Сабақтың мақсаты – экономикалық талдаудың кәсіпорынды басқару жүйесіндегі орны мен маңызы туралы түсінік беру

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 20:35, лекция

Описание работы

1.1 Экономикалық талдаудың түсінігі, пәні
1.2. Экономикалық талдаудың міндеттері.
1.3 Экономикалық талдаудың басқа ғылымдармен байланысы.

Работа содержит 1 файл

6. Лекция.doc

— 685.50 Кб (Скачать)

Өнімнің өзіндік құнын  талдаудың объектілері:

  • өнім өндірісіне жұмсалған жалпы шығындар;
  • жеке өнім түрлерінің өзіндік құны;
  • жеке шығын баптары;
  • өнімнің 1 теңгесіне шығын.

Өндіріс көлемі өзгергенде тек айнымалы шығындар сомасы  (жұмыскерлердің кесімді ақысы, материалдық шығындар, көрсетілетін қызметтер құны) ғана өзгереді, ал тұрақты шығындар сомасы (өндірістік ресурстарды жалға алу  ақысы, мерзімдік жалақы, амортизациялық аударымдардың  бір бөлігі, т.б) кәсіпорынның өндірістік қуаты тұрақты жағдайда қысқа мерзім аралығында өзгеріссіз қалады.

Өндіріске жұмсалған  жалпы шығындар сомасы  келесілерден тәуелді:

  • өндіріс көлемі мен оның құрылымы;
  • өнім бірлігіне жұмсалған айнымалы шығындар сомасы;
  • тұрақты шығындар сомасы.

Шығындарды айнымалы және тұрақты деп бөлсек, өндіріске  жұмсалған жалпы шығындардың  сомасы келесідей бейнеленеді:

 

∑ Ш = ∑ (Vi * вi) + А = ∑ (Vж*Yi * вi ) + А    

 

Мұндағы:  ∑ Ш -өндіріске  жұмсалған жалпы шығындар сомасы; А-өндіріске жұмсалған тұрақты шығындар сомасы; в -өнім бірлігіне жұмсалған айнымалы шығындар; Vi – жеке өнім түрін өндіру көлемі; Vж – физикалық өлшемдегі жалпы өндіріс көлемі; Yi - жеке өнім түрінің жалпы өнімдегі үлес салмағы.

Өзіндік құнның өзгеру себептерін терең талдау үшін жеке өнім түрлерінің өзіндік құнына  шығын баптары бойынша талдау жүргізіліп, оның деңгейі алдыңғы не жоспарлы деңгейлермен салыстырылады. 

Өнім бірлігінің өзіндік  құнының өзгерісіне бірінші деңгейлі факторлардың әсерін анықтау келесідей үлгі көмегімен жүргізіледі:

 

zi =

i             

Мұндағы: zi – i  өнімі бірлігінің өзіндік құны; Аi – i  өніміне қатысты тұрақты шығындар сомасы; - өндіріс көлемі;  вi - i өнімінің бірлігіне айнымалы шығындар. 

 

9.2 Өнімнің бір теңгесіне жұмсалған шығындарды талдау

 

Өнімнің бір теңгесіне  жұмсалған шығындар – кәсіпорын  бойынша өнімнің өзіндік құнының  деңгейін сипаттаушы маңызды көрсеткіш. Біріншіден, ол экономиканың кез-келген саласында есептеліне алады;  екіншіден, ол өзіндік құн мен пайда арасындағы байланысты бейнелей алады.

Кәсіпорын бойынша  өнімнің 1 теңгесіне жұмсалған шығын (Ш1тг.) деңгейін анықтау үшін өнім өндірісі мен оны сатуға кеткен шығындар сомасын (Шжалпы) ағымдық бағадағы жалпы өнім құнына (Q) бөлу керек:

 

Ш1тг =

 

Мұндағы: Ш1тг - өнімнің 1 теңгесіне жұмсалған шығын; Шжалпы - өнім өндірісіне жұмсалған жалпы шығындар сомасы; Q – ағымдық бағадағы жалпы өнім құны; Vжалпы – натуралды өлшемдегі жалпы өнім көлемі; Yi – жеке өнім түрінің жалпы өнім көлеміндегі үлес салмағы; - өнім бірлігіне айнымалы шығындар; Бі - өнім бірлігінің бағасы; А- тұрақты шығындар сомасы.

Егер осы көрсеткіштің деңгейі жеке өнім түрі бойынша есептелсе, онда келесі үлгі қолданылады:

 

           Ш1тг =

              

9.3 Өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтері

 

Өнеркәсіп саласының  өнімінің өзіндік құнын төмендету  резервтерінің (Р↓z) негізгі көздері  болып келесілер табылады:

1) кәсіпорынның өндірістік  қуатын толығырақ пайдалану жолымен  өндіріс көлемін арттыру (Р↑V);

2) еңбек өнімділігін  жоғарылату, шикізат пен материалдарды  үнемді пайдалану, өндірістік  ақауды кеміту жолымен өндірістік  шығындарды кеміту.

Осы бағыттар бойынша өнім бірлігінің өзіндік құнын төмендету резерві келесідей есептелінуі мүмкін:

Р↓z= zм  - zн =  

       

 

Мұндағы: zм , zн - өнім бірлігінің мүмкін және нақты өзіндік құны; Шн - өндіріске жұмсалған нақты шығындар;  Р↓Ш- шығындарды кеміту резерві; ШҚ - өндіріс көлемін арттырумен байланысты қосымша шығындар; Vн- нақты өндіріс көлемі;  Р↑V- өндіріс көлемін арттыру резерві.

Өндіріс көлемін арттыру  резерві өндірістік бағдарлама жасау  негізінде қосымша сату каналдарын анықтау жолымен есептелінеді.  Өндіріс көлемін қолда бар өндірістік қуат шегінде көбейткенде тек айнымалы шығындар ғана өседі, әдетте, тұрақты шығындар сомасы өзгеріссіз қалады, нәтижесінде өнімнің өзіндік құны төмендейді.  Шығындарды кеміту резервтері әр шығын бабы бойынша есептелінеді (жаңа техника мен технология енгізу, еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру, сапалы материалдар тұтыну, т.б.).

Инновациялық шараларды  енгізгеннен кейін болатын жалақы шығынының үнемі (Р↓Ж) тиісті шараларды енгізгеннен кейінгі өнімнің еңбек сыйымдылығы (ЕСж) мен оған дейінгі еңбек сыйымдылық (ЕС0) арасындағы айырманы жоспарланған  сағаттық жалақы (Жж) мен жоспарлы өндіріс көлеміне (Vж) көбейту жолымен анықталады:

 

Р↓Ж = (ЕСж - ЕС0) * Жж * Vж            

 

Сонымен бірге үнемделген жалақы сомасы төленуі тиіс әлеуметтік салық сомасына көбейтілуі тиіс.

Материалдық шығындарды төмендету  резерві (Р↓М):

 

Р↓М = (Мж - М0) * Vж * Бж                

 

Мұндағы: Мж 0 - өнім бірлігінің жоспарлы және нақты (базисті) материал сыйымдылығы; Бж  - материал бірлігінің жоспарланған бағасы.

Негізгі қорларды ұстау  шығындарын кеміту резерві (Р↓А) - қажетсіз негізгі құралдарды сату, ұзақ мерзімге жалға беру, есептен шығару жолымен қол жеткізілген негізгі қорлардың бастапқы құнын кеміту резервін (Р↓НҚ) олардың амортизация нормасына (На) көбейту жолымен анықталады:

 

                Р↓А= Р↓НҚ * На                 

 

Негізгі құралдар құнының  кемуіне байланысты  төленетін  мүлік  салығының сомасы  да кемитіндігінін  ескеру қажет.

Өндіріс көлемін арттырумен байланысты қосымша шығындар (ШҚ) көлемін анықтау үшін өндіріс көлемін арттыру резервін (Р↑V) өнім бірлігіне жұмсалатын айнымалы шығындарға көбейту қажет (в):

 

                   ШҚ= Р↑V * в                   

 

Мұндай есептеулер әр өнім түрі бойынша, қажет болса әр инновациялық шара бойынша жасалынуы тиіс.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Өнімнің өзіндік құнын талдаудың міндеттері, ақпарат көздері.

2. Өнімнің өзіндік құнын талдаудың кезектілігі.

3. Шығындардың жіктелуі және оның шығындарды басқарудағы мәні.

4.   Өндіріске жұмсалған жалпы шығындар мен жеке өнім түрінің  өзіндік құнын талдаудың ерекшеліктері.

5. Өнім бірлігінің өзіндік құнын есептеу мен шығындарды тарату әдістері, олардың қолданылу жағдайлары.

6. Өзіндік құндағы тікелей материалдық шығындарды талдау әдістемесі.

7. Өзіндік құндағы тікелей жалақы шығындарын есептеу әдістемесі.

 

ӘДЕБИЕТТЕР: Негізгі: 1,2,3,4; Қосымша: 4,6,7

 

 

 

10–Тақырып. Қаржылық талдаудың негізі

 

Сабақтың мақсаты – студенттерге қаржылық талдаудың орны, оның қажеттілігі туралы ақпарат беру.

Дәріс сұрақтары:

10.1 Қаржылық талдаудың мәні мен міндеттері.

10.2 Қаржылық талдаудың ақпараттық базасы.

Негізгі (түйінді) түсініктер – қаржылық талдау, көлденең талдау, тік талдау, қаржылық коэффициенттер, қаржылық мәліметтер, қаржы есептілігі.

Дәріс тезистері.

 

10.1 Қаржылық талдаудың мәні мен міндеттері

 

Кез-келген бизнес түрiнiң нәтижесi қаржылық ресурстардың бар болуы мен оларды пайдалану  тиiмдiлiгiнен тәуелдi. Қаржы ресурстарын  кәсiби басқару қазiргi сандық талдау әдiстерiн пайдалана отырып кәсiпорынның қаржылық-экономикалық жағдайына терең талдау жүргiзудi талап етедi. Осыған байланысты бүгiнгi күнi қаржылық талдаудың маңызы артып отыр. Себебi қаржылық талдаудың негiзгi мазмұны - қаржылық тәуекел деңгейiн бағалау мен капитал табыстылығының деңгейiн жобалау мақсатымен кәсiпорынның қаржылық жағдайы мен оны анықтаушы факторларды кешендi, жүйелi оқу.

Кәсiпорынның қаржылық жағдайы ( КҚЖ ) - айналыс үрдісіндегі капиталдың жағдайын сипаттайтын және шаруашылық  субъектiсiнiң нақты сәттегi өз қызметiн қаржыландыру мүмкiншiлiгiн бейнелейтiн көрсеткiштер жүйесiмен анықталады. Қорыта келгенде, кәсiпорынның қаржылық жағдайы оның қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабiлеттiлiгiмен сипатталады.

Кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығы ұғымы арнайы әдебиеттерде түрлiше талқыланады:

  • қаржылық тұрақтылық - бұл қызмет үрдісінің  жеткiлiктi қаржылық қамтамасыз етiлуi;
  • қаржылық тұрақтылық - бұл кәсiпорын шоттарының оның төлем қабiлеттiлiгiне үнемi кепiлдiк беретiндей етiп орналасуы;
  • қаржылық тұрақтылық - бұл кәсiпорынның ақша қаражаттарын еркiн, әрi тиiмдi пайдалана отырып, өндiрiс пен сату үрдістерін, сонымен бiрге үдемелi ұдайы өндiрiстi қаржыландыру мүмкiншiлiгi.

      Қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрiнiсi - кәсiпорынның  төлем қабiлеттiлiгi. Кәсiпорынның төлем қабiлеттiлiгi – бұл субъектiнiң өз мiндеттемелерiн уақытында өтей алу мүмкiншiлiгi.

Кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығына бiрнеше факторлар  әсер етедi. Оларды негiзiнен iшкi және сыртқы факторларға топтастыруға болады. Кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер етушi iшкi факторлар:

  • кәсiпорынның салалық ерекшелiгi;
  • шығарылатын өнiм ( жұмыс, қызмет ) құрылымы;
  • жарғылық капитал көлемi;
  • шығын көлемi, оның табыспен салыстырғандағы динамикасы;
  • мүлiк пен қаржы ресурстарының жағдайы, олардың құрамы мен құрылымы;
  • кәсiпорынды басқару тиiмдiлiгi, т.б.

Сыртқы  факторлар:

  • мемлекеттегi саяси-экономикалық жағдай;
  • төлем қабiлеттi сұраныс пен тұтынушылар табысы;
  • салық және несие саясаты;
  • құқықтық-нормативтiк база;
  • сыртқы-экономикалық байланыстар, т.б.

Қаржылық жағдайды талдау кәсiпорынның шаруашылық қызметiн талдаудың ең соңғы кезеңi. Ол iшкi және сыртқы қаржылық талдау болып бөлiнедi. Олар бiр-бiрiнен мақсаты мен мазмұны бойынша ерекшеленедi. 

Iшкi қаржылық талдау – бұл кәсiпорынның қаржылық жағдайын тұрақтандыру, оның табыстылығын арттыру мақсатымен капиталдың қалыптасу механизмiн, орналасуы мен пайдаланылуын талдау, яғни ол басқарушылық талдадың бір сатысы. Ал  сыртқы қаржылық талдау - инвестициялау тәуекелiн анықтау мақсатымен субъектiнiң қаржылық жағдайын инвесторлардың, серіктестер мен бәсекелестердің талдауы.

     Кәсiпорынның қаржылық жағдайына  жүргiзiлген талдау -  кәсiпорын басшылығы  осы уақыт аралығында қаржы ресурстарын қаншалықты ұтымды басқарған деген сұраққа жауап беруi тиiс. Осыған орай КҚЖ талдаудың негiзгi мiндеттерi   келесiлер:

  • кәсiпорынның қаржылық жағдайына уақытында әрi объективтi баға беру, оның  әлсiз  жақтарын анықтау және оның пайда болу себептерiн оқу;
  • кәсiпорынның қаржылық жағдайын, оның төлем қабiлеттiлiгi мен қаржылық тұрақтылығын жоғарылату резервтерiн iздестiру;
  • қаржы ресурстарын неғұрлым тиiмдi пайдалану мен кәсiпорынның қаржылық жағдайын нығайтуға бағытталған шаралар  жүйесiн дайындау;
  • қаржы ресурстарын түрлiше пайдалану нұсқаларындағы қаржылық нәтиже мен қаржылық жағдайдың үлгiлерiн жобалау.

Жоғарыдағы  мiндеттерге қол жеткiзу үшiн кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдау келесiдей кезектiлiкте жүргiзiлуi тиiс:

  1. Кәсiпорынның мүлiктiк жағдайы мен капитал құрылымын талдау.
  2. Капиталды пайдалану тиiмдiлiгi мен интенсивтiлiгiн талдау.
  3. Кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабiлеттiлiгiн талдау.
  4. Кәсiпорынның несие қабiлеттiлiгi мен банкроттылығының ықтималдылығын талдау.
  5. Кәсiпорынның қаржылық жағдайын сауықтыру бағыттарын жобалау.

Кәсiпорынның қаржылық қызметiнiң стратегиялық мiндетi – меншiктi капиталды көбейту мен кәсiпорынның нарықтағы тұрақты жағдайын қамтамасыз ету.

 

10.2 Қаржылық талдаудың ақпараттық базасы

 

Қаржылық талдаудың  нәтижелiлiгi негiзiнен оның ақпараттық базасының жағдайы мен ұйымдастырылуынан  тәуелдi. Қаржылық талдаудың негiзгi ақпарат көзi – кәсiпорынның қаржылық есебi. Кәсiпорынның қаржылық есебi келесi есеп беру  формаларын қамтиды:

  1. Бухгалтерлiк баланс.
  2. Пайда  мен  зиян туралы есеп.
  3. Ақша қаражаттарының қозғалысының есебi.
  4. Капиталдағы өзгерістер туралы есеп.

Бұл есеп формаларымен бірге қаржылық есепке түсіндірме хат тіркеледі.  Сонымен бiрге, iшкi қаржылық талдау өндiрiстiң техникалық, технологиялық ақпараттарын; бастапқы және аналитикалық бухгалтерлiк есеп мәлiметтерiн пайдалана алады.

      Қаржылық есеп берудiң мақсаты – ақпаратты пайдаланушыларды заңды тұлғаның қаржылық жағдайы, оның қызмет нәтижесi мен есептi кезең аралығында қаржылық жағдайында болған өзгерiстер туралы пайдалы, мәндi, әрi шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету.

Информация о работе Сабақтың мақсаты – экономикалық талдаудың кәсіпорынды басқару жүйесіндегі орны мен маңызы туралы түсінік беру