Коммерциялық банктерді рейтінгін бақылау

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 07:57, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін "ақпараттық экономикаға" ауысу болып отыр. Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын" қабылдағанын жатқызуға болады.

Содержание

КІРІСПЕ
1. БАНК ҚЫЗМЕТІН ҚАДАҒАЛАУ ЖӘНЕ РЕЙТИНГТІК БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Банктік қадағалаудың мәні мен әдістері
1.2. Банк қызметін рейтингтік бағалау
1.3. Банк ісін талдаудың әдістемелері
1.4. БАНК ҚЫЗМЕТІН ҚАДАҒАЛАУ ЖӘНЕ РЕЙТИНГТІК БАҒАЛАУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
1.4.1. Ақпараттық жүйелер құрылымына қойылатын талаптар
1.4.2. Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар
1.4.3. Математикалық жабдықтарға қойылатын талаптар
1.4.4. Лингвистикалық жабдықтарға қойылатын талаптар
1.4.5. Техникалық жабдықтарға қойылатын талаптар
1.4.6. Программалық жабдықтарға қойылатын талаптар
1.4.7. Ақпараттық жабдықтарға қойылатын талаптар
1.4.8.Ұйымдастырушы жабдықтарға қойылатын талаптар
1.4.9. Банк қызметін қадағалау және рейтингтік бағалаудың концептуалдық схемасы
2. БАНК РЕЙТИНГІН АНЫҚТАУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖОБАЛАУ
2.1. Есептің қойылымы
2.2. Кіріс ақпараттары
2.3. Шығыс ақпараттары
2.4. Ақпараттық база .........................................................................................43
3. БАНК ЖАҒДАЙЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ КӨПДЕҢГЕЙЛІ АГРЕГАТТАЛҒАН ЕСЕПТЕУ ӘДІСІН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП БАНКТЕРДІҢ РЕЙТІНГІН ҚҮРАСТЫРУ
3.1. Рейтингті қүрастыруға арналған таңдау көрсеткіштері
3.2. Есептеу көрсеткіштері және мөлшерлеу (нормалау)
3.3. Өлшем көрсеткіштерінің коэффициентін анықтау
3.4. Рейтингті есептеу
3.5. Банктердің стратификациялау
3.6. Рейтингті құрудың мысалы
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША

Работа содержит 1 файл

МАЗМҰНЫ.docx

— 121.10 Кб (Скачать)
 

     Программалық  жабдықтау – бұл техникалық құралдар кешенінің қызметін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйенің функциясын (атқарымын) жүзеге асыратын программалар жиынтығы. Пограммалық жабдықтау екі бөлімнен тұрады: жалпы ПЖ және арнайы ПЖ.

     Жалпы ПЖ – бұл кең көлемді пайдаланушыларға арналған, есептеу үрдісін ұйымдастыру  мен ақпараттарды өңдеуде жиі  кездесетін есептерді шешуге бағытталған  программалар жиынтығын құрайтын ПЖ бөлімі. Жалпы ПЖ-ға мынадай негізгі  компоненттер кіреді: операциялық жүйе, программалық өнім және сынақтық-тесттік  программалар.

     Арнайы  ПЖ-ға әр түрлі атқарымдық қосалқы  жүйелері үшін нақты мәселелерді  шешуге және жеке функцияларды орындауға  арналған программалар.

 

Программалық  жабдықталуына қойылатын талаптар:

 
1 Жалпы жүйелік  программалық жабдықталуы Microsoft 2000, NT, XP
2 Офистік бағдарламасы Office 2002
3 Қолданбалы  программалық ортасы Delphi 7 программалық ортасы
4 МББЖ Paradox, Oracle
5   Көмекші программалар Драйвер, утилиталар, тексттік-кестелік редакторлар
 

      Программалық  жабдықтау қамтамасыз етуi қажет:

    • пайдаланушыларды регламенттiк және сұранысты-жауап беру режимдерiнде қызмет көрсету;
    • функционалдық есептердi шешу;
    • өзара байланысқан есептердi шешудiң кезектiлiгiн басқару;
    • ақпараттың сақталуын және оның жаңылысудан кейiн қалпына келтiрiлуiн;
    • деректермен жұмыс iстеу мен жеткiзiлудiң қарапайымдылығын және сенiмдiлiгiн;
    • пайдаланушыдан келiп түсетiн ақпаратты бақылауды;
    • ақпаратты қорғауды, ЭЕМ-ге тек автоматтандырылған жұмысшыларға ғана қатынауға рұқсат берудi;
    • қажет болған жағдайда кешеннiң жекелеген есептерiн шешуге мүмкiндiк берудi.
 

1.4.7. Ақпараттық  жабдықтарға қойылатын талаптар

 

    Ақпараттық  жабдықтау (АЖ) – бұл ақпараттық жүйеде қолданатын экономикалық ақпаратты  жіктеудің және шартты белгілеудің  бірыңғай жүйелері мен құжаттардың  және ақпарат массивтерінің үйлестірілген  жүйелерінің бірігуі болып табылады. Ақпараттық жабдықтаудың негізгі бағыты сақталуынан, ақпараттың жинақталуынан, ақпараттық базаға өзгеріс енгізуден  басқару шешімдерін қабылдау үшін кіріс  ақпараттарының берілуінен тұрады.

     Ақпараттық  жүйенің жабдықтау жүйелері, функционалды ішкі жүйелеріне қарамастан барлық экономикалық ақпарат жүйелеріне бірдей болады. Оның құрамы белгілі бір пәндік аймаққа  қатысты емес. Жабдықтаушы ішкі жүйелеріне: ұйымдастырушылық, техникалық, математикалық, программалық, ақпараттық, лингвистикалық, және технологиялық ішкі жүйелері кіреді.

     Ақпараттық  жабдықтауБанк қызметін қадағалау және рейтингтік бағалаудың қолданылатын техникалы-экономикалық ақпараттарды сыныптаудың және кодтаудың бірыңғай жүйелері, құжаттар жүйесінің және ақпараттар ауқымының үйлестірілген жүйелерінің жиынтығы.

     Шешім қабылдаудың тиімділігі айналымдағы  ақпаратты толықтығына, сапасына, сенімділігіне  және жеделдігіне байланысты:

    • басқару жүйесінде болатын үрдістерді объективті бейнелеу;
    • практикалық нысаналылықтың болуы, яғни АЖ-ды жобалауда шешілетін мәселелерді ескере отырып атқарылуы қажет;
    • тікелей бақылау және өлшеу үрдістерінде алынбайтын есепті-талдамалы ақпараттардың болуын қамтамасыз етеді;
    • басқаруды ұйымдастырудың барлық деңгейлерінде ақпаратты пайдаланудағы коэфициентті көтеру;
    • ақпарат жүйелерінің барлық түрінің ақпараттық сиымдылығын қамтамасыз ету.

     Ақпаратты жабдықтауды жобалау – бірқатар жұмыстар атқаруды қажет ететін күрделі  және еңбекті көп керек ететін үрдіс:

      • ақпаратты жабдықтауды ұйымдастырудың әдістемелік негіздерін жасау;
      • ақпаратты сыныптаудың және кодтаудың бірыңғай жүйесін құру;
      • ақпарат көлемдері мен ағындарын анықтау;
      • деректер базасының құрылымы мен құрамын анықтау;
      • деректер базасын бақылау және түзету тәсілдерін таңдау;
      • тұтынушылардың сұраныс тілі мен деректердің сипаттамсын сәйкестендіру.

     Банк  қызметін қадағалау және рейтингтік бағалаудың машинадан тыс ақпараттық жабдықтау.

     Машинадан тыс ақпараттық жабдықтауға мыналар  кіреді:

  • Рейтингті талдау ақпарат ұғымы, оның сыныптамасы және құрылымы;
  • Сыныптау және кодтау;
  • Нормативті-анықтамалық құжаттар.

     Рейтингті талдау ақпарат ұғымы банк қызметінің, жұмысының қандай деңгейде екендігін  анықтау үшін керекті мәліметтер, ақпараттар.

     Сыныптау  дегеніміз – берілген жиындағы объектілерді әр түрлі белгілері бойынша ретке  келтіріп тарату болып табылады. Объектілер сыныпталатын топтық белгілер мыналар: сынып, қосымша сынып, топ, қосымша  топ, түр, қосымша түр, тип.

      Кодтау  – объектілерге кодтық белгілер беру үрдісі. Кодтау жүйесі дегеніміз –  бұл объектілерге код беру ережелерінің жиынтығы.

      Нормативті-анықтамалық  құжаттарға есептеуде ұзақ уақыт өзгеріссіз пайдаланатын, әр түрлі реттемелік нормативтер, мөлшерлер және басқа деректер кіреді.

   Жедел ақпарат берілген уақыт ішіндегі объектінің жай күйін бейнелейді, яғни бұл бастапқы өңделмеген ақпарат.

      Ішкі  жабдықтау – Жұмыс істеу кезінде пайдаланатын машиналық тасығыштардағы деректер ауқымдарының жиынтығын құрайтын ақпараттық қордың бөлігі. Машиналық тасығыштар, ЭЕМ немесе ДЭЕМ-де ақпаратты автоматты түрде енгізуге жарамды материалдық объектіні көрсетеді. Оған қатты магниттік табақшалар, магниттік барабандар, магниттік карталар, фотохромдық тасығыштар, микрофильмдер және тағы басқалар жатады.

      Ақпараттық  ауқымдар – белгілі тәсілмен атауланған және ұйымдастырылған, өзара семантикалық байланыста болатын деректер жиынтығы. АА-дың деректемелер (реквизиттер) тізбесі, әрбір деректеменің ұзындығы және олардың  АА-ға орналасу тәртібі анықталады. АА-дың тағайындалуы бойынша енуші, аралық және шығушы болып бөлінеді. Енуші ауқымдарға жедел немесе бастапқы ақпарат және объектінің басқару  бойынша мәселені шешуге деген сұраныстар кіреді. Шығару ауқымы экранға немесе баспаға берілетін деректерден  тұрады. Осы ақпараттар негізінде  пайдаланушылар шешім қабылдайды, яғни ақпараттарды пайдаланады.

 

1.4.8.Ұйымдастырушы  жабдықтарға қойылатын талаптар

 

     Ұйымдастырушылық  жабдықтау - жүйені құрудағы мақсаттар мен бағыттарын айқындаудағы ақпарат жүйесінің маңызды ішкі жүйесі болып табылады. Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз – ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы.  Оның құрамында төрт топты атап көрсетсе болады.

     Бірінші  топ құру және фунционалдау үрдісінде  маңызды әдістемелік құжаттарды қамтиды:

    • ақпараттық жүйені құрудағы жалпы басқару әдістемелері;
    • типтік жобалар шешімі;
    • кәсіпорынды алдын ала тексерудегі жобалау және өткізудегі әдістемелік материалдары;
    • құжаттаманы құру және іске қосу сұрақтарының әдістемелік материалдары.

     Екініші  компоненті ақпарттық жүйені жобалауға  және ақпараттық жүйені функционалдануында  керекті тиімді құралдардың жиынтығынан  тұрады.

      Үшінші  компонент тексеру кезінде алынатын техникалық құжаттама болып табылады. Жүйені жобалау мен енгізу: техника-экономикалық негіздеме, техникалық тапсырыс, техникалық және іскерлік жобалар мен құжаттар.

      Ұйымдастырушылық  жабдықтаудың төртінші компоненті «Іскер». Онда жүйенің басты құрастырушыларды және функионалдық бөлімінің мамандарының тізімі берілген.

      Құқықтық  жабдықтау ішкі жүйесі ақпараттық жүйені енгізу және эксплуатацияға беруге арналған, ол жерде заңнамалық актілерді, құжаттарды қалыпқа келтіру, сақтау, өтпелі және нәтижелік жүйе ақпаратында қайта түзету.

     Жүйені  тұрғызу барысында құқықтық құжаттарға: тапсырушы мен атқарушының келісім-шарты, жүйені тұрғызушылар арасындағы құжаттар кіреді.  Ал, жобаны енгізу кезінде  оған мынадай құжаттар жатады: жасалып  жатқан жүйе деңгейінің мінездемесі, ақпарат  жүйесі бөлімдерінің құқығы, ақпартты өңдеудегі жеке құжаттардың құқықтық орындамасы, техникалық құралдарды қолдану  кезіндегі қолданушылардың құқықтық қатынасы.

     Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері Үкіметте қабылданған қаулылар, заңнамалар, актілер және т.б. заңнамалық құжаттар арқылы рейтингті немесе басқа сөзбен айтқанда қаржылық сенімділігінен тексерістен  өтіп отырады. Төменде сол қабылданған  заңдардың біреуі келтірілген.

     2001 жылы 1 желтоқсан.

     Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк есептілік  тапсыратын екінші деңгейдегі банкілердің  және басқа тұлғалардың валюталары мен қорлар атауларының мемлекеттік  біліктемелерін пайдалану туралы.

     Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк есептілік  тапсырған кезде елде, валюталар  мен қорлар атауларын:

     Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк есептілік  тапсыратын екінші деңгейдегі банкілер менбасқа тұлғалар осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап есептілік  тапсыру кезінде Қазақстан Республикасының  ГК РК 06 ИСО 3166.1 – 2001 «Елдердің және олардың әкімшілік аумақтық бөлімшелерінің кодтары.

 

1.4.9. Банк  қызметін қадағалау және рейтингтік  бағалаудың концептуалдық схемасы

 

    Концептуалды  схема  ақпараттық жүйе құру мен  оның іс атқарауында басты әдістемелік  тұрғыда қарастыруда көрсетеді. Ақпараттық жүйенің негізгі концептуалды схемасы тұтас жүйе тұрғызудың әдістемелік  аспектілерін  бейнелейді және негізгі  құралдарды анықтайды.

        Ақпараттық жүйелер құрамындағы  элементтердің атқару роліне  қарай екі бөлшекке бөледі. Ол  функционалды және жабдықтаушы  бөлшек. Функционалды бөлігіне функционалды  жүйелердің комплексі жатады, ол  жабдықтаушы бөлшекке  жабдықтаушы  жүйешелер жатады.

Концептуалдық схема

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                               

  •  
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

    2. БАНК  РЕЙТИНГІН АНЫҚТАУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ  ЖҮЙЕСІН ЖОБАЛАУ

    Информация о работе Коммерциялық банктерді рейтінгін бақылау