Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 23:34, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі. Өтімділік – пассив бойынша міндеттемелерді төлеу үшін актив баптарын ақшаға айналдыру мүмкіндігі; материалдық құндылықтарды өткізудің‚ сатудың‚ қолма-қол ақшаға айналдырудың оңайлығы; субъектінің өз активтерін қолма-қол ақшаға айналдыру және борышқорлық міндеттемелерін орындау қабілеті (төлем төлеуге қабілеттілік). Өтімділік кәсіпорындар мен несие мекемелерінің қаржы жағдайының маңызды сипатамасы болып табылады.
КІРІСПЕ ...........................................................................................................
1 Кәсіпорын өтімділігінің теориялық негізі............................
1.1 Кәсіпорынның өтімділігі туралы жалпы түсінік....................................
1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудағы өтімділіктің қолданылу мәні................................................................................................
2 Ликвидтілік және ликвидтілік көрсеткіштерін талдау...........................................................................................................
2.1 Өтімділік түсінігі және баланстың өтімділігі..........................................
2.2 Активтер өтімділігін талдау......................................................................
2.3 Баланс өтімділігін кешенді түрде бағалау...............................................
3 Өтімділікті жоғарлату резервтері...............................................
3.1 Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін арттыру..............................................................................................................
3.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен іскерлік белсенділігін арттыру..............................................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..............................................
Кәсіпорынның төлемқабілетті жағдаиын қамтамасыз ету мақсатында оның қаржылық жағдаиы, қаржылық турақтылығымен орнықтылығы есептеледі.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін сапалық және сандық критериилердің жүйесі ретінде қарастыруға болады.
Сапалық критериилер – бұл өтім нарығының кеңдігі, кәсіпорынның жақсы атағы, басеке қабілеттілік тұрақты жеткізіп берушілер мен тұтынушылардың болуы. Бұндай формальды емес критерилерді басқа кәсіпорынның критериилерімен салыстырып қарау керек.
Іскерлік белсенділіктің сандық критериилері абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштермен анықталады. Абсолюттік көрсеткіштер ішінен өндірілген өнімді өткізу көлемін, пайда авансыланған капитал шамасын бөліп алу керек.
Осы көрсеткіштердің салыстырмалы динамикасын мақсатқа сай есептеу керек. Тиімді ара қатынас
ТП>ТВ>ТАК>100%
Мұнда ТП – пайданың өзгеру қарқыны; ТВ - өнімді өткізуден түскен түсімнің өзгеру қарқыны; ТАК – кәсіпорынның активтерінің өзгеру қарқыны. Келтірілген ара қатынас «Кәсіпорын экономикасының алтын ережесі» атағын алды: кәсіпорынның мүлігімен өткізу көлеміне қарағанда пайда жоғарырақ темптерімен өсуі керек. Бұл мынаны білдіреді: өндіріс шығымдары және айналымы төмендеуі керек, ал кәсіпорын ресурстары тиімдірек қолданылуі керек. Дегенмен тұрақты табысты кәсіпорынның тәжірибесінде де кей жағдайда осы ара қатынастан ауытқу болуы мүмкін.
Себептері де әр түрлі болуы мүмкін: ірі инвестициялар, жаңа технологияларды менгеру, басқару мен өндіріс құрылымын қайта ұйымдастыру, модернизация және қайта құру және т.б..
Бұл шаралар көбі несе сыртқы ортаның ықпалымен келтірілген және алдағы уақытта пайда әкелетін қаржылық салымдарды талап етеді.
Іскерлік
белсенділіктің салыстырмалы көрсеткіштері
ресурстарды қолдану
Бұл жағдай көрсеткіштер есебінің берілгендері бойынша кәсіпорынның қаржылық жағдайындағы өзгерістер бойынша бақылауға мүмкіндік береді.
Есеп
беру үшін есепті кезеңдегі түсім
пайда бойынша абсолютты
Рентабелділік
- өндіріс процесіндегі қаражаттардың
қолдануы дәрежесін және шығындарды
қайтару деңгейн және өнімді өткізуді
сипаттайтын кәсіорындағы өндіріс
тиімділігінің негізгі құндық сапалық
көрсеткіштерінің бірі. Егер қаржылық
өрістегі кәсіпорынның іскерлік белсенділігі
ресурстар аиналымының
Кәсіпорынның қаржы экономикалық жағдаиын талдауда келесі рентабелділік көрсеткіштерінің ерекшеліктері маңызды ықпал етеді.
Тарихи
аспект.рентабельділік көрсеткіштері
кәсіпорынның жұмысының нәтижелігін
есепті кезеңге көрсетеді. Атап өткеніміздей
кәсіпорынның шарушылық қызметінде
ірі инвестициялар мен
Ол қозғалмалы, онда өтіп кеткен кезеңдегі қызмет нәтижелері, өндірілген өнім саны, баға денгейі көрінеді, кейбір формалары көрсеткіштің ортақ бөлгіші болып немесе меншікті капитал (Ис) немесе аиналымнан тыс активтер (Ғ) болуы мүмкін.
Кәсіпорынның қызмет өрісі. Негізгі критерии – бизнестегі тәуекелділік. өндіріс жоғары пайда алумен жүргізілуі мүмкін, бірақ үлкен тәуекелділік құнымен және нарықтағы тұрақсыздығымен. Рентабельділікпен негізгі көрсеткіштерін келесі топтарға біріктіруге болады:
1.
Өнімнің табыстылығымен
2.
Кәсіпорын мүлігінің
3.
Қөлданылалатын капитал
Кәсіпорынның
рентабельділігін сипаттайтын көрсеткіш
есебі орта жылдық шамаларды анықтауға
негізделген. Бұл пайданың жыл басынан
бастап және барлық есепті кеңге осіңкі
қортындымен есептелетіндігімен түсіндіріледі.
Бөлімдегі шама, мысалы меншікті капитал
көлемі, өзгеріп кетуі мүмкін.
Нарықтық қатынастар жағдайында фирмалардың қаржылық жағдайына талдау жасаудың маңызы зор. Бұл фирмалардың дербестік алуымен және өндірістік-кәсіпкерлік қызмет нәтижелері үшін толық жауапкершілік көтеретіндігімен байланысты.
Қаржы жағдайы фирмалардың белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және өздерінің борыштық міндеттемелерін үзбеліксіз және уақытылы қайтару үшін оның қаржы ресурстарымен қамтамасыз етушілігін көрсетуді білдіреді.
Белгілі бір күнге қаржы жағдайының тұрақтылығына талдау жасау: кезең ішінде фирма қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарған деген сұраққа жауап беруге мүмкіндік береді. Қаржылық ресурстар жағдайының нарық талаптарына сәйкес келіп, фирмалардың қажеттіліктеріне жауап беруі аса маңызды болып саналады.
Фирмалардың қаржылық жағдайына талдау жасаудың негізгі міндеттері болып мыналар саналады:
Ол сондай-ақ түсіндірме хаттан тұрады, сонымен бірге қаржы есептеріне негізделген өзге де метериалдармен толықтырылуы мүмкін.
Түсіндірме хатта аталмыш объектінің қандай есеп және есеп беру саясатынан тұратындығы туралы ақпарат болады және онда қаржы есебін пайдаланушылар үшін өзге де маңызды ақпараттар ашылып көрсетілуі мүмкін.
Субъектілер, бухгалтерлік есеп стандарттарымен айқындалатын ықшамдалған үлгіде қаржы есептерін жасауға рұқсат етеді. Бұл үш шарттың (жағдайдың) кез келген екеуі қанағаттандырылған жағдайда (соңғы екі қаржылық жылда) ғана орын алады:
1) жылдық кіріс – ҚР Заңдарымен белгіленген 10 000-реттік есептік көрсеткіштен артып кетпегенде;
2) активтердің жалпы құны 60 000-реттік есептік көрсеткіштен артып кетпегенде.
3) жыл ішіндегі жұмыскерлердің орташа саны 50-ден аспағанда.
Баланс – қаржылық жағдайға талдау жасауды ақпараттық қамтамасыз етудің негізгі көзі болып қызмет етеді.
Баланс құру қағидалары: Активтер олардың өтімділік дәрежесіне қатысты орналасқан: өтімділігінің нашарлығынан жоғары өтімділікке қарай; пассивтер – баяулықтан неғұрлым шұғыл болушылыққа қатысты.
Баланстың 5 бөлімі бар:
1) ұзақ мерзімді активтер.
2) ағымдағы активтер.
3) меншікті капитал.
4) ұзақ мерзімді міндеттемелер.
5) ағымдағы міндеттемелер.
Баланс қаржылық есептің үш элементін: активтер, меншікті капитал және міндеттемелерді көрсетеді. Қалған екі элемент – кірістер мен шығыстар – қаржы-шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелері туралы есепте көрсетіледі.
Өндірістік қызмет үшін әрбір кәсіпорын немесе акционерлік қоғам қажетті негізгі құралдармен бөлінген. Оларды қалыптастыру мен пайдалану кәсіпорын жұмысының қаржылық қырын сипаттайды. Төлемдерді уақытылы төлеудегі кәсіпорындардың қабілеті оның қаржылық жағдайының жақсы екендігін дәлелдейді.
Қаржылық жағдайына талдау жасау барысында:
1) қаржы жағдайына;
2) оларды қалыптастыру құралдары мен көздері арасындағы сәйкестікке;
3) қаржылық, есеп айырысу және несие тәртібінің сақталуына;
4) тауарлар мен дайын өнімдер қорының жай-күйіне;
5) меншікті қаржы мен банк несиелерінің болуына;
6) дебиторлық және кредиторлық қарыздардың жай-күйіне;
7) қаржылық жағдайын жақсарту резервтерін айқындауға жалпы баға беріледі.
Бухгелтерлік есеп мәліметтері – есеп кестелері тіркелген баланс қаржылық жағдайына талдау жасау үшін негізгі ақпарат көзі болып саналады. Енді қаржылық жағдайына талдау жасауды өнеркәсіп кәсіпорнының балансын пайдалана отырып жүргізіп көрелік.
Баланстың актив және пассив баптарын топтастыру кәсіпорынның қаржылық жағдайына терең талдау жасауға мүмкіндік береді. Бұл топтар балансты «оқу» үшін ыңғайлы және баланс бойынша фирма жұмысының қорытындыларымен және тікелей түрде оның қаржылық жағдайымен танысу баланс түрінде түсіндіріледі. Балансты оқу кезінде: баланс қорытындысының өзгеру сипаты және оның жекелеген бөлімдері мен баптары, құралдардың орналасу дұрыстығы, оның ағымдағы төлем қабілеттілігі айқындалады. Балансты зерттеу, баланс бойынша тұтастай, сол сияқты әрбір бап бойынша жекелей кезеңнің басы мен аяғындағы мәліметтерді салыстырудан басталады. Салыстыру баланс қозғалысының жалпы бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді. Әдетте, өндірістік жағдайлардағы баланс қорытындысының көбеюі – жағымды, ал азаюы – жағымсыз бағаланады. Инфляция жағдайында кәсіпорынның мүлкі мен міндеттемелерінің құны инфляция индекстері ескеріле отырып, кезең соңына бағаланатынын атап өту көзделеді. Көрсетілген индекстер әрбір бап бойынша есептелінеді және олардың жоқ болуы кезінде ғана ресми мекемелер әзірлейтін жалпы инфляцияға қолданылады. Баланс динамикасын зерттегеннен кейін барып, өндіріс көлемінің өсу қарқыны мен өнімдерді өткізу, пайда алу анықталады.
Негізгі құралдардың орта жылдық құнының 1 теңгеге есептегендегі тауарлар мен сатылған өнімдерінің пайда көрсеткіштері өткен кезеңдермен айқындалады және салыстырылады. Аталмыш көрсеткіштер кәсіпорындар жетекшілерінің іскерлік белсенділігін сипаттау мақсатында пайдаланылады. Бұл көрсеткіштерден өзге, айналым және меншікті капиталының қорқайтымдығы, материал сыйымдылығы, айналымдылығы, өнімділік, экономикалық өсу мен таза түсім тұрақтылығы коэффициенті анықталады.
Экономикалық өсу тұрақтылығы коэффициенті мына формула бойынша анықталады:
мұнда Кт – кәсіпорынның таза пайдасы
Ад – акционерге төленген
Мк – меншікті капитал
Таза пайда туралы мәліметтер «қаржылық нәтижелер туралы есепте», ал меншікті капитал туралы мәліметтер – баланста (баланстың пассив 1 бөлімінің қорытындысы) болады.
Дивидендттер
туралы мәліметтер – есеп мәліметтері
бойынша алынады.
Таза
түсім
коэффициенті |
= |
Таза пайда (Кт)+амортизациялық аударымдар (Аа) |
Сатылған тауар өнімдерімен түскен түсім (т) |
Бұл көрсеткіш, кәсіпорында меншікті капиталдың жеткілікті түрде жақсы пайдаланылатындығын және одан әрі қарайғы экономикалық өсу үшін жағдайы бар екендігін көрсетеді.
Қаржылық жағдайына жалпы талдау жасалғаннан соң оның жекелеген баптарының құрылымдары зерттеледі. Баланс активінде ақша қаражаттарының, бағалы қағаздардың, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қаржы салымдарының, негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің және өндірістік қорлардың көбеюі, ал баланс пассивінде – І бөлім қорытындысының көбеюі және әсіресе пайда сомасының, резервтік қордың және арнайы мақсатқа арналған қорлардың көбеюі жағымды түрде бағаланады. Дебиторлық және кредиторлық қарыздардың күрт өсуі жағымсыз бағаланады.
Баланс құрылымы талдау жасау кезінде, егерде «шығындар» және «күмәнді қарыздар бойынша резервтер» баптары бойынша сома көбейетін болса, онда олар аталмыш кәсіпорынның рентабелді емес екендігін дәлелдейді. Егер кәсіпорын шығынды болып саналса, онда шығындар сомасын, қалыптасқан үрдісті анықтауға мүмкіндік беретін оның алдындағы кезеңдер шығындарымен салыстыру көзделеді. «Күмәнді қарыздар бойынша резервтер» бабы бойынша сомалардың болуы, тауарлар немесе көрсетілген қызметтер үшін кешіктірілген дебиторлық қарыздардың бар екендігін растайды. Нарықтық экономика жағдайында баланстың жекелеген баптары бойынша өзгерістер сипаты басқаша бағаланатындығын атап өту көзделеді. Егер бұрындары есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттарының көбеюі жағымды түрде бағаланып келсе, онда, қазіргі уақытта кәсіпорын бос ақша қаражаттарын неғұрлым тиімді пайдалануға, нақтысында, басқа кәсіпорындарға қарызға беруге, қысқа мерзімді бағалы қағаздар сатып алуға ұмтылады.