Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 10:24, диссертация
Жұмыстың мақсаты. Белгілілік/белгісіздік категориясын функционалды-семантикалық категория ретінде қарастырып, оның мәндерінің әртүрлі тілдік жағдаяттардағы берілу жолдары мен қызметін талдау.
Кіріспе......................................................................................4
І тарау. Функционалды-семантикалық белгілілік/белгісіздік категориясының тілдік табиғаты....................................................... 8
1.1. Белгілілік/белгісіздік категориясының танымдық сипаты............................................................................................... 8
1.2. Белгілілік/белгісіздік категориясының референция теориясымен байланысы .................................................................. 24
1.3. Белгілілік/белгісіздік категориясының тіл прагматикасына қатысы ............................................................................................. 27
1.4. Функционалдық-семантикалық белгілілік/белгісіздік категориясының парадигмалық жүйесі ............................................ 29
Түйін........................................................................................ 31
ІІ тарау. Қазақ тіліндегі белгілілік мәнінің құрылымы ......................................................................................................... 32
2.1. Белгілілік мәнінің имплицитті берілу жолдары және оны білдіретін лексикалық құралдар ..........................................................................................50
2.1.1 Белгілілік мәнін білдірудегі жіктеу есімдіктерінің қызметі .......................................................................................................... 52
2.1.2 Белгілілік мәнін білдірудегі сілтеу есімдіктерінің қызметі ..........................................................................................................53
2.1.3 Белгілілік мәнін білдірудегі жалқы есімдердің қызметі..............................................................................................60
2.1.4 Белгілілік мәнін білдіретін морфологиялық құралдар............................................................................................67
2. 1.5 Белгілілік мәнінің синтаксистік жолдармен берілуі.. .... 70
2.2 Белгілілік мәндерінің эксплицитті берілу жолдары.............75
Түйін ...................................................................................... ..81
ІІІ тарау. Қазақ тіліндегі белгісіздік мәнінің құрылымы ......................................................................................................... .86
3.1. Белгісіздік мәнінің имплицитті берілу жолдары және оны білдіретін лексикалық құралдар....................................................... 86
3.2. Белгісіздік мәнінің эксплицитті жолдармен берілуі .........................................................................................................110
Түйін ...................................................................................... 116
Қорытынды ............................................................................ 120
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................... 125
Іскендір өтірік айтуды, кісі алдауды білмейді, адам баласына жамандық ойламайды. Үлкенді «әке», «аға» деп тұрады. Мейлі жаңа түскен келіншек болсын, қатын біткенді «шеше» дейді. Еркек, әйел деп айырмайды, бала біткенді «балақайым» дейді, кісіге өмірі қатты сөз айтпайды. Өзін ренжіткен адамға да түк демейді, тек басын шайқайды.
Іскендір әсіресе
балаларды жақсы көреді. Іскендір
келсе, бала біткен шұбырып соның
соңында болады. Ит біткен шулап
артында жүреді. Іскендір асасын жайқап
аяңдай береді, асасынан тістеп жатса да итті ұрмайды. Балалар
оқу оқып жатса, Іскендір жетіп барып молдасына
қол береді, балалар да қуанып дуанаға
қол береді. Іскендір балаларды молдадан
жалынып сұрап алып, азат қылады. Кейде
қонған ауылда кешке таман Іскендір үй
жанында жүгініп отырып, оң қолының білезігінен
бір балаға ұстатады, олай-бұлай сілтеп,
баланы жығады. Ол күрескені. Балалар қызык
көріп, кезек-кезек үреседі. Бала жығылып
қалса: Ә, балуаным, жығылып қалдың» деп
қолын қоя береді, жығылмаса: «Ә,балуаным,
сен жықтың» деп басын сипайды
Гипотетикалық қолданыста белгілілік референттілігі болуы мүмкін шектеу мәнді бағыныңқы сөйлемдегі шарттың орындалуына байланысты болады. Шектеу мәнді бағыныңқы сөйлем болмағанмен, оның белгілері болуы да мүмкін. Гипотетикалық қолданыста белгілілік мәніне оның алдындағы сөйлем негіз болады. Гипотетикалық қолданыста зат әрдайым алдыңғы сөйлеммен тығыз байланыста болады. Мұнда ол бірнеше мәнде жұмсалуы мүмкін.
Белгілілік мәнді жекеше тұлғадағы зат есім сілтеу есімдіктерімен, тәуелдік жалғауларымен де беріле алады.
Жұман – аз, нашар атаның тұқымы. Жұман дегенім: әлгі Қартқожаның әкесі. Жұман момын адам: кісіден тіленбейді, кісіге жағынбайды, бес уақыт намазын оқып: «А құдай, бергеніңе шүкір» деп, барға қанағат, жоққа сабыр ететін бір бейуаз. Жазы-қысы төртті-бесті қарасын өзі айналдырып, қаласына да өзі шығады, қорасының жыртық-тесігін өзі бүтіндейді. Ол сұғанақтық етіп, біреудің дүниесін пайда қылған жан емес, ол екі ұдай партия болғанда да байлардан ат мініп, ақша алған жан емес. Ауыл-аймағы қай жаққа кетсе, жұман да солармен бірге. Үзіп-жұлып шығатын артық білімі де жоқ, әйткенмен бір қазақтан ақылсыз да емес, желікпен, бұзықтықпен ісі жоқ. Ол бұзылған адамдарға сенеді, жабықса, тарықса, «құдай жеткізер» деп, жұбаныш қылады. Қысқасы, ол тірі пендеге зәбірі жоқ, «құдай» деген қоңыр адам (Ж.Аймауытов, Шығ. 24-25 б.).
О.Г.Ревзина коммуникация актіне байланысты зат туралы ұғым қалыптасқанда, көптік категориясының орны ерекше екендігін айтады. Яғни заттардың санауға болатын және санауға келмейтін болып бөлінуі белгілілік/белгісіздік категориясына да қатысты. Белгілілік/белгісіздік сипаттағы зат есім сандық белгілілік/белгісіздікті немесе сапалық белгілілік/белгісіздікті білдіруі мүмкін. Сандық белгілілік/белгісіздік заттардың есептеуге келу/келмеуіне байланысты болса, сапалық белгілілік/белгісіздік заттардың сөйлесушілерге таныс/бейтаныс болуына негізделеді. Көптік пен тұтастық мәндерін білдіретін белгілілік категориясын өзара салыстырғанда, көптік мәнінің жағдаятқа байланысты болатынын, сөйлеу контексіне байланысты екені байқалады. Осыған байланысты З.Сабитова былай дейді: «Именной группе со статусом определенности соответствует презумпция существования и единственности объекта в общем поле зрения говорящего и слушающего» /53, 87/. ********
Белгілілік мәнді жекеше тұлғадағы зат есімдер де, белгілілік мәнді көпше тұлғадағы зат есімдер де референтті болады, себебі зат есім екі жағдайда да нақты даралау белгілері бар заттар тобын білдіреді, сондықтан ол сөйлесушілерге бұрыннан таныс болады.
Тұтастық мәні сілтеу есімдіктерімен де беріледі. Осыған байланысты З.Сабитова былай дейді: «Указательные местоимения играют важную роль в организации текста, в развертывании нарративной цепи: от неизвестного слушающему лица, которые необходимо представить, до известного, идентифицированного, обозначенного определенными дескрипциями с местоимениями сь, тъ, онъ. Обозначение известного лица определенными дескрипциями производилось по локальному признаку - по его отношению к участникам акта речи» (131).
Мұндай жағдайда белгілілік мәні атрибутивті қызметте жұмсалады. Мысалы:
Ќожа, молда, мешкей, ындыны жаман неше т‰рлі с±ќиѓан, сімтік, шалдар жемтікке ‰ймелеген ќарѓа, ќ±зѓындай осы топта екен. (Аймауытов Ж. Шыѓармалар жинаѓы І том 87б).
Аќсаќалдар да т‰регелді. Оларды кимелеп, ќамшысын білеп, омыраулы жігіттер аќырысты. (Аймауытов Ж. Шыѓармалар жинаѓы І том 53б).
Тұтастық мәні тәуелдік жалғаулармен де беріліп, белгілілік мәні гипотетикалық қолданыста болуы мүмкін.
Белгілілік мәнде қолданылған зат есімдер сілтеу есімдіктерімен немесе тәуелдік жалғаулы сөзбен тіркескенде, нақты зат атауларын білдіруден гөрі мәні дерексізденіп, жалпыланғанмен, референтті қалпын сақтайды. Олардың бірнеше даралау белгілері болғанмен, ақиқат шындықтағы заттар тобына жатады.
Белгілілік дескрепциясының түрлеріне қарай нақтылау референтті, атрибутивті және гипотетикалық болуы мүмкін. Затты нақты мәнде білдіру үшін ол сөйлеуші мен тыңдаушыға, жалпы сөйлеу әрекетіне қатысушылардың бәріне бірдей түсінікті болуы керек. Заттың бәріне бірдей белгілі, таныс болуының өзіндік бірнеше себептері бар. Алайда оған қарамастан, зат осы жағдаяттағы бірден-бір, жалғыз зат ретінде қолданылады.
¤йткені аѓасыныњ алып отырѓан ќатыны да партия таќырыпты атастырѓан бір жетесіздеу адамныњ шажа байтал бейнелес кілбиген маймаќ кєрі ќызы. Ќарны шермиіп борбайы шыт-шыт боп, тек жыл сайын бір баладан ќоздата беруді білуші еді. О жењгесін Бекболат пен Аќберген дєйім мазаќ ќып, ашуландыра беруші еді. (Аймауытов Ж. Шыѓармалар жинаѓы. І том 234б)
Ел жайлауда, кµк шалѓында ќымызѓа ќызып куілдеп, мас болып жатќанда, мен босаѓада отырып, жарыќ сары тостаѓанмен саумал ішіп дамбалым борша-борша, шекпенім µрім-µрім болып, жалбањдап, ‰йездеген ќозыны ауылдан шыѓара алмай, дедектеп, кейіп, жыламсырап ж‰ргенім. Балалар алтыбаќан теуіп, аќ с‰йек ойнап, шуылдасып, асыр салып, ќой к‰зетіп, µлењ айтып, думан ќылып жатќанда “Тањ ертењ оянбайсыњ жат”-деген байдыњ зекуін естіген соњ, ќара інгенніњ ќолањса сасыѓан жабуын оранып, ‰й жанында б‰к т‰сіп жатќаным. (Аймауытов Ж. Шыѓармалар жинаѓы. І том 153б)
Белбеуімдегі жарѓаќ далбаѓайым, шашаќты сары ќында м‰йіз сапты µткір кездігім, алдыњѓы ќапталдаѓы дабыл байлайтын ±зын ќайыс шеттігім меніњ µнерсіз жігіт еместігіме айѓаќ болар. (Аймауытов Ж. Шыѓармалар жинаѓы. І том 149б)
Ол екінші рет қолданылып, сол арқылы сөйлесушілерге таныс болуы да мүмкін.
Міне, сол зор домалақ жеріміз ұршық, я балалардың ойнайтын құмары — зырылдақ тәрізді өзі үйіріліп тұрады. Үйірілу екпіні өте күшті, зеңбірек оғынан 75 рет шапшаңырақ (А.Байтұрсынұлы, Т.Шонанұлы «Оқу құралы»).
Сонымен, нақтылық жағдаятының мынадай белгілерін көрсетуге болады: репрезентация; ассоциативтілік, ұқсастық; жіктеу; тәуелділік.
Бір контекстің өн бойында зат туралы бірнеше рет сөз болуы мүмкін. Алайда олардың қайталану себептері, яғни заттар мен құбылыстар репрезентациясының себептері әртүрлі болуы мүмкін. Атап айтқанда:
а) заттың бұрын сөз болған зат не құбылысқа ұқсас болуы:
Ойлап тұрса, он бес жыл мекен жай болған Талдыөзектің бойынан зәредей өзгеріс таппаған екен. Сол есіліп-есіліп қалған бұйра құм, сол ербиген сексеуіл, албастыдай алба-жұлба түзген, жер тағандап өсер жыңғыл; сол аспан – бірде бұлтты, бірде ашық, бірде қар, бірде жаңбыр; сол күн – өз орнына шығады, өз орнына асықпай, аяңдап барып батады; сол бір мал – маңыраған қой – ол да өмір бақи кісіней алмайды; сол көрші Сейітқұл – күні кеше жап-жас елгезек жігіт еді, бүгінде құм санайтын қу болды (О.Бөкей Құм мінезі. 19-бет).
Келтірілген мысалда Талдыөзектің бұрынғы қалпынан өзгермегені, сол есімдігінің тіркесуі арқылы нақтылана түскен. Бұл жерде сілтеу есімдігі репрезентация үшін жұмсалып тұр. Оның сілтеу, нұсқау мәні қосымша қызметке ауысқан.
Қартқожаның ойына әлденелер келді. Қазақтың қан жылап жатқаны мынау. Құзғындардың, «жақсылардың», «адамдардың» түрі мынау. Мыңдаған, миллиондаған азамат ажалға кетіп бара жатады. Жүздеген жауыздар масайрап, тамақтан басқа қамы жоқ, елді еміп жатады. Олардың жауыз баласы үшін біз жанымызды құрбан қыламыз. Не өтесісі, не жақсылығы үшін? Олар бос сөз бе? Оларды кім шығарды? Осының бәрін істетіп отырған адам ба? Құдай ма? Егер Құдай болса... деген ойға тірелді де, Қартқожа күпір болдым ба деп тәубе келтірді (Ж.Аймауытов, Шығ. 86 б.).
Андрей дейтін орыс. Қазақшаға судай. Сібірге айдалып жүріп жер ауған қазақтың ұрысымен бірге қашып, қазақ ішіне келіп, сіңіп 5 жыл тұрған екен. Қазақтан көрген жақсылығын ұмытпайды екен. Сол орыс қолы тигенде Қартқожаны аздап оқытып тұрды. Оқытқанынан бұрын, Қартқожаның көзі ашылғандай көп сөз айтты. Қазақты мақтады (Ж.Аймауытов, Шығ. 99 б.)
Репрезентация жағдаятында зат не құбылысты білдіретін зат есім сілтеу есімдіктерімен тіркесуі мүмкін:
Б±л бір баланы кµп тауып, жалѓызынан басќаныњ бєрі ±затылып, µліп таусылѓан, ауыл ‰йдіњ жібін иіріп, жабуын, сырмаѓын сырып, сабасын тігіп... к‰н кµріп отыратын кµњілшек тєуір кемпір еді. (Аймауытов Ж. Шыѓармалар жинаѓы. І том 281б)
Ауыл к‰ткен сайын, “Ќараѓым, шыраѓым!” деген сайын єнеугі ауылына таянып келе жатќандаѓы, µзінен-µзі именген, µзін ит тиген астай кµріп жиренген, д‰ниеніњ ќайѓысын бір µзініњ басына орнатќан, µмірге ќол серметкен ќалыњ ой, ауыр сезімдер бірте-бірте алыстап, ‰стін тот басып, ±мытылып бара жатќандай болды. (Аймауытов Ж. Шыѓармалар жинаѓы. І том 241б)
Б± келген тµрт жігіттіњ бірі: ќошќар туѓан ќозыдай келбетті, бітімді Аќбала еді; енді бірі келбетті де, киімі де ќоњырлау, ж‰ріс т±рысы да солапаттау Балташ деген жігіт еді (Аймауытов Ж. Шыѓармалар жинаѓы. І том 271б)
Сабырының түрі мынау: Патша ағзамға жәбір берілген; патшаның орасан ізгілігі, шын көңілі адасқандарды тынышайту үшін, ана жақтан деп жатқанмен ... сенімді қарашыларының қамы үшін менің тілегімді орындатып отыр. («Петрбор кеңесінің ІІ Николайды тұтқынға алуы», 287 б. С. Мстиславский. А.Байтұрсынұлы, Т.Шонанұлы «Оқу құралы»).
Мұндай жағдайда сілтеу есімдігінің негізгі қызметі – репрезентацияны білдіру, ал оның сілтеу мәні шетке (периферия) ойысып, екінші кезекке ығысады. Сондай-ақ ілік септік жалғаулы сөздер де репрезентация үшін қызмет етеді, ал олардың меншіктілік мәнін білдіруі шеткі болып табылады.
Жасауын жайнатып жиып, кілем, кµрпе, тµсеген, оюлы аќ отауѓа єкеп кіргізеді. Ќ±рулы шымылдыќ ішіне быќырлаѓан ќыз-келіншектердіњ ортасына Аќбілек отырады. “Келінді кµреміз” деп ‰лкен ќатындар келгенде, Аќбілек сызылып т‰регеледі. (Аймауытов Ж. Шыѓармалар жинаѓы. І том 254б)
С‰тін жайлап, ілегенін тµгіп, к‰лін шыѓарып, ыдыс-аяѓын жуып болѓан соњ, Алтынай пештіњ т‰біндегі шекпен ќаптан ќара аяќќа ±н салып алып, ж‰ресінен отырып, тоќырањдап бауырсаќ иледі. (Аймауытов Ж. Шыѓармалар жинаѓы. І том 166б)
Бұл екі жағдайда да (сілтеу есімдіктірмен тіркесу немесе тәуелдік жалғаулы сөзбен тіркесу) репрезентация жағдаяттары сілтеу немесе посессивтілік жағдаяттарымен қабыса, қатар жүреді. Белгілілік функционалды-семантикалық өрісі үшін бұл – қалыпты, заңды болып табылады. Ол тілдің ішкі заңдылықтарынан туындайды. Себебі тілде жағдаяттардың қоса-қабаттаса келуі – заңды құбылыс.
Репрезентация
жағдаятының негізгі
Сахнаныњ ар жаѓынан жайымен аяњдап жымиып Аќбала шыќты. Партпелін ‰стелге ќойып, отырѓан ж±ртты бір шолып µтті. Маѓан да кµзі т‰сер ме екен деп отырмын. Білмеймін кµрген, кµрмегенін. (Аймауытов Ж. Шыѓармалар жинаѓы. І том 297б).
Мұндай синонимдік
қолданыстарда негізінен
Жүргенше талай сұмдықтар болды. Бармағын шапқан, жіліншегін тырнап алмас жаққан, жарасына тазқарын жапсырған, сау денесіне отқа күйгізген, көзіне тұз, ізбес сеуіп, соқыр болған, мертігер мекен деп асау мінген, биік тамның, ағаштың, тастың басына шыққан күйдіргі жағынып жамандаттың етін шала пісіріп жеген, ұшынар ма екем деп аузын сүртпей, далаға жүгірген... көп болды. Талайлар дертке ұшырады, талайлар жарымжан болды, некен-саяқтар өліп те қалды. Алайда көпшілік жанкештілік ете алмады. «Көппен көрген – ұлы той», «Қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі» сықылды дәтке қуатпен көндігіп кетті (Ж.Аймауытов, Шығ. 94 б.).
Сол жылы Сұлтанмахмұт деген жас ақын Семейден ауырып, еліне келген. Қартқожа Махмұтты білетін. Ол ақ жүрек, кедейшіл, жалынды жас ақын болатын. Елдегі байлардың, жуан атаның нашарға істеген қиянатын, зорлығын газетке жазып, күштілермен ұстасып жүретін. Сұлтанмахмұт жуандардан қорықпайтын, бетің-жүзің бар демей, көңілдегісін айтып салатын. Семейдегі жастар Сұлтанмахмұтты қолдайтын, үлкендері адамгершілігін, турашылдығын, тазалығын, ақындығын бағалап, сыйлайтын. Сұлтанмахмұт елге келгеннен бері көңілін сұрап, көріп, әңгімелесіп қайтуға Қартқожа құмар болса да ел жанымен қайғы болып, күн туған соң, Қартқожаның да мұршасы келмеген. Семей жақтың хабарын анық біліп тұрған кісі Сұлтанмахмұт. Газет алып тұрады, жолдастары хат жазып тұрады. Қартқожа ай-жай болған соң. әдейі іздеп Торайғыр ауылына келді. Махмұт үйде екен. Қартқожаның келгеніне қуанып қалды (Ж.Аймауытов, Шығ. 121 б.)
Репрезентация жағдаятында синоним нақтылау мәнін білдіруі де мүмкін. Мұндай жағдайда зат есім көбінесе сілтеу есімдіктерімен тіркеседі.
Без белді ќара б‰ркіттей, айыр саќал, ќылыш м±рт, ќабаќты ќасты м±рынды, айбынды, арѓымаќ аќсары кісі; келбеті б±рынѓыныњ батырындай. (Аймауытов Ж. Шыѓармалар жинаѓы. І том 263б).
Информация о работе Қазақ тіліндегі белгілілік пен белгісіздіктің