Коммерциялық банктерді рейтінгін бақылау

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 07:57, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін "ақпараттық экономикаға" ауысу болып отыр. Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын" қабылдағанын жатқызуға болады.

Содержание

КІРІСПЕ
1. БАНК ҚЫЗМЕТІН ҚАДАҒАЛАУ ЖӘНЕ РЕЙТИНГТІК БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Банктік қадағалаудың мәні мен әдістері
1.2. Банк қызметін рейтингтік бағалау
1.3. Банк ісін талдаудың әдістемелері
1.4. БАНК ҚЫЗМЕТІН ҚАДАҒАЛАУ ЖӘНЕ РЕЙТИНГТІК БАҒАЛАУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
1.4.1. Ақпараттық жүйелер құрылымына қойылатын талаптар
1.4.2. Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар
1.4.3. Математикалық жабдықтарға қойылатын талаптар
1.4.4. Лингвистикалық жабдықтарға қойылатын талаптар
1.4.5. Техникалық жабдықтарға қойылатын талаптар
1.4.6. Программалық жабдықтарға қойылатын талаптар
1.4.7. Ақпараттық жабдықтарға қойылатын талаптар
1.4.8.Ұйымдастырушы жабдықтарға қойылатын талаптар
1.4.9. Банк қызметін қадағалау және рейтингтік бағалаудың концептуалдық схемасы
2. БАНК РЕЙТИНГІН АНЫҚТАУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖОБАЛАУ
2.1. Есептің қойылымы
2.2. Кіріс ақпараттары
2.3. Шығыс ақпараттары
2.4. Ақпараттық база .........................................................................................43
3. БАНК ЖАҒДАЙЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ КӨПДЕҢГЕЙЛІ АГРЕГАТТАЛҒАН ЕСЕПТЕУ ӘДІСІН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП БАНКТЕРДІҢ РЕЙТІНГІН ҚҮРАСТЫРУ
3.1. Рейтингті қүрастыруға арналған таңдау көрсеткіштері
3.2. Есептеу көрсеткіштері және мөлшерлеу (нормалау)
3.3. Өлшем көрсеткіштерінің коэффициентін анықтау
3.4. Рейтингті есептеу
3.5. Банктердің стратификациялау
3.6. Рейтингті құрудың мысалы
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША

Работа содержит 1 файл

МАЗМҰНЫ.docx

— 121.10 Кб (Скачать)

        Өйткені дивиденд түрінде төленген таза пайданың жоғары болуы банк пайдасының көп  бөлігін аз капиталын көбейтуге  жіберілетін бөлінбеген пайда түрінде  сақталмағандығын көрсетеді.

        Берілген  есеп  беру мәліметтердің растығын тексерген соң,      CAMEL жүйесі бойынша рейтингті анықтау  үшін пайдалылықты талдау жүргізіледі. Пайдалылықты талдау жылдың соңында  жүргізіледі. Пайдалылықты талдау мынадай  принциптерге сүйенеді.(6 - кесте). 

        6 - кесте  Пайдалылықты сапасын бағалау принциптері 

    Активтердің орташа құнына қатысты  қайтарымдылық көрсеткіштері     CAMEL жүйесі бойынша

    рейтингісі

    1%- дан жоғары 

    0,75%- дан 1%- ға дейін

    0,50%- дан 0,75%- ға дейін

    0,25%- дан 0,50%- ға дейін

    0,25%- дан төмен немесе шығындар

    1.Тұрақты

    2.Қанағаттанарлық

    3.Орташа

    4.Шекті

    5.Қанағаттанарлықсыз

 

          Банктің пайдалылық көрсеткіші  активтердің орташа құнына қатысты  қайтарымдылық коэффициенті болып  табылады. Ол төмендегідей түрде  есептелінеді: 

    Дивидендтерді төлегенге дейінгі  және салықтарды төлегеннен кейінгі таза пайда

    Активтерің  орташа құны

      

       Өтімділігі. Өтімділікті талдау  үшін кез келген көрсеткішті  қолдану мүмкін емес және CAMEL жүйесі бойынша өтімділік рейтингісін анықтау үшін инспектор бірнеше факторларды ескере отырып, өзінің жеке ойын басшылыққа алуы қажет:

  1. салымдардың көлемін, яғни банктің депозиттерінің қанша бөлігі негізгі депозиттерді (банктің қолында ұзақ мерзімге қалатын депозиттер), оның алдын ала ескертусіз шоттардан алынуы мүмкін салымдар бөлігімен салыстырылуды(талап еткенге дейінгі депозиттер),
  2. активтердің өтімді түрде болуы немесе өтімді түрдегі активтерге тез айналатын активтердің болуы (өтімді түрде активтер көп болған сайын өтімділік деңгейі жоғары болады);
  3. банктің қарыз қаражаттарына деген қажеттілік деңгейі, яғни банкаралық нарықта несие желісін ашу келісімі бойынша алынған қаражаттар немесе Ұлттық Банктен алынған қаражаттардың тартылған ресурстардың жалпы көлеміне қатынасы (бұл деңгейдің жоғары болуы банктің өтімділік позициясына мазасыздық туғызады);
  4. банк басшылығының өтімділік деңгейін басқару қабілетін және банктің өтімділікті реттеудегі өзінің жеке ішкі саясаты мен принциптерін сақтауы.

    Бұдан басқа әр түрлі төмендегідей қатынастарды қолдануға болады:

 
    
        Берілген  несиелер
       Депозиттік салымдар
    

    1)

 
 
    
        Өтімді  активтер
             Салымдар
    

    2)

 
 
 

    CAMEL жүйесі бойынша өтімділікті талдаудың  жалпы критерийлері:

    1 – рейтинг (тұрақты). Бұл рейтингтегі  банктердің өтімді активтерінің  көлемі жеткілікті. Банктің ішкі  бақылау әдістері мен ақпаратты  өңдеу жүйесі банк басшыларына сәйкес мәліметтерді беріп отырады. Банкте депозит түрінде несиелеудің үлкен көлемді көздері бар. Өтімділік деңгейі бойынша банктерді салыстырғанда бұл банктің өтімділік коэффиценті жоғары.

         2 – рейтинг (қанағаттанарлық). Бұл  рейтингтегі банктерде өтімділік  деңгейінің төмендеуі мен қаражаттарына  тәуелділігінің жоғары тенденциялары  байқалады. Банкте депозит түрінде  несиелеу көздерінің белгілі  бір бөлігі ғана бар. Және  тез арада қаржы қаражаттарын  тартуды белгілі бір мүмкіндігі  бар. Өтімділік коэффициенті басқа  банктермен салыстырғанда орташа  деңгейден жоғары.

        3 – рейтинг (орташа). Бұл рейтингтегі банктерде өтімді активтер көлемі жеткіліксіз. Өтімділік коэффициенті басқа банктермен салыстырғанда орташа.

       4 – рейтинг (шекті). Бұл рейтингтегі  банктердің өтімді активтерінің  көлемінің жеткіліксіздігінен өтімділік  көрсеткіштері нашар. Яғни, өтімділік  коэффициенті үнемі сақталмайды.  Банк қарыз қаражаттарына тәуелді.  Өтімділік көрсеткіштері басқа  банктермен салыстырғанда орташадан  төмен.

        5 – рейтинг (қанағаттанарлықсыз). Банктің өтімділік көрсеткішінің  өте нашар жағдайда болуы оның  өмір сүруіне қауіп төндіреді.  Өтімді активтердің жетіспеушілігі  және өтімділік коэффициенттерінің  үнемі сақталмауы байқалады. Мұндай  банктерге тез арада реттеу  шараларыфн қолдану керек. 

    Менеджмент. CAMEL аббревиатурасының жазылуында менеджмент үшінші компоненті болғанымен, менеджменттің  талдауын басқа компоненттердің  барлығын таладағаннан кейін жүргізеді. Өйткені менеджментті бағалау басқа 4 компанентке тікелей тәуелді  болады және басқаруды бағалау CAMEL жүйесіндегі  субъективті компонент болып  табылады.

    Капиталды активтердің сапасы, пайда мен  өтімділікке қарағанда,басқару әдістерін  бағалау үшін коэффициентті көрсеткіштерді қолдану мүмкін емес. Басқару әдістерін  бағалау кезінде CAMEL жүйесі бойынша  басқа 4 бағытының рейтингісін ескеру қажет.

    Менеджментті  талдау кезінде мынандай факторлар  ескерілу қажет:

  • банктерге тексеру жүргізгенде, банк басшылығы өзінің техникалық біліктілігін, басқарушылық және әкімшілік қабілеттілігін көрсету қажет;
  • банк басшылығының экономикалық жағдайдың өзгеруіне, сондай-ақ банктік жүйенің өзгеруіне бейімделу қабілеті болу керек және Ұлттық Банк пен сыртқы аудиторлардың ұсыныстарын орындауы керек;
  • банк басшылығы банк жұмысының ішкі тәртіптерін жасауға және оның орындалуына жауапты болуы керек;
  • банк басшылығы білікті басқаруды қамтамасыз ету үшін қызметкерлкрді оқытып отыру қажет;
  • банк басшылығының кез келген заңсыз іс-әрекеттері айқындалған жағдайда, әсіресе банкпен ерекше қатынастағы тұлғаларға жеңілдікпен несие бергені үшін сыналуы керек.

    CAMEL рейтинг жүйесі бойынша барлығы  5 компоненттің бағалануы жүргізіліп  болған соң, жалпы банктің бағасын  сипаттайтын банктің жинтық рейтингісін  анықтайды.

    Жиынтық рейтингісін есептеу үшін 5 компоненттің әрқайсысы бойынша баллдарды  қосып, шыққан соманы 5-ке бөлеміз

    Мысалы:

    капитал жеткіліктілігі = 2

    активтердің сапасы = 2

    менеджмент = 3

    табыстылық =3

    өтімділік = 1

 

    Барлық  компоненттардің сомасы 11-ге тең  болса, оны беске бөлеміз, нәтижесі – 2,2, оны бүтін санға айналдырсақ (7 - кесте), жиынтық рейтинг 2-ге тең  немесе қанағаттанарлык болып табылады.

     

                  7- кесте   Жиынтық рейтингтің  мәндері

 
    1-ден  1,4 дейін     1-ге  айналдырылады және рейтинг тұрақты
    1,5-тен  2,4 дейін     2-ге  айналдырылады және рейтинг қанағаттанарлық
    2,5-тен  3,4 дейін     3-ге  айналдырылады және рейтинг орташа
    3,5-тен  4,4 дейін     4-ге  айналдырылады және рейтинг шекті
    4,5-тен  5,0 дейін     5-ге  айналдырылады және рейтинг қанағаттанарлықсыз
 

    1 – рейтинг немесе тұрақты рейтингісін  алған банктерге келесі жағдайлар  тән:

    - қаржы жағдайы барлық аспектілер  бойынша сенімді;

    - табылған кемшілікер айтарлықтай  емес және оларды қызмет барысында  түзетуге болады;

    - банктің қаржылық жағдайы экономикада  немесе банктік секторда болып  жатқан мәселелер мне өзгерістерге  қарағанда тұрақты.

    2 – рейтинг немесе қанағаттанарлық  рейтингісін алған банктерге  мынадай жағдайлар тән:

    - табылған кемшіліктер айтарлықтай  емес және олар банк басшылығымен  түзелуі мүмкін;

    - банктің қаржылық жағдайы өз  деңгейінде тұрақты саналғанымен, банктің, экономикалық конъюктураның  жағдайы мае банк секторының  жұмысының өзгерісіне бейімделу  қабілеті болуы керек;

    - банктік қадағалау департементін  мазасыздандыратын тексеру немесе  есеп беруді талдау дарысында  айқындалған мәселелер банк басшылығымен  міндетті түрде шешілуі керек.

    3 – рейтинг немесе орташа рейтингісін  алған банктерге тән жағдайлар:

    - банк әлсіз, егер экономикада  немесе банктік сектордағы жағдайлар  қолайсыз жақтарға өзгерсе, онда  банктің қаржылық жағдайы нашарлауы  мүмкін;

    - тез арада жіберілген қателіктерді  түзету бойынша шаралар қолданбаса, банктік қаржылық жағдайы нашарлайды;

    - банктің жағдайы банктік қадағалау  департаментін ерекше мазасыздандырады.

    4 – рейтинг  немесе шекті  рейтингісін алған банктерге  тән жағдайлар:

    - қаржы қызметінде айтарлықтай  кемшіліктер болады;

    - жағдайының тұрақсыздық белгілері  бар және ол қажетті түрде  қалыпқа келтірілмеген;

    - егер жағдайды түзету бойынша  шаралар қолданбаса, жағдайдың асқынып  кетуі, банктің болашақта өмір  сүруіне қауіп төндіруі мүмкін;

    - банктің банкротқа ұшырау қаупі  бар;

    - банкті қадағалау департаменті  жағынан қатаң қадағалау мен  бақылауды қажет етеді.

    Сондай-ақ мәселелер мен кемшіліктерді  жоюға байланысты толық жоспардың  болуын талап етіледі.

    5 - рейтинг немесе қанағаттанарлықсыз  рейтингісін алған банктерге  тән жағдайлар:

    - жақын арада банкротқа ұшыраудың  жоғары деңгейдегі мүмкіндігі  бар;

    - бірнеше қауіпті кемшіліктері  бар, жағдайдың өте нашар болуы  банктің акционерлері тарпынан  немесе басқа да қаржы көздерінен  жедел қаржылық көмекті қажет  етеді;

    - жағдайды түзету бойынша жедел  шараларды қолданбаса және қаржылық  көмек көсетімесе, күштеп таратуды  қажет етеді.

 

1.3. Банк  ісін талдаудың әдістемелері.

 

    Қолдану облысы: өзінің банкінің ішкі жағдайының талдауы және банктердің қаржылық жағдайының дистанционды талдау – контрагенттері.Талдау келесі мәліметтерге негізделіп өндіріледі:

  • Баланс және баланстан тыс шоттар бөлімдері;
  • Кіріс және шығыс туралы есеп беру;
  • Нормативті мәні;
  • Нұсқау формалары «Қаржылық есеп туралы құрылым» ;
  • Банктің одан басқа есеп берулері.

    Құрылым және есеп берудің дұрыстығын тексеруге  арналған әдістемелер:

  • баланстың дұрыстығын тексеру және есеп берудің дұрыстығын тексеру;
  • міндетті резервті Фондына есептеу саласын депозиттеу.

    Талдау  өтімділігі және активтердің сапасымен  әдістемелері:

  • Банктермен-контрагенттерге операцияларға лимиттер жиынтығының есептеу тәуекелділігі;
  • Сальдолық балансты талдау;
  • Айналым балансын талдау;
  • Активтер-пассивтерді мерзімі бойынша орналастыру-қатыстыру;
  • Тәуекел-өтімділік;
  • Коммерциялық банктің агрегирленген балансы;
  • Баланстан тыс шоттарды талдау.

    Пайдалылықты  талдау әдістері:

  • Орналастырылған құралдармен пайыздық ставка;
  • Тартылған құралдармен пайыздық ставка;
  • Банктің кіріс пен шығысының құрылымы;
  • Банктің пайдалылығының талдауы.

Информация о работе Коммерциялық банктерді рейтінгін бақылау