Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 10:24, диссертация
Жұмыстың мақсаты. Белгілілік/белгісіздік категориясын функционалды-семантикалық категория ретінде қарастырып, оның мәндерінің әртүрлі тілдік жағдаяттардағы берілу жолдары мен қызметін талдау.
Кіріспе......................................................................................4
І тарау. Функционалды-семантикалық белгілілік/белгісіздік категориясының тілдік табиғаты....................................................... 8
1.1. Белгілілік/белгісіздік категориясының танымдық сипаты............................................................................................... 8
1.2. Белгілілік/белгісіздік категориясының референция теориясымен байланысы .................................................................. 24
1.3. Белгілілік/белгісіздік категориясының тіл прагматикасына қатысы ............................................................................................. 27
1.4. Функционалдық-семантикалық белгілілік/белгісіздік категориясының парадигмалық жүйесі ............................................ 29
Түйін........................................................................................ 31
ІІ тарау. Қазақ тіліндегі белгілілік мәнінің құрылымы ......................................................................................................... 32
2.1. Белгілілік мәнінің имплицитті берілу жолдары және оны білдіретін лексикалық құралдар ..........................................................................................50
2.1.1 Белгілілік мәнін білдірудегі жіктеу есімдіктерінің қызметі .......................................................................................................... 52
2.1.2 Белгілілік мәнін білдірудегі сілтеу есімдіктерінің қызметі ..........................................................................................................53
2.1.3 Белгілілік мәнін білдірудегі жалқы есімдердің қызметі..............................................................................................60
2.1.4 Белгілілік мәнін білдіретін морфологиялық құралдар............................................................................................67
2. 1.5 Белгілілік мәнінің синтаксистік жолдармен берілуі.. .... 70
2.2 Белгілілік мәндерінің эксплицитті берілу жолдары.............75
Түйін ...................................................................................... ..81
ІІІ тарау. Қазақ тіліндегі белгісіздік мәнінің құрылымы ......................................................................................................... .86
3.1. Белгісіздік мәнінің имплицитті берілу жолдары және оны білдіретін лексикалық құралдар....................................................... 86
3.2. Белгісіздік мәнінің эксплицитті жолдармен берілуі .........................................................................................................110
Түйін ...................................................................................... 116
Қорытынды ............................................................................ 120
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................... 125
Еңсеп әкесінің біреумен кер-мәр сөйлесіп жатқанын әлі көрген емес, бірақ пәленшекеңді, түгеншекең сөзден жығып кетіпті дегенді талай естіген (Ә.Кекілбайұлы. Шыңырау, 229-б.).
Мұндағы біреумен кер-мәр сөйлесіп жатқанын әлі көрген емес деген тіркесті ешкіммен де кер-мәр сөйлесіп жатқанын әлі көрген емес.
Біреу сөзі негізінен сөйлеуші референтті арнайы айтқысы келмеген, нақтылағысы келмеген кезде қолданылады. Мысалы:
Ұнатыңқырамаған кейбіреу: «Осы ретті қып соға бер!» дейді. –Шын айтып отыр екен деп, анау онан жаман екілене соғады. Әуелі түрпілеп алмай, майда егеу салған бар ма? Мынау әнші түрпі болса керек. Өйткені: «Шырағым, сен енді қойсаң қайтеді?» деген бір-екі сөз шықты. Аздан кейін біреу жатып:
Біреу қазанның астындағы кешегі жауыннан әлі кебе қоймаған су бұта бықсып болмаған соң, жалпылдақ тастап еді, жалыны қазанның қақпағын шарпып, айнала жарқ ете қалды (Ә.Кекілбайұлы, Аш бөрі, 22 -б.).
Кешқұрым оның самайын ерте қырау шалған асқақ басын көкірегіне қысып, аймалағысы келеді де, ұмсына берген қолын аяқ астынан біреу қағып жібергендей ұят жеңіп, тез кері тартып ала қояды (Ә.Кекілбайұлы. ханша-дария хикаясы, 209-б.).
Одан бері талай заманақыр өтсе де шайқалмай келіп-келіп, енді міне, айдың-күннің аманында біреудің күбір сасыған қорасында жайрап қала берді (Ә.Кекілбайұлы. Құс қанаты, 6-б.).
Жалпылау мәнін білдіру
үшін сұрау есімдіктері жиі
Манағы ала атты кім? Қыз алып қашқан орыстар кім? Бұларды қуам деп оққа ұшқан кім? Олардың кім екенін біз айтайық па? Өздерін сөйлетейік пе? Қане, осыны дауысқа саламын. Біз айтайық дегенің қолдарыңды көтер. Біреу, екеу... жоқ, өздері сөйлесін дегендерің қол көтер... Төртеу, бесеу... Өзіммен көпшілік. Сонымен сөз өздеріне берілетін болды. Әуелгі сөз оққа ұшқан жігіттікі (Ж.Аймауытов, Шығ. 151 б.).
Сұрау есімдігінің негізгі мағынасы сұрақ қою үшін жұмсалады десек, келтірілген мәтінде кім есімдігінің негізгі қызметінде жұмсалып тұрғанын көреміз.
Енді далаға шығысымен, Бекболат Ақбілектің не болғанын білуге көңілі кетті... Қалай, кімнен біледі? Кеше төсекте жатқанда бір қазақтың есік алдынан өткенін көзі шалып еді, со қазақ жылт етіп, жоқ боп кетіп еді. Сол кім екен?.. Немесе дәрігерге келіп тұрған қазақтар жоқ пе екен? – деп, қабырғаны жағалап, қақпа жақтағы бұрыштан асты. Асып еді, ауруханаға кіретін екінші есіктің тепкіншігіне отырып, бір-екі тымақты қазақ сөйлесіп отыр екен. Бекболат іздегені табылғандай қуанып кетті:
Ассалаумаликум! – деді (Ж.Аймауытов, Шығ. 203 б.).
Бұл жердегі кім сұрау есімдігінің қызметі сұрау мәнінен гөрі белгісіздік есімдігінің қызметін атқарып, оқиғаға қатысқан беймәлім адамды білдіріп тұр.
Кейде адамдар істеген
іс-әрекетіне қарай
Кейде адамдар
істеген іс-әрекетіне қарай
Қос қабат
тас болат үйдің үстіңгі
Күштідіен зорлық көріп, не жері, не жесірі кетіп, арызын қайда берерін білмей қаңғып жүрген қазаққа ақыл айтып, жөн сілтеп тұрған қайырымды жігіт кім? Базарда ақшасын алдырып, зарлап келе жетқан қазақты есіркеп, қалтасындағы барлық тиынды ұстата беріп тұрған мейірімді жігіт кім?
Әкесі зарлап малға сатқанына көнбей, қаладағы бір қазақтікіне қашып келіп, мұңын кімге шағарын білмей, басына күн туып отырған Гүлсімге ағалық міндетін атқарып, пәтеріне келіп оқытып тұратын, шығарып шығарып салып: «Қашан келесіз?» дегенде, «бүрсігүні!» деп жымыңдап бара жатқан қара жігіт кім? Бала оқытып тапқан тебен-теңгесіне қырық шақты кездей нәрсе алып, елге баратын қалашыдан әжесәне сәлемдеме жіберіп отырған бауырмал жігіт кім? Жаздыгүні Гүлсімнің ауылына 30 шақты үлкендерді оқытып, хат танытып, Гүлсім мен екеуі бірін-бірі сүйіп, күзге таман қалаға алып қашып келген ер жігіт кім? Суық хабар есітіп, іздеп келген жеңге алған қатынының алдынан шығып, бетінен сүйем деп ұмтылғанда: «Жаңа алған қатыныңды сүйе бер!» деп қолын итеріп тастағанда, не айтарын білмей, қайпақтап, ұялып тұрған жігіт кім? Жеңгесіне ерік беріп, сүйген күйеуіне тиіп, бақытты өмір сүруін тілеп, еліне қайтарып, көңілі бір демдеген соң, жаңа жары Гүлсімді үшкөлдің жатақханасына орналастырып, жолдастарына: «Сендер мүйіздеп кетпеңдер!» деп, ойын-шыны бірдей соғып отырған кім? Шәкірттердің жиылысында ұйымның ісі туралы баяндама қылып, кемшілікті тура айтып, өз міндетін дұрыс атқарып, сенім алып тұрған жігіт кім? Қартқожа, Қартқожа, Қартқожа... (Ж.Аймауытов, Шығ. 141-142 б.)
Кім есімдігі бәрі, барлығы сияқты жалпылау есімдіктерінің де қызметін білдіре алады. Бұл орайда болардың барлығы да субъектіні нақты көрсетпей, жалпылай білдіру үшін қолданылады. Мысалы:
Ата-анадан, туысқаннан, туған жерден кім безейін деп ойлайды? Еркін қызық өмірді, жан тыныштықты кім жақсы көрмейді? Сұлу әйелдің от құшағын, тәтті лебізін кім аңсамайды? Адам тілегенін істеуге ерікті болса, тұрмыс осындай болар ма еді? Біреу ырысты, біреу сорлы болар ма еді? Адамда ерік жоқ. Адам лажсыз елінің тілегіне бағынады. Дүниеде тағдыр бар, лажсыз өмірге көну бар: тағдыр деген сондай, бостандық, еркіндік деген жоқ (Ж.Аймауытов, Шығ. 153 б.)
Келтірілген мысалда кім есімдігінің болымсыз тұлғадағы етістікпен тіркесіп, жалпылау мәнін білдіріп тұрғанын көреміз. Кім безейін деп ойлайды деген тіркестің орнына ешкім безбейді немесе барлығы да безбейді, кім жақсы көрмейді дегеннің орнына барлығы да жақсы көреді, кім аңсамайды дегеннің орнына бәрі аңсайды деп те ауыстыруға болады. Сонымен қатар кім есімдігі белгісіздік есімдігінің орнына да жұмсала алатынын да көреміз.
Ғалымдар арасында белгісіздік есімдіктерінің затты жоққа шығаратыны туралы біржақты пікір бар екенін айта келіп, З.Сабитова былай дейді: «Утверждение о том, что отрицательные местоимения отрицают существование предмета, не представляется верным. И не только в связи с тем, что в действительности не существует ничего отрицательного, но и потому, что отсутствие субъекта действия делают невозможным построение предложения: если нет субъекта, то нечему приписывать предикативный признак, иными словами, предложению «нечем зацепиться за мир». Значит, подобное определение семантической природы отрицательных местоимений противоречит как «состоянию дел» в самой действительности, где наличествует только положительное, так и сущности самого предложения, представленного предикативным соединением субъекта (элемента мира) и предиката (элемента мышления)» (163).
Кісі, адам сөздері қолданылған сөйлемдер де белгісіз, жалпылық мәнде жұмсалады. Олар белгісіз-жақтық сөйлем құрамында жиі кездеседі. Мысалы:
Әйтпесе түсіріп алатын кісі едік. Есіл жарым, екі көзің жаудырап, орысқа қор боп кеттің-ау! Жұртым-ау, менде не жазық бар? Ақбілекті жіберіп қойғандарың ба? Кеудеде шыбындарың болса, неге қимылдамайсыңдар? (Ж.Аймауытов, Шығ. 153 б.).
Кісі, адам сөздері жинақтаушы мәнде, кез келген адам, әр адам деген мәнде жұмсалады. Мысалы:
Іскендірдің қабақ шытқанын жан көрген емес, қашан көрсең де жайраңдап, жымиып отырғаны. Іскендірдің не ғып мұндай боп жаралғанын, оның кеудесінде не қылған жүрек, тамырында қандай қан, бойында неткен қайрат барлығын ойлайтын бір адам жоқ. Ел тек оны: «дуана, дуана» дейді, «бір алуан дам» дейді. Іскендірдің өмірі жұмбақ. Қалайда Іскендір – адам. Бұл неткен адам?.. (Ж.Аймауытов, Шығ. 187-188 б.)
Сонымен қатар біреу сияқты белгісіздік есімдіктерінің орнына да қолданылады. Мысалы:
70-ке тарта шәкірт жинатыпты. Үлкен бөлме. Парталардың алдындағы үстел басында мұғалімдер. Портфель қолтықтаған екі-үш орысша киінген кісі келді. Кешегі өшетіл оқу басталатындығын, облыстық комитеттен келген азаматтарға құттықтау сөз берілетіндігін білдірді. Мұрнында қыспа көзәйнегі бар, желкілдеген сұлу шашы қарсы қайырылған, тұйғындай жұтынған жас жігіт түрегелді. Ағып тұрған сөз екен: неше түрлі жалынды, жігерлі, үмітті сөздерді соғып еді кеп, адамның сай-сүйегін сырқыратты. Сөз бұлбұлдың күйіндей денені балқытты, Қартқожа: «Адам емес, жебірейіл ме?» – деп ойлады. Қарап отырып мас болды. Жүйесі босап, көзіне жас келді. Сөзін бітіргенде, шапалақ шартылдап кетті. Кейінгі шешендердің сөзін Қартқожа ұққан жоқ, тек жақсы сөз айтпақшы екенін қолдарының сермесінен сезді (Ж.Аймауытов, Шығ. 111 б.).
Әлгі адам жүгіріп барып тоқтағандай, ат ышқынғандай, үзеңгіге аяқ салғандай, тебіңгі тырс еткендей болды. Атына мініп келейін деген екен ғой, енді ажалдан құтылдым ғой. Жасаған-ай! Тәубе дей беріп еді, дүбірлеген аттың тықыры жақындамай, теріс айналып кеткендей болды. Қолы әлі жәрдем тілеуден, жарылқаушы періште келетіндей, дәмелене күтсе де тықыр алыстап, дүбірлетіп, шауып кетті (Ж.Аймауытов, Шығ. 149 б.).
Сонымен қатар адам, кісі лексемалары ешкім сияқты болымсыздық есімдіктерінің орнына да жұмсалады. Мысалы:
Кісіге жаман сөз айтпайтын кісі екен, жақсы сөзін айтты. «Ел іші – партия. Біреуден біреу мал өндіретін заман емес. Әшірбек біздің ыңғайымыздағы кісі еді, шыдай тұр...» деді (Ж.Аймауытов, Шығ. 104 б.).
Молда деген аты болмаса, Тезекбай кісі атын да жаза алмайды. Барлық оқуы «қырық қадістен» есінде қалған «қаланнаби ғалайссалам – айтты пайғамбар ғалайссалам». Бар білген құлшылығы – өлікке, шелпекке, өлі тиген малға «жасын» оқу, тарауық оқығанда, «алқамға» қосып «еттеқазелиге» деген бірдеңені міңгірлету. Бар білетін дуасы – «аятіл-күрсі». Құрбанның малына немесе айға бата қылса да осыны оқиды, көзіне ақ түскен әйелдерге де осыны айтып үшкіреді. Өз ағайындары болмаса, Тезекбайды сырт қазақ молда деп те санамайды (Ж.Аймауытов, Шығ. 165-166 б.).
Ендеше, кісі, адам лексемаларының мағыналары жалпылануына байланысты есімдіктері сияқты мағыналары дерексізденіп, түрлі реңкке ие болатынын көреміз. Бұл лексемалар белгісіздік мәнін білдіруде жиі қолданылады.
Контексте белгісіздік мәні тектік, нақты және көмескі (нақты емес) референцияда ерекшелеу үшін қолданылады. Тектік референцияда белгісіздік мәнде жұмсалған зат есімдер заттың белгілі бір топқа немесе топ мүшесіне қатысын білдіреді. Тектік референцияда белгісіздік мәнде жұмсалған зат есімнің негізгі белгісі бір топтағы зат есімдердің ішінен іріктеу мүмкіндігі болады:
Ќырындап, тµмен ќарап сµйлесіп отырѓан екі ќазаќ жалт ќарады. Ел ќазаѓы н±сќынды біреуі: “Єлік” алды. Аяѓында орысша етігі бар ыќшам шапанды, жекей ќара тымаќты, аузы-басы пияздай, ќожаѓа айтќан нияздай, ќара с‰р жігіт ойнаќы кµзі жалањ етті де, ернін ќыбырлатты, Бекболат амандасты. (Аймауытов Ж. Шыѓармалар жинаѓы. І том 197б)
Тµртінші – Доѓаныњ жанында ершіктей, Балќаштыњ жанында шаппа шоттай жылмырайѓан Жорѓабек деген кісі еді. (Аймауытов Ж. Шыѓармалар жинаѓы. І том 216б)
Б±рыштаѓы
карнезді нар пештіњ ќуысында ќаз
мойын жез шєугім; пештіњ алдында
‰лкен жез шылапшын. Тµрдегі кµлденењ
сырыќта ќызыл ала тек
Екінші кµтерілісте – балшабекті, ‰шіншісінде ќазаќ автономиясын, одан кейін жања ќонаќты, ењ аяѓы ‰й иесін де жасатќызып, араќ бірте-бірте ішіле берді.Тек Бекболат б±л кµтеріліске ќосыла алмай, кµзі бажырайып, шанышќымен єлек болып отырды. (Аймауытов Ж. Шыѓармалар жинаѓы. І том 220б)
Тµрт ќ±быладан бірдей ерейіп-серейіп, ‰стіне тµніп т±рѓан аќар-шаќар тауларѓа, тауѓа біткен ‰йірім-‰йірім сабалаќ ж‰нді орманѓа да, тау басында ќалыќтап жайылып ж‰рген б‰ркітке де, тауѓа тырмыса жайылып, жатќан ќ±мырсќадай жылќыѓа да, ќостан аулаѓыраќ µзек ќуалай шыќќан шоќ-шоќ б±таѓа да Аќбілектіњ кµзі тоќтап т±ра алмай, сырѓанап келіп, жер ошаќ басындаѓы ќазаќтыњ ќара ќ±манына, ќара астауына, жыртыќ орыстыњ шµмішіне тоќтады. (Аймауытов Ж. Шыѓармалар жинаѓы. І том 156б)
Тектік референцияда белгісіз мәнде жұмсалған зат есім алғаш рет сөз болған затты білдіру үшін қолданылады. Зат сөйлеушіге таныс болуы мүмкін, алайда тыңдаушы ол туралы бейхабар болуы немесе екеуіне де таныс болмауы мүмкін:
Єйел деген жарыќтыќ µмірі таусылмайтын, адамды жалыќтырмайтын ќызыќ єњгіме ѓой. Єсіресе біздіњ “Екі єуейі” єйелдіњ єњгімесіне жалыќќан бар ма? Ауыздарынан сілекейі кµздерінен жасы аќќанша к‰лісіп мєз-мєрам болды. (Аймауытов Ж. Шыѓармалар жинаѓы. І том 235б)
Белгісіздік мәнде бірнеше өзара ұқсас заттар қатар қойылады. Зат сөйленісте бұрын-соңды сөз болмай, енді ғана сөз етілген жағдайда ол белгісіздік мәнде жұмсалады. Мұнда әңгіме өзегі болатын зат сөйлеушіге таныс, белгілі болғанмен, тыңдаушыға беймәлім болуы мүмкін не екеуіне де белгісіз болуы мүмкін:
...Сол кезде қожадан талай бала оқиды. Сол балалардың ішінде босаға жақта – астында бір жапырақ тай тері, мұрнын қос-қостан тартып, қожасының ақ сабауына қарай түсіп, шиге шанышқан бір жапырақ қағазына үңіліп, құнысып, бір бала отыратын еді. Жасы 10-11 шамасы болар ма екен, қалай… Екі жеңі де сауыс, бетінің бір жағы сатпақ, көзінің былшығы да жөнді тазармайды. Сол баланың қақ-соқпен ісі жоқ, момақан, аңқау, көзі бажырайып, аузын ашып, мұрны қоңқиып отырғаны. Жасында болпиған, сүйкімді бір бала болады ғой, тап сол бала осы еді. Құдай оңдап, аты да түріне сай бола кетер ме? Қартқожа…(Аймауытов Ж. Шыѓармалар жинаѓы).
Информация о работе Қазақ тіліндегі белгілілік пен белгісіздіктің