жүйесі – кем дегенде екі процессор немесе есептеуіш машинасы кіретін және дамыған перифериялық құрылғылар жүйесінен тұратын өзара үйлескен есептеуіш техника құралдарының жиынын. Олардың информациялық ұйымдастырылуы көп деңгейлі болып келеді. ЕЖ туралы толығырақ алда қарастырамыз.
Дәлдік пен ұқыптылық. Компьютерлік жүйелерді пайдаланудағы үшінші себеп - олардың дәлдігі мен ұқыптылығында жатыр. Егер біз компьютерге нақты мәліметтер беріп, оларды өңдеудің дұрыс жолдарын көрсетсек, ол әрқашанда қатесіз дұрыс нәтижелер береді. Кейде компьютер қате нәтиже берді деп айтады. Мұндайда компьютерді қателеспейтінін, қатенің себебі мәліметтердің оған дұрыс берілмегендігінен немесе осы мақсатқа арналған мәліметтердің алгоритмінің қате болғаны екенін ашып айту кажет.