Мұнай-газ ресурстарын пайдаланудың негізгі экономикалық-географиялық мәселелері және оларды шешу жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 13:25, дипломная работа

Описание работы

Әртүрлі мұнай түрлерін кешенді пайдалану мәселесі және оны шешу жолдары. Қазақстан Республикасында мұнай-газ ресурстарын өңдеуді кеңейту мәселелері. Ішкі және экспорттық құбырлар құрылысының негізгі бағыттары. Каспийдің мұнай экспорт бағыттары. Баку-Новороссийск мұнай құбыржолы. Баку-Супса мұнай құбыржолы. Каспий порттары және транскаспий бағыттары.

Работа содержит 1 файл

Дипл МҰНАЙ-ГАЗ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ НЕГІЗГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ.doc

— 348.50 Кб (Скачать)

 

Кесте 8 - Жоспарланған ішкі магистралды мұнай құбырларының және мұнай өнімдері құбырларының сипаттамасы

Нысан

 

 

 

Өткізу

қабілеттігі,

млн.м3

 

Ұзындығы,

км

 

 

Диаметрі,

мм

 

 

Жобадағы

құны, млн.

долл.

 

Мұнай құбырлары:

Батыс Қазақстан -

 

30 дейін

 

1200

 

720-820

 

213-215

Мұнай өнімдері

құбырлары

 

 

 

2, 1 дейін

 

 

820

 

 

325

 

 

10

 

Павлодар-Семей-

 

3,1 дейін

 

1010

 

325

 

12

 

Өскемен

 

2,6 дейін

 

462

 

325

 

6

 

Шымкент-Бішкек

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Павлодар-Астана

 

3,6 дейін

 

390

 

426

 

748

 

Ақтау-Бейнеу және одан

әрі Орта Азияға

200 мың

т/ж

 

530

 

625

 

 

100

 

 

Этан құбыры Теңіз-

 

500 мың

 

 

 

 

 

 

Өнім құбыры Теңіз-

 

т/ж

 

 

 

 

 

 

 

Өзен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жобаланған газ құбырларының жалпы сипаттамасы 6-Кестеде көрсетілген. 1994 жылы ұзындығы 600 километр Ақсай-Ақтөбе газ құбырының құрылымын жинақтау басталды. Ол Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кенорнын Бұхара-Орал газ құбырымен жалғастырады. Жинақтауға Украина мен Ресей қатысуда.

1999 ж. 18-маусымда Қарашығанақ кенорнынан Атырауға дейін жаңа құбыр құрылысы туралы келісімге қол қойылды. Осы құжатқа сәйкес, 460 километр ұзындығындағы құбыр 2001 жылы іске  қосылды. Жаңа желінің алғашқы қуаттылығы жылына 7 млн. тоннаға бағаланды, оның жылдық қуаттылығы келешекте 12 млн. тоннаға дейін кеңейеді деп күтілуде. Атырауға шығу Қарашығанақ конденсаты үшін экспорттық мүмкіндіктерді ашады, ол өз кезегінде газ өндірісінің 9 млн. тоннаға дейін өсуіне ықпалын тигізеді. Жобаның құны — 440 млн. доллар.

Қазақстан мұнайын әлемдік рынокқа шығару қазіргі күні ең маңызды экономикалық мәселе болып тұр.

Мұнай шикізаты бар және оны экспорттайтын көптеген мемлекеттерге қарағанда Қазақстан терең субконтиненталды, яғни ашық теңіздерге және мұхиттарға шығатын қолайлы жолдары жоқ ел болып табылады. Оның мұнайы танкерге дейін жету үшін бір-екі халықаралық шекарадан және елдердің үстінен өтуі керек. Қазақстанның осындай субконтиненталды орналасуы дамымаған сыртқы экспортық және ішкі мұнай-газ құбырлары жүйесімен бірге оның мұнай-газ қорын қарқынды және тиімді қолдану жолында үлкен кедергі болып тұр.

 

Кесте 9-  2010 жылга дейін құрылысы жоспарланған газ құбырларының сипаттамасы

Газ құбырлары

 

Өткізу қабілеттігі, млн.м3

 

ұзындығы км

 

Диаметрі, мм

 

Жобадағы құны, млн. долл.

 

Қарашығанақ - Ақтөбе

Қызыл Октябрь-

 

4,0 дейін

 

400

 

820

 

62778

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Арқалық-Есіл-Астана

Бұқара-Орал-Ленинск-

 

5 дейін

 

1150

 

1020

 

368889

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылорда-Түркістан

 

4 дейін

 

1100

 

1020

 

356666

 

Есіл-Петропавл-

 

 

 

230

 

1020

 

 

 

Көкшетау-Астана

Есіл-Омбы-Павлодар-

 

5,8 дейін

 

1078

 

720

 

322778

 

 

 

1087

 

1020

 

488333

 

Семей-Өскемен

 

7,22 дейін

 

196

 

720

 

 

 

Урихтау-Ақтөбе

 

1 дейін

 

400

 

320

 

27778

 

Құмкөл-Қызылорда

 

1 дейін

 

250

 

325

 

16667

 

 

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасымен (ҚР) қолданылуы мүмкін барлық экспорттық мұнай-газ құбырлары Ресей Федерациясының (РФ) аумағы үстінен өтеді, ол қолайсыз және біздің республикадағы мұнай-газ өндірісінің көлемін шектейді. Мысалы, «Қарашығанақ» консорциумының қазақстандағы басқа да мүшелері РФ-да тұтынылатын газдың жасанды төмен бағасын ұстап тұруға шығындалып, өз табыстарын жоғалтуда.

Қазақстандағы алпауыт кенорнының операторы болып табылатын "Теңізшевройл" компаниясы Ресейдің бөгетінен аулақ болу үшін 175 мың баррелъді құрайтын күнделікті өнім көлемінің жартысын темір жолы арқылы тасымалдайды, сондықтан ол Ресей және Грузия темір жол компанияларының ірі тұтынушысы болып табылады. Теңіз мұнайы темір жол арқылы Балтық теңізіне дейін немесе Каспий теңізі арқылы Бакуге дейін және одан әрі темір жолмен Грузияға дейін жеткізіледі. 1997 жылдың соңында мұнай шикізаты алғашқы рет Қытайға тасымалданды. Бірақ, бұл қажетті тасымалдау жолдары мұнай және газ тасымалын қиындатып қана қоймай, оның құнын жоғарылатады, яғни, бұл жаңа баламалы құбырларын салу қажеттілігін шарттайды.

Көбінесе бір-біріне қайшы келетін коммерциялық және саяси мүдделерді түйістіру қажеттігі "құбыр дипломатиясының" проблемасы болып табылады. Мұнай компаниялары ең арзан құбырлар әлемдегі ең үздік рыноктарға шыққанын қалайды. Сонымен бір уақытта мұнай мен газ экспортталатын құбырлардың бағыттары Қазақстан Республикасының аймақтық бағытталуын және сыртқы ықпалын айқындайды.

Қазіргі күні, жоғарыда айтылғандай, Қазақстаннан шыққан мұнай-газ құбырларының барлық экспорттық бағыттарын Ресей бақылайды. Қазақстандық мұнай экспортының осындай біржақты бағытталуы, баламасыздығы экономикалық тұрғыдан да, саяси тұрғыдан да осал болып табылады.

Қазақстандық Теңіз кен орнынан шығып, Қара теңіздегі Новороссийск ресейлік портқа баратын батыс құбыры бір қатар жылдар ішінде Ресейдің және Оман Шейхы атынан келісімдер жүргізуте құқығы бар голландтық Джон Дьюсстың қолында болды.

1997 жылы даулардан кейін құрамына Шеврон, Мобил, Лукойл, Қазақстан мұнай компаниясы кіретін Каспий құбыр консорциумы (КТК), Оман және Ресей өкілдері Қазақстаннан Новороссийскіге дейін құны 2 млн. доллар тұратын құбыр салу туралы келісімге қол қойды.

Үстінен құбыр өткізілетін ресей облысымен келісімдер әзірше аяқталған жоқ. Егер барлығы сәтті аяқталса, тек Ресейдің иелігіндегі емес алғашқы құбыр 2000 жылы іске қосылады, ол күніне 1,6 млн. баррель мұнай тасымалдайды.

Әзірбайжан бүгін бар құбырларды пайдаланып жүр. Ол Дағыстан мен Шешенстан үстінен Новороссийскіге дейін өтетін солтүстік бағыт және Грузиядағы Супса портына баратын батыс бағыты.

Мұнай солтүстік бағыт бойынша тасымалданып жатыр, қазіргі уақытқа дейін шешендіктерге транзит үшін қомақты ақы төленіп келді. Батыс бағыты осы жылдың аяғына дейін дайын болуы керек.

Қазақстан бұл бағыттарды Каспийдің қазақстандық жағасынан Бакуге дейін Транскаспийлік құбыр салынған жағдайда ғана пайдалана алады. Бұл техникалық жағынан қиын және экономикалық жағынан қымбат (шамамен 3,0-5,0 млрд. доллар) шара және оның жүзеге асырылуына да көп уақыт кетеді.

Алайда, аталған бар және қосымша құбырлар проблеманы уақытша ғана шешеді. Егер Қазақстандағы іздестіру жұмыстары үлкен мұнай немесе газ түрінде өз жемісін берсе, келесі онжылдықтың басында оған жаңа құбырлар қажет болады.

Теориядағы жаңа құбырлар кез келген бағыт алуы мүмкін. Оңтүстік және шығыс бағыттары Азия нарықтарына қызмет көрсете алар еді. Солтүстік бағыттар, Ресейдің көңіліне қарай, осы елдің темір жол желілерін пайдалануына болатын еді. Батыс бағыттары экспорттық мұнайға деген сұранысы бұдан былай ұлғаятын Еуропаға қызмет көрсете алар еді, себебі, Солтүстік теңізде өндірілетін мұнайдың мөлшері келесі ғасырдың басында азаяды. Негізгі таңдауды мынандай нұсқалардан жасауға болады:

Ресей артық көретін солтүстік бағыттар. Қазақстан ресейлік жүйеге қосылу үшін өз құбырларын кеңейте алар еді. Ол бар құбырлардың бөлек учаскелерін қосып, оларды ұзарту үшін көп шығынды талап етпейді (жобалық құны — 1,5-2,5 млрд. доллар).

Әзірбайжан, Грузия, Түркия және Америка елдері артықшылық беретін Батыс бағыты. Ең арзан нұсқасы (шамамен 1,5 млрд. доллар) — Грузиядағы Супса портына дейін құбыр салып, Қара теңіз және Босфор арқылы мұнайды Еуропаға тасымалдау. Бірақ, Түркияның баяндауы бойынша, Босфордың танкерлер қозғалысына әлі келмейді.

Стамбулдан айналып өту үшін Босфорда Болгариядан Грецияға дейін (құны — 1 млрд, доллар) немесе Түркия арқылы Жерорта теңізінің жағалауына дейін айналмалы құбыр салуға болар еді. Соңғысы Түркия үшін тиімді. Алайда, бұл бағыт курдтар мекендеген тұрақсыз аумақтың үстінен өтеді, сондықтан осы аймақты айналып өтетін ең қымбат батыс бағытына 2,9 млрд. доллар жұмсалғаны тиімдірек. Осы рете, Қазақстан мұнайы мен Түркіменстан газы Транскаспий құбыры арқылы Батыс бағыттарына жеткізіледі. Бакуге дейін мұнай мен газды танкерлермен тасымалдау сенімсіз және үнемді емес.

Оңтүстік бағыттар. Түркіменстан 1997 жылғы желтоқсан айында Иранға дейін газ құбырын ашқандықтан бұл бағыттар коммерциялық мағынаға ие болады. Түркімендер құбырды Түркияға дейін созуға үміттеніп, Шелл компаниясымен келісім жүргізіп жүр. Парсы шығанағына дейін оңтүстікке баратын құбырдың экономикалық жағы зерттелуде. Иранның ірі құбырлар жүйесі бар, сондықтан да Парсы шығанағы Азия нарықтарына қызмет көрсете алатын жақсы пункт болып табылады. Бірақ, америка оған белсенді қарсыласуда. Әзірбайжан да Ираннан күдіктенеді.

Шығыс  бағыты. 1997 ж. қыркүйек айында ҚХР Қытайға баратын батыс құбырының (№10) құрылысы туралы келісім меморандумына қол қойды, ол Қазақстандағы екі мұнай кенорындарын (Өзен және Ақтөбе тобы) сатып алу туралы келісім-шарттың бөлігі болып табылады. Тек қазақстан аумағындағы ұзындығы 2000 километрді құрайтын бұл құбырдың құны қытайлар бағалаған 3-5 млрд.  доллардан айтарлықтай артық болатыны анық.  Бірнеше өнеркәсіп сарапшылары құбырдың құрылысы коммерциялық тұрғыдан жүзеге асуы мүмкін деп ойлайды,  бірақ, егер Қытай оны стратегиялық шешім ретінде қарастыратын болса, ол сапасыз салынуы мүмкін.

Оңтүстік-Шығыс бағыты. Америкалық Шелл компаниясы Түркіменстаннан Пәкістанға дейін (кейін, мүмкін, Индияга дейін де) Ауғанстан арқылы мұнай-газ құбырын салуға ниетті. Бағалануы бойынша, олардың әр қайсысының құны 1,9 млрд. долларды құрайды. Географиялық тұрғыдан қарағанда, бұл бағыттың жүзеге асырылуы мүмкін, бірақ, олар дағдарысқа ұшыраған және тұрақсыз Ауғанстан елі арқылы өтеді.

Осынша көп нұсқалар мен бәсекелес мүдделер орын алған жағдайда құбырлар өтетін жолдарды болжау қиын. Жоғарыда айтылғандай, бұл жерде бөлек топтардың және әлем елдерінің экономикалық және саяси мүдделері қатысуда.

Шынайы түрде қарағанда, мұнай-газ ресурстарын пайдалану мәселесінде Қазақстан мен Ресейдің ортақ мүдделері көп. Солтүстік Каспийдің қазақстандық және ресейлік мұнайлы аумақтары көршілес. Осы аумақтағы және бүкіл қазақстандық мұнайды бірігіп сату екі жақ үшін де өзара тиімді. Алайда, Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасы қандай болатынын келешек көрсетер. Әзірше, жоғарыда айтылғандай, біздің әріптестік қатынастарымыз идеалдан қашық.

Американдықтар соңғы кезге дейін Қазақстанды батыс бағытына бас бұруға үгіттеумен болды. Қазақстан болса, бұл ұсыныстың экономикалық тиімділігі жеткілікті еместігін ескеріп, оған сақтылықпен қарайды.

Батыс бағыты коммерциялық тұрғыдан ұнамды болғанда ғана қазақстан үшін қолайлы бола алады. Біздің республикадағы мамандар ирандық бағытқа сенімсіз қарап, қытайлық нұсқаға артықшылық береді. Көптеген қаржы және материалдық қиындықтарға қарамастан Қазақстан билігі келешекте шығыс бағытын тоқтау керектігін айтады. Осы жағдайда Транскаспий құбырын салу мүмкіндігі азаяды.

Қазақстанның мұнай-газ қорын оңтайлы және тиімді пайдалану үшін қысқа мерзім ішінде Құлсарыдан пластмасса зауытына дейін (Ақтау қ.), Қазақ газ өңдеу зауытына дейін (Жаңа Өзен), «Полипропилен» АҚ дейін (Атырау қ.) ішкі өнім құбырын салу қажет. Зауыт бүгін «Теңізшевройл» БК құрамына кіреді. Оған қоса, Қазақстанның шығысы мен оңтүстігінде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарын қазақстандық мұнай-газ кен орындарымен мұнай құбырлары арқылы қосу қажет. Осы проблеманы шешуде Қытай нұсқасының артықшылығы анық болып көрінеді

Информация о работе Мұнай-газ ресурстарын пайдаланудың негізгі экономикалық-географиялық мәселелері және оларды шешу жолдары