Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2011 в 14:53, лекция
Логика гректің logos - ойлау,сөз,ақыл-ой,заңдылық деген ұғымдарды білдіретін кең мазмұнды сөзінен шыққан. Осыған сәйкес логика термині негізінен 3 мағынада қолданылады. 1)шындық дүниедегі заттар мен құбылыстардың заңдылықтарын білдіру үшін. 2)ойлаудың дәйектілігін, айқындылығын,дәлдігін білдіру үшін қолданылады. 3)логика ғылымы - ойлау логикасының теориялық ғылыми бейнесі ретінде қолданылады.
Логика гректің logos - ойлау,сөз,ақыл-ой,заңдылық деген ұғымдарды білдіретін кең мазмұнды сөзінен шыққан. Осыған сәйкес логика термині негізінен 3 мағынада қолданылады. 1)шындық дүниедегі заттар мен құбылыстардың заңдылықтарын білдіру үшін. 2)ойлаудың дәйектілігін, айқындылығын,дәлдігін білдіру үшін қолданылады. 3)логика ғылымы - ойлау логикасының теориялық ғылыми бейнесі ретінде қолданылады.
Логикалық зерттеудің бастамасы Ежелгі Қытай, Үнді және Греккия елдерінде біздің жыл санауымыздан бұрын 5-4 ғасырларда бір – бірімен тәуелсіз басталғаны жағдайында мәліметтер бар. Логика – алғашында жалпы философияның құрамында таным теориясының бөлінгі ретінде қарасытырылыды. Логика материализм мен идеализм арасындағы ымырасыз күрестің оъектісі болды.
Логиканың ғылым ретінде дүниеге келіп қалыптасқан отаны Ежелгі Грекия деп саналады, ал онын негізін салушы ұлы ғалым Аристотель болды. Ежелгі Грекияда логика саласындағы ғылыми – зерттеулерді алғаш бастаған атомдық ілімнің негізін салған Демоерит еді. Логика мәселелерімен Ежелгі Грекия идеалистері Сократ пен Платонда айналысты. Бірақ олардың ешқайсысы дәйекті де дербес логика ғылымын асай алмады. Бұл міндетті Ежелгі Грекияның әйгілі философы Аристотель (б.з.б 384-322 ж.ж) іске асырды. Сондықтан ол Логиканың атасы деп саналады. Аристотель логика демей «Аналитика» деп атады, бұл еңбегінде ол өзі ашқан ой қорытындының ерекше формасы – силлогизді жан-жақты зерттеп, логикалық дәлелдеудің мәнін, ұғымдарды анықтау және бөлу әдістерін ашып берді.
Логика мәселелерін арнайы білім саласы ретінде бөлініп шығуна себеп болған 2 - себеп бар. 1- ден ежелгі грек ойшылдары таным процестеріне талдау жасай отырып, мазмұны әр түрлі ойқорытындылардың нәтижесінің ақиқат болуы тек алғы шарттардың ақиөаттығына ғана емес, сондай – ақ пайымдау барысында олардың арасында болатын байланыс түріне де тәуелді деген қорытындыға келді. 2-ден ежелгі гректер жұрт алдында сөйлей білу өнеріне айырықша мән берген, әдемі сөйлей білу, жұртты сендіре білу, қабілеті аса жоғары бағаланып, оны үйренуге баса назар аударылды.
Логиканың материалистік негіздерін зерттеуде 17- ғасырдағы озат ойшыл, ірі ғалымдардың бірі Ф.Бэконның (1561-1626) еңбектері маңызды рөл атқарылды. Ф.Бэкон өзінің Жаңа Органон атты шығармасында индукциялық логиканың негіздерін зерттеп берді.
Логиканың
әрі қарай тарихи даму барысында
зерттеу жұмыстары мен
Логикада бірін-бірі толықтыра түсетін 2-түрі бар, олар; формальдық логика және диалектикалық логика деп аталады.
Бір жүйеге келтірілген диалектикалық логиканы тұнғыш рет Гегель жасады. Ал оны материалистік тұрғыда түсіндірген және бұған дейінгі бүкіл философия жетістіктерін жинақтап, нағыз ғылыми - материалистік диалектиканы және диалектикалық логиканы жасаған К. Маркс пен Ф.Энгельс.
Қазіргі заманғы логика бір-бірімен байланысты, бірақ бір-бірінен дербес формальдық логикадан және диалектикалық логикадан тұрады. Олардың екеуінің де зерттеу объектісі – ойлау процесі, бірақ оны түрлі тұрғыдан әр түрлі әдіс тәсілдермен зерттейді.Олар бірін-бірі жоққа шығармайды, қайта біріне –бірі көмегі тиіп отырады. Формальды логика ойлаудың ақиқаттылығын талап ете отырып, диалектикалық логиканың заңдарына сүйенеді, ал диалектикалық ойлау процесі формальдық логиканың айқындылық және дәйкектілік сияқты талаптарына бағынбайынша, шындық дүниені дәл және дұрыс белгілей алмайды.
Бұл екі логиканың туыстығы мен айырмашылығын Ф.Энгельс төменгі математика мен жоғарғы математиканың араөатынасына ұқсастырып көрсеткен болатын: « Элементарлық математика, тұрақты шығармалар математикасы, жалпы алғанда формальдық логиканың деңгейінде әрекет етеді: айнымалы шамалар математикасы… шын мәніне келгенде диалектиканың матиматикалық қатынастарға қолданылуы болып табылады.
Бұл салыстырудың терең мәні бар: қарапайым арифметикалық амалдарды оқып үйренбейінше, жоғары математиканы оқып үйрену мүмкін еместігісиякты алдын ала формальдық оқып үйренбейінше диалектикалық логиканы дұрыс түсіну қиын. Ойлауды, оның заңдары мен формаларын оқып уйренуді формальдық логикадан бастау керек.