Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 20:35, лекция
1.1 Экономикалық талдаудың түсінігі, пәні
1.2. Экономикалық талдаудың міндеттері.
1.3 Экономикалық талдаудың басқа ғылымдармен байланысы.
Бұл үлгі 1 жұмыскерге келетін пайда сомасы сатудың рентабельділігі, түсімнің жалпы өнімдегі үлесі мен жылдық еңбек өнімділігі әсерінен қаншалықты өзгергендігіне баға беруге мүмкіндік береді.
8.4. Негізгі құралдардың жағдайы мен қозғалысын талдау
Өнеркәсіп кәсіпорындарында өндіріс көлемін арттырудың негізгі факторларының бірі – олардың өндірістік негізгі қорлармен қажетті көлемде қамтамасыз етілуі және оларды неғұрлым тиімді пайдалану. Сол себепті талдау барысында келесі міндеттер шешілуі керек:
Негізгі құралдарды пайдалануды талдауда олардың қозғалысы мен жағдайын талдау үлкен мәнге ие. Оларды талдау үшін келесідей көрсеткіштер есептеледі:
Жыл ішінде келіп түскен негізгі қорлар құны
КЖ
=
Негізгі қорлардың жыл
2. Қорлардың жаңару мерзімі (Жм) :
Негізгі қорлардың жыл басындағы құны
ЖМ
=
Жыл ішінде келіп түскен негізгі қорлар құны
3. Шығу коэффициенті (Кш) – негізгі құралдардың жыл басындағы құнының қай бөлігі жыл ішінде есептен шығарылғанын сипатайды:
Жыл ішінде есептен шыққан қорлар құны
Кш =
Негізгі қорлардың жыл
4. Қорлар құнының арту қарқыны (+-%) – негізгі қорлар құны жыл ішінде неше пайызға өзгергендігін сипаттайды:
Негізгі қорлардың жыл
+-% =
Негізгі қорлардың жыл
5. Негізгі құралдардың тозу коэффициенті (КТ) – негізгі құралдардың бастапқы құнының қанша бөлігі өнімнің өзіндік құнына амортизациялық аударымдар түрінде ауысқандығын сипаттайды:
Негізгі қорлардың тозу сомасы
КТ
=
Негізгі қорлардың бастапқы
6. Негізгі
құралдардың жарамдылық
Негізгі қорлардың қалдық құны
КТ
=
Негізгі қорлардың бастапқы
Қорлардың қызмет мерзімі мен моральдық тозу деңгейіне баға беру үшін қорлар қызмет ету мерзімі бойынша топтастырылып (5 жылға дейін, 5-10 жыл, 10-20 жыл, т.б.), құралдардың орташа қызмет ету мерзімі анықталады.
Кәсіпорынның құрал-жабдықтардың, механизмдердің, көлік құралдарының жеке түрлерімен қамтамасыз етілуі олардың нақты қолда барын жоспарлы қажеттілікпен салыстыру арқылы анықталады. Ал кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлармен қамтамасыз етілуінің жалпылаушы көрсеткіштері – еңбектің қормен қарулануы мен еңбектің техникалық қарулануы.
Еңбектің қормен қарулануы өндірістік қорлардың орташа жылдық құнын ең үлкен ауысымдағы орташа тізімдік жұмыскерлер санына бөлу арқылы анықталады, яғни 1 жұмыскерге келетін негізгі өндірістік қорлар құны.
Еңбектің техникалық қарулануы өндірістік құрал-жабдықтардың орташа жылдық құнын ең үлкен ауысымдағы орташа тізімдік жұмыскерлер санына бөлу арқылы анықталады.
Жұмыскерлерді қорлармен қамтамасыз етудің нәтижесіне баға беру үшін еңбектің қормен қарулануының арту қарқыны еңбек өнімділігінің өсуімен салыстырылады. Еңбек өнімділігінің өсуі қормен қаруландырудың өсу қарқынынан алда болғаны дұрыс.
8.5 Негізгі қорларды пайдалану тиімділігін талдау
Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігі – кәсіпорын қызметінің нәтижелілігін анықтаушы негізгі факторлардың бірі. Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігіне баға беру үшін келесідей көрсеткіштер жүйесі есептелінеді:
орташа жылдық
қалдық құны ) – негізгі өндірістік
қорлардың 1 теңгесіне неше теңгенің
өнімі өндірілгендігін
қалдық құны
/ жалпы өнім көлемі) – 1 теңге өнім
өндіру үшін неше теңгенің негізгі
қорлары пайдаланылғанын
Қор қайтарымы (Н) мен қор сыйымдылығы (С) бір-біріне кері көрсеткіш болғандықтан, олардың арасында келесідей байланыс бар:
Н = немесе С =
қорлардың орташа жылдық қалдық құны) – негізгі құралдардың 1 теңгесіне неше теңге пайда алынғанын сипаттайды.
+-Эн.ө.қ. = Ф1 – Ф0 *Iж.ө.
Мұндағы: Ф1 ,Ф0 – негізгі өндірістік қорлардың базисті (жоспарлы)
және есепті кезеңдегі орташа жылдық құны; Iж.ө. – жалпы өнім көлемінің индексі.
Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін сипаттаушы негізгі көрсеткіш – қорлардың рентабельділігі. Талданып отырған кәсіпорында қор қайтарымы өсіп, өнімнің қор сыйымдылығы кемігенімен, қорлардың рентабельділігі төмендеп отыр. Оның себебін анықтау үшін қорлардың рентабельділігінің факторлық үлгісін құру қажет. Қорлардың рентабельділігі (RФ) қор қайтарымынан (Н) және өнімнің рентабельділігінен (RӨ) тәуелді:
RФ = Н * RӨ.
8.6 Кәсіпорынның материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуін талдау
Өнім өндірісі жоспарын орындау мен өнімнің өзіндік құнын төмендетудің, пайда мен рентабельділік деңгейін жоғарылатудың қажетті шарттарының бірі - өндірісті қажетті шикізат пен материалдармен толық әрі уақтылы қамтамасыз ету болып саналады.
Кәсіпорынның шикізат пен материалдармен қамтамасыз етілу деңгейі қолда бар материалдар көлемін олардың жоспарлы қажеттілігімен салыстыру арқылы анықталады. Сонымен бірге, сатып алынған материалдардың сапасы, олардың стандарттар мен техникалық талаптарға сәйкестігі тексеріледі.
Талдау барысында қоймадағы шикізат пен материалдар қорының жағдайына ерекше көңіл бөлу керек. Өндіріс үрдісіне қажетті материал мен шикізаттың ағымдық, маусымдық және сақтық қорлары ажыратылады. Материалдардың ағымдық қорының көлемі (Қағ.) материалдарды жеткізу жиілігі (Жкүн) мен материал түрін тәуліктік тұтыну көлеміне (Ттәул.) байланысты :
Қағ. = Жкүн * Ттәул.
Кәсіпорынның материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуінен өндіріс көлемі тікелей тәуелді. Бұл байланысты сипаттау үшін натуралды шамадағы өнім өндірісін келесі үлгімен бейнелеуге болады:
Vi =
Мұндағы: Vi - белгілі бір өнім түрінің физикалық көлемі; Мi- өнім өндірісіне жұмсалған материалдық шығындар; Oi - материал қалдығы; Уi - өнім бірлігіне жұмсалған материал шығыны.
8.7 Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін талдау
Материалдық ресурстар өндіріс шығындарының елеулі үлесін алады, сол себепті оларды пайдалану тиімділігін талдау мен оны арттыру жолдарын іздестіру кез-келген кәсіпорын үшін маңызды мәселе. Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігіне сипаттама беру үшін жалпылаушы және жеке көрсеткіштердің жүйесі қолданылады.
Материалдық ресурстарды
пайдалану тиімділігін
Материал қайтарымы - бұл көрсеткіш тұтынылған материалдық ресурстардың әрбір теңгесіне неше теңгенің өнімі өндірілгенін сипаттайды. Оны анықтау үшін өндірілген өнім құнын материалдық шығындарға бөлу керек.
Материал сыйымдылығы – бұл көрсеткіш өнімнің бір теңгесін өндіруге неше теңгенің материалдық ресурстары тұтынылғанын сипаттайды, яғни материалдық шығындар / өндірілген өнім құны.
Өндіріс көлемі мен материалдық шығындардың арту қарқындарының қатынасының коэффициенті - бұл көрсеткіш материал қайтарымының динамикасына салыстырмалы баға беруге мүмкіндік береді. Оны анықтау үшін жалпы өнім көлемінің индексін материалдық шығындар индексіне бөлу қажет.
Өнімнің өзіндік
құнындағы материалдық
Материалдық шығындардың 1 теңгесіне келетін пайда – материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін сипаттаушы негізгі көрсеткіш, оны есептеу үшін негізгі қызметтен алынған пайда сомасын материалдық шығындарға бөлу қажет.
Материал сыйымдылығының жеке көрсеткіштері материалдық ресурстардың жеке түрлерін пайдалану тиімділігін (шикізат сыйымдылығы, металл сыйымдылығы, энергия сыйымдылығы, отын сыйымдылығы, т.б.) сипаттау үшін қолданылады.
Материал сыйымдылығының жеке көрсеткіштері құндық, натуралды не шартты-натуралды өлшем бірліктерінде есептелінуі мүмкін. Талдау барысында материалды пайдалану тиімділігінің жеке көрсеткіштері жоспарлы, базисті, нормативті көрсеткіштермен салыстырылып, олардың ауытқу себептері анықталады.
Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін сипаттаушы негізі көрсеткіш – материалдық шығындардың 1 теңгесіне келетін пайда (r). Оның деңгейінің жоғарылауы кәсіпорын қызметінің оң бағытқа өзгергенін көрсетеді. Оның деңгейі мен оған әсер еткен факторларды анықтау үшін келесі факторлық үлгіні пайдалануға болады:
r =
мұндағы: П - өнім өткізуден алынған пайда (жалпы табыс); МШ -өндіріске жұмсалған материалдық шығындар сомасы; Т - өнім өткізуден алынған түсім; Q- жалпы өнім құны; R – сатудың рентабельділігі; d - жалпы өнімдегі түсімнің үлесі, m - материал қайтарымы.
Бақылау сұрақтары:
1. Еңбек ресурстарын пайдалануды талдаудың міндеттері, ақпарат көздері.
2. Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуінің сандық және сапалық көрсеткіштері.
3. Еңбек өнімділігінің жалпылаушы, жеке және жанама көрсеткіштері, олардың мазмұны.
4. Еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін талдау әдістемесі.
5. Жалақы қорын пайдалану тиімділігін талдау әдістемесі.
7. Материалдық ресурстарды пайдалануды талдаудың міндеттері, ақпарат көздері.
8. Кәсіпорынның материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуі қалай талданады ?
9. Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері.
10. Тапсырыс пен запастың оңтайлы шамасын анықтау әдістемесі.
11. Запастарды басқару түсінігі, механизмі.
12. Запастарды басқарудағы АВС –талдаудың мәні қандай ?
13. Запастарды басқарудағы XYZ-талдаудың мәні қандай ?
ӘДЕБИЕТТЕР: Негізгі: 1,2,3,4; Қосымша: 4,6,7
9–Тақырып. Өнімнің өзіндік құнын талдау
Сабақтың мақсаты – студенттерге өнімнің өзіндік құнын талдау әдістемесі мен өзіндік құнды төмендету бойынша резервтерді іздестіруді үйрету.
Дәріс сұрақтары:
9.1 Жеке өнім түрлерінің өзіндік құнын талдау.
9.2 Өнімнің бір теңгесіне жұмсалған шығындарды талдау.
9.3 Өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтерін бағалау.
Негізгі (түйінді) түсініктер – шығын, шығын элементтері, өзіндік құн, өзіндік құнды калькуляциялау, калькуляция баптары, шығын баптары.
9.1 Жеке өнім түрлерінің өзіндік құнын талдау
Өнімнің өзіндік құны - өнім өндірісінің экономикалық тиімділігінің маңызды көрсеткіштерінің бірі. Оның деңгейінде шаруашылық қызметінің барлық жақтары көрініс табады, барлық өндірістік ресурстарды пайдалану нәтижесі бейнеленеді. Оның деңгейінен кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі, үдемелі ұдайы өндіріс қарқыны мен субъектінің қаржылық жағдайы тәуелді.
Өнімнің өзіндік құнын талдау шығындарды басқару жүйесінде үлкен мәнге ие. Оның негізінде бұл көрсеткіштің өзгеру тенденциясына, оның өзгерісіне факторлардың әсерінің сипатына, өнімнің өзіндік құнының деңгейін төмендету мүмкіншіліктеріне баға беруге болады.