Мәдени шаруашылық

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2012 в 21:53, курсовая работа

Описание работы

Қазақ жері ғасырлар бойы шектес мемлекеттердің шабуыл нысанасына айналып келгендіктен XVIII ғасырдың алғашқы жартысында қазақтардың бір бөлігі патшалы Ресейдің қол астына кіріп, бағынуға мәжбүр болғандығы тарихтан белгілі.
Осы кезеңнен бастап, Ресейде бол

Работа содержит 1 файл

мәдени өмір.doc

— 337.00 Кб (Скачать)

Мұның бәрі сол кезең үшін саяси-әлеуметтік мәні терең мәселелер болатын. Соны журналдың жете түсініп, дұрыс жаза білуі шын мәніндегі үлкен прогресшілдік табыс еді. Халыққа қызмет етуде аса қызмет атқарған келесі бір газет - «Қазақ» Ол - қоғамдық - саяси және әдеби газет. 1913 жылы 2 ақпаннан бастап Орынборда аптасына бір рет, 1915 жылы аптасына екі рет шығып тұрған. Тиражы 3000, кейбір мағлұматтарда 8000-ға жуық жетке. Бірінші редакторы-белгілі ғалым, жазушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов, екінші редакторы - қоғам қайраткері, жазушы Міржақып Дулатов, бастырушысы-«Азамат» серіктігі Хусаинов-Каримов баспаханасында басылып тұрған. Газеттің 1918 жылғы сандарының редакторы Жанұзақ Жәнібеков. Барлығы 265 нөмері жарық көрді.

Газетте 20 ғасырдың басындағы қазақ жұртының саяси-әлеуметтік өмірінің ең түйінді мәселелеріне, шаруашылық жағдайын, жер мәселесіне, басқа елдермен қарым-қатынасына, оқу-ағарту, бала тәрбиесіне, әдебиет пен мәдениет, әдет-ғұрып, салт-санаға, тарих пен шежіреге арналған Ә.Бөкейхановтың, Ш.Құдайбердиевтің, М.Жұмабаев пен С.Дөнентаев, Б.Майлин, С.Торайғыров, Ғ.Қарашев, А.Мәметов, Б.Серікбаев, Р.Малабаев, Қ.Қоңыратбаев сынды әдебиетіміздің дамуына үлесін қосқан ардақты ағаларымыздың ғылыми шығармалары, әңгіме, өлеңдері басылып, аудармалар туралы сын мақалалармен қатар Л.Толстойдан, А.Чеховтан, М.Лермонтовтан, В.Короленкодан, Ш.Крыловтан алғашқы аудармалар жарық көрген 11,б.145.

Қазақтың басты бағыты ағартушылық мәселесін қамтыды. Өнер, білім, жағынан қалың қазаққа бас-көзі болды. Мысалы, «Оқу жайлы», «Қазақша оқу жайы» атты мақалалар оқудың мән-жайын, маңызын, әсіресе, «Қазақтың шаруасына, бір жатқан, надандықтан кемшілік келгенде, екінші жақтан білімсіздігін көріп тұрғандар басынып, елдігінен, теңдігінен қалдырып, тиісті сыбағасына қиянат істеп тұрғаны санасы бар қазаққа ескерерлік іс еді. Бұл заманда қол жетпегендерді теңдікке жеткізетін, әлсіздерге күш беретін өнер - білім, сол өнер білімге мезгіл өтпей тұрғанда үйренсек, тұрмысымызды түзетіп, басқалардың аяқ астында жаншылмас едік», - десе «орысша оқу орыс қолтығында тұрған жұртқа керек, қазақша оқып, жаза білген соң, шама келсе орысша да білу керек», - дейді. Газет 1913 жылы жариялаған материалдарында оқудың мән-жайын, маңызын айтып көпке түсіндіруге тырысса, екінші 1914 жылғы «Бастауыш мектеп» (№61), «Мектеп керектері» (№62), «Оқу мезгілі» сияқты мақалаларында мектеп, медресе жайларын нақты көрсетіп, мұқтаждарын айтады.

«Қазақ бастауыш мектебі қандай болуы керек?» және «Ол мектептердің қажеті не?» деген сауалдарға қазақтың ұлы ағартушысы А.Байтұрсынов 20-ғасырдың басында-ақ: «Правила бойынша, қазақ тілімен, қазақ әрпімен бастап оқыт деп отырған балалардың ата-анасы жоқ, халықтың өз тілімен, өз әрпімен оқығанын әркімдер жақтырмайтын болған соң, учительдер өз беттерімен ана тілімен, ұлт әрпімен бастап оқытамыз дей қоймайды. Сөйтіп, правила қазақ жүзінде бар болса да, іс жүзінде жоқ. Бұл айтылғанның бәрі де үкімет өз пайдасын көздегендіктен істеліп тұрған жайлар. Бастауыш мектептер жалғыз үкімет пайдасы үшін болмай, халық пайдасы үшін де боларға керек. Үкіметке керегі мемлекеттегі жұрттың бәрі бір тілде, бір дінде, бір жазуда болу, әр халыққа керегі өз діні, тілі, жазуы сақталуы. Солай болған соң бастауыш мектеп әуелі миссионерлік пікірден, политикадан алыс болуға керек, яғни қазақтың діні, тілі жазуы сұмдық пікір, суық қолдан тыныш боларға керек», - деп жауап берген болатын.

Жоғарыда біздер «Қазақты» қоғамдық-саяси газет деп атадық. Осыған орай редакция алқасының үкімет саясатының жазылуына көп мән бергендігі байқалады. Ондағы мақсат - қазаққа үкімет жайын, оның не екені, мүдделері түсіндіріліп жиылыс-мәжілістерімен, басты мәселелрмен таныстыру еді. Мысалы, «Г.Дума» (1915 жыл, №145), «23 қаңтар» (1913 жыл, №98), «30 қаңтар» (1915 жыл, №100), Орынбор 22 ақпан» (1915 жыл), «Г.Дума ашылды» (1916 жыл,№169), «Г.Дума» (1916 жыл, №179), «Дума һәм хүкімат» (1916 жыл, №207) атты материалдарда мемлекеттік дума және кеңес жұмыстары жөнінде жан-жақты түсінік берілген 5,б.168.

Басылымда бұл мақалалардың көпшілігін Ә.Бөкейханов «Қыр баласы» деген бүркеншік атпен жазған. Мәселен, оның газеттің 1914 жылғы 49-нөмерінде бүркеншік атпен жарияланған бір мақаласынан: «Мұның ғалымды кісілері неше түрлі закон жобасын кітап қылып басып шығарады, сөз білгіш ғалымдарының қызметі кітап басу, шығын партияның байларынікі Г.Думаға партия атынан бұл партияның депутаттары қанша закон жобасын кіргізді. Осы закон жобасының бәрін жалғыз депутаттар емес, Г.Думада жоқ, сыртта жүрген партияның ғылымды білгіші қосылып жазады. Жұма сайын Г.Думада қарайтын жарыс қылып, қарап өтеді. Осы пара жарыста тағы білгіш, ғылымды партияның кісісі болады. Оны былай істеу керек"» - деп ақыл береді.

Өзге мақалаларда Дума кеңесінде қаралған басты мәселелрдің бірі-соғыс барысы, қару-жарақ жайы сөз болады. Мәселен, газет 6-тамызда болған Дума ақсақалдарының кеңесіндегі «Дума таралуға тиіс пе, жоқ па?» деген жайдың тексерілгенін айта келіп, әр түрлі партия өкілдерінің сөздерін қысқаша түрде беріп отырған. Төрағаның көпшілік Думаны таратпау керектігін, үндету жағында болғанын мағлұм ееді, әрі кеңес қаулысының мынадай: 1) табысқа қарай салық салу; 2) мемлекеттік банкінің правосын арттыру; 3) босқындарға жәрдем; 4) екінші разряд опалчиндерді соғысқа алу және т.б. жобаларды қабылдау туралы тоқтамға келгенін жазады. Кезінде басылым әскери цензураның қатаң бақылауында болған. Оны «Қазақтың» әр нөмерінде «дозволено военной цензурой» деген бұрыштамадан көреміз. Мысалы, газетте 1914 жылғы тамыздың үші күнгі нөміріндегі бас мақала жарияланбай қалған. Осыған байланысты «бас мақала редакцияның рұқсат етпеуінен басылмай қалды» деп жазған 5,б.182.

Сондай-ақ «Қазақтың» бетінде жарияланған әрбір мақаланы, хабарды барынша мұқият тексеріп отыруды, баспасөз заңын бұзса, редакторларын жауапқа тартуға, соттауға бұйырған баспасөз ісінің бас басқармасы граф Татищевтің Орал, Орынбор губернаторларына жазған құпия хаттары архивте сақталған. Онда «Қазақ» газетін тексеру-бақылау жұмысын Торғай облыстық басқармасының тілмашы, татар тіліндегі мерзімді баспасөздерді бақылаушы Тұңғанчинге тапсыру қажеттігі жайында Орынбор губернаторы, генерал-лейтенант Сухамлиновтың бұйрығы да бар.

Міне, патша өкіметінің осындай жазалаушылық шараларынан «Қазақ» көп қиянат көрген. Мәселен, газет өзінің 1914 жылғы 78 нөмірінде жарияланған «Алашқа» және 79 нөміріндегі «Ресейдегі ұйымшылдық» деген мақалаларында қоғамда болып жатқан шындықтың бетін ашып көрсеткені үшін, патша саясатына қарсы шықты деп А.Байтұрсыновты екі жылға соттау үкімі шығарылған. Сондай-ақ «Бұл қалай?» мақаласы үшін редакторға 50 сом айып салып немесе екі апта абақтыда отыру кесілген. Ал «Заң жобасының баяндамасы» деген мақаласы үшін Орынбор генерал-губернаторы А.Байтұрсыновқа 1500 сом айып немесе үш ай түрмеге кескен. Осындай салиқалы қиындықтарға қарамастан газет 1918 жылдың қыркүйек айына дейін үзбей шығып тұрған. Қазақтың ұлттық баспасөзінің қалыптасу дәуірінде мұндай ұзақ уақыт жарық көрген басылым жоқ. Оның 265 нөмерінің әрқайсысы қазақ тарихындағы ояну дәуірінің күнтізбегі іспеттес. Замана шежіресіндей болған басылым Омбы атқару комитетінің 1918 жылғы 4 наурыздағы Орынбор Советіне берілген: «..просим немедленно закрыть газету» деген нұсқауы бойынша көп ұзамай жабылды. Сөйтіп, патша үкіметінің отаршылдық саясатына бағынбай толассыз шығып тұрған басылым Кеңес өкіметі тұсында бір жола тоқтатылды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

ХХ ғасырдың басы – қазақ халқының тарихында бүкіл қоғамдық ой-пікірдің өрлеуіне мүмкіндік туып, Ресей патшалығы әдейі тұмшалаған ұлттық сананың ояну дәуіріне жол ашқан кезең. Ендеше, осы тұста ұлттық сананың ең өнімді саласы - әдебиеттің, қоғамдық сананың көрсеткіші – баспасөздің күрт алға басуы заңды нәрсе.

Халқымыздың саяси-әлеуметтік, әдеби, мәдени ой- пікірін оятып, қалыптастыруға септігін тигізген ұлтымыздың кейінгі жүз жылдан аса тарихының сырлы шежіресі – қазақ баспасөзі ХІХ ғасырдың 2-ші жартысында «Түркістан уалаяты», «Дала уалаятының газеті» болып патшалық Ресей үкіметінің үкімімен дүниеге келді.

Қазақ баспасөзінің іргетасын қалаған «Түркістан уалаяты» газетінің соңын ала Орта Азия халықтарының тіліндегі газет-журналдар шыға бастады. Соның бірі «Дала уалаяты» газеті болды. Өзінің бағдарламасына сәйкес газет ресми түрде патша үкіметінің бұйрық – жарлықтарын, заң – закондарын әкімшілік басқару істерін жариялайтын басылым болды.

Газет қазақ халқының қоғамдық-әлеуметтік ой-пікірін оятуға, мәдени-әдеби дүниетанымын қалыптастыруға, кеңейтуге едәуір әсер етті. Саяси-экономикалық мәселелермен қатар оқу-ағарту ісінің жай-күйі, өнер-білімнің пайдасы, орыс мәдениетінің жетістіктері, қазақ әдебиетінің хал-қадірі, қазақ зиялылары мен ғалымдарының өмірі жайында бірқыдыру тарихи мақалалар, хабарлар жарияланды.

Орыстың революцияшыл-демократиялық баспасөзі мен публицистикасы мен журналистикасының негізін қалады. Орыс баспасөзінің әсерінде қазақ тілінде «Қазақстан», «Серке», «Қазақ», «Алаш», «Бірлік туы», «Сарыарқа», «Ұлан», «Үш жүз», «Тіршілік» және т.б. газет- журналдар шығып, қазақ халқының дүниетанымына әсер етіп, көзқарастарын кеңейтіп, прогрессивтік ағартушылық бағытта үлкен қызмет атқарды.

Қазақстанда ұйымдастырылған социал-демократиялық топтар мен ұйымдар өлкедегі революциялық қозғалысқа басшылық етті, сонымен қатар олар жергілікті басылымдарды пайдалана отырып, өздерінің дербес баспасөз органдарын құрды.

Патша самодержависінің отаршылық саясатын батыл әшкерлеп, пролетариатты оған қарсы әзірлеуде аса маңызды рөл атқарған газеттер Лениндік «Искра» , «Новая жизнь», «Орал», «Трудавая жизнь», «Степная жизнь» еңбекшілердің саяси оянуы туралы үнемі хабарлап, бұл фактілерге айқын большевиктік баға беріп отырды, сөйтіп ұлт-азаттық қозғалысқа жергілікті партия ұйымдарының дұрыс басшылық етуіне жөн сілтеді.

1905 – 1907 жылдардағы Қазақстан большевиктік баспасөзі, қазақ еңбекшілерін революциялық күреске қатыстыруда үлкен рөл атқарды. Қозғалысқа басшылық етуде бұл баспасөздер жергілікті партия ұйымдарының жауынгер қаруы болды.

Большевиктік баспасөздері «Социял-демократ», «Звезда», «Правда» - Қазақстан еңбекшілерінің азаттық жолындағы күресі туралы үнемі хабарлап отырды. Орыс және қазақ еңбекшілерінің ауыр халі мен күресін жазған баспасөзхалықтың таптық ынтымақ сезімін шыңдады. Большевиктік идеалдардың ұшқындары көрінген қазақтың демократиялық баспасөздері пайда болды. «Қазақстан» газеті, «Айқын» журналы қазақтың қоғамдық ой-пікірін, әдебиеті мен публицистикасын Ш. Уалихановтың, Ы. Алтынсаринның, А. Құнанбаевтың ағартушылық дәстүрлері негізінде дамытты.

1915 – 1918 жылдары Уфадағы Рама медресінде оқып жүрген қазақ жастары Б. Майлиннің ұйымдастыруымен «Садақ» журналы шықты. 1913 жылы «Елім» газеті. Росиядағы революциялық қозғалыстың жаңадан өрлеуі және дүниежүзілік бірінші империалистік соғыс кезінде большевиктік баспасөз, демократиялық бағыттағы қазақ баслымы Қазақстан еңбекшілерін самодержавиеге қарсы аттанысқа орыс пролетариаты, оның серігі еңбекші шаруалармен бірлесіп шығуын әзірлеуде елеулі қызмет етті.

ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың І жартысындағы қазақ баспасөзінің саяси-қоғамдық және әлеуметтік мәні орасан күшті. Біз бітіру жұмысында, әсіресе қазақ қауымы үшін қызмет көрсеткен «Қазақ» газеті мен «Айқын» журналының қызметіне ерекше тоқталдық.

Ахмет Байтұрсынов, М. Дулатов, Әлихан Бөкейханов, М. Тынышпаев сияқты қазақтың біртума талаптар шоғырын осы газеттер арқылы үзеңгі қағыстыра мәдениет майданына шығуы ұзақ уақыт отар болып келген елдің қордаланып қалған келелі мәселелерін көтерді.

Қорыта келгенде, ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың І жартысындағы қазақ баспасөзі – қазақ халқының қоғамдық - әлеуметтік ой – пікірін оятуға, мәдени - әдеби дүниетанымын қалыптастыруға, кеңейтуге едәуір әсер еткен рухани құрал қызметін атқарды.

Жалпы баспасөз атаулыға тән төл ерекшелік үгіт – насихат қызметін атқару барысында салмақтанады. Сондықтан да болар әр жылдары жарық көрген басылымдар – еліміз тарихының әр күні, айы мен жылының жылнамасы іспетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1 Асылбеков М.Х. Патша үкіметіне қарсы қазақ тіліндегі өңдеу өлең туралы /

М. Х.Асылбеков // Қазақ ССР Ғылым акад-ң хабарламасы, тарих, археология және этнография сериясы. – 1960. - №3. – 3 бет.

2 Асфендияров С. Иcтория Казахстана / С.Асфендияров. – Алматы: Қазақстан,

  1991. – 225с.

3 Әбілдаев И. «Социалистік Казахстан» газеті Ұлы Отан соғысы жылдарында

  / М.Әбілдаев. – Алматы: Қазақстан, 1964. – 126 бет.

4 Әбдіманов Ө. Қазақ газеті / Ө.Әбдіманов. – Алматы: Қазақстан, 1993. –

  168бет.

5 Әбілқасымов Б. Алғашқы қазақ газеттерінің тілі / Б.Әбілқасымов. – Алматы:

  Мектеп, 1971. – 241бет.

6 Әшірбаев Б. Баспасөз дамуының қазіргі шындығы оның түп-төркінін тануда.

  / Б.Әшірбаев // Қазақ әдебиеті. – 2000. -№11. – 5-6 бет.

7 Байтұрсынов А Шығармалары. / А.Байтұрсынов. – Алматы: Жазушы, 1989. –

  283бет.

8 Баянов З. «Лениндік» Правданың тілшісі . / З.Баянов. – Алматы: Қазақстан,

  1974. – 218бет.

9 Бейсембаев С.Б Вопросы историй Компартий Казахстана. / С.Б.Бейсембаев.–

  Алматы: Ғылым, 1961. – 198с.

10 Бектемісов Ә Жан азығы. / Ә.Бектемісов. – Алматы: Қазақстан, 1991. – 144б.

11 Бекхожин Х Қазақ баспасөзінің тарихының очеркі / Х.Бекхожин. – Алматы:

  Ғылым, 1981. – 191бет.

12 Валиханов.Ч.Ч Собрания сочинений. / Ч.Ч.Валиханов. – Алматы: Ғылым.–

  Т.1., 1989. – 389с.

13 Дала уалаяты. - №12. – 1894. – 4 бет. 

14 Дала уалаятының газеті / Киргизская степная газета. / Құраст. Субханбердина. – Алматы: Ғылым, 1994. – 816 бет.

15 Дулатова.Д Шоқан – тарихшы. / М.Дулатова. – Алматы: Казахстан, 1976. –

  67бет.

16 Жақсыбаева Р. Баспасөз тілінің ерекшеліктері. / Р.Жақсыбаева // қазақ тілі

  мен әдебиеті. – 1999. - №3. – 20-22 бет.

17 Игенбаев А. Батыр Красной гвардий. / А.Игенбаев. // Казахстанская правда

  1977. – 9 апрель.

18 Игенсартова Ә.Тәуелсіз Қазақстан баспасөзі. / Ә. Игенсартова. – Алматы:

  Санат, 1997. – 120бет.

19 Исаев С. Қазақтың мерзімді баспасөз тілінің дамуы. / С.Исаев. – Алматы:Қазақстан, - 1983. – 180бет.

20 Исмағұлов Р. Уақтылы татар мажбұғаты. / Р.Исмағұлов. – Алматы: Рауан,

  1966. – 346 бет.

21 Кәкішев Т. Қағидаға айналған қателер. / Т.Кәкішев. – Алматы: Нәубет, 1990.

  – 205бет

22 Кенжебаев Б. Қазақ баспасөзінің тарихынан. / Б.Кенжебаев. – Алматы: Мектеп, 1950. – 205бет.

23 Кенжебаев Б. Қазақ халқының 20 ғасыр басындағы демократ жазушылары. /

  Б.Кенжебаев. – Алматы: Мектеп, 1976. – 200бет.

24 Қажакеев Т. Жыл құстары. / Т. Қажекеев. – Алматы: Қазақстан, 1991. – 

  240бет.

25 Қазақстан тарихы. – Алматы: Қазақстан, 1991. – 165 бет.

26 «Қазақ» газеті. / Бас редакторы Ә. Нысанбаев. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы-энциклопедиясы, 1998. – 560 бет.

27 Қазақ ССР тарихы. Бес томдық. – Алматы: Қазақ ССР-ның «Ғылым» баспасы, 1984. – 728 бет.

Информация о работе Мәдени шаруашылық