Коммерциялық банктерді рейтінгін бақылау

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 07:57, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін "ақпараттық экономикаға" ауысу болып отыр. Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын" қабылдағанын жатқызуға болады.

Содержание

КІРІСПЕ
1. БАНК ҚЫЗМЕТІН ҚАДАҒАЛАУ ЖӘНЕ РЕЙТИНГТІК БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Банктік қадағалаудың мәні мен әдістері
1.2. Банк қызметін рейтингтік бағалау
1.3. Банк ісін талдаудың әдістемелері
1.4. БАНК ҚЫЗМЕТІН ҚАДАҒАЛАУ ЖӘНЕ РЕЙТИНГТІК БАҒАЛАУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
1.4.1. Ақпараттық жүйелер құрылымына қойылатын талаптар
1.4.2. Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар
1.4.3. Математикалық жабдықтарға қойылатын талаптар
1.4.4. Лингвистикалық жабдықтарға қойылатын талаптар
1.4.5. Техникалық жабдықтарға қойылатын талаптар
1.4.6. Программалық жабдықтарға қойылатын талаптар
1.4.7. Ақпараттық жабдықтарға қойылатын талаптар
1.4.8.Ұйымдастырушы жабдықтарға қойылатын талаптар
1.4.9. Банк қызметін қадағалау және рейтингтік бағалаудың концептуалдық схемасы
2. БАНК РЕЙТИНГІН АНЫҚТАУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖОБАЛАУ
2.1. Есептің қойылымы
2.2. Кіріс ақпараттары
2.3. Шығыс ақпараттары
2.4. Ақпараттық база .........................................................................................43
3. БАНК ЖАҒДАЙЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ КӨПДЕҢГЕЙЛІ АГРЕГАТТАЛҒАН ЕСЕПТЕУ ӘДІСІН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП БАНКТЕРДІҢ РЕЙТІНГІН ҚҮРАСТЫРУ
3.1. Рейтингті қүрастыруға арналған таңдау көрсеткіштері
3.2. Есептеу көрсеткіштері және мөлшерлеу (нормалау)
3.3. Өлшем көрсеткіштерінің коэффициентін анықтау
3.4. Рейтингті есептеу
3.5. Банктердің стратификациялау
3.6. Рейтингті құрудың мысалы
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША

Работа содержит 1 файл

МАЗМҰНЫ.docx

— 121.10 Кб (Скачать)

     Көрсеткіштерді  нормалау үшін жоғары бейнеленген алгоритмдерді  пайдаланамыз.

     К1 және К2 өсу көрсеткіш мәні жағымсыз тенденция ретінде қаралса, К3, К4, және К5 көрсеткіштері үшін жағымды тенденция. Көрсеткіштер мәнін нормалау 5-кестеде көрсетілген.

     5 – кесте

     Мысалы, «Белагропромбанк» ЖАҚ үшін К1 және К3 көрсеткәштері келесі бейнемен есептелген.

     (15)

     (16)

 

     Өсу жүйесін құру үшін үш сараптың сұралған болады, 6-кестеде көрсетілген.

     (6 – кесте)

 

     7-кестеде  өсу жүйесі құрылымының қорытындысы  көрсетілген.

     (7 – кесте)

 

     8-кестеде  Банк жағдайының көпдеңгейлі  біріктірілген көрсеткіштері есебінің  нәтижесі көрсетілген. Бұл негіздерден  оқырман банктердің сарапталуын  немесе олардың страттар бойынша  өсуін жеңіл ажыратуы мүмкін.

     (8 - кесте)

 

     3-суретте  берілген ақпарат графикалық  түрде көрсетілген (диаграмма)

     3-сурет

 

     Енді  банктерді 7 страт бойынша өзарақиылысушы шектеулермен стратифицикаттауға болады. Банктерді стратифицикаттау үшін 9-кестеде  көрсетілген ережелерді қолданамыз.

     9- кесте

     Банктің соңғы рейтингілерін көрсететін стратифиция нәтижелері 10-кестеде  көрсетілген.

 
 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

      Сонымен қорыта келе банктер  мен әр түрлі есеп берулердің  негізінде банктік қадағалаудың  мәні және әдістері арқылы  банктердің қызметін реттеуді  экономикалық тиімді жолмен жүргізуді  қамтамасыз ету, яғни банктік  сектордың сенімділігі мен тұрақтылығын  қолдау көмегімен жүзеге асады.  Банктердің қызметін кешенді  түрде сипаттайтын ақпарттың  негізгі және жинақтаушы көздері  болып табылатын банк балансы  мен қаржылық есеп есебін талдау  барысында жеке банктік операциялардың  тәуекелдік деңгейі мен табыстылығын, өтімділігін анықтауға, меншікті  және тартылған қаражаттардың  көздерін, олардың белгілі бір  мерзімге немесе белгілі бір  кезеңге орналастыру құрылымын  айқындауға, сондай-ақ банк жүйесіндегі  жеке бір банктердің қызметінің  мамандануы мен маңызын белгілеуге  мүмкіндік береді. Берілген мәліметтер BOSS жүйесінің көмегімен автоматтандырылған  әдіспен өңделеді және осы  мәліметтердің негізінде банктің  қаржылық жағдайы туралы толық  көрініс алуға болады және  салыстырмалы банктердің топтарында  банктің рейтінгісін  анықтауға  болатынын білдім. Жалпы қаржылық  жағдайды банктің негізі көрсеткіштерін  және капиталдың сәйкестілігін,  активтердің сапасын, басқаруды  (менеджмент), табыстылығы мен өтімділігін  бағалайтын CAMEL жүйесі арқылы анықтайды.

     Қазақстан Республикасының коммерциялық банк рейтингін анықтайтын ақпараттық жүйені тұрғыздым. Егер де біз экономика  салаларының барлығында автоматтандырылған жұмыс орнын құратын болсақ біз  тек қана жылдам қызметке қол жеткізіп қоймаймыз, сондай-ақ электронды үкіметтің  құрылуы да тез іске асатын болады.

     Бірінші бөлімде коммерциялық банк дегеніміз не, оның атқаратын қызметтері қандай, қандай рейтингті анықтайтын әдістер қолданатынын, оның қалай іске асатынын көрсеттім. Дүниежүзіндегі саясатта болсын, нарықта болсын дамыған елдер маңызды орын алады, сондай-ақ нарық жағдайы, нарық ауа райы сол елдерге қарап өзгеріп отырады. Сондықтан ба онда банктің қаржылық деңгейін анықтайтын бірнеше жақсы тәсілдер бар. Бірақ, оның бәрі қолданыста деп түсінбеу керек. Кейбірі жақсы, кейбірі нашар деген сияқты, ол рейтингтер халықтың да басшылырдың да көңілінен шығуы не шықпауы сол әдістердің қуатына байланысты болып келеді. Сондықтан да дүниежүзінде кең қолданыс аясын тапқан “CAMELS” жүйесіне негізделдім.

  Екінші  негізгі бөлімде Коммерциялық банк рейтингін талдаудың ақпараттық жүйесіне кеңірек тоқталып, оны құрдым. Ақпарат жүйесі негізінен ақпарат  көздеріне сүйенетіндіктен онда кіріс және шығыс ақпараттарын атап көрсетіп, оларға жеке-жеке кестелер құрып, анықтап көрсеттім. Кіріс ақпараттары  өңделіп, шығыс ақпаратына негіз  болады. Шығыс ақпараттары екеу: «Статус-Репорт» және Ұлттық Банк Қаржылық Қадағалау Департаментіне берілетін  есеп болып табылады.

  Осы дипломдық жұмысымдағы ақпарат  жүйесін тұрғызғандағы рейтинг  талдайтын әдістер мен  әдістемелер  іске асатын болса, коммерциялық банктердің қаржылық сенімділігі бойынша құралған тізімін БАҚ беттерінен ай сайын, тоқсан сайын, жарты жыл сайын, жыл сайын көріп тұрамыз деген үміттемін.

   

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  • 1. Мақыш  С.Б. “Коммерциялық банк операциялары”  Алматы 2002 ж.
  • 2. Смирнова  Т. и др. “Проектирование экономических информационных систем ”.
  • 3. Стороженко Л.А., Матвеева И.А.  Информационно-компьютерные системы учета в Республике Казахстан./ Сборник статей “Информационные системы в экономике”. - Алматы: Экономика – 1997 г. - с.87-93.
  • 4. Қ.С. Байшоланова  Ақпараттық жүйелер теориясы, Алматы: Экономика -2002ж.
  • 5. Н.Б.Бралиева, Қ.С.Байшоланова, Н.Л.Гагарина “Экономикадағы  ақпараттық жүйелері”. Оқу құралы. Алматы, 2001 ж.
  • 6. Н.Б.Бралиева, Л.А.Байбөлекова, Қ.Т.Балашов “Ақпараттық  менеджмент негіздері”. Оқу құралы. Алматы: Экономика, 2000 ж.
  • 7. Н.Б.Бралиева, В.Ф.Тимошенко, Н.Л.Гагарина “Информационные  системы бизнеса”. Алматы, 1994 ж.
  • 8. Бралиева  Н.Б., Куличихин А.А. “Информационные аспекты создания и функционирования автоматизированных информационных систем”.
  • 9. “Информационные системы в экономике”. Учебник под редакцией Дика В.В., Москва, 1999 ж.
  • 9. Төлегенов  Е.Т. “Бухгалтерлік ақпарат жүйелері”.  Оқу құралы Экономика 2001 ж.
  •  
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

         Қазақстанның  Банкілік жүйесі: 2006 ж Бірінші жартыжылдық 

     

         Қазақстан банкілерінің есеп берілуінің  бірінші  және екінші үлгілерінің  (формаларының) деректері қолданылған 2006 жылдың бірінші  жартыжылдығындағы Қазақстан Банкілік  жүйесінің  зерттелуінің  жалғасы. Біз бұл есеп берудің 2006 жылғы 1 қаңтарының көрсеткіштерін, 2006 жылдың 1 шілдесіндегі Банкілердің есеп берулерінің  көрсеткіштерін  салыстырдық.

         Біз рейтингілерге қалай келдік? Ең алдымен, біздің  ресейдегі түйінді көрсеткіштер бойынша рейтинг  құрудан  жеткілікі  тәжірибеміз бар. Бұл өнім  мамандар  арасында да  сонымен қатар ******** арасында қажеттілікке ие. Рейтингілер  несімен қызық? Ең алдымен қаржылық  көрсеткіштер  бойынша ранжирлеуге  негізделген  рейтингтер, нарықтың толық көрінісін  берумен, сонымен  қатар  банк секторының  қандай да бір  сегментінде әрбір  жеке банктің  орнын анықтауымен қызық. Ал динамиканың  болуы банкідегі болып  жатқан  жалпы нарық  динамикасына қатысты  және басқа да рейтингке қатысушылардың қаржылық  көрсеткіштер динамикасына қатысты өзгерістерді көрсетіп беруге мүмкіндік береді.

         Зерттеу нәтижелеріне көшеміз. Ең алдымен бастапқы деректер  туралы. Біз Қазақстан  банкілерінің  сауалнамасын  жүргіздік, онда Қазақстан банкілік  секторының  01.07.2006 жылғы даму динамикасының  сараптамасы үшін  есеп беруді жіберуді сұрадық. 2006  жылдың 1 қаңтарының  деректері бізде алдыңғы сауалнама  нәтижесінен бар болатын. Нәтижесінде  біз республикада жеке-бөлшек операцияларында  мамандандырылған  25 Қазақстан банкілерінің жұмыс материалдарын алдық.

         Жеке  – бөлшек операциялары бұрынғы Одақ аумағында жоғарғы екпінімен  дамуда. Жеке бөлшек бизнесінің дамуының негізі болып, жеке-бөлшек клиентіне  бағдарланған  банкілік өнімдер  ұсынысы табылады. Ресей мен Қазақстанда  шетелдің еншілес  банкілерінің  көптігін  алға тарта отырып,  бұл  банкілердің банкілік  өнімдері іске асыру кезінде батыс  технологиясын  белсенді алға тартатынын пайымдауға болады. Іс жүзінде өнімдердің технологиялылығының  көтерілуін көріп отырмыз, дәлірек  айтқанда ол шоттарды дистанциялық  басқару,  шот арқылы шоттармен  операциялар және кредиттеу,  халықаралық  және ішкі төлем  жүйесі. Осының  бәрі жаңа клиенттерді тартуға және бұрынғы клиенттерден ақша ағымын көбейтуге  ықпалын  тигізеді,  себебі  бұл  технологиялар  ағымдағы,  есептегі, депозиттік, брокерлік,  кредиттік  және т.б. шоттарға жету процестерін  едәуір  жеңілдетеді. Алайда, әзірге ресейде де, Қазақстанда да клиенттердің қаржылық  сауаттылығының  жоқтығынан  тұтынушылар  шектеулі. Клиент үшін  жеке-бөлшек банкілердің ерекшелігіне қарай клиенттер  үшін  есеп беру жағынан өте тиімді. Басқаша айтқанда жеке-бөлшек банкілер қызметі әрқашан  «көз алдыңда» - банкоматтар, бөлімшелер, жаңа өнімдер мен технологиялардың жарнамалары, осылардың бәрі клиенттің  күнделікті өмірін қоршап  тұр және «Кеңес» адамы үшін өте маңызды  позитивті имидж құрып тұр.

         «Жеке-бөлшек»  банкілеріне ораламыз. Зерттеуге  қатысқан  банкілер саны 2005 жылғы  зерттеулер нәтижесімен  салыстырғанда  өзгерген жоқ, бұрынғыша 25. Қаржылық  есепті көптеген Қазақстан банкілері жібергенін  ескере отырыпы, алынған банкілердің іріктемесін репрезентативті деп  және ол Қазақстан банкілік  секторының  2006 жылдың бірінші жартыжылдығындағы беталысының  басым бөлігін айқындайды деп  есептейміз. Біз екінші реттік шоттар бойынша банкілік  баланс агрегациясының  өз әдістемелерін  қолданған  жақпыз. Біз Халықаралық стандарттар мен Қазақстан Ұлттық Банк талаптарына сәйкес агрегацияларды пайдаландық. Алынған нәтижелер кесте түрінде безендіріліп,  оқушы назарына ұсынылды.

         Тағы  бір айта кететін жағдай,  кейбір  көрсеткіштер  мен коэфициенттер  атауы Ұлттық банктің  және экономикалық  нормативтерді пайдалану кезінде  қолданылатын терминдермен дәл-келуі  мүмкін. Біздің коэфициенттер-бұл бөлек  көрсеткіштердің қатынасы, оның  үстіне бұның  мағыналық  мәні бар. Мысалы, капиталдың жетімділігін бағалау  кезінде біз «капиталдың активке  қатынасының» көрсеткішін пайдаланамыз. Міне осы көрсеткішті кестеде  көрсетіп  бердік. Тағы да бір маңызды  сәт бар,  біз соған көңіл  аудартқымыз келеді. Соңғы үш  кестеде біз 2006 жылдың 1 шілдесіндегі Ресей банкінің қаржылық  көрсеткішінің  кейбір  аналогиясын өткіздік. Бұл  салыстырулар  үш  агрегацияланған  көрсеткіштер  мәні бойынша өткізілді. «Активтер», «капитал» және «займдар» (кредиттер). Нәтижелері туралы артынан  айтылады,  ал  әзірге кестелердегі үйлеспеушілік Ресейлік бухгалтерлік есеппен МСФО бойынша есеп тәртібіндегі айырмашылықтан Ресей банкілерінің  көрсеткіштерінің мәні Қазақстан банкілерінің  көрсеткіштерімен салыстырғанда біршама  жоғары болуы мүмкін. ROE және ROA коэфициенттері банктердің пайдасының  капитал  мен  соңғы есеп беру күнінің  активіне қатынасы ретінде жеңілдетілген  әдістеме бойынша есептелді. Есеп берудің  халықаралық стандарттары бір  жылдағы  активтердің орташа мәніне қатыстыруды  қарастырады. Алайда айта кететін жағдай бұндай есеп егер салыстыру бір  күнтізбелік жылда өтсе  мысалы 01.01.2005 -01.01.2004 жылдар сонда ғана дәлірек  болады. Біздің жағдайда екі жартыжылдық  даталар салыстырылады, сондықтан  активтердің орташа көрсеткішінің  мәніне мезгілдік фактор әсерін тигізеді. Ал, 2005 жылдың кірісі орташа жартыжылдыққа  келтірілген.

         Тағы  бір шарт – теңгемен рубльден АҚШ  долларына аударып есептеу 2005 жылдың 1 шілдесіне мынадай курспен жүргізіледі. АҚШ-тың 1 доллары 118,41 теңге (Қазақстанның Ұлттық банкінің дерегі); АҚШ-тың 1 доллары 26-94 рубль (Ресейдің ЦБ дерегі).

         Енді  түсіндірме алғысөзден кейін кестелерге қараймыз.

         Қазақстан банктерінің жиынтық активтері  жарты жылда 21,4 пайызға өсті. 4535 млрд. теңгеден (38,3 млрд. АҚШ) 5507 млрд. теңгеге (46,5 млрд. АҚШ) дейін. Салыстыру үшін Ресей банктерінің жиынтық активтері 2006 жылдың 1 шілдесіне 400,8 млрд. АҚШ құрды. Активтердің ең жоғары өсуі «АБН АМРО Қазақстан банкінде» тіркелді. Бұл  банктердің активтері 01.01.06 жылы 01.07.06 жылы аралығында екі есеге өсті. Активтердің  өсуі бұл банктердің, «актив мөлшері  бойынша» энкингдегі орнын 13-тен 10-шы тұғырға өзгертуіне мүмкіндік берді. Ал 2006 жылдың 1 шілдесіне активтерінің бойынша ең ірі банк болып КазКоммерцбанк болып табылады. Біз зерттеп  отырған  банктердің жиынтық активтеріндегі бұл банктің  үлесі жарты жылдықта 26,3 пайыздан 21,6 пайызға дейін қысқарды, бұл кезде Ресейдің ең ірі Сбербанк Россий банкі 2006 жылдың 1 шілдесінде 27,9 пайыз болған еді. Алайда Қазақстан банктік секторында тағы бір  ірі банк бар ол активтері бойынша екінші орын  алатын – Тұран Алем банкі. Бұл банкілер арасындағы ажырау өте болмашы ғана. Тұран Алем банкінің активтерінің  өсуі Қазақстанның  бірінші банкі активтерінің өсу динамикасынан өліп  келеді. 1 шілдеде олардың активтерінің  мәндері бір-бірімен тең түсті десе де болады, бұл дегеніміз Қазақстанда жалғыз ірі банктің монополизмі жоқ деген сөз, бірақ үлесіне нарықтың 40 пайызынан астамы келетін екеуі бар. Активтерінің  мөлшері бойынша Ресейлік банктермен салыстыру кестесінде екі Қазақстанның ірі банктері сәйкес 6 және 7 орында.

         Қазақстан банктерінің капитализациясы 2006 жылдың бірінші жартыжылдығында 2006 жылдың басымен салыстырғанда 20,6 пайызға  өсті, 444,5 млрд. теңгеден (3,7 млрд. АҚШ) 535,8 млрд. теңгеге (4,5 млрд. АҚШ). Ресейдегі  банкілік сектор капитализациясы 2006 жылдың 1 шілдесіне 45,6 млрд. АҚШ құрады.

         2006 жылдың бірінші жартыжылдығында  капиталдың 1,7 есе ең үлкен өсімі  «Валют-Транзит Банкі» АҚ –  да тіркелді. Сол аралықта «Темірбанк»  АҚ-ның капиталы 22 пайызға қысқарды.  Екі ірі банктің үлесіне Қазақстанның  барлық банкілік жүйесінің капиталдауының 50,4 пайыз келеді. Ресейде жағдай  басқаша. Онда екі ірі банктің  үлесіне жиынтық капиталдың тек  22,8 пайыз келеді.

         Барлық  Қазақстандық банктер түсімділіктің  жақсы көрсеткіштерін, береді. Олардың  ішінде он бірі 2006 жылдың  бірінші  жартыжылдығында 1 млрд. теңгеден астам  пайда  тапты.

    Информация о работе Коммерциялық банктерді рейтінгін бақылау