Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 20:35, лекция
1.1 Экономикалық талдаудың түсінігі, пәні
1.2. Экономикалық талдаудың міндеттері.
1.3 Экономикалық талдаудың басқа ғылымдармен байланысы.
Дәріс сұрақтары:
12.1 Өтімділік және төлем қабілеттілік түсінігі, оның мәні.
12.2. Төлем қабілеттілік көрсеткіштерінің жүйесі.
Негізгі (түйінді) түсініктер – өтімділік, өтімділік көрсеткіштері, өтімділік кластары, төлем қабілеттілік, төлем қабілеттілік көрсеткіштері, абсолютті өтімділік, жылдам өтімділік.
Дәріс тезистері:
12.1 Өтімділік және төлем қабілеттілік түсінігі, оның мәні
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығын сипаттаушы негізгі критерийлердің бірі болып саналады және онымен тығыз байланысты.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі - бұл оның өз міндеттемелерін уақытында өтеу мүмкіншілігі. Кәсіпорын төлем қабілетті болуы үшін оның қаражаты өз міндеттемелерін уақтылы өтеуге және өз қызметін үздіксіз қаржыландыруға жеткілікті болуы керек.
Төлем қабілеттілік басқа термин «несие қабілеттілік» ұғымының анықтамасымен де сәйкес келеді. Жалпы алғанда «төлем қабілеттілік» ұғымы «несие қабілеттілік» ұғымына қарағанда кең. Төлем қабілеттілік - қарыз алушының барлық міндеттемелерін өтеу мүмкіндігін сипаттаса, несие қабілеттілік – көп жағдайда тек банк несиесін қайтару мүмкіндігін көрсетеді. Яғни несие қабілеттілік ұғымы төлем қабілеттілік ұғымының құрамдас бөлігі.
Несие қабілеттілікті несие алушы және несие беруші-банк тарапынан қарастырған жөн. Несие қабілеттілік:
- қарыз алушы тұрғысынан
– несиелік шартқа отыру
- банк тұрғысынан – берілетін несие сомасын дұрыс анықтау дәрежесі.
Кәсіпорынның ағымдық және күтілетін төлем қабілеттілігі ажыратылады.
Ағымдық төлем қабілеттілік балансты құру уақытына анықталады, ал күтілетін төлем қабілеттілік нақты алдағы кезеңге келіп түсуі тиіс төлемдерді есепке ала отырып анықталады.
Кәсіпорынның
нақты сәттегі төлем
Ағымдық төлем қабілеттілікке баға беру үшін осы сәттегі төлем құралдарының сомасын сол сәттегі міндеттемелер сомасына бөлу қажет.
12.2 Төлем қабілеттілік көрсеткіштерінің жүйесі.
Кәсіпорынның болашақта
күтілетін төлем
Баланс өтімділігін талдау өтімділік дәрежесі бойынша топтастырылған актив топтарын өтелу мерзіміне байланысты топтастырылған пассив топтарымен салыстыруға негізделеді.
Өтімділік дәрежесі бойынша актив баптары 4 топқа біріктіріледі:
А1 - абсолютті өтімді (ең өтімді) активтер – ақша қаражаттары, оның баламалары мен қысқа мерзімді қаржылық салымдар.
А2 – жедел өтімді активтер – қысқа мерзімді дебиторлық берешектер.
А3 - жай өтімді активтер –қорлар мен ұзақ мерзімді қаржылық салымдар.
А4 – Қиын өтімді активтер – ұзақ мерзімді активтер жиынтығы (қаржылық салымдарсыз).
Сәйкесінше, баланс пассиві өтелу жылдамдығы бойынша 4 топқа біріктіріледі:
П1 – ең жедел міндеттемелер – кредиторлық берешектер, несиенің уақыты жеткен бөлігі.
П2 – қысқа мерзімді міндеттемелер – қысқа мерзімді несие мен заемдар.
П3 – Ұзақ мерзімді міндеттемелер – ұзақ мерзімді несие мен заемдар.
П4 – Тұрақты міндеттемелер – меншікті капитал жиынтығы.
Жоғарыдағыдай топтастырудан кейін баланс өтімділігіне баға беру үшін актив пен пассив топтары салыстырылады. Егер келесідей қатынастар сақталса, онда баланс абсолютті өтімді болады:
А1 > П1
А2 > П2
А3 > П3
А4 < П4
жағдайда өтімсіз активтер өтімді активтердің орнын айырбастай алмайды.
. Төлем қабілеттілік
деңгейіне қысқа мерзімді персп
1. Абсолютті өтімділік коэффициенті (Ка.ө.) :
Ка.ө. = ¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾ > 0,2
Ағымдық міндеттемелер
Бұл
көрсеткіш ағымдық
2. Жылдам өтімділік коэффициенті (Кж.ө.) :
Ақша қаражаттары + құнды қағаздар + дебиторлық берешек
Кж.ө. = ¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾
Ағымдық міндеттемелер
Көрсеткіш деңгейіне белгіленген талап бойынша ағымдық міндеттемелердің 100 теңгесіне 100 теңгеден кем емес абсолютті активтер мен дебиторлық берешек сомасы келуі тиіс. Егер өтімді активтерде дебиторлық берешек үлесі басым болса, онда жоғарыдағы қатынастың да мәні жоғары болуы тиіс.
3. Ағымдық өтімділік коэффициенті (Кағ.ө.) :
Кағ.ө. = ¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾ > 2
Ағымдық міндеттемелер
Яғни,
кәсіпорын төлем қабілетті
4. Жалпы өтімділік коэффициенті (Кж.ө.) - салыстырмалы түрге келтірілген активтер сомасының салыстырмалы түрге келтірілген пассив сомасына қатынасы:
Кж.ө. = ¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾ > 0,9
Бақылау сұрақтары:
1. Төлем қабілеттілік түсінігі, оның несие қабілеттіліктен айырмашылығы қандай?
2. Кәсіпорынның өтімділігі, баланс пен активтердің өтімділігі дегеніміз не?
3. Төлем қабілеттілікті сипаттаушы абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштер, олардың есептелуі мен экономикалық мәні қандай?
4. Төлем қабілеттілікті болжау әдістері, олар неге негізделген?
5. Төлем қабілеттілікті жоғарылатудың мүмкін бағыттары қандай?
ӘДЕБИЕТТЕР: Негізгі: 1,2,3,4; Қосымша: 4,6,7
13–Тақырып. Қаржылық тұрақтылықты талдау
Дәріс сұрақтары:
13.1 Меншікті және тартылған капиталдың арасалмағын талдау.
13.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштері.
13 .1 Меншікті және тартылған капиталдың арасалмағын талдау
Кәсiпорынның қаржылық жағдайы мен оның қаржылық тұрақтылығы негiзiнен капитал көздерiнiң құрылымының оңтайлылығынан (меншiктi және тартылған қаражаттардың қатынасы) және активтердiң құрылымынан тәуелдi. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына баға беру үшін бірнеше арнайы көрсеткіштер есептелінеді. Олардың негізгілері келесілер:
1. Қаржылық тәуелсіздік (автономиялық) коэффициенті.
2. Қаржылық тәуелділік коэффициенті.
3. Қаржыландыру (төлем қабілеттілік) коэффициенті.
4. Қаржылық
леверидж (қаржылық тәуекел)
5. Қаржылық тұрақтылық коэффициенті.
6. Маневрлік коэффициенті.
Бiрiншi, үшiншi, бесiншi, алтыншы коэффициенттердiң мәнi неғұрлым жоғары және екiншi, төртiншi коэффициенттердiң мәнi төмен болған сайын КҚЖ соғұрлым тұрақты.
Банктер мен басқа кредиторлар үшiн клиенттiң меншiктi капиталының үлесi басым болғаны сенiмдi, бұл қаржылық тәуекел деңгейін төмендетеді. Бiрақ қазiргi күнi меншiктi капиталдың үлкен үлесi кез-келген шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсете бермейді, кей жағдайларда қарыз қаражатын пайдалану кәсiпорынның икемдiлiгiн, несие тарту қабiлеттiлiгi мен iскерлiк ортадағы сенiмдiлiгiн көрсетедi.
Әдетте, кәсiпорындар несие алуға бірнеше себептен барады:
1. Айналыс
қаражаттарына уақытша
2. Өндіріске жаңа техника мен технология енгізу үшін.
3. Кредиторлық қарыздың бір бөлігін өтеу үшін.
Сонымен бірге банк несиесінің кәсіпорын үшін келесідей оң жақтары бар:
1. Несие
капиталы бойынша пайыздық
2. Әдетте, несие пайызы несиелік капиталдан алынатын табыс нормасынан төмен, нәтижесiнде меншiктi капиталдың рентабельдiлiгi артады.
13.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштері.
Кәсiпорынның қаржылық жағдайы мен оның тұрақтылығын сипаттаушы маңызды көрсеткiштердiң бiрi - запастардың қаржыландырудың қалыпты көздерiмен қамтамасыз етiлуi. Тауарлы-материалдық қорларды қалыптастырудың қалыпты көздерiнiң артықшылығы не жетiспеушiлiгi – кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығына баға берудiң критерийлерiнiң бiрi болып саналады, осыған орай қаржылық тұрақтылықтың 4 типiн ажыратады.
1. Қаржылық жағдайдың абсолюттi тұрақтылығы, бұл кезде меншiктi айналыс капиталының құны (М) тауарлы-материалдық қорлар құнынан көп, яғни кәсiпорын сыртқы кредиторлардан тәуелсiз:
М > ТМҚ
2. Қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығы келесi теңсiздiкпен сипатталады:
(М+ұ.м.) > ТМҚ
мұндағы:
(М+ұ.м.) – меншiктi айналыс капиталы + ұзақ мерзiмдi мiндеттемелер
3. Қаржылық жағдайдың тұрақсыздығы, яғни:
Н < ТМҚ
Н - (М+ұ.м.) + қысқа мерзiмдi мiндеттемелер
4. Кризистiк қаржылық жағдай, бұл жағдайда кәсiпорынның алдыңғы 3- теңсiздiкпен қатар уақытында өтелмеген несиесi, заемдары мен ұзартылған кредиторлық қарыздары болады. Бұл кезде кәсiпорын кредиторларымен уақытында есеп айырыса алмайды, оның ақша қаражаттары мен дебиторлық берешегiнiң қосындысы кредиторлық қарызды өтей алмайды деген сөз.
Кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығы бойынша қай типке жататындығын анықтау үшiн 6.4 - кесте мәлiметтерiн пайдалануға болады.
Есептеу бойынша жыл басына кәсiпорынның ТМҚ меншiктi айналыс қаражаттарымен толық қамтамасыз етiлген және меншiктi айналыс қаражаттарының 15028 мың тг артықшылығы бар, яғни кәсiпорынның жыл басындағы қаржылық жағдайы – абсолюттi тұрақты (1-тип) деп бағалауға болады. Ал жыл аяғында меншiктi айналыс қаражаттары ТМҚ сомасын жаба алмайды, оны тек тмқ негiзгi көздерiнiң сомасы ғана жаба алады, яғни кәсiпорынның қаржылық жағдайы абсолюттi тұрақты типтен тұрақсыз типке ауысқан. Демек, кәсiпорынның төлем балансы бұзылған, төлем мiндеттемелерi ”қалыпты емес” көздер есебiнен орындалады, кәсiпорынның кредиторлық қарызы дебиторлық қарыздан көп.
Қаржылық жағдайдың тұрақтылығын келесi жолдармен жоғарылатуға болады:
Сол себептi iшкi қаржылық не басқарушылық талдау жүргiзгенде осы сұрақтарды терең зерттеу қажет.
Бақылау сұрақтары:
1. Қаржылық тұрақтылық түсінігі, оның мәні.
2. Қаржылық тұрақтылықты сипаттаушы көрсеткіштердің есептелуі, олардың экономикалық мәні қандай ?
3. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын анықтаушы ішкі және сыртқы факторлар қандай ?
4. Кәсіпорын капиталының орташа бағасы дегеніміз не, ол қандай факторлардан тәуелді ?
5. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын жоғарылатудың мүмкін бағыттары қандай ?
ӘДЕБИЕТТЕР: Негізгі: 1,2,3,4; Қосымша: 4,6
14-Тақырып. Ақша ағынын талдау
Сабақтың мақсаты – студенттерге ақша ағынын талдау негізінде басқару шешімдерін қабылдауды меңгерту.
Дәріс сұрақтары:
14.1. Ақша қаражаттарының қозғалысының есебі, оның талдамалық құндылығы
14.2. Ақша қаражаттары қозғалысының есебінің құрылымы
Негізгі (түйінді) түсініктер – ақша қаражаттары, ақша қаражаттарының баламалары, ақша қозғалысы, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп, инвестициялық қызмет, қаржылық қызмет, операциялық қызмет, таза ақша ағымы.
Дәріс тезистері:
14.1. Ақша қаражаттарының
қозғалысының есебі, оның
Ақша қаражаттарының қозғалысы операциондық, инвестициялық және қаржылық қызметі тұрғысынан алған мағлұматтардың мазмұнын ашу үшін керек, мұның өзі занды тұлғаның қаржы жағдайын және қызмет түрлерінің ықпалын бағалауға мүмкіндік береді.
Субъектілер жасаған "Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп" заңды тұлғаның қаржылық жағдайындағы өзгерісті бағалауға мүмкіндік береді, бұл оларды есепті кезең ішіндегі операциондық (кіріс алатын негізгі қызмет пен инвестициялық және қаржы қызметтеріне жатпайтын өзге де қызметі), инвестициялық (ұзақ мерзімді алашақтарды сатып алу мен сату) және қаржылық қызметі (жеке капиталы мен заем қаражаттарының мөлшері және кұрамындағы өзгеріс нәтижесі болып табылатын занды тұлғаның қызметі) тұрғыдан алғанда қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы туралы хабарламамен қамтамасыз етеді. Ақша каражаттарының қозғалысы туралы есеп субъектінің есепті жылдың ішіндегі қаржылық есебінің құрамында беріледі.