Мұнай-газ ресурстарын пайдаланудың негізгі экономикалық-географиялық мәселелері және оларды шешу жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 13:25, дипломная работа

Описание работы

Әртүрлі мұнай түрлерін кешенді пайдалану мәселесі және оны шешу жолдары. Қазақстан Республикасында мұнай-газ ресурстарын өңдеуді кеңейту мәселелері. Ішкі және экспорттық құбырлар құрылысының негізгі бағыттары. Каспийдің мұнай экспорт бағыттары. Баку-Новороссийск мұнай құбыржолы. Баку-Супса мұнай құбыржолы. Каспий порттары және транскаспий бағыттары.

Работа содержит 1 файл

Дипл МҰНАЙ-ГАЗ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ НЕГІЗГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ.doc

— 348.50 Кб (Скачать)

 

2.4 Каспийдің мұнай экспорт бағыттары.         

       Кеңестік кезеңде Каспий маңында өндірілген мұнай КСРО-ның тек жалғыз солтүстік бағыттағы құбыр жолымен тасымалданып елдің тұтас халық шаруашылық кешенінде пайдаланылды, сонымен бірге экспортқа шығару кезінде батыс сібірлік сорттармен араластырылып отырылды.

   Жаңа Каспий маңы мемлекеттері мұнай мен газды өндіру және экспорттау көлемін ұлғайтуға байланысты жеке-дара өзіндік саясат жүргізе бастағаннан кейін, олардың өндірген көмірсутектерін сыртқы рынокқа тасымалдап шығаратын мықты құбыр жолдарының болмауы олар үшін осы саладағы басты қолбайлау болды.Мәскеу тарапынан құбырлардың мұнай өткізу қуатының шектеулілігі, қойылған тариф проблемаларымен Ресей және Каспий мұнайының бір-бірімен сәйкес келмеуі сияқты ойлап табылған сылтаулар Каспий мұнайын экспорттауды шектеуге байланысты мәселелерді тудырды.

     Каспий маңының құрлық ішінде шектеліп жатуы және Дүниежүзілік мұхитқа шыға алмауы сияқты өзіндік географиясындағы ерекшелікке байланысты Каспий көмірсутектерін экспорттық тасымалдаудың бірден бір ыңғайлы жолы құбыр жолы болып табылады.Бірақ аталған географиялық ерекшелік экспортық құбыр жолдарын салуға өте қымбат түсетіндігі белгілі.Экономикалық тұрғыдан алғанда күрделілігінен басқа,осы аймақтың елдері үлкен геосаяси мәселелерге ұшырады,ол ең алдымен Каспий теңізінің құқықтық мәртебесімен осы су айдынының түбіндегі ресурстарға иелік мәселесі,сонымен қатар аймақтағы дау-жанжалдармен қатар оған шекаралас аймақтағы саяси тұрақсыздықтар нәтижесінде,экспорттық құбыр жолдардың болмауы Каспий маңы мемлекеттерін шетелдік мұнай компанияларымен бірігіп жаңа кең орындарды игеруін баяулатты.

     Әуел бастан Каспий көмірсутегін тасымалдау үшін тек жалғыз ғана Баку-Новороссийск мұнай құбыр жолы болды.Аймақтан мұнай экспорты көлемінің ұлғаюы үшін оның қуаты анық жеткіліксіз еді.Онан басқа үлкен саясатта да,сонымен қатар компаниялардың өзіндік саясаттарыда сыр бере бастады.Атап айтқанда,Ресей үкіметімен ресейлік "Транснефть"құбыр жүйесі компаниясының операторы Каспий мұнай жобасын жасаушылар үшін көптеген тиімсіз кедергілер келтірді.Осыған орай 1990-шы жылдары барлық Каспий аймағында зертеулер мен өндірістік қызмет жүргізуші компаниялар бірқатар альтернативтік экспорттық құбыр жолдарын саудалауға маңызды рыноктардың орналасқан жерін ескеріп (Оңтүстік Жерорта теңізі,Оңтүстік Азия,Оңтүстік-Шығыс Азия)және теңіз транспорттық магистральдарды ескеріп (Қара-Жерорта теңізі,Парсы шығанағы-Орнус бұғазы-Үнді мұхиты,Балтық теңізі) барлық географиялық бағыттарға өз ұсыныстарын білдірді.Оған бір-бірімен оқшаулана шоғырланған-қазақстандық солтүстік-шығыс Каспий,Әзірбайжандық батыс-орталық Каспий,Түркімендік орталық-шығыс және оңтүстік-шығыс Каспий кен орындарының географиялық тұрғыдан Каспий төңірегінде шашыраңқы орналасуы түрткі болды.

    1997 жылдан бастап Каспий мұнайын экспортаудың басты бағыты ретінде шығысқа қарай теңіз және темір жол көлігін пайдалану саналды.Грузия транзиті Қара теңіз жағалауына дейін салыстырмалы түрде алғанда арзан және уақыт тұрғысынан қысқа мерзімде мұнайды тасымалдауды қамтамасыз етті.Қазақстан мен Әзірбайжаннан Грузия аумағы арқылы темір жол көлігімен 1999 жылы күніне 50 мың баррель,ал 2000 жылы күніне 70 мың баррель мұнай транзиттелді.

    Біртіндеп,реконструкциялық жұмыстарды атқару барысында кеңестік кезеңнен бар Грузия аумағы арқылы өтетін сыйымдылығы аз құбыр жолдары да пайдаланыла бастады.Олардың ішінде негізінен Хашури-Батуми және Гарбадани-Батуми құбыр жолдары болды.1999 жылы “бұрынғы”үлкен әзірбайжан мұнайы көп көлемде Баку-Супса жаңа құбыр жолымен тасымалдана бастады.

     Жалпы алғанда үш географиялық бағыттағы Каспий мұнайын алты вариантта тасымалдау  болжанды.Олардың барлығы мүдделі жақтың жоспарында қаралуда және қазіргі уақытта олардың кейбіреуі жүзеге асырылып та үлгерді. Біріншісі батыс бағыт болып табылады - Қара теңіз жағалауына қарай Грузияның Супса портын пайдалану арқылы. Бұл бағыттағы Каспий мұнайын тасымалдау екі маршрут бойынша жүзеге асырылуда: Баку-Супса құбыр жолымен және Хашури-Батуми және Гарбатани-Батуми кіші құбыр жолдарын пайдалану арқылы темір жол көлігімен.Сонымен бірге екінші Грузия және Туркия аумағы арқылы жерорта теңізіне қарай бағыт бар.Бұл маршрут "негізгі"жоспарланған Баку-Джейхан құбыр жолына негізделген.Үшінші бағыт солтүстік және солтүстік-шығыс,ол Ресей аумағы арқылы транзиттеуді көздейді.Мұнда бірнеше маршруттар бар: Атырау-Самара, Баку-Новороссийск құбыр жолдары және КҚК Теңіз-Новороссийск құбыр жолы.

     Бұдан басқа тағы сегіз мұнай тасымалдау маршруттары қарастырылуда. Олардың қатарында екі солтүстік бағыт бар.Біреуі Ресейдің" Транснефть"компаниясы ұсынған Балтық құбыр жолы жүйесі (БҚЖ),ол Приморскге дейін (Ленинград обылысы) тасымалдауды көздейді,онда Балтық теңізінде Ресейдегі бірінші мұнай өткізу терминалы салынған.Келесі бір Қазақстан мұнайын Балтық теңізіндегі Литваның Бутинге портына дейінгі тасымалдауды көздейді.Солтүстік-Батыстық екі бағыт бар - Адриат теңізінің портына қарай,атап айтқанда ресейдің "Достық" құбыржолын пайдалана отырып хорваттың Омисали портына экспортталатын вариант бар,сонымен қатар Қазақстан және түркімен мұнайын баршаларымен ресейдің Махачқала және Астрахан порттарына және одан әрі құбыр жолымен немесе теміржол көлігімен қара теңіздің Новороссийск және Туансе порттарына дейін.Оңтүстік бағыт Иран аумағы арқылы өтеді және Каспий кен орындарын иранның ішкі құбыр жолы жүйесімен байланыстыратын Қазақстан-Түркіменстан-Иран және Әзірбайжан құбыр жолының құрылысын салуды көздейді.Жоспарда сонымен бірге Оңтүстік-батыс (Түркіменстан-Ауғанстан-Пәкістан құбыржолы ) бағыттары бар. Каспий теңізінің түбі арқылы жүргізілетін транскаспий құбыры өте қымбатқа түспек, ол Каспий теңізінің әртүрлі жағалауларындағы кен орындарды жоғарыда айтылған құбыржолдарымен қоспақ.

 

          2.5 Баку-Новороссийск мұнай құбыржолы

Баку-Новороссийск “солтүстік”экспортты құбыржолының ұзындығы 1147 километрді, құбырдың диаметірі-720 метрді құрайды.Қуаты –жылына 7 млн тонна мұнай, ол жылына 18 млн тоннаға дейін өсу мүмкіндігі бар.Транзиттік  тарифі әр баррельіне 2.14 долларды немесе әр тоннасына 15,67 долларды құрайды.Құбыржолын іске қосу операторлары ресейлік “Транснефть”компаниясы (Ресей аумағында) және АМОК консорциумы (Әзірбайжан аумағында) болып табылады.                                                             1996-1997 жылдары американдық “Петрофак”компаниясы “солтүстік”мұнай құбырының әзірбайжандық учаскесін  модернизациялауға  және реверсирлеуге 56 млн доллар инвестиция жұмсады.Осыған ұқсас жұмыстар ресей аумағында “Транснефть”компаниясының тарапынан да жүргізілді. «Транснефть» мамандары жүргізген негізгі техникалық жұмыстар құбыр трассасы бойындағы жабдықтарды да қамтып, 27 километрлік (10 және 17 километірлік екі учаскені) жаңа құбыр жолының бір бөлігінің құрлысын Бакуге қарай қажет болған жағдайда “бұруға”болтын жұмыстарын атқарды.Ресей компанияларының жалпы салған күрделі қаржысы осы операцияға шамамен 50 млн долларды құрады.                                                        Әуел бастан-ақ Новороссийскіге Каспий мұнайын тасымалдау жөніндегі келіссөзде бүкіл жоба тек АМОК концорциумы мен Әзірбайжандық ГНКАР ұлттық мұнай компанияларында басқа контрактілік мұнай экспорт жолдары жоқ деген ой қалыптасты.Сол кезде Баку-Новороссийск құбыр жолын алмастыратын әзірбайжандық экспортерлерде басқа құбыржолы болмағаны рас,ол 2002 жылға дейінгі 1996 жылғы 18 қаңтарда Әзірбайжан-Ресей үкімет аралық қол қойылған келісімнің басты пункттерін алдын-ала айқындады.       

      Оның шарты бойынша “Транснефть” компаниясы тасымалдаған құбыржолындағы мұнайдың әрбір тоннасы үшін 15,67 доллар мөлшерде тариф алған.Бұдан басқа Әзірбайжан жағы 1998 жылдан бастап 1,5 тонна мұнайды Новооссийскіге жіберіп,оның жыл сайынғы мөлшерін ұлғайта отырып 2002 жылға қарай жылына 5 млн тоннаға дейін жеткізуді көздеді.

  1998 жылы Әзербайжан мұнайын экспорттау көптеген дау-жанжалдарға ұласты,онда негізінен Шешенстан," Транснефть",АМОК және ГНКАР болды.Ичкерияның ресми және жартылай ресми өкілдері Мәскеумен қаржы және саяси қырғи қабақтарын пайдалана отырып құбыржолын бірнеше рет өздігінен жауып тастап отырыды.Тек 1998 жылдың ортасына қарай АМОК акционерлері ай сайын 350-400 мың тонна мұнай жөнелтуге қолдары жетіп Новороссийскіге 60-120 мың тонна мұнай бойынша ай сайын жөнелтетін “солтүстік”экоспортқа ГНКАР-да белсенді түрде қосылды.Тағы 500 мың тоннаны ГНКАР компаниясы жөнелтті Бірақ 1998-1999 жылдардағы болған ғаламдық мұнай бағасының дағдарысы Баку-Новороссийск құбыр жолы бойынша тасымалданатын әзірбайжан мұнайын тұрақсыздандырды.Бұл жағдайда АМОК консорциумы альтернативті Баку-Супса құбыржолының іске қосылу жұмысын жеделдетті.

        Жалпы алғанда Баку-Новороссийск құбыржолының толығымен пайдаланылмауы Шешенстандағы әскери-саяси жағдайға,Шешенстан аумағындағы транзиттік ставканың белгілену шамасындағы келіспеушіліктерге байланыста болды.Бұл жағдайда “бұрынғы”күн сайын 70-мың баррельмен өтетін әзірбайжан мұнайы Шешенстанды айнала теміржол көлігімен Дағыстаннан ресейдің Ставрополь қаласына тасымалданды,онда Новороссийск құбырына қайта құйылып,жіберілді.

       1999-2000 жылдары “Транснефть”Дағыстан аумағы арқылы өтетін ұзындығы 312 километр және өткізу мүмкіндігі күніне 120 мың баррель болатын солтүстік құбыржолының құрлысына шамамен 140 млн доллардай қаржы инвестицияланды.

       Жалпы алғанда Баку-Новороссийск құбыржолы өзі арқылы күніне 360 мың баррель мұнай өткізе алады,сөйтіп Әзірбайжан, Ресей және Түркіменстан үшін тағы қосымша экспорттық мүмкіндіктер туғызады. Әйтсе де 2000 жылғы Баку-Новороссийск құбыржолы арқылы күніне орта есеппен 10 мың баррель мұнай айдалған.Бұл жағдай, ресейлік құбыржолының операторы “Транснефтьтің”Әзірбайжанды айнала өтетін құбырмен мойнына алған мұнайды экспорттау бойынша өз міндеттемесін орындамады деп айыптауға түрткі болды. Бұдан кейін 2001 жылдың алғашы екі айында ГНКАР ол бойынша күніне 24 мың баррель мұнай тасымалдай бастады. АМОК болса бұл құбыржолын өз мұнайын экспорттау үшін пайдалануға әлі де қалыс қалып отыр,себебі онымен мұнай тасымалдау көп уақыт алады,оның құны Баку-Супса құбыржолы бойынша тасымалданатыннан жоғары. Сонымен бірге Новороссийскімен үзеңгілес Каспийлік АМОК мұнайы ресейлік біршама арзан сортты мұнаймен араласады, ол оның құнын төмендетеді.

      Ресей Баку-Новороссийск құбыржолы бойынша әзірбайжан мұнайының тасымалдануын экономикалық тұрғыдан дұрыс екендігін көрсетіп, оның қуатын өсірген жағдайда Баку-Джейхан бағытымен жобаланған негізгі Әзірбайжандық мұнай экспортының өзіндік құны екі есе төмен болатынына, яғни әр баррельі үшін 3 доллар жөнінде есептелетінін айтады.

 

        2.6  Баку-Супса мұнай құбыржолы.

       Әзірбайжанда ғасыр “келісімі”шартты жасалғаннан соң АМОК консорциумы құрылды,бұл жаңа жоба әрқайсысы өзінің экспорттық мұнайын бақылауды толық қамтамасыз ететіндігін көрсетті.Осыған орай жаңа құбыр жолының құрлысын салу тек уақыт еншісіндегі мәселе ғана болды. Жобаланған мұнай өндірісінің қуаты үшін ұзақ уақыт керектігін ескергендіктен, 1980 жылдардың екінші жартысында “бұрынғы”деп аталатын аз көлемдегі Әзірбайжан мұнайын тасымалдау үшін аралық экспорттық құбыр жолының құрылысын жеделдетіп жүргізу мәселесі көтерілді.

     1996 жылдың 8-наурызында Әзірбайжан президенті Гейдар Әлиев пен Грузия президенті Эдуарт Шеверднадзе “бұрынғы”мұнайдың бір бөлігін тасымалдау жөніндегі келісімге қол қойды, ол Әзірбайжанды АМОК концорциумы тарапынын өндіріліп, Бакудан Грузия аумағы арқылы грузиннің Қаратеңіздегі Супса портына жөнелтіледі. Батыс экспорттық Баку-Супса құбыржолының ұзындығы 857 километрді құрайды. Диаметрі-24 дюйм. Қуаты күніне 115 мың баррельге дейін, ол оның мүмкіндігін жылына 10-12 млн тоннаға жеткізуге болады.Транзиттік тарифы әр баррельі үшін 0,17 долларды немесе әр тоннасына 1,20 долларды құрайды. Құбыржолының операторы АМОК конциорциумы болып табылады.

     АМОК кәсіпорнын құрушы грузиндік халықаралық мұнай компаниясы 1979-1980 жылдары салынған Сомгари-Батуми құбыржолын жөндеуден өткізіп, құны 565 млн доллар тұратын Супса портына мұнай құю терминалын салды. Жалпы 565 млн. доллар болатын жаңа құбыржолын салуға шыққан шығынның 370 млн. доллары грузин учаскесіндегі құрылыс жұмысына және 190 млн. доллары Әзірбайжандағы жұмысқа жаратылды. Грузия аумағында біршама көлемді обектілер бой көтерді. Супсадағы мұнай терминалы, мұнай құю платформасы (олардың жалпы құны 100 млн долармен бағаланады.),су асты құбыржолы, бес компрессорлық стансиялар.Супсадағы мұнай терминалы әрқайсы сыйымдылығы 250 мың баррель мұнай болатын төрт резервуарды құрайды. Баку-Супса мұнайқұбыры 1999 жылдың сәуір айында толығымен іске қосылды. Грузия үкіметі құбыржолымен өтетін мұнайдың әр баррельі үшін 18 цент мөлшерінде транзиттік төлем алады.

    “Батыс”құбыржолын 1998 жылдың желтоқсан айында іске қосарда АМОК,ГНКАР,Шешенстан мен “Транснефть”арасындағы қатынас жағдайы шиленісіп кетті.Сол кезде жұмыс істеп тұрған жалғыз ғана Баку-Новороссийск құбыржолында келісілген мұнайды тасымалдаудың тоқтатылуы миға симайтындай шектен шықты, және АМОК “бұрынғы”мұнайдың өндіріс көлемін Чираг кен орнында тежеуіне тура келді. Көп кешікпей Мәскеу өзінің 153 километрлік Баку-Новороссийск құбыржолында Әзірбайжан мұнайын жөнелткені үшін талап ететін транзиттік ақшаны Грозныйға қысым көрсетуге нақты қолданатын шарасы болғандығын мойындады.Баку-Супса құбыржолын іске қосу қарсаңында АМОК басшылығы  Транснефтьтің “северный”құбырын іске қосуға шамасы келмейтіндігін және бұл бағыт бойынша транзиттік тарифі жөнінде келісім-сөзді бастады. Жүргізілген келіссөзде консорциимның келтірілген аргументі барынша салмақты болды: іске қосылмақ болып тұрған Баку –Супса құбыржолындағы транзиттік тариф әр тоннасына 1,24 долларды (әр баррельі үшін 0,17 доллар) құраса, Баку-Новороссийск құбыржолында ол әр тоннасы үшін 15,67 долларды (әр баррельі үшін 2,14 долларды құрайды), әзірбайжанның мұнайының сапасына қарағанда әлдеқайда төмен болуына байланысты Новороссийскіде әзірбайжан мұнайына ресейдің экспорттық мұнайын араластыру себепті ресей тарапынан “сапа банкі”механизімін қабылдағысы келмеуі: Баку-Новороссийск жолының шешен бөлігінде жағдайдың тұрақсыздығы мен “Транснефть” тарапынан нақты кепілдіктің болмауы. Сайып келгенде Баку-Супса батыс құбыржолымен мұнай тасымалдағанда экспортерлер мұнайдың әрбір баррельінен 5 доллардан пайда табатындығын консорциумдағылар есептен шығарды. 1998-1999 жылдардағы мұнай дағдарысында мұнайдың әр баррельі 9-10 долларға жеткенде, бұл басымдылық басты фактор болып табылды.

     Мұның барлығы консорцум жетекшілерінің пікірінше “Транснефтьтің” тарифін түсіруге бағытталды. Өз кезегінде Ресей жағында тек бір ғана бетке ұстары болды, жалпы алғанда ол АМОК-тың барлық аргументтерінен асып түсті." Транснефть" консорциуммен келіссөзді бұзып,әзірбайжан жағы айдалатын мұнай көлемін өсіруді жоспарлап отырған жоқ, сол себепті компания “солтүстік” экспорттық құбыр жолының тарифін төмендеткісі келмейтіндігін айтты. Сонымен бірге,АМОК акционерлері “батыс”Баку-Супса құбыржолының іске қосылуына байланысты көмірсутектің басты бөлігі осы бағыт бойынша бағытталатындығын да жасырмады.

Информация о работе Мұнай-газ ресурстарын пайдаланудың негізгі экономикалық-географиялық мәселелері және оларды шешу жолдары