Мәдени шаруашылық

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2012 в 21:53, курсовая работа

Описание работы

Қазақ жері ғасырлар бойы шектес мемлекеттердің шабуыл нысанасына айналып келгендіктен XVIII ғасырдың алғашқы жартысында қазақтардың бір бөлігі патшалы Ресейдің қол астына кіріп, бағынуға мәжбүр болғандығы тарихтан белгілі.
Осы кезеңнен бастап, Ресейде бол

Работа содержит 1 файл

мәдени өмір.doc

— 337.00 Кб (Скачать)

«Экспедициялар, - деп жазды газет, - Торғай және Семей облыстарының қазақ шаруашылықтарына берілетін жердің шамасын 36-57 процент қысқартыпты, ал бұрынғы нормалардың өзінде мұндағы халықтың өзінің малдарын асырап шыға алмайтыны жиі кездесетін».

Қазақстан еңбекшілерімен лениндік «Правда» өте тығыз байланыста болды. Жұмысшылардың материалдық, идеялық баяндауымен 1912 жылы 5 майда шыға бастаған газет сондай талдауды Қазақстаннан да көрді. «Правданы» «өз органымыз» қуанышпен қарсы алған қазақстандықтар оған қаржы есебінен көмек көрсетті. Мысалы, қаржы жинап жібергендердің ішінде оның Орал мен Семей облыстарындағы оқушылары болған. «Правданың» Верныйда, Орынборда, Петропавлда, Қостанайда және Қазақстанның басқа қалаларында жаздырып алушылары болды. «Правданың» Қазақстанда Жұбандық Болғанбаев сияқты тілшілері болған. Ол - революциядан бұрынғы «Правданың» қазақ ортасынан шыққан тұңғыш тілшісі болумен бірге, лениндік идеяны жергілікті халық арасынан таратушы большевиктердің бірі. 8.б.5

Большевиктік баспасөз Қазақстан еңбекшілері арасында партияның лениндік ұлт саясатын насихаттады, әр түрлі таптардың жұмысшылары мен кедей шаруаларының самодержавиеге, помещиктер мен капиталистерге қарсы күреске шыққан аттанысын қолдады. Семей облысындағы «Сырдария» деген жердегі ірі алтын кен орнында орыс және қазақ жұмысшыларының ереуілі туралы “Правдада” жарияланған. Бұл ереуіл сәтсіздікке ұшырады. Оған жақын ауылдардан жұмысшы кәсіпорын күштерініңқаулап келуі себеп болды. Корреспонденцияда кәсіпорын иелеріне аз ғана еңбек ақы үшін баруға дайын тұрған қазақ еңбекшілерінің ауыр жағдайы көрсетілді.

1912-1914 жылдары «Правда» патша үкіметінің реакцияшылдық аграрлық саясатын әшкереледі, қазақ шаруаласына жер жөніндегі мүдделерін қорғады. «Қазақ даласында» көлемді корреспонденция Семей облысына қоныс аударып келгендер мен халықтың ауыр тұрмысын көрсетеді.

Орыс және қазақ еңбекшілерінің ауыр халі мен күресін жанашырлықпен жаза отырып, большевиктік баспасөз олардың таптық ынтымақ сезімін шыңдады. 

Революцияның жаңадан өрлеуі кездерінде 1910-1914 жылдары Қазақстанда мерзімді большевиктік баспасөз органдары қалыптаспаған еді. Бұған реакция кезінде олардың қатарының кетуі, партия ұйымдарының аздығы мен бытыраңқылығы себеп болды. Бірінші империалистік соғыс кезінде де жергілікті большевиктік газеттер мен журналдар шыққан жоқ. Дегенмен олар жергілікті баспасөз беттерін пайдалана білді. Елдегі революциялық ситуация қазақтың демократиялық баспасөзінің пайда болуына жағдай жасады. Орда мен Орал «Қазақстан» газеті (1911-1913 ж) және Тройцкіде «Айқап» журналы (1911-1915) басылып тұрды. Газеттердің беттерінде қалайда большевиктік идеялардың жекелеген ұшқындары көрінді 28,б.174.

«Қазақстан» газетінің ерекшелігі - одан бұрынғы «Түркістан уалаяты» және «Дала уалаятымен» салыстырғанда органдарға әсерін тигізген заманның түбірлі айырмашылқтарын сөз етпегенде) ол патшаның отаршылдық әкімшілігінің органы болмағандығыда. Оны шығарғандарда прогресшіл интеллигенция өкілдері, қоғамдық қайраткерлер, Совет өкіметінің алғашқы жылдарында Коммунистік партияның қатарына кіріп, социалистік құрылысқа белсене қатысқан:Бажан Қаратаев, Сейітқали Меңдешев және басқалар. Газет редакторы-Елеусін Бұйрин. Олар байларда жалпылама жүріп, кейін қазақ оқытушылар семинариясын бітіріп, мұғалімдік қызметте болды. Октябрь жеңісінен кейін совет баспасөзінде еңбек етті.

Алғашқы кезде «Қазақстан» жалпы демократиялық, ағартушылық бағытта болды. Ал редакция Орал қаласына көшкеннен кейін оның беттерінде нақты революциялық-демократиялық мазмұнды материалдар жиі көріне бастады. Олардың бірі Россиядағы жұмысшылар мен капиталистердің арасындағы айқаспен таныстырды.

Газеттің 1912 жылғы 24 апрельдегі нөмерінде «Ленада болған оқиға» деген мақала ерекше назар аударды. Онда былай делінген: «Бұл күнде халық екіге бөлінді: бірі - капиталист - байлар тобы, екіншісі - жұмысшылар-пролетариаттар. Байлар жұмысшыларды арзан жалдап алуға тырысып, таң атқаннан күн батқанша жұмыс істетті. Мұндай ауыр жағдайдаға наразы болған жұмысшылар еңбегіне қарай жалақы алу үшін, күніне 8-10 сағаттан артық жұмыс істеу үшін күресті».

Бұдан кейін автор жұмысшылардың таптық күрес формаларын түсіндірді. Екі түрлі экономикалық және саяси ереуіл болатынын айта келіп, автор біріншісінде жұмысшылар жағдайын жақсарту мақсатымен жалақыны арттыруға күресетінін, егер де талаптарын қожалары орындамаса, жұмысқа шықпай қоятынын айтады. Ал саяси ереуілдердің мақсаты мен маңызы өте зор және терең. Мұнда жұмысшылар барлық өкімет билігін өз қолдарына алып, әділетті азаматтық құқықтарды орнату үшін күреседі деп жазды автор. Мақалада 1912 жылғы апрельде Лена өзені бойында жұмысшыларды да самодержавие қырғынға ұшыратқаны толық баяндалып, патша үкіметі капиталистердің мүдделерін қоғайтыны көрсетілді.

Газетте жарияланған «Ленада болған оқиға» деген мақала Ембі мұнай кәсіпшілігіндегі қазақ жұмышылары капиталистерге қарсы қалай күресудің жолын, жұмысшы қозғалысының міндет – мақсатын олар өзінің ана тілінде оқып таптық санасы оянды. Сөйтіп, олардың өздері ереуілдерге белсене қатысты. Бұл арада тағы бір жайды айта кеткен Большевиктердің басшылығымен 1912 жылы Уральск қаласының жұмысшылары Лена оқиғасына байланысты ереуілге шығып, әкімшілікке экономикалық талаптар қойғаны туралы большевиктік «Невская звезда» газетінде жарияланған.

Сонау Үркіт губерниясында Лена өзені бойындағы кешенде жалданып, алтын қазып жатқан жұмысшылар ереуіл жасап, жөнді жұмыс істемей жатыр еді, - деп жазды газет. – Ақырында әскер шығып, осы 4 сәуірде (апрель қарсылық білдірген жұмысшыларды атты. Табанда 270 қырылып, 250 адам ауыр жараланды.

Лена оқиғасына қазақ жұмысшылары да қатысқаны тарихи құжаттардан белгілі. Самодержавие мен капиталистерге қарсы күрес «сеңін қозғаған», сөйтіп 1912 жылы революциялық қозғалыстың жаңадан өрлеуінің бастамасы болған оқиға Мұқатай Жәнібеков те қатысқан. Сол үшін 12 жылға қатаргаға кесілді. Онан қайтып келе жатып жолда ереуілдерге қатысты. Қарқаралыда туған жас жігіт өмірлік жолын осылай бастайды. Қаршадайынан байларға жалшы болған және каторгінің азабын көрген ол қазақ байлары мен орыс капиталистері бәрібір қанаушы екенін түсініп, ол олардан тек большевиктердің басшылығымен жұмысшылар мен кедейлер бірлесіп күш жұмсағанда ғана құтылатынын білді. Бұдан кейін ол Қазақстанда Совет өкіметі үшін күрескендердің қатарында болды. Уездік милиция бастығы болып туған кезінде тап жауларына қарсы күресте қайсарлық көрсеткен. Көрсеткендіктен «Угар» деп аталды…28,б.287.

Халықтың адал ұлы, 1917 жылдан большевиктік партияның мүшесі Мұқатай Жәнібеков 1932 жылы 8 - октябірьде 45 жасында қайтыс болды. Ажалмен айқасқан, халық жауларымен шайқаста ерекше ерліктер көрсеткен оны елі мәңгі есте сақтамақ 38,б.2.

  Газеттің «Қазақстан» деп аталуында да мән бар. Бұл қазақ жерлерін біріктіріп, демократиялық республика орнату идеясын аңғартады.

«Қазақстанда» елдің қоғамдық, экономикалық және мәдени өмірінің ең актуальді проблемалары жазылды. Газет көшпелі елді отырықшылық өмір салтына бейімделуге, білімге, орыс мәдениетімен жақындасуға шақырды. Мысалы, Б.Қаратаев «Азаматтарға» деген хатында көшпелі өмірдің күні өтті, көшпенділік және партиархалдық-феодалдық тұрмыстың салты мәдениеттің дамуына бөгет жасайды деп жазды. Кертартпа элементтерге соққы бере отырып, ол қазақтың еңбекші бұқарасын поселке болып тұруға, пайдалы кәсіппен айнылысу-балаларды мектепке оқытуға шақырады 51,б.25.

Газетте кооперация, агротехника, зоотехника мен ветеринария мәселелері жөнінде, сол сияқты ғылыми – атеистік мақалалар басылды. Бұл газеттің жетістігін айтумен бірге оның ерекшелігін де көрсетуіміз керек. Газет проблемалық мәселелрді көтергенде қай таптың мүддесін қорғайтынын ашып айтпайды. Мәселен, қазақ елінің әлеуметтік – шаруашылық өміріндегі қайшылықтардың себептерін, кедейлер санының көбеюін «Жердің тарлығынан» деп жалпылама түрде сипаттайды, бай мен кедей арасындағы қайшылықтарды ашып көрсете алмаған. Соған қарамастан осы газеттің қазақ бұқарасының арасында озат қоғамдық демократиялық ой – пікірлерді насихаттауының, замана талаптарына қарай отырықшы тұрмыстың шаруашылық пен мәдениеттің дамуына қолайлы жағдай жасайтындығын түсіндіруінің үлкен маңызы болды. Сондықтан, «Қазақстан» қазақ баспасөзінің тарихынан прогресшіл, демократияшыл газет ретінде орын алады. Тарихи жағдайларға байланысты «Қазақстан» газеті революциялық –демократиялық дәстүрлер дәрежесіне көтеріле алмады. Бірақ елдегі революциялық жаңа өрлеудің ықпалымен прогресшіл, демократиялық бағытта болды 17,б.3.

Қазақ халқының мәдени өмірінде тұңғыш қоғамдық саяси және әдеби «Айқап» (1911-1915) журналының шығуы елеулі оқиға болды. Редакторы – қазақтың демократиялық интеллигенциясы өкілдерінің бірі - М.Сералин, жоғарыда айтылғандай, бірінші орыс революциясы жылдарында ауылда революциялық насихат жүргізді. Өзінің сол кездегі шығармаларында ол патша өкіметін, байларды, буржуазиялық ұлтшылдарды әшкерелеп жазды. М.Сералин журналдың төңірегінде ұлт интеллигенциясының алдыңғы қатарлы өкілдерін топтастырды. «Айқапқа» Сәкен Сейфуллин, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев, Бейімбет Майлин, Бақытжан Қаратаев, Сабыржан Ғаббасов және басқа жазушылар мен публицистер қатысты.

«Айқап» журналы қазақтың қоғамдық ой – пікірін, әдебиеті мен публицистикасын Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсаринның, Абай Құнанбаевтың ағартушылық дәстүрлері негізінде дамытты.

Журнал Қазақстанда революциялық ситуация, ереуілдер мен толқулар болған жылдары шығып тұрғанмен, оның бетінде бұл жайлар көрініс таппады. Мәселе оның жария шығуында ғана емес, редакцияның өзі бұл оқиғалардан қалыс қалды. Дегенмен журнал бетінде байлардың өктемдігін әшкерелейтін, еңбекші бұқараның қанаушылар мен самодержавиеге қарсылығын білдіретін материалдар басылды. Мәселен, Х.Лекеровтың «Болыс және Шотан» деген әңгімесінде сөзімен езушілер қатаң айыпталады. Кедей бостандықты талап етсе, болыс бұрынғы феодалдық – патриархалдық тұрмысты ақсайды.

Өлкені басқарудың отаршылдық системасын сынайтын корреспонденция, мақалалар да басылды Патша үкіметі 1867-1868 жылдардағы Ережелерді шығарарда, - деп жазды М.Сералин,- тек Қазақстандағы үстем тап өкілдерімен ғана ақылдасты. Комиссияға кірген болыстар мен сұлтандар халықтың мүддесін қорғамады. Ш.Уәлихановтың егер билер сайлауы енгізілетін болса, зорлық –зомбылықты, парақорлықты, дауыс беретіндерді, сатып алушылықты және жіктелу күресін күшейтеді дегенін М.Сералин білетін еді.

Революциялық жаңа өрлеу жылдарында мұндай сынның мәні күшті болатын. Шын мәнісінде бұдан дәуірлеп тұрған тәртіпке наразылық білдіретінін аңғаруға болады 11,б.169.

Журналда Ресейдің құрамына қазақтардың өз еркімен қосылуының прогрестік нәтижелерін көрсететін материалдар басылды. М.Сералиннің және басқа публицистердің қоғамдық – экономикалық проблемалар жөнінде айтқандары назар аударды. Мәселен, журналдың 1911 жылғы екінші нөмірінде М.Сералиннің «Қазақ халқының мұқтаждығы» деген мақаласында жергілікті халықты атам заманнан бергі мекенінен ығыстыруды, сөйтіп, мұнда кулактар шаруашылығын құруды көздеген столыпиндік қоныс аудару саясаты әшкереленді.

Қазақ жерлерін зорлап тартып алу және шаруалардың жаппай қоныс аудару жағдайында М.Сералин аграрлық мәселенің әділетті шешілуі туралы батыл талап қойды. Мұқаметжан игілігінде болмауға тиіс, шұрайлы жерлер алдымен қазақ пен орыстың кедей шаруаларына берілу керек. Ол қазақ еңбекшілерін тым болмаса жан басына деген ресми норманы пайдаланып, поселке салып, егіншілікпен айналысуға шақырды.

Буржуазияшыл ұлтшылдар өз табының түбегейлі мүддесін қорғап, демократиялық басылымдарға қарама – қарсы өздерінің баспасөз органын құруға кірісті. Қоғамдық өмірдің мәселелері жөнінде «Айқап» журналына кереғар Орынбор қаласында 1913 жылы февральда «Қазақ» газеті шыға бастады.

Журнал кейде «Қазақ» газетімен айтысып, буржуазияшыл ұлтшылдар байлардың мүддесін қорғайтынын әшкеледі. Алайда, «Айқап» буржуазияшыл ұлтшылдар туралы дәйекті бағыт ұстамай, кейде тіпті оларға өз бетімен орын беріп те отырды 11,б.49.

Мұндай қателіктердің болу себебі – журналдың редакторлары – М.Сералин ол кезде буржуазияшыл ұлтшылдардың ықпалынан әлі арылып кете қойған жоқ еді. Ал кейін большевиктік идеялардың әсерімен алғашқы кездегі ауытқушылығынан бірте –бірте арылып, буржуазияшыл ұлтшылдыққа қарсы батыл жүргізді.

Қазақстан большевиктері меншікті басылымдары болмағандықтан, өздерінің көзқарастарын насихаттау үшін кейде жария «мүмкіндіктерді»- жергілікті прогресшіл баспасөз органдарын пайдаланды. Мәселен, Қостанайдың социал – демократиялық ұйымдары Троицк қаласында шығып тұрған «Степь» газетінің және «Айқап» журналының көмегіне сүйенді.

«Правданың» тапсырмасы бойыншы 1912 жылдың аяқ шенінде Троицкі қаласына Ф.Ф.Сыромолотов келді. Ол мұнда әңгіме өткізіп, лекция оқыды. Бұған Қазақстандағы революциялық қозғалысқа белсене қатысқа Ф.Ф.Сыромолотовтың инициативасымен «Степь» газетінің 15- нөмірінде Қазақстанда кең таралған «Правда», «Просвещение», «Вестник приказчика» сияқты большевиктік газеттер мен журналдарға жазылу туралы жарнама жарияланды.

«Айқап журналында С.Ужгиннің «Уақ несие» деген мақаласының жариялануы да тегін емес. Онда қанаушыларға қарсы және кедейлердің экономикалық мүддесін қорғайтын күрес құралы ретінде қазақ еңбекшілеріне дербес кооперативтік ұйым құрудың қажеттілігі туралы пікір айтылды. Бұл мақала М.Сералиннің өтінуі бойынша жазылған көрінеді.

«Айқап» қазақ халқының қоғамдық ой –пікірінің, әдебиетінің, өнері мен тілінің дамуына үлкен әсер етті. Оның бетінде халыққа білім беру, мәдени – ағарту мәселелері көтерілді. Медицина, агротехника, ғылым мен техниканың табыстарына недәуір көңіл бөлінді. Журналда, сонымен қатар, әйелдердің намысын қорлайтын (қалың мал, бірнеше әйел алу, теңсіз неке сияқты) феодалдық қалдықтарды жою туралы көптеген мақалалар жарияланды.

Басталып кеткен империалистік соғыс жағдайында жеке адамдар қаржысымен шығарылып келген журнал көп өмір сүре алған жоқ. Оған цензураның бақылауы күшейді. Кейбір зерттеушілердің анықтауына қарағанда, журналда Ф.Ф.Сыромолотовтың болашақ соғыстың сипаты туралы мақаласын жариялауға тыйым салып, цензор М.Сералинді Сибирьге жер аударамын деп қорқытқан. «Айқап» журналының прогресшіл қазақ интеллигенциясына игі әсер тигізгенін, оның жетекші қызметкерлері кейін көрнекті советтік қоғам қайраткерлері, жазушы және публицист болғанынан айқын көреміз.

Информация о работе Мәдени шаруашылық