Мәдени шаруашылық

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2012 в 21:53, курсовая работа

Описание работы

Қазақ жері ғасырлар бойы шектес мемлекеттердің шабуыл нысанасына айналып келгендіктен XVIII ғасырдың алғашқы жартысында қазақтардың бір бөлігі патшалы Ресейдің қол астына кіріп, бағынуға мәжбүр болғандығы тарихтан белгілі.
Осы кезеңнен бастап, Ресейде бол

Работа содержит 1 файл

мәдени өмір.doc

— 337.00 Кб (Скачать)

Газет шығаруда бірегей бай тәжірибе жинақтаған Ахмет қазақ кітабының тұңғыш Мемлекеттік баспасының шаңырағын өз қолымен көтеріп, тағы да бір игі істің бастаушысы болды.

Осы арада ұзақ жылдар бойы жұрт назарынан тасада қалып келген ардақты ақынның кітап баспасы ісінің қайраткері ретіндегі ерлік, көрегендік еңбегі айрықша зор екені туралы шындықтың шет - жағасын болса да сөз етудің артығы болмайды. Қазақ Автономиялы Республикасы оқу-ағарту халық комиссары, бұдан соң осы комиссариаттың жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы, әрі қазақ өлкесі Төңкеріс комитетінің мүшесі, Бүкіл Ресейлік Орталық Атқару комитетінің мүшесі ретінде Ахмет Байтұрсынұлы қазақ мемлекеттік кітап баспасының алтын діңгегін көтерумен тікелей өзі айналасқан. Архив деректері бұлтарыссыз растап отырған бұл тақырыптың әр қырын таратыңқырай айта түсейік 31,б.77.

 

Ұлттар ісі жөніндегі халық комиссариаты Қазақ бөлімінің Бөкей бөлімшесі 1919 жылдың жазында баспаханасымен Ордадан Қазақ Автономиялы Республикасының болашақ астанасы Орынборға көшірілді. Сөйтіп, күн тәртібінде Орынборда кітап баспасын ашу мәселесі тұрды. Алғашқы қадам ретінде өлкенің мәдени қызметкерлерінің біріккен мәжілісі шақырылып та үлгерді. Бұл мәжіліске Төңкеріс комитетінің мүшелері-Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов сынды белгілі қазақ қайраткерлері қатысты. Мәжіліс Ахмет Байтұрсынұлының төрағалығымен өтті. Онда Төңкеріс комитетінің үнін және кітап шығару ісі жөнінде мәселе қаралды. Талқыланған мәселе бойынша қаулы қабылданды. Архивте сақталып қалған бұл құжаттың түпнұсқасы орыс тілінде жазылған. Онда газет шығару жөніндегі шешім былай деп тұжырымдалған:

«Постановили: По обмене мнениями единогласно постановлено: немедленно выпустить официальный орган Киргизского Рев. Комитета и местного комитета секции киргиз Оренбурского губкома Р. К.П. под названием «Ушкун», т.е. «Искры». При чем для управления газетным делом избирается Ред. Коллегия из следующих 5 лиц: Халила Исенбаева, Ишмухамеда Бегалиева, Таминдара Сафиева, Амиргалия Менешева, Бернияза Кулиева» 31,б.82.

.Тұңғыш ресми «Ұшқын» газеті бір жылдай шығып тұрған соң, оның аты «Еңбек туы», «Еңбекші қазақ», «Социалистік Қазақстан» болып өзгеріп, қазіргі «Егемен Қазақстанға» дейін ұласқаны оқырмандар қауымына жақсы мәлім.

Төңкеріс комитетінің қаулысын толық көлемінде қалтқысыз жүзеге асыру ниетімен Орынборда газетпен қоса, қазақ тілінде кітаптар басып шығару ісін қызу қолға алған А.Байтұрсынұлына жұмыс барысында түйіні қиын көп мәселелерді тікелей өзінің шешуіне тура келді. Басқасын айтпағанда, Орынбор басханаларындағы бір кезде өзі тірнектеп жинаған мәліметтер зым - зия жоғалып кеткені қатты қинады. Қысқасы, жаңа баспаның полиграфиялық базасын қалаудың, тақырыптық жоспар жасаудың, барлық істің түйінін түпкілікті шешудің бүкіл ауыртпалығы Ахметтің мойынына түсті. Әрқашанда бастаған ісін аяғына жеткізіп дағдылаған ол бұл жолы да тыңғылықтылық, білгірлік танытты. Ұзамай бір кезде өзі алты жыл бойы шығарған «Қазақ» газеті басылып келген баспахананың құрал - жабдықтарын 1-армияның штабы иемденіп кеткенін білді. А.Байтұрсынұлының табандылық көрсетіп, талап етуімен бұл құрал-жабдықтар Төңкеріс комитетінің қарауына қайтарылып берілді. Сондай-ақ оңтүстік әскерлер тобының штабындағы бұрынғы «Янги - Вак» баспаханасының құрал-жабдықтары да қайтарылды. Ақтөбе, Қазан қалаларындағы баспаханалардан, жеке меншік баспаханалардан да қағаз, қарыптер, бояу жеткізілп тұрды. Мұны да растайтын құжаттар қазір баршылық. Мысалы, жиырмасыншы жылдары Төңкеріс комитетінің полиграфия бөлімінің меңгерушісі болып істеген С.Пестковскийдің атына 1919 жылғы 17 қарашада жолдаған хаты архивте сақталған.

Онда былай деп көрсетілген: «Полиграфия бөлімі баспаханалардың жұмыстарын анықтау, оларда қанша қағаз барын білу үшін Ақбұлақ поселкесіне және Ақтөбе қаласына техник - машинист П.В.Шпагин жолдасты, сондай-ақ Байтұрсынов жолдас тапсырыс берген мұсылман қарып терушісі Усман Хұсайынұлы Дашкин жолдасты іс-сапарға жіберуге сіздің жарлық беруіңізді сұрайды» 4,б.139.

1920 жылы тамыз айында Қазақ Автономиялы Республикасы құрылуына байланысты мемлекеттік баспаны ашу ісі жеделдетіле түсті. Бүкілресейлік мемлекетік баспа Мәскеуден Орынборға баспа ұйымдастыруға көмектесу үшін Валид-хан Таначев деген өкіл келді. Тұңғыш баспаны баспаханамен және қарып құю машиналарымен, қағазбен, т.б. қамтамасыз етуге бағытталған қосымша шаралар толассыз жүзеге асырылумен болды, әрі осының бәрі Ахмет Байтұрсыновтың қолма - қол іскерлік басшылығымен жүргізілді. Ал 1920 жылғы қарашада Қазақ Орталық Атқару Комитеттінің Төралқасы (Сейітқали Мендешов) Қазақ Автономиялы Республикасының мемлекеттік баспасы туралы Ережені де бекітті. Ережеде баспаның құқықтары мен міндеттері айқындалды. Қазақ Автономиялы Республикасының Орынбордағы тұңғыш мемлкеттік баспасы, қазіргі Қазақстан баспасы дүниеге осылай келген еді. Жаңа баспаның қаз тұрып, тез қалыптасып кетуі де Ахмет Байтұрсыновның есімімен нық байланысты. Баспа қызметін тез арада жолға қою міндетін, соның ішінде бірінші кезекте мектептердің қазақ тіліндегі оқулықтармен қамтамасыз ету жөніндегі міндетті Қазақ Республикасының үкіметі баспа жанындағы редакциялық алқаға жүктеді. 1920 жылғы желтоқсаннан бастап оның құрамына А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейханов, С.Садуақасов, Х.Болғанбаев, Ж.Аймауытұлы кірді. Редакция алқасы Абай Құнанбаевтың өлеңдері мен Ахмет Байтұрсынұлының мысалдар жинақтарын жедел түрде бастырып шығаруды ұсынды, бұл жинақтарын он бес мың дана тиражбен Қазанда теру үшін тапсырыс та берілді.

«Белгілі әзірлік жұмысынан кейін редакция алқасы қазақ мектептері үшін кітап тапшылығын жою мақсатымен жұмыс жоспарын белгілеу үшін, - деп жазады зерттеуші В.С.Познанский, - Осы уақытқа дейін мұқият жабық болып келген құжаттармен танысу кейін оңалмас буржуазияшыл ұлтшылдар дан жарияланған адамдар…дұшпандық идеологияны тықпалап, зиянкестік жасамағанын қайта пайдалы іспен - туысқан халқын оқыту - ағарту ісімен шұғылданғанын мейлінше айқын көрсетті» 26,б.265.

Архивте Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінде оқулықтар жазу және аудару мәселесі жөнінде 1921 жылғы 31 қаңтарда өткізген Біріккен кеңестің мәжілісі №2 хаттамасының көшірмесі сақталған.

Орынбордың өзінде тақырыбы мен жанры жағынан бай қазақ кітаптарын, соның ішінде оқу құралдарын бастырып шығару ауқымы келе - келе ұлғайтылуымен қатар, Мәскеуде де ондай кітаптар шығарылып тұрды. Бұл арада да Ахмет Байтұрсынұлының қазақтың «23 жоқтау» жинағын құрастырып, «Ер сайын» жырын бір ізге салып Мәскеуде шығарғанын айта кету жөн.

Міне, қазақ топырағында алғаш шаңырақ көтерген мемлекеттік баспаның іргесін қалап, оның қанат қағып дамуын өз қолымен атқарған Ахмет Байтұрсынов-қазақтың ұлттық журналистикасының пір тұтқан пайғамбары ғана емес, сонымен бірге ұлтымыздың көш бастаған тұңғыш Бас баспагері !

Қазақстанда мемлекеттік негіздегі жаңа баспа ісінің бастауында тұрып, оның әрі қарай дамып, орнығуына өлшеусіз зор еңбек сіңірген арысымыз бұл -Міржақып Дулатұлы. Ол әсіресе Қызылорда қаласында Мемлекеттік баспаның жұмысын ширатып, жандандыра түсіге белсене атсалысты, сонымен бірге көркем шығармалардың, жаңа оқулықтардың авторы ғана болып жұмыс істеді. Міржақып дулатұлы - тұңғыш қазақ кеңес билиографы. Баспадан шыққан қазақ кітаптарының көрсеткіші (1917-1927) деп аталатын еңбекті құрастырып, алғы сөзін жазған да осы кісі.

М.Дулатұлының қарымды қаламынан туған, уақыт озған сайын, ең алдымен, қазақ баспагерлерінің ұрпақтарына өте-мөте бағалы мұра бола беретін «Қазақ тілінде басылған кітаптардың көрсеткіші» деп аталатын бірегей туындыға сәл де болса ден қояйық. Бұл туындының жарық көру тарихының өзі бір қызықты құбылыс. Әмендә халқының қамын ойлап, еліне қалтқысыз еңбек етуді мақсат-мұрат тұтқан, елім деп еңіреп өткен М.Дулатұлы адамзат ақыл-ойының керемет бір көрінісі-кітапты насихаттаудың жолдарын дәйектілікпен шешу ісін де өз қолына алады. Ұзамай бұл мақсатына да жеткен. 1926 жылы көрсеткіштің бірінші бөлімі, ал 1927 жылы оның екінші бөлімі «Жаңа мектеп» журналына қосымша ретінде Қызылордада Қазақстан мемлекеттік баспасынан араб қарпімен жарық көрді 46,б.284.

Авторды толғандырған алуан - алуан мәселелердің жүйе-жүйесімен, кітапты насихаттауды жолға қоюды көздеген әртарапты ізденістермен, көрсеткішті құрастыруда ұстанған бағыт-бағдарларымен танысу үшін оның өзі жазған алғы сөзді оқиық. Оқырмандарға арналған бұл сөз басында М.Дулатұлы өз ойларын былай кестелеген: «Қазақ даласының ұшы - қиыры жоқ кеңдігі, қатынас жолдарының нашарлығы, қалалы жерлерде қазақтың аздығы, бәрінде бірдей кітап дүкендерінің бола бермеуі бұл күнге шейін қазақша кітаптардың ел арасына дұрыс тарауына үлкен кедергі болып келді. Оның үстіне елде қандай кітаптар басылып жатқанын, олардың мазмұнын, бағасын, қайдан аларын, қалай алдырарын білмей келді. Осы жағынан жөн сілтеп, жеңілдік келтіру ниетімен біз осы «көрсеткішті» шығарып отырмыз.

Төңкерістен бұрын қазақша шыққан кітаптар аз еді. Енді төңкеріс дәуірінде, жұрттың бәрі жапа-тармағай жаңа тұрмысқа аяқ басып, тілегі де, керегі де күннен-күнге өсіп келе жатқан заманда әдебиет майданы да ұлғайып, халықтың шаруашылық, саясат, мәдениет жүзіндегі қажеттері де көбейген соң, бұларды өтеу үшін күн сайын әр алуан кітап, журнал газеттер топ - тобымен шыға бастады. Бұлардың бәрімен танысып, бәрін оқып білімін арттырып, жөн-жосық көріп отыру-ақ үстінен қара таныған азаматтың бәріне де міндет болды. Сондықтан біз осы көрсеткіште төңкерістен бастап бұл күнге шейін басылып шыққан қазақ кітаптарын тізіп отырмыз. Кітаптың қайда, қашан басылғаны, кім шығарғаны, көлемі бағасы көрсетілді. Баспасөз жүзінде сыналғандары болса, сол сындардың қысқаша қорытындылары да жазылды. Кей кітаптардың қысқаша мазмұны көрсетілді. Бәрінің бірдей мазмұнын баяндауға «Көрсеткіш» аса үлкейіп кететін болды. Содан тартындық. Төңкерістен бұрынғы басылған кітаптарды әдейі көрсеткеміз жоқ. Өйткені олар, бәрі дерлік бұрын тарап біткен. Қалғандары болса, бұл кездегі кітап дүкендерінен табылмас деп ойладық. Төңкерістен бері басылған кітаптардың сатылып біткендерін де бұл көрсеткішке кіргіздік. Бұлай етіуміздің мәнісі - ондай кітаптардың әлі де оқушыға керегі болса, қайта басылуына тілек білдірер, соған қарай қайтадан басылатын болар дедік. Газет, журналдардан осы кезде шығып тұрғандарын кіргіздік. Бәрінің де мерзімі, жазылу бағасы, адрестері көрсетілді.

Бұл көрсеткішке Қазақстан мемлекеттік баспасы (Орынбор, Қызылорда) мұның Күншығыс бөлімі (Ташкентте және Мәскеудегі орталық баспа) шығарған кітаптардың бәрі де кірді. Көзге көрінбей, қолға түспей қалған бірлі - жарым кітап болуы мүмкін. Бірақ ондайлар көп бола қоймас керек.

Қазақстан мемлекет баспасында болсын, Мәскеудегі орталық баспада болсын, осы күні басылуға даярланған жазба кітаптар аз емес, бұларды бұл көрсеткішке кіргізгеміз жоқ, басылып шыққаннан кейін кезінде жариялап тұруды, молайыңқыраған кезде тағы да осындай көрсеткіш шығаруды мақұл көрдік.Мектептер, кітапханалар, мекемелер, ұйымдар, қызметкерлер, оқушы, жастар, жай адамдар бұл көрсеткіштен қандай кітаптар басылып шыққанын көрген соң жер-жердегі «Білім» дүкендерінен керегін алдырып отырар деп сенеміз. Мемлекет баспасының қазақ бөлімін басқарушы:

Дулатұлы Міржақып.

Қызылорда 31/12/1925 ж. 28,б.186.

Байқап отырғанымыдай, көрсеткіштің бұл бөліміне Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңде шыққан кітаптардың 1926 жылдың қаңтарының біріне шейін жарық көргендері енгізілген. Көрсеткішке 1917, 1918, 1919 жылдары шыққан кітаптар кіргізілмепті. Соған қарамастан көрсеткішке ұзын саны 273 кітап пен 12 мерзімдік баспасөз қамтылған. Бұл басылымдар мынадай тарауларда көрсетілген: «Оқу кітаптары, құралдары», «Тәрбие - оқыту әдістері», «Саяси - ағарту әдебиеті», «Программа (бағдарлама) - ереже, қаулы, қарарлар», «Қосымша кітаптар», «Жастар, әйелдер қозғалысы», «Қара шаруа әдебиеті», «Білім әдебиеті», «Ленин кітапханасы», «Мерзімді әдебиет»

Алғашқы тарауда 31 оқулық пен оқу құралдары туралы мәліметтер жан-жақтылығымен қызықтырады. Әсіресе оның ішінде Ахмет Байтұрсынұлының оқулықтарына көрнекті орын берілген. Бұл жолы Ахмет Байтұрсынұлының бес оқулығы туралы сөз болады. Олардың әрқасысының ерекше құндылығына көңіл бөлінген. Мысалы, Қызылордада 1926 жылы жарық көрген «Әліпби» - жаңа құрал екені, бұған дейін оның жеті рет басылғаны жайында оқырмандарды хабардар ете келіп, Қазақстан мемлекеттік білім кеңесі атынан оқулыққа былай деп жоғары баға берілген: «Бұрынғы Әліпби қазақ мұғалімдерін ең алғаш Еуропа оқу әдістерімен таныстырудың үстіне, кезінде әрі жаңа әрі төте жол салып, қазақ арасында оқу жөніндегі ескілікті жойған еді. Бірақ соңғы кездерде жаңа тәртіптер шыға бастағаннан кейін Әліпби әдіс жөнінен де, мазмұн жағынан да ескірген. Мынау жаңа Әліпби бұрынғылардан қай ретте болса да аса артық. Бұл Әліпбидің мазмұны, қазақ жағдайына қарай мемлекеттік білім кеңесінің жаңа бағдарламасына үйлесімді болып шыққан. Сөздерді баланың ұғымына қарай қолайлы тәртіппен құралған. Бұл әліпби оқуға қолайлы. мемлекеттік білім кеңесі атынан оқулыққа былай деп жоғары баға берілген: «Бұрынғы Әліпби қазақ мұғалімдерін ең алғаш Еуропа оқу әдістерімен таныстырудың үстіне, кезіде әрі жаңа әрі төте жол салып, қазақ арасында оқу жөніндегі ескілікті жойған еді. Бірақ соңғы кездерде жаңа тәртіптер шыға бастағаннан кейін ол Әліпби әдіс жөнінен де, мазмұн жағынан да ескірген. Мынау жаңа Әліпби бұрынғылардан қай ретте болса да аса артық. Бұл Әліпбидің мазмұны, қазақ жағдайына қарай мемлекеттік білім кеңесінің жаңа бағдарламасына үйлесімді болып шыққан. Сөздері баланың ұғымына қолайлы тәртіппен құралған. Бұл Әліпби оқуға қолайлы. Шығарушының үлкен шеберлігі көрініп тұр. Оқушыға бұл Әліпби аса қызықты, баланы өздігінен білуге, өздігінен үйренуге ұмтылдыратын түрде жазылған. Сыртқы көрінісіне қарағанда тұтас сөздер әдісімен жазылған сықылды. Бірақ тәжірбиесі аз мұғалімдер мұнымен дыбыс әдісі бойынша да оқыта алады. Әңгімелер балалар үшін қызық, жеңіл, заманға лайық. Мазмұн жағынан, әдіс жағанан да артық кемшілік таба алмадық. Бұл Әліпби бұрынғысына жүдә ұқсамайды. Көңілдегідей болып шықан» 28,б.192].

Осы тараудан А. Байтұрсынұлының бұдан басқа тағы да төрт оқулығы туралы да оқып білеміз. Оның үшеуі Қызылордадан 1925 жылы шыққан. Бұлар да қысқаша сипатталады.

Тіл құрал. Бірінші. Дыбыс жүйесі мен түрлері. Түзеліп, толықтырылып, жаңа емлемен бесінші басылуы.

Тіл құрал. Екінші. Сөздің жүйесі мен түрлері. Түзеліп, толықтырылып, жаңа емлемен бесінші басылыуы.

Тіл құрал. Үшінші. Сөйлем жүйесі мен түрлері. Түзеліп, толықтырылып, жаңа емлемен үшінші басылуы.

А.Байтұрсынұлының Орынборда 1924 жылы жарық көрген келесі оқулығы «Сауат ашқыш» деп аталады. Бұл дыбыс әдісі жолымен тәртіптелген қазақша Әліпби. Сауатсыз үлкендер үшін бірінші кітап. Емлесі жаңа. Бірінші басылуы. Бұларға жалғас Ахмет Байтұрсынұлы мен Телжан Шонаұлы екеуі бірлесіп жазған, Қызылордада 1926 жылы шыққан кітап ерекше аталған. Бұл - оқу құралы. 3-4 жылдарда оқылатын кітап. Хрестоматия.

Көрсеткіштен Міржақып Дулатұлының өзі жазған үш оқулығы да орын тапқанын сүйсіне айтамыз. Бұл оқулықтар былай деп аталады: Оқу құралы. Бастауыш мектепте екінші жыл оқылатын қирағат кітабы. Орынбор, 1924. Бесінші басылуы.

Есеп құралы. Бастауыш мектепте бірінші жыл оқылатын кітап. Түзетіліп, толықтырылып, сурет салынып, жаңа емлемен төртінші басылуы. Орынбор, 1925.

Бір ғанибеті, осы басылым туралы кезінде газет бетінде жылы лебіз білдіріпті. Онда былай делінген: «Біздің қырдағы оқытушыларымыз жаңа иісті құралға өте шөлдеулі. Сондықтан бұл құрал оқытушыларға жаңа иісті жалғыз құрал. Алдымыздағы оқу жылына қарсы бастауыш мектептерде комплекс жүйесі кіргізілсін деп отырғанда оқытушылардың тілегіне бұл құрал дәл шығып отыр…» («Еңбекші қазақ» газеті, 1925, №304).

Бұл тараудағы кітаптардың ішінде Мағжан Жұмабайұлының «Тарту» атты оқу кітабы да көзге оттай ыстық көрінеді. Бұл оқулық Ташкентте 1924 жылы басылып шыққан, көлемі 215-бет.

Тағы да бір шын мәнінде сүйенерлік құбылыс - көрсеткіш қазақ зиялылары жазған басқа да оқулықтар туралы деректерге бай. Айталық, Иса Тоқтыбайұлының «Жағырафия», «Жұмағали Тілеуұлының «Гигиена», Елдос Омарұлының «Физика», атты кітаптары көрсеткіштен орын алған. Сондай-ақ Халел Досмұхамбетұлының үш оқу құралы да сөз болады. Олар: Табиғаттану. Бірінші бөлім (Бұйым, ауа, су, кен, жер жүзінің өзгерілуі) Ташкент,1922. Жануарлар. Екінші бөлім (Бір қуыстылар, тікендер, құрттар, былқылдақ тәнділер турасында) Ташкент, 1922.

Бұл тарау туралы әңгімемізді Телжан Шонаұлының «Орысқа қазақ тілін үйреткіші» деген төл туындысымен аяқтауды мақұл санадық. Бұл оқулық Орынборда 1925 жылы жарық көрген. Оның айырықша құндылығы жөнінде көрсеткіште былай деген жолдар бар: «Бұл кітапты оқыған 900-дей қазақ сөзін үйренеді. Кітап орыс тілін, орыс тіл жүйесі мен сөйлем жүйесін білетіндерге арналып жазылған. Мұндай білімі жоқ адамға тек дара сөздің мәнісін ғана білуге болады. Бұл кітаптан қазақ тілін орыстар мұғалімсіз оқып та үйрене алады» 36,б.280.

Информация о работе Мәдени шаруашылық