Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 13:25, дипломная работа
Әртүрлі мұнай түрлерін кешенді пайдалану мәселесі және оны шешу жолдары. Қазақстан Республикасында мұнай-газ ресурстарын өңдеуді кеңейту мәселелері. Ішкі және экспорттық құбырлар құрылысының негізгі бағыттары. Каспийдің мұнай экспорт бағыттары. Баку-Новороссийск мұнай құбыржолы. Баку-Супса мұнай құбыржолы. Каспий порттары және транскаспий бағыттары.
Қазіргі уақытта Қазақстанда үш мұнай өңдейтін зауыт жұмыс істеп тұр - Атырау, Павлодар, Шымкент зауыттары, 1997 жылы олардың жалпы қуаттылығының 50 пайызы ғана жүзеге асырылды. 1998 жылы 7968,1 мың тонна өңделген мұнай өнімдері өндірілді, ол 1997 жылғы көрсеткіштен 9,8 пайызға төмен /19/. Алынған өнім құрылымында отындық мазут (38%) басым, одан кейін дизель отыны (31%), ал бензин өндірісі тек 22 пайызды құрады.
Республикада авиация бензині, қысқы дизель отыны, жағар май өндірісі жеткілікті дамымаған, осы өнімге деген сұраныс ТМД елдерінен тасымалдаумен қанараттандырылады.
Өндірілетін автокөлік бензинінің маркілері халықаралық стандарттарға сай келмейді және әлемдік рынокта бәсекелестікке қабілетті емес.
Атырау мұнай өңдеу зауыты — жергілікті шикізатпен жұмыс істейтін Қазақстандағы жалғыз зауыт. Оның жылдық қуаты 4,5 млн. тоннаны құрайды. Өңдеу тереңдігі 54,9 пайызды құрайды. АМӨЗ құрылысы 1943 жылы "Баджер" фирмасының (АҚШ) жобасы бойынша басталды, ал 1945 ж. қыркүйек айында алғашқы өнім шығарылды.
ЭЛОУ АТ қондырғыларын қайта құру және АВТ құрылысы арқасында мұнай шикізатын өңдеудің жылдық қуаттылығы 5,2 млн. тоннаға дейін жеткізілді.
Зауытта экспортқа шығаруға болатын тауарлы өнімнің мынандай түрлері өндіріледі: А-76, АИ-93 автокөлік бензиндері, уайт-спирит, қысқы және жазғы дизель отыны, УФС-Л-0,-2-10 ауырлатылған фракциялық құрамдағы дизелъ, пеш отыны, мұнай отыны (мазут), вакумды дистилянт, СПБ ТЛ тұрмыстық газы, КП-1 шынықтырылған коксы. Негізгі өнім өндіруде мазут өндірісінің үлесі басым (46,4%), ал бензин өндірісі 12,7 пайызды ғана құрайды (4-сурет).
1987 жылдан бастап зауыт халық тұтынатын тауарларды өндіруге бағыт алды. "Толқын", "Водолей" сұйық жуу құралдарының және "Веста", "Модена", "Диона" көпіршік жуу құралдарының өндірісі қолға алынды.
Қазіргі уақытта Францияның "Гидрокарбон инжиниринг" фирмасымен Атырау МӨЗ цехтарын қайта құру туралы келісім-шарт жасалынған. Зауыттың қайта құрылуы жылдық өңдеу көлемін қосымша 1 млн. тоннаға ұлғайтуға, ашық мұнай өнімдері алынуын 900 мың тоннаға көбейтуге мүмкіндік береді. Оған қоса, дизелъ отынын өндіру ұлғаяды, күңгірт мұнай өнімдерінің өндірісі азаяды. Мазуттың бір бөлігі сұйытылған газ өнідірісіне кетеді. Атыраудағы көршілес "Полипропилен" АҚ үшін қажетті шоғырланған пропилен өндірісіне артықшылық беріледі.
Павлодар мұнай өңдеу зауыты.
Зауыт Батыс Сібір кен орындарынан құбыр арқылы жеткізілетін мұнайды жылына 7,5 млн. тонна көлемінде өңдейді, зауыттың жобадағы қуаттылығы жылына 13 млн. тоннаны құрайды. Өңдеу тереңдігі — 82 пайыз, өндірілетін мұнай өнімдері — А-76, А-93, А-72 автокөлік бензиндері, дизель отыны, қазандық отыны, сұйытылган газ, кокс, битум және басқа да қосалқы өнімдер. 1992 жылы ПМӨЗ квота бойынша Батыс Сібірден алынуы тиісті 7,5 млн. тоннадан 1,1 млн. тоннасын алған жоқ. 1993-1994 жылы Батыс Сібірден мұнай жеткізілуі үзілгендіктен ПМӨЗ қуаттары тоқтатылды.
Қазақстанның өз-өзін мұнай өнімдерімен қамтамасыз етудегі әлеуетін жоғарылату мақсатында зауытты өз мұнайымызды өңдеуге көшіру және 2000 жылдан бастап жылдық өңдеу көлемі 13,0 млн. тонна болатындай етіп қайта құру ұсынылады. 1997 жылы "Павлодар МӨЗ" АҚ американдық ССЛ Ойл компаниясының концессиясына берілді. 6-суретті талдасақ, республиканың басқа зауыттарына қарағанда ПМӨЗ шығаратын өнім көбірек түрленеді, және ауыр қалдықтың (мазут) үлесі бұл зауытта жалпы республика бойынша алғанда төмен, ал бензин өндірісі 28,1 пайызды құрайды.
Шымкент мұнай өңдеу зауыты.
Шымкент МӨЗ-ы отын кестесі бойынша Батыс Сібір және Қазақстан
мұнайының жылына 6 млн. тоннасын өңдейді. Өңдеу тереңдігі 59%, келешекте — 85%. өндірілетін мұнай өнімдері — А-76.А-72 автокөлік бензині (17,5%), қысқы және жазғы дизель отыны (29,3%) ТС-3 отыны (4,4%), пеш отыны (43,4%), сұйытылған газ (1%), жоғалтулар — 3,6%. (5-сурет).
Шымкент және Павлодар мұнай өңдеу зауыттары үшін шикізат проблемасын шешудің екі жолы бар: бірінші жол — Ресеймен қалыпты сауда қатынастарын орнату; екіншісі — Қазақстанның батысынан шығысына дейін құбыр салу, ол республиканы Ресей шикізатына тәуелділіктен босатады.
Бірінші жол зауыттарды жұмыс ахуалында ұстап тұру үшін анағұрлым қарапайым және тиімді болып табылады. оның үстіне, Батыс Сібірде өндірілетін мұнайдың жылдық көлемі 300 млн. тоннаны құрайды, ал Шымкент және Павлодар мұнай өңдеу зауыттарының қажеттілігі Батыс Сібірде өндірілетін мұнай көлемінің 5-7 пайызын ғана құрайды.
Шетелдік сарапшылардың бағалауы бойынша, Ресей үшін де Сібір аймағынан мұнайды Таллинге немесе Новороссийскіге тасымалдағаннан гөрі Павлодар мен Шымкентке экспорттау тиімді болуы керек /70/.
Басқа жақтан қарағанда, Қазақстан өз мұнай өңдеу зауыттарында Қазақстандық мұнайды көп көлемде пайдалану жолымен Ресей мұнайына тәуелді болудан құтыла алады. Ол үшін Ақтөбе кен орындарынан Құмкөлге дейін және одан әрі Шығысқа қарай құбыр салу жолымен батыстағы мұнай кенорындарын шығыстағы мұнай өңдеу зауыттарымен жалғастыру керек. Бірақ, осы жолмен Қазақстанның мұнай шикізаты Павлодарға жеткізілуі үшін Сібірден келген құбырдағы мұнайдың бағытын кері өзгерту керек. Техникалық тұрғыдан қарағанда, оны жүзеге асыру мүмкін (бар сорғы стансаларын жаңартуға және құбыр бойындағы қысымның жаңа профилін тексеруге шығын жасаумен).
Алайда, Павлодар зауытын Қазақстандық мұнаймен қамтамасыз ету үшін мұнайды бар құбыр арқылы оңтүстіктен солтүстікке айдау туралы кез келген шешім мұнайдың Ресейден Шымкентке және одан әрі қарай Өзбекстан мен Түркменстанға жеткізілуін қамалайды. Сол кезде Қазақстан алдында тек өз зауыттарын ғана емес, Чарджоу зауытын қамту проблемасы туындайды.
Шетел сарапшыларының пікірі бойынша, ол жағдайда Қазақстан Ресеймен бәсекелесе алмайды, ал ол мұнай шикізаты экспортына әсер етеді, себебі, Қазақстандық мұнайды ішкі қажеттіліктерге пайдаланудың кез келген мүмкіндігі экспортқа сатылатын мұнайдың көлемін және соған сәйкес валюталық табыстың сомасын азайтады /20/.
Қазіргі күні мұнай өңдеушілермен, ғалымдармен және тәжірибешілдермен шешіліп жатқан негізгі мәселелердің бірі — мұнай ресурстарын терең және кешенді өндеу. Павлодар зауытының технологиялық нобайы осы мақсатқа айтарлықтай мөлшерде жауап береді. Осы зауытта жұмыс істеп тұрған каталикалық крекингі бар мазутты терең өңдейтін біріктірілген қондырғы ақшыл мұнай өнімдері өндірілуін өңделген мұнайдың 15 пайызына ұлгайтуға мүмкіндік береді. Сонымен бір уақытта мұнай-химия өнеркәсібі үшін шикізат өндіріледі. Нәтижесінде қазандық отынын өндіру өңделген шикізаттың 12 пайызын құрайды. Шымкент зауытында шикізатты терең өңдеу нобайы қолданылуының арқасында павлодар зауытына қарағанда ақшыл мұнай өнімдерінің салыстырмалы өндірісі көбірек, ал қазандық отынының өндірісі кем.
Мұнай өндірісімен газ өңдеу де тығыз байланысқан. Себебі, мұнаймен қатар ілеспе газ да өндіріледі, ал оның халық шаруашылығы үшін мағынасы зор.
Қазіргі уақытта республикада үш газ өңдеу зауыты пайдаланылуда: Теңіз, Қазақ және Жаңажол зауыттары. Олардың ішінде тек Қазақ ГӨЗ таза газ өңдеу зауыты болып табылады.
Жаңажол және Теңіз зауыттарында мұнайды дайындау және газ өңдеу жүргізіледі. Қазақ және Жаңажол зауыттарында газлифттік газ дайындау жүзеге асырылады.
Қарашығанақ кенорнын бірігіп игеру туралы "Аджип" және "Бритиш Газ" фирмаларымен жасалынған келісімнің шарттарына қарай газ өндірісі мен тұтынысының теңгеріміне айтарлықтай түзетулер енгізілуі мүмкін, себебі, өндірілген газдың қомақты бөлігі шетелдіктерге олардың кенорынды дамытуға салған инвестицияларын өтеу үшін берілуі мүмкін. Мұнай өңдеу өнеркәсібінің тиімділігі негізінде өңделетін мұнайдың тереңдігіне және өндірілетін мұнай өнімдерінің сапасына байланысты. Құрамында жоғарымолекулярлы қоспалары, металлдар және күкірт бар ауыр мұнай өндірісінің көлемі өсуіне байланысты жоғарыда аталған критерийлердің өзектілігі өсуде.
Қазақстанның мұнай өңдеу өнеркәсібі көмірсутекті шикізат терең өңделмеуінің, мұнайдан 40-50 пайызға арзан мазут, солярка өндірілуінің, халықаралық стандарттарға сай келмейтін және айтарлықтай төмен бағаланатын отын өндірілуінің салдарынан жыл сайын 15 млн. доллар шамасында шығын көруде.
Қазақстан мұнайының басым бөлігі елдің батысында, ал мұнай өңдеу зауыттары — солтүстікте және оңтүстікте орналасқан. Қазіргі уақытта осы зауыттар мұнаймен Түменнен қамтамасыз етіледі, сондықтан оларды отандық шикізатпен қамтамасыз ету, яғни тасымалдау мәселесі күрделі болып тұр. Осыған байланысты, республиканың ішінде мұнай-газ құбырларын құру проблемасы пайда болды.
2.3 Ішкі және экспорттық құбырлар құрылысының негізгі бағыттары
Мұнай өндірісін және мұнайды сату мақсатын жүзеге асыру кезінде мұнай мен газ конденсатын экспортқа және ел ішінде тасымалдау проблемасы ең күрделі мәселелердің бірі болып табылады.
"Қазақойл" ҰМК 2005 жылга дейін жұмыс істеп тұрған Өзен-Атырау-Үлкен Шаған, Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау, Өзен-Ақтау мұнай құбырларын, Өзен-Шаған, Сай-Утес-Қаламқас, Бейнеу-Өзен, Астрахан-Маңғыстау су құбырларын және құрылысы салынып жатқан Теңіз-Атырау-Астрахан-
Мысалы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде академик Лукьяновтың басқаруымен жабысқақ мұнайды тасымалдау процессінің математикалық үлгілері әзірленген. Олардың негізінде мұнай құбыры жұмысының бекітілмеген және бекітілген режимдерін болжау және оңтайландыру мәселелері, технологиялық шектеулер сақталуын бақылау мәселелері шешілуде, "ыстық" құбырдың қабырғалары парафинделуін зерттеу жүргізіліп жатыр /21/. Қысым функциясының, температураның, құбыр ішінде мұнай ағысы жылдамдығының көрсеткіштері, және де оны пайдаланудың құны жоғарыда тізілген мәселелердің негізгі өлшемдері болып табылады.
Әзірленген үлгі Өзен-Атырау магистралды мұнай құбыры өнеркәсіптік пайдаланылуына енгізілген.
Қолдағы нәтижелер жұмысты жоспарлауға, бақылауға және мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау көлігін тиімдірек пайдалануға мүмкіндік береді (айдау құнын, жағатын отын мен электр қуатының мөлшерін азайту, жұмысты тиісті режимде оңтайлы орындау және т.б.).
Мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдаудың технологиялық процесстерін автоматталған басқару жүйесін (ТП АБЖ) құру құбырды тиімді басқарудың келешегі болуы керек. ТП АБЖ-нің ерекшелігі оның автоматикалық режимде (жүйенің ахуалын бақылау, оперативтік басқару мақсатын орындау, мұнай құбыры жұмысының оңтайлы режимін таңдау) және диспетчер кеңесшісінің режимінде (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болжау мақсаттарын орындау) жұмыс істей алатындығында. Ол нысанды басқарудың сапалы жаңа деңгейін, материалдық және шикізат ресурстары айтарлықтай үнемделуін қамтамасыз етеді, ақаулы ахуалдарды болжауға, оларды жоюға және экологиялық қиындықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Мұнай-газ өнеркәсібінің экспортынан тәуелсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Батыс Қазақстан — Құмкөл мұнай құбырын құру жоспарланды, ол қазіргі Павлодар — Шымкент, Құмкөл — Қарақойын мұнай құбырлары арқылы Теңіз, Маңғыстау, Жаңажол, Құмкөл мұнайымен қамтамасыз етілуі керек. Батыс Қазақстан — Құмкөл мұнай құбырының ұзындығы таңдалатын бағытқа қарай 1200 километр шамасында, өнімділігі — жылына 19-23 млн. тонна. Мұнай құбыры құрылысының екі кезеңі қарастырылуда: біріншісі — Атырау-Кеңқияқ учаскесінде (диаметрінде — 700 м, өнімділігі — жылына 7 млн. тонна), екіншісі — Кеңқияқтан Құмкөлге дейін (диаметрі — 900 м, өнімділігі — жылына 10-23 млн. тонна) /22/.
2010 жылға құрылысы салынуы жоспарланған ішкі магистральды мұнай құбырларының және мұнай өнімдері құбырларының тізімі 6-кестеде көрсетілген.
Павлодар-Семей-Өскемен мұнай өнімдері құбырларының құрылысында Қазақстанның шығыстағы облыстарын мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуді қарастырады. Оңтүстіктегі облыстарды қамтамасыз ету үшін Шымкент-Тараз-Алматы мұнай өнімдері құбырының құрылысы белгіленген. Ақтау-Бейнеу мұнай өнімдері құбырының құрылысын салу жобасы жобадағы Маңғыстау МӨЗ-ың өнімін тасымалдау үшін белгіленген, өкінішке орай, оны жүзеге асыру үшін қаржы жетпегендіктен жоба тоқтатылған.
Орталық және Солтүстік облыстары үшін мұнай құю пункті пайдаланылуымен және Петропавл-Астана, Травники-Қостанай-Аманқарағай желілері қосылуымен Павлодар МӨЗ-нан Астанаға дейін мұнай өнімдері құбырын салу қажет. Ол үшін Павлодар-Астана мұнай өнімдері құбырын Қостанай облысындағы Аманқарағайға дейін созып, екі бар мұнай өнімдері құбырын қайта құру керек, ол мұнай өнімдерін кері айдауға мүмкіндік береді. Аталған шаралар аяқталғаннан кейін Ақмола, Солтүстік Қазақстан (жартылай), Қостанай облыстары үшін Ресейден мұнай алу қажеттігі жойылады.
Газ тұтыну мәселелерін тезірек шешу үшін жуық арада Қарашығанақ-Ақтөбе және Урихтау-Ақтөбе газ құбырларын салу тиімдірек көрінеді, ол газ құбырлары Қарашығанақ және Урихтау газын қазіргі Бұхара-Орал газ құбырына беруге мүмкіндік береді. Ол жағдайда газды Арал төңірегіндегі қуат ресурстарының тапшылығын сезінген, экологиялық тұрғыдан нашар аймақтарра Соленая-Ленинск магистралды газ құбыры арқылы және одан әрі Қызылорда мен Түркістанға дейін бағыттауға болады (Кесте 9).
Келешекте республиканың батыс аймақтарын солтүстіктегі облыстармен жалғастыратын Красный Октябрь-Арқалық-Астана газ құбырының құрылысы қарастырылған. Бекітілген ТЭН негізінде Богандинка-Есіл-Петропавл-