Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 10:24, диссертация
Жұмыстың мақсаты. Белгілілік/белгісіздік категориясын функционалды-семантикалық категория ретінде қарастырып, оның мәндерінің әртүрлі тілдік жағдаяттардағы берілу жолдары мен қызметін талдау.
Кіріспе......................................................................................4
І тарау. Функционалды-семантикалық белгілілік/белгісіздік категориясының тілдік табиғаты....................................................... 8
1.1. Белгілілік/белгісіздік категориясының танымдық сипаты............................................................................................... 8
1.2. Белгілілік/белгісіздік категориясының референция теориясымен байланысы .................................................................. 24
1.3. Белгілілік/белгісіздік категориясының тіл прагматикасына қатысы ............................................................................................. 27
1.4. Функционалдық-семантикалық белгілілік/белгісіздік категориясының парадигмалық жүйесі ............................................ 29
Түйін........................................................................................ 31
ІІ тарау. Қазақ тіліндегі белгілілік мәнінің құрылымы ......................................................................................................... 32
2.1. Белгілілік мәнінің имплицитті берілу жолдары және оны білдіретін лексикалық құралдар ..........................................................................................50
2.1.1 Белгілілік мәнін білдірудегі жіктеу есімдіктерінің қызметі .......................................................................................................... 52
2.1.2 Белгілілік мәнін білдірудегі сілтеу есімдіктерінің қызметі ..........................................................................................................53
2.1.3 Белгілілік мәнін білдірудегі жалқы есімдердің қызметі..............................................................................................60
2.1.4 Белгілілік мәнін білдіретін морфологиялық құралдар............................................................................................67
2. 1.5 Белгілілік мәнінің синтаксистік жолдармен берілуі.. .... 70
2.2 Белгілілік мәндерінің эксплицитті берілу жолдары.............75
Түйін ...................................................................................... ..81
ІІІ тарау. Қазақ тіліндегі белгісіздік мәнінің құрылымы ......................................................................................................... .86
3.1. Белгісіздік мәнінің имплицитті берілу жолдары және оны білдіретін лексикалық құралдар....................................................... 86
3.2. Белгісіздік мәнінің эксплицитті жолдармен берілуі .........................................................................................................110
Түйін ...................................................................................... 116
Қорытынды ............................................................................ 120
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................... 125
Жазушы Қартқожаны алғаш таныстырған кезде бір бала деген тіркес арқылы, яғни бала сөзін бір сан есімімен тіркестірсе, екінші рет атағанда, бала сөзін сол сілтеу есімдігімен тіркестірген. Бір бала белгісіздік мәнде жұмсалса, сол бала белгілілік мәнде қолданылып тұр.
Сөйлеуші немесе жазушы тыңдаушысына не оқырманына таныс емес, беймәлім зат не адамды сөз еткенде, көбінесе осы аталған сөздерді (бір, біреу) қолданады. Мысалы:
Кеше түс қына бұрын бұл естіп, бұл тебіренбеген бір тосын әуен түледі (Ә.Кекілбайұлы, Аш бөрі, 21-б.)
Нән ошаққа нығыздана жайғасқан тай қазаннан бір иісі әдемі бу ұшады. Сол иіс, таң атқалы жаққан оттың табы жайылып, үй-іші бір түрлі көңілді көрінді (Ә.Кекілбайұлы, Аш бөрі, 25 -б.).
Виноградов В. бір есімдігін артикль ретінде көрсетіп, шығу төркінін бір сан есімімен байланыстырады: «Количество артиклей по языкам колеблется; наиболее распространенной является система из двух артиклей, но встречаются языки с одним морфологически выраженным артиклем, напр. турецкий, где представлен неопределенный артикль bir, а его отсутствие эквивалентно определенному артиклю и может формально трактоваться как нулевой артикль. Исторически определенный артикль восходит обычно к указательному местоимению, неопределенный артикль – к неопределенному местоимению или числительному «один». В турецком языке развитие артикля bir, сохраняющего отчетливую связь с числительным bir «один», и в некоторых контекстах их трудно разграничить; в венгерском языке определенный артикль az полностью грамматиказован и не изменяется даже по числам.
(Виноградов В.А. Лингвистический энциклопедически словарь.-М.,1990. «Артикль»)
Қазақ тілі материалдарының негізінде бір сөзінің бірнеше мағыналық реңктерге ие болатынын көреміз. Негізгі мағынасы – жалғыз, бірден-бір нәрсе екенін көрсету. Мысалы:
Уыздай ақ үзік, суына қызыл жүгіртіп қошқар мүйіздеп ойған ақ дөдеге, бір көш жерден көзіңді шағып түратын ақ жүмыртқа алты қанат үйдің іргесі аттан, қарын көк сауырлап әшекейлеген, күлдіреуіші қолдың саласындай тып-тығыз әдемі шаңырақ, қынаға қандырып бояған (Ә.Кекілбайұлы. Құс қанаты, 28-б.).
Қазір күй естісе, өне бойының бәрі шымырлап, көкірегіне әлдеқандай бір өзгеше сезім қордаланып, жанарына мүң ұйып, ынт-шынты кетеді (Ә.Кекілбайұлы. Күй, 56-б.).
Сөйтсе, жарықтық, жаңа дүкеннен әкелген бір бөтекесі бітеу малдың шарбысы екен. «Апа, кісе нан пісірші!»— деп жабысатын еді. Мына қалған қамырдан неге кісе нан пісірмейді... Сарымсақ, дәм жапырақ, зәнзәбіл салды (Ә.Кекілбайұлы. Күй, 56-б.).
Жүн-жұрқаны көп жеп қойған қомағай ботаның тамағынан түскен қоядай кішкене домалақ жіп тышқан домалатып әкетпесе жатқан шығар бір жерде (Ә.Кекілбайұлы. Құс қанаты, 14-б.).
Келтірілген мысалдарда бір сөзінің нақтылық мәнін білдіріп тұрғанын көреміз. Аталған сөз өзі сөзімен тіркескен кезде мағынасының одан әрі нақтылана түскені, шектеу мәні байқалады. Мысалы:
Сақанның шамалы уақытта шыны аяқтан бас көтеретін сыңайлары жоғын байқап, бір өзі ғана қол жайып бата қылды да тысқа шығып кетті (Ә.Кекілбайұлы. Ең бақытты күн, 36-б.).
Алайда тілдің дамуы барысында бұл сөздің мағынасы дерексізденіп, белгісіздік мәнді білдіру үшін қолданылғанын көреміз. Мысалы:
Бірақ онысы мақтанбай, масаттанбай, бұны да өзімен тең көргенді-білгенді санап, аса бір ерекше жарасымды сыпайылықпен мәслихат шертеді (Ә.Кекілбайұлы. Бөсеке, 136-б.).
Қылқылдаған қунақы әуен төгіле жөнеліп еді, бұлармен көрші столда отырған жуан сары мен шиқан қызыл мықыр адам таң атқалы қызыл кеңірдектесіп отырған дауларын тия қойып. Осынша дырдудың ішінде бағзы бір салтанатты тыныштықтан қалған жаңғыз жұрнақтай даяшы қыз міз бақпай бұрынғы орнында әлі отыр. Қарашығы тым керенау қозғалады.
Бір сан есімі заттың сөйлеушіге таныс екенін, бірақ белгілі бір себептермен оны нақтылағысы келмейтінін білдіреді. Мысалы:
Мына шәкірт қыс үшкөлде оқып, жаз қаражат табуға елге келіп, бір байдың екі баласын оқытып жатқан Жүніс деген жігіт еді. Шағала көлге жиі қонғанның бір пайдасын Қартқожа көріп, осы жігіттен бір мезгіл орысша сабақ алып жүрген. Күз осы жігітпен еріп, қалаға баруға сөз байласқан. Жүніс ыңғайлы, әйелге жұғымды Қартқожаны жеңге қылып, Шәмкеш деген қызбен сөйлестіріп жүрген кезі еді (Ж.Аймауытов, Шығ. 41 б.).
Ақ сандақ батқан жоқ. Жазғы майдай кеш. Көк судай ашық. Дәрмен шынтақтап жатыр. Оның тізесіне басын қойып тағы бір жігіт жатыр. Бәрі де бір адамның баласындай, біріне-бірі сүйеніскен, айқасқан, құшақтасқан. Қисайып жатқан бір жігіттің алдына келіп Қартқожа да қисайды. Анау мойнынан құшақтады. «Күн қалай рақат!» – деді құшақтаған жігіт. Қартқожа нені айтқанын өзі де білмеді, тек: «Қалай жақсы» деді (Ж.Аймауытов, Шығ. 67 б.).
Келтірілген сөйлемдерде бір сан есімінің болуы міндетті емес. Ол стилистикалық әсері болуы үшін ғана қолданылуы мүмкін. Қазақ тілі мен неміс тіліндегі белгілілік/белгісіздік категорияларын салыстыра зерттеген ғалым Н.Сәрсембаева екі тілдегі бір есімдігінің берілу сипатын сөз ете келіп, былай дейді: «Бұл заттың белгісіздігін көрсететіндіктен, неміс тілінің белгісіздік артикліне жақынырақ. Салыстырыңыз: Бүгін бір адам келіп, саған бар шындықты айтады. «Бір» бұл жерде белгісіздіктің мағынасы, семантикасын, мазмұнын сөйлеушіге емес, тыңдаушыға білдіреді. Белгісіздік артиклі әрқашанда «бір» есімдігінің көмегімен ғана берілмейді, тек осы есімдіктің қолданылуына мүмкіндік болған жағдайда және неміс тіліндегі белгісіздік артиклінің белгісіздік мазмұнын беру мүмкіндігі болған жағдайда көрініс табады».
Бір сөзі кейде ешкім сияқты болымсыздық есімдігінің орнына да жұмсалып, шектеу мәнін білдіреді. Мысалы:
Әр ауылдың, әр үйдің бір қазан бұзары, бір биі болады ғой. Ана үйді, мына үйді көрсең де, не еншіге, не киімге, не тамаққа таласып, бірінің тілін бірі алмай, ұрыс-жанжал болып жатады ғой. Жұмандікінде ондай әрекеттің бірі болмаушы еді. Ондай тентектен, ондай «биден» құдай сақтап еді. Жұман қатынымен қатты ұрысқанда: «Қақ басқа салып жіберейін бе?» – деп еркекше кісімсіп, қоқиланатын. Бірақ құр тілі болмаса, бас түгілі, өмірі арқаға да бір салған пенде емес еді (Ж.Аймауытов, Шығ. 26 б.).
Сонымен қатар бір сөзі нұсқау, сілтеу мәнінде де қолданылады. Мысалы:
Дөң басына шықсақ, Шақшаң адырының бір төбесінде екі жігітті көреміз. Екеуі де жас жігіт. Оның бірі – пақырың Қартқожа. Енді бірінің киімі орысшалау: басында шляпа, үстінде пальто, аяғында қисық табан. Тегі қалада орысша оқып жүрген шәкірт болу керек. Шәкірт дегеніміз болмаса, жасы едәуірге келген сияқты, қарайып мұрты да білініп қалыпты, сақалдың нышаны да жоқ емес. Қартқожаның қолында кітабы бар, қасындағы жолдасының алдына түсіп, сабақ алып отырған тәрізді. Шәкірт жерден тас алып, бір сүйекті көздеп атып отыр. Қартқожаға көрсетіп болды да: «Осымен орыс қаріптерін танып бітірдің. Енді қысқа-қысқа әңгімелерді оқытып, періуаттап үйретемін», – деді (Ж.Аймауытов, Шығ. 40 б.).
Күн батпай-ақ, көз барында манағы айтқан терең шаттан іннен шыққан қасқырларша, шұбап шықты төрт атты. Оның бірі – манағы айтқан, өзінің көрген ала атты. Енді үшеуі: қалпағы бар, мылтығы бар, қылышы бар, көк шекпенді, қоқаңдаған, қоқиланған жат адам. Сол төрт атты шаттан шығып, ылдиға түсе өкшелерін қадады. Қадап еді, ат пысқырды, ауыздығын қарш-қарш шайнап есілді (Ж.Аймауытов, Шығ. 147 б.)
Бір сөзінің қатысуымен жасалған тіркестер де көп. Мұндай тіркестер анафоралық, дейктикалық қолданыстарға ие болған. Мысалы:
Осы бір бейуақ оянып, оқыс лаулаған оттың шұғыласы бүкіл бетіне жайылып, албыратып жіберіпті (Ә.Кекілбайұлы. Кек, 63-б.).
Әне бір қалың бұйығының қақ ортасында қалып, айналасына құмырсқа илеу салған көк тастың аты —«Қанжар жаныған», ал ана бір жалғыз қылауытқан тоқымдай кебірдің аты — анау-мынау емес «Қол қырылған» (Ә.Кекілбайұлы. Күй, 58-б.).
Бұл бос кергілес, итырқылжыңнан бойын тысқары үстап, араласпай жүр еді. Ана бір жыл аталы бір ауылға көріскелі бара қалды (Ә.Кекілбайұлы. Күй, 86-б.).
Аттарға желдің біресе өз жалыңмен өзіңді сабап, омырауынан төмпештеп быжа-тыжа боп, тұлынын түтіп долданғаны, біресе теріңді сүртіп, еркелете сипап, асты-үстіңе түсіп жәреукелегені қызық; ал жел болса осы бір қүйын қуған қаңбақтай бет алды құла дүзге безіп бара жатқан жүп-жұмыр, ап-ауыр тас түйін аттың біресе сауырын сипап, біресе бауырын қыдықтап, қақпақыл қып қағып, құмардан шыққанша ұйпалағанына мәз. (Ә.Кекілбайұлы. Күй, 56-б.).
Жылдан жылға шуы ұлғайып келе жатқан қаланың тау жақ шетіндегі қаңылтыр шатырын әлдеқашан тот басып күңгірттеніп кеткен осы бір қарағай үйді, соның тап іргесінен ағып жатқан кішкене өзеннің жарлауыт қабағына дейін емінте созылған ағаш дуалын, оймыш терезелерін, абажадай емен қақпасын, қақпаның қыр көзіне қойылған биік сәкіні тау баурайындағы қалың жыныстан басқа ешкім көріп жарымайды. Жауын өтіп, дымқыл сіңіп, қи майыға бояғандай қарауытып көрінетін бөрене үй еткен-кеткенге сыр алдырғысы келмегендей дүрдие қарап тұрады (Ә.Кекілбайұлы. бір шоқ жиде, 341-б.).
Ана байғүс тал бесікті таянып отырып талай қиялдаған осы бір сәтті дәл бұлайша құйрық-жалы күзеліп апақ-сапақта өте шығады деп ойлап па еді (Ә.Кекілбайұлы. Құс қанаты, 33-б.).
Әлгі бір ұлы әміршінің басқан ізін жырға қосып, дастан қылып отыратын ақындардың өлеңдері оған әуелі әншейін жел буаз сөз сияқты көрінетін еді, қазір оларға да ынт-шынтымен үйитын болды (Ә.Кекілбайұлы. ханша-дария хикаясы, 184-б.).
Ол не тұлғасында, не келбетінде кісі түшынар көркі жоқ, не алдына келгенді ә дегеннен мысы басатын асып жатқан ызбары жоқ, әншейін төр алдында тері бөсектің үстінде шүйке түтіп отыратын можа кемпірдей бір шөкім боп шөгіп отырған осы бір үсқынсыз немеге күні кеше мыналар мың жерден жанталасса да, мұрындарына иісі бармайтын өнер мен білікке, дәулет пен корікке ие боп, гүрлеп тұрған мүның елі қалай белін беріп қойғанына айран-асыр қалды (Ә.Кекілбайұлы. ханша-дария хикаясы, 201-б.).
Келтірілген мысалдарда бір сөзі сілтеу есімдіктерімен тіркесіп, нұсқау мәнінде қолданылып тұр. Алайда нақтылау, нұсқау мәнінен гөрі мағынаның дерексізденіп тұрғанын байқаймыз.
Басқа, өзге сияқты есімдіктермен тіркесіп келіп, мағынаны күшейте түсетінін байқаймыз. Мысалы:
Көк шылпылдақтың шалпылынан басқа бір дыбыс естілсеші (Ә.Кекілбайұлы. Кек, 63-б.).
Ол тілмәш — басқа бір шаңырақта туып, басқа бір әйелдің бауырынан шыққан шүйкебас (Ә.Кекілбайұлы. Құс қанаты, 32-б.).
Күшейте түсу, сөздге екпін түсіру сияқты қызметі басқа сөздермен тіркескен кезде де байқалады. Мысалы:
Қара кемпір арқасындағы ішіне түйе жүн салып сырыған пүліш жадағайын баласының аяқ жағында бір уыс боп бүрісіп жатқан келінінің иығына жапты (Ә.Кекілбайұлы. Күй, 56-б.).
Ерлі зайыпты екеуі құдды бір бөтен ауылға келген байсаубат қонақтардай өз үйлерінен өздері тайсалып тұр. (Ә.Кекілбайұлы. бір шоқ жиде, 288-б.).
Сонымен қатар сұрау есімдіктерімен тіркесіп келген кезде де белгісіздік мәніне ие болады. Мысалы:
Көрдің бе, бүгін қайдағы бір жалаң бұт шәлдуардың қаңқу сөзі қаңғыған құйындай сол көмбенің бетін ашып кетті (Ә.Кекілбайұлы. Кек, 59-б.).
Әлгіндей
мінезіне бола әуейі атанды. Тіпті
осы отрядтағылардың өзі
Мұнда дерексіздік, жалпылау мәнімен қатар менсенбеу, қомсыну сияқты реңктер де байқалады.
Белгісіздік мәнін білдіру үшін қолданылатын, бір сөзінің тіркесуімен немесе бірігуімен жасалған сөздер өте көп. Сол себепті қазақ тілінде есімдіктердің белгілілік/белгісіздік мәнін білдіруде маңызды орын алады деп айтуға толық негіз бар. Оның өзіндік себептері туралы филология ғылымдарының докторы Н.Сәрсембаева былай дейді: «Обилию неопределенных местоимений соответствует их частность в литературном тексте и разговорной речи. Даже искусственное сгущение неопределенности не вызывает у слушателя протеста и часто проходит незамеченным» /**, 45/.
Сол сияқты белгісіздік мәнін білдіру үшін біреу лексемасы да жиі қолданылатынын көреміз. Мысалы:
Әншінің не айтып отырғанына біреу түсініп, біреу түсінбесе де қабақтар түнжырап, көздерді күңгірт кіреуке шалады (Ә.Кекілбайұлы. Аш бөрі, 18-б.).
Бiреу денесi к‰штi‚ бiраќ аќымаќ; бiреу аќылды‚ бiраќ денсаулыѓы нашар‚ бiреу рахымды‚ бiраќ аќылы аз‚ бiреу аќылды‚ рахымы аз‚ бiреу ќайратты‚ бiраќ пейiлi арам‚ бiреу аќпейiл‚ бiраќ жiгер жоќ (Аймауытов Ж. Шыѓармалар жинаѓы. 5-том‚ 133- бет).
Мынау қолтығы сасыған қаңғырма неме қайдан жүр? - деп жалма-жан ытқи шегініп, мүйізін оңтайлап беріп еді, үйіріндегі іші бұлтиған шошақай тушалардың біреуінің селтеңдеп әлгінің қасына барып сүйкене кеткені (Ә.Кекілбайұлы. Ор теке, 96-б.).
Баласы ер жеткенде бүкіл ағайын боп атқа қонып ел ақтап кетуші еді ғой. Қайтып келіп, пәленшенің қызының сүйек басы, түгеншенің қызының ет қоңы, тағы біреудің қызының аяқ алысы, алым-шалымы деп әңгіме қылып отырғандарын естігенде бүлар іштерінен: «Аңға түсетін ит таңдағандай, құс таңдағандай сөздерінің түрін қарашы!»— деп әжептәуір апшып қалатын-ды. Болашақ құданың атақ-дәулетін, болашақ келіннің тәрбиесі мен мінезін, дене бітімі мен ажарын сарапқа салғанда болашақ ұрпақтың ырзығы мен денсаулығын, болашақ отаудың мәпақасы мен ынтымағын түгел ойлайды екен ғой (Ә.Кекілбайұлы. Құс қанаты, 43-б.).
Айлап-апталап шетке кеткенде үйге сыймай делқұлы боп кете жаздайды. Бейсаубет біреу белдеуіне ат байласа, бұны айттыра келгендей, жиырылып сала беретін. «Осы шешек шыққырлар-ақ сұқақтайды да жүреді екен (Ә.Кекілбайұлы. Құс қанаты, 43-б.).
Біреу есімдігі болымсыз тұлғадағы етістіктермен тіркесіп, ешкім сияқты болымсыздық есімдіктерінің орнына да жұмсала алады. Мысалы:
Информация о работе Қазақ тіліндегі белгілілік пен белгісіздіктің