Сабақтың мақсаты – экономикалық талдаудың кәсіпорынды басқару жүйесіндегі орны мен маңызы туралы түсінік беру

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 20:35, лекция

Описание работы

1.1 Экономикалық талдаудың түсінігі, пәні
1.2. Экономикалық талдаудың міндеттері.
1.3 Экономикалық талдаудың басқа ғылымдармен байланысы.

Работа содержит 1 файл

6. Лекция.doc

— 685.50 Кб (Скачать)

 

Ққ=

 

4. Аралас үлгілер:

 

Ү = ;   Ү = ;     Ү = ;   Y = (a + b) * c  және т.б.

 

Мысалы, жеке өнім түрін  сатудан алынатын пайда сомасы өнім бірлігі бағасынан (р), оның өзіндік  құнынан (z) және сату көлемінен (q) тәуелді:

 

П = (p – z) * q

 

            3.3. Шаруашылық резервтері, олардың жіктелуі

 

Шаруашылық  резервтері дегеніміз – бұл ғылыми – техникалық прогресс пен озат тәжірибенің қол жеткізілген жетістіктерін  пайдалану негізінде ұйым қызметінің тиімділігін арттыру мүмкіншіліктері.

Ғылыми – техникалық прогресстің дамуымен бірге өнімнің  материал сыйымдылығы мен еңбек  сыйымдылығын төмендетуге, қаражаттың айналымдылығын жеделдетуге, рентабельділікті арттыру мен бизнестің басқа  да тиімділік көрсеткіштерін жоғарылатуға мүмкіншілік жасайтын жаңа технологиялар, жабдықтар, жаңа шикізат пен материалдар шығарылады, еңбекті ұйымдастыру формалары жетіле түседі.

Шаруашылық резервтерін  толық түсініп, оларды толық анықтау  мен игеру үшін олар түрлі белгілері  бойынша жіктеледі.

Кеңістіктік белгісі бойынша шаруашылық ішкі, салалық, аймақтық және жалпы мемлекеттік резервтер ажыратылады.

Шаруашылықтың  ішкі резервтері тек талданатын кәсіпорын деңгейінде анықталады және сол кәсіпорында пайдаланыла алады. Олар негізінен ресурстарды тиімді пайдаланумен байланысты.

Салалық резервтер – бұл сала деңгейінде жүзеге асырылатын резервтер, мысалы, жаңа машиналар шығару, жаңа сорттар енгізу, т.б. Бұл резервтерді іздестіру салалық бірлестіктердің, министрліктердің құзырында.

Аймақтық  резервтер географиялық аймақ шегінде анықталып, жүзеге асырылады (жергілікті шикізатты пайдалану, өнеркәсіп аймақтарын интеграциялау, т.б).

Жалпы мемлекеттік резервтерге экономика салаларының құрылымын оңтайландыруды, меншік формасын өзгертуді, экономиканы басқару жүйесін жетілдіруді, т.б. жатқызуға болады.

Уақыт белгісі  бойынша резервтер пайдаланылмаған, ағымдық және перспективалық болып бөлінеді.

Пайдаланылмаған резервтер – бұл өткен уақыт аралығындағы өндіріс тиімділігін арттыруда пайдаланылмаған резервтер.

Ағымдық резервтер – бұл жуық уақыт аралығында (ай, тоқсан, жыл) қызмет нәтижесін арттырудың мүмкіншіліктері.

Перспективалық резервтер ұзақ уақытта есептелген. Оларды жүзеге асыру қомақты инвестиция салумен, өндірісті қайта құрумен, өндіріс технологиясын ауыстырумен, мамандандырылуды өзгертумен байланысты.

  Ұдайы өндіріс үрдісінің кезеңдеріне  байланысты өндіріс аясының және айналыс аясының резервтері ажыратылады. Негізгі резервтер, әдетте, өндіріс аясында болады. Олар өндіріс технологиясын жетілдіру, арзан шикізат пайдалану, өндірістік қуатты толық пайдалану, қалдықты азайтумен байланысты. Бірақ айналыс аясында да тиімділікті арттырудың резервтері мол: өнімді тасымалдау, сақтау, сату шығындарын кеміту, т.б.  

Ресурстар түрлері бойынша  жер алқаптары, негізгі өндірістік қорларды, еңбек заттары мен еңбек ресурстарын пайдаланумен байланысты резервтер жеке ажыратылады. Мұндай жіктеу резервтерді барлық ресурстар түрлері бойынша баланстау үшін қажет. Мысалы, еңбек ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалану жолымен өндіріс көлемін арттыру резерві анықталған. Бірақ оны игеру үшін еңбек құралдары мен еңбек заттарын тиімді пайдалану арқылы өндіріс көлемін соншалықты арттыру мүмкіншілігін анықтау қажет. Егер бір ресурс бойынша резерв жеткіліксіз болса, онда есепке ресурстар бойынша анықталған ең аз резерв көлемі алынады.

Экономикалық  табиғаты мен өндіріс нәижесіне  әсер ету сипаты бойынша экстенсивті және интенсивті резервтер ажыратылады. Экстенсивті резервтер өндіріске қосымша ресурстар (жер, материалдық, еңбек, т.б) тартумен байланысты, ол интенсивті резервтер қолда бар өндірістік потенциалды толық, әрі ұтымды пайдаланумен байланысты.

Анықталу тәсіліне байланысты резервтер көрінетін және жасырын болып бөлінеді. Көрінетін резервтерге бухгалтерлік есеп пен есеп беру құжаттары негізінде оңай анықтауға болатын резервтер жатады. Бұл қоймадағы өнімнің жетіспеушілігі мен бұзылуы, төленген айыппұлдар, ресурстарды нормадан тыс артық пайдалану, т.б. жағдайлар.

Жасырын резервтер жоспарда  ескерілмеген ҒТП жетістіктерін, озат тәжірибе көрсеткіштерін енгізумен байланысты. Оларды анықтау үшін ішкі шаруашылық, шаруашылық аралық, кей жағдайларда халықаралық салыстырмалы талдау жүргізу қажет.

Қалыптасу уақыты бойынша резервтерді жоспарлар дайындау барысында ескерілмеген және жоспарлар жасалғаннан кейін пайда болған деп ажыратуға болады. Резервтердің алғашқы түрі – жоспарларды толық негіздемеу не асығыстық салдарынан бар резервтерді пайдаланбаумен байланысты. Резервтердің екінші түрі – жоспарлар дайындалып, бекітілгеннен кейінгі пайда болған мүмкіншіліктер мен шешімдердің пайда болуымен байланысты.

Шаруашылық қызметін талдауда резервтер көлемін анықтау  үшін түрлі тәсілдер қолданылады: тікелей  есептеу, салыстыру, детерминирленген факторлық талдау,  математикалық  бағдарламалау, т.б.

1) Тікелей есептеу тәсілі қосымша тартылатын ресурстар көлемі белгілі жағдайда экстенсивті сипаттағы резервтерді есепке алу үшін пайдаланылады. Бұл жағдайда өндіріс көлемін арттыру мүмкіншілігі (Р↑Q) келесідей анықталынады: қосымша тартылатын ресурстар көлемі (Т) өнім бірлігіне жұмсалатын нақты материал шығынына (Мш) бөлінеді не нақты ресурс қайтарымына (Рқ) көбейтіледі, яғни материал қайтарымына, қор қайтарымына, еңбек өнімділігіне:

 

Р↑Q = T : Мш             немесе             Р↑Q = T * Рқ

 

Мысалы, өндіріске жұмсалатын шикізат көлемін 1000 т көбейту жоспарланған. Егер өнім бірлігіне нақты 50 кг шикізат жұмсалса (материал сыйымдылығы), онда өндіріс көлемін осы ресурс есебінен арттыру резерві :  1000т : 50 кг = 20000 бірлік. Еңбек ресурстарын, негізгі өндірістік қорларды көбейту арқылы өндірісті ұлғайту резервтері қосымша тартылатын ресурс шамасын тиісінше еңбек өнімділігіне, қор қайтарымына көбейту арқылы анықталады.

2) Салыстыру тәсілі  ресурстар шығыны мен оларды пайдалану деңгейін белгіленген нормалар мен озат кәсіпорындар шамасына жеткізу арқылы интенсивті сипаттағы резервтер көлемін есептеу үшін пайдаланылады. Өндіріс көлемін арттыру резерві келесідей анықталынады:

 

               Р↓М * Qж

Р↑Q =                                     немесе            Р↑Q = Р↓М * Qж * Рқ


                     Мж

 

Мұндағы:

Р↓М - өнім бірлігіне  жұмсалатын ресурс шығындарын төмендету  резерві (жаңа технология еңгізу, озық тәжірибені пайдалану, т.б);

Мж - өнім бірлігіне жоспарлы ресурс шығыны;

Qж – жоспарлы өндіріс көлемі;

Рқ – ресурс қайтарымы.

Мысалы, өнім бірлігін  өндіруге нақты 3 кг шикізат пайдаланылған, жоспар бойынша оның деңгейін 2.8 кг жеткізу қарастырылған. Өндіріс көлемі 30000 бірлік. Сонда материал шығынын тиімді пайдалану арқылы өндіріс көлемін арттыру резерві:

 

           (3 – 2,8) * 30000

Р↑Q =                          =   2143 бірлік.       


                      2,8

 

3) Корреляциялық  – регрессиялық талдау нәтижелері шаруашылық резервтерін іздестіруде кеңінен қолданылады. Ол үшін регрессия коэффициентін факторлық белгінің өзгеру мүмкіншілігіне көбейту керек:

Р↑↓Y = Р↑ хі * ві

Мұндағы:

Р↑↓Y – нәтижелік көрсеткіштің өзгеру резерві;

Р↑  хі - факторлық белгінің арту резерві;

ві – регрессия коэффициенті.

 

4) Математикалық  бағдарламалау  тәсілдері резервтер көлемін анықтауда үлкен көмек көрсетеді. Оның көмегімен қолда бар ресурстарды оңтайлы пайдалану нұсқасы анықталып, пайдаланылмаған мүмкіншіліктер есептелінеді.

5) Есепті – конструктивтік әдістер  шаруашылық резервтерін анықтауда кеңінен қолданылады. Бұл әдіс зерттелетін нәтижелік көрсеткіш кері  үлгі ретінде бейнеленетін жағдайларда қолданылады.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Шаруашылық резервтері  түсінігі, олардың түрлері. 

2. Шаруашылық резервтерінің  жіктелуі.

3. Шаруашылық резервтерін  іздестіру принциптері. 

4. Шаруашылық резервтерін  іздестіру әдістемесі.

5. Шаруашылық резервтерін  жүзеге асыру мүмкіншіліктері. 

  

ӘДЕБИЕТТЕР: Негізгі: 1,2,3,4; Қосымша: 6,8,9

 

4–Тақырып. Қаржылық  коэффициенттер әдісі 

 

Дәрістің мақсаты  – арнайы қаржылық көрсеткіштер жүйесін есептеу әдістемесін үйрету.

Жоспар:

4.1. Қаржылық коэффициенттер жүйесі

4.2. Қаржылық коэффициенттер тобының  мәні 

 

Негізгі (түйінді) түсініктер – қаржылық коэффициент, төлем қабілеттілік, өтімділік, табыстылық, іскерлік белсенділік, нарықтық белсенділік.

Дәріс тезистері:

 

4.1. Қаржылық коэффициенттер жүйесі

 

Нарықтық белсенділікті  фундаментальдық талдау – компанияның қаржылық жағдайы мен шаруашылық қызметінің нәтижесін арнайы көрсеткіштердің жүйесі негізінде бағалау.

Фундаментальдық талдау үшін қажетті ақпарат компанияның қаржылық есебінің  төрт формасында қамтылады:

1) бухгалтерлік баланс  – бұл қандай да бір нақты   сәттегі   компанияның активтері,  оның міндеттемелері мен акционерлік  капиталы жөніндегі  ақпарат; 

2) пайда мен зиян  туралы есеп – компанияның  кезең ішіндегі табыстары мен шығындарын қорытындылау нәтижесі;

3) ақша қаражаттарының  қозғалысының есебінде компанияның  қаржы ағымдары мен ақша қаражаттарында  өзгеріс тудырған оқиғалар бейнеленеді; 

4) меншікті капиталдағы  өзгерістер есебінде пайданың  реинвестициялануы, төленген дивидендтер мен меншікті капиталда өзгеріс тудырған басқа да іс-әрекеттер көрініс табады.

 Қаржылық есеп мәліметтері  негізінде компанияның қаржылық  жағдайы мен шаруашылық қызметінің  нәтижесін сипаттайтын арнайы  көрсеткіштер жүйесі  есептеледі (1–кесте).

 

Кесте 1 – Қаржылық коэффициенттер (көрсеткіштер) жүйесі

 

Көрсеткіш атауы

Есептелу жолы

Өтімділік көрсеткіштері

Абсолютті өтімділік  коэффициенті

Ақша қаражаттары  мен оның баламалары

Ағымдық міндеттемелер

Ағымдық өтімділік  коэффициенті

Ағымдық активтер

Ағымдық міндеттемелер

Нетто айналыс капиталы

Ағымдық активтер – ағымдық  міндеттемелер

Іскерлік белсенділік  көрсеткіштері

Активтердің айналымдылық коэффициенті

Өнім өткізуден  түскен түсім

Жиынтық активтердің  орташа құны

   

Қорлардың айналымдылығының коэффициенті

Өнім өткізуден  түскен түсім

Қорлардың  орташа құны

Дебиторлық берешектің айналымдылығының коэффициенті

Өнім өткізуден  түскен түсім

Дебиторлық берешектің  орташа құны

Қаржылық тәуелділік көрсеткіштері

Қаржылық тәуелділік коэффициенті

Тартылған капитал

Жиынтық капитал

Қаржыландандыру коэффициенті

Тартылған капитал

Меншікті капитал

«Пайыздарды» жабу коэффициенті

Пайыздар мен салық  төлегенге дейінгі пайда

Пайыздарды төлеу шығындары

Табыстылық  көрсеткіштері

Сатудың таза рентабельділігі

Салық төлегеннен кейінгі  таза табыс 

Өнім өткізуден түскен түсім

Активтердің табыстылығы

Салық төлегеннен кейінгі  таза табыс 

Активтердің орташа құны

Меншікті капиталдың табыстылығы

Салық төлегеннен кейінгі  таза табыс 

Меншікті капиталдың  орташа құны

Акциялар (жай  акциялар) нарығының көрсеткіштері

1 акцияға пайда (EPS)

Салық төлегеннен        Артықшылығы бар акциялар

кейінгі пайда          –     бойынша дивиденд 

Айналыстағы жай  акциялар саны

Акцияның ағымдық табыстылығы

Бір акцияға шаққандағы жылдық дивиденд

Жай  акцияның ағымдық  нарықтық бағамы

Акция бағамының пайдаға  қатынасы (Р/Е)

Жай акцияның ағымдық  нарықтық бағамы

Бір акцияға пайда

Акция бағамының түсімге  қатынасы

Жай акцияның ағымдық  нарықтық бағамы

Бір акцияға шаққандағы түсім

Бір акцияға дивиденд

Жай  акциялар бойынша  жылдық дивиденд

Айналыстағы жай  акциялар саны

Дивиденд төлеу коэффициенті

Бір акцияға дивиденд

Бір акцияға пайда

Акцияның баланстық  құны

Акционерлік капитал

Айналыстағы акциялар саны


 

4.2. Қаржылық  коэффициенттер тобының мәні

 

Өтімділік көрсеткіштері компанияның ағымдық міндеттемелерін өтеуі мен өзінің  операциялық шығындарын жабу  деңгейін сипаттайды.

Іскерлік белсенділік  көрсеткіштері компанияның өз активтерін басқару тиімділігін сипаттайды.

Қаржылық тәуелділік  көрсеткіштері компанияның капиталындағы тартылған капиталдың (міндеттемелер) шамасын, міндеттемелерді өтеу  мүмкіншілігін сипаттайды.

Пайдалылық (табыстылық) көрсеткіштері компанияның қызмет нәтижесін түсімге, активтерге, меншікті капиталға қатысты сипаттайды.

Акциялар нарығының  көрсеткіштері бір акцияға шаққандағы ақпаратты көрсетеді.

Егер акция ағымдық  табыс алу көзі ретінде қарастырылса, онда қолма-қол ақша түріндегі дивиденд акцияның ағымдық табыстылығын сипаттайды. Демек, акцияның ағымдық табыстылығы (I) жыл сайын төленетін дивиденд пен акцияның нарықтық бағасының қатынасымен анықталады:

 

.                                      (1)

 

Акцияның табыстылығын тек дивидендтік төлемдер ғана емес, акция бағамының өсімі де құрайды. Сол себепті акцияны бағалауда  ағымдық табыстылық  қана емес, акцияны  иемдену барысында күтілетін табыстылық нормасы да үлкен маңызға ие.  Инвестициялау мерзімі бір жылға дейінгі аралықта акцияны иемдену кезеңіндегі күтілетін табыстылықты (HPR, I) анықтау үшін келесідей формуланы қолдануға болады:

 

,                              (2)

 

мұндағы:  Po – акцияны сатып алу бағасы; Ps – акцияны сату бағасы; D – акцияны иемдену барысында алынған дивиденд; T – акцияны иемдену мерзімі (күнмен).

 

Бақылау сұрақтары:

 

  1. Іскерлік белсенділік көрсеткіштерінің қатарына не жатады?
  2. Капитал айналымдылығы қалай анықталады? Ол нені көрсетеді?
  3. Активтердің айналымдылығы не үшін қолданылады?
  4. Акцияның әділ құны деген не?
  5. Акцияның табыстылығы қалай есептеледі?

 

    ӘДЕБИЕТТЕР: Негізгі: 1,2,3,4; Қосымша: 4,6,7

 

5–Тақырып. Басқарушылық  талдаудың негізі.

 

Сабақтың мақсаты – экономикалық талдау жүйесіндегі басқарушылық талдаудың орнын, мақсаты мен міндеттерін меңгерту.

Дәріс сұрақтары:

5.1. Басқарушылық  талдаудың мақсаты мен міндеттері 

5.2. Басқарушылық  және қаржылық талдау арасындағы  байланыс.

Негізгі (түйінді) түсініктер – басқару, басқарушылық талдау, басқарушылық талдаудың объектісі, басқару шешімдері, басқару стратегиялары.

Информация о работе Сабақтың мақсаты – экономикалық талдаудың кәсіпорынды басқару жүйесіндегі орны мен маңызы туралы түсінік беру