Ликвидтілік және оны жоғарлату резерві

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 23:34, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі. Өтімділік – пассив бойынша міндеттемелерді төлеу үшін актив баптарын ақшаға айналдыру мүмкіндігі; материалдық құндылықтарды өткізудің‚ сатудың‚ қолма-қол ақшаға айналдырудың оңайлығы; субъектінің өз активтерін қолма-қол ақшаға айналдыру және борышқорлық міндеттемелерін орындау қабілеті (төлем төлеуге қабілеттілік). Өтімділік кәсіпорындар мен несие мекемелерінің қаржы жағдайының маңызды сипатамасы болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ ...........................................................................................................
1 Кәсіпорын өтімділігінің теориялық негізі............................
1.1 Кәсіпорынның өтімділігі туралы жалпы түсінік....................................
1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудағы өтімділіктің қолданылу мәні................................................................................................
2 Ликвидтілік және ликвидтілік көрсеткіштерін талдау...........................................................................................................
2.1 Өтімділік түсінігі және баланстың өтімділігі..........................................
2.2 Активтер өтімділігін талдау......................................................................
2.3 Баланс өтімділігін кешенді түрде бағалау...............................................
3 Өтімділікті жоғарлату резервтері...............................................
3.1 Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін арттыру..............................................................................................................
3.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен іскерлік белсенділігін арттыру..............................................................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..............................................

Работа содержит 1 файл

Ликвидтілік және оны көтеру резерві.docx

— 141.97 Кб (Скачать)
 
 
 
 

     КУРСТЫҚ ЖҰМЫС 
 

     Тақырыбы: «Ликвидтілік және оны  жоғарлату резерві» 
 

       «Қаржылық менеджмент»  пәні бойынша 
 
 
 
 
 
 
 

     МАЗМҰНЫ 

КІРІСПЕ ........................................................................................................... 

1 Кәсіпорын өтімділігінің теориялық негізі............................

1.1 Кәсіпорынның  өтімділігі туралы жалпы түсінік....................................

1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудағы өтімділіктің қолданылу мәні................................................................................................ 

2 Ликвидтілік және ликвидтілік көрсеткіштерін талдау...........................................................................................................

2.1 Өтімділік түсінігі және баланстың өтімділігі..........................................

2.2 Активтер  өтімділігін талдау......................................................................

2.3 Баланс  өтімділігін кешенді түрде бағалау............................................... 

3 Өтімділікті жоғарлату резервтері...............................................

3.1 Кәсіпорынның  активтерінің өтімділігі мен  төлем қабілеттілігін арттыру..............................................................................................................

3.2 Кәсіпорынның  қаржылық  тұрақтылығы мен   іскерлік белсенділігін  арттыру..............................................................................................................  
 

ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................ 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .............................................. 

3 

5

5 

9 
 

17

17

19

25 

28 

28 

30 
 

32 

34

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     КІРІСПЕ 

     Курстық жұмыстың өзектілігі. Өтімділік – пассив бойынша міндеттемелерді төлеу үшін актив баптарын ақшаға айналдыру мүмкіндігі; материалдық құндылықтарды өткізудің‚ сатудың‚ қолма-қол ақшаға айналдырудың оңайлығы; субъектінің өз активтерін қолма-қол ақшаға айналдыру және борышқорлық міндеттемелерін орындау қабілеті (төлем төлеуге қабілеттілік). Өтімділік кәсіпорындар мен несие мекемелерінің қаржы жағдайының маңызды сипатамасы болып табылады. Оның көрсеткіштерінің бірі – ақшалай қаражат пен тез өткізілетін активтердің міндеттемелер сомасына қатынасы. Өтімділік қозғалысы дегеніміз қолма-қол ақшаның ағылып келуі мен оның төлемдері‚ кез келген уақытта қолда болатын ақшалай қаражаттың мөлшері. Кәсіпорынның нарықтағы‚ сыртқы экон. және басқа қызметтегі шешуші жағдайы қолма-қол ақшаның қозғалысы көрсеткішімен айқындалады. Активтердің өткізілу дәрежесіне қарай оларды мынадай топтарға бөлуге болады:

     Өтімділігі  жоғары топтар – ақша‚ алтын‚ ағымдағы шотта тұрған қаражат‚ қысқа мерзімді мемл. бағалы қағаздар‚ вексельдер‚  тез сатуға болатын мүлік‚ т.б.;

     Өтімділікгі орташа топтар – меншікті бағалы қағаздар‚  жөнелтілген тауарлар‚ көрсетілген  қызметтер‚ орындалған жұмыстар бойынша  мерзімі өтіп кеткен берешек;

     Өтімділікгі төмен топтар – тауар-материалдық  құндылықтар‚ негізгі құрал-жабдық.

     Түрлі мақсаттар үшін фирмалар балансының өтемпаздығын талдап‚ бағалау кезінде  аудиторлар әдетте мынадай көрсеткіштерді қолданады:

     Меншікті  айналым капиталы – айналым капиталы мен қысқа мерзімді міндеттемелер  арасындағы айырма;

     Өтімділік коэффициенті – өтімділікгі жоғары активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелер  арасындағы ара салмақ;

     Өтеу  коэффициенті – айналым активтері  мен қысқа мерзімді міндеттемелер  арасындағы ара салмақ.

     Жаппай  төлем қабілетсіздік және көптеген кәсіпорындарға банкроттық процедуралар қолдану жағдайларында қаржылық-экономикалық жағдай объективтік және дәл беғалаудың бірінші дәрежедегі мәні болады. Мүндай бағалаудың негізгі критерийі төлемқабілеттілік  көрсеткіштері мен кәсіпорынның өтімділігі дәрежесі болып табылады.

     Жұмыстың  мақсаты – кәсіпорынның өтімділігі туралы жалпы түсінік беру және өтімділікті жоғарлату резервтерін қарастыру.

       Осы масатқа жету үшін мынадай  міндеттерді шешу алға қойылып отыр:

     - кәсіпорынның өтімділігі туралы  жалпы түсінік беру;

     - кәсіпорынның қаржылық жағдайын  талдаудағы өтімділіктің қолданылу  мәнін ашу;

     - өтімділік түсінігі және баланстың  өтімділігін талдау;

     - активтер өтімділігін талдау;

     - баланс өтімділігін кешенді түрде  бағалау;

     - кәсіпорынның активтерінің өтімділігі  мен төлем қабілеттілігін арттыру;

     - кәсіпорынның қаржылық  тұрақтылығы  мен  іскерлік белсенділігін   арттыру мәселелерін қарастыру.

     Зерттелу  объектісі – стратегиялық және оперативтік жоспарлау жүйесі.

     Жұмыстың  теориялық-әдістемелік  негіздері ретінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еңбектері, Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдаулары, «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатын жақсарту» стратегиясы, отандық ғалымдар Ж. Сундетулы мен Ж. Көмекбаеваның «Әлеуметтік-экономикалық дамуды болжау және жоспарлау» атты еңбектері және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары, сонымен қатар шетелдік және отандық «қаржы», «қаржылық менеджмент» оқулықтары қолданылды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     
  1. Кәсіпорын өтімділігінің теориялық  негізі
 
     
    1. Кәсіпорынның  өтімділігі туралы жалпы түсінік
 

     Өтімділік (Өтемпаздық)– пассив бойынша міндеттемелерді  төлеу үшін актив баптарын ақшаға айналдыру мүмкіндігі; материалдық  құндылықтарды өткізудің‚ сатудың‚ қолма-қол ақшаға айналдырудың оңайлығы; субъектінің өз активтерін қолма-қол  ақшаға айналдыру және борышқорлық  міндеттемелерін орындау қабілеті (төлем төлеуге қабілеттілік). Өтімділік  кәсіпорындар мен несие мекемелерінің қаржы жағдайының маңызды сипатамасы болып табылады. Оның көрсеткіштерінің бірі – ақшалай қаражат пен тез өткізілетін активтердің міндеттемелер сомасына қатынасы. Өтімділік қозғалысы дегеніміз қолма-қол ақшаның ағылып келуі мен оның төлемдері‚ кез келген уақытта қолда болатын ақшалай қаражаттың мөлшері. Кәсіпорынның нарықтағы‚ сыртқы экон. және басқа қызметтегі шешуші жағдайы қолма-қол ақшаның қозғалысы көрсеткішімен айқындалады. Активтердің өткізілу дәрежесіне қарай оларды мынадай топтарға бөлуге болады:

     Өтімділігі  жоғары топтар – ақша‚ алтын‚ ағымдағы шотта тұрған қаражат‚ қысқа мерзімді мемл. бағалы қағаздар‚ вексельдер‚  тез сатуға болатын мүлік‚ т.б.;

     Өтімділікгі орташа топтар – меншікті бағалы қағаздар‚  жөнелтілген тауарлар‚ көрсетілген  қызметтер‚ орындалған жұмыстар бойынша  мерзімі өтіп кеткен берешек;

     Өтімділікгі төмен топтар – тауар-материалдық  құндылықтар‚ негізгі құрал-жабдық.

     Түрлі мақсаттар үшін фирмалар балансының өтемпаздығын талдап‚ бағалау кезінде  аудиторлар әдетте мынадай көрсеткіштерді қолданады:

     Меншікті  айналым капиталы – айналым капиталы мен қысқа мерзімді міндеттемелер  арасындағы айырма;

     Өтімділік коэффициенті – өтімділікгі жоғары активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелер  арасындағы ара салмақ;

     Өтеу  коэффициенті – айналым активтері  мен қысқа мерзімді міндеттемелер  арасындағы ара салмақ.

     Жаппай  төлем қабілетсіздік және көптеген кәсіпорындарға банкроттық процедуралар қолдану жағдайларында қаржылық-экономикалық жағдай объективтік және дәл беғалаудың бірінші дәрежедегі мәні болады. Мүндай бағалаудың негізгі критерийі төлемқабілеттілік  көрсеткіштері мен кәсіпорынның өтімділігі дәрежесі болып табылады.

     Кәсіпорынның  төлем қабілеттілігі ақша сипатындағы  сауда, несиелік және басқада операциялардан келіп шығатын төлем міндеттемелерін  өз уақытында және толықтай орындау  мүмкіндігімен анықталады. Төлем  қабілеттілік коммерцияның мәмілелердің нысандар мен шарттарына, соның ішінде несиені алу әсер етеді.

     Кәсіпорынның  өтімділігі ондағы өтімді қаражаттардың  болуымен анықталады. Өтімді қаражаттарға қолма қол ақшалар, банк шоттарындағы ақша қаражаттары және айналым ресурстарының  тез өтетін элементтері жатады. Өтімділік  кәсіпорынның кез келген уақытта  қажетті шығындарды жүзеге асыру  қабілетін бейнелейді.

     Өтімділік пен төлем қабілеттілік экономикалық категория ретінде тең емес, бірақ  тәжірибиде олар өз араларында тығыз  өз ара байланысты.

     Кәсіпорынның  өтімділігі қарыз міндеттемелері бойынша  төлем қабілеттілікті көрсетеді. Кәсіпорынның кредиторлар және бюджет алдындағы  өз қарыз міндеттемелерін өтеуге қабілетсіздігі банкроттыққа әкеледі. Кәсіпорынды банкрот деп тану үшін негіз тек олармен бірнеше айлар ағымында бюджет алдындағы өз міндеттемелерін орындай алмауы емес, сонымен бірге кәсіпорынға қаржылық және мүліктік талаптары бар жеке және заңды тұлғалардың алдындағы міндеттемелерін орындай алмауы.

     Төлемқабілеттілік пен өтімділікті бағалау үшін келесі амалдар қолданылады:

     \ Баланстық активтік және пассивтік төлемдердің өзгерісін құрылымдық талдау;

     \ өтімділіктің қаржылық коэффициенттерін есептеу;

     \ есепті кезегі ақша қаражаттары қозғалысын талдау.

     Баланс  өтімділігін бағалаудағы негізгі  міндет кәсіпорындардың оның активтері  мен міндеттемелерін өтеу шамасын  анықтайды, олардың ақша нысанына айналу мерзімімен міндеттемелердің өтеу мерзіміне  сәйкес келеді.

     Талдауды  жүргізу үшін баланс активі мен пассиві  келесі белгілер бойынша топтастырылады:

     \ өтімділіктің кему дәрежесі бойынша;

     \ төлеу мерзімі дәрежесі бойынша

     Активтердің ақша қаражаттарына айналу жылдамдылығына байланысты келесі топтарға бөлінеді:

     А1- ең өтімді активтер. Бұған ақша қаражаттарымен қысқа мерзімді қаржылық салымдар

     А2- тез өткізілетін активтер. Дебиторлық борышпен басқа активтер.

     А3- баяу өткізілетін активтер бұған  айналым активтерімен ұзақ мерзімді қаржылық салымдар жатады.

     А4- қиын өткізілетін активтер. Бұл айналымнан тыс активтер.

     Пассивтерді топтастыруолардың қайтарылу мерзімі  дәрежесі бойынша жүреді

     П1- ең қысқа мерзімді міндеттемелер. Бұған  кредиторлық борыш және басқада  қысқа мерзімді пассивтер жатады

     П2- қысқа меззімді пассивтер. Заемдық  қаражаттар жатады.

     П3- ұзақ мерзімді пассивтер. Ұзақ мерзімді несиелер мен заемдық қаражаттар жатады.

     П4- тұрақты пассивтер. Капитал мен  резервтер жатады.

     Баланс  өтімділігін анықтауда активтермен  пассивтер топтары өз араларында салыстырылады.

     Кәсіпорынның  қаржылық-экономикалық жағдаиын талдауды ескеру мен қабылданған бизнес жоспар негізінде қаржылық ресурстарды  басқарушешімдер жасақталынады.

     Қаржылық  жоспарлауды жасақтауды пайда немесе зиян шегуді болжамдап бастаған дұрыс, себебі сату көлемін болжау бойынша  берілгендер болса, материалдық  және еңбек ресурстарының қажетті  мөлшерін есептеуге, материалдық және еңбек шығындарын анықталады. Одан кейін қолма қол қаражаттар қозғалысы  болжамы жасақталанады. Оны анықтаудың қажеттілігі пайда немесе зиян шегу болжамын түсіндіргенде төлемдерді жүзеге асыру тәртібінде көрсетілмейді. Қолма қол қаражаттардың қозғалысын болжау қолма қол қаражаттардың құйылуын, қолма қол қаражаттардың ағылуын, таза ақша ағынын банк шотының бастапқы және соңғы сальдосын ескереді.

Информация о работе Ликвидтілік және оны жоғарлату резерві