Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 13:25, дипломная работа
Әртүрлі мұнай түрлерін кешенді пайдалану мәселесі және оны шешу жолдары. Қазақстан Республикасында мұнай-газ ресурстарын өңдеуді кеңейту мәселелері. Ішкі және экспорттық құбырлар құрылысының негізгі бағыттары. Каспийдің мұнай экспорт бағыттары. Баку-Новороссийск мұнай құбыржолы. Баку-Супса мұнай құбыржолы. Каспий порттары және транскаспий бағыттары.
1999 жылдың қараша айында Әзірбайжан, Қазақстан, Грузия және Түркия «Баку-Джейхан»бағытын «негізгі экспорттық құбыржолы» деп мақұлдады. Құжатқа қол қоюға қатысқан АҚШ президенті Билл Клинтон қолжеткен келісімдер «шын мәнісінде тарихи уақиға» деп атап өтті. Бұл құжат осы аймақтың гүлденуі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Ол сонымен қатар АҚШ басшылығы мемлекеттердің күш жігерімен компаниялардың күш жігерін қолдайтындығын білдірді. Америка әкімшілігінің басшысы «Біздің дипломаттар мен эксперттер Каспий маңы елдері мен Түркияның қажетін толық өтеуге жауап беретін энергетика мәселесі жөніндегі мәселелерді іздестіруге көмектеседі-деп атап өтті /27/.
Дәл осы кезде жобаны қарастыруға АҚШ-тың арнайы мамандандырылған үкіметтік агенттігі белсенді түрде араласты. Энергетика министірі Билл Ригардсон «Американдық үкіметтік және сауда агенттігі эксимбанкпен ОПИОК осы жобаны жүзеге асыруға коммерциялық негізде қаржы және сақтандыру шараларын беретіндіктерін айтты».
2000 жылдың қазан айында Бакуде ГНКАР 7 шетелдік мұнай компанияларынан тұратын топпен 25 млн. доллар тұратын бұл құбыржолының құрылысының жобасын техникалық-экономикалық негіздеуді қаржыландыру бойынша келісім шартқа қол қойды. Олардың қатарында «Бритиш Петролеум», «Юнокал», «Статойл», ТПАО, «Иточу», «Рамко», және «Дельта Хесс» болды. Бұл спонсорлық компанияға кіретін топтар құрылыс жұмысын басқаруды жүзеге асыратын.
«Негізгі экспорттық құбыржолы компаниясының» үлесін автоматы түрде алатын болады. Егер зерттеу нәтижелері оң-оптимистік болса, онда топ жыл көлемінде 150 млн. долларды қажет ететін трассаны барынша тыңғылықты түрде зерттеуге даяар екендігін мәлімдеді. Содан кейін барып жер учаскелерін сатып алумен құбыржолын салу бойынша жүргізілетін шараларды орындау жоспарлануда, оған 32 ай мерзім қажет. Бұл келісімге қол қойғанан кейін Әзірбайжан, Грузия және Түркия бұл құбыржолының ең соңғы өту бағытына келісті. Президент Джорж Буш бастаған жаңа американ әкімшілігі осы бағыт бойынша құбыржолының құрылысын қолдады.
2000 жылдың желтоқсан айында Қазақстанды АҚШ президентінің Каспий төңірегіндегі энергетикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Элизабет Джонс келіп кетті. Американдық өкіл АҚШ әкімшілігі ауысқанымен бұдан былайғы уақытта да түрік портына бағытталған мұнай құбырын жобасын құптайтындығын мәлімдеп, ол Каспий төңірегінде Американдық стратегиялық мүддеге толық жауап беретіндігін айтты. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан бұрынғыдай Джейханға бағытталатын мұнай құбырын қолдайтындығын атап өтті. Жарыс сөзге шыққандар көмірсутек шикізатын тасымалдау жолдарының жан-жақты дамуын қолдаса, Қазақстан өз мұнайын Баку-Тбилиси-Джейхан бағытымен транзиттеу мәселесі жөніндегі кеңесті жалғастыруға мүдделі. Сонымен бірге қазақстан жағынан Қазақстанның қаржы және техника жөнінен ақпаратпен қамтамасыз етілу дәрежесіне көңілі толмайтындығы білдірілді. Бұл жобаға Қазақстаның қатысу маңызының зор екендігі атап өтіліп, Ақтау порты инфрақұрлымын дамыту, танкерлермен тасымалдауды пайдалану, Баку портына мұнай тасымалдау құнын анықтау мәселелерін қарау басты назарға алынды. Жобалардың барлығын, әсіресе жобаның экономикалық аспектілері мен оның бәсекелестікке қаншалықты шыдай алатындығын анықтау арқылы бұл жобаға қатысу туралы шешім қабылдауға компания үшін негіз болады.
Дәл осы уақытта Вашингтонда АҚШ-тың Эксимбанкінің өкілдерімен ОПИОК-тің шетелдегі жеке инвестициясы сақтандыру жөнінідегі американдық мемелекеттік корпарацисы арасында кездесу өтті. Бұлар демеушілік топпен Баку-Джейхан құбыржол құрылысының жобасын қолдайтындығы туралы алдын ала мәлімдеме жасаған болатын. Кездесудің мақсаты жобаны қаржыландыру мүмкіндігін талқылау болатын. Бірақ бұл кездесу жобаны іске асыруға тежеу болды, себебі бірқатар АМОК консорциумдары арасында келіспеушіліктер туындап, Әзірбайжанның энергоресурстарын бағалауға сенімсіздікті күшейтті. Тағы да алдыңғы жоспарға бұрынғы сол оның құнына байланысты сенімсіздіктер туындады. Демеушілік топқа кіретін сегіз мұнай компаниялары арасында тек мемлекеттік Әзірбайжан компаниясы (ГНКАР) мен Түркияның (ТПАО) компаниясы бір ауыздан жобаны мақұлдады. Топтың басқа да мүшелері өз қолдауларын білдіретіндіктерін көрсетті. Жұмысқа қатынасу туралы Вашингтондық кездесуден кейін демеушілік топтың құрамындағы консорциумның АМОК-ЛУКойл, «Эксон Мобил» және «Пеннзойл» мүшелері бас тартты. Олардың АМОК консорциумындағы олардың тұтас үлестері 23 пайызды құрағандықтан, бұл демарш жобаға қатысты инвестициялық сенімге кері әсер етті /24/. 2001 жылдың наурыз айының басында қазақстандық «КазТрансОйл» компаниясымен Баку-Тбилиси-Джейхан құбыржол жобасына қатысушы елдер өзара түсінушілік жайында меморандумға қол қойды. Сол кезде жобаны зерттеу, танып-білу үшін «КазТрансОйл», «Казақойл», «Аджип», «Бритиш Петролуем», «Экссон Мобил», «Казахтурк мұнай», «Нейшыз Энерджи», «Қаражамбасмұнай», ОПИОК, «Шелл» және «Тексако» компаниялары кірген Қазақстандық компаниялары тобы құрылды. Бұл топтың бірден-бір шешетін міндеті Баку-Тбилиси-Джейхан негізгі экспорттық құбыржол жобасына қатысу, сонымен қатар Ақтау портына танкермен тасымалдауды жүзеге асыру. Осы айда президент Джордж Буш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа жолдау жасады, онда қазақстандық басшыны Әзірбайжанның Түркияға дейінгі жобаны қолдауға шақырды.
2001жылдың сәуір айында «Шеврон» компаниясы АМОК-тың құрамына кірмеген бірінші компания бола отырып және жобаның ТЭН-ің қаржылауды шешіп компанияның демеушілік тобына қосылды. «Шевронның» топқа қосылуы күтпеген тамаша жағдай болды және бұл бағытты біршама жандандырды. Азери-Чирак-Гюнешли деп аталатын әзірбайжандық ірі кен орында болашақ өндірісті іске қосу деген скептикаға соққы жасалып, «Шеврон» Аншерон деп аталатын басқа бір өте перспективалы әзірбайжандық кен орынды игеретін болды және қазақстандық Теңіз және Қашаған кен орындарының жобасына қатынасатын болды. Көптеген оптимистер Шеврон компаниясының шешімінен кейін құбырды толтыру үшін Аншерон кен орнынан алынған мұнай да жетеді және Баку-Джейхан құбыржолы қазақстандық мұнайсыз-ақ тиімді болады деп мәлімдеді. Бірақ мұндай пікір шамадан тыс оптимисті деп есептеген жөн. Шевронның бұл шешімі 2001 жылғы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің «негізгі» экспорттық бағыты қолдайтындығы жөнінде жасаған мәлімдемесінен кейін айтылған еді. Сонымен бірге, дәл осы кезде «Шеврон» компаниясында Джейханға теңіз мұнайын жеткізуге нақты ешқандай жоспарлар болмағаны белгілі. Не болғанда да бұл компанияның жобаға қатысуы тек жобаның техникалық-экономикалық мүмкіндіктерін зерттеуге келіп тірелетіндігінде. Расизаде, дәл анық өз бағасын бергендей Баку-Джейхан құбыржол құрылысын қаржыландыру «Шевронның» Аншерон мұнайдың жаңа қорын таба ала ма? жоқпа? Соған байланысты.
АМОК халықаралық консорциумының операторы болып табылатын «Бритиш Петролеум» компаниясы да Баку-Джейхан бағытын қолдауға ынталы. Компанияның басшылығы басында мұнайды тасымалдау үшін құбыржолын салуға жұмсалатын шығынды қаншалықты ақтай алатындығына күмәнданды. Бірақ, компания біртіндеп қажетті мұнай қорын бағалау жөніндегі өз пікірін қайта қарап, жобада көрсетілген бастапқы 6 млрд. баррельден 4-4,5 миллиардқа түсіруді көздеді. Сайып келгенде, 2001 жылдың көктемінде «Бритиш Петролеумнің» басшысы Джон Браун бірнеше рет жобаны қолдау туралы өз ойын білдіріп, өз компаниясының қаржыландыру мәселесіне қатысуға дайін екендігін мәлімдеді. 2001 жылдың 20 маусымында Стамбулдағы халықаралық конференцияда сөз сөйлеген «Бритиш петролеум» компаниясының басшысы Джон Браун Шах-Дениз кен орны Түркия мен Европа Одағы елдерінің сұранысын табиғи газбен қамтамасыз ете алатындығын айтты. Бұл тұрғыдан Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбырына паралель газ құбырын салудың маңызы бар-деп мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда компания газ экспорттау құрылыс жұмысын 2002 жылы Грузия мен Түркияға қарай бастауға мүмкіндік бар. 2001 жылдың мамыр айында негізгі құбыржол жобасы құрылысының бастапқы техникалық-экономикалық негіздеуі аяқталды. Жасалған есептеулерге сәйкес құбырдың құрылысы жоқ дегенде 3 млрд. долларға түседі. Бұл кезеңде мұнай компанияларымен инвестициялық банктер өзіне 2,5 млрд. долларды әкеле алатындығы жайында ақпарат тарады. Топ мүшелерінің пікірінше қалған соманы АҚШ-тың федералдық үкіметі қамтамасыз ететін болды. Бұл мәселе құбыржол консорциумының жетекшісімен болған АҚШ-тың Әзірбайжандағы елшісі Росс Уилсон мен арнайы жіберілген Элизабет Джонспен болған кездесуде талқыланды. Бұған мүдде танытқан мұнай компаниялары көрсетілген жарты млрд-қа американдық үкіметінің қаржысынсыз жоба іске асырылмайды. Құбыржолы құрылысының басталуы бір жылға шегерілсе деген шешімді қабыл алатындығын атап өтті.
Құны 150 млн. доллар болатын ТЭН-ді детальді түрде жүзеге асырудағы тендердің жеңімпазы американдық «Бектел» компаниясы болып жарияланады. Құбырдың өту маршрутын зерттеу 2001 жылдың маусымында басталады және алты айға созылады. Қолданылатын құбырлардың түрін, типін анықтауы мен компрессорлық және насос станцияларына қойылатын талаптарды қоса бүкіл жұмыстардың барлық жиыны қарастырылды. «Бектел» компаниясы Әзірбайжан мен Грузия аумағындағы қажетті жұмыстардың барлығын жүргізеді. Түріктің «Боташ» компаниясы Түркия аумағында қосалқы жұмыстар атқарады. Егер жұмыс графикке сәйкес жүргізілетін болса, құбыржолының құрылысы 2002 жылдың басында басталуы да мүмкін. Мұндай жағдайда алғашқы мұнай 2004 жылдың аяғында-ақ айдалатын болады /25/.
2001 жылдың маусымында «негізгі экспорттық құбыржолының жобосы Әзірбайжан, Грузия және Түркия парламенттер тарапынан қаралып, ратификацияланады.
Оған мүдделі мұнай компаниялары осы бағыт бойынша жұмысты бастау жөніндегі күмәндәрі әлі күнге дейін-ақ жалғасуда. Бұл, ең алдымен жоғарыда атап өтілгендей жобаның экономикасынан қалыптасып отыр. Одан басқа дүние жүзіндегі жалпы экономикалық жағдай да көп әсерін тигізеді. Компаниялар АҚШ-тың Иранға қатысты саясаты бір жүйеге келтірілгендігіне наразылы. Бұл жағдайда мұнайды оңтүстік бағытта тасымалдағаны жөн, ол Баку-Тбилиси-Джейхан құбыржол құрылысын салуға шыққан шығынды жабуды компания тарапынан қол үздірді.
2.10 Каспий порттары және транскаспий бағыттары.
Бірқатар экспорттық көлемдегі тасымалдар қазіргі уақытта экспортты құбыр биржаларына дейін бағытталатындығын ескерген жағдайда, соңғы уақытта Каспий теңізіндегі жұмыс істеп тұрған сауда порттарына модернизациялау мәселесінің маңызы арта түседі. Қазіргі уақытта қазақстандық Ақтау порты мен түркіменнің Түркіменбашысы мұнай тасымалдап әкетудегі аса ірі порттар қатарына саналады, ал Баку мен Махачкала басты «қабылдап алу» порттары болып табылады. Одан басқа «қабылдап алу жағынан ірі болып табылатын Иранның Бандар-Анзали, Наушахар, Нека, Амир-Абад порттары Иран арқылы транзиттелетін каспий мұнайының шектеулілігіне байланысты толық пайдаланылмайды.
Қазіргі уақытта батыс бағытта транспортталатын қазақстандық экспорт мұнайы Баку мен Махачкалаға мұнай құятын биржаларымен негізінен Ақтау портынан бағытталады (одан әрі мұнай темір жолмен және құбыржолдармен Қара теңіздің Супса, Батуми және Новороссийск порттарына жеткізіледі). Бұл портты «КННК-Ақтөбе мұнайгаз», «Харрикейн-Құмкөл», «Маңғыстау-мұнайгаз», «Теңізшевройл» сияқты барлық ірі қазақстандық мұнай өндірушілер пайдаланады. Тасымалдау Әзірбайжандық және Ресей транспорт компаниялары тарапынан Бакуден, Махачкаладан және ресейдің басқа порттарынан жүзеге асырылады.
Ақтау порты мұнай құйып тасымалдап әкететін теңіз порты ретінде дамып, кеңес үкіметі жылдарында жылына 7-8 млн. тонна мұнай өңдеп, негізінен өңдеуге Бакуге және біраз бөлігі Еділмен Ресейдің мұнай өңдеу кәсіпорындарына жіберілетін. Қазіргі уақытта ол жылына 8 млн. тоннаны құрайды, егер қажет болған жағдайда 9-10 млн. тоннаға дейін өндірілмек. КСРО тарағаннан кейін порт өзінің 15 пайыз қуатымен ғана жұмыс істеді. 1990 жылдарда портты реконстукциялау жүзеге асырылып, оған ЕБРР-дан 54 млн. доллар несие мемлекеттік бюджеттен инвестицияланады.
2000 жылы порт 30-40 пайызға жүктелді. 2001 жылдың қаңтар-қазан айларында мұнай және мұнай өнімдері бойынша жүк айналымы 5,1 млн. тоннаны құрады, метал бойынша -850 мың тонна болса, астық-24 мың тонна болды. Паромдармен 100 мың тоннадан астам әртүрлі жүктер тасымалданған. Шикі мұнайға қатысты 2001 жылы жүктелу көлемі өсіп, порт 4 млн. тоннаны өңдейді /2/.
Халықаралық теміржол паромын қосудан кейін, астық терминалын толық дережеде іске қосқаннан кейін, Үшқұдық-Нүкіс және Краснооктябрь руднигі-Дон теміржол тармағының құрылысы, сонымен қатар Ақтау-Атырау автомагистралын реконструкциялауды бітіргеннен кейін жүк айналымы өсе бастайды. Ақтау теңіз сауда портының бас директоры Талғат Абылғазинің айтуынша, «екі-үш жылдың ішінде бұл порт жүкті екі есе қабылдайтындықтан, көптеген мәселелер туындауы мүмкін». Атырау обылысында Баутино порты қазірдің өзінде инфрақұрылымы дамыған, жақсы, ол жерде «Аджип ККО» теңіз операция консорциумының қолдау көрсететін базасы жұмыс істейді. Бұл порттың негізгі даму бағыты мұнай саласына негізделмек. Қазіргі кезде ол жерде Ақтау портының филиалы-Баутино жүк порты бар. Баутино бухтасы біршама үлкен, сондықтан біртұтас инфрақұрлым шеңберінде «ҚазТрансОйл», «Қазақстанкаспийшілер», «Қазақойл» және т.б. компаниялардың өз терминалдары болуы мүмкін.
Құрық бухтасы Александр Бекович- Черкасский шығанағында орналасқан және оның табиғи жағдайы өте ыңғайлы, теңіз жағалауынан бір мильге дейін 20 метр тереңдікпен өзгермейді, жыл көлеміндегі 350 күн бойы шторм желдерінен қорғалған. Бұл ерекше бухтада мұнай құю да, құрғақ жүк арту да құрылады. Қазір ол жерде дамыған инфрақұрылым жоқ, бірақ ең жақын теміржол стансасы 18 километр жерде жатыр, оған жақын Өзен кен орнынан мұнай құбыры өтеді.
2001 жылы Қазақстан Каспий теңізінде өзінің жеке теңіз сауда флотын құру идеясын жүзеге асыра бастады.
2.11 Атасу – Алашанқай магистральды мұнай құбыр жолы
«ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан Республикасының ірі мұнай тасымалдау кәсіпорны ретінде мұнай экспорты үшін жаңа бағыттар жасау саласында ауқымды жұмыс жүргізіп келеді.
Атасу – Алашанқай мұнай құбырын салу жобасын іске асыру «ҚазТрансОйлдың» да, Қазақстанның бүкіл мұнай тасымалы саласының да экспорттың көп бағытын таңдау мен құбыр жүйесін мейлінше тиімді пайдалану қағидаттарына сүйенген сртатегиялық мүдделеріне сай келеді. Жобаны іске асыру мақсатында «Қазақстан – Қытай құбыры» ЖШС бірлескен компаниясы құрылды, «ҚазТрансОйл» АҚ пен Қытай ұлттық мұнай мен газды барлау және өндіру корпорациясы оның тепе-тең үлесті құрылтайшылары болды /27/.
Атасу – Алашанқай мұнай құбыры жоба бойынша Қарағанды облысындағы Атасу мұнай айдау стансасынан Қытай аумағындағы Алашанқай темір жол стансасына дейін салынатын болды. Жобаланып отырған мұнай құбыры жолы Атасу БМАС – Ағадыр – Ақшатау – Ақтоған – Алашанқай бағыты бойынша Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының аумағы арқылы өтеді. Оның ұзындығы 970 шақырым, құбырдың диаметрі 813 мм., өткізу қабілеті бастапқы кезеңде жылына 10 млн. тоннадан басталып, жобаны іске асырудың екінші кезеңінде 20 млн. тоннаға дейін одан әрі артады.