Мәдени шаруашылық

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2012 в 21:53, курсовая работа

Описание работы

Қазақ жері ғасырлар бойы шектес мемлекеттердің шабуыл нысанасына айналып келгендіктен XVIII ғасырдың алғашқы жартысында қазақтардың бір бөлігі патшалы Ресейдің қол астына кіріп, бағынуға мәжбүр болғандығы тарихтан белгілі.
Осы кезеңнен бастап, Ресейде бол

Работа содержит 1 файл

мәдени өмір.doc

— 337.00 Кб (Скачать)


1 XIX ҒАСЫРДЫҢ II ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН БАСПАСӨЗІНІҢ ДАМУЫ

1.1 XIX ғасырдың II жартысындағы Қазақстандағы орын алған саяси жағдайлар

Қазақ жері ғасырлар бойы шектес мемлекеттердің шабуыл нысанасына айналып келгендіктен XVIII ғасырдың алғашқы жартысында қазақтардың бір бөлігі патшалы Ресейдің қол астына кіріп, бағынуға мәжбүр болғандығы тарихтан белгілі.

Осы кезеңнен бастап, Ресейде болған әлеуметтік өзгерістердің қазақтар тарапынан қабыл алынып, өздерінен күшті солтүстік көршілеріне деген бағыныштылығының арта түскендігі байқалады. Ресейдегі бұл әлеуметтік өзгерістің жемісті болғандығы сондай, олар енді қазақтардың тұрмысы мен салт-саналары туралы, оларды зерттеп білу қажеттілігі жайлы жиі айта бастады. Мұның негізінде әкелік «қамқорлық» (бірінші жағынан) және «ризашылық» (екінші жағынан) қатынастары жатқан болатын. Мәселен, Спиранскийдің 1822 «Сібір қазақтары» туралы жарғысындағы қоғам өміріндегі өзгерістерге көп жол беріледі. Жарғы қазақтарға тән ғасырлар бойы қалыптасқан басқару жүйесін жоққа шығарып, оның орнына әлеуметтік бөлудің «Еуропалық тәсілдерін» танытты. Осының нәтижесінде патша әкімшілгі орта жүздегі хандық билікті жойып, оның орнына округтер мен приказдар құрды. Осы жарғыны негізінде кіші жүз Орынбор шекаралық комиссиясына бағынатын болды. Мұның барлығы ақыр аяғында қазақтардың оған қарсылық көрсетіп, көтеріліске шығуына жол ашты 50,б.198.

Халық көтерілістері, қазақтардың өздерін сыртқы жаулардан қорғау әрекеті (әсіресе, Хиуа, Бұқара, Қоқан, Қытай елдерінің оның ішінде Ресейге де қарсылық көрсетулері) отарлық басқару тұсында ерекше орын алды. Ал, орыстар қазақтарды өз діндеріне бағындыру мақсатында басқарудың еуропалық үлгісін оларға күштеп таңды. Осының барлығы ұлттық сананың дамуына ұзақ жылдар бойы қасақана құрылған тор болып келді. Ал, жергілікті байлардың қанау тәсілдерімен патша әкімшілігінің ауыр алым-салықтары, қазақтардың күш көрсетуі-қазақ халқын қайыршылыққа әкеп тіреді. Мәселен, ХІХ ғасырдың жетпісінші жылдарында Ұя, Орал, Ешім, Ор және Қаратал, Лепсі, Ақсу, Іле тағы басқа өзендерді бойлай орналасқан ұшан теңіз алқапты қазақтар иемденді. ІХ ғасырдың соңында олардың саны жүз мың адамнан асып кетті. Патша үкіметі оларға қазақтардың кесерлерінен жер беріп, көптеген жеңілдіктер жасап, ал қазақтарды Сахарада пайдаланатын ұрда қолшоқпарына айналдырды.

Қазақ жерін отарға айналдыру саясатының тиімді түрі миграция тәсілі болды. Егер Қазақстанға Ресейдің орталығы мен оңтүстігінен 1986 жылға дейін 294 мыңнан астам адам көшіріліп әкелінсе, 1906-1910 жылдары олардың саны 770 мыңға артты.

Ел билеуші жергілікті бай - манаптардың халық санасына үнемі «Ресей мемлекеті бізге бар жақсылық жасауда» деген, қоғамдық пікір тудыруға тырысып баққаны байқалады. Олар басқаларға қазақ халқы орыстарға бағынғанға дейін негізінен көшпенді өмір сүрді. Сөйтіп Еуропалық елдерден «артта қалған» жартылай жабайы халық болды деген жел сөз таратып, қазақтарды отырықшылыққа үйретудің қажеттігі туралы екі ұшты жоспарлар құра бастады 1,б.3.

Өткен ғасырдағы патшалы Ресейдің осындай саясаты кешегі кеңес үкіметіне де мұра болып қалғандай. Себебі, соңғы кезеңге дейінгі қазақтар туралы сөз қозғалса, «Олар тек дала көшпенділері болған, оларда шаруашылықтың егіншілік түрі мүлдем болмаған еді» деп еске алып келді.

  Алайда, қазіргі қолда бар көптеген архив және сол кезеңде шығып тұрған демократиялық бағыттағы басылымдардың материалдарына сүйене отырып, біздер қазақ жерінде Ресей Қазақстанды жаулап алған кезеңге дейін де мақта, астық шаруашылығы, көкеніс, бау-бақша, жеміс-жидек, алма бақтары болғандығын, сол тарихи кезеңде Қазақстанда суландыру құрылыстарының кең жүйесі жасалғандығын, қазақтардың ерте заманда да суландырылған алқаптарда жұмыс істегендігін, оларға малға жем, шөп дайындау ісінің де ертеден таныс болғандығын, қазақтардың ХІХ ғасырдың басынан-ақ отырықшы және көшпелі өмір сүріп, ол кезде де қазіргі малшылардың

да өміріне ұқсас шаруашылық түрлерінің болғандығын мақтанышпен айта аламыз.

«XIX ғасырда Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын (әсіресе ет, май) ірі отар елге айналды. Қазақтардың өміріне бойлап енген сауда, тауар айырбасы және жәрмеңке оларды Еуропа мәдениетіне жақындастырып, ерекше роль атқарды». Алайда, сауданың келуіне байланысты қазақ даласында жергілікті халықтың орыс заңдары мен нарықтық құнын жете білмегендіктерінен алдау, тонау, күш көрсету дегендер көбейіп кетті. Сол кезеңдегі «Отечественные записки» сияқты кейбір жанашыр басылым қағаздардың жер бетінен толық жойылып кету қауіпі төнді, -деп дабыл қағуы да тегін емес. Екіншіден, мұның барлығының себебі өзінің шет аймақтарында; әсіресе, аз ұлттардың арасында патшалық Ресейдің саясатына байланысты еді. Өйткені, Ресей Қазақстанды жаулап алғаннан соң, оның жерін шикізат қоймасы мен арзан жұмыс күшіне айналдыруды көздеді. Өлкенің өнеркәсібін игеру көп экономикалық шығынды қажет етті. Сондықтан, Ресей пайдалы қазбалары мен мал шаруашылығының өнімдерін қанағат тұтты. Ресейге Қазақстанда астық шаруашылығын дамыту ол кезде пайдасыз болды. Оған көп шығын жұмсау керек еді. Сөйтіп, қазақ даласында ауыл шаруашылығы нашар дамыды. Тіпті ұсақ тауар өндірісі саласында да Қазақстан өз саудасын Ресей мен байланыстырғандықтан Шығыстың бай саудасынан айырылып, күнделікті өмірге қажетті заттарды шығаруға да мүмкіндігі болмай қалды. Осының нәтижесінде Қазақстанда XIX ғасырдың соңында да мал шаруашылығы «мамандандырылған» шаруашылықтың басты түрі ретінде қала берді 9,б.172.

Белгілі Еуропалық түсінік бойынша, XIX ғасырда қазақтардың мәдениет дәрежесі орыстармен салыстырғанда әлдеқайда төмен болған. Алайда, мұндай теңестіру қазақтардың мәдениетіне орыс мәдениетінің тұрмысынан қараудың негізінде пайда болғаны шындық. Бірақ әділін айту керек, кезінде демократтарды былай қойғанда, кейбір миссионерлердің өздері де қазақ халқының ұлттық өзіндік мәдениетін жоғары бағалап, қазақтар бейбіт, бауырмал, адамдар ретінде сипатталған. Әйтседе, өкінішке орай, қазақ елін басқару (патшалы Ресейдің тарапынан) өте шиеленіскен, қиын жағдайда жүргізілді. Мәселен, 1868 жылы далалық облыстарды басқару жағдайының жобасын талқылаған Министрлер кабинеті қазақтарға қатысты, барлық заңдардың бұрмаланып отырғанын атап көрсеткен. Ал, осы кезде қазақ жеріне Ресейден орыстардың шектен тыс қоныс аударуы демократиялық бағыттағы зиялыларды қатты ойлантқан. Бұл орайда А.Ядренцевтің «Сібір бұратаналары және олардың құрып бітуі» деген мақаласындағы жер мәселесі барлық жүгенсіздіктер мен кедейшіліктің басталуы болды деген жолдар патшаның оспадар саясатының нәтижесінде бір ұлттың құрып кету қауіпінің тұрғанын меңзеді. Өзінің әріптесінің бұл ойын қостай отырып, Л.К.Чермак «Қырғыздар қырылып бара ма!» деген мақала жазды. Сөйтіп, патша отарлау саясатын өрістетіп, бар шұрайлы жерлерді орыс қоныс аударушыларына беру арқылы өзі шығарған заңды өзі бұрмалап, қазақтардың жерін орыстардың меншігіне айналдырған. Бұл жөнінде қазақ даласын басқару туралы заң жобасына пікір ұсынған комиссия былай деген: «Қырғыз даласына, шекаралардан қазақтарды сондай-ақ ішкі және Сібір губернияларынан орыс шаруаларын кіргізу оларды қазақтар тегіне алу, орыстардың көп мөлшерде қазақ даласына тереңдей енуіне мүмкіндік берді. Приказдардың тұрақты орналасқан жері қоныс аударушы орыстардың тегін көбейте түсті. Орыс қоныс аударушылары Жайық пен Ертіс өзендерінен есептегенде 1000 шақырымға жуық оңтүстік аймақты басып алып, бұрындары Ресейдің шекаралық аудандары болып келген қазақ даласы патшалықтың ішкі бөлігіне айналып шыға келді. Бұл хабарды кезінде деректі құжаттар негізінде патша генралдары Ф.Бис пен Л.Валюзик жазған. Сол кезде «Современник», сатиралық «Искра», «Военный собранник» тағы басқа көптеген газет-журналдар мен альманахтардың беттерінде қазақтарға хат танытудың қажеттілігі, қазақ жұмысшыларының тұз өндіру орындарындағы қиын жағдайлары, көшпелі ауылдардағы тап қайшылықтары қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетін кенжелеп қалу қауіпі турасында және қазақ даласындағы отарлау саясатын жүргізіп отырған патша үкіметінің топас іс жүргізушілері хақында еңбектер жазған Е. Карповик, А.Еврейна, К.Губарев, А.А.Курочкин, А.Гейнстер есімдерін ерекше атауға болады. Отарлау саясатының жүгенсіздігі үкіметтің барлық шет аймақтары сияқты Қазақстанда да тек өз жеке бастарының қамы үшін, қажеттілікті халықтың хал жағдайымен есептескендігінен-ақ көріп отырды. Олар өз мақсаттарына жету үшін «Мамандарылған» шаруашылық саясатында жүргізді. Мұның өзі Қазақстандағы индустрияландырудың өнеркәсіпті дамытудың, ауыл шаруашылығы жүйесінің қолданбалы түрлерін дамытудың орнына, өлкені пайдалы қазбалар мен мал шаруашылығы өнімінің қоймаларына айналдыруға әкеп соқтырды. Осының барлығы жергілікті халықтың өміріне, әдеп-ғұрпына үлкен әсер етті. Оларға күштеу арқылы Еуропалық дүниетанымның белгілерін енгізе бастады. Отаршылдар қазақ мәдениеті Еуропалықтар мен орыстардың мәдениетімен салыстырғанда «Екінші сортта» деп келісті 22,б.184.

Міне, осындай себептермен қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан тарихы жоққа шығарылды. Халық көшпелі рулар мен тайпалардың жиынтығы болғандықтан олардың мәдениеті мен әдебиеті ауызға алғысыз», -деп көрсетілді. Осыдан барып, орыстар өздерін басқаларға «Аға халықпыз» деп мойындатуға тырысты. Қазақ халқының осылайша бұрмаланып келген ғасырлар бойғы тарихының сыр - сипатын тек бүгінгі дербес ел болған таңда ғана ашық айтуға мүмкіндік туды.

XX ғасырдың басы - қазақ халқының тарихында бүкіл қоғамдық ой - пікірдің өрлеуіне мүмкіндік туып, Ресей патшалығы әдейі тұмшалаған ұлттық сананың ояну дәуіріне жол ашқан кезең. Ендеше, осы тұста ұлттық сананың ең өнімді саласы - әдебиеттің қоғамдық сананың көрсеткіші - баспасөздің күрт алға басуы заңды нәрсе. Бұл кезеңде Абайдың жалғасы Шәкәрім шығармашылығы өзінің шырқау биігіне көтерілсе, Міржақып, Ғушар, Сұлтанмахмұт, Мағжан тәрізді алыптар әдебиет айдынына шығып, көркемдік сипатты соны дүниелері арқылы әдебиетіміздің жазба түрін жаңа белестерге көтерді. Сонымен қатар XX ғасырдың бас кезі қазақ өміріндегі азаттық жолындағы күрестің, яғни, саяси әлеуметтік қозғалыстың дамып, құлаш жая бастаған тұсы болып табылады. Мұның себебі, Ресей самодержавиесындағы жалпы қоғамдық ой - сананың дамуында бостандық идеясы билеп алған 1905 жылғы революцияның түпкір-түпкірге жеткен сарынынан еді.

 

1.2 Қазақ баспасөзін дамытудағы Ресей баспасөзінің әсері.

 

Қазақстанның Россияға қосылу нәтижесінде орыс пен қазақ халықтарының алдыңғы қатарлы өкілдері арасында рухани жағынан да достық қарым - қатынастар орнады. Революциядан бұрынғы кездің өзінде демократияшыл орыс интеллегенциясының аса көрнекті қайраткерлерінің Россияның барлық халықтарының алдыңғы қатарлы өкілдерімен тығыз байланысты болғаны, ұлттық езгіге қарсы белсенді күрес жүргізгені, әр түрлі ұлттар мен халықтардың мәдениетін дамытуға игі әсер еткені мәлім.

Қазақстанға Орталық Россиядан орыс шаруаларының көшіп келіп орналасуының зор маңызы болды. Олар қазақтардың отырықшылыққа, егіншілікке көшуіне әсер етті, орыстар мен қазақтар арасында достық қатынастар күн санап нығая берді 37,б.245.

Патшалық Россия халықтардың түрмесі болғаны мәлім. Ол шет аймақтардағы халықтарды аяусыз езіп, азапқа салды, оларды надандық пен қараңғылықта ұстауға тырысты, ұлт араздығын қоздырып отырды. Россияның басқа халықтары сияқты, қазақ халқы да саяси жағынан еріксіз болды, ұлт мәдениеті, әсіресе, тілі қорланды. Бірақ патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарамастан, Қазақстанның Россияға қосылуының терең прогрестік маңызы болды. Бұл қосылудың нәтижесінде Қазақстанда экономика мен мәдениеттің дамуына жағдай жасалды.

«Капитализмнің ескі шаруашылық құрылысқа қатысты аталған барлық өзгертулері,- деп көрсетті. В.И.Ленин,- сондай-ақ халықтың рухани бейнесін өзгертуге де сөзсіз әкеліп соғады». Қазақстанға капиталистік қатынастардың терең бойлай таралуы мұндағы ескі шаруашылық құрылысты өзгертті, ал мұның өзі қазақ халқының санасына да елеулі өзгеріс енуіне әсер етті 8,б.110.

Орыс халқының озат мәдениеті қазақ мәдениетінің өркендеуіне игі әсерін тигізді, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин және Абай Құнанбаев сияқты демократ ағартушылар шықты, қазақ халқының ішінде ұлт интеллигенциясы қалыптаса бастады. Орысша және қазақ тілінде оқытатын мектептер ашылды. 1862-1900 жылдар арасында қазақ тілінде 7 шамалы кітап басылып шықты. Қазақтың жазба әдебиеті мерзімді баспасөзі пайда болды. Орыстың революцияшыл - демократиялық баспасөзі мен публицистикасы қазақ ағартушылары Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай Алтынсариннің және Абай Құнанбаевтың қоғамдық - саяси көзқарастарының қалыптасуына әсер етті. В.И.Ленин атап көрсеткендей, крепостниктікке қарсы күрес, тұрмыстық прогрестік формалары мен ағарту ісін жақтаушылық, халық бұқарасының мүддесін қорғау, орыс ағартушыларының осындай үш түрлі сипаты қазақ ағартушыларына да тән қасиеттер еді 8,б.116.

Орыстың ұлы ағартушыларының демократияшыл дәстүрінен үлгі - өнеге ала отырып, олар қазақ халқының жарқын болашағы үшін күресті, феодалдық - патриархалдықтың сарқыншақтарына қарсы шықты, ұлы орыс халқымен дос болу, оның озат мәдениетінен үйрену идеясын қызу насихаттады. Азаттық жолындағы қозғалыста орыстың алдыңғы қатарлы жазушылары мен аса көрнекті публицистері баспасөзді күрес құралы етті. Мысалы, 1836 жылы А.С.Пушкин ұйымдастырған «Современник» журналын алпысыншы жылдары А.Г.Чернышевский мен Н.Л.Добролюбов басқарып, оны шаруалар революциясы идеясын насихаттайтын айбынды органға айналдырды. Қазақ ағартушылары алдыңғы қатарлы орыс баспасөзінің тамаша дәстүрлерінен үлгі - өнеге ала отырып, қазақтың бұқарашыл публицистикасы мен журналистиканың негізін қалады 11,б.77. Қазақстанның қалаларында патшаның жергілікті әкімшілік орындарының ресми органдары болып табылатын газеттер шыға бастады. «Облыстық ведомстволармен» қатар қазақ тіліне аударылып, Орынборда «Торғай» газеті, Омбыда «Дала уалаяты» газеті, сондай-ақ Оралда, Астраханьда және басқа кейбір қалаларда шығарылған газеттер де Қазақстан өмірімен байланысты болды 11,б.80.

Бұл газеттер қазақ халқының қамын ойлап, оның әлеуметтік-шаруашылық және мәдени - ағарту тілектерін ескергендіктен шығарылған жоқ, патша үкіметінің отаршылдық саясатын күшейе түсу, оның бұйрық - жарлықтарын жергілікті халықтардың ана тілінде жариялап, сөзсіз орындаттыру, сондай-ақ оның ресми көзқарастарын халық арасына кең таратып, қол астындағыларды шексіз бағындырып ұстау мақсатын көздеді.

Алайда патша үкіметінің екіжүзді мақсатына қарамастан, Қазақстанда мәдениетің дамуына мерзімді баспасөздің пайда болуы елеулі әсер етті. Патша үкіметінің заңдарын, жарлықтарын жариялап, оның реакцияшыл, отаршылдық саясатын уағыздай отырып, сонымен қатар бұл газеттер өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту мәселелерін көтеруге мүдделі болды. Бұл газеттерде мал шаруашылығы жайлы, мектептер, егіншілік туралы және сауда туралы жазылып тұрды, қазақ халқының тарихына, тіліне, ауыз әдебиетіне, этнографиясына, Қазақстанның археологиясы мен пайдалы кен байлықтарына арналған мақалалар басылып отырды.

Алдымен аударма ретінде шығып, бірте - бірте дербес газет дәрежесіне дейін жетіп, қазақ тілінде шығарылған «Түркістан уалаяты» газеті (1870-1882) мен «Дала уалаяты» газеті (1888-1902) қазақ баспасөзі тарихының алғашқы бет ашарлары деп есептелінеді. Бұл газеттер патша үкіметі қойған міндеттер мен мақсаттарға, оның отаршылдық саясатын жүзеге асыруға, Қазақстанда капиталистік қатынастарды орнықтыруға қызмет еткенімен, объективтілік тұрғыдан қарағанда қазақтың тілі мен жазба әдебиетін қалыптастыруда, ұлттық мәдениеті мен экономикасының тарихын жазу жөнінде белгілі дәрежеде айтарлықтай роль атқарды. Ташкент қаласында 1870-1917 жылдары орыс тілінде «Туркестанские ведомости» газеті шығып тұрды. Түркістан өлкесін

билейтін генерал-губернаторлардың ресми органы болғанымен, бұл газетте жарияланған Орта Азия халықтарының тарихы мен этнографиясы, археологиясы және географиясы жөніндегі материалдардың мәні зор болды 11,б.533. Газетті шығарысуға Н.С.Сеерцев, В.В.Бортольд, Н.П.Остроумов, Ш.М.Ибрагимов сияқты белгілі ғалымдар қатысты.

Осы газеттер қосымша ретінде сол жылдан бастап тұңғыш қазақ тілінде Түркістан генерал - губернаторының ресми органы «Түркістан уалаяты» газеті шығарылды. Бұл газет ол кезде Түркістан өлкесіне қарайтын осы күнгі Қызылорда, Шымкент, Жамбыл, Алматы облыстарының қазақтарына арналды. Газеттің редакторы және аудармашысы ағайын Ибрагимовтар болды. Қазақ газетін шығару ісіне Хасан Жанышев, Заманбек Шайхыәлібеков, Жүсіп Қазыбеков аудармашы әрі әдеби қызметкер болып қатысқан.

Патша үкіметінің отаршылдық саясатын уағыздай отырып, ресми газеттер, кейде Россияның самодержавиелік езгісіндегі ұлттарды ұлы орыс халқының озат мәдениетіне тарту идеясын насихаттап отырды. «Россия халықтары арасындағы қатынастардың мұндай демократиялық және гуманистік бағытталуына мерзімді баспасөздің ұйымдастырушылары, редакторлары және қызметкерлері көбінесе прогресшіл ниетті орыс интеллигенциясының арасынан шыққан қайраткерлер болғаны себеп болды 49,б.34.

«Түркістан уалаяты» газетінің бетінде өзбек халқының революцияшыл ниеттегі демократ ақыны Мұқимидың және ағартушы ақыны Фурхаттың, орыс әдебиетінің классиктері Крыловтың, Пушкиннің, Толстойдың шығарамалары басылды 11,б.27.

Осы газет арқылы қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уалихановтың өмірі мен ісі бүкіл қазақ еліне мәлім болды. Қазақ тілінде газет шығарылуын жұршылық қуана қарсы алды. Семей жағының қазақтары бір жиында бұл газетті оқығанын, көңілдеріне ұнағанын, бұған дейін тек татар тілінде намаз оқуды үйрететін кітапшаны оқитындарын айта келіп, біздің қазақты бір жұрт біліп, біздің тілімізде газет бастырғаны үшін» алғыс айтады деп қуанды. Басылған хат-хабарларға қарағанда газеттің Ақмола (Целиноград), Ақмешіт (Қызылорда), Алматы Әулие-Ата (Жамбыл), Қапал, Қазалы, Қызылжар, Қарқаралы, Көкшетау, Омбы, Семей, Түркістан уездерінен жазып тұратын тұрақты тілшілері болған. Газет халықаралық жағдай және Россияның сыртқы саясаты туралы орталық үкімет газеттерінен көшіріп басып отырды. Мысалы, Париж пролетариатының 1871 жылы 18 мартта көтерілісі туралы хабар беріп тұрды. 1877-1878 жылдарда орыс - түрік соғысы кезінде бір пантюркистің Турция әскері жәрдем беру керек деген үгітіне қазақтардың қалай қарағандығы жөнінде газетке заметка жариялады. Онда Россияға мемлекет жәрдем бермейміз деп жұрт бір ауыздан мәлімдеген. Керісінше, Жетісу облысының Алматы, Қапал уездерінің қазақтары мен армиясының атты әскеріне жөнелткен. Газет қазақтарды отырықшы тұрмысқа ауысуға, егіншілік кәсібін қоныс аударып келген орыс шаруаларынан үйрену, бірлесіп Арыс -Түркістан каналын салуға шақырды. Әрине, ол заманда мұндай идеяны жүзеге асыру мүмкін емес. Бұл арман тек Кеңес өкіметі тұсында ғана орындалады.

Информация о работе Мәдени шаруашылық