Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2012 в 21:53, курсовая работа
Қазақ жері ғасырлар бойы шектес мемлекеттердің шабуыл нысанасына айналып келгендіктен XVIII ғасырдың алғашқы жартысында қазақтардың бір бөлігі патшалы Ресейдің қол астына кіріп, бағынуға мәжбүр болғандығы тарихтан белгілі.
Осы кезеңнен бастап, Ресейде бол
Газет бетінен капиталистік қатынастардың қазақ даласына өтуінің жағымды және жағымсыз жақтары да көрінеді. Ақмоладан келген тілші хатында кедейленген қазақтар қала шетіне жатақ болып жиналып, жаңаша өмір сүре бастаған олардың тұрмысы көшпенділерден көп ілгері екендігі айтылады. Олар орыс тілін үйрене бастаған, үй ұстаулары мұнтаздай таза, самауыр стол, қасық, киім - кешегі-бәрі түзу. Көшеде екі кісі кетіп бара жатса қайсысы жатақ, қайсысы ел қазағы екенін сұрамай-ақ танисыз. Газет ауыл кедейлерінің хал - жағдайының әбден нашарлағанын, соның салдарынан олар қалаға келіп жалшы болып, күн көретінін, сөйтіп олар байлардың езгісінен өсімқорлардың тонауынан қашатынын аңғартады 11,б.58.
«Түркістан уалаяты» газеті оқу - ағарту және әдебиет мәселелеріне едәуір орын беріп отырды. Ол қазақ жастарының гимназияда, орыс - қазақ мектептерінде оқи бастағанын құптайды. Әрине, алдымен дәулеттілердің балалары оқитыны сөз болады. Жастардың оқуға деген құштарлығын қуаттай отырып, орысша оқып білім алған қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметі туралы өнеге ретінде арналған мақала жариялады 45,б.145.
Орыстың мерзімді баспасөзінің әсерімен алғашқы қазақ газетінде заметка, корреспонденция, мақала, фельтон мен очерк сияқты жанрлар туа бастады.
«Ғылыми хабарлар» рубрикасымен сол кездегі ғылым мен техника табыстары жайында түсінік, сондай-ақ жаратылыс жөніндегі ғылыми тақырыптарда мақалалар, ветеринария және зоотехника мәселелері жайында консультациялар жариялауының қандай маңызы болғаны өзінен - өзі түсінікті. Бұлардың бәрі көшпелі халықтың дүниетанымына игі әсер еткені сөзсіз.
Газет оқушыларына танымдылық сипатты материалдардың әсер еткені қызық. Батыс Европа туралы очерк жөнінде біреу «Осы күнге дейін біз дүниенің бәрінде үш-ақ мемлекет бар деп жүруші едік - орыс, түрік және қытай мемлекеті. Қарасақ, дүниеде мемлекет үшеу емес, көп екен» депті. Н.П.Остроумовтың «Петр Ведомостволарының» XVII-XVIII ғасырларда орыстар үшін қандай маңызы болса, «Түркістан уалаяты» газетінің де XIX ғасырда өзбектер мен қазақтар үшін сондай маңызды болды деген тұжырымымен келіспеуге болмайды 34,б.171.
1882 жылы Дала генерал - губернаторы құрылып, оның құрамына Ақмола, Семей, және Жетісу облыстары енгізілді. Орталығы Омбы қаласы болды. 1888 жылы 1 январьда Омбыда «Дала уалаяты» газеті шыға бастады. Баспасөз ісі жөніндегі бас басқарма оны «жергілікті халықты үкімет бұйрықтарымен таныстырып отыру өтінішін шығарып тұруға рұқсат етті» 23,б.171. Әрине, Қазақстанды, зерттеп білу мақсаты көзделді. Аптасына бір рет шығып қазіргі Қазақстанның бүкіл территориясына дерлік таралды.«Дала уалаяты» газеті барлық патшалық губерниялық газеттердей ресми және ресми емес бөлімдерден тұрады. Ресми бөлімінде үкімет және әкімшілік органдардың указдары, нұсқаулары, бұйрықтары басылды. Сонымен бірге «ақ патшаға» адал берілгендікті сездіретін материалдар да жарық көрді. Әсіресе ресми емес бөлім ерекше назар аударады.
Мұны сол замандағы қазақ аулының қоғамдық ой-пікірі біршама көрініс берген.
Газетте экономика мен мәдениет жөнінен анағұрлым ілгері Россияның қазақ халқының өміріне тигізген әсерін көрсететін құнды материалдар жарияланды.
Осы газеттің маңына топталған өдерінше прогресс ниеттегі қазақ интеллигенттері Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсариннің және А.Құнанбаевтың өнегесі бойынша көшпелілерді шаруашылықты жаңаша жүргізуге, басқаша айтқанда отырықшы болып, егіншілікпен айналысуға шақырды, орысша оқып білім алуға, орыстың озат мәдениетіне жақындасуға деді. Олар өздерінің ізашаралары сияқты қазақ әдебиетін, тілін дамытуды көздеді, әйелдерді азат етудің және соңғы әлеуметтік проблемаларды ұсынады. Осындай проблемаларды талқылаудың барысында бірін - бірі қарама -қарсы екі ағым - кертартпа және прогрестік ағым туды. Қазақ қауымының арасында сондай екі ағымның барлығын Ш.Уәлиханов елуінші жылдардың орта шеніннен-ақ атап көрсеткен болатын. «Осы уақытта,- деп жазды Ш.Уәлиханов,-ескі мен жаңаның арасында елеусіздеу, бір күшті күрес болып жатыр деуге болады» 12,б.389.
Қазақ қауымының үстем тап өкілдері жаңалық пен прогрестің бәріне мейлінше қарсылық білдірді. Өмірде бола қоймайтын өзгерістерге қарсы және күні өтіп бара жатқан іріткіні сақтау үшін күресте үстем тап өкілдері рухтандыратын күшті мұсылман дінінен, панисламизм мен пантюркизмнен деді. Кертартпа ақындар қазақ халқының қас жауы К.Қасымовтың реакцияшыл қозғалысты басқарғаны үшін мадақтады. Осыған байланысты айта кету керек: «Дала уалаяты» газеттерінде Кенесары тонағыш және бұзақы деп сипатталады. Қазақ қауымының ішінде кертартпа, мұсылманшылдық және прогресшіл орыс мәдениеті ықпалдарынан туған екі түп мәдениеттің арасындағы идеялық күрес XIX ғасырдың аяққы шенінде және XX ғасырдың басында күшейе түсті. Бұл күрес «Дала уалаяты» газетінің бетінен көрініс тапты. Газет бетінде «Редакцияға хат» деген арнаулы рубрика ашылған-ды. Біреулер таңдаулы ақындардың шығармалары және халықтың ауыз әдебиетінің үлгілерін қазақ тілінде кірген жинақ етіп бастырып шығаруды талап етті, басқалары қазақ газетіне кім немен көмектесе алар екен деп жазды. Көптеген хаттарда қазақтың жазба әдебиетін қандай жолмен дамыту керек екені туралы сөз болды. Сөйтіп қарама - қарсы екі идеялық ағымның соқтығысын бейнелейтін айтыс туды 14,б.589.
Ақыры прогресшіл ағымды жақтаушылардың мерейі үстем болды. Газетте ең алдымен халық туындылары және демократияшыл жазушылармен публицистердің шығармалары басылды, сонымен бірге қазақтың реалистік бағыттағы жазба әдебиетінің әдеби тілін ұстанудың негізін қалаған Абай Құнанбаевтың, Ыбырай Алтынсариннің шығармалары және Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметі туралы мақалалар жарияланды. Осы газеттің бетінде орыс әдебиеті классиктері: А.С.Пушкиннің, Л.Н.Толстойдың, В.Г.Белинсийдің М.Ю.Лермонтовтың, И.А.Крыловтың және басқаларының шығармалары қазақ тіліне аударылып басылды.
Тілшілері мен авторлары арасында аса ірі шығыс зерттеушілері, этнографтар, фольклористер: Г.Потанин, Н.Добромыслов, В.Обручев, Н.Пантусов және басқалар бар еді. Қазақстанның барлық облыстарында газеттің тілшілері болды.
«Дала уалаяты» газетінің редакторы міндетін Ешмұхамет Абылайханов пен Дінмұхамет Сұлтанғазин кезек атқарды. Аудармашы және әдеби қызметкерлері, тілшілері, авторлары арасында Рақымжан Дүйсенбаев, Мұқаметжан Сералин, Асылқожа Құрманбаев, Қорабай Жапанов сияқты қазақ ағартушыларының жолын қуған демократиялық-прогресшіл адамдар болды, алғашқы екеуі кейін большевик болды. Прогресшіл бағыттағы интеллигенттер «Дала уалаяты» қараңғы бұқараны ағартуға себеп болатын маңызды құралдардың бірі деп есептеді. Мысалы, Сұлтанғазиннің пікірінше газет қазақ шаруаларына өздерінің мұқтаждары, мал бағу, егіншілік, мәдени өмірдің барлық мәселелері жөнінде пікір алысуына мүмкіндік жасайды 13,б.3.
Тілшілер қазақ халқын отырықшы болып, егіншілікпен айналысуға, мұны интенсивті мал шаруашылығымен қоса жүргізуге үнемі үгіттеп отырды. Газет көшпенді қазақтардың отырықшылану және егінмен шұғылдануы елеулі қозғалысқа айналғандығын атап көрсете келіп, бұл қозғалысты қазақ даласына енген жаңалықтардың бастамасы деп бағалады 13,б.4.
Қазақтардың жаңаша өмір салтына бет бұруына (бұл ол кезде бұқаралық құбылыс болған жоқ еді, ал патша өкіметі тұсында ондай болуы мүмкін де емес еді) Россияның орталық аудандарында қоныс аударып келген еңбекші орыс шаруаларының жергілікті халықты жер өңдеу ісін үйренуіне көмектесуі себеп болды. Газет материалдарынан қазақ аулына капиталистік қарым - қатынастардың қалай тарағанын айқын көруге болады. Бұл жөнінде бір ғана мысал келтірсек те жеткілікті. «Қазақ арасында да өсімқорлар бар,- деп жазды Павлодар уезіндегі тілші Қ.Жапанов,- бұлардың сауда жүргізетін уақыты көбінесе алым алғанды әм қазақтар қалаға шығарда болады. Теңге басы 70 тиын өсім деп нарық айтады, кедей байғұстың екі сиырынын екі бұзауы борышқа кетіп, баяғы екі сиыр төлсіз қала берді» 13,б.4.
Максим Горкий «Самарская газета» «Киргизская степная газета» («Дала уалаяты») газетіне шолу жасағанда проценттік есебіне сатылуын сұмдық факті деп, өсімқорлардың жауыздығын ызалана әшкереледі 4,б.3.
Қазақтың ұлы ағартушыларының жолын қуушылар реакцияшыл идеологияға қарсы күресе отырып, газетте өз ұстаздарының идеяларын паш етті. Олар қазақ жастарын орысша оқуға шақырды, бұл жөнінде тағылым ретінде Ш.Уәлиханов пен Ы. Алтынсариннің есімін атады. Алғашқы қазақ ағартушылары сияқты қазақ әдебиеті мен тілінің даму жолын оларда орыстың озат-мәдениетімен өте жақындасуынан күтті. Мәселен, Сұлтанғазин қазақ әдебиеті шығармаларының тілі мен стилі жаңа заманның талаптарына сай өзгеруі, бейімделуі керек дейді. Оның пікірінше, біріншіден, тіл байлығы халқымыздың ұғымын, идеясын, сондай-ақ ой-өрісін кеңейту себеп болмақ. Екіншіден, жаңа ұғымдар, жаңа сөз, сөйлеу түрлерін тудырмақ.
Мұсылман дін басылары мен пантюркизмнің кертартпа пікірлеріне тойтарыс бере отырып, Сұлтанғазин қазақ тілін не түріктен, не орыстан енген интернационалдық терминдермен баюына қарсы болған жоқ. Тілдің дамуын ол экономикалық дамудың жағдайларымен байланыстырды, тілге тарихи категория деп қарады. «Тіл,- деп жазды ол,- халықтың өзі сияқты органикалық зат өзгереді, өседі, жетіледі. Міндет мынадай: Біз ана тілімізді Алтынсарин айтқандай дамытуымыз керек. Осындай келелі мәселе жөнінде А. Құрманбаевтың айтқандары да назар аударады. Қазақ тілі мен әдебиетін даму тарихын талдай келіп, ол Алтынсарин шығармалары «Қазақтың өлең құрастыру өнері мен поэзияның тамаша үлгісі болып табылады деп жазды.
Буржуазияшыл ұлтшылдар орыс мәдениетінен шошынып, орыс тілінің ықпалына жол бермеуге тырысты. Міне осындай кезде А.Құрмабаев «Қазақ тілін қолдау және дамыту, орыстың білімін тарату - қазақ оқығандарының адамгершілік борышы болуға тиіс. Қазақ тілін өңдеу ережесін тәртіпке келтіру жөнінде Алтынсарин бастаған істі ілгері алып баруымыз керек» деді.
Сөйтіп, «Дала уалаяты» газетінің бетінде қазақ ағартушыларының жолын қуушылар еңбекші шаруаларды көшпенділіктен отырықшылыққа ауысуға, ұлы орыс халқының озат мәдениетінің үлгісімен жаңаша өмір салтын құруға шақырды. Н.А.Добролюбов орыстың тұңғыш баспа газеті туралы «Ведомостволардан» орыстар әскери және саяси оқиғалардың жариялануын тұңғыш рет көрді деп жазған болатын 11,б.184.
Ал «Түркістан уалаяты» және «Дала уалаяты» жөнінде де тап солай деп айтуға болады. Қазақ тіліндегі газеттердің шыға бастауы Қазақстанның Россияға қосылуының прогрестік нәтижелерінің бірінен саналады. Қазақтың мерзімді баспасөзінің пайда болуы капитализмнің кең және терең дамуымен және халықтың мәдени қызметінің ұлғаюымен де байланысты еді 14,б.458.
1.3 Қазақстан баспасөзі бірінші орыс революциясы кезеңінде
Партия буржуазиялық-демократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуы жағдайындағы теорияны, басшылыққа ала отырып, Россиядағы 1905-1907 жылдардағы революция жолындағы күреске басшылық етті. Россия пролетариаты мен шаруалар бұқарасының қалың топтары лениншіл партияның басшылығымен қолына қару алып, самодержавиелік әлеуметтік және ұлттық езгіге қарсы шықты. Россиядағы аудандарының соның ішінде Қазақстанның жұмысшылары мен шаруалары да патша өкіметі мен қанаушы таптарға қарсы көтеріледі. Қазақстан большевиктері қазақ және орыс еңбекшілерінің басын қосып, қанаушы таптарға қарсы күрес ұйымдастырды.
Революцияға дейінгі Қазақстандағы коммунистік баспасөз тарихының патша империясындағы артта қалған қазақ елінің әлеуметтік-экономикалық өзгешіліктеріне байланысты бірқатар ерекшеліктері болған-ды. Ол кезде мұнда патриалхалдық-феодалдық құрылыс және рулық салт үстемдік болған-ды. Сондықтан мұнда жергілікті марксистік топтар олардың басылымдары елдің орталық аудандарынан гөрі едәуір кешірек пайда болды 11,б.89.
Қазақстанда кейінірек ұйымдастырылған социал-демократиялық топтар мен ұйымдар өлкедегі революциялық қозғалысқа басшылық етті, сонымен қатар олар жергілікті басылымдарды пайдалана отырып, өздерінің дербес баспасөз органдарын да құрды. Қазақ топырағында марксизм-ленинизм идеялары он тоғызыншы ғасырдың аяқ кезінен тарай бастады. Мұнда марксистік әдебиетті алғаш таратушылар «саяси сенімсіздігі үшін» патша үкіметі жер аударған революционерлер еді. Мысалы; 1879 жылы К.Маркстің жақын досы Герман Лопатиді патша үкіметі Ташкентке жер аударды. Жас дәрігер Ф.В.Поярков 1880 жылы Верный (Алматы) қаласына К.Маркстің Г.Лопатин мен Н.Даннельсон орыс тіліне аударған «Капиталының» бірінші томын алып келген 48,б.38.
Марксистік революциялық идеяларды қазақ жеріне алғаш ағартушылардың қатарында Петербургтағы Благоев тобының көрнекті мүшесі В.Г.Харитонов бар еді. Сондай-ақ Петрбургта В.И.Ленин ұйымдастырған «Жұмысшы табын азат ету жолындағы күрес одағының» Е.А.Шеголева сияқты мүшелері болған. Демек, саяси жер ауып келгендер арқылы ғылыми коммунизмнің негізін қалаушылардың шығармалары, Плехановтың «Еңбекті азат ету» тобының басылымдары еңбекшілердің алдыңғы қатарлы бөлігіне, қазақ даласында ұйымдастырылған марксистік қозғалысқа дейін мәлім бола бастады. Жер ауып келген социал-демократтар революциялық насихат үшін кейбір либералды-буржуазиялық бағыттағы баспасөз органдарын пайдаланды.
Қазақстанның бірсыпыра қалалары мен кәсіпорынында алғашқы марксистік үйірмелер он тоғызыншы ғасырдың аяқ шенінде пайда болды, осыған байланысты демократиялық мазмұндағы әдебиеттерді оқитындардың саны көбейе берді. Қазақ даласындағы үйірмелер және ұйымдармен тығыз байланыс жасап, олардан қажетті әдебиеттерді алып отырды. Марксистік әдебиеттер басқа жолдармен де таралады, саяси жер аударылғандар мен студенттер өздері ала келетін, кітапханалардан кітаптар жаздырып алатын.
Социал-демократиялық үйірмелердің мүшелері К.Маркстің «Капиталын», К.Маркс пен Ф.Энгельстің «Коммунистік партияның манифесі», В.И.Лениннің «Халық достары деген не және олар социал-демократтарға қарсы қалай күреседі?», «Не істеу керек?», «Россияда капитализмнің дамуы» және басқа еңбектерін оқып үйренді.
Лениндік «Искра» Қазақстанда революциялық қозғалыстың туына күшті ықпал жасады. Искрашылардың инициативасы бойынша 1901 жылы майда Оралдың жергілікті баспаханасында стачка өткізілді. Бұл Қазақстандағы бірінші саяси көтеріліс еді. «Искраның» Россияның езілген халықтарын қорғауының ұлттық езгіге және патша отаршылдарының озбырлығына қарсы шығуының үлкен маңызы болды. Оның бетінде ұлт мәселесі жөнінде В.И.Лениннің мақалалары мен басқа да материалдар басылды. Газет патша самодержавиесінің отаршылдық саясатын батыл әшкереледі, еңбекшілерді пролетарлық интернационализм рухында тәрбиеледі 50,б.168.