Информатика негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 17:02, курсовая работа

Описание работы

Пәннің мақсаты – информатика дамуындағы негізгі тенденцияларды қатитын теориялық және тәжірибелік мағлұматтармен студенттерді таныстыру. Қазіргі заманғы программалау тілдерін қолдануда, математикалық және сандақ үлгілеуде, ғылыми-техникалық есептердің нәтижелі алгоритмдерін құрумен таныстыру.

Содержание

1. Тұрпатты (типтік) бағдарлама
2. «Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (SYLLABUS)
3. Теориялық материалдар
3.1 Зертханалық жұмыстарды өткізудің жоспары және әдістемелік нұсқаулығы
3.2 Практикалық сабақтарды өткізудің жоспары және әдістемелік нұсқаулығы
3.3СОӨЖ өткізу жоспары
3.4 СӨЖ орындау бойынша жоспар және әдістемелік нұсқаулық
4.Бақылау тапсырмалары
5. Сөздік

Работа содержит 1 файл

informatika .doc

— 1.23 Мб (Скачать)

Ехсеl-дің графикалық мүмкіндіктері

. Диаграммалардың жеңіл  және көрнекі қабылдануы тіпті  қарапайым диаграммалардың өзі  жұмыс парағының әрбір ұяшығын  оқып шыққанға қарағанда мәліметтерді  дұрыс бағалауға мүмкіндік беретін  болғандықтан, сандық типтегі мәліметтерді  ары карай өңдеуде жылдам шешім шығаруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ графикалық бейнелеу мәліметтердегі қателерді табуға, тіпті мәліметтерді өңдеудің алғашкы кезеңдерінде белгісіз үлкен массивті сандардың тәуелділіктерін ашуға көмек береді.

Сонымен Ехсеl-дің көмегімен  әртүрлі типтегі диаграммалар тұрғызуға болады. Олардың кейбірі көлемді больш келеді. Орналасқан орны мен тұрғызылу ерекшелігіне және түзетілуіне қарай диаграммаларды екі түрге бөледі:

• ендірілген диаграммалар - дәл өздері тұрғызылған мәліметтер орналасқан жұмыспарағында орналасады;

• жаңа жұмыс парағындағы толық экран форматындағы диаграммалар.

Ехсеl-де графикалык   бейнелер   құрудың   тиімді   құралы,   Стандартная   панелінің  командалық   кнопкасы   немесе   Вставка   менюінің   Диаграмма   командасы   арқылы шығарылатын Мастер диаграмм болып табылады.

Диаграммалармен жұмыс  істегенде арнайы терминология қолданылады:

  • Мәліметтер қатары. Диаграмма құру үшін қажетті өзара байланысқан мәліметтер жиыны;
  • Ось. Ехсеl диаграммасы жақтарының бірі. Екі өлшемді диаграмма құрған кезде горизонтальды ось –Х, ал вертикальды ось – У деп белгіленеді.
  • Аңыз.Диаграмма ішінде орналасқан, оның элементтері туралы информациясы бар облыс.
  • Диаграмманың тақырыбы. Диаграмманың мазмұнын бейнелейді, яғни оның аты.

 

13-дәріс. Жергілікті  компьютерлік желілерде ақпароатты қорғау, антивирустық қорғаныс. Жасанды интеллект жүйелері.

Мәліметтер базасы (МБ) – ЭЕМ жадында  сақталатын өзара  байланысқан мәліметтер жиынтығы. Олардың құрылымы өте ыңғайлы және жалпы болғандықтан, қолданушылар әртүрлі программалар көмегімен оларды пайдалана алады, яғни мәліметтерді ерекшелейді, табады, өшіреді, өңдейді және т.б.

Кез-келген информациялық  жүйенің мақсаты – шын өмірдің  объектілері туралы мәліметтерді өңдеу. Сондықтан да,  мәліметтер базасы деген мағына қандай да заттық облыстағы іс жүзіндегі  өмірдің  нақты объектілері туралы мағлұматтар жиынын білдіреді.  Заттық облыс деп нақты өмірдің қандай-да бір бөлігін түсінеміз.

Мәліметтер базасын  құрған кезде қолданушы информацияны әртүрлі нышандар бойынша реттеуге және кез-келген тіркесті нышандағы  көшірмені жылдам алуға  ұмтылады. Әрине, бұл жағдай мәліметтер құрылымдас болғанда ғана мүмкін.

Құрылымдастыру  – мәліметтерді көрсете білу тәсілдері туралы келісімдерді енгізу

Мәліметтер базасын  құрудың екі әдісі бар:

а)  Берілген есепке лайықты - әрбір есеп өзіне қатысты мәліметтер базасымен жұмыс істейді;

б) МБ басқару жүйесін (МББЖ) пайдалану арқылы.

Мәліметтер базасының  объектілері:

  1. Кестелер (өзарабайланысқан немесе байланыспаған);
  2. Логикалық (виртуальды) кестелер – маңызды атрибуттар көмегімен өзара байланыста болатын мәліметтер;
  3. Қолданушы жұмыс істейтін кіріс құжаттарының формалары;
  4. Басқарушы мәзірінің жүйесі;
  5. Сұраныстар;
  6. Кіріс құжаттарының (есеп беру) формалары.

Автоматтандырылған информациялық  жүйенің маңызды циклдары:

  • “қағаз” жүзінде программалау;
  • өткізу;
  • пайдалану (МБ енгізу).

Мәліметтер  базасының классификациясы

Мәліметтер базасын  өңдеу технологиясы бойынша олар орталықтандырылған және таратылған болып бөлінеді.

Орталықтандырылған  мәліметтер базасы бір есептеуіш жүйесінің жадында сақталады. Егер бұл есептеуіш жүйесі ЭЕМ желісінің құрамына кіретін болса, онда ондай базаға таратылған түрде енуге болады. Мәліметтер базасын осындай түрде қолдану дербес компьютерлердің жергілікті желілерінде жиі пайдаланылады.

Таратылған  мәліметтер базасы есептеуіш желісінің әртүрлі ЭЕМ-ларында сақталатын бірнеше, кей жағдайларда қиылысатын немесе бірін-бірі қайталайтын бөліктерден тұрады. Мұндай базамен жұмыс істеу таратылған мәліметтер базасын басқару жүйесі көмегімен жүзеге асырылады.

Мәліметтер базасы  мәліметтеріне кіру тәсіліне байланысты жергілікті кіру мүмкіндігі бар МБ және желі арқылы кіру мүмкіндігі бар  МБ болып бөлінеді.

Желілік кіру мүмкіндігі бар орталықтандырылған МБ жүйелерінің келесі түрдегі архитектуралары бар:

  • Файл-сервер;
  • Клиент-сервер.

Файл-сервер. Желілік кіру мүмкіндігі бар МБ жүйесінің архитектурасы желі машиналары ішінен біреуін орталық (файлдар сервері) ретінде ерекшелеп алуды ұйғарады. Ондай машинада бірге пайдаланылатын орталықтандырылған МБ сақталады Желінің қалған басқа машиналары жұмысшы станцияларының ролін атқарады. Олардың көмегімен қолданушылар жүйесінің орталықтандырылған мәліметтер базасына кіруге болады Мәліметтер базасының файлдары қолданушылар сұранысына  байланысты жұмысшы станцияларына жіберіледі. Сол жерде мәліметтер өңделеді.  Сонымен қатар, қолданушылар жұмысшы станцияларында тек өздері ғана пайдалана алатын жергілікті мәліметтер базасын құра алады.. Файл-сервер концепциясының шартты түрі 13-1-суретте көрсетілген

Клиент-сервер. Бұл концепцияда орталық машина (мәліметтер базасының сервері) орталықтандырылған мәліметтерді сақтаудан басқа мәліметтерді өңдеудің негізгі көлемін орындауды қамтамасыз етеді. Клиент (жұмысшы станциясы) беретін мәліметтерге сұраныс серверде мәліметтерді іздеумен қатар оны одан алып шығуға сеп болады. Мәліметтерді (файлдарды емес)  алып шығу  желі бойынша серверден клиентке тасымалданады. Клиент-сервер архитектурасынң ерекшелігі SQL сұраныс тілін пайдалануда

 

Мәліметтер  базасының құрылымдық элементтері

 Мәліметтер базасы  түсінігі өріс, жазу, файл (кесте)  сияқты құрылымдық элементтердің  түсініктерімен  тығыз байланысты (13.3-сурет).

Өріс  – мәліметтерді логикалық түрде ұйымдастырудың элементарлы бірлігі. Ол информацияның бөлінбейтін бірлігі – реквизитке сәйкес келеді. Өрісті жазу үшін келесі сипаттамалар пайдаланылады:.

аталуы, мысалы, Фамилия, Аты, Әкесінің аты, Туған жылы;

типі, мысалы, символьды, санды, календарлы;

ұзындығы, мысалы, 15 байт, символдардың мүмкін болатын ең көп мөлшерімен анықталады.

Санды мәліметтер үшін дәлдігі, мысалы, санның бөлшек бөлігін көрсету үшін екі ондық белгі

Жазу – логикалы түрде байланысқан өрістер жиыны.. Жазу данасы – өрістердің нақты мәні бар жазуды жеке іске асыру.

Файл (кесте) – бірдей құрылымды жазулардың даналары жиыны.

 Файлды жазудың  логикалы құрылымын бейнелеу  жазу өрістерінің және олардың  сипаттамаларының тізбегінен тұрады.  Мысалы:

Файлды жазудың құрылымында  мәні кілт болып есептелетін өрістер  көрсетіледі:бастапқы кілт (БК), олар жазу данасын теңестіреді және и екінші кілт (ЕК), бұлар іздеуші немесе топтаушы нышандары ролін атқарады  (екінші кілт мәні бойынша бірнеше жазуларды табуға болады).

Мәліметтер  модельдерінің түрлері

Кез-келген мәліметтер базасының ядросы – мәліметтер моделі. Мәліметтер моделі мәліметтемен оперцияларды жүргізуге және тұтастығын шектеуге арналған мәліметтер құрылымының жиынын құрайды. Мәліметтер моделі көмегімен заттық облыстың объектілерін және олардың арасындағы өзара байланысты көрсетуге болады.

Мәліметтер  моделі –мәліметтер құрылымының және оларды өңдеу операцияларының жиынтығы.

 Мәліметтер базасын  басқару жүйесі (МББЖ) иерархиялық,  желілік және реляциялық модельдерді,  осы модельдердің комбинацияларын   пайдалануға негізделген.

Мәліметтер моделінің  үш негізгі: иерархиялық, желілік  және  реляциялық түрлеріне тоқталалық.

  • Мәліметтердің иерархиялық моделі. Иерархиялық құрылым қандай-да бір ереже бойынша өзара байланысқан элементтер жиынтығынан тұрады. Иерархиялық қатынаспен байланысқан объектілер бағытталған графты (төңкерілген ағаш) құрайды. Иерархиялық құрылымның негізгі түсініктеріне келесілер жатады: деңгей, элемент (түйін), байланыс. Түйін  – қандай-да бір объектіні бейнелейтін мәліметтер атрибутының жиынтығы. Иерархиялық ағаш схемасында түйіндер графтың төбелеріне сәйкес келеді. Төменгі деңгейдегі әрбір түйін жоғары деңгейдегі  теке қана бір түйінмен байланысқан.  Иерархиялық ағаштың бір ғана төбесі болады (ағаш түбірі). Ол басқа ешқандай төбеге бағынбайды.  Тәуелді (бағынышты) түйіндер екінші, үшінші және с.с. деңгейлерде орналасады. Мәліметтер базасындағы ағаштар мөлшері түбірлік жазулар санымен анықталады.
  • Мәліметтердің желілік моделі. Желілік құрылымда жоғарыдағыдай негізгі түсініктер негізінде (деңгей, түйін, байланыс) әрбір элемент кез-келген басқа  элементпентөмендегідей байланыста бола алады..
  • Мәліметтердің реляциялық моделі. Реляциялық модель түсінігі белгілі американ ғалымы Е.Кодтың мәліметтер базасы жүйелері облысындағы еңбектерімен байланысқан.

Бұл модельдер мәліметтер құрылымының қарапайымдылығымен, қолданушыларға ыңғайлы кесте түрінде көрсетілуімен  және мәліметтерді өңдеу үшін реляциялық есептеу мен қатынастар алгебрасының формалды аппаратын пайдалану мүмкіндігімен  сипатталады

Реляциялық модель мәліметтерді екі өлшемді кесте түрінде ұйымдастыруға бағытталған. Әрбір реляциялық кесте екі өлшемді массив түрінде көрсетіледі және оның келесі қасиеттері бар:

  • кестенің әрбір элементі – мәліметтердің бір элементі;
  • кестедегі барлық бағандар біртекті, яғни, бағандағы барлық элементтердің түрлері бірдей  (сандық,символьдық  және т.б.);
  • әр бағанның бірегей өз аты бар;
  • кестеде бірдей жолдар болмайды;
  • жолдар мен бағандардың жазылу тәртібі еркін.

 

14-дәріс. Қазіргі  замандағы программалық құралдар.

Жоғары дәрежелі программалық тілдері. Компьютерлік желіліердің жіктелуі.

МББЖ-мен жұмыс істегенде  экранға жұмыс өрісі және басқару  панелі шығады. Басқару панелінде меню жолы (строка меню), басқарудың көмекші облысы (вспомогательная область управления) және кеңес беру жолы (строка подсказки) болады. Олардың экранда орналасуының бірегей тәртібі жоқ, сондықтан олардың орналасуы нақты программаның ерекшелігіне байланысты болады. Кейбір МББЖ экранға директива терезесін (командалық терезе) немесе  командалар жолын шығарады..

Меню жолы (строка меню) программаның негізгі режимдерінен тұрады. Олардың біреуін таңдау арқылы қолданушы оның құрамына кіретін командалардан тұратын төмен қарай түсетін меню қосымшасына рұқсат алады. Төмен қарай түсетін менюдің (ниспадающая меню) кейбір командаларын таңдау нәтижесінде қосымша меню пайда болады.

Басқарудың көмекші  облысы құрамына келесілер кіреді::

  • қалып-күй жолы (строка состояния);
  • саймандар (инструменттер) панелі
  • вертикальды және горизонтальды  айналдыру сызғыштары.

Қалып-күй  жолында  (статусной строке) қолданушы программаның ағымдағы режимі туралы, ағымдағы мәліметтер базасының файлдары аттары және т.б. туралы мәліметтер табады.

  • Инструменттер панелі (пиктографикалық меню) программа функциялары мен нақты бір меню командаларын орындауды жылдам белсенді ету үшін арналған кнопкалардан  (пиктограммалар) тұрады. Мәліметтер базасының кестесі, формасы немесе отчетын экран аумағында көрсету үшін (сол мезетте экранда көрсетілмеген жағдайда) вертикальды және горизонтальды  айналдыру сызғыштарын пайдала-нады.
  • Кеңес беру жолы қолданушыға осы мезгілде не істеу керек екені туралы хабар беруге арналған.. 

Менюден нақты бір  команданы таңдау келесі әдістердің бірімен жүргізіледі:

  • курсорды басқару пернесі көмегімен таңдаған командалар менюіне курсорды алып келіп,  енгізу (ввод) пернесін басу арқылы
  • пернетақтадан таңдаған команданың бірінші әрібін енгізу арқылы.

 МББЖ менюін құрайтын  командалар туралы қосымша информация  алу және оларды пайдалануды  көмек режиміне кіру арқылы  да жүзеге асыруға болады.

МББЖ –нің ерекшеліктеріне қарамай қолданушы құзырына берілген командалар жиынтығын келесі типтік топтарға бөлуге болады.

  • файлдармен жұмыс істеу командалары;
  • редакциялау командалары;
  • форматтау командалары;
  • терезелермен жұмыс істеу командалары;
  • МББЖ-нің негізгі режимдерінде жұмыс істеу командалары (кесте, форма, сұраныс, отчет);
  • анықтамалық информация алу командалары

Файлдармен  жұмыс істеу командалары

Файлдармен жұмыс істегенде  программа қолданушыға келесі мүмкіндіктерді береді:

  • мәліметтер базасының жаңа объектілерін құру;
  • бұрын құрылған объектілерді сақтау және қайтадан басқаша атау;
  • қолда бар объектілерді ашу;
  • бұрын ашылған объектілерді жабу;
  • мәліметтер базасы объектілерін баспадан шығару.

Информация о работе Информатика негіздері