Мәдени шаруашылық

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2012 в 21:53, курсовая работа

Описание работы

Қазақ жері ғасырлар бойы шектес мемлекеттердің шабуыл нысанасына айналып келгендіктен XVIII ғасырдың алғашқы жартысында қазақтардың бір бөлігі патшалы Ресейдің қол астына кіріп, бағынуға мәжбүр болғандығы тарихтан белгілі.
Осы кезеңнен бастап, Ресейде бол

Работа содержит 1 файл

мәдени өмір.doc

— 337.00 Кб (Скачать)

Лениндік «Искра» елдегі ұлт аймақтарының, соның ішінде Қазақстанның жұмысшылары мен шаруаларының да өмірі мен күресін назардан тыс қалдырған жоқ. Бұған газетке жарияланған корреспонденциялар айқын дәлел. Оның «Жұмысшы қозғалысы хроникасы» және «Фабрикалар мен заводтардан хат» бөлімінде 1902 жылы 15 майда жарияланған корреспонденцияда Орынбор-Ташкент темір жол құрылысын мердігерлердің адам төзгісіз еңбек жағдайына байланысты жұмысшылар мен әкімшілік арасында үлкен жанжал болғаны туралы айтылады. Бұл революцияға дейінгі Қазақстанда жұмысшылардың ереуілдері туралы большевиктік баспасөзде алғаш жарияланған хабар еді 8,б.137.

1903 жылы 1 февральда сол темір жол құрылысынан «Искрада» басылып шыққан екінші корреспонденция да оққушылардың ашуы мен ызасын келтірді. Жұмысшылардың жалақысынан мердігерлердің жейтіні, қанаудың күштілігі, төбесі сабанмен жапқан барак деп аталатын ұраларда тұратын шіріген овощ сорпасы туралы айтып жатудың қажеті бола ма екен…өйткені бұның бәрі дағдылы іске айналып кеткен деп жазды газет. Жұмысшыларға ақша беруді Калита (құрылыс жұмысын жалға көтеріп алған мәрдігер-Х.Б.) түрлі сылтаулармен кешіктіре берген. Сөйтіп, құныққан соң еңбекақы беруді мүлдем тоқтатқан. Осылай тоналған жұмысшылар 450 шақырымдағы Орынборға бару үшін 30 градусты аязда көбі сиса көйлекпен, жыртық етікпен алыс жолға шыққан.

Калита шарт бойынша суық түскенге дейін жұмысшыларға жылы киім беруге тиісті еді, бірақ оны орындамаған. Жұмысшылар жалаңаш күйінде дерлік, сондай суықта жолға шығудың зардабын тартқан. Көбі қолдарын, аяқтары мен беттерін үсітіп алған, ал 46 адам Ақтөбенің ар жағында үсіп өлген.

Мұндай жан түршігерлік оқиға Орынбор-Ташкент темір жол құрылысындағы қаза, орыс, өзбек, және тағы басқа ұлт жұмысшыларын қатты ренжітті. Бұл сияқты корреспонденциялар жергілікті социал-демократтардың үгіт-насихат жұмысында нақты мысал ретінде келтіріліп отырылды. Мұндай фактілер еңбекшілердің капиталистік және патшалық құрылысқа деген өшпенділігін өршітті. «Искраның» басты мақсаты-революцияшыл социал-демократтарды идеялық және ұйымдық жөнінен біріктіру, жауынгер пролетарлық партия құру еді. Ол бұл мақсатына жетті: «Искра» РСДРП-ның II съезін, большевиктік партияның құрылуын әзірледі 8,б.145.

Лениндік «Искра» жергілікті социал-демократиялық топтар мен ұйымдар ісінде баға жетпес көмек көрсетті. Искралық бағыттағы марксистік үйірмелер Оралда, Петропавлда, Атбасарда, Верныйда, Семейде, және Орынборда пайда болды. 9,б.110.

Олар листовкалар арқылы тұңғыш жалпы россиялық марксистік газет ұсынған идеялар мен ұрандарды еңбекшілерге түсіндірді. Народоволецтердің Александр II-ні өлтіргеніне он екі жыл толуына байланысты Ақмола облысының Атман деген хуторында Сибирь социал-демократиялық одағы листовкалар таратқан. Самодержавиенің 1861 жылғы реформадан кейін халықты әлі де қан қақсатып отырғандығына лағнет айта келіп, үндеу хаттың авторлары былай деп мәлімдеді:

«…Орыс пролетариатының революцияшыл армиясы енді тек патша ағзамды ғана емес, орыс самодержавиесінің өзін құртып жіберуге дайын, бұл үшін жігерлі үндеу болса, оған іспен жауап беруге дайын. Патша құлап күйрегеннен кейін орыс жұмысшы табы халықаралық пролетариаттың қатарына қосылып, солармен бірге буржуазиялық капиталистік құрылысты жойып, оның орнына социализм дүниесін орнатады. Патшалық самодержавие жойылсын ! Саяси бостандық жасасын « Социализм жасасын». Қазақстанның большевиктік баспасөзіне 1905-1907 жылдардағы революция көп жаңалықтар енгізді.

Революциялық өрлеу дала өлкесінің көптеген қалаларында РСДРП топтарының құрылуы большевиктік баспасөзде үгіт пен насихаттың едәуір күшейтілуімен ұштасып отырды. 1905 жылы лениндік газеттер: Женевада шығарылған «Вперед», «Пролетарий», большевиктік партияның алғашқы жария газеті Птербургтағы «Новая жизнь» қаншама қиыншылықтарға қарамастан, қазақстандық жұмысшылар мен шаруаларға жол тапты. «Новая жизньнің» Орал облысында өз тілшісі болды 9.б,111.

Большевиктік «Новая жизнь» газеті пролетариатты самодержавиеге қарсы күреске әзірлеуде аса маңызды роль атқарды. Газет Россияның шеткері аймақтарында еңбекшілердің саяси оянуы туралы үнемі хабарлап, бұл фактілерге айқын большевиктік баға беріп отырды, сөйтіп ұлт-азаттық қозғалысқа жергілікті партия ұйымдарының дұрыс басшылық етуіне жөн cілтеді.

«Новая жизнь» газеті елдің орталық аудандары мен шет аймақтары еңбекшілерінің өмірі туралы жиі жазып отырды. Мысалы; 1905 жылы 2 декабрьдегі 27 нөмірінде Орал облысы қазақтарының күйінішті жайы туралы корреспонденция жарияланды. «Помещиктер мен уделдік ведомостволардың жерлеріне шаруалардың шабуыл жасағандағы аграрлық таластардың зардабы қазақ даласына кесірін тигізіп отыр», - деп жазды автор. Ол патша өкіметінің қазақ даласында жүргізіп отырған отаршылдық саясатын, ауыл кедейлерінің правасыздық ауыр халін суреттейді. Нақтылы фактілерді келтіре отырып, газет былай деп жазды: «Қазақтардың ормандары мен жерлері тартып алынуда. Оларды үйі мен қыстауына қуып шығаруда». Корреспонденция қазақ шаруаларын өз мүддесін қорғау жолындағы күреске шақырды. Патша өкіметіне помещиктердің жер иеленуін сақтап қалуға бағытталған реакцияшыл саясатын әшкереледі.

Қазақстанның Оңтүстігінде РДСПР Ташкент тобының жасырын газеті «Рабочий и солдатский листок» - «Правда» (1906) шығарылып тұрды. Бұл газет марксизм идеяларын насихаттап, ұлт мәселелсі жөніндегі большевиктік программаны түсіндірді.

Көптеген социал-демократиялық ұйымдар партияның Орталық Комитетімен тікелей байланыста болып, одан әр түрлі әдебиеттер алып тұрды. Қазақстанның солтүстік аудандарында РДСПР Сибирь одағының, Омбының, Томскінің және басқа партия комитеттерінің листовкалары мен брошюлары таралды. Большевиктік топтардың өз тарапынан листовкалар шығарып, РДСПР III съезінің шешімдерін насихаттауы айтарлықтай жетістік еді. Қазақстанда тұңғыш марксистік ұйым болып құрылған Петропавлдың социал-демократтары өздерінің листовкаларын РДСПР Омскі комитетінің жасырын баспаханасында бастырып шығарды. Олардың мазмұны біріне-бірі ұқсас, «Петропавл жұмысшыларына» деген үндеу ерекше назар аударды. (1906) ол былайша аяқталған 11,б.178.

«Жауынгер дружиналарға ұйымдасыңыздар, қару тауып алыңыздар, сөйтіп Россия социал-демократиялық жұмысшы партиясының алғаш шақыруы бойынша, соның қатарында және туы астында, Бүкіл халықтық Құрылтай жиналысы үшін Демократиялық республика үшін, езілушінің езушілерге, кедейлердің байларға қарсы ашық күреске шығуы үшін, теңдік және әділетті заман-социализм үшін күреске шығыңдар»48,б.53.

Осы сияқты листовкаларды Қостанай, Орал, Перов, Қаралы, Верный және Семей большевиктері де көптеп шығарып алды. Бұлардың еңбекшілерді революцияландырушылық ықпалы зор болды. Революция қыза түскен шақта патша үкіметіне, байларға қарсы бағытталған тұңғыш рет қазақ тілінде листовкалар шығарылды. Бірінші үндеу өлең 1905 жылы пайда болған. Құпиялық сақтау мақсатында және телеграфпен беруге қолайлық үшін үндеу латын әрпімен жазылған. Бұл өлеңде халыққа көп ауыртпалық келтірген орыс-жапон соғысы айыпталады. Үндеу осы кезде қимылдар уақыт келді деп қазақ еңбекшілерін самодержавие мен бай-феодалдарға қарсы революциялық күреске белсене қатысуға шақырады. Авторы Мақсұт Беметов-Омбының почта-телеграф қызметкері. Ол қаланың бас телеграфистерімен бірге 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалысқа белсене қатысқан. Орыс тіліндегі листовкаларда баяндалған революциялық идеяларды большевиктер халық бұқарасына жергілікті интеллигенцияның көмегімен түсіндірді. Партияның қарт мүшесі С.Ужгин РДСПР Петропавл тобына тілектес ретінде Сералин мен С.Көбеевті тартуға сәті түскенін есіне алады. «Алдыңғы қатарлы екі қазақ мұғалімінің партия программасының негіздерімен таныс болуы оларды ауылдағы басқа қазақ мұғалімдерінің арасында большевизмді насихаттаушылардың қатарына қосты. Жасырын әдебиет, әсіресе листовкалар қазақ тілінде аударылып қолжазба күйінде ауылдан - ауыла таралды 1.б,86.

Большевик баспасөздің ауылға жетуі отаршыл әкімшілерді сескендірді. Сырдария облысының әскери губернаторы съезд бастықтарына былай деп ескертті: «Алынған мағлұматтарға қарағанда Торғай, Орынбор және Ақмола облыстарының қараңғы надан халықтарының ойларын толқытатын көрінеді… революциялық листовкалардың тұтандырғыш сипаттағы мақалалары жергілікті халықтың арасында «жағымсыз құбылыс» туғызуы мүмкін».

Ұлттық пролетарлық баспасөз Россияда 1901-1904 жылдары пайда болды. Революция кезінде ол едәуір өсті. Бұған орыс емес ұлттар еңбекшілерінің азаттық жолындағы күресінің өрістеуі, саяси саналылығының оянуы және большевиктер ықпалының артуы себеп болды. Самодержавиеге қарсы бүкіл халықтық күресті ұйымдастыра отырып, большевиктік партия бірсыпыра газеттерін қойды. Закавказьияда грузин тілінде бес, армян тілінде жеті газет шығарылды.

Сондай газеттер Прибалтикада да, Татаринда шығып тұрды. Октябрь жеңісінен кейін алғашқы жылдары Советтік Қазақстанның астанасы болды. Орынборда 1907 жылы 4 январынан 27 февралына дейін большевиктік жария «Орал» газеті шығарылып тұрды. Оны не бары 31 нөмері жарық көрді. Содан кейін патша өкіметі жаптырып тастады. Редакторы Хұсайын Ямашев болды. Оны большевиктік «Пролетарий» газеті «Ұлтшылдық дегенді білмейтін нағыз социал-демократ» деп сипаттады 28,б.215.

«Орал» газеті шет аймақтағы еңбекшілерге саяси тәрбиелеуде елеулі роль атқарды. Ол Еділ мен Оралдың, Орта Азия мен Қазақстанның түрік тілдес барлық халықтары түсінетін татар тілінде шығарылды. Оның Астраханьда, Верныйда, Петропавлда, Қазанда, Темірде, Оралда, Перовск мен Қостанайда және басқа қалаларда жаздырып алатын оқушылар болды. Газеттің басты публиці Х.Ямашевтің мақалалары басылып тұрды. Оның басқа проблемалармен

қатар партияның идеялары насихатталды. Х.Ямашев марксизм-ленинизм идеяларын шабытпен жазды, жұмысшы табының мүддесін жақтап қорады, патша өкіметі мен капитализмді, сондай-ақ меньшевиктерді, эсерлерді және басқа пролетариат жат партияларды әшкереледі.

«Орал» газетінің алдына қойған мақсаты - «пролетариатты топтастыруға шақыру, оның таптық саналығын дамытуына көмектесу, шаруалар мен қала кедейлерін біріктіру еді 5б.137.

Әсіресе, оның буржуазияшыл ұлтшылдарға қарсы шығуының үлкен саяси мәні болды. Редакция қазақ, татар және басқа ұлт еңбеккерлерін - үстем таптарға қарсы күресте орыс жұмысшылармен тізе қосып, солармен бірге аттанысқа шығуға шақырды. Буржуазияшыл ұлтшылдардың «Уақыт» сияқты реакцияшыл баспасөзінің мұсылманшылықты социализммен келтірмекші және тап күресін жоққа шығармақшы болған әрекетіне қарам-қарсы «Орал» газеті барлық халықтар сияқты мұсылмандар да тапқа бөлінетінін, ал мұсылманшылықты марксизмге ешқандай қатысы жоқ, керісінше оған жау екен нанымды дәлелдермен түсіндірді.

Еңбекшілердің алдыңғы қатарлы өкілдерінің арасында «Орал» газетінің тек оқушылары ғана емес, қоғамдық тілішілері де болды. Мысалы, оның бетінде социал-демократ Ф.Голованвтың мемлекеттік думаға сайлануы туралы 1907 жылы 17 февральда Қостанайдағы тілішісінің телеграммасы жарияланды 5,б.140.

Редакция патша үкіметі қазақтардың жерлерін тартып алуына байланысты қарсылығын қолдады. Бұл жөнінде қазақтардың орыс халқына «Ашық хаты» жарияланып, онда патша үкіметінің отаршылдық саясатының реакцияшылық мәні айқын көрсетіледі. Авторлардың айтуынша, бұл саясат Россияның барлық халықтарына, соның ішінде орыс халқына да баян-ды. Хат мынадай сөздермен аяқталады: «Орыс халқы біздің дұшпан емес. Бізге ортақ жау-самодержавиелік үкімет».

«Орал» газеті жергілікті социал-демократиялық топтардың қазақ еңбекшілерін орыс жұмысшыларымен және кедей шаруаларымен бірге революциялық аттанысқа шығаруға әзірлеуіне баға жетпес көмек көрсетті. Сөйтіп «Орал» Қазақстандағы тұңғыш большевиктік газет болды, онда кейбір мақалалар қазақ тілінде басылды.

Өлкеде орыс тілінде шығып отырған прогресшіл және революцияшыл бағыттағы басылымдардың бірі - Қазақстандағы тұңғыш кәсіподақ органы «Трудовая жизнь» апталық журналы болды. Оның бірінші нөмері 1907 жылы 25 мартта Семейде шықты. Сол нөмірдегі бас мақаласында редакция өзінің алға қойған мақсатын: «Ең алдамен еңбекші халықтың хал жағдайын анықтау және мүддесін қорғау болады» деп жазды. Оның бетінде революцияшыл социал-демократтардың жұмысшы бұқарасына ықпал жасамақ болған реформистерге қарсы күресі көрініс тапты. «Трудовая жизнь» журналы қатал реакция кезінде шыға бастап, бір айдай ғана өмір сүрді. Не бары төрт - ақ нөмері жарық көрді 28,б.263.

Бұл басылымда жарияланған кейбір материалдарда қайшылықтар болды. Алайда өмір шындығы негізінен дұрыс көрсетілді. Журнал Семейдегі сыра заводы, су диірмені, тігін фабрикасы сияқты кәсіпорындарындағы орыс, қазақ жұмысшыларының ереуілдерін қостап, олардың мүддесін қорғады.Әсіресе, тері заводындағы қазақ жұмысшыларының аянышты тілін тебіріне жазды. Мардымсыз жалақы күн көруге жетпеген соң, олар сасып кеткен терінің шелін сыдырып алып, оның мыжықтарының майын бауырсақ пісіріп қорек етуге мәжбүр болған.

Ал оларды аяусыз қанау арқылы байыған арамтамақтар қарап жатып семіруді деп қазақ жұмысшыларының Мусин., Муртазин, Мырсалиев сияқты капиталистерге қарсы өшпенділігін өршітті, таптық саналарын оятты [5,б.140].

1907 жылы 3 июньде Петропавлда большевиктік жария «Степная жизнь» газетінің бірінші нөмірі шықты. Оны редакциялаған - В.В.Куйбышев. Екінші нөмірінде патша өкіметінің қоныс аудару саясатын қатты сынай корреспонденция жарияланды. Үшінші нөмерінде «Степная жизнь» II Мемлкеттік думадағы социал-демократиялық функцияның тұтқынға алынуына қарсылық білдіретін бас мақала берді. Сол нөмірде РДСПР-ның V (Лондандағы) съезінің жұмысы туралы мақала жарияланған. Онда жұмысшы съезі жайында большевиктік қарардың тексі келтіріліп, Орталық комитет сайлауының нәтижелері туралы хабарланған. Газет зиянды бағыты үшін жабылып, редакцияның бірнеше қызметкерлері тұтқынға алынды.

Бұл газеттің өмірі қысқа болса да, самодержавиеге қарсы еңбекшілердің наразылығын күшейтетін хабарлар басым. Қорыта айтқанда, 1905-1907 жылдардағы Қазақстан большевиктік баспасөзі, қазақ еңбекшілерін революцияға қарсы күреске қатыстыруда үлкен роль атқарды. Қозғалысқа басшылық етуде бұл баспасөз жергілікті партия ұйымдарының жауынгер қаруы болды.

 

  1.4 Большевиктік баспасөз революцияның жаңадан өрлеуі жылдарында

 

Алғаш революциядан шошынған патша үкіметі қатаң тіртіп орнатты. Алайда түнек реакция Россия пролетариатының күш-жігерін мұқалта алған жоқ, революциялық қозғалыс өрлей түсті. Большевиктік партияның қатары нығайып және оның бұқараға ықпалы күшейе түсуімен бірге, партиялық баспасөз де қаулап өсті. Партиялық баспасөздің пролетариатпен және еңбекші шаруалармен байланысы күшейді.

Қазақстан мысалынан да айқын көрінеді. Оның мақалалары темір жол станциялары мен кейбір ауыл-селоларының орталық большевиктік газеттер «Социал-демократ», «Звезда», «Правда» және басқаларына таратылады 44,б.2.

Большевиктік баспасөз ұлт аймақтарының оның ішінде Қазақстан еңбекшілерінің правосыздығы мен азаматтық жолының күресі туралы үнемі жазып отырды. Столыпиндік экспедициялар тек Ақмола облысындағы 12 миллион десятина жер бос жатыр» деген желеумен, қазақ еңбекшілерінің жерін алып жатқан кезде, партияның орталық органы - “Социал-демократ” газеті 1911 жылы тонаушылыққа қарсы шығып, патша үкіметінің отаршылдық саясатын әшкереледі.

Информация о работе Мәдени шаруашылық