Мұнай-газ ресурстарын пайдаланудың негізгі экономикалық-географиялық мәселелері және оларды шешу жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 13:25, дипломная работа

Описание работы

Әртүрлі мұнай түрлерін кешенді пайдалану мәселесі және оны шешу жолдары. Қазақстан Республикасында мұнай-газ ресурстарын өңдеуді кеңейту мәселелері. Ішкі және экспорттық құбырлар құрылысының негізгі бағыттары. Каспийдің мұнай экспорт бағыттары. Баку-Новороссийск мұнай құбыржолы. Баку-Супса мұнай құбыржолы. Каспий порттары және транскаспий бағыттары.

Работа содержит 1 файл

Дипл МҰНАЙ-ГАЗ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ НЕГІЗГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ.doc

— 348.50 Кб (Скачать)

       1994 жылдың мамырында жоба екі фазаға бөлінді. Біріншісі Тихорецк қаласына 40 км жердегі Кропаткин қаласынан Новорассийскден солтүстіке қарай 40 километр жердегі орналасқан жаңа теңіз терминалына дейінгі құбыржолының 250 километрлік бір тармағын салуды көздеді. Бұл фазадағы мұнайдың жылдық тасымал көлемі жылына 15 млн. тонна мұнайға дейін жету қажет еді. Бұл екі құбыр мұнайды екі құбыржолынан-Самара, Лисичанск-Тихорецк және Самара-Тихарецкіден алуы керек болды, мұндағы жаңа тармақ Батыс Сібір, Орал және Еділ бойы мұнайын айдау үшінде қолдануға болатын. Жобаның екінші фазасы мұнай айдайтын Комсомольск станциясына жұмыс істеп тұрған Теңіз-Атырау-Астрхан-Грозный мұнай құбырын қосуды көздеді. Жұмыс біткеннен соң тасымалданатын мұнай көлемі жылына 62 млн. тоннадан асып түсуі қажет болатын.

    1994 жылдың қараша айында премьер-министр Виктор Чернолирдиннің басшылығымен Оманға барған ресей делегациясы Тихорецк-Новороссийск учаскесінде бұрын келісілген құбыржолы құрылысын салуды Оман тарапынан қаржыландыру жөніндегі келісімге қол жеткізді. 1995 жылдың науырызында Қазақстан, Ресей және Оман КҚК жобасының бірінші фазасы бойынша хаттамаға қол қойды. Жобаны жүзеге асырудың алғашқы кезеңінде «Оман ойл» компаниясы шамамен 80 млн. доллар күрделі қаржы салды. Бірақ, біраз уақыттан кейін тағы қаржы мәселесі туындады. Компания батыстың ірі банктерінен несие ала алмай қиналды. КҚК мүшелерінің келісілген шартына сәйкес 1995 жылдың 1 қазанында «Оман Ойл» жобаның бірінші фазасы шеңберінде жасалатын жұмысты серіктеріне кепілдік беру қажет болатын.

   Мұндай жағдайда, ұзақ уақыт бойы күрделенген мәселе жөнінде консорциум алдында дилема тұрды - таратып жіберу немесе КҚК-ға қатысатын жаңа кредиторлар іздеу жөніндегі шешім. Жобаны жүзеге асыруды тежеуге «Шеврон» компаниясының да позициясы көп әсерін тигізді, олар Қазақстан өз бетімен бұл мәселені шеше алмайды, сондықтан асығудың қажеттігі жоқ деп ойлайды.

   Теміржол транспортымен жылына 6-9 млн. тонна аз партиямен экспортталатын рейнвестиция да «Шеврон» жобадағы өз шығынын келісімде көрсетілген 420 млн. доллар көлеміндегі бонусты Қазақстан жағына төлемей ақ өтеп тастар еді. Сонымен қатар «Шеврон» магистральды құбыржолына қойған тарифтік шамамен мүлдем келіспеді. КҚК бойынша жасалған практикалық жұмыстың бастауы американдықтарға кері әсер етті. 1994 жылдың мамырында Қазақстан консорциумдағы «Шеврон» және басқа да инвесторлардың қатысу шартын қалыпқа келтірді. Бұл шарт Теңіздегі жұмыстан шеттетеді және алғаш рет жұмыстың көлемін қысқартады. Бүкіл жыл бойы «Шеврон» және «Мобил» жетекшілері КҚК-дағы үлесін алуға, тарифтің болашақта қойылатын шамасын төмендетуге тырысып бақты. Ресми емес мәліметтерде «Шеврон» Ресей үкіметімен ресей қазақстан шекарасынан бастап Новороссийскіге дейін тең үлес негізінде экспорттық құбыржолын салу жөнінде және Қазақстан үкіметімен осыған ұқсас Теңізден бастап ресей шекарасына дейін Оманды қатыстырмай құбыр салу туралы сенаратты келіссөз жүргізді делінеді.

   Сонымен бірге ірі мұнай компанияларының қысымымен «Оман Ойлға» несие беруге батыс банктері келісімдерін бермеді.

   1995 жылдың күзінде Қазақстан мен Ресей «Оман Ойлды» Теңіз-Новороссийск мұнай құбыржолын қаржыландыру бойынша оның эксклюзивті құқығының аяқталғанын жария етті.

   Бұл кезде қазақстан үкіметі Ресей (жаңа жободағы қатысу пайызы-31) мен Оманнан (11 пайыз) басқа КҚК консорциумына альтернативті консорциум құруды және оған «Шеврон», «Бритиш Газ», «Мобил» және «Аджип» (олардың жалпы үлесі 33 пайызды құрайды) компанияларын қатыстыру қажеттігін айтты.

   1996 жылдың 27 сәуірінде Алматыда Каспий құбыржол консорциумын КҚК- екіге реконстукциялау жөніндегі хаттамаға қол қойылды. Конструкциумға барлық төрт жоғарыда атап өтілген компаниялар,сонымен бірге «ЛУК Ойл», «Роснефть» және «Мұнайгаз» ( қазіргі «Қазақойл» ) қосылды , олар консорциумдағы 50 пайыздық үлестерінің есебіне жобаны жүзеге асыру бойынша істелетін жұмысты толығымен қаржыландыруға міндеттеме алды. Қалған 50 пайызы Ресей, Қазақстан Оманның өз жеке меншігінде қалды. Нәтижесінде КҚК-дағы үлестерді бөлу былай болды: Оманның үлесі жеті пайызға дейін түсті, Ресей 24 пайыз, Қазақстан 19 пайыз алды. Сегіз компания консорциумдағы маңызды үлесті алуға қолдары жетті, олар: «Шеврон» (15 пайыз), «ЛУК Ойл» (12,5 пайыз), «Мобил», және «Рост нефт-Шелл» бірікккен кәсіпорны (7,5 пайыздан), «Аджип» пен «Бритиш Газ» (2 пайыздан), «Мұнайгаз» бен «Орикс» (1,75 пайыздан).Сөйтіп, Ресей және ресейлік мұнай өндіруші компаниялар консорциумның жалпы 44 пайыз акциясын, Қазақстан жағы -20,75 пайыз, батыс компаниялары-28,25 пайызын алды. Қол қойылған хаттамада өтпелі кезеңдегі аз уақытта екі жақта белгілі міндеттемелерді орындау және КҚК-ні реконстукциялау жөніндегі түбегейлі келісімді даярлауды белгіледі.

   Осы хаттамаға қол қойғаннан кейін екі жақта КҚК-нің шығарған қарапайым акциясын алуға барлық акционерлерге толық беретіндей және девидент алуда да теңдік сақталатындай мәселеге келісті. Ресей және Қазақстан жағы ешқандай кепілдік бермейтіні және ешбір инвестиция салмайтындығы туралы шешім қабылдады. КҚК жұмысын қаржыландыру бойынша жүз пайыздық міндеттемені өндіруші компаниялар-жаңа акционерлік консорциумдар алды. Ресей мен Қазақстанда федералдық және аймақтық деңгейде мұнай тасымалынан түсетін кіріске салық салу мәселесі халықаралық практикада қабылданған ұстанымдарды басшылыққа ала отырып сол екі елдің заңына сәйкес жүзеге асырылмақ болды.

   Егер батыстың мұнай компаниялары жобаға қаржы түсіруге мүмкіндіктері жеткілікті болса, Ресей компанияларының қаржы мүмкіндіктері шектеулі ғана болды. Сондықтан Алматы хаттамасына қол қойғаннан кейін «ЛУКОйл» мен «Роснефть» өздеріне жүктелген қаржы міндеттемелерін бөлісе алатын серіктер іздей бастады. 1996 жылдың маусымының басында-ақ каспиймұнайын өндіру жобасына қатысу үшін біріккен «ЛУКАрко» кәсіпорыннын, яғни «ЛУКОйл» (51 пайыз) және американдық «Арко» (49 пайыз) компанияларымен бірлесіп құру туралы хабар жарияланды. Ростнефть өз кезінде КҚК шеңберінде «Шелл Эксплорейшн» компаниясымен ынтымақтастық жөніндегі хаттамаға қол қойып, соған сәйкес компаниядағы қатысу үлесі тың анықталып «Ростнефть-Шелл Каспиан Венчерез» біріккен кәсіпорны құрылды. Бұл жолмен Қазақстандық «Мұнайгаз» компаниясында өтті, ол «Амоко» компаниясымен біріккен кәсіпорын құру туралы келісім шарт жасасты.

   Қаржы мәселелері шешілгеннен кейін консорциумның жаңа акционерлеріне жобаның техникалық, экономикалық және құқықтық детальдарын келістіру үшін шамамен сегіз айдай уақыт қажет болды. 1996 жылдың 6 желтоқсанында үш мемлекеттің үкіметтік өкілдері-КҚК құрылтайшыларымен құруды бекітетін құжатқа Мәскеуде қол қойды. Бұған КҚК-ны қайта ұйымдастыру туралы келісіммен КҚК акционерлерінің келісімі кірді. Меншік құқын беру процесі 1997 жылдың ақпанында аяқталып, нәтижесінде КҚК акционерлік капиталынан мұнай компаниялары 50 пайыздық үлестерін алды деп мәлімдеді КҚК құбыржол жүйесінің өз құрылысы 1997 жылдың аяғында басталып 1999 жылы аяқталады деп жоспарланды. Жоба Ресейге берілген жұмыс істемей тұрған активтерді қоса бағалағанда 2,2 млрд. долларға бағаланды, қазақстандық активтер 156 млн. долларға бағаланды. Үлестерді бөлу кезеңінде Оман 80 млн. доллар қосты. Қалғанын мұнай компаниялары қаржыландырды.

   1998 жылдың басында американдық компаниялар-консорциумға қатысушылар «ЛУКОйл» басшысы Владимир Станевтің басқаруындағы КҚК жұмысына риза болмағандықтан жұмысына бөлінген қаржының «тоқтатып» тастау туралы өз пиғылын білдірді. Оған басқа шетелдік КҚК-ға қатысушылар арасында Ресей аумағында жергілікті жердің ұйымымен шешілетін мәселелердің салдарынан жүргізілетін құрылыс жұмыстары кейінге қалдырыла берілуі ызалық туғызды. Американдық компанияның пікірінше КҚК-нің қазіргі әкімшілігінің жұмысы теңізден 1999 аяғынан бастап мұнай экспорттауды 2001 жылдың басына қарай бұруға әкеледі делінген. КҚК басшылығына Қазақстан жағынан да кінә тағылды, яғни «Каз Транс Ойл» ұлттық құбыржол компанисы тарапынан «консорциум ішіндегі алаауыздық қалыпқа келмейінше» консорциумға меншік активтерін (құбыржолының қазақстандық учаскесі) беруден бас тартты. КҚК мәселесі 1997 жылғы 24-25 қаңтардағы Ресей мен Қазақстан басшыларымен кездесуінде негізгі мәселеге айналды. Олардың бірігіп жасалған мәлімдемелерінде Каспий құбыржолы консорциумы құрылыс жұмыстарын тездетіп бітіріп қазақстанның батысындағы Теңіз кен орнының мұнайын дүнеиежүзілік рынокқа тасымалдап шығару үшін қажетті мұнай құбыржолын іске қосу керектігін білдірді. Сонымен бірге 1997 жылдың қазанынан бастап Қазақстан басшылығы өз мұнайын экспорттауда «көпнұсқалықтың» пайдалылығын көбірек айта бастады. Борис Елцинмен кездесуден кейін Нұрсұлтан Назарбаев егер Ресей КҚК құбыржолының құрылысын  баяулататын болса республика альтернативті бағыт іздейтіндігін мәлімдеді.

    Осының нәтижесінде 1998 жылдық 16 ақпанында КҚК аксионерлерінің кезектен тыс жиналысы болып өтті, онда көптеген даму туғызатын мәселелер реттелді. Жиналыстың қорытындысы бойынша қазақстандық активтерді беру жөніндегі мәселені қоса «КҚК жобасы алға қарай жылжуда»  деп акционерлер ресми мәлімдеме жасады. Бұдан кейін істелетін жұмыстың графигі жасалды: мердігерлер үшін тендер кестесін консорциум 1сәуірге дейін ұсынатын болды, 1-тамызға дейін құрылыстың ТЭН даяр болуы қажет, 1 қазанға дейін барлық келісімдер алынып, құрылыс жұмысы бойынша мердігерлер анықталып, құрал жабдықтар мен материалдарды сатып алуға келісім шарттар даярлануы бекітілді.

   Каспий құбыржол жобасы-Ресейдегі жалғыз «Транснефтътегі» бұзылған тұтас ресейлік құбыржол операторы монополиясы болып табылады.Теңіз-Новороссийск құбыржолында әзірге екі оператор бар. «Теңіздік» оператор болып «Смит-Окто-Луктранс» біріккен кәсіпорыны болса, ал «Құрлықтағысы» -КҚК. «Транснефтьте бұл құбыржолының операторы болғысы келді, бірақ оған тиімсіз шарт қойылды. Операторлық екі функцияны көздейді: өз тарапынан игеру және құбыржолын техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету. Консорциум басшылығы алғашқыда бұл функцияларды бөліскісі келмей «Транснефтьке» Теңізден Новороссийскіге дейін бүкіл жүйеге оператор болуды ұсынды, бірақ бақылау функциясын өз қызығына қалдырды, қысқаша айтқанда бақылау мен бұйрықты консорциум береді де, орындаушы және жауап беруші «Транснефть». Бұған «Транснефть» келіспеді.

     «Теңіздік»операторды 1999 жылдың қараша айынан бастап таңдай бастады. Алдымен КҚК басшылығы бірнеше жыл бойы порттар мен кеме тоқтайтын орындардың ғимаратын салып жүрген белгілі Голландияның «Симет-Окто-Марин» компаниясына бермек болды.Ол жобаға қатысушылардың барлығына тиімді болды. Бірақ «ЛУКОйл» «Теңіздік» операторлыққа өзінің «Новоросийскідегі жақсы байланысын» алға тарта отырып «Лукстранс Шиппингті» ұсынды. Сайып келгенде негізгі бәсекелестер біріккен «Смит-Окто-Луктранс» кәсіпорнын құрды.

     1998 жылдың 24 қарашасында КҚК даярлық жұмысының аяқталғанын атап өтіп, жобаны іс жүзінде іске асыруға көшу жөнінде мәлімдеме жасады. 1990 жылдың 1-ақпанында КҚК бүткіл ресейлік бөліктегі трассаның бойындағы құбыржолының құрылысына қажет жер учаскелерін беру жоніндегі барлық қажетті құжаттарды рәсімдеуді аяқтады. 1999 жылдың 16 наурызында КҚК Новорассийск маңында теңіз терминалының құрлысын жүргізуге 360 млн. доллар сомаға келісім-шартқа қол қойды. Тендердің жеңімпазы-құрамында француз компаниясы «Бунг Офшор» және ресейлік ұйым «Кубаньнефтегаз строй» мен «Ставропольтрувопроводстрой» компаниялары кіретін «Старсстрой» консорциумы болды. Ресейдегі бұл теңіздік мұнай құю жұйесіндегі терминальдық мұнай танкерлерге айдалды. 1999 жылдың 16 наурызында КҚК «Уикаго Бридж энд Айрон» және Коксохиммонтаж» компанияларымен бірге теңіз терминалы кешенінің құрамына кіретін төрт мұнай сақтайтын қойманың құрылысын салуды жоспарлады. Шатыры жүзіп жүретін, әрқайсысы жұмыс көлемі 1млн. текше метрге жететін мұнай қоймалары Ресейде салынғандардың арасындағы аса ірілерінің бірі болып табылады. 1999 жылдың 22 сәуірінде КҚК ресей-француз «Старстрой» консорциумымен Қазақстан мен Ресейдің шекарасынан бастап Комсамолскіге және Комсамолскіден мұнай құбыржолын Новороссийскінің маңындағы мұнай базасының теңіз терминалына дейінгі құбыржолын модернизациялау жөніндегі келісім-шартқа қол қойды. Келісім –шарттың құны-270 млн. долларды құрады.

      1999 жылдың 12 мамырында Новороссийскіде КҚК мұнай құбыр жолы жүйесінің «алғашқы тасын қалау» бойынша салтанатты жиын өтті. Құбыр жолының жаңа учаскесі төрт ағымға бөлініп, ондағы жұмыс қатар жүргізілді. Құрлыс жұмысын басты төрт ресейлік компаниялар «Старстрой»-«Волгограднефтегазстрой» (242км),  «Ставропольтрубопроводстрой (211км), «Кубаньнефтегазстрой» (173 км) және «Востокнефтепроводстрой» (119 км) атқарды. Жұмыс істеп тұрған ресейлік учаскедегі модернизациялау жұмыстарын «Волгограунефтегазстрой» орындады.

     1999 жылдың маусым айының басында Қазақстан  Республикасы КҚК жобасындағы үлесін мұнай тасымалдау жөніндегі мәлімдеме жасады. 1999 жылдың маусым айының ортасында Қазақстанның инвестиция жөніндегі Агентік, «Қазақойл» ұлттық мұнайгаз кампаниясы, «ҚазтрансОйл», сонымен қатар италияның «Аджип», британдық «Бритиш Газ», американдық «Тексако» және ресейлік ЛУКОйл компанияларының өкілдері Қарашығанақ кен орынынан Үлкен Шағаннан-Атырау мұнай құбыржолын салу жөніндегі меморендумға қол қойды. Құбыржолының құрылысын 1999 жылдың аяғында бастау жоспарланды.

    Үлкен Шаған-Атырау құбыржолының ұзындығы 460 км, ал жобадағы алғашқы мұнай жіберу мүмкіндігі жылына 7 тонна болса, болашақта ол жылына 12 млн. тоннаға дейін өсірілуі мүмкін. Жоба 440 млн. долларға бағаланады. Желтоқсан айының екінші жартысында Қазақстан Қара шығанақ кен орнын игеріп жатқан компаниялармен кен орнын КҚК-мен байланыстыра алатын экспорттық құбыржолының құрылысын салу жөніндегі келісімге қол қойды.

    2000 жылдың 29 наурызында КҚК мен түріктің «Текфен Констракшн энд Инстол лейшн» компаниясы Теңіз-Новороссийск мұнай құбыржол жүйесінің қазақстандық бөлігін модернизациялауға 45 млн. доллар келісімге қол қойды. КҚК-ның қазақстандық активтерін модернизациялауға Атырау жаңа мұнай айдаушы станцияның құрылысын салу көздеді. 2000 жылдың 22 қарашасында КҚК құбырмен Новороссийскідегі теңіз мұнай терминалын қосатын құбырды, яғни «алтын қосылысты» қосу аяқталды. Сөйтіп КҚК құбыржолының жұмысын аяқтады. 2001 жылдың қарашасында КҚК-ның бас редакторы Сергей Гнадченко 2001 жылдың соңына дейін консорциум Новороссийскіге дейін құбыржолымен 7-8 млн.тонна мұнай айдауды жоспарлағандығын мәлімдеді. Құбырды толтыру 2001 жылдың наурызында басталғандығы хабарланды. Новороссийскідегі бірінші танкер 2001 жылдың наурызында тиелетін болды. 2001 жылдың 1 наурызында магистральды құбырды орнату мен монтаждау аяқталды. 2001 жылдың 26 наурызында КҚК өзінің «Теңіз-Қаратеңіз» құбыржол жүйесіне мұнай толтыруға кірісті. Мұнай құбырын толтыру процесі шамамен тоқсан күн алды. Жүйені толтыру үшін шамамен 1 млн. тонна мұнай қажет болды. Бірінші кезеңде күн сайын 10 мың тоннаға жуық айдалатын болды. Алғашқы мұнай жүйеге Теңіз кен орнынан келіп түседі. КҚК мұнай құбыр жүйесінің алғашқы кезектегі құрылысын аяқтау және оны іске қосу 2001 жылдың желтоқсан айында жүзеге асты.

Информация о работе Мұнай-газ ресурстарын пайдаланудың негізгі экономикалық-географиялық мәселелері және оларды шешу жолдары