Сабақтың мақсаты – экономикалық талдаудың кәсіпорынды басқару жүйесіндегі орны мен маңызы туралы түсінік беру

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 20:35, лекция

Описание работы

1.1 Экономикалық талдаудың түсінігі, пәні
1.2. Экономикалық талдаудың міндеттері.
1.3 Экономикалық талдаудың басқа ғылымдармен байланысы.

Работа содержит 1 файл

6. Лекция.doc

— 685.50 Кб (Скачать)

      Қаржылық есеп ақпаратты пайдаланушыларды инвестициялық және  несие беру шешiмдерiн қабылдауға қажеттi ақпаратпен қамтамасыз еткенiмен, экономикалық шешiмдер қабылдау үшiн қажеттi барлық ақпаратпен қамтамасыз ете алмайды. Себебi коммерциялық құпиялылықты сақтау туралы заң сыртқы пайдаланушылар алуы тиiс  қаржылық ақпарат көлемiн шектейдi. Осыған орай ақпаратты пайдаланушылар қаржылық есептi негiзгi ақпарат көзi ретiнде қабылдауы тиiс. Ендi осы есеп түрлерiне тоқталсақ:

      Бухгалтерлiк баланс кәсiпорынның қаржылық жағдайын жыл басы мен жыл соңына бейнелейдi. Ол субъектiнiң мүлiктiк жағдайын көрсетедi, оның мәлiметтерiн iшкi және сыртқы ақпаратты пайдаланушылар қолданады.

 Баланс мәлiметтерi негiзiнде сыртқы пайдаланушылар  осы кәсiпорынмен серiктес болу  не болмауды негiздейдi, өз салымдарының  тәуекелiн анықтайды, субъектiнiң құнды қағаздарын сатып алу не алмау туралы шешiмдер қабылдайды, т.б.  Осы себептi кейде қаржылық талдауды балансты талдау деп те атайды.

Вертикальды жасалынған баланс 5 бөлiмнен тұрады ( актив баптары  өтiмдiлiк дәрежесi бойынша өтiмдiлiгi жоғарысынан  өтiмдiлiгi төмен  баптарға қарай, ал пассив баптары өтелу мерзiмi жедел  төлемдерден өтелуі кейінгілеріне қарай қарай орналасады):

  1. Қысқа мерзiмдi активтер.
  2. Ұзақ мерзімді активтер.
  3. Қысқа мерзімді міндеттемелер.
  4. Ұзақ мерзiмдi мiндеттемелер.
  5. Капитал мен резервтер.

 

Бақылау сұрақтары :

 

1. Қаржылық жағдайды талдаудың кәсіпорын басшылығы үшін мәні мен маңызы қандай?

2. Қаржылық талдаудың кезектілігі.

3. Ішкі және сыртқы қаржылық талдау, қайсы талдау артықшылыққа ие, не себепті?

4. Қаржылық талдаудың ақпараттық базасы, сыртқы және ішкі талдаудың ақпарат көздері.

5. Бухгалтерлік баланстың мәні, оның қаржылық талдаудағы орны.

6. Пайда мен зиян туралы есептің көрсеткіштерінің жүйесі.

7. Қаржылық жағдайды экспресс-талдаудың мәні неде ?

 

ӘДЕБИЕТТЕР: Негізгі: 1,2,3,4; Қосымша: 6,7

 

11–Тақырып. Компанияның қаржылық жағдайын жалпы бағалау

 

Сабақтың мақсаты – кәсіпорынның мәліметтері негізінде ұйымның қаржылық жағдайына жалпы баға беруді меңгерту.

Дәріс сұрақтары:

11.1    Кәсіпорын капиталының орналасуы  мен оның  мүліктік жағдайын талдау

11.2 Кәсіпорын капиталының құралу көздерінің құрамы мен құрылымын тікелей және көлденең талдау

Негізгі (түйінді) түсініктер – аналитикалық процедура, балансты  көлденең талдау, балансты тік талдау, пассив құрылымын талдау, актив құрылымын талдау.

Дәріс тезистері.

 

11.1    Кәсіпорын капиталының орналасуы мен оның  мүліктік жағдайын талдау

 

      Кәсiпорынның қаржылық жағдайы мен оның тұрақтылығы белгiлi деңгейде кәсiпорынның капиталы қандай активтерге салынғанынан, олар қандай табыс әкелетiндiгiнен тәуелдi. Кәсiпорын активтерiнiң орналасуы туралы ақпарат баланс активiнде қамтылады.

      Актив баптарын шартты түрде келесi белгiлерi бойынша топтастыруға болады:

  1. Өтiмдiлiгi бойынша: ұзақ мерзiмдi және ағымдық активтер.
  2. Пайдаланылуы бойынша: iшкi айналыстағы және сыртқы айналыстағы ( дебиторлық берешек, қаржылық салымдар, банк шоттарындағы ақша) активтер.
  3. Инфляциялық процестерге шалдығуына байланысты: монетарлық және монетарлық емес активтер ажыратылады.  Монетарлық активтер қайта бағалауға жатпайды, олар ағымдық ақшалай бағадағы активтер - ақша қаражаттары, депозиттер, есеп айырысулардағы қаражаттар,т.б. Ал монетарлық емес активтер құны уақыт өтуiне қарай өзгерiске ұшырайтын, сол себептi қайта бағалауды қажет ететiн активтер – негiзгi құралдар, запастар, аяқталмаған өндiрiс, т.б..
  4. Өндiрiс үрдісіндегі айналыс капиталы ( запастар, аяқталмаған өндiрiс, болашақ кезең шығындары) және айналыс үрдісiндегi капитал ( дайын өнiм, ақша қаражаттары, қаржылық салымдар, тауарлар,т.б.).

Баланс  мәлiметтерi бойынша актив баптарының құрамы мен орналасуын 1 -  аналитикалық кестеден көруге болады .

    Мәлiметтер  бойынша кәсiпорын активтерiнiң  құны жыл iшiнде 86634 мың тг  не 66.6 % ға жоғарылаған. Бұл кәсiпорын  қызметiнiң оң бағытқа өзгергенiн  көрсетедi. Ол өсiм негiзiнен ағымдық активтер құнының 90390 мың тг не 1.4 есе өсуiнен болып отыр. Соған сәйкес кәсiпорын мүлкiнiң құрылымы елеулi  өзгерiске ұшырады:  егер  жыл  басында  ұзақ   мерзiмдi активтер үлесi 50.5 % болса, жыл соңында оның үлес салмағы 21.9 пунктке кемiп, 28.6 % -ды құрады, тиiсiнше ағымдық активтер үлесi осыншаға өсiп отыр.

 

1 –Кесте. Кәсiпорынның  баланс активтерiнiң құрамы мен құрылымы, 20-- ж

 

Мүлiк  түрлерi

жыл басы

жыл соңы

өзгерiс (+,-)

мың тг

%

мың тг

%

мың тг

%

пункт

Актив құны-барлығы

оның iшiнде:

130045

 

100

 

216679

 

100

 

 

+86634

 

+66.6

 

Х

 

- ұзақ  м.активтер

65722

50.5

61966

28.6

-3756

-5.7

-21.9

 

- ағымдық  активтер

 

64323

 

49.5

 

154713

 

71.4

 

+90390

 

+140.5

 

+21.9


 

Кәсiпорын балансы  және 1 -кесте негiзiнде кәсiпорынның мүлiктiк жағдайына баға беруге болады .

 

2-Кесте. Кәсiпорынның  мүлiктiк жағдайының көрсеткiштерi,   20-- ж

 

Көрсеткiштер

Есептеу формуласы

Мәнi

Шектi

мәнi

жыл басы

жыл соңы

1.Өндiрiстiк бағыттағы  мүлiк коэффициентi

Нег.қ.+запас+аяқт.өнд.

Баланс валютасы

0.663

0.612

> 0.5

2.Активтердiң мобильдiлiгiнiң  коэф.

Ағымдық активтер

Баланс валютасы

0.495

0.714

> 0.5

3.Мобильдi және иммо-

бильдi қаражаттардың

қатынасының коэф.

Ағымдық активтер

Ұзақ мерзiмдi активтер

0.980

2.496

> 0.5

4.Негiзгi құралдардың

нақты құнының коэф.

Н.қ. қалдық құны

Баланс валютасы

0.505

0.286

> 0.5

  1. Негiзгi құралдардың

жарамдылық коэф.

Н.қ. қалдық құны

Н.қ. бастапқы құны

0.814

0.685

> 0.5

  1. Негiзгi құралдардың

тозу  коэф.

Н.қ. тозу құны

Н.қ. бастапқы құны

0.196

0.315

< 0.5


      

Кәсiпорынның қаржылық жағдайын сипаттаушы барлық көрсеткiштер шектi мәндерге жауап бередi және жыл соңына кәсiпорынның мүлiктiк жағдайы келесiлермен сипатталады: активтер құнының 61.2 % -ын өндiрiстiк бағыттағы мүлiктен құралады; мүлiктiң 71.4 % -тiн ағымдық активтер құрайды және ұзақ мерзiмдi активтердiң 1 теңгесiне 2.5 тг ағымдық актив келедi; негiзгi құралдардың жарамдылық деңгейi 68.5 % .

 

11.2 Кәсіпорын  капиталының құралу көздерінің  құрамы мен құрылымын тікелей  және көлденең талдау

 

       Бизнестi қажеттi қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету кез-келген кәсiпорын қызметiнiң анықтаушы факторы болып табылады. Кәсiпорын басшылығы кәсiпорын қызметi ресустардың қандай көздерiнен қаржыландырылатынын және капитал қандай iске салынатынын нақты бiлуi қажет. Сол себептi капиталдың құрамын, құралу көздерiн және орналасуын талдау үлкен мәнге ие және келесiлердi қамтуы тиiс:

  • кәсiпорын капиталының құралу көздерiнiң құрамын, құрылымы мен динамикасын оқу;
  • олардың көлемiнiң өзгеру факторларын анықтау;
  • капиталдың жеке көздерiн тартудың бағасын анықтау;
  • қаржылық тәуекел деңгейiн бағалау;
  • меншiктi және заемдық капиталдың қатынасының оңтайлы нұсқасын негiздеу.

       Капитал – бұл шаруашылық субъектiсiң пайда алу мақсатында өз қызметiнде пайдаланатын (иеленетiн) қаражаттары.

       Кәсiпорын капиталы меншiктi (iшкi) және заемдық (сыртқы) көздерден қалыптасады.

        Қаржыландырудың негiзгi көзi - меншiктi капитал. Оның құрамына жарғылық капитал, қосымша капитал, резервтiк капитал, бөлiнбеген табыс кiредi. Бiрақ меншiктi капитал көлемі  шектеулi екенiн ескерсек, қаржыландырудың келесi көзi - заемдық капитал болып саналады. Кәсiпорын қызметiн заемдық капитал есебiнен қаржыландыру келесi жағдайларда тиiмдi:

  1. Өндiрiс маусымдық сипатқа ие болса. Бұл жағдайда кей кезеңдерде ақша қаражаттары жинақталып қалып, басқа кезеңдерде ол жетiспейдi.
  2. Егер кәсiпорын заемдық капитал бағасынан жоғары табыстылықты қамтамасыз ете алса, онда заемдық капитал есебiнен өз жағдайын тұрақтандыра алады.

       Дегенмен, меншiктi және заемдық капиталдың қатынасынан кәсiпорынның қаржылық жағдайы мен тұрақтылығы тәуелдi.

 

 

3-Кесте. Кәсiпорының авансталған капиталының құрамы мен               құрылымы, 20-- ж

 

Капитал көздерi

Сомасы, мың тг

Құрылымы, %

жыл басы

жыл соңы

өзгерiс

жыл

басы

жыл

соңы

өзгерiс

1.Меншiктi   капитал

101260

103385

+2125

77.9

47.7

-30.2

2.Заемдық  капитал

28785

113294

+84509

22.1

52.3

+30.2

Барлығы

130045

216679

+86634

100

100

х


 

       Кәсiпорынның авансталған капиталы 86634 мың тг немесе 66,6 %-ға жоғарылаған. Бұл өсiмнiң 97,5 %-ы заемдық капиталдың өсiмiнен болып отыр. Сол себептi жыл соңында меншiктi капиталдың үлесi кемiп, заемдық капитал үлес салмағы өсiп отыр.

       Талдаудың келесi кезеңiнде меншiктi және заемдық капиталдың динамикасы мен құрылымына талдау жасау қажет. (4-кесте ).

 

4-Кесте.  Меншiктi  капитал динамикасы, 20--ж

 

Капитал көздерi

Сомасы, мың тг

Құрылымы, %

жыл басы

жыл соңы

өзгерiс

жыл

  басы

жыл

соңы

өзгерiс

1.Жарғылық  капитал

7171

7171

-

7.1

6.9

-0.2

2.Қосымша  капитал

3595

3595

-

3.6

3.5

-0.1

3.Резервтiк капитал

1626

5426

+3800

1.6

5.2

+3.6

4.Бөлiнбеген  табыс

88867

87192

-1675

87.7

84.4

-3.3

Барлығы

101260

103385

+2125

100

100

х


 

       Кезең аралығында меншiктi капитал сомасы 2125 мың тг немесе 2,1 %-ке өскен, ол резервтiк капиталдың өсуiнен болып отыр. Жарғылық және қосымша капитал сомасы өзгермеген (меншiктi капиталдың өзгеру факторларын №4 «Меншiктi капиталдың қозғалысының есебi» формасы бойынша анықтау қиын емес).

  

Бақылау сұрақтары:

 

1. Кәсіпорын мүлкінің құрамы мен құрылымын, динамикасын талдаудың кезектілі.

2. Кәсіпорынның мүліктік жағдайы қандай көрсеткіштермен сипатталады және олардың мәні қандай ?

3. Кәсіпорын мүлкіндегі қандай өзгерістер оң бағаланады, неге ?

4. Кәсіпорын мүлкінің құралу көздерінің құрамы мен құрылымын, динамикасын талдаудың кезектілігі қандай ?

5. Кәсіпорынның мүліктік жағдайын ішкі талдаудың сыртқы талдауға  қарағанда қандай артықшылықтары бар ?

ӘДЕБИЕТТЕР: Негізгі: 1,2,3,4; Қосымша: 4,6,7

 

12–Тақырып. Баланс өтімділігін талдау

 

Сабақтың мақсаты – ұйым мәліметтері негізінде кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне баға беруді меңгерту.

Информация о работе Сабақтың мақсаты – экономикалық талдаудың кәсіпорынды басқару жүйесіндегі орны мен маңызы туралы түсінік беру