Коммерциялық банктерді рейтінгін бақылау

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 07:57, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін "ақпараттық экономикаға" ауысу болып отыр. Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын" қабылдағанын жатқызуға болады.

Содержание

КІРІСПЕ
1. БАНК ҚЫЗМЕТІН ҚАДАҒАЛАУ ЖӘНЕ РЕЙТИНГТІК БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Банктік қадағалаудың мәні мен әдістері
1.2. Банк қызметін рейтингтік бағалау
1.3. Банк ісін талдаудың әдістемелері
1.4. БАНК ҚЫЗМЕТІН ҚАДАҒАЛАУ ЖӘНЕ РЕЙТИНГТІК БАҒАЛАУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
1.4.1. Ақпараттық жүйелер құрылымына қойылатын талаптар
1.4.2. Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар
1.4.3. Математикалық жабдықтарға қойылатын талаптар
1.4.4. Лингвистикалық жабдықтарға қойылатын талаптар
1.4.5. Техникалық жабдықтарға қойылатын талаптар
1.4.6. Программалық жабдықтарға қойылатын талаптар
1.4.7. Ақпараттық жабдықтарға қойылатын талаптар
1.4.8.Ұйымдастырушы жабдықтарға қойылатын талаптар
1.4.9. Банк қызметін қадағалау және рейтингтік бағалаудың концептуалдық схемасы
2. БАНК РЕЙТИНГІН АНЫҚТАУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖОБАЛАУ
2.1. Есептің қойылымы
2.2. Кіріс ақпараттары
2.3. Шығыс ақпараттары
2.4. Ақпараттық база .........................................................................................43
3. БАНК ЖАҒДАЙЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ КӨПДЕҢГЕЙЛІ АГРЕГАТТАЛҒАН ЕСЕПТЕУ ӘДІСІН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП БАНКТЕРДІҢ РЕЙТІНГІН ҚҮРАСТЫРУ
3.1. Рейтингті қүрастыруға арналған таңдау көрсеткіштері
3.2. Есептеу көрсеткіштері және мөлшерлеу (нормалау)
3.3. Өлшем көрсеткіштерінің коэффициентін анықтау
3.4. Рейтингті есептеу
3.5. Банктердің стратификациялау
3.6. Рейтингті құрудың мысалы
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША

Работа содержит 1 файл

МАЗМҰНЫ.docx

— 121.10 Кб (Скачать)

Жалпы активтердің сапасын қашықтан талдау кезінде тексеруші мынадай сұрақтарды көрсетуі мүмкін:

    - Өткен  тоқсанда банктің несие тәуекелі  жағдайында ерекше өзгерістер  байқалды ма?

     - Жалпы банк активтеріндегі кешіктірілген  және аударылмаған активтердің  үлесі қандай?

    - Банктің  капиталына қатысты сапасыз активтердің  деңгейі қандай?

    - Өткен  тоқсанда немесе алдыңғы жылда  сапасыз активтер сомасының жоғарылауы  немесе төмендеуі қалай болуы  мүмкін? Банктің сапасыз несиелерінің  құрылымы қандай?

    - Үмітсіз  несиелерді баланстан шығару. Шығарылған  несиелердің негізгі түрлері  және олардың өсуі немесе төмендеуі?

    - Банктің  несиелік қызметінің шығынын  жабу үшін құрылған банктің  жалпы резервтерінің сомасы. Банктің  құрған резервтерінің (провизиялар)  жоғарылауы немесе төмендеуі?

    - Ұлттық  банктің нормативті талаптарының  сақталуы?

       Табыстар мен шығыстарды талдау. Капитал, банктің қардылық жағдайының  ең маңызды көрсеткіштерінің  бірі дедік. Ал капиталдың тұрақты  жағдайын, сәйкес табыстарсыз қолдау  мүмкін емес. Банк неғұрлым рентабельді  жұмыс жасаған сайын, соғұрлым  жыл сайын өзінің капиталын  толықтырып және акционерлеріне  пайда беріп отырады. Акционерлер  банктің одан ары дамуына жағдай  жасайды. Ал шығындар банктің  капиталын азайтып немесе жойып  жіберуі мүмкін. өз табыстарын  қайтара алмаған акйионерлер  капиталды инвестициялауды тоқтатып, соның салдарынан банк банкротқа  ұшырауы мүмкін.

Сондықтан банктің табыстарын үздіксіз қашықтан бақылау қажет.

       Банктің табысын талдау барысында  талдаушы мынадай негізгі үш  сұраққа жауап береді:

    - Банктің  табысының деңгейі қандай? Оның  деңгейі банк капиталын құруға  және қолдауға жеткілікті ме?

    - Табыстардың  тенденциясы қандай? Қазіргі экономикалық  жағдайда оның келесі жылда  жоғарылауы немесе төмендеуі  мүмкін бе?

     Банк өз қызметін жүзеге асыру  барысында көптеген банктік операцияларды  жүргізеді.

    Операцияларды жүргізуде пайыздық, пайыздық емес және басқа да шығындару болады. Банк осы операцияларды жүргізуге  арналған ғимараттары, құрылығылары және қызметкерлері болғандықтан, оның әкімшілік  шығындару да болады. Ал осы шығындарды жабу көзі банктің табысы болып табылады. Сондықтан банк өзінің табысын тиімді болу саясатына негіздеп, бос шығындарды қысқартып, табыстың көп бөлігін  банктің дамуына, өсуіне және капиталдануына жұмсауы керек. Осы орайда банктің  шығындарын талдау қашықтан талдауда маңызды орын алады.

    Банктің шығындарын талдауда қарастыратын негізгі  мәселелер:

    • шығындардың құрылымы;
    • пайыздық шығындардың көлемі;
    • пайыздық емес шығындар мен басқа да шығындардың көлемі;
    • әкімшілік шығындар.

       Өтімділікті талдау. Банктің өтімділік  жағдайы оның барлық қызметінің  көрсеткіштерін әсер етеді.

       Банктің өз міндеттемелері бойынша  жауап бере алмауы банкке деген  сенімінің жоғалуына әкеп соғуы  мүмкін. Сондықтан өтімділікті қашықтан  талдау мен қадағалауда өтімділікке  әсер ететін банктің барлық  көрсеткіштері мен жағдайлары  ескеріліп, өтімді активтердің  сомасы мен міндеттемелердің  құрамы сияқты банктің өтімділігі  бойынша объективті көрсеткіштерге  көңіл аударылады. Сондай-ақ банктің  өтімділігін кең турде талдау  қарастырылады.

       Жалпы қашықтан қадағалаудың  талдаушысы банктің өтімділігі  бойынша жағдайын бағалаған кезде  төмендегідей сұрақтарды қарастыруы  қажет:

    - Банктің  өтімді активтерінің көбеюі немес  азаюы? Банктің өз міндеттемелеріне  қатысты өтімді активтердің көп  немесе аз болуы?

    - Банк  ірі депозиттер, басқа банктердің  депозиттері немесе мемлекеттік  органдардың депозиттері сияқты  тұрақсыз қаражат көздеріне деген  тәуелділігін азайтып жатыр ма  немесе көбеюде ме? Және теәуеділік  деңгейі қандай?

    - Банктің  активтерінен асатын, жақын арада  қайтаратын банктің қарыз сомасы  бар ма?

    - Қазақстан  Республикасы Ұлттық банкпен  белгіленген өтімділік бойынша  талаптарды орныдай ма?

       Екінші деңгейдегі банктердің  жағдайы туралы ақпараттарды  сақтайтын Қазақстан Республикасы  Ұлттық банктің электронды жүйесінің  (BOSS) Ұлттық банк алдында мынадай  міндеттері болады:

      - банк басшылығымен үнемі және  тиімді байланыста болу;

      - өз бақылауындағы банктердің  жағдайы туралы банктік қадағалау  департаментінің директорына жедел  түрде ақпараттар беріп тұру;

       - банк басшылығы мен директорлар  кеңесінің кемшіліктерді түзетуге  қабілеті мен ықыласына байланысты  мәселелерді шешуде өздерінің  шаралар жоспарын Ұлттық банктің  басшылығына қарастыруға беру;

    • өзіне бекітілген банкке қатысты әсер ету шараларының орындалуын бақылау және олардың тиімділігін бағалау.

       Банктердің кураторлары жаңа  шарттар жоспары бойынша берілетін  күнделікті баланстарға талдау  жүргізеді.

       Апта сайын ашық валюта позициясының  лимиттері және валюталық нетто-позициясы  орныдалуы туралы есептерін тексереді.

       Банктердің өтімділігін бақылап  отыру үшін куратор банктің  апта сайын берілетін ағымдағы  өтімділікті орындағаны жайлы  есеп беруін (талаптар мен міндеттемлердің  салыстыру кестесін) тексереді.

       Кураторлар банктердің қызметін  реттеуде ең маңызды құралдарның  бірі болып табылатын пруденциялық  нормативтердің орындалуын тесеріп,  олардың дұрыс есептелмегені  және орындалмағаны жағдайында  банкке ескертулер мен түзетулер  жасайды.

       Жалпы пруденциялық реттеу тәжірибесі  екінші деңгейдегі банктердің  пруденциялық нормативтерді сақтаумен  бірге сенімді ішкі аудит жүйесін  және дұрыс несие саясатымен  өтімділік саясатын жүргізуге  бағытталған.

       Екінші деңгейдегі банктер Ұлттық  банктің Қаржылық қадағалау департаментіне  есеп берудің мынадай формаларын  тапсырады:

    • 700 Н формасы бойынша күнделікті балансы;
    • Ашық валюталық позицияның лимиттері және валюталық нетто-позициясы туралы апталық есебі;
    • Ағымдағы өтімділіктің орындалғаны жайлы апта сайын есеп беру (талаптар мен міндеттемелерінің өзара салыстыру кестесі).
    • Пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы ай сайын есеп беруі;
    • Активтердің және шартты талаптар мен міндеттемелердің ай сайын жіктелуінен;
    • Тоқсан сайын үнемі қаржылық есеп беруі.

       Қазақстан Республикасынның Ұлттық  банкі пруденциялық нормативтері  туралы ережесіне сәйкес, к1, к2, к3,1, к3.2, к4.1, е4.2 және к5 коэффициенттерінің  есептелген мәліметтерін есеп  беретіні айдан кейінгі айдың  сегізінші күні кешіктермей Қаржылық  Қадағалау департаментіне тапсырады.  Кураторлар әр ай сайын нормативтердің  дұрыс есептелгенін тексеру үшін  ақпаратты-статистикалық басқармасының  есептелген мәліметтермен салыстырып  отырады. Қазақстан Республикасы  Ұлттық банкі ең төменгі резервтік  талаптар туралы ережесіне сәйкес  банктерді мүмкін және күтпеген  шығындардан сақтау үшін екнші  деңгейдегі банктерҰлттық банк  белгілеген резервтік талаптардың  нормаларын орындауы міндетті. Осыған  байланысты банктер банктік қадағалау  департаментіне ай сайын резервтік  талаптардың көлемі, банктің банктерден  басқа заңды және жеке тұлғалардың  алдындағы барлық депозиттік  міндеттемелерінен белгіленген  пайыз мөлшерінде анықталады. Қазіргі  кезде белгіленген резервтік  мөлшерлеме 6 %-ға тең.

       Банктердің ең төменгі резевтік  талаптарды орындауының екі әдісі  бар:

  1. Баламалы – ай сайын қаражаттарды резервтік активтерде орналастыру, ондағы резервтік активтердің орташа айлық сомасы айдың әрбір жұмыс күніндегі депозиттік міндеттемелердің орташа айлық сомасынан пайыз түрінде есептелінетін ең төменгі резервтік талаптардың орташа айлық көлемінен кем болмауы керек.
  2. Баламасыз – қаражаттарды Ұлттық банктегі резервтік шотта орналастыру, ол шоттың қалдығы айдың бірінші жұмыс күні бойынша депозиттік міндеттемелердің пайыз түрінде есептелген мөлшерінде ең төменгі резервтік талаптарға тең болуы қажет.

       Қазақстан Республикасынданың Ұлттық  банкі белгіленген екінші деңгейдегі  банктердің Қаржылық қадағалау  департаментіне тоқсан сайын  халықаралық стандарттарға негізлелген  қаржылық есеп  береді. Қаржылық  есеп беру банктік қаржылық  жағдайы мен оның қызметінің  нәтижелері туралы нақты мәліметтерді  қамтитын отыз бес кестеден  тұрады.

Кестеде берілген мәліметтер BOSS жүйесінің көмегімен  автоматтандырылған әдіспен өңделеді және осы мәліметтердің негізінде  банктің қаржылық жағдайы туралы толық көрініс алуға болады және салыстырмалы банктердің топтарында банктің  рейтінгісін  анықтауға болады.

       Сонымен банктер мен әр түрлі  есеп берулердің негізінде қашықтан  қадағалаудың қызметкерлері тоқсан  сайын Статус-Репорт деп аталатын  қысқаша қорытынды жасайды.

       Статус-Репорт – банктің ағымдағы  қаржылық жағдайын толық бағалауға  мүмкіндік беретін құжат.

       Статус-Репортты жасау барысында  қашықтан қадағалау қызметкерлері  “CAEL” (“CAEL”, яғни M-менеджментті  қарастырмағанда, CAMEL жүйесі бойынша)  компоненттері бойынша банкке  рейтинг беру жүйесін қолданады.

Берілген  баға тек қана ішкі арналымдарға ғана қолданылады және банкке санкцияларды қолдануға негіз бола алмайды.

       Бұл құжатты қарастыру қорытындылары  банк бойынша сәйкес ұсыныстар  берумен қатар соңғы шешім  қабылдау үшін Қаржылық қадағалау  департаментінің басшылығына беріледі.

       Статус-Репортта көрсетілетін негізгі  қаржылық көрсеткіштер мен басқа  да мәліметтерге мыналар жатады:

  1. Банк туралы жалпы мәліметтер.
  2. Меншікті капиталының көлемі мен құрылымы.
  3. Банктің активьері.
  4. Банктің міндеттемелері.
  5. Банктің табысы мен шығысы.
  6. Өтімділігі және шығысы.
  7. Қосымша ақпараттар.

       Талдаушы барлық жоғарыда аталған  факторларды ескеріп, қашықтан  тексеруді банктің өтімділік  позициясын жалпы бағалаумен  аяқтауы керек.                                                                                 Егер банктің өтімді активтерінің  сапасы төмен болған жағдайда, талдаушы бұл деңгейдің міндеттемелердінің  құрамына қаншалықты сай келетінін  анықтауы керек.

    Сонымен қашықтан қадағалаудың талдаушысы екінші деңгейдегі банктердің банктік қадағалау  департаментіне әр түрлі есеп беруін қарастырып, талдау жасау барысындабанктің ағымдағы қаржылық жағдайын толық бағалауға  мүмкіндік беретін Статус-Репорт деген қысқаша қорытынды құжат  жасайды.

       Қашықтан қадағалау қызметкерлері  сондай-ақ жыл соңында төрт  тоқсан бойынша қорытынды жасап,  жылдық Статус-Репортты жасайды.

Информация о работе Коммерциялық банктерді рейтінгін бақылау