Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 23:34, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі. Өтімділік – пассив бойынша міндеттемелерді төлеу үшін актив баптарын ақшаға айналдыру мүмкіндігі; материалдық құндылықтарды өткізудің‚ сатудың‚ қолма-қол ақшаға айналдырудың оңайлығы; субъектінің өз активтерін қолма-қол ақшаға айналдыру және борышқорлық міндеттемелерін орындау қабілеті (төлем төлеуге қабілеттілік). Өтімділік кәсіпорындар мен несие мекемелерінің қаржы жағдайының маңызды сипатамасы болып табылады.
КІРІСПЕ ...........................................................................................................
1 Кәсіпорын өтімділігінің теориялық негізі............................
1.1 Кәсіпорынның өтімділігі туралы жалпы түсінік....................................
1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудағы өтімділіктің қолданылу мәні................................................................................................
2 Ликвидтілік және ликвидтілік көрсеткіштерін талдау...........................................................................................................
2.1 Өтімділік түсінігі және баланстың өтімділігі..........................................
2.2 Активтер өтімділігін талдау......................................................................
2.3 Баланс өтімділігін кешенді түрде бағалау...............................................
3 Өтімділікті жоғарлату резервтері...............................................
3.1 Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін арттыру..............................................................................................................
3.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен іскерлік белсенділігін арттыру..............................................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..............................................
Кәсіпорын балансының өтімділігі, өз міндеттемелерін қажетті мерзімде және толық төлеуге қабілеті ретінде түсіндірілетін оның төлем қабілеттілігімен тығыз байланысты.
Ағымдағы
және күтілетін төлем
Ағымдағы төлем қабілеттілік баланс жасау күніне анықталады. Егер оның жабдықтаушыларға, банк қарыздары және т.б. есеп айырысулар бойынша кешіктірілген қарыздары болмаса кәсіпорын төлем қабілетті болып саналады.
Күтілетін төлем қабілеттілік алдағы күндерде (уақытқа) төлем құралдары мен бірінші кезектегі міндеттемелерді салыстыру үшін анықталады.
Ақша қаражаттары, қысқа мерзімді қаржы салымдары, нақты түрде өндірілетін және белгіленген мерзімде өткізілетін дайын өнімдер мен дебиторлық қарыздардың бір бөлігі төлем құралдары түрінде қатысады.
Банктердің қысқа мерзімді несиелері, жұмыскерлер үшін банк несиелері, қысқа мерзімді несиелер, кредиторлық қарыздар бірінші кезекті міндеттемелер болуы мүмкін.
Қаржылық
жағдайына талдау жасау кезінде
төлем қабілеттілік коэффициенті анықталады,
ол мынаған тең.
Төлем құралдары (ТҚ |
Міндеттемелер (М) |
Егер коэффициент 1 болатын болса, онда кәсіпорын төлем қабілетті болып саналады.
Сөйтіп,
меншік нысандарына қарамастан фирмалардың
қаржылық жағдайларына талдау жүргізіледі.
2
Ликвидтілік және ликвидтілік
көрсеткіштерін талдау
2.1
Өтімділік түсінігі және баланстың өтімділігі
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығының мінездемесін сипаттайтын көрсеткіштің бірі төлем қабілеттілік, яғни өз уақыты келгенде өтем ақыларын алуы болып табылады. Төлем қабілеттілік дегеніміз – кәсіпорынның сыртқы қаржылық жағдайы, оның беріктілігі. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі ішкі және сыртқы серіктертер алдында, сонымен қатар мемлекет алдында қаржылық міндеттемелерді толық және уақытылы орындауға мүмкіндігімен сипатталады. Төлем қабілеттілік коммерциялық келісім-шарттарды іске асыру шарттарына және негізгі нысанға тікелей әсер етеді, сонымен қатар несие және займ алу мүмкіндігін қосады.
Өтімділік
– пассив бойынша міндеттемелерді
төлеу үшін актив баптарын ақшаға
айналдыру мүмкіндігі; материалдық
құндылықтарды өткізудің‚ сатудың‚
қолма-қол ақшаға айналдырудың оңайлығы;
субъектінің өз активтерін қолма-қол
ақшаға айналдыру және борышқорлық
міндеттемелерін орындау
Өтімділікті талдау тек кәсіпорындарды бағалау мақсаты мен қаржылық қызметіне болжам жасау үшін ғана емес, сонымен қатар сыртқы инвесторлар (банктер) үшін де маңызды.
Сыртқы инвесторлардың төлем қабілеттілікті бағалауы ағымдағы активтердің өтімділігін сипаттайды.
Баланстың өтімділігі дегеніміз – субъектінің шаруашылығы активтерін қолма-қол ақшаға айналдыра алуы және өзінің өтем міндеттемелерін жаба алуы, нақты айтқанда – бұл кәсіпорынның өз міндеттемелерін активтерімен жабу, қолма-қол ақшаға айналдыру мерзімі, өтеу мерзімі келген міндеттемесін жабу мерзіміне сай келуі. Ол барлық төлем қаражаттар көлемінің қысқа мерзімді қарыздық міндеттемеге сай келу деңгейіне тәуелді.
Баланстың
өтімділігіне қарағанда кәсіпорынның
өтімділігі жалпы түсінікті ұғындырады.
Баланс өтімділігі төлем қаражаттарының
тек ішкі көздерден ғана (активтерді іске
асыру) жабылуын қарастырады. Бірақ
кәсіпорынның сырттан займдық қаражат
тартуына болады, егер ол кәсіпкерлік
өмірге сай имиджі болса және инвестициялық
қызықтырушылық деңгейі жоғары болса.
Кәсіпорынның өтімділігі
Баланс өтімділігі
Кәсіпорынның имиджі, инвестицияны тарта алуы
Активтерді басқару сапасы
Сурет
1. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен
өтімділігінің көрсеткіштері арасындағы
байланыс көрсетілген
Өтімділік кәсіпорынның тез және минималды деңгейдегі қаржы жоғалтуда өз активтерін (мүліктер) ақша қаражаттарына айналдырып алуымен анықталады. Ол сонымен қатар кассада қалған қалдық ақша нысанында, банктер шоттарындағы ақша қаражаттар түрінде және ағымдағы активтердің тез іске асыра алатын элементтерімен сипатталады.
Төлем қабілеттілік пен өтімділік түсініктері өте жақын, бірақ екіншісі икемдірек. Төлем қабілеттілік баланс өтімділігіне тәуелді. Өтімділік сонымен қатар ағымдағы шоттар жағдайын және перспективасын да сипаттайды. Кәсіпорын нақты бір кезеңде төлем қабілетті болуы мүмкін, бірақ болашақта жағымсыз жағдайға ұшырауы да мүмкін. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін, өтімділігін және баланс өтімділігінің арақатынасын көп қабатты ғимаратпен салыстыруға болады, мұнда барлық қабаттар бірдей, бірақ барлық қабаттар бірінші қабатсыз отырып қалады. Бұдан баланс өтімділігі кәсіпорынның төлем қабілеттілігі кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен өтімділігінің негізі екенін білеміз. Басқа сөзбен айтқанда, өтімділік төлем қабілетті ұстап тұрушы тәсілдердің бірі деп айтуға болады. Егер кәсіпорын үлкен имиджге ие болса және әр уақытта төлем қабілетті болса, онда оған өз өтімділігін ұстап тұру оңай болады.
Осылайша өтімділік - ұйымның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша жауап бере алуы. Егер кәсіпорынның төлем қабілеттілігі төмен болса, бұл қаржылық денсаулығының әлсіздігінен және өз қызметінің көптеген сұрақтарын шеше алмайтындығын көрсетеді. Басқаша өтімділікті қәсіпорынның айналым (ағымдағы) активтерінің сапасы ретінде және олардың қарыздарды жаба алуы қабілеті ретінде анықтайды. Егер кәсіпорын негізгі стратегиялық жоспар құратын болса, онда өтімділік проблемасы ұзақ мерзімді жобалау процесіне дейін шешіліп қоюға тиіс.
Кәсіпорынның
төлем қабілетінің жақсаруы айналым
активтерін және ағымдағы пассивтерін
басқару саясатымен тығыз байланысты.
Бұндай саясат айналым қаражаттарының
оптимизациясын және қысқа мерзімді
міндеттеменің минимизациясын сипаттайды.
Кәсіпорынның төлем
қабілетін және өтімділігін
бағалау үшін келесі негізгі
әдістерді қолдануға болады: баланстың
өтімділік талдауы;
өтімділіктің қаржылық
коэффициенттерін есептеу
және бағалау; ақша (қаржы)
ағымын талдау.
2.2
Активтер өтімділігін талдау
Активтердің ақша қаражаттарына айналу жылдамдылығына байланысты келесі топтарға бөлінеді:
А1- ең өтімді активтер. Бұған ақша қаражаттарымен қысқа мерзімді қаржылық салымдар
А2- тез өткізілетін активтер. Дебиторлық борышпен басқа активтер.
А3- баяу өткізілетін активтер бұған айналым активтерімен ұзақ мерзімді қаржылық салымдар жатады.
А4- қиын өткізілетін активтер. Бұл айналымнан тыс активтер.
Баланс өтімділігін талдау кезінде активтерді салыстыру пассив бойынша мінездемесінің өтімділік деңгейімен топтастырылған және оларды жабу мерзімімен реттелген активтерді салыстырады.
Кәсіпорын төлем қабілетті деп есептеледі, егер келесі шарт орындалса:
мұнда
ОА – айналым активтері; КО – қысқа мерзімді
міндеттемелер
Төлем қабілетінің көп кездесетіндері: егер өзімдік айналым қаражаттары мерзімді міндеттемелерді (кредиторлық берешек) жабатын болса:
мұнда
СОС – өзіндік айналым қаражаттары (ОА-КО);
СО – одан тез міндеттемелер
Тәжірибеде кәсіпорынның төлем қабілеттілігі баланс өтімділігі арқылы көрінеді. Баланс өтімділігін бағалаудың негізгі мақсаты кәсіпорынның міндеттемелерін өз активтерімен жабу көлемін бекіту, трансформация мерзімін яғни ақша қаражаттарының міндеттемелерді жабу мерзіміне сай келуін бекіту болып табылады. Баланстағы активтер мен пассивтерді талдауды іске асыру үшін келесі белгілері бойынша жіктеледі:
Баланс
өтімділігін анықтау үшін активтер
және пассивтер топтарын өзара салыстырады.
Абсолютті өтімділік
шарты келесідей:
Активтер мен міндеттемелерді өтімділік деңгейімен сарыстыру
Активтер
Пассивтер
Тез іске асатын активтер (ақша қаражаттары + қысқа мерзімді қаржылық салымдар)
А1
Орташа іске асушы активтер (дебиторлық берешек)
А2
Жай іске асушы активтер
А3
Өткізілуі қиын активтер
А4
П1
Тездетілген міндеттемелер (кредиторлар)
П2
Қысқа мерзімді міндеттемелер
П3
Ұзақ мерзімді міндеттемелер
П4
Сурет 2.
Активтер мен міндеттемелерді өтімділік
деңгейімен сарыстыру
Абсолютті баланс өтімділігінің міндетті шарты болып, бірінші үш теңсіздіктің орындалуы табылады. Төртінші теңсіздік теңестіруші сипатқа ие. Оның орындалуы кәсіпорынның жекеменшік айналым қаражатының бар екенін куәландырады. Капитал және резервтер айналым активтеріне жатпайды.
Бірінші топ (А1) абсолютті өтімді активтерді еңгізеді; оларға қолма-қол ақшалар және қысқа мерзімді қаржылық салымдар жатады.
Екінші топқа (А2) тез іске асатын активтер жатады: дайын өнім, жиелген тауарлар және дебиторлық берешек. Бұл топтың ағымдағы активтердің өтімділігі өнімді уақытылы тиюден, банктік құжаттарды дайындаудан, банктағы төлем құжатайналымдарының жеделдігінен, өнімге деген сұраныстан, оның бәсеке қабілеттілігінен, тұтынушылардың төлем қабілеттілігінен, төлем нысандарына тікелей тәуелді.
Өндіріс запастарын және аяқталмаған өндірісті дайын өнімге, содан кейін оны ақшаға айналдыру үшін көп уақыт кетеді. Сол үшін олар жай іске асушы активтер (А3) үшінші тобына жатады.
Төртінші топ (А4) – бұл өткізілуі қиын активтер, бүған негізгі құралдар, материалдық емес активтер, ұзақ мерзімді қаржы салымдар, аяқталмаған құрылыс жатады.
Кәсіпорынның міндеттемелері де сәйкесінше төрт топқа бөлінеді:
П1 – жедел міндеттемелер (кредиторлық берешек және қайтару ауқыты келген банк несиелері);
П2 – орта мерзімді міндеттемелері (банктің қысқа мерзімді несиелері);