Информатика негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 17:02, курсовая работа

Описание работы

Пәннің мақсаты – информатика дамуындағы негізгі тенденцияларды қатитын теориялық және тәжірибелік мағлұматтармен студенттерді таныстыру. Қазіргі заманғы программалау тілдерін қолдануда, математикалық және сандақ үлгілеуде, ғылыми-техникалық есептердің нәтижелі алгоритмдерін құрумен таныстыру.

Содержание

1. Тұрпатты (типтік) бағдарлама
2. «Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (SYLLABUS)
3. Теориялық материалдар
3.1 Зертханалық жұмыстарды өткізудің жоспары және әдістемелік нұсқаулығы
3.2 Практикалық сабақтарды өткізудің жоспары және әдістемелік нұсқаулығы
3.3СОӨЖ өткізу жоспары
3.4 СӨЖ орындау бойынша жоспар және әдістемелік нұсқаулық
4.Бақылау тапсырмалары
5. Сөздік

Работа содержит 1 файл

informatika .doc

— 1.23 Мб (Скачать)

Баспадан шығару процесі  принтердің драйверін таңдаудан  басталады.Принтердің әрбір түрі үшін өзінің драйвері болуы керек. Келесі қадам парақтың параметрлерін тапсырудан, колонтитулдарды форматтаудан, сонымен қатар, шрифттің түрі мен өлшемін таңдаудан тұрады. Содан кейін көшірме санын, баспаның сапасын және құжаттағы баспадан шығарылатын парақтардың нөмірін немесе мөлшерін орнатады.

Алдын-ала көріп алу  командасы баспадан шықпай тұрып  принтерде шығатын инфоромацияның жалпы түрі туралы мағлұмат алуға  мүмкіндік береді.  Информацияның  парақта орналасуын масштабтау және ортаға келтіру командалары көмегімен тиімді реттеуге болады.

 

Редакциялау командалары.

Жаңа мәліметтер енгізу және МБ кестесінің кез-келген өрісіндегі мәндерді немесе экрандық формалар мен  отчеттардың құраушыларын өзгерту  редакциялау командаларының – орын ауыстыру, көшіру және жою - тобы көмегімен жүзеге асырылады.

Жоғарыда көрсетілген  операциялардан басқа МББЖ-нің программаларының үлкен тобының диаграммаларды, суреттерді және т.с.с. басқа программалық ортада жасалған объектілерді енгізу мүмкіндіктері  бар. Олар сонымен қатар объектілер арасында байланыс та орната алады.

Редакциялау командалары  арасында барлық құжат ішінен немесе оның ерекшеленген бөлігінен қолданушы  анықтаған контексті табу және алмастыру  командалары және соңғы енгізілген команданы болдырмау командалары   ерекше орын алады.

 

Форматтау командалары

Мәліметтерді енгізу кезінде оларды көзбен көрудің өте  үлкен маңызы бар. Көптеген МББЖ қолданушы  құзырына баспадан шығатын информацияны безендірумен байланысты командалардың  үлкен тобын пайдалануға береді. Осы командалар көмегімен қолданушы мәліметтерді теңестіру бағыттарын, шрифт түрлерін, сызықтың орналасуы мен қалыңдығын, әріптердің биіктігін, фон түсін және т.с.с. өзгертуіне болады. Форматтаудың кез-келген командасын орындағанда команда әсері таратылатын облысты ерекшелеп алу керек екенін ұмытпау қажет. Егер бұл операцияны орындамаса, онда форматтаудың жаңа параметрлері тек белсенді құраушыға ғана анықталады.

Форматты және теңестіру  бағыттарын таңдау енгізілетін мәліметтер сипатына қарай автоматты түрде  орындалады.  Программа бойынша текс түрінде берілетін мәліметтер сол жақ шетімен теңестіріледі, ал сандар – оң жағымен. Форматты және теңестіру тәсілдерін автоматты түрде таңдау тек қана қолданушы толтырғанға дейін басқа параметрлер берілмеген жағдайда жүргізіледі.

 

Терезелермен жұмыс істеу командалары.

Көптеген МББЖ бірмезгілде  бірнеше терезені ашуға мүмкіндік  береді, яғни жұмыстың “көптерезелік  режимін”  ұйымдастырады. Ол кезде  кейбір терезелер экранда көрініп  тұрады, ал басқалары оның астында  болады.  Бірнеше терезені ашып болғаннан соң сіз бір-бірінен орын алмаса отырып бірнеше кестемен жұмыс істей аласыз. Жаңа терезе ашуға, басқа терезеге ауысуға,  экрандағы терезенің өлшемдерін өзгертуге және олардың  өзара орналасуына мүмкіндік беретін арнайы командалар да бар. Сонымен қатар, қолданушының үлкен кестенің кез-келген жерінен өзіне қажетті жерлерін екі бөлікке бөліп бір мезгілде  қарауына немесе меңзер экранның алыс жақтарына барған кезде экраннан кетіп қалмауы үшін кестенің қандай-да бір бөлігін белгілеп қоюға мүмкіндіктері бар.

 

Анықтама информация алу командалары

Мәліметтер базасын  басқару жүйелері құрамында қолданушыға  қажетті негізгі операциялардың орындалу мүмкіндіктері туралы инструкция, менюдің нақты бір командалары  туралы информациялар және басқа  да анықтамалық мәліметтер бар электронды анықтама болады. Электронды анықтама көмегімен анықтама информация алудың ерекшелігі сол, ол қолданушы қандай жағдайда болса, соған байланысты информация беруінде. Мысалы, менюден қолданушы қандай-да бір команданы таңдады делік, онда анықтамалық жүйеге сүйене отырып (әдетте <F1> пернесін басу арқылы шақыруға болады) ерекшеленген команда туралы информациясы бар анықтаманың парақшасын экраннан көреміз.

 

Технология  кезеңдері туралы жалпы мағлұмат

МББЖ-мен жұмыс істеудің жалпылама технологиясының негізгі кезеңдері ретінде (жоғарыда схема түрінде көрсетілген) келесілерді қарастырамыз:

  • мәліметтер базасы кестесінің құрылымын жасау;
  • кестелерге мәліметтерді енгізу және редакциялау;
  • кестелердегі мәліметтерді өңдеу;
  • мәліметтер базасынан информацияларды шығару

Осы ерекшеленген кезеңдерді қарастырайық

Мәліметтер  базасы кестесінің құрылымын жасау

Мәліметтер базасының  жаңа кестесін құру үшін  МББЖ-мен  жұмыс кестенің құрылымын жасаудан басталады. Бұл процеске кестенің әрбір  жазуы тұратын өрістің тізімін және өрістің түрі мен өлшемін анықтау жатады. Іс жүзінде пайдаланылып жүрген барлық МББЖ-лар келесі типтегі мәліметтерді сақтайды: текстік (символьдық), сандық, календарлық, логикалық, ескертпелер.

Windows-пен жұмыс істеуге  бейімделген МББЖ-і OLE типті объектілер құрады. Олар суреттерді, графиктерді, кестелерді сақтауға пайдаланылады.

Егер өңделіп отырған  мәліметтер базасы өзара байланысқан  бірнеше кестеден тұратын болса, онда әрбір кесте үшін кілттік  өрісті және кестелер арасында байланыс орнататын өрістерді анықтау қажет.

МБ кестелерінде мәліметтерді енгізу және редакциялау 

Кестелерді мәліметтермен  толтыру мәліметтерді тікелей енгізу арқылы да, сұраныс программаларын орындау нәтижесі арқылы да мүмкін.

Іс жүзінде барлық МББЖ кестелерде мәліметтерді енгізу және түзетуді екі тәсілмен жүргізуге мүмкіндік береді:

  • келісім бойынша кесте түрінде берілетін стандарттық  форма көмегімен;
  • қолданушы  арнайы құрған экрандық форма көмегімен

 Windows –пен жұмыс істейтін МББЖ жасалған экрандық формаларға суреттерді, оюларды, кнопкаларды енгізуге мүмкіндік береді. Мәліметтер базасының әртүрлі өзара байланысқан кестелерінің жазулары бар қолданушы жұмыс істеуге ыңғайлы формаларды да құруға болады.

Мәліметтер  базасы информацияларын өңдеу

Көптеген МББЖ келесі түрдегі сұраныстарды пайдалануға рұқсат береді:

  • сұраныс-таңдау – кестелерде сақталып отырған мәліметтерді таңдап алуға арналған. Ол бұл мәліметтерді өзгертпейді.
  • сұраныс-өзгерту – мәліметтерді өзгертуге және олардың орнын алмастыруға арналған; бұларға: жазулар қосуға сұраныс, жазуларды алып тастауға сұраныс, кесте құруға сұраныс, жаңартуға сұраныс жатады.
  • Параметрі бар сұраныс – сұранысты орындау кезінде таңдаудың бір немесе бірнеше шарттарын анықтауға мүмкіндік береді.

Сұранысты орындаудың нәтижесі болып мәліметтермен  уақытша толтырылған (динамикалық теру)  кестелер саналады.  Динамикалық терудің жазылуларына мәліметтер базасының бір немесе бернеше кестелерінің өрістері жатады. Сұраныс негізінде отчет (есеп беру) немесе форма (қалып) жасауға болады.

 

15-дәріс.  Желі архитектурасы

Компьютераралық байланыс.

Компьютер аралық байланысты ұйымдастырудың үш әдісі бар:

  1. арнайы кабель көмегімен қатар орналасқан екі компьютерді олардың коммуникациялық порттары арқылы біріктіру;
  2. сым немесе спутниктік байланыс торабы көмегімен модем арқылы бір компьютерден екіншісіне мәліметтер беру,
  3. компьютерлерді компьютерлік желіге біріктіру.

Көп жағдайларда екі  компьютер арасында байланыс ұйымдастырғанда  бір компьютерге ресурстарды  жеткізуші (программалар, мәліметтер және т.б.) ролі бекітілсе, екіншісіне осы ресурстарды қолданушы ролі бекітіледі.Бұл жағдайда бірінші компьютер сервер деп аталады да, екіншісі -  клиент немесе жұмысшы станция  деп аталады. Тек компьютер-клиентте ғана арнайы программалық жасақтама басқаруымен жұмыс істей алуға болады.

Сервер – сыртқы жад көлемі өте үлкен өнімділігі өте жоғары компьютер. Ол бірігіп пайдаланатын өте қымбат ресурстарды үлестіруді басқару арқылы басқа компьютерлерге қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

Клиент – сервердің қызметтерін пайдалана алатын кез-келген компьютер.

Клиент деп қолданушы  атынан серверден қызмет түрлерін алатын, қолданбалы программаларды да айтуға болады.

 

Компьютерлік  желі деп нені айтамыз?

Компьютерлік желі дегеніміз  – бір – бірімен мәлімет  алмаса алатын кем дегенде екі  компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым –қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі.

Желі құрамына кіретін  компьютерлер мынадай жұмыстар атқарады:

  • желімен қатынас құруды ұйымдастыру;
  • олардың арасында мәлімет алмасуды басқару;
  • желі тұтынушыларына есептеу құрылғыларын пайдалануға беріп, оларға әртүрлі қызмет көрсету.

Компьютерлік желілерді  түйіндер (компьютерлер және желілік  жабдықтар) мен оларды байланыстыратын  тараулардың (байланыс арналары) жиыны  ретінде қарастырады. Желі тарауы –қатар тұрған екі түйінді қосатын жол. Түйіндер шеткі, яғни тек бір тараудың соңында орналасқан, аралық, яғни біреуден көп тараулардың шеттерінде орналасқан және шектес – мұндай түйіндер басқа түйіндері жоқ бір-ақ жолмен қосылған, деп бөлінеді.

Компьютерлер желіге әртүрлі әдістермен бірігеді.

Компьютерлердің, кабельдер  мен басқа компоненттерінің, жалпы  айтқанда желіні құраушыларының бірігуінің логикалық және физикалық әдістерін топология деп атайды. Топология желілердің өлшемдеріне қатысы жоқ  қасиеттерін сипаттайды, яғни бұл объектілердің жұмыс өнімділігі және жұмыс істеу принципі, олардың типі мен каналдарының ұзындығы есепке алынбайды.

Желі топологияларының түрлері:

Шиналық топология. Мұнда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе магистральға (кабельге) қосылады. Дәл осындай тәсілмен магистральға басқа да желілік құрылғылар қосыла береді. Желінің жұмыс жасау процесінде тасымалданатын ақпарат жөнелтуші станциядан жұмыс станцияларының барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген жұмыс станциясы қабылдайды

Жұлдыз тәрізді  топология. Мұнда ортақтандырылған коммутациялық түйін – желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізуді жүзеге асырады. Бұл топологияның артықшылығы – кез-келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді.

Сақиналы топология  Мұнда байланысу арналары тұйықталған сақина бойынша орналасқан. Жөнелтілген мәлімет біртіндеп барлық жұмыс станцияларын аралап шығады да, оны керекті компьютер қабылдаған  соң жұмыс тоқтатылады. Бұл топологияның кемшілігі – кез-келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысты бұзады.

Компьютерлік  желілердің түрлері

Жергілікті  және аймақтық-таратылған желілер.

Жергілікті  желі (LAN) бір ғимарат ішіндегі немесе қатар орналасқан ғимараттардағы дербес компьютерлер мен принтерлерді бір-бірімен байланыстырады.

Аймақтық-таратылған желіліер (WAN) географиялық тұрғыдан алғанда бір-бірінен қашықта орналасқан, бірақ бір компанияға немесе фирмаға, мекемеге қатысты бірнеше жергілікті желілерді байланыстырады.

Жергілікті желінің  барлық компьютерлері серверде  жазылған қолданбалы программаларды және принтер, факс тәрізді шеткері құрылғыларды ортақ пайдалана алады. Желідегі әрбір дербес компьютер жұмыс  станциясы немесе желі түйіні деп  аталады.

Аймақтық-таратылған желілер жергілікті желілер жасай алатын барлық жұмыстарды өте қашықта орналасқан бір компания компьютерлері арасында атқара алады. Әдетте ол үшін модем немесе жоғары жылдамдықты цифрлы желі арналарын ортақ пайдалануға арналған кешендік қызмет (ISDN, Integrated Services Digital Network) көрсете алатын байланыстық телефон арналары қолданылады.

Модем немесе алыста орналасқан сервер көмегімен жүзеге асатын аймақтық тармақталған желілер функциясын жергілікті желілер құрамына енгізе отырып, сыртқы коммуникация технологияларының төмендегідей мүмкіндіктерін пайдалануға болады:

  • электрондық пошта  арқылы мәліметтерді қабылдау және жөнелту;
  • интернетпен байланысу.

Кез келген компьютерлік желі жұмысы тополгия, хаттама  (протокол), интерфейс, желілік программалық және техникалық құралдар тәрізді сипаттамалармен көрсетіледі.

Желі технологиясы оның негізгі функционалдық элементтерінің бір-бірімен байланысу құрылымын анықтайды.

Желілік техникалық құралдар – компьютерлерді бір желіге ұйымдастыруды қамтамасыз ететін әртүрлі құрылғылар жиыны.

Желілік программалық құралдар – компьютерлік желі жұмысын басқарып, әрбір тұтынушыны қажетті интерфейспен қамтамасыз етеді.

 

3.1 Зертханалық   жұмыстарды өткізудің жоспары  және әдістемелік нұсқаулығы

 

№1  ЗЕРТХАНАЛЫҚ  ЖҰМЫС 

 

Тақырыбы: Компьютер туралы негізгі түсініктер.

Информация о работе Информатика негіздері