Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 13:25, дипломная работа
Әртүрлі мұнай түрлерін кешенді пайдалану мәселесі және оны шешу жолдары. Қазақстан Республикасында мұнай-газ ресурстарын өңдеуді кеңейту мәселелері. Ішкі және экспорттық құбырлар құрылысының негізгі бағыттары. Каспийдің мұнай экспорт бағыттары. Баку-Новороссийск мұнай құбыржолы. Баку-Супса мұнай құбыржолы. Каспий порттары және транскаспий бағыттары.
2004 жылғы 28 қыркүйекте Атасу – Алашанқай арналы мұнай құбырын салудың басталу салтанаты болды.
Мұнай құбырын салуды аяқтау 2005 жылдың аяғына, пайдалануға қосу 2006 жылға жоспарланған.
Атасу – Алашанқай іске қосылғанда Қазақстан мұнайын экспорттайтын жаңа бағыт пайда болады. Бұл жоба жүк жөнелтулер үшін тең қол жетімділік қағидатына бірыңғай , икемді және көп бағытты жүйені құру мақсатында мұнай құбырлары жүйесін біріктіру мемлекеттік стратегиясын іске асырға мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру үш ел – Қазақстан, Ресей және Қытайдың мұнай құбырлары жүйесін бірыңғай мұнай құбыры жүйесіне кіріктіруге мүмкіндік береді, бұл бұдан былайғы өзара тиімді серіктестік үшін берік негіз болады.
2 КАСПИЙ ТЕҢІЗІ АУМАҒЫ МҰНАЙ-ГАЗ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 Мұнай-газ қорын пайдаланудың экологиялық мәселелері
Мұнай және газ кенорындарын игерудің экологиялық мәселелерінде өз аймақтық ерекшеліктері бар — географиялық, геологиялық, геодинамикалық және әлеуметтік. Соңғы уақытқа дейін табиғатты қорғау мәселесі мұнай мен газ өндірісінің жоспарлы тапсырмалары орындалуына орын беріп, жобаларда тиісті шешімін таппай келді. Бұл факт экологиялық ахуалға өзінің ерекше белгісін қалдырды.
Қалдықтарды жоюдың экологиялық таза процесстерін әзірлеу /24, 25/, мұнай-химия өндірісінің қалдықтарын тазалау, ағынды суларды тазалау, қоршаған орта мұнаймен және мұнай өнімдерімен ластануын мониторингтен өткізу және т.б. мұнай мен газды өндіру және өңдеу кезінде табиғатты қорғау саласындагы өзекті бағыттар болып табылады.
Мұнай өндіру, мұнай өңдеу және мұнай-химия кешенінде қоршаған ортаны ластау іздестіру бұрғылауынан және де мұнай және газ өндіру ұңғыларының құрылысынан басталады. Ұңғыларды құру кезіндегі негізгі ластағыш көздер: бұрғылау қондырғылары дизельдерінің жарамсыз газдары, бұрғылау ерітіндісінің дегазаторлары, еспе ұнтақ тәріздес материалдарын сақтау сыйымдылықтары, өндірістік-технологиялық қалдықтар бар шламдық амбарлар, және де айналмалы жүйелер. Көптеген жағдайларда бұрғылау қондырғыларында жер мен су қойнауларын ластанудан сақтау бойынша шаралар қолданылмайды. Соның салдарынан жақын арадағы жерлер бұрғылау ерітіндісімен және мұнай өнімдерімен ластанады. Содан кейін осы зиянды заттар еріген сулармен бірге төңіректегі жер және су қойнауларына ағады. Жер ластануы процессі жерде қысымды қолдау үшін өнімді қабаттарға және жұтқыш көкжиектерге айдалатын жоғары минералды қабаттық және ағынды сулардың болуымен қиындайды. Бұрғылау ұңғымасынан 500-800 м радиусындағы өсімдіктің 70-80 пайызы жойылады, ал 100 м радиусындағы өсімдіктер лайлы ерітіндімен ластанғандықтан толық жойылады. Мысалы, Атырау облысында 1,3 млн гектардан аса аумақта ондаған мың тонна көлеміндегі мұнай төгілістері түрінде техногендік ластауларға жол берілген, кейбір учаскелерде жердің мазутпен ластануы 10 метрден аса тереңдікке дейін жетеді.
Бұрғылаудың өнеркәсіптік қалдықтары бұрғылау алаңының амбарларында немесе үйінділерде жинақталған, олар одан әрі шығарылып, шлам сақталуына арнайы бөлінген аумақтарда орналастырылуы керек. Осы ретте, қалдықтардың ластағыш қабілеттігін бағалау мәселелері ерекше маңызға ие болуда. Жер асты суларындағы ластағыш затардың мөлшері мен ушылдығы соған байланысты. Бұрғылау жұмыстары кезінде негізгі және ең күшті ластағыш зат бұрғылау ерітіндісі болып табылады. Оны дайындау үшін жиырма шақты химиялық реагенттер қолданылады, олардың көбісінде Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген шекті шоғырлану мөлшері жоқ. Ұңғылардың құрылысы және соған еріп жүретін бұрғылау қалдықтарының жинақталуы басқа өндіріс түрлерінен бұрғылау нысандарының әр жерде болуымен, қалдықтардың сипаттамалары біркелкі болмауымен және олар уақыт бойынша өзгеруімен ерекшеленеді.
Бұрғылау жұмыстарын орындау және ұңғыларды пайдалану кезінде қолданылатын қалдық тастауға қарсы жабдықтың сапасы мен құрамы өте маңызды. Ол үш рет қайта қарастырылған (1975, 1980, 1990 ж.ж.) ГОСТ 13862-90 анықталады. Бұл шаралар отандық жабдықты ең үздік әлемдік стандарттарға (мысалы, Америка мұнай институтының АРІ — 16А) жақындатуға бағытталган /10/.
Кен орындарын пайдалану кезінде ірі жер массивтері бұзылады. Мысалы, Қарашығанақ кенорнын игеру кезінде 3000 гектардан аса егістік, жайылым жерлері, ормандар және т.б. алынуы жоспарланған. Теңіз кенорнының алаңы 200 шаршы метрді құрайды. Тұрақты тіршілік ету үшін экологиялық тұрғыдан қолайсыз аймақ ретінде Теңіз кен орны үшін 50 км анықталған, Қарашығанақ үшін қалдық тастаудың шекті мөлшері жоғарырақ, яғни, соған сәйкес, атмосфера одан бетер ластанады.
Ескірген жабдық пен шарушалық қызметтің әдістері экологиялық кауіпті көбейтеді, жаға технологиялық әдістерге көшу жаңа проблемаларды туындатады. Мысалы, ұңғыларды жөндеу кезінде қоршаған ортаның ластануы байқалады. Осы ретте, ұңғы ішіндегі жабдық жүздеген рет түсуру-көтеру жүргізілді. Ұңғыма толық газсызданғанға дейін техникалық сумен алдын ала шайылады. Алайда, тәжірибеде ол шаю құбырлар мен жабдықтың ішкі және сыртқы қабырғаларынан мұнай өнімдерінің қабыршағын толық жоя алмайды. Нәтижесінде құбырлар жұмыс алаңына көтерілген кезде олардың бойынан аққан ұңғыма сұйықтығы алаңды ластап, ұңғыма түбінің төңірегіндегі кеңістікте өртке қауіпті ахуал тудырады. Оған қоса, көмуді қажет ететін сұйық агрессиялық қалдықтардың мөлшері ұлғаяды. Іс жүзінде барлық ескі кенорындарда ондаған жыл бойы қабаттан шығарылған және шайынды сулар булану алаңдарына төгілген. Ескі "Құлсарымұнай" және "Прорвамұнай" МГӨБ-да қоқыс айдынының көлемі мыңдаған километрді құрайды. Минералды суы бар ірі булану алаңдары мұнай өнімдерімен ластанып, осы аймақтағы биосфералық процесстерге кері әсерін тигізетіні анық. Алайда, егер өнеркәсіп суларын толық жою технологиясы қолданылса, булану алаңдарының бос қалган түбі құрғақ сульфат тұздары таралуының көзі болады, ол тұздар Аралдағыдай желмен көтеріліп алыс жерлерге дейін тарайды.
Компаниялардың көбісі табиғатты қорғау шараларын орындау үшін арнайы жабдық дайындайды. Мысалы, "Серк Бейкер" компаниясы (Ұлы Британия) тауар асты суын тазалау процессінде сәтті қолданылып жүрген жаңа буын жабдығының үлгілерін әзірлеуде. Тауар асты суы мұнай өнімділігін ұлғайту мақсатында өндіріс қабатына су айдалған кезде өндірілетін мұнаймен бірге пайда болады. Оның құрамында үлкен мөлшерде ерітілген мұнай бар.Оның құрамында қоршаған ортаны ластау көзі болатын ерітілген мұнай көп мөлшерде кездеседі, тазалау және қоршаған ортаға түсу тарапынан ло өзіне аса көп назар аударуды талап етеді. Одан басқа, ол айдамалау жүйесінде қолдана алынады – бұл бағыт тауарасты суды пайдаланумен байланысты мәселенің экология тұрғысынан ең таза және тиімді шешімі болып табылады.
«ҚазТрансОйл» АҚ алдына қойған стратегиялық міндеттерге сәйкес қоршаған ортаны қорғауға бағытталған іс-шараларды үнемі жүргізіп келеді.
Магистральды мұнай құбырларында топырақтың, жер беті суының және атмосфералық ауаның жоспарлы мониторингі жүргізіледі. Қатты тұрмыстық қалдықтарды және мұнай қойыртпағын әкету мен көму тәртібі үнемі бақылауда тұрады, мазутпен былғанған қойыртпақты қалпына келтіру жүргізіледі.
Компания филиалдарында экологиялық аудит жүргізілді, экологиялық ортаға ықпалы көзқарасы тұрғысынан магистральды мұнай құбырларына толық баға берілді. Экологиялық мониторинг нәтижелері бойынша өндірістік объектілердің қоршаған ортаға елеулі әсер етпейтіндігі анықталды.
Магистральды мұнай құбырларының табиғи тозуына байланысты олардың экологиялық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар да артады. Осыған байланысты алдын алу жүйесін жетілдірудің және мұнай тасымалы саласының төтенше жағдайларын жоюдың негізгі бағыттары айқындалды.
Мұнай негізгі қуат көзі және түрлі жанармай мен химия өнімдерінің шикізаты болғандықтан, ол өндірілетін аудандарда ғана шоғырланбай, тасымалдау кезінде өзін көп мөлшерде жоғалтып, әлемнің барлық бұрыштарында таралған. Мұнай өнімдерін тасымалдау кезінде танкерлер өз жүктерінің 0,4% жоғалтады (шамамен жылына 20,5 мың т.). Транзиттік кемелер жылына 450 млн тоннаға жуық мұнайды тасымалдайды. Оның 11,25 мың т. ағып кетеді. Трюмодағы сумен бірге мұхитқа жылына 410 т. мұнай өнімдері ағады. Мұнайдың теңізге ағып кету апатына қарсы тұратын үш деңгейі қарастырылады, бірақ олар өңдеуді қажет етеді. Мысалы, үшінші деңгей жүз тоннадан астам мұнай аққан жағдайда халықаралық көмекке, теңізге ағумен күресетін арнайы орталықтарға жүгінуді ұсынады. Мұндай орталықтардың ең жақыны Батыс Еуропада орналасқан. Халықаралық апаттық-құтқару қызметкелері мен жабдықтарын жинап әуежайға жеткізу уақыты 12 сағатты құрайды. Сондықтан, мұнайдың көп мөлшерде ағып кету барысында, оны тез арада жайылдырмай, ықшамдауға мүмкіндік болмайды деген негіз бар. Мұндай апаттың салдары Каспийдің ерекше флорасы мен фаунасына зиян келтірері сөзсіз.
Әсіресе теңіздің сол жағы ерекше. Бұл өңірге Қазақстан Үкіметінің арнайы қаулысымен 1974 жылы қорық атағы берілген. Тап осы жер бекіре балықтарының шоғырланған жері, барлық әлемдік қордың 78 пайызы құрайды. Олар 2 метрден 5 метрге дейінгі тереңдікте, мұнай өндіруді жоспарлап отырған жерде жиналып, семіртіледі. Солтүстік Каспийдің мұздарына оңтүстіктен итбалықтар келеді. Жағалау қамыстарында миллиондаған құстар ұялап, тұрақтайды. Сондықтан Каспийде кез келген жұмысты экологиялық жағдайды сақтап, табиғатты қорғау қызметтерінің қатаң бақылауымен өткізу қажет.
«Қазақстанкаспийшельф» пайдаланатын мұнай қорын барлау технологиясы қоршаған ортаға аса залал келтірмейді. Олардың жұмыс өткізу уақыты бекіре балықтарының уылдырық шашу мен осы аумақтағы итбалықтардың орнын ауыстыру уақытымен сәйкес келмейді. Бұл жануар әлеміне теріс ықпалын тигізу мүмкіндігінің аз екенін көрсетеді. Сонымен қатар бұл мұнай компаниясының басқа жабық су қоймаларында табиғатқа еш зиян келтірмей істегн жұмыс тәжірибесі бар. Консорциум пайдасын дәлелдейтін тағы бір дәйек, оның құрамына кіретін көптеген батыс компанияларының халықаралық беделі өте жоғары және олар көп жылдар бойы басқа елдерде теңіз тұңғиығынан мұнай өндірумен айналысып келген.
Мұнай-газ құбырларының нағыз экологиялық апаты болып – мұнай-газ және өнімдер өткізетін құбырлардың жарылуы және технологиялық қондырғылардағы, сорғыш станциялардағы, мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдайтын көліктердегі өрт, құбырды бұрғылау мен пайдалану барысындағы мұнай және газ бұрқақтары саналады. Қазақстандағы мұнай құбырларының көбі өз есептік ресурстарының өндіруіне жақындайды. Мұнай өтетін құбырлардың қаптауларының пайдалану мерзімдері өтіп кеткен. Шикі мұнайды сақтайтын сыйымдылықтар үнемі жөндеп, қайта құруды қажет етеді. Олардың көбі 25 жылдан астам пайдаланылған. Мұнай құбырларындағы апат аса зор экологиялық зардап келтіреді – әр түрлі бағалаулар бойынша 1,5 млн. т.-ға дейін. Қазақстанда жылына 500-ден 700-ге дейін құбыр жарылуы болады. Оның негізгі себебі – құбырлардың төмен сапасы мен тозуы. Мұндай жағдайда мұнайшылардың негізгі міндеті – ескі құбырларды жаңаға ауыстыру. Тәжірибе көрсеткендей, мұнай-газ құбырларының диаметрін дұрыс есептемеу, оларды оқшаулауды дұрыс жүргізбеу көптеген апаттар мен ағып кетуге әкеліп соғады. Газ құбырларының айырылуы нәтижесінде ауа мен газдың жарылғыш қосындысы пайда болады, бұл үлкен апатқа әкеліп соғары сөзсіз.
Сонымен, мұнай-газ саласының улы, жанғыш, жарылғыш заттарды көп мөлшерде өндіріп, тасымалдайтын кәсіпорындары жоғары технологиялық және экологиялық апаттардың көзі болып есептеледі. Қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық жағдайды жақсарту үшін газ бен мұнай кен орындарын, табиғи көмірсутекті бұрғылау, өңдеу, дайындау, тасымалдау және сақтау жөніндегі өндірістік оъектілерді өңдеуде табиғатты қорғау шараларын тиімді жүзеге асыру қажет. Экологиялық бағдарламалар апатты болдырмау, мұнай мен газ қорларын тиімді пайдалану, флора мен фаунаны сақтау мен қоршаған табиғи ортаны ластауға қарсы күреске бағытталуы қажет.
Жоғарыда айтылғандардан келесідей қорытынды жасауға болады:
1. Мұнай қорын пайдаланудың қазіргі жағдайы төмен. Мұнайдың геологиялық қорының көп пайызы жер қойнауында қалып қояды. Осыған байланысты технологияның жаңа жетістіктерін пайдаланып, мұнайды жер қойнауында қалдырмай өндіру пайызын көбейту керек.
2. Мұнай түрлерінің мүмкіндіктері тиімді пайдаланылмайды. Қазақстандық мұнай құрамындағы пайдалы компоненттердің көбі өндірістің қалдығы болып есептеледі, және қоршаған ортаны ластаудың бірден бір көзі болып отыр. Осыған байланысты мұнайдың сапасын ескере отырып, қайта өндіретін арнайы зауыттарды салу өзекті мәселелердің бірі. Мұндай зауытты құрамында парафині көп, ауыр мұнай өндірілетін жерде салу тиімді. Мұнайдың осы түрлерінің экспортқа шығару мөлшерін шектеп, жеңіл мұнайды өндіру мен экспортқа шығаруды арттыру экономика тұрғысынан тиімді болады. Мұндай жағдайдан шығу жолдарының бірі мұнай-газ машина құрылысын дамытуды күшейту.
3. Әлемнің мұнай өндіруші елдерінің мұнайды игеру мен пайдалану тәжірибесі мұнай-газ қоларын өндіру, экспорқа шығару игерудің бастапқы кезеңі екенін көрсетеді. Мұнайды толық қайта өндіріп, экспортқа шикі мұнайды жібермей, дайын өнімдерді жіберу ең тиімді болып есептеледі. Мұнайды қайта өндіруді көбейту, мұнай өнімдерінің сапсын арттыру республика қажеттілігін толық қамтамасыз етеді, келешекте қолданыстағы, қайта жөнделген жабдықтарда өндірілген жоғары сапалы мұнай өнімдерін экспортқа шығаруға мүмкіндік бар.
4. Мұнай құбыржолдарының негізгі бағыттарын салу кезінде экспорт мәселесін шешу, өз зауыттарымызды шикізатпен қамтамасыз ету үшін бар мүмкіндіктерді пайдаланып ең тиімді нұсқаларды басшылыққа алу қажет. Осыған байланысты, біздің ойымызша, экономикалық және саяси тұрғыдан солтүстікте мұнай құбырларын қайта жөндеуден өткізу, шығыс және Новороссийск бағытында мұнай құбырын салу басымды болады.
5. Өндірістің кез келген саласы сияқты, мұнай-газ өндірісі де қоршаған ортаға келеңсіз ықпалын тигізеді. Сондықтан апаттың бетін алу, мұнай мен газ қорларын тиімді пайдалану, флора мен фаунаны сақтау, қошаған табиғи ортаны ластауға қарсы күрес шараларына арналған экологиялық бағдарлама жасау қажет.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстандағы құбыржолдар транспорты – бұл жүк тасымалдау көлемі бойынша 3- ші орында, ал, жүк айналымы бойынша 2- орындағы қазіргі транспорттың дамушы және тиімді түрі.
Бірақта, мұнай мен газды тасымалдауға байланысты бірқатар проблемаларда бар.
Мұнай-газ ресурстарын пайдаланудың қазіргі жағдайын талдау нагізінде келесі қорытындыларды жасауға болады.