Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 13:25, дипломная работа
Әртүрлі мұнай түрлерін кешенді пайдалану мәселесі және оны шешу жолдары. Қазақстан Республикасында мұнай-газ ресурстарын өңдеуді кеңейту мәселелері. Ішкі және экспорттық құбырлар құрылысының негізгі бағыттары. Каспийдің мұнай экспорт бағыттары. Баку-Новороссийск мұнай құбыржолы. Баку-Супса мұнай құбыржолы. Каспий порттары және транскаспий бағыттары.
Баку-Супса құбыржолын іске қосқанан соң жаңа терминалды алғашқы танкер 1998 жылдың 7 сәуірінде жөнелтілді, АМОК-та жетекші орынды иеленетін “Бритиш Петролеум Амоко”компаниясы испанияның Кастельяно қаласындағы мұнай өңдеу зауытына 80 мың тонна Әзірбайжандық мұнайдың алғашқы партиясын сатты. АМОК Супсадан әрбір он күн сайын танкерлер тасымалдап әкететіндігі жөнінде мәлімдеді. Сөйтіп, консорцум өз мұнайын жылына 5 млн тоннамен экспортауға рұқсат алды. Мұнайға деген дүниежүзілік орташа бағаның қарқынды өсуі 1999 жылдың екінші жартысында АМОК акционерлері алдындағы ГНКАР-дың шығындарын қайтаруды тездетіп, нәтижесінде Әзірбайжан Супсадан 1999 жылдың желтоқсанында-ақ алғашқы пайдалы табысын алып үлгерді.Осы кезден бастап, ГНКАР АМОК-тың басқа да акционерлерімен қатар Супсадан тұрақты түрде мұнайды тасып әкетіп отырды. Жалпы алғанда құбыржолының алғашқы жұмыс істеген екі жылында онан 8,5 млн тонна мұнай айдалды. Алдын-ала жасалған есептулер бойынша 2001 жылы ГНКАР «батыс»экспорттық құбыржолы арқылы жоқ дегенде 6 млн баррель мұнай тасымалданды.
Осы күнге дейін Баку-Супса құбыржолының бірден-бір «кемшілігі» оның мұнай өткізу қабілеті салыстырмалы түрде алғандағы нашарлығы,бұл Баку-Джейхан жобадағы құбыржолымен бәсекеге түсуін қиындатады. АМОК консорциумы құбырдан жылына 6-7,5 млн.тонна қутпен кеңеюді жүзеге асыруға қадамдар жасауда. Қазіргі күнде мұнай өткізу қабілетін жылына 300-ден тіпті 600 барррельге дейін ұсыныстар түсуде.
Бұдан басқа, Баку-Супса құбыржолымен бығытталатын экспортты энергожиынтықты қайта бағыттаудың қосымша варианттары қарастырылуда. Солардың бірі түріктің Қара теңіз бұғаздарын айналып өтетін Баку-Супса-Одесса-Броды-Батыс Европа бағыты. 1996 жылдың желтоқсан айында Әзірбайжан, Грузия және Украина осы бағыт бойынша ұстанымды келісімге қол қойды. 1998 жылдың маусымында Румыняның ұлттық мұнай компаниясы Каспий мұнайын Баку-Супса-Румыния порттарымен-Дунай өзені арқылы-Франкфурт бағыты бойынша шығару жөнінде Баку-Джейхан құбыржолына альтернативті жобаны ұсынды.1998 жылдың 27-28 қыркүйегінде Бухарстте 200-ден астам мұнай компанияларының өкілдері қатысқан Каспий мұнайын Европаға транзиттеу мәселесін талқылау жөнінде халықаралық конференция өтті
1998 жылдың 25 қазанында Молдава,Румыния,Украина басшыларының Кишиневта өткен кездесуінде Дунайдың төменгі сағасында тұрақтылық пен еркін экономикалық зона құру жөніндегі саяси деклорация қабылданды. Бұл, мүдделі болып отырған қол қоюшы-елдерге өзінің энергетикалық тәуілсіздігін қүшейтіп, шығыс Еуропаға мұнай транзитінен келетін кіріс алуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, осы мақсатпен Молдавадан Дунай өзенінде Джорджулемт мұнай терминалын құру жұмысы жанданды, Румынияда Констанцадан Италия аумағына дейін мұнай құбырының құрлысын бастауды жоспарлады. Өз кезегінде, Украинада Одесса мұнай терминалында бірқатар жұмыстар бітті, ұзындығы 670 киллометірлік Одессо-Броды құбырын салу басталды, ал оған дейін 1999 жылдың басында бүкіл жасалатын жұмыстардың жартысы жүзеге асырылып, шамамен 120 млн. доллар шығындалған болатын. 2000 жылы бұл құбыржолы бойынша жылына 3 млн. тонна мұнай тасымалданады деп күтілген, және Баку-Джейхан бағытына қарағанда Баку-Супса-Одесса-Броды-
«Кіші батыс құбыржолында Хашури-Батуми және Гардабани-Батуми.
1998 жылы «Шеврон»және «Каспиан Транско»компаниялары сол кезде жұмыс істеп тұрған Хашури-Батуми порты бағыты бойынша құбыржолын реконструкциялау мен бірге пайдалану жөніндегі келісімге қол жеткізді. Нәтижесінде жаңа тағы бір келісімге қол қойылды, Қазақстанның алып-Теңіз кен орны «Шеврон» компаниясының қатысумен игеріп жатқан Теңізшевройл біріккен кәсіпорны осы құбыржолымен 25 жыл мерзімге мұнай тасымалдауға ерекше құқық алды. Теңізде өндірілген мұнайды «Теңізшевройл» Каспий теңізі арқылы баржолармен әзірбайжанның Дюбенді портына жөнелтілді, ол жерден теміржол цистерналарына құйылып Грузиядағы Хашури станциясына дейін барады.
Сонымен қатар ылғйда «солтүстік» құбыржолында бас қатырарлық проблемамен отырған ГНКАР 1999 жылдың күзінде өзі үшін жаңа дүниежүзілік рынокқа мұнай тасымалдау бағытындағы грузиннің Батуми портына теміржолмен тасымалдауды таңдады. Әйтсе дағы компания американдық “Шеврон” компаниясымен келісілген шарттары 80 мың тонна мұнайдың тек 50 мың тоннасын ғана Батумиге жеткізе алды. “Шеврон”тарапынан жеткізілген бүкіл мұнай көлемінің себебін алғанда: Батуми мұнай терминалындағы келіспеушілік жағдай мен қыс мезгіліне қарай ГНКАР ылғи да мұнай және мұнай өнімдерінің шикізатын экспорттауды тоқтатады. Құбыр ішіндегі қысымды көрсету мақсатында құбыржолын реконструкциялау жоспары туындап отыр, бұл тасымалданатын мұнай көлемін артыруға мүмкіндік береді. Реконструкциядан кейін Хашури-Батуми құбыржолының мұнай өткізу мүмкіндігі күніне 140-160 мың баррель мұнайға артуы мүмкін. Батумидегі терминалдық жаңа қондырғысын монтаждауда осы құбыржолының тасымал мүмкіндігін өсіре түсіреді, яғни одан күніне 200 мың баррель мұнай айдалмақ.
Сонымен қатар Дүнеиежүзілік банк (МБРР) пен Еуропалық даму және реконструкциялау банкі (ЕБРР) Гардабани-Батуми мұнай құбыржолын реконструкциялау жобасын қаржыландыруда. Осы құбыржолы арқылы Грузиямен Әзірбайжанда өндірілген мұнай Батуми мұнай өңдеу зауытына тасымалданады. Осы уақытқа дейін құбылжолының тасымал мүмкіндігі толық дәрежеде пайдаланылмайды, ол әзірбайжандық теңіз порттарының қуатының шектеулілігінен және ондағы терминалдық қуаты шамамен күніне 50 мың баррельді құрайды.
2.7 Баку-Тблиси-Эрзурум газқұбыры.
Әзірбайжан мен Грузия арасындағы және аумағында одан шеткері Оңтүстік-Кавказ құбыржолы жүйесімен табиғи газды тасымалдау мен сату жөніндегі келісім әзірбайжан президенті Гейдар Әлиев пен Грузия президенті Эдуард Шеварднадзе Бакуде 29 қыркүйекте қол қойды. 60 жылға арналған келісімде Баку-Тблиси-Эрзуруми жаңа газқұбыр жолы құрлысы салыну көзделуде, оның Әзірбайжан мен Грузия аумағындағы ұзындығы 694 км-ді құрамақ. Құбырдың газ өткізу мүмкіндігі алғашқы кезеңде жылына 22 млрд.текше метр табиғи газ болса, оны 30 млрд.текше метрге өсіру жоспарлануда. Әзірбайжанда газқұбырын пайдалану үшін түскен пайдаға салық салу арқылы жүзеге асырылады. Грузияда болса құбыржолының жұмыс істеудегі алғашқы жылында транзиттік тариф газдың әр текше метріне 2,5 доллардан кейін 4,5 долларға дейін өспек. Жобаны іске асырмақ болып отырған компаниялар Еуропа мемлекеттеріне газ сату жөнінде бірнеше шарт жасасқан. Осы мақсатта түріктің «Бөташ», ГНКАР және «Бритиш Петролуем» компаниялары 2001 жылдың соңына дейін осыған сәйкес келіс сөздер жүргізетін маркетинктік топтар құрмақ.
2.8 Атырау-Самара мұнай құбыр жолы.
Күніне 200 мың баррель мұнай өткізу мүмкіндігі бар Атырау-Самара мұнай құбыржолы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін бірден-бір істен шықпай толық жұмыс істеп, Батыс Қазақстанның мұнай кен орындары Ресейдің құбыржолы жүйесімен байланыстырып және сол арқылы Қазақстандық мұнайды әлемдік рынокқа шығаруды қамтамасыз еткен құбыр жолы.
КСРО ыдырағанан кейінгі алғашқы жылдарда Мәскеу осы құбыр жолы арқылы Қазақстандық экспорт транзитін шектеп, Қазақстанға мұнай айдағаны үшін лимитті квотаны енгізді. Бірден атап өту жөн болар, Каспий аймағынан экспортты құбыржолдарының тараптарын құру жоспары жүзеге аса бастағаннан-ақ Ресей өз құбыр жүйесі арқылы өтетін транзитті Каспий мұнайын шектеуден бас тарта бастады. Соған сәйкес 1990-жылдың соңында ресей жағы қазақстандық экспорттық транзиттік квотаны өсіріп, транспорттық тарифті төмендетті. Соңғы уақытта Ресей аумағы арқылы өтетін транзитті каспий мұнайының мәселесі толығымен қалпына келтірілді. 2001 жылдың желтоқсанында алдағы мұнай тасымалдау жөнінде Қазақстан-Ресей хаттамасына қол қойылды. Осы құжатқа сәйкес 2002 жылы қазақстандық экспортерлер Атырау-Самара құбыржолы бойынша алыс шетелге 10,5 млн.тонна мұнай жөнелте алмақ және жақын шет елдердегі тұтынушыларға 4,5 млн. тонна.Транзиттік көлемді артыруға Қазақстан тарапынан Атырау-Самара мұнай құбыржолындағы мұнай өткізу мүмкіндікті кеңейту бойынша жүргізілген оң шаралар да әсер етті. Ол күніне 300 мың баррель мұнайға дейін өсіріледі. Реконструкция Теңіз кен орынындағы мұнай өндірудің көлемін өсіруге есебінде жүзеге асырылмақ. КҚК құбыржолына кірмей қалатын теңіз мұнайының көлемі Атырау-Самара мұнай құбыржолы арқылы экспорталады. Соның салдарынан, егер мысалы 2000 жылы мұнда орта есеппен күніне 199 мың баррель мұнай өтсе,2000 жылдың қараша айында күніне 287 мың баррель қазақстандық мұнай тасымалданған,бұл рекорттық көрсеткіш. Келесі жылдың алғашқы төрт айында осы құбырмен күніне орта есеппен 277 мың баррель мұнай тасымалданған.
Жобасы болашаққа Қазақстанның басты экспорттық бағыты болмақ. Қазіргі уақытта ұзындығы 450 километрлік және жылына өткізу қабілеті екі млн-нан кейін алты млн.тоннаға дейін өсетін ішкі Кенқияқ-Атырау құбыры құрлысының техникалақ-экономикалық негіздеуі аяқталуда. Бұл мұнай құбыржолы Атырау-Самара құбырымен Ақтөбе обылысында басқа да жұмыс істеп жатқан «КННК-Ақтөбе мұнай газ», «Қазақойл-Ақтөбе», »Қазақойл-Ембі», Қазтүрік мұнай өндіріс компанияларының мұнайын экспорттауға мүмкіндік береді. Құрылысының құны 162 млн. доллар тұратын бұл құбыр 2002 жылдың соңына қарай аяқталуы қажет. Қазақстанның «мұнай мен газ көлігі» (ТНГ) мемлекеттік холдингінің басшысы Тимур Құлыбаев мәлімдегендей «онда қазір жылына 2,5 млн. тонна қазақстандық мұнайды өңдейтін Орск мұнай өңдеу зауытына қарай бағытталған жалғыз ғана құбыр бар. Бірақ алдағы бес жылда осы аймақтағы өндіріс көлемі жылына 15 млн.тоннаға жеткен. Сондықтан Кенқияқ-Атырау құбырының құрылысы экспорттық магистральдағы шығу мәселесін шешеді» 2001 жылдың соңында Қытайдың мұнай компаниясымен (КННК) біріккен кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қойылды,онда акцияның 49 пайызы олардікі де, 51 пайыз қазақстандікі.
Каспий құбыржол консорциумы (Теңіз-Новороссийск мұнай құбыржолы).
Қазақстан мұнайын Ресей аумағы арқылы солтүстікке Қара теңіздің Новороссийск портына тасымалдауын жүзеге асыратын «Каспий құбыржол конструкциумы (КҚК) үлкен экономикалық жол ашады. Шындығында, географиялық факторды ескерген жағдайда және өткізу мүмкінділігі соншалық жоғары оған сай келетін альтернативті құбыржолының қазіргі уақытта болмауы, Теңіз-Новороссийск құбыржолын Қазақстандық мұнай тасымалында басты экспорттық бағыт етеді. Құбыр Атырау обылысындағы Теңіз кенорынан бастап ресейдің Новороссийск портындағы мұнайқұятын терминалдарына дейінгі қашықтық 1580 километрді құрайды. Максималды өткізу мүмкіндігі жылына 67 млн. тонна мүнай. КҚК құбыржолының алғашқы жіберілімі 28,2 млн. тонна қуатпен 2001 жылы жүзеге асты. Жоба шеңберіндегі жұмыс құны 2,4 млрд. долларды құрады, ал инвестициялық жалпы көлемі 2015 жылы 4,2 млрд долларды құрамақ. Құбыржолының құрылысы 2001 жылы аяқталды, ал бүкіл КҚК жүйесі белсенді түрде 2002 жылдың наурыз-көкек айларынан жұмыс істеп тұр.
1990 жылдардың басында Теңіз-Новороссийск бағыты бойынша құбыржолының құрылысын салу Түркия мен Ресей арасындағы күшті бәсекеден туындады. Сол кезеңде Қазақстанның саяси басшылығы өзінің байкен орындарындағы мұнайды халықаралық рынокқа шығарудың жолдарын қарастырды. Сол кезеңде қабылданған шешімдердің барлығы да геосаяси және стратегиялық маңыздағы сипатта болғанын атап кеткен жөн. Жалпы, Ресей Қазақстанның мұнай экспортына немқұрайлы қараған жоқ. Бірақ Ресей тарапынан құбыржолына жол бермеу Қазақстан мұнайын Ресей аумағы арқылы мүлдем жүргізбеу деген ойға қалдыруы мүмкін. Ресейге оның экономикалық және саяси шығындары айтарлықтай болған болар еді. Ресми Мәскеу мұндай жағдайда Қазақстанға және бүткіл Каспий маңы аймағына тікелей өз ықпалын жүргізуден айырылып қалған болар еді. Қазақстанның Каспий маңы аймағынан мұнай тасымалдау үшін магистральды құбыржолын салу мәселесі 1990 жылдары Оман Сұлтанаты тарапынан көтерілген болатын. Алдымен олар қазақстандық мұнайшыларға мұнай құбыры магистралының 9 түрлі нұсқасын ұсынды. Олардың ішінде ресейлік (Комсомольск және Екатериновка арқылы Новороссийскіге), грузиндік (Астрахан мен Грозный арқылы Потиге, немесе Красноводск мен Баку арқылы Тблисиге),түріктік (Астрахан мен Грозный арқылы Джейханға) және ирандық ( Астрахан мен Грозный, немесе Красноводск мен Баку арқылы Харг аралына) бағыттар. Осылардың ішінде ресейлік нұсқа дұрыс деп табылды, себебі сол кезден-ақ ұзындығы 1200 км. Теңіз-Грозный мұнай құбыржолы жұмыс істеп тұрған, ал Новороссийскіге дейін жалғастыру үшін шығатын шығын 1,2-2 млрд. доллар болса, ирандық жобаға 4 млрд. доллар жұмсалу қажет еді.Тіпті «Шеврон» компаниясының өкілдерінің өзі дәл осы ресейлік нұсқаны қолдап, КҚК бағыты - ең қысқа және оның басты артықшылығы деп атап көрсетті. Болашақ құбыржолының құрлысы жөніндегі келесі сөздер Қазақстан,Ресей және Әзірбайжан арасында 1992 жылдың ортасына дейін жүреді. Бірақ ресми Бакудың бұл жобадан бас тартуынан кейін екі жақ та Теңіз-Новороссийск бағытын таңдайтындығына еш күмәнсіз болды.
КҚК-ын 1992 жылы Ресей, Қазақстан және Оман Сұлтанаты құрды. 17 маусымда Каспий құбыржолы консорциумы құру жөнінде Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтанаты арасында үкімет аралық келісімге қол қойды.Бір айдан сәл ары 25 шілдеде Ресей бұл келісімге қосылатындығы туралы хаттамаға қол қойып, 1993 жылдың маусымында Ресей Кеңестік Федеративтік Жоғарғы Кеңесі бұл құжатты ратификациялады. КҚК серіктестік негізде құрылды: Қазақстан мен Ресейдің үлесі сол кезде бар құбыржолдарының активтерінен тұрса, Оман «Оман Ойл» компаниясымен осы жобаны қаржыландыруға міндеттеме алды. Басында келісімде дауыс беруші акциаларды үш мемлекет арасында (25 пайыздан) тең бөлу көзделді. Ал қалған дауыс бермейтін 25 пайыз акция сол құбыржолын салуға қызығушылық танытқан шетелдік мұнай компанияларға берілді. Әрине, әңгіме ең алдымен Теңіз кен орнынан Новороссийск құбыржолына дейін құрылыс жүргізетін «Шеврон» компаниясы жөнінде болды. КҚК-ның негізін салушы басшыларға қатысты, олардың қаржы мәселелері былай шешілді: Ресей мен Қазақстан консорциумындағы өз үлестерін төлей алмайтындықтан Теңіз-Астрахан-Грозный мұнай құбыржолын КҚК-ға беруге міндеттеме жасады. Бұл актив 600 млн. долларға бағаланды, бұл жалпы жұмысқа бөлінетін қаржының 34 пайызын құрады.
1992 жылдың қазан айында консорциум «Уалбросс» және «Бектел» сервис компанияларын жобасын жүзеге асыруға тартты,олар келесі жылдың қараша айында «Оман Ойлмен» бірге жұмысты толық бітіріп шықты. Алғашқы есптеулерде құбыржолы жылына 36 млн. тонна теңіз мұнайын тасымалдауды қамтамасыз етуі тиіс еді. Алғашқы кезектегі жеткізуші үшін транспоттық тариф мұнайдың әр тоннасына 27,48 долларды құрау қажет етеді. (әр баррельіне 3,25) Трассалардағы жаңа учаскелердің құрылысы 525 млн.доллармен бағаланды. Жоба бойынша шығатын шығынның жалпы көлемі 1,835 млрд.долларды құрау қажет болатын.
1994 жылдың аяғында берілетін құбыржол активтерінің құны мен келісілген бағасы жөніндегі жұмыс аяқталды. ‘Оман Ойл’ өз кеніне 980 млн. доллардың қажетті несиесін алуды көздеді. Компания тағы 300 млн. долларды консорциумның 25 пайызын сату арқылы өзіне тартпақ болды. Әйтседе, 1993 жылдың өзінде-ақ “Оман Ойл” компаниясында қаржыландыру мәселесі жөнінде айтарлықтай күрделі проблемалар туындады. Компания осы мәселені несие беруші кредиторлар арқылы шешпек болғанымен олар біріккен «Теңіз шевройл» кәсіп орындарын жаңа КҚК құбыр жүйесі арқылы мұнай тасымалдау негізінде кепілдік арқылы келісетіндіктерін айтты. Мұндай жағдайда біріккен «Шеврон» компаниясын консорциумдағы 25 пайыздық үлесті 300 млн. долларға сатып алу ұсынылды. Бұл келісім, американдық компанияға тиімсіз болғандықтан олар альтернативтік шарт қойды. “Шеврон” 90 млн. доллар көлемде несие беретіндігін және КҚК құбыржолы арқылы жылына 4,5 млн. тонна мұнай тасымалдауды кепілдік беретіндігін айтып, оның есесіне консорциумдағы «Оман Ойлдағы» 12,5 пайыз акциясын талап етті. Бұл ұсыныстан Ресеймен Оман бас тартып туындаған проблемадан өз күштерімен шығуды дұрыс деп шешті.