Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2012 в 21:53, курсовая работа
Қазақ жері ғасырлар бойы шектес мемлекеттердің шабуыл нысанасына айналып келгендіктен XVIII ғасырдың алғашқы жартысында қазақтардың бір бөлігі патшалы Ресейдің қол астына кіріп, бағынуға мәжбүр болғандығы тарихтан белгілі.
Осы кезеңнен бастап, Ресейде бол
Көрсеткіште «Тәрбие - оқыту әдістері» деп аталатын екінші тарауындағы 16 кітап та шетінен ерекше маңызды туындылар. Солардың ішінде Жүсіпбек Аймауытұлы мен Нәзір Төреқұлұлының еңбектері айырықша құнды.
Көрсеткішті Жүсіпбек Аймауытұлының Орынборда 1924 жылы шыққан «Тәрбиеге жетекші» (Бала оқытушыларға) атты туындысы туралы «Еңбекші қазақ» газетінің 1925 жылғы 400-санында жарияланған мақаладан үзінді берілген. Бұл жолдарды төтенше бір тебіреніс сезіммен оқисыз: ..Жүсіпбектің «Тәрбиеге жетекші» кітабы-жыл құсы. Бұл кітаптың тілі өте жеңіл. Баспасы анық. Кітап аяғында пән сөздерінің қазақшасы тізілген…
…Жүсіпбек кітабы ескі сарынмен емес, жаңа сарынмен жазылған. Осы күнге шейін ғылымның оқыту, тәрбие туралы шығарған қорытуының Жүсіпбек қазақ оқытушыларына ең керегін алып жазған. Кітапта «қиын» (теория) аз, іс жүргізу жағы басым. Бұл кітапты оқып шыққан кісі мектептің мақсатымен де танысады. Қалай іс жүргізуін де біледі. Кітап оқытушыларға жақсы жетекші. Баланы қалай оқытуын да үйренеді. Оқытудың тәртібі жайынан тәрбие алмаған мұғалімдер түгіл, оқу жолына маман оқытушылар да бұл кітапты дұрыстап оқуы керек…Бұл кітап педтехникумдарда, пединституттарда, оқу құралы болуға жарайды.
Бұл кітап әр оқытушы үстелінің үстінде жатуы керек. Әр мектептің кітапханасында болуы керек.Нәзір Төреқұлұлының Мәскеуде 1925 жылы жарық көрген кітабы - «Жаңа Әліпби неге керек?» деп аталады екен. Бұл кітап туралы көрсеткіште былай деп жазылған: «Жаңа Әліпби неге керек? Тас дәуірінен бастап Әліпби тарихы жайынан сөйлейді. Арабтың жазуы тарихынан, араб жазуының өзгеруінен сөз ашады. Түркі елдерінің ескі жазулары туралы сөйлеп келіп, жаңа Әліпбилердің шығуы, өзгеруі тарихына көшіп көп мағлұмат береді. Латын Әліпбиінің артықшылығын дәлелдейді».Ғасырымыздың жиырмасыншы жылдары ақын-жыраулардың мұраларын, аңыз - ертегілерді, эпостарды дүркін - дүркін басып шығару дәстүрі сабақтаса түскен бір сәтті кезең болған тәрізді. Көрсеткішке Мұхтар Әуезовтің, Жүсіпбек Аймауытұлының, Қошмұхамбет Кемеңгерұлының, Уәлихан Омарұланың, Бейімбет Майлыұлының, Ыбрай Құнанбайұлының, Мағжан Жұмабайұлының, Өтебай Тұрманжанұлының тағы да бірқатар қазақ қаламгерлерінің осы бір кезеңде шыққан кітаптары енген 10,б.89.
Қалың жұрт жылдар бойы көз жазып, адасып қалған асыл қазыналарымызды қамаудан қапастан шығарып, халықтың өзіне қайтарып беруде М.Дулатұлы көрсеткішінің қосатын үлесі өлшеусіз зор. Бұл деректердің қазақ кітабы тарихындағы «ақтандақтарды» аршып, шындықты қалпына
келтірудегі маңызы өзінен - өзі түсінікті. Сөзіміз дәлелді болу үшін тағы да бір мысалға назар аударайық. Ұлтымыздың ұлы перзенті Әлихан Бөкейханұлының қалың оқырмандарға бұрын беймәлім болып келген туындыларының бірқатарын осы көрсеткіш арқылы білеміз. Біріншіден, жоғарыда айтылып өткендей, Ә.Бөкейханұлы (әдеби бүркеншік аты Қыр баласы) «Ер Тарғын», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырларын ел ауызынан жазып алып, кітап етіп шығарған. Осыдан-ақ Әлекеңнің халқымыздың бай фольклорын зерттеп, жинауға көп көңіл бөлгенін көреміз. Ол «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» кітабына жазған беташар сөзінде былай деп тебіренеді: «…Қозы Көрпеш - Баян сұлудың » жайылмаған жері жоқ десе де болады. Қозы Көрпеш - Баян Ертіс аяғы Тобыл татарында, Күншығыс Түркістаны тараншыда, Түркістанда, Сарыарқада, Алтайда, Ұранқайда, Оралда, Башқұртта, Кавказда, Шешенде, Осетинде бар. Қозы Көрпеш - Баян біздің түрік баласының сүйген ертегісі. Норманға Фауст қандай болса, түрік баласына Қозы Көрпеш – Баян сұлу сондай».
А.Байтұрсынұлының ел аузынан жазып алып, шығарған «Ер Сайын» кітабына Қыр баласы - Ә.Бөкейханұлы жазған Потаниннің өмірбаяны енген. Көрсеткіштегі басылымдардың ішінде Л.Н.Толстой «Қажымұрат», Мәскеу, 1924., Л.Н.Толстой «Кавказ тұтқыны», Мәскеу,1925., В.Г.Короленко «Макардың түс» Мәскеу, 1923. Көрсеткіштің екінші бөліміне 1926 жылдың қаңтарынан 1927 жылдың маусымына шейін Қызылордада, Ташкент, Мәскеу және басқақалаларда қазақ тілінде шыққан 212 кітап кірген. Бұл кітаптар да тарау - тарау бойынша сараланып, олар туралы толық мәліметтер келтіріліп отырған. Бұдан біз кітаптардың тақырып, жанр өрісі кеңейіп, түрлене бастағанын ойлаймыз. Оны тәптіштеп жатудың қажеті жоқ қой деп ойлаймыз. Тек бұған көз жеткізу үшін мысал ретінде кітаптағы үш басылымға ғана тоқталып өтейік. Бұл ең алдымен «Қазақша-орысша тілмаш» кітабы. Құрастырушылар: Кемеңгер, Бұрақы, Байтас, Байқасқа, Байқаман, Дәулетбек, Кемеңгерұлы, Мәскеу, 1926.Келесі басылым - бұл Нәзір Төреқұлұылның «Жат сөздер» атты тамаша туындысы. Мәскеу, 1926. Бұл туынды туралы кезінде «Еңбекші қазақ» газетінің бетінде мақала басылған екен. Осы мақаладан мынандай дәйек сөз алынған: «Нәзір жолдас кітапшасында түрлі дәлелдер келтіріп, қазақ тілі қалай таза сақтауын түсіндіреді. Кітап дәлелді, түсінікті, және дер кезінде жазылған. Қазақ тілін ардақтағысы келген, өз тілін дұрыстағысы келген адам, тіл бетіне секпіл салып, аттарын бұзғысы келмеген адам Нәзір кітабын оқып ойлану керек…» (Еңбекші қазақ газеті», №80). Осынау бір киелі сөздер нақ бізне, қазіргі ұрпаққа арналып жазылғандай кереметтей асқақ естіледі. Үшінші кітаптың да құндылығы, сонылығы оның атынан-ақ көрініп тұрғандай. Ол - «Балаларға тарту» деп аталған. Бірінші оқу құралы орнына. Екінші басылуы, Ленинград, 1927. Бұл оқулық туралы да газетте басылған мақаладан үзінді беріліпті. Сондықтан біз де осы үзіндіні оқиық: «..Қазақ мектебі оқу кітаптарына мұқтаж. Байтақ бұқарасы оқитын баспасөзге мұқтаж. Әйтсе де бұл күнге шейін аз да болса бұқараға газет, журнал, басқа әдебиет тарады. Бүгінге шейін жалаңаш жатқан жағымсыз балалар дүниесі, бұл күнге шейін балаларға арналған қазақша кітап жоқ. Мәдениетті елдерде балалар әдебиеті бай болады. Олардың балалары туғаннан бастап дегендей, сурет, ойыншық, кітап сықылдылармен таныса бастайды. Бұл баланың тәрбиесін толықтырады…Кітапта үш бөлім: Бірінші бөлімі - балалардың мектепке кірместен бұрын пайдаланатын материалы. Екінші бөлімде мектепте оқып жүргенде пайдаланатын метериалдар. Үшінші бөлімде күлдіргі, тақпақ, жұмбақ сықылдылар.
Бұл кітапты қызығып оқып шықпайтын, иә аузынан сілекейі ағып тыңдамайтын бала болмаса керек..» («Еңбекші қазақ» газеті. 1926, №137).
Халқымыздың ардақты перзенті Міржақып Дулатұлының әуелі сонау 1926, осыған іле - шала 1927 жылы жарық көрген «Қазақ тілінде басылған кітаптардың көрсеткіші» атты аса бағалы кітабы туралы айтылар сөз көп. Мәңгілік мұрамыз ретінде оның беттерін әлі талай мәрте парақтап, әрдайым рухани байып отырарымыз айдай анық. Көрсеткіштің екінші бөліміндегі «Басқармадан» деп айшықталған сөз басында «Ол кітап Мемлекет баспасы 2 мыңдай артық басса да бұл күнде тарап болып, дымы қалған жоқ. Көрсеткішті әркім үстел үстінде ұстайтын болды» делініпті. Шынында да, зиялыларымыздың барлық асыл мұралары тәрізді, бірегей бұл көрсеткіш те әрқайсымыздың асыл қазынамыз, айнымас серігіміз, дана ақылшымыз бола бермек.
2.3 XIX ғасырдың II жартысы мен XX ғасырдың I жартысындағы
қазақ баспасөзінің саяси-қоғамдық және әлеуметтік мәні
(«Қазақ» газеті мен «Айқап» журналы негізінде)
Баспасөз – қазақ халқының қоғамдық -әлеуметтік ой-пікірін оятуға, мәдени-әдеби дүниетанымын қалыптастыруға, кеңейтуге едәуір әсер етті.
XIX ғасырдың II жартысы мен XX ғасырдың жартысындағы қазақ баспасөзінің саяси-қоғамдық және әлеуметтік мәні орасан күшті. Осы кезеңде қазақ қауымы үшін қызмет көрсеткен әсіресе, «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналы болды. Әрине, бұдан аталмыш осы газет-журналдан басқа баспасөздер болған жоқ деген ой тумайды. Барлық баспасөздің өзіндік орны, мақсат-міндеті, саясилығы, қоғамдық-әлеуметтік мәні бар. Біз 19 ғасырдың 2 жартысы мен 20 ғасырдың 1 жартысындағы қазақ баспасөзінің ішінде «Қазақ» газеті мен «Айқап»! журналына тоқтала кетейік.
Тройцк қаласында 1911 жылдың қаңтарында жарық көрген журнал - «Айқап» журналы. Оның шығарушысы, редакторы демократ ақын, жазушы Мұхаметжан Сералин болды. Ол журналды алғаш жұрттан қарызға ақша алып, пайда серіктікке пай жинай жүріп шығарды. Біраз уақыттан соң журнал өз қаражысымен шыға бастады, оған жәрдемдесушілер де табылды. Дегенмен қаржының тапшылығынан ол алғашқы жылы айыны бір реттен, кейде шағын көлемді болып жарық көрді.
Жәрдемдесушілер көбейіп және өзі қаржыға ие болғаннан кейін, яғни 1912 жылдан бастап журнал айына екі реттен, 12-24 бет көлемде шықты. Профессор Қ.Бекхожиннің дәделдеуінше «Айқаптың» тиражы 1000 дана болған. Жалпы, журналдың бес жыл ішінде 89 саны жарық көрген.
«Айқаптың» алғашқы санындағы «Қызмет иесі мырзалар» деген мақалада: «Журнал шығарудағы мақсат-атақ шығару, білім сату емес, халыққа қызмет ету болды…Журналымызға «Айқап» деп есім бердік…Біздің қазақтың «Айқап» демейтұғын қай ісі бар ! «Қап !» дегізген, қапияда өткен істеріміз көп болған соң журналымыз өкінішімізге лайық «Айқап» болды»,-деп жазылды.
«Айқап» әр материалдың мазмұны мен тақырыбына жете көңіл бөліп отырды. Бірінші бетіне елдің ішкі өмірінде болған жаңалықтар, ресми хабарлар, екінші, үшінші беттерінде "«шық хат"»деген айдармен оқырмандар хаттарын жариялаған. Проблемалық мақалалар (жер туралы, сиез, сайлау т.б)., тақырыптар бойынша 4-6 беттеріне орналасқан. «Фельетон», «Хабарлар» сияқты айдарымен материалдар журналдың орта тұсынан орын алды. Ал шетел жаңалықтарын, көңіл айтулар мен басқармадан ескертулерді, жаңа кітап туралы рецензияларды журналдың соңғы беттерінен оқуға болатын 22,б.137.
«Айқаптың» «Өлең-жыр», «Фельетон», «Хабаршыларымыздан», «Ашық хат», «Басқармадан жауап» деп аталған тұрақты айдарларының болуы оның жұмысындағы ұқыпытылықты, жүйелікті танытады. Журналдың безендіру мәселесіне де жете көңіл бөлгенін жоғарыдағы айдарлар бойынша жарияланған материалдан айқын аңғаруға болады.
«Айқап» өз кезеңіндегі үздік журнал болды. Оның әр санын жұрт асыға күтті. Оған Қазақстанның барлық облысынан және Астрахань губерниясына қосылған Бөкей Ордалары мен Кавказ округына қарайтын Маңғыстау, Атырау, Оралдан үзбей хат келіп тұрды. Әсіресе, Ақтөбеден, Қостанайдан, Қызылжардан, Торғайдан, Көкшетаудан, Қарқаралыдан, Семейден, Аягөзден, Қапалдан, Шиеліден, Қызылордадан, Жамбылдан, Шымкенттен, Зайсаннан мақала жиі жарияланды.
Журнал бетінде кейде «Одан-бұдан», «Мұсылмандар түсінуге тиісті мәселелер» деген айдарлар бойынша да материал жарық көрді. Кейін оларды алмастырған «Хабарларымыздан», «Хабарлар» айдарлары журналдың соңғы кезіне дейін тұрақты шығып тұрды.
«Айқаптың» хатшысы болып 1911-1912 жылдары Әкірам Ғалимов, 1913-1914 жылдары Сұлтанмахмұт Торайғыров істеді. Қызметкер, тілші, автор болып Жиһанша Сейдалин, Спандияр Көбеев, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Сәбит Дөнентаев, Бақытжан Қаратаев, Молдағали Жолдыбаев, Бекмырза Бекжанов, Нұралдин Айтмұқанбетов, Есенғали Хасаболатов т.б. қатысты. «Айқап» және оның редакторы сол кездегі саяси-әлеуметтік мәселенің ең бастысы-жер мәселелесі екенін жақсы түсінді. Мұны олар бектік-феодалдық қалдықтарына қарсы күрес барысында батыл көтере білді.
1867 жылы 11 шілдеде «Жетісу және Сырдария облыстарын басқару жөнінде уақытша ереже» шықты. 1868 жылы 21 қазанда «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторларының қырлық облыстарын басқару туралы уақытша ереже» бекітілді. Барлық жер мемлекет меншігі, тек хан тұқымдарына патша «сыйлаған» жер ғана жекеменшік боп танылды. 1895 жылдан 1906 жылға дейін «Щербина экспедициясы» патшаға қазақ даласының ең шұрайлы жерлерін мәлімдеп отырды. 1870-1890 жылдары ұйғырлар мен дүнгендер көшіп келді. Осыған байланысты ұлт араздығы да күшейе түсті. Түтін, мал, егін, т.б. салықтар және тасымал саудасы бұрынғыдан да артты. 15 тиындық ұстара бір қойға, 6-7 сомдық самауырын 20-25 сомға дейін сатылды.
«Айқап» осындай тонаушылық саясатының барынша белең алған тұсында жарық көрді. Сондықтан да бұл мәселелерді кеңінен жайды. Отырықшылық өмірге көшу, поселка, қала салу, егіншілікпен айналысу жөнінде пайдалы ұсыныстар жасап, кеңестер берді. Журналдың 1911 жылғы екінші санында жарияланған «Қазақ халқының мұқтаждығы» деген бас мақалада әуелі қолға алатын мәселе жер мәселесі екеніне назар аударып, отырықшылыққа көшіп, егіншілікпен айналысу қажеттігін насихаттады. Айқаптың» 1912 жылғы 31-санында патша өкіметінің басқару-әкімшілік істері жөніндегі отаршылдық саясатын сынаған бас мақала жарияланды. Онда 1867-1868 жылдардағы Ережелерді патша үкіметінің тек үстем тап өкілдері кеңесімен шығарғанын, комиссия мүшелері-болыс, билер өз пайдаларын ғана көздегені, оны тек марқұм Шоқан Уәлиханов ғана әшкерелеп, Дала генерал-губернаторына хат жазғаны, қазақ үшін сайланған халық судьяларының пайдасыз екенін мәлімдегені айтылды 50,б.110.
«Айқап» қазақ байларының озбырлығын, еңбекшілердің үстем тапқа, самодержавиеге наразылығын, ашу-ызасын білдіретін материалдарда жарияланды. Мысалы, журналдың 1911 жылға 4-санында «Бөкей ордалықтары» деген корреспонденцияда: «Бұрынғы үй басына жеті жүз десятина жер қазір үй басына жиырма десятинадан келеді. Жарлы болдық дейміз, енді біз жарлы болмай кім жарлы болсын. Әлі біз былай отыра берсек, мұнан да жарлы болармыз»,-деп жазылды. Сондай-ақ «Айқаптың» 1912 жылғы 12-санындағы Хабибулла Мекеровтың «Болыс пен Шотан» әңгімесінде Шотан құл мен болысты сөзбен таластыра отырып, қанаушы таптың ескі феодалдық-патриархалдық өмірді аңсайтынын әшкерелейді, ал құл Шотан бостандыққа жетіп отырықшы болуды қалайды.
М.Сералин патшаның отарлау саясатының түпкі мақсатын дәл тани біліп, оны жұртқа дұрыс түсіндіруде де білгірлік танытты. Мәселен, оның мына пікіріне құлақ түрелік: «Соңғы он жыл ішінде үкімет…қырғыз-қазақтарды отырықшы қылып өнер үйрететін, өнерге алғызайын, салдырлап көшіп азап шекккенше отырықшы болып жан тыныштық қылсын деп емес, отырықшы болып, 12-15 десятина жер алып, ала алмағандардың жерін кесіп алмақ». Дәл былай батыл пікір айту тек Мұхаметжан тәрізді саналы, ержүрек жанның ғана қолынан келмек. Бұл тақырыпқа «Шідерлі болысының елінің отырықшы болып жер алулары"» деген корреспонденцияда Бақытжан Қаратаев: "«Қара шекпендер қырық тоғыз қала салдырып алды. Қара шекпендерге ең жақсы бірінші дәрежелі жерлер кетті. Жеті руға ең жаман жерлер қалды"» - дей келіп, «көшпелі халық-қабір ұлы» деген сөз бар, көшпелі болмақ балиғалық емес, сәбилік белгісі дейді»,-деп қазақ халқын отырықшы болуға шақырады.
М.Сералиннің «Отырықшы болған қазақтар туралы» деген мақласында «Жаңа болыстық соттардың қазақы дау-жанжалдарды шешуге икемсіз болып отырғанын мысалдармен дәлелдеп, болыс сот құны 300 сомнан артық мал дауын тексере алмайды. Қазақ арасындағы жесір дауларының құны көбіне 300 сонан асып кететіндіктен дау-дамай қалай шешіледі?», - деп жұртқа сұрақ қояды, ол үшін «Қазақ әдеттері»-деген кітап шығару қажет дегенді айтады. Мақаланың екінші бөлімі отырықшы өмірдің артықшылығына арналған. «Түпкілікті қоныс болуға жарайтұған жерлер шетке кетіп бітетұғын. Қазаққа қолайсыз жерлер қалатұғын. Түбінде мұндай жерде бытырап жүріп оңбаспыз»,-деп автор басына төнген қатерден қорықпай, халық қамқоры дәрежесінде сөйлейді 31,б.179.
«Айқаптың» 1911 жылғы 3-санында жарық көрген Бекмырза Бекжановтың «Қазақтың қазіргі халы» мақаласында артта қалуымызға басты себеп, феодалдық қоғам, ұлттық томаға-тұйықтық, көшіп-қонумен жүріп, көрші елдердің өнегесінен үлгі алмақ екені дұрыс көрсетілген. Осы мақаламен аттас келесі бір материалда озық елдер қатарына қосылу үшін фабрика, заводтар салып, өнеркәсіпті өркендету негізінен тас көмір, темір, шойын алатын, жер қазатын құралдарға байланысты. Ондай жағдайымыз болса, бұл кәсіппен айналысар едік. Орыс, ағылшын, француз елдерінің алға шығып, қуатты ел болып отырғаны да өнеркәсіптің өркендегенінен» - деп дамудың қандай жолына түсу қажеттігіне көңіл аударылды.