Мұнай-газ ресурстарын пайдаланудың негізгі экономикалық-географиялық мәселелері және оларды шешу жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 13:25, дипломная работа

Описание работы

Әртүрлі мұнай түрлерін кешенді пайдалану мәселесі және оны шешу жолдары. Қазақстан Республикасында мұнай-газ ресурстарын өңдеуді кеңейту мәселелері. Ішкі және экспорттық құбырлар құрылысының негізгі бағыттары. Каспийдің мұнай экспорт бағыттары. Баку-Новороссийск мұнай құбыржолы. Баку-Супса мұнай құбыржолы. Каспий порттары және транскаспий бағыттары.

Работа содержит 1 файл

Дипл МҰНАЙ-ГАЗ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ НЕГІЗГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ.doc

— 348.50 Кб (Скачать)

   КҚК-ның тиімді жұмыс істеуі ең алдымен мұнай өндіруші компаниялар мен одан кейін барып Қазақстан және Ресейге байланысты. Болашақта барлық даулы мәселе тек осы акционер-компаниялар арасында олардың қаржы мүделеріне қатысты кикілжіңдерден туындауы мүмкін.

   Алдымен құбыр арқылы Қазақстандық мұнай тасымалданады ( бірінші кезеңде, атап өтілгендей құбыржолының қуаты 28,2 млн. тонна мұнайды құрамақ), одан кейін барып оған ресейдікі қосылуы тиіс (кейінірек қуатын 67 млн.  тонна мұнайға жеткізу жоспарлануда).                 

Бірақ КҚК мен «Трансефть» мұнай құбырлары бір-бірімен байланыспағандықтан ресейлік акционерлеріне қажет мөлшерде мұнай жеткізілуі мүмкін емес. Ол үшін бір-бірімен жалғастырылатын 28 километрлік жалғам керек. Ал «Транснефть» басшысы Семен Вайншток өз компаниясы бұл жалғамды жасамайтындығы жөнінде мәлімдеме жасады. «Оны олардың өзі салады»-деп «ЛУКОйл» мен «Роснефтьке» сілтеме жасады. «Транснефть» бұл көзқарасы 2001 жылы іске қосылған «Балтық құбыржол жүйесімен (БҚЖ) түсіндіріледі. Компанияда БҚЖ-бұл Қазақстан мұнайын тасымалдау бәсекелестікке шыдай алатын бағыт деп атайды. Сөйте тұра Ресей үкіметінің вице-премьері Виктор Христенко жақын арада үкімет КҚК мен «Трансневтьті» қосу мәселесі жөнінде жақын арада ұстанымды шешім   қабылдайтынын мәлімдеді.

   2001 жылдың мамыр айында «Транснефть» компаниясының президенті Семен Вайншток Ресей вице-премьері Виктор Христенкоға және Ресей президенті әкімшілігінің жетекшісі Сергей Приходькоға Каспий құбыржол консорциумы жөнінде хат жолдады. С. Вайншток үкіметті «Транснефть» жүйесі бойынша қазақстандық мұнай транзиті көлемінің азаю қаупі туралы ескертті. Хатта КҚК мұнай құбырының кезектегі құрылысы іске қосылысымен «Транснефть» жүйесі келіп түсетін Атырау-Самара учаскесі бойынша қазақстандық шикізат 5-6 тоннаға кемиді деп көрсетілді. Содан басқа Баку-Тихорецк («Транснефть») және ресейлік консорциумға қатысушылар оған мұнай беруі үшін КҚК құбыржолына қосылатын болса мемлекеттік монополия қазір Новороссийскіге айдап отырған 10 млн. тонна мұнайынан айырылып қалады. Жеңіл болып келетін теңіз мұнайы ауыр мұнаймен араласқандықтан қазақстандық шикізаттың сапасы нашарлайды, ал бұл бүкіл Батыс Сібір араласпа-мұнайының сапасын түсіріп жібереді. КҚК-ні іске қосу нәтижесінде «Транснефтьтің» есебі бойынша транзитті кететін шығын 70 млн. долларды құрайды. «Транснефть» компаниясы өкілдерінің ойынша ресейлік мұнай компаниялары экспорт жағдайында жылдық жоғолатын шығындары қазақстандық мұнай сапасының төмендеуі салдарынан 200 млн. долларды құрайды. Барлық деңгейдегі бюджеттердің қосынды жоғалымы  КҚК құбыржолын іске қосқаннан бері «Транснефтьтің» есебі бойынша жылына 100 млн. доллардан астамды құраған.

   КҚК басшылығы жауап ретінде хатта көрсетілген кейбір фактілер шындыққа сәйкес келмейтіндігін ресми түрде мәлімдеді. Орал қоспасы сапасының төмендеуі бойынша, 2000 жылы «Теңізшевройл» компаниясы Атырау-Самара мұнайқұбырына 3,3 млн. тонна мұнай жөнелткен КҚК мұнай тасымалдау келісімі бойынша 2002 Атырау-Самара мұнайқұбырына жылына 2 млн. тонна теңіз мұнайын жібереді. 2005 жылға қарай бұл көрсеткіш жылына 5 млн. тоннаға дейін өседі.Көлемді тұрақты сақтау қоспа сапасының сақталуына кепілдік береді.

   КҚК бас директоры Сергей Гнадченконың пресс-релизінде 1 маусым күні КҚК «Транснефтьтің» бәсекелесі жөнінде айтты. Бірақ КҚК құбыржолының құрлысын іске қосудан «Транснефтьтің» пайда саласының кейбір азаюы мемлекет үшін қаржы шығыны болып табылады. Мұнай қалай болғанда да Ресей аумағы арқылы тасымалданатын болды. Жақын уақытта бюджетке түсетін жылдық кіріс біршама көп болғандығын «Транснефть» компаниясы өз хатында көрсетеді. Тек 2000 жылдың өзінде КҚК мен оның мердігерлерімен бюджетке төлеген салық көлемі 200 млн. долларды құрады. Мұнай құбырының құрылысына 6 мың жаңа жұмыс орны құрылды, оның 90 пайызын ресейлік мамандар иеленеді.

     Нәтижесінде Ресейдің энергетика министірінің орынбасары және «Транснефть» компаниясы директорларының басшсы Владимир Станев өзінің берген интервьюінде КҚК іске қосылғаннан мемлекеттің мүддесі зардап шекпейтіндігін мойындады.Мұнай бақа бір ресейлік кәсіпорынға өтеді де, ол қазынаға түсетін салықты азайтады- деді министрдің орынбасары. Осыдан келіп мынадай қортынды жасауға болады «Транснефть» өзі қатыспаған кез-келген құбыржол бағыттарына қарсылығын білдіреді, өйткені ол  ылғи да өзінің жеке монополиясын сақтап келеді. Атап өтілгендей КҚК Ресей аумағындағы «Транснефтьке» бағына бермейтін аздаған құбыржол жобаларының бірі. Осыған орай «Транснефтьке» жалғаулық құбыр құрлысы туралы идея ұнамайды.

      2001 жылдың 15 қазанында Новороссийск маңындағы Южный Озеркада КҚК-нің жаңа терминалында «Теңізшевройл»компаниясы алғаш рет танкерге мұнай тиеп көрді. «ҚазТрансОйл» вице-президенті Кайыргелді Қабылдин бұл Қазақстанда өндірілетін мұнайдың негізгі экспорттық бағыты болады деп атап өтті. Алғашқы жіберілген көлемі жылына 20 млн. құраса, жүйені екінші кезектегісін іске қосқанда уақыт өте ол 50 млн. тоннаға жетеді. 

      Жобаны жүзеге асыруға айтарлықтай келтіретін кедергі «мұнай сапасының банкі» ережесіне сәйкес жеткізушілер арасындағы өзара есеп айрысулар деп есептейді. Астанда өткен пресс-конференцияда мәлімдеме жасаған «ҚазТрансОйл» вице-президенті К.Қабылдин консорциумға қатысушылар жаңа сортты мұнайды тасымалдау бойынша тарифтің мөлшерін келісіп, бекіттік дейді. Қазақстан мен Ресей әртүрлі орындарынан өндірілген мұнайдың араластырмасы «КҚК сорты» деген атауға ие болды.

     Мұнай сапасының банкі тіпті мұнайларының КҚК сортының бағасынан ерекшеленсе де әрбір жүк жөнелтушіге өз мұнайынның нақты нарық бағасын алуға мүмкіндік береді, яғни кейбір ресейлік экспортерлер тіпті орташа белгіленген бағадан да төмен алатын болды. Ресей үкіметі ресми деңгейде мұндай идеяны қолдайтындығына қарамастан кейбір компаниялар бұл процессті жүзеге асырмауға мүдделі деп кейбір эксперттер атап өтті.

     Қаржы ұғымы тұрғысынан түсінгендегі КҚК сапа банкі тек Теңізшевройл ғана емес, басқа да қазақстандық экспортерлер оның ішінде «Қарашығанақ интеграциялық ұйымы» мен біріккен «КННК-Ақтөбемұнайгаз» кәсіпорны да бағытталған. Ұзақ мерзімді перспективада КҚК құбыржолының Солтүстік Каспий шельфтерінен соңғы 5-6 жылда жылына 10 млн. тонна мұнайды әртүрлі кен орындардан игермек болып отырған ресейдің «Каспий мұнай компаниясының» экспорттық бір бөлігі жіберілмек.

     Атап өтілгендей КҚК құбыры –бүгінгі күнде ешбір проблемасыз және тұрақты түрде қазақстандық мұнайды Ресей аумағы арқылы тасымалдауға болатын бірден-бір мүмкінлік. «Теңізшевройл» қазіргі уақытта жылына 12 млн. тонна мұнай өндіреді, оның тек үші ғана «Транснефть» жүйесіне келіп түседі. Альтернативті тасымалдау жолдарына шығатын аздаған шығындарына қарамастан бұл вариант компания үшін барынша пайдалы болып табылады. Осындай себеппен «Теңізшевройл» КҚК мұнай құбыржолын іске қосқанға дейін Теңізден өндіру көлемін тежеп келеді. Қазақстан премьер-министірі Қасымжомарт Тоқаев мәлімдеген Қазақстанның приоритеті жүйесінде Теңіз-Новороссийск бағытындағы КҚК консорциумына беріледі. Шындығында бұл мұнай өндірісін екі есеге арттырады, 2001 жылдың ортасында-ақ 36 млн. тонаға жетіп отыр. ТНГ холдингінің басшысы Тимур Құныбаев КҚК іске қосу алдағы бес-жеті жылда қазақстандық мұнайды халықаралық рынокқа тасымалдау мәсілесін шешеді деп есептейді.

      Сөйтіп КҚК Қазақстанның экспорттық потенциалын біршама көбейтті. 2001 жылдың аяғында 2002 жылға қазақстандық көмірсутекті Ресей аумағы арқылы транзиттеу мәселесі шешілгеннен кейін (келісімге сәйкес Қазақстан алыс шет елдерге 10,5 млн. тонна мұнайды Атырау-Самара құбырымен экспорттамақ, тағы 4,5 млн.тонанны жақын шет елдерге және 2,5 млн. тонна Атырау-Махачқала-Новороссийск бағыты бойынша кетеді) қазіргі уақытта Қазақстанның жалпы экспорттық потенциалы 45 млн. тоннаны құрайды.

      Ресейдің жүргізіп отырған саясатын ескергенде «Мұнай мен газды тасымалдау» (МГТ) мемлекеттік компания өкілдерінің пікіріне сәйкес Қазақстан мұнайын өз аумағы арқылы Өзен-Атырау-Самара және Теңіз-Новороссийск құбыржолымен тасымалдау Қазақстан үшін 2006 жылға дейін пайдалы болмақ Олардың болжамдауынша, бұл кезеңде Қазақстан Ресей арқылы батыс бағытқа жылына 45-47 млн. тонна мұнайын шығара алады. Қазақстан үшін жобада бұдан басқа альтернативті бағыттар әзірге жоқ Олардың ойынша, Каспий мұнайын Закавказье мен Туркия арқылы тасымалдағанда КҚК-мен тасымалданғаннан әлдеқайда аз пайда әкелер еді. Мысалы КҚК-мен 20 млн тонна мұнай шығару Қазақстанға 2-2,5 млрд. доллар әкелсе түрік нұсқасы (Ақтау-Баку-Супса және одан әрі Джейханға дейін) 1,2-1,5 млрд. доллар берер еді. Қарастырлған жобалардың ішінде қазақстан транспортшылары үшін Ақтау-Баку-Супса-Джейхан бағыты мен Атырау-Кенқияқ-Құмкөл-Атасу одан әрі (Қытайдың) Алашанькоуға дейін теміржолмен тасымалдау біршама қызықты.

     Бірақ, Қазақстан премьер-министрі Қасымжомарт Тоқаев атап өткендей Каспий теңізінің Қазақстандық секторында аса ірі көмірсутек шикізаты табылғанда жалғыз КҚК-нің қуаты жеткіліксіз болады. Сондықтан астанада альтернативті: Баук-Джейхан, Қазақстан-Иран және Батыс Қазақстан-Қытай тыңғылықты түрде зерттеу жүргізілуде. Бұл мәселе жөнінде Қазақстан алдағы ешбір болатын жағдайларға қарамастан тек жобаның экономикалық және пайдасынан шығынын ғана қарастыруда.

      2.9  Баку-Тбилиси-Джейхан экспортты құбыржолы

     Әзірбайжан мұнайын тасымалдауға негізделген Баку-Тбилиси-Джейхан құбыржолының ұзындығы 1038 мильді құрайды. Оның 281 мильі (478километрі) Әзірбайжанның аумағына, 135 мильі (225 километрі)-Грузияға және 622 мильі (1038 километрі) Түркияға келеді. Жобаланған жіберу мүмкіндігі күніне 1млн. баррель мұнай деңгейіне немесе жылына шамамен 50млн. тоннаға есептелген. Құрылыстың баға құны 2,8-2,9млрд. долларды құрайды. Тәуелсіз эксперттер атап өткендей құбыржолы таулы аудандар арқылы өтетіндіктен оның бағасы көрсетілген бағадан минимум екі есе асып түсуі мүмкін. Бұл құбыр жолының құрылысын іске асыру 2004-жылға жоспарланған болатын.

     Бұл жоба оған аса қатты қызығушылық танытатын АҚШ, Түркия, Грузия және Әзірбайжан елдерін жұмылдыруда. Бұл жобаны жүзеге асыру Вашингтон тарапынан қолдау тауып түрік жағынан жасалуда.

     Түркияның каспий мұнайына экономикалық және стратегиялық пайдаға жақындауынан басқа Анкара дүниежүзілік саясатта өз рөлін көтеруде жаңа құралды белсенді түрде іздестіруде.

     Анкараның мүддесін Вашингтонның қолдауы бірқатар факторлардан туындаған. Оның қатарында, Түркия алдымен Таяу Шығыстағы АҚШ-тың өз одақтасы және НАТО-ның белсенді мүшесі болып табылады, бұл елді экономикалық пайдамен қамтамасыз еткісі келеді. Екіншіден, Вашингтон Ирак мұнайын экспорттауға санкция жариядан кейін 1991 жылы Парсы шығанағындағы соғыстың нәтижесінде зардап шеккен Джейхан портын экономикалық тұрғыдан қайта қалпына келтіріп, қолдау бермек.          

     Бұл порт арқылы президенті Хошбахта Юсифзаденің пікірінше, біріншіден, Қара теңізді мүмкіндігі дүниежүзілік рынокқа бағытталатын Ирак мұнайының басым бөлігі өшетінін атап кеткен жөн. Үшіншіден, Джейханға құбыржолын салу АҚШ әкімшілігіне мұнай компаниялары тарапынан көрсетілетін қысымды азайтып, Иранға, Каспий-Иран-Парсы шығанағы құбыржолының өте тиімді екендігінен, қойылған санкцияны  біршама жеңілдету мақсатында, Төртіншіден, АҚШ-тың каспий маңы мемлекеттерін мұнай экспорттауда Ресей тарапынан көрсетілетін қысымды, әсерді азайту болып табылады. Каспий аймағынан Ресей территориясын айнала өтетін басты мұнай құбыржолы Ресейдің бақылауынан бұл өлкені тыс етеді.

      Баку-Тбилиси-Джейхан бағытын АҚШ басшылығы тарапынан қолдау табуы 1997 жылы-ақ Вашингтонның сыртқы саясатындағы аса маңызды нысан ретінде алдын-ала асты сызылып қойылған мәселе болатын. Клинтон әкімшілігіндегі энергетика министрі Биил Ригардсон мәлімдегендей, «бұл жайғана тағы бір құбыржолы емес»,                                                                                      бұл - Американың ұлттық мүддесін алға жылжытатын стратегиялық рамкілер. Ресми Баку «Негізгі» экспорттық құбыржол жобасының көп басымдылығы бар деп есептейді. ГНКАР ұлттық компаниясының вице-президенті Хошбахта Юсифзаденің пікірінше, біріншіден Қара теңізді мүмкіндігі шектеулі екенін атап өтіп, Жерорта теңізіне тура шығатындығын айтады және оның төңірегінде энергия тасымалдауға қажеттігі басым елдердің орналасқандығын да атап көрсетеді. Екіншіден, Жерорта теңізі арқылы үлкен таңкерлер жүзеді, олардың көмегімен әзірбайжандық мұнайды әлемнің барлық түкпір-түкпіріне тасымалдау экономикалық тұрғыдан тиімді. Осы тұрғыдан алғанда Баку-Тбилиси-Джейхан бағыты президент Гейдар Әлиев тарапынан үлкен саяси көреендікпен ғана емес әзірбайжан мұнайын дүниежүзілік  рынокқа шығарып, ерекше «Жібек жолы» матстромды жобасы болатындығына таңдап алынғандығын атап кетуге болады.                                                             Осы жерде, құбыржолдарының өту трассаларындағы қауіпсіздік мәселесі де көңілге қону ұялатады. Грузин басшылығы мұнай-транзитінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерлерін жұмсауда. Түркияның шығыс аудандарында да тұрақсыздық көп.  Мұнда армиянның «Арменияны құпия азат ету армиясы» мен күрділердің бас көтерулері болуы мүмкін. 1995 жылдың көктемінде кең масштабта «Заря» атты Түркияның Ирактың солтүстігінде жүргізген операциясын сарапшылар Түркияның мұнай құбырының өз аумағында қаншалықты бақылай алатындығын көрсетті деп мәлімдеуде. Күрделі мәселесін түбегейлі шешуге мүдделі АҚШ, Түркия, Ұлыбритания сияқты елдер БҰҰ-на Ирак күрдістанын ерекше мандаттағы зона етіп бөліп алғысы келетіндіктерін жолдады. Кейбіреулер 1990 жылдардың ортасында БҰҰ Бас хатшысы Бутрос Бутрос Галиді АҚШ қызыметінен босатуға тырысып бағуының себебі БҰҰ тарапынан бұл жоспарды жүзеге асыруға енжарлық танытқандығынан деп айтуда. Онсызда бұл жоба іс-жүзіне асырылып, қолданылып жатсадағы Парсы шығанағындағы соғыс аяқталғаннан бері Ирактың солтүстігіндегі аумақтар бітімгершілік АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Нидерланд, Түркия армиясы тарапынан бақыланды.

      Әзірбайжан кен орындарындағы мұнай өндірушілерге қатысты олар әуел бастан-ақ бұл мұнай экспорт нұсқасына ашық қабақ танытқан болатын. Батыс мұнай компаниялары өккілдерінің жалпы пікірі бойынша Әзірбайжаннан жоспарланған мұнай экспорттарын басынан-ақ «Шеврон», «Экссон мобил» және «Бритиш Петролеум» компанияларының өкілдері ұстанған болатын. Жобаның экономикалық мазмұнын жақсарту үшін «Амоко» компаниясы Қазақстанға Қазақстаннан Каспийдің түбі бойынша мұнай құбырын салуды ұсынды. 1997 жылдың 2 қазанында Алматыда өткен Қазақстандық халықаралық мұнайгаз көрмесінде баяндама жасаған «Амоко Юрейша Петролеум» компаниясының төрағасы Чарльз Питман Каспийдің түбімен Бакуге дейін құбыржолын салу «Каспий төңірегіндегі инвесторлардың бір-біріне деген сенімін арттырудағы ең тамаша әдіс болар ед - деді. Бұл мәлімдеме Қазақстанды Баку-Джейхан бағытына қатыстыру мақсатында, алдағы 12 айда АМОК консорциум акционерлерін «Негізгі» экспорттық құбыржолы бойынша шешім қабылдауды жүктеді. 1998 жылдың 29 қазанында Анкарада АҚШ-тың энегетика министрі Билл Ригардсонның қатысуымен Түркия, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қазақстан, Грузия президенттері Баку-Джейхан құбыржолы жобасын жүзеге асыру жөніндегі келісімге қол қойды. Түркіменстан президенті бұл құжатқа қол қоймады бұл деклорацияға Қазақстан «Түркия Қазақстанан жылына 20 млрд. текше метр газ» сатып алатын болғандықтан қосылды. Баку-Джейхан бағытын таңдауға қысым жасау мақсатында түрік өкіметі Босфор және Дарданелла бұғаздарымен жүретін кеме қатынасына қатаң сақтандыру шараларын күшейтетіндігін білдірді.

Информация о работе Мұнай-газ ресурстарын пайдаланудың негізгі экономикалық-географиялық мәселелері және оларды шешу жолдары