Мұнай-газ ресурстарын пайдаланудың негізгі экономикалық-географиялық мәселелері және оларды шешу жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 13:25, дипломная работа

Описание работы

Әртүрлі мұнай түрлерін кешенді пайдалану мәселесі және оны шешу жолдары. Қазақстан Республикасында мұнай-газ ресурстарын өңдеуді кеңейту мәселелері. Ішкі және экспорттық құбырлар құрылысының негізгі бағыттары. Каспийдің мұнай экспорт бағыттары. Баку-Новороссийск мұнай құбыржолы. Баку-Супса мұнай құбыржолы. Каспий порттары және транскаспий бағыттары.

Работа содержит 1 файл

Дипл МҰНАЙ-ГАЗ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ НЕГІЗГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ.doc

— 348.50 Кб (Скачать)


2 МҰНАЙ-ГАЗ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ НЕГІЗГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ         ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ.

2.1  Әртүрлі мұнай түрлерін  кешенді пайдалану мәселесі  және оны шешу жолдары.

Кешенді пайдалану - ресурстарды толықтай шығару және барлық пайдалы компоненттерді алу (мүмкіндігінше), сонымен қатар әзірлеу кезінде жаңа технологияларды қолдану деген мағынаны білдіреді. Ғылыми-техникалық дамудың қазіргі деңгейінде пласттардан орташа алғанда 35-40 % ғана мұнайдың геологиялық қорлары шығарылады. Сонымен, «қара алтынның» көп бөлігі жер қойнауында қалып қояды. Көмірсу ресурстарының жаңғыртылмауына байланысты қазіргі уақыттағы ең қиын және көкейкесті мәселе – ол пласттардан мұнайды шығару. Себебі, геологиялық құрылымы күрделі коллектор пласттағы бар мұнай кеніштері әзірлеуге енгізіліп жатқандықтан, соңғы жылдары мұнай беру төмендеуде. Оларда құрамында парафинді, асфальтсмолалы және күкіртті қосындылар бар, жабысқақтығы жоғары және көп мұнай түрлері бар. Көмірсу көзінің айтарлықтай терең жатуы, пласттылы қысымдар және температуралар, осы және т.б ерекшеліктер әрине кенішті әзірлеуді қиындатады. Продуктивті пласттарға суландыру арқылы дәстүрлі әдістерді қолданып, мұндай мұнайды шығару тиімділігі күрт төмендейді. Қорлардың құрылымы бойынша кеніштер өнімділігі жоғары және тиімділігі аз болып бөлінеді. Әдетте қиын шығарылатын мұнай қорлары өнімділігі жоғары кеніштермен қатар (барлық қорлардың 35 төмен %) тиімділігі аз кеніштерде де (65 %-дан 100 % қорларға дейін) болады /15/. Осыған сәйкес пласттардан мұнай шығаруды жоғарылату әдістері (МЖӘ) әртүрлі: суландыру, беткі-белсенді заттарды айдау, буды, жоғарғы қысымды газды, полимерді, ішкі пласттылы жану және т.б пайдалану арқылы. Бұл әдістер физико-химиялық (ПАВсуландыру, полимерлермен, сілтілермен, күкірт қышқылымен, көпіршік және т.б); жылулық (мұнайды ыстық сумен ығыстыру, бумен, пласт іші жануы); газды (пластқа көмірсулы және көмірсусыз газды құю, мысалы, жоғарғы қысыммен және сугазды қоспалармен оттегінің диоксиді) болады. /10/.

МЖӘ-де ең озықтары болып екі топ саналады: а) екілік  (гидродинамикалық), пласттағы сұйықтың фильтрациялы ағындарының өзгеруімен стандартсыз суландыру, сұйықтың форсирленген іріктелуі және геолого-физикалық МЖӘ жатады; б) үштік, бұған 30-дан астам технология кіреді: жоғарғы-белсенді заттарды шайқау, күкірт қышқылын, полимерді, целлюлоза эфирлерін шайқау, полимерлі-дисперсті жүйелерді, мұнай және суды, тұздарды, азотты, фосфорды және әртүрлі микроорганизмдердің өнеркәсіптік штаммдарын шайқау./15/. Кез-келген белгілі МЖӘ тек нақты геолого-физикалық жағдайларға және мұнай кенішін әзірлеу кезеңіне сәйкес келетін технология уақытында және арнайы техникалық құралдардың сапасы анықталған кезде ғана тиімді.

Әрине, объекттер және әртүрлі МЖӘ қолдану көлемдері көбіне сол немесе басқа әдісті жүзеге асыратын қажетті материалды техникалық құралдардың бар болуымен анықталады. Көптеген әдістердің жеке сипаттамасы  жұмыста көрсетілген. /16/.

Көбінесе сол немесе басқа технологияны пайдалану критериі және шарттары сынау жолымен іріктеледі, бұған көп уақыт және қаржы жұмсалады. Осыған байланысты, соңғы уақыттарда көбіне математикалық модельдеу енгізілуде, сонымен қатар кенішті пайдаланудың ғылыми негіздерін әзірлеу үшін, шешім қабылдауды қолдау жүйесі (ШҚҚЖ) деп аталатын білікті кадрларды дайындау жургізілуде./17/.

ШҚҚЖ-де «Мұнай беру» шешімін қабылдау жүйесі типті сызба бойынша жүзеге асырылады: мәселелі жағдайды  талдау; шешімді қабылдау мақсатын қалыптастыру; шешім варианттарын, бағалау критерилерін құру; модельдерді әзірлеу және бірлік критерилер бойынша  шешім варианттарын бағалау; неғұрлым алдын - ала  шешімді таңдау; шешімді реализациялау және нәтижелерді талдау.

Пластқа әсер ететін таңдалған технологиялар үшін  бастапқы шарттарға  қарап стратегиялар үлгіленеді және олардың әрқайсысы төрт критерилер бойынша  бағаланады; шығын, пайда, уақыт, тәуекел.

Сонымен бірге, « Мұнай беру» ШҚҚЖ пайдалану мұнай өндіретін  кәсіпорындарға пласттардың мұнай беруін жоғарылататын ең жақсы технологияны таңдауға көмектеседі.

Қазақстан мұнайының құндылығын келесі көрсеткіштермен сипаттауға болады. Мысалы, Совет уақыты кезінде жасайтын жобалау институттардың мәліметтері бойынша  өнімнің жиынтық шығымын бағамен есептегенде Жетібай мұнайынан 2 есе, Өзеннен 1,8 - 2,0, Жаңажол  4-3, Теңіз және Көлсары- 4-5, Доссор- 2,5 есе  шикізатқа бекітілген көтерме бағаның деңгейінен жоғары болды.  Келісім шартты қорытындылау кезінде  жүргізілген соңғы есептеулер бойынша Теңіз кенішінің мұнайының әр тоннасының нақты құндылығы 200 долларды құрайды, сол уақытта шикі мұнайдың бөлшек саудадағы ең жақсы бағасы бір тоннаға 120 долларды құрағанеді. Бірақта соңғы уақытқа дейін реализациялау кезінде сапалық сипаттамалары  ескерілмейді, осыған қарай әр тоннаға төлем мұнайдың әр түріне бекітілген баға бойынша жүргізіледі.

Республиканың мұнай-газ ресурстарын кешенді пайдалану үлкен нәтижелерге жеткізе алады. Мысалы, Теңіз кенішінің мұнай және газының терең өңдеуінің жиынтық бағасы 1 т. шикізатқа 931 долларды құрай алады, бұл тазаланбаған ресурсты реализациялаудан 4,0 – 4,5 есе жоғары болуы мүмкін. Сонымен бірге, қолда бар технологиялық схемалар бойынша құндылығы жоғары Қазақстан мұнайынан өнімнің ең төменгі бөлігі ғана шығарылады. Қазан отыны ретінде пайдаланылатын қалдықтың үлес салмағы тым жоғары. Болашақта өз мұнайымызды бұлай пайдалану әдісі өзгертілуі тиіс.

Дамыған мұнай-газ өндіру кәсіпорны бар әлемнің барлық елдері Қазақстандікі сияқты көмірсу шикізатына бай жерден ( этан-пропан-бутан және т.б фракциялардың жоғары болуы, кәсіпорынға қажетті қолданылатын қосындылар ), көп мөлшерде жоғары және төменгі қысымдағы полиэтилен , әртүрлі қолданысқа ие полистирол, синтетикалық талшық, полимерлі материалдар алуға тырысады. Бұлардың барлығы мұнай-химиялық процесс нәтижесінде ондаған мың дайын бұйымдарға айналады, сонымен бірге ішкі және сыртқы рынокта жоғары сұранысқа ие болады. Мысалыға айтуға болады: полипропилен – бұл машиналар және ұшақтар салоны, өнеркәсіп бұйымдарының, құрылыс материалдарының, халықтық тұтыну тауарларының және басқада көптеген  өнімдердің кең ассортименттері, бұларды пластмасса немесе жасанды материалдар деп айту оңайырақ. /3/

Шетелдерге жоғары парафинді және ауыр шикі мұнайларды, онымен қоса шетел компанияларымен бірігіп  терең өңдеуден алынған  өз рыногымыздың кірісіндегі дайын өнімдерді – отын және майларды, полимерлі және синтетикалық материалдарды, смолаларды, ерітінділермен және жүздеген өнім түрлерін экспорттау тиімсіз. Шын мәнінде бұны республиканың ішкі сұранысын қанағаттандыратын өнімнің алтын діңгегі деп айтуға болады.

Өзімізге белгілі  қазір Қазақстанда «Лукойл», «Шеврон», «Мобил» сияқты компаниялардың жанармай станциялары жұмыс істеуде, ал  кезекте отындарды және майлайтын материалдарды реализациялау тұр. Сонымен бірге, отандық өнімдерді, мұнай-газ өңдеуді, мұнай өнімдерін реализациялауды ары қарай жылжыту үшін жұмыстардың атқарылып жатқаны шамалы. /18/.

Жоғарыда көрсетілгендей, Қазақстанда мұнайдың үш түрлері бар: бірінші түрі – бұл, құрамында  отын және майлы элементтері жоғары пайызды жеңіл мұнайға жататын Ембі аймағының мұнайлары. Бұл мұнайдың түрі дәстүрлі технология бойынша  салыстырмалы түрде оңай өңделеді. Бұл мұнай түрінің тиімділігін жоғарылату мүдделері этилен, пропилен, бутан және қарапайым күкірт сияқты құнды өнімдерді алу мақсатында жолшыбай газды толық пайдалануды болжауда.

Тағы бір мұнай түріне Маңғыстау мұнайы жатқызылады. Олардың басты артықшылығы құрамында парафинді көмірсулардың жоғары болуында. Соңғыларын бөлу, отандық мұнай өңдеу тәжірибесінде кезінде Ақтау қаласында арнайы мұнай өңдеу зауытын тұрғызу жобасы әзірленгенменде, әлі күнге дейін қажетті дамуды ала-алған жоқ.Шикізат көзінің жанынан парафнді көмірсуларды толық шығаруға мүмкіндік беретін арнайы технологиясы бар  зауытты тұрғызу әрине прогресті болып табылады. Бірақта бұл жоба өмірге әкелінген жоқ.

Мұндай зауытты тұрғызу қажеттілігі біздің уақытта бірнеше есе өсті. Себебі, қазіргі уақытта құрамында парафиннің болуы жағымсыз факторға айналуда. Ол өндіруді, тасымалдауды қымбаттатады сонымен қатар, шикі мұнай бағасын құнсыздандырады.

Мұнайдың үшінші түрі. Бозащы, Қаламқас және Қаражанбас кеніштерінде құрамы жөнінен Ембіліккеде, Маңғыстаудікінеде ұқсамайтын мұнайлар өндіріледі. Бұл жердің мұнайының үлестік салмағы микроэлементтер әсіресе ванадий-порфирлі кешенінің әсеріне ауыр болып табылады. Сондықтанда ол мұнайдың бөлек түрін құрайды яғни ауыр түрін. Құрамында металлды және парафинді көмірсулар жоғары. Оны дәстүрлі схема бойынша өңдеу құнды ванадий және никель бар қосындыларын көп жоғалтып алуға әкелуде. Соңғы жылдары жасалынған есептеулер, бұл мұнай түрін өндіріп жатқан жерге жақын жерде және оның ерекшеліктеріне неғұрлым сәйкес келетін технология бойынша өңдеу тиімділігі жоғары болатындығын көрсетті.

Ауыр мұнайды өндіру мәселелері оны кешенді өңдеу қажеттілігімен есептеліп қарастырылу керек және металды бөліп халықаралық рынокқа жоғары бағамен өткізуді қарастыру қажет.

Сонымен бірге, шикізатты кешенді пайдаланудың арқасында қоршаған ортаның ластануы төмендейтіндігі белгілі.

Көрсетілген жоғары парафинді мұнайды және ауыр мұнайларды өңдеу кезінде Ресей және Әзірбайжан кәсіпорындарында фракциялық құрамы  және физико-химиялық параметрлері басқа болып келетін мұнайлармен қосып жүргізген. Мұндай тәжірибе бастапқы шикізатты кешенді және рационалды пайдалануға сәйкес келмейді, экономикалық тиімділігінің төмендеуіне әкеліп соғады.

Оларды кешенді пайдаланбаудың яғни араластырып өңдеудің салдарынан ауыр қалдықтың яғни мазут қалдығы жоғары болады. Өңдеу кәсіпорындағы маззуттың саны Қазақстанда 44 – 46  %, АҚШ – 8,0 %, европа мемлекеттерінің зауыттарында 15-17 % құрайды.

Қазақстандағы келешегі жоғары кеніштердің мұнайларының көбісі физико-химиялық қасиеттері жөнінен жоғары күкіртті көмірсуларға жатады, ол оларды тасымалдау және пайдалану кезінде  кезекті қиындықтар туғызады. Бұл өндіру жерлерінде  құрамынан күкіртті қосындыларды сонымен бірге тұздардың кейбір түрлерін ығыстыруды талап етеді. Осы кезде ғана мұнайдың сапа параметрлері сенімді және  бәсеке қабілеттілік деңгейі жоғары болады.

Меркаптандардың бар болуына қатысты талаптар, мысалы, Теңіз мұнайындағы Ресей Федерациясының Миннефтепром өкілдері бірнеше мәрте айтқан. Олардың салдары жақсы белгілі – құбыр жолы жүйесі арқылы жүргізілетін шикізатты айдау көлемінің шектелуі. Соңында «Теңізшевройл» біріккен кәсіпорнына  қазіргі уақытта өндірілетін шикізаттың көлеміне демеркаптанизация қуатын енгізуге тура келеді.

Бұл жерде ең маңызды мағына экспортталатын мұнайдың сапалы құрамы халықаралық мұнай сауда тәжірибесімен бекітілген шикізат эталондарымен салыстырғанда айырмашылық жоғары болмауы тиіс. Мысалы: Батыс-Техасс (АҚШ-қа жататын аймақ үшін ), Дубай (Парсы шығанағы), Брент (Европа ). Экспортталатын мұнайдың сапалық ерекшеліктері базалы-эталонды сорттардан ерекшеленетін болса, онда оның сатылу құны төмен болады. Осы жерде айта кету керек, Қазақстанның кешенді қондырғылары жоқ яғни, шикізаттың барлық кезеңінде қолданылатын құралдар, жабдықтар, автоматтандыру құралдары, зиянды қосындыларды толығымен жоятын және олардан дайын өнімді, бірінші кезекте қарапайым күкіртті, күкіртті қосындыларды, көмірқышқылын әзірлейтін экологиялық-қауіпсіз кешендерді шетел серіктестері арқылы меңгеру.          

Өндіруге, тасымалдауға және өңдеуге ( үлес салмағының көп болуына, жабысқақтығына ) көп қаржы талап ететін бірақта құндылығы жоғары Бозащының ауыр мұнайлары және Маңғыстаудың парафинді мұнайлары біздің ойымызша негізінен жергілікті яғни республика ішіндегі қажеттілікті  қанағаттандыруға пайдаланылғаны дұрысырақ сияқты. Мұндай мұнай түтлерінің  өсу динамикасы, оларды өндіретін жақын жердегі  мамандандырылған қайта өңдейтін кәсіпорындардың қуатының өсуімен байланысты болу керек. Бұл олардың өндірілуіне, тасымалдануына және өңделуіне кететін үлкен шығыннан құтылуға көмектеседі. Сонымен бірге, дайын өнімді кешенді өңдеудің нәтижесінде ел ішіндеде және одан шеткеріде  толығырақ және тиімдірек қанағаттандыруға мүмкіндік береді, Сонымен қатар, мамандандырылған қайта өңдейтін кәсіпорындардың динамикасы және өндірістік қуаты шығындарды минимизациялау және экологты-экономикалық тиімділігін максимализациялау шартымен бекітілуі тиіс. Жеңіл мұнаймен салыстырғанда көрсетілген мұнай түрлерінен алынатын өнімдерді реализациялау тиімділігін ескеріп, ауыр және парафинділігі жоғары мұнайды экспортқа шығару көлемін минимумға жеткізуге тырысу керек.

Мұнай-химиясының барлық дайын өнімі (жанатын-майлайтын материалдардан және полимерлі заттардан металлдарға дейін) өндірілетін қайта өңдеу  кешенінің игерілетін кешенмен  бірге қалыптасуы – аумақтағы және республикадағы экономикалық қарқындылықты және қаржы жағдайын айтарлықтай өсіруге көмектеседі. Бірақ, жақын кезеңде және болашақта  қоршаған ортаға мұның кері әсері болады.

Игеру технологияларының қарқындылығын, Ембінің және басқа да Каспий  аудандарындағы жеңіл мұнайды тасымалдау және қайта өңдеу, сонымен бірге бағалы компоненттердің жоғалуы мен салыстырмалы қалыпты процестері өндіру көлемін және  бағаның максимальді өсуін көрсетеді ( жоғары парафинді және ауыр мұнаймен салыстырмалы түрде),

Мұнайды тереңірек өңдеу және кешенді қолданудағы реализацияның  жоғарғы қарқынды өнімі уақыт өткен сайын шет елдердегі мұнай шикізатының  барлық түрінің сату көлемінің ең төменгі деңгейіне  жетуін көрсетеді.

Осыған байланысты ОПЕК құрамындағы елдердің  шикі мұнайды экспорттаудан гөрі   оның өнімдерін қайта өңдеуге  көбірек ауысып отыруы кездейсоқтық  емес.

Қазақстан Республикасы аудандарында пласттардың мұнай берілімінің тез көтерілуіне байланысты , Республикамызда  мұнай өндіру көлемінің өсуі өндірілген мұнайды тереңірек өңдеумен және  кешенді қолданумен  бірдей қатар жүруі керек.

 

       2.2 Қазақстан Республикасында мұнай-газ ресурстарын өңдеуді кеңейту мәселелері.

Информация о работе Мұнай-газ ресурстарын пайдаланудың негізгі экономикалық-географиялық мәселелері және оларды шешу жолдары