Ликвидтілік және оны жоғарлату резерві

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 23:34, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі. Өтімділік – пассив бойынша міндеттемелерді төлеу үшін актив баптарын ақшаға айналдыру мүмкіндігі; материалдық құндылықтарды өткізудің‚ сатудың‚ қолма-қол ақшаға айналдырудың оңайлығы; субъектінің өз активтерін қолма-қол ақшаға айналдыру және борышқорлық міндеттемелерін орындау қабілеті (төлем төлеуге қабілеттілік). Өтімділік кәсіпорындар мен несие мекемелерінің қаржы жағдайының маңызды сипатамасы болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ ...........................................................................................................
1 Кәсіпорын өтімділігінің теориялық негізі............................
1.1 Кәсіпорынның өтімділігі туралы жалпы түсінік....................................
1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудағы өтімділіктің қолданылу мәні................................................................................................
2 Ликвидтілік және ликвидтілік көрсеткіштерін талдау...........................................................................................................
2.1 Өтімділік түсінігі және баланстың өтімділігі..........................................
2.2 Активтер өтімділігін талдау......................................................................
2.3 Баланс өтімділігін кешенді түрде бағалау...............................................
3 Өтімділікті жоғарлату резервтері...............................................
3.1 Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін арттыру..............................................................................................................
3.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен іскерлік белсенділігін арттыру..............................................................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..............................................

Работа содержит 1 файл

Ликвидтілік және оны көтеру резерві.docx

— 141.97 Кб (Скачать)

     Қорытынды 

     Өтімділік кәсіпорынның тез және минималды  деңгейдегі қаржы жоғалтуда өз активтерін (мүліктер) ақша қаражаттарына айналдырып алуымен анықталады. Ол сонымен қатар  кассада қалған қалдық ақша нысанында, банктер шоттарындағы ақша қаражаттар түрінде және ағымдағы активтердің  тез іске асыра алатын элементтерімен сипатталады.

     Өтімділік сонымен қатар ағымдағы шоттар жағдайын және перспективасын да сипаттайды.  Кәсіпорын нақты бір кезеңде  төлем қабілетті болуы мүмкін, бірақ болашақта жағымсыз жағдайға ұшырауы да мүмкін. Кәсіпорынның төлем  қабілеттілігін, өтімділігін және баланс өтімділігінің арақатынасын көп  қабатты ғимаратпен салыстыруға  болады, мұнда барлық қабаттар бірдей, бірақ барлық қабаттар бірінші қабатсыз отырып қалады. Бұдан баланс өтімділігі кәсіпорынның төлем қабілеттілігі  кәсіпорынның төлем қабілеттілігі  мен өтімділігінің негізі  екенін білеміз. Басқа сөзбен айтқанда,  өтімділік төлем қабілетті ұстап тұрушы тәсілдердің бірі деп айтуға болады. Егер кәсіпорын үлкен имиджге ие болса және әр уақытта төлем қабілетті болса, онда оған өз өтімділігін ұстап тұру оңай болады.

     Осылайша  өтімділік -  ұйымның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша жауап бере алуы. Егер кәсіпорынның төлем қабілеттілігі төмен болса, бұл қаржылық денсаулығының әлсіздігінен және өз қызметінің көптеген сұрақтарын шеше алмайтындығын көрсетеді. Басқаша өтімділікті қәсіпорынның айналым (ағымдағы) активтерінің сапасы ретінде және олардың қарыздарды жаба алуы қабілеті ретінде анықтайды. Егер кәсіпорын негізгі стратегиялық жоспар құратын болса, онда өтімділік проблемасы ұзақ мерзімді жобалау процесіне дейін шешіліп қоюға тиіс.

     Кәсіпорынның  төлем қабілетінің жақсаруы айналым  активтерін және ағымдағы пассивтерін  басқару саясатымен тығыз байланысты. Бұндай саясат айналым қаражаттарының оптимизациясын және қысқа мерзімді міндеттеменің минимизациясын сипаттайды. Кәсіпорынның төлем қабілетін және өтімділігін бағалау үшін келесі негізгі әдістерді қолдануға болады:  баланстың өтімділік талдауы;  өтімділіктің қаржылық коэффициенттерін есептеу және бағалау; ақша (қаржы) ағымын талдау.

     Кәсіпорынның  қаржылық жағдайы, өтімділігі мен рентабельділігі ең алдымен ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты.

     Активтердің өтімділігі туралы мәліметтерге сүйене отырып біз айналым ак-тивтерінің меншікті қаражаттар есебінен қаржыландыруының төмендегенін кө-ре аламыз. Бұл өз алдына кәсіпорын қызметіне кері әсерін тигізуде, яғни қысқа мерзімді міндеттемелерді  өтеу кезінде кәсіпорын проблемаға тап болады.

     Осылайша  кәсіпорынның өз жабдықтаушылары мен  кредиторлар алдындағы қысқа  мерзімді міндеттемелерін уақытында  өтеу мүмкіншілігі төмендейді.

     М.А.Федотов  өзінің “Кәсіпорынның табысын талдау”  атты еңбегінде өтімді-лікті арттырудың келесі әдістерін ұсынады:

     а)жарғылық капиталды арттыру;

     ә)ұзақ мерзімді заемдар алу;

     б)міндеттемелерді  қайта құрылымдау;

     в)қысқа  мерзімді несиелер (депозиттер) тарту;

     г)ұзақ мерзімді несиелер (депозиттер) тарту;

     д)активтерді қайта құрылымдау, сонымен қатар  активтердің кейбір бөлігін сату;

     е)шығындар мөлшерін азайту, соның ішінде басқару  шығындарын (жұмысшы-лардың жалақысын  қоса алғанда).

     Мен бұл дипломдық жұмыста активтердің  өтімділігін арттырудың келесі әдістерін  ұсынамын:

     1) Қысқа  мерзімді қарыздарды  ұзақ мерзімді қарыздарға қайта  құрылымдау. Бұл әрине өз алдына  банктің өзінің несиелік саясатын  қайта қарауына, яғни несие бойынша  пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне  алып келеді. Бірақ кәсіпорын  осы іс-шаралардың нәтижесінде  өзінің өтімділігінің артуына  қол жеткізеді.

     2) Тауарлы материалдық қорлардың  мөлшерін азайта отырып, ақша  қаражаттарының көлемін арттыру.  Сол арқылы активтердің абсолютті  өтімділігін арттыруға қол жеткізу  болады.

     Жоғарыдағы  айтылған жолдардың  бірінші нұсқасы  тиімді және іске асуы оңай болып келеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

    1. Басовский Л.Е. Теория экономического анализа: Учебное пособие – Москва: ИНФРА, 2005
    2. Басовский Л.Е. Экономический анализ (комплексный экономический анализ хозяйственной деятельности): УП – Москва: ИНФРА-М, 2005
    3. Шеремет А.Д. Теория экон. анализа: учебник – Москва: ИНФРА-М, 2003
    4. Савицкая Г.В. Анализ хоз. деятельн.: УП – Москва: ИНФРА-М, 2005
    5. Дүйсенбаев К.Ш. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Алматы-2001.
    6. Витченко М. Н. Анализ финансово-хозяйственной деятельности предприятия ж.д. транспорта. Москва 2003.
    7. Иваненко А.Ф. Анализ хозяйственной деятельности на ж.д. транспорте. Москва 2004
    8. Прыкина Л.В. Экономический анализ предприятия. Москва 2001.
    9. Шеремет А.Д., Суйц В.П. Аудит. – М.: Инфра-М, 1995.
    10. К.К. Жуйриков, Т.Б. Баяхметов. Анализ предприятия (управленческий и финансовый). Алматы 2006.
    11. Балабанов И.Т. Анализ и планирование финансов хозяйствующего субъекта. – М.: Финансы и статистика, 1994
    12. Жак  Ришар. Аудит и анализ хозяйственной деятельности предприятия. – М.: ЮНИТИ,1997;
    13. Кравченко Л.И, Анализ финансового состояния предприятия. – Минск: ПКФ «Экацит», 1994;

Информация о работе Ликвидтілік және оны жоғарлату резерві