Сабақтың мақсаты – экономикалық талдаудың кәсіпорынды басқару жүйесіндегі орны мен маңызы туралы түсінік беру

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 20:35, лекция

Описание работы

1.1 Экономикалық талдаудың түсінігі, пәні
1.2. Экономикалық талдаудың міндеттері.
1.3 Экономикалық талдаудың басқа ғылымдармен байланысы.

Работа содержит 1 файл

6. Лекция.doc

— 685.50 Кб (Скачать)

Операциялық қызмет –  компанияның негізгі қызметі  және сол қызметтен түсетін табыстар. Сондықтан осы қызметтен түсетін  және осы қызметке жұмсалатын ақша қаражаттары кәсіпорынның қаржылық жағдайының ең маңыздыс көрсеткіші болып табылады. Осы ақша ағындарына жататындар:

  1. өнімді сатудан және қызмет көрсетуден түскен ақша қаражаты;
  2. берілген қарыздар, бағалы қағаздарға салынған инвестиция бойынша пайыздар және дивидендтер түріндегі ақша қаражаттары;
  3. жабдықтаушыларға сатылған тауар мен көрсетілген қызмет үшін төленген ақша қаражаттары;
  4. қарыз үшін есептелген пайыздар, салықтар, еңбекақыға төленген ақша қаражаты.

Инвестициялық қызмет –  бұл негізгі құралдарды, материалдық  емес активтерді және басқа да компанияның инвестицияларын алу мен сатуға байланысты қызмет. Осы ақша ағындарына жататындар:

  1. негізгі құралдарды, материалды емес активтерді сатып алумен байланысты ақша қаражатының шығыны мен  өзі өндіретін негізгі құралдар және жасалым шығындарын капитализациялаумен байланысты төлемдер;
  2. негізгі құралдарды, материалды емес активтерді және басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатудан түскен ақшалар;
  3. үлестік және қарыздық құралдарға және біріккен кәсіпорындардағы үлестік қатысуға қатысты төлемдер мен ақша түсімдері;
  4. басқа кәсіпорындарға ұсынылатын аванстық ақшалай төлемдер мен несиелер және осы аванстарды өтеумен байланысты ақшалардың түсімі.

Қаржылық қызмет –  бұл компанияның капиталы мен  заемдық қаражаттарының құрамы мен  көлеміне өзгеріс әкелетін қызмет түрі. Бұл ақша қаражаттары келесі ақша ағындарын қамтиды:

  1. акциялар немесе басқа да үлестік құралдар, қарыздық бағалы қағаздарды шығарудан және қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді несиелерді алудан түскен ақша қаражаттары;
  2. акционерлерге (құрылтайшыларға) дивиденд төлеу; заемдық қаражаттардың негізгі қарызын өтеу;
  3. меншікті акцияларды сатып алуға кеткен ақша жұмсалымдары;
  4. қаржылық жал бойынша қарызды азайту мақсатындағы жалға алушының ақшалай төлемдері /1/.

Инвестициялық қызметтен  түсетін ақша қаражаттарының қозғалысын ашып көрсеткен кезде тура әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім қаражаттары мен төлемдердің негізгі түрлері ашып көрсетіледі, не жанама әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында таза табыс пен зиянға ағымдағы активтер мен міндеттемелерге, ақша операцияларының өзгерістеріне, сондай-ақ инвестициялық немесе қаржылық кызметтің нәтижесі болып табылатын кірістеріне немесе зияндарына қарап түзетулер енгізіледі.

Операциондық қызметтегі ақша қозғалысын анықтау үшін тікелей және жанама әдістер пайдаланылады.

Тікелей әдісте ақша қозғалыстарының  негізгі түрлері ашылады. Мысалға, өнімді сатудан түскен түсімнен сатып  алынған материалдардың барлық төлем  түрлерін, КДШ (көлік-дайындау шығыстарының) төлемін, несие үшін пайыздық төлемдерін, бюджетке тиесілі төлемдерін шегереді.

Операциондық қызметте тікелей әдісті пайдаланған кезде  ақша қаражатының түсуі мен шығуының нәтижесі: өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан  түскен түсімнен, алынған аванстан, пайыздан, дивиденттен, роялтиден және т.б. табыстардан; жабдықтаушылармен және мердігерлердің қарызын төлегеннен, берілген аванстан, төлеген жалақыдан, бюджет пен бюджеттен тыс төлемдерінен және т.б. шығыстарынан тұрады.

Жанама әдістер —  бұл әдісте таза табыс немесе зиян өзгерген ағымдағы активтер мен міндеттемелеріне, ақшасыз операцияларына, сондай-ақ өткен жылдармен салыстыра отырып, қаржылық және инвестициялық қызметтердің нәтижесі болып табылатын табыстар мен шығыстарға түзету (корректир) жасалады. Бұл әдісте баланс мәліметтері мен каржылық-шаруашылық кызметінің нәтижесі туралы есеп беру мәліметтерін негізге алады. Бұл әдіс қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің әрбір баптарына түзету енгізуді көздемейді. Тек қана таза табыс сомасын өткен жылдармен салыстыру арқылы есептік кезеңнің көрсеткіштеріне түзетулер енгізіледі. 1 – кестеде таза табысты түзетудің жолдары көрсетілген.

 

Кесте 1 – Таза табысты (зиянды) түзету

 

Таза табысты түзететін  операциялар

Түзетуді жүргізудің тәртібі

Материалдық емес активтер мен негізгі кұралдар бойынша есептелген амортизация

Есептелген амортизация  сомасы таза табыс сомасына косылады, өйткені ол ақша қаражаттарының шығысын  әкелмейді.

Ағымдағы активтердің  сомасының өзгерістері: дебиторлық қарыздар, қорлар (запастар), болашақ  кезеңнің шығыстары, басқа да ағымдағы активтер т.б.

Егер ағымдағы активтер өсетін болса, онда ағымдағы ақша қаражаттары  азаяды, ал егерде керісінше болса, онда ақша қаражаттары өседі, онда олардан  түскен табысы да көрсетіледі.

Ағымдағы міндеттемелердің сомасының өзгерістері (қысқа мерзімді банк несиелерін қоспағанда), кредиторлық қарыздар, салық төлемдері, басқа да ағымдағы міндеттемелер

Ағымдағы міндеттемелердің сомасы өссе, акша ағынының сомасы да өседі, егер міндетгемелер азайса, онда ақша каражаттары да азаяды, онда олардан алынған шығысы да көрсетіледі.


 

            14.2. Ақша қаражаттары қозғалысының есебінің құрылымы

 

Әдетте, ақша ағымы  инвестициялық, операциялық және қаржылық қызмет түрлері бойынша есептелген ақша ағымдарынан құралады. Кейбір жобаларда ақша ағымын қызмет түрлері бойынша нақты ажыратып   көрсету қиындықтар тудырады, сол себепті мұндай жобаларда ақша ағымдарын қызмет түрлері бойынша бөлмей, біріктіріп есептеу ұсынылады.

Халықаралық қаржы есептілігінің «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» стандартына сәйкес (7 IAS): 

– операциялық қызмет – компанияның кіріс келтіретін негізгі қызметі және инвестициялық және  қаржы қызметінен айырмашылығы бар басқа қызмет;

– инвестициялық қызмет – ақша қаражаттарының баламаларына жатпайтын ұзақ мерзімді активтер мен басқа да инвестицияларды сатып алу және сату;

– қаржылық қызмет – компанияның меншік капиталы мен заем қаражаттарының мөлшері мен құрамындағы өзгерістерге әкеп соқтыратын қызмет.

Инвестициялық қызмет бойынша ақша ағымының шығысына негізгі құралдарды сатып алуға, орнатуға, іске қосу мен жоюға, істен шыққан негізгі құралдарды ауыстыруға, модернизациялауға кеткен шығындар, сыртқы инфрақұрылым объектілерін қалыптастыруға кеткен шығындар жатады. Егер инвестициялық жоба кәсіпорындарды, пайдалы қазба орындарын не басқа да  дайын объектілерді толықтай сатып алуды қамтыса, онда оларды сатып алу шығындары да ақша ағымының шығысына  қосылады.  Инвестициялық қызметтен ақша ағымының кірісін істен шыққан активтерді сатудан түскен табыстар құрайды.

Операциялық қызметтің негізгі нәтижесі өндіріске тартылған инвестицияға алынған пайда болып саналады. Сол себепті операциялық қызмет бойынша ақша ағымында өнімді өндіру мен өткізумен байланысты барлық  табыстар мен шығындар, салықтар есепке алынады. 

Қаржылық қызмет бойынша ақша ағымының кірісіне меншікті (акционерлік) капиталдан салымдар, субсидиялар мен дотациялар, сырттан тартылған қаражат жатады. Тартылған несиелердің негізгі бөлігі мен өсімін қайтару, төленген дивидендтер ақша ағымының шығысына жатады (2–кесте).

 

Кесте 2 – Ақша қаражаттарының қызмет түрлері бойынша қозғалысы

 

Ақша қаражаттарының кірісі

Ақша қаражаттарының шығысы

Операциялық қызмет

Тауарлар сату, қызмет көрсету

Тауар жеткізушілер мен  қызмет көрсетушілерге төлемдер

Алынған аванстар

Берілген аванстар

Дивидендтер

Жалақы төлемдері

Басқа да түсімдер

Қарыз бойынша сыйақы төлемдері

 

Корпорациялық табыс  салығы

 

Бюджетке басқа да төлемдер

 

Басқа да төлемдер

Инвестициялық қызмет

Негізгі құралдарды сату

Негізгі құралдар сатып  алу

Материалдық емес активтерді сату

Материалдық емес активтер сатып алу

Басқа да ұзақ мерзімді активтерді сату

Басқа да ұзақ мерзімді активтер сатып алу

Басқа ұйымдарға берген несиенің өтелуі

Басқа ұйымдарға несие  беру

Қаржылық активтерді сату

Қаржылық активтер сатып  алу

Фьючерстік, форвардтық келісімдер, опцион

Фьючерстік, форвардтық келісімдер, опцион

Басқа да

Басқа да

Қаржылық қызмет

Акциялар мен басқа  құнды қағаздар эмиссиясы

Өз акцияларын сатып  алу

Несие алу

Несиені өтеу

Қаржыландырылған жал  бойынша сыйақы алу

Дивиденд төлеу

Басқа да түсімдер

Басқа да шығыстар


 

Бақылау сұрақтары:

 

1. Ақша қаражаттарының  қозғалысы туралы есепті дайындаудың  тікелей әдісінің мәні қандай?

2. Ақша қаражаттарының  қозғалысы туралы есепті дайындаудың  жанама әдісінің мәні қандай?

3. Қаржылық қызметтен ақша қозғалысына нелер жатады?

4. Инвестициялық қызметтен  ақша қозғалысына нелер жатады?

5. Операциялық қызметтен  ақша қозғалысына нелер жатады?

6. Ақша қаражаттары  қозғалысының есебінің қаржылық  есептің басқа формаларымен байланыс  қандай?

ӘДЕБИЕТТЕР: Негізгі: 1,2,3,4; Қосымша: 4,6,7

 

15–Тақырып. Компанияның табыстылығын талдау

 

Сабақтың мақсаты – кәсіпорынның табыстылығын талдау негізінде табыстылықты жоғарылату мүмкіншіліктерін анықтауды меңгерту.

           Дәріс сұрақтары:

15.1. Табыстылық  көрсеткiштерiн талдаудың мiндеттерi

15.2 Жеке өнім түрлерінің табыстылығын талдау.

15.3 Кәсіпорынның жалпы рентабельділігін талдау.

15.4 Сатудың зиянсыз көлемін талдау

            Негізгі (түйінді) түсініктер – табыс, табыстылықтың абсолютті көрсеткіштері, табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштері, жалпы табыс, таза табыс, рентабельділік, сатудың зиянсыз көлемі, зиянсыздық нүктесі

         Дәріс тезистері. 

 

       15.1    Табыстылық  көрсеткiштерiн талдаудың мiндеттерi

 

         Кез - келген кәсiпорын қызметiнiң экономикалық негiзi – табыс алу. Табыс шаруашылық етудiң нәтижесiн, тiрi және өткен еңбектiң өнiмдiлiгiн бейнелейдi.

Кәсiпорынның табыстылығының өсуiне шаруашылық субъектiсiнiң өзi де, мемлекет те қызығулы, себебi табыс  негiзiнен екi функция атқарады:

1. Мемлекеттiк бюджет  кiрiсiнiң көзi.

2. Кәсiпорынның өндiрiстiк  және әлеуметтiк дамуының көзi.

Табыстылық көрсеткiштерiн  талдаудың мiндеттерi:

  • қаржылық нәтиженің қалыптасуын жүйелі түрде қадағалау;
  • қаржылық нәтиженің өзгерісіне объективті және субъективті факторлардың әсерін анықтау;
  • табысты тиiмдi пайдалану бағыттарын ұсыну;
  • табыстылықтың түрлi коэффициенттерiн оқу, оларға факторлардың әсерiн анықтау;
  • табысты жоғарылату резервтерiн анықтау және ол резервтерді игеру шараларын дайындау.

 

         15.2  Жеке өнім түрлерінің табыстылығын талдау

 

Шаруашылық  субъектілері өз пайдаларының негізгі  бөлігін өнім мен қызмет сатудан  алады. Сол себепті талдау барысында  кәсіпорын шығаратын жеке өнім түрлерінің қаржылық нәтижесінің өзгерісіне баға беруге болады.

Жеке өнім түрлерінің табыстылығы өнім бірлігіне шаққандағы пайда сомасымен немесе өнімнің  рентабельділігімен сипатталады. Өнімнің  рентабельділігі өндіріске жұмсалған  шығынның 100 теңгесіне неше теңге  пайда алынғандығын сипаттайды,  яғни шығынның қайтарымын. Оның деңгейі  (Р) келесідей есептелінеді:

 

Р =

           

 

Мұндағы: p - өнім бірлігінің бағасы; z - өнім бірлігінің өзіндік құны.

Жеке өнім түрін  өткізудің  қаржылық нәтижесі мен  ол өнімнің рентабельділігіне 3 фактордың өзгерісі әсер етеді:

- өнім бағасының  (p) өзгерісі;

- өнімнің өзіндік  құнының (z) өзгерісі;

- сатудың физикалық  көлемінің  (q) өзгерісі.

Кәсіпорында есепті жылы А өнім түрін өткізуден алған  жалпы табыс сомасы 6000 мың теңгеге   немесе 12,5 %-ға жоғарылаған. Мұндай нәтиже 3 фактордың әсерінен қалыптасып отыр:

1) 1 т өнім  бағасының 4000 теңгеге немесе 22,2 %-ға  жоғарылауынан жалпы табыс сомасы 36000 мың теңгеге өсіп отыр:

 

(p - p0) * q1 = (22000-18000)* 9000 =  + 36000 мың теңге.

 

2) 1т өнімнің өзіндік құнының 2000 теңгеге жоғарылауы табыс сомасын 18000 мың теңгеге кемітті:

 

- (z - z0) * q1 = - (16000-14000)* 9000 =  - 18000  мың теңге.

 

3) Өнімді сату  көлемінің 3000 тоннаға не 25 % - ға  кемуі себебінен  жалпы   табыс сомасы  12000 мың теңгеге кеміді:

 

(q - q0) * (p - z0) = (9000 -12000) * (18000-14000) = -12000 мың теңге.

 

Үш фактордың  әсері:  36000-18000-12000 = + 6000  мың тг.

 

Өзіндік құнның өсу қарқынынан бағаның өсу қарқыны  алда болуына байланысты,  сату көлемінің  кемуіне қарамастан  өнім түрін өткізуден алынған жалпы табыс өсіп отыр. Кесте мәліметтері бойынша өткен жылмен салыстырғанда өзіндік құн 14,3 %-ға өскенде, баға 22,2 % жоғарылап отыр, демек өзіндік құнның 1 пайызға артуына бағаның 1,5 пайызға артуы тура келеді.  Сонымен бірге талдау тереңірек болуы үшін нақты кәсіпорын деңгейінде  өнімнің өзіндік құны мен бағасы, сату көлемі не себепті өзгергендігін анықтау қажет, ол факторлардың ішінде ішкі және сыртқы, объективті және субъективті факторлар анықталып, тиісті шаралар жүзеге асырылуы тиіс.

 

        15.3 Кәсіпорынның жалпы рентабельділігін талдау 

 

         Кәсiпорын қызметінің қаржылық  нәтижесіне жалпы баға беру  үшін  табыстылықтың   абсолюттi және салыстырмалы көрсеткiштерін  есептеу қажет.  Табыстылықтың  абсолюттi көрсеткiштерi – табыстар не пайда сомасы, ал салыстырмалы көрсеткiштер табыс сомасын өндірісте пайдаланылған не тұтынылған ресурстар  көлемiне бөлу арқылы анықталады. Олардың негізгілері келесілер:

Информация о работе Сабақтың мақсаты – экономикалық талдаудың кәсіпорынды басқару жүйесіндегі орны мен маңызы туралы түсінік беру