Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 20:35, лекция
1.1 Экономикалық талдаудың түсінігі, пәні
1.2. Экономикалық талдаудың міндеттері.
1.3 Экономикалық талдаудың басқа ғылымдармен байланысы.
Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштері:
- өнім (жұмыс, қызмет ) өткізуден табыс: - кәсіпорынның өнім сату , жұмыс, қызмет көрсетуден алған ақшалай кірісі (түсім), оны есептегенде қосылған құн салығы мен акциз есепке алынбайды. Бұл көрсеткіш кәсіпорын қызметінің тікелей табыстылығын емес, шаруашылықтың ауқымын, көлемін бейнелейді.
- жалпы пайда (маржиналдық табыс): өнім өткізуден түскен табыс (түсім) - өткізілген өнімнің өзіндік құны. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның өндіріске жұмсалған айнымалы шығындарды жабу деңгейін сипаттайды.
- кезең ішіндегі
- салық төлегенге дейінгі пайда: жалғастырылатын қызметтен пайда +- тоқтатылған қызмет нәтижесі.
- азшылықтың үлесі шегерілгенге дейінгі қорытынды пайда: салық төлегенге дейінгі пайда – корпорациялық табыс салығы.
- жиынтық пайда (таза табыс): азшылықтың үлесі шегерілгенге дейінгі қорытынды пайда –азшылықтың үлесі.
Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштері:
- өткізілген өнімнің
жалпы пайда / өткізілген өнімнің өзіндік құны * 1 00
- өнімнің 1 теңгесіне шығын - өткізілген өнімнің 1 теңгесіне неше теңге шығын жұмсалған шығын сомасы.
өткізілген өнімнің өзіндік құны / өнім өткізуден табыс (түсім)
- негізгі өндірістің рентабельдігі – негізгі өндіріске жұмсалған барлық шығындардың 100 теңгесіне неше теңге табыс алынғанын сипаттайды:
жалғастырылатын қызметтен пайда / (өнімнің өзіндік құны + кезең шығындары) 100
- сатудың рентабельділігі – түсімнің 100 теңгесіне неше теңге пайда алынғанын сипаттайды :
жалпы пайда / өнім өткізуден табыс *100
- активтердің , меншікті капиталдың, заемдық капиталдың, т.б. рентабельділігі – активтердің, меншікті капиталдың, т.б. 100 теңгесіне неше теңге таза табыс алынғанын сипаттайды:
таза табыс / активтер, меншікті капитал т.б. орташа жылдық құны * 100
- инвестициялардың рентабельділігі - инвестицияланған қаражаттың 100 теңгесіне неше теңге таза табыс алынғанын сипаттайды:
таза табыс / меншікті кап. + ұзақ мерз. міндеттеме орт. құны * 100
- өндірістік қорлардың рентабельділігі - өндірістік қорлардың 100 теңгесіне неше теңге таза табыс алынғанын сипаттайды:
таза табыс / негізгі + айналым қорларының орт. жылдық құны * 100
- негізгі қорлардың
таза табыс / негізгі өндірістік қорлардың орт. жылдық құны * 100
Жоғарыда
келтірілген табыстылықтың
- еңбек өнімділігі (сағаттық, тәуліктік, жылдық );
- өнімнің еңбек сыйымдылығы;
- қор қайтарымы;
- қор сыйымдылығы;
- материал қайтарымы;
- материал сыйымдылығы (отын, энергия сыйымдылығы) , т.б.
15.4. Сатудың зиянсыз көлемін талдау
Зиянсыздық – бизнестің пайда да, зиян да әкелмейтін күйі. Басқаша айтсақ, бұл – кәсіпорынның пайда ала бастауын қамтамасыз ететін түсім сомасы немесе өндіріске жұмсалған барлық шығындарды жабатындай сату көлемі. Осы өнім көлемінен кейін сатылған өнімнің әрбір бірлігі кәсіпорынға пайда әкеле бастайды.
Сатудың зиянсыз көлемі бизнес-жоспарларды дайындауда, басқару шешімдерін қабылдау мен кәсіпорын қызметін бағалауда негізгі көрсеткіш болып саналады, сол себепті оны әрбір экономист, менеджер, бухгалтер анықтап, талдай алуы қажет.
Сатудың зиянсыз көлемі (qЗ) натуралды және ақшалай өлшемде бейнеленуі мүмкін. Натуралды өлшемдегі сатудың зиянсыз көлемі кәсіпорын қалыптасқан жағдайда қанша бірлік өнім сатқанннан бастап пайда ала бастайтындығын көрсетеді. Оны анықтау үшін келесі формула қолданылады:
qЗ(натуралды) =
Мұндағы: С- өнім өндірісіне жұмсалған тұрақты шығындар сомасы; р - өнім бірлігінің бағасы; в - өнім бірлігіне жұмсалатын айнымалы шығындар.
Жоғарыдағы формуланы алу үшін (сатудың зиянсыз көлемін анықтау үшін) түсім сомасы (q*p) мен барлық шығындарды (C+q*b) теңестіру қажет: q*p=C+q*b, осы теңдік бойынша түсім сомасы барлық шығынға теңелетін сату көлемі: qЗ = .
Сатудың зиянсыз көлемін құндық өлшемде анықтау үшін тұрақты шығындар сомасын (С) түсімдегі маржиналдық табыстың үлесіне бөлу керек (Үм.):
qЗ(құндық) =
Маржиналдық табыс түсім мен айнымалы шығындардың айырмасы, ал өнім бірлігіне шаққандағы маржиналдық табыс: .
Мысал:
Өнім бірлігінің күтілетін нарықтық бағасы, тг (р) |
2000 |
Өнім бірлігіне жұмсалатын айнымалы шығындар, тг (b) |
1500 |
Тұрақты шығындар сомасы, мың тг. (С) |
5000 |
Осындай жағдайда кәсіпорын барлық шығындарды өтеп, пайда алуы үшін қандай көлемде өнім сатуы керек ?
qЗ =
Демек, кәсіпорын қалыптасқан жағдайда осы өнім түрін сатудан пайда алуы үшін 10 000 бірліктен көп өнім сата алуы керек.
Сату көлемі зиянсыз көлемнен асқаннан бастап өнімнің әрбір бірлігі маржиналдық табысқа тең пайда әкеледі, яғни осы көлемнен асқанннан бастап тұрақты шығындарды «есепке алмауға болады», себебі тұрақты шығындар сомасы зиянсыз сату көлемімен толық өтеледі.
Айталық, жоғарыдағы мысал бойынша кәсіпкер өнім сатудан 2,5 млн. теңге пайда алуды жоспарласа, сату көлемі қанша болуы керек ?
Айтылып өткеніндей, зиянсыз сату көлемінен кейін сатылған әрбір өнім маржиналдық табысқа тең пайда әкеледі: 2000-1500=500 тг. Демек 2,5 млн.тг. пайда алу үшін зиянсыз көлемге қосымша 5000 бірлік өнім сатылуы керек (2,5 млн.тг/500 тг.), барлығы 15000 бірлік (10000+5000).
Нақты сату көлемі мен сатудың зиянсыз көлемі арасындағы айырмашылық – қауіпсіздік аймағы деп аталынады. Жоғарыдағы мысал бойынша кәсіпорынның нақты сату көлемі 16000 бірлік болса, онда қауіпсіздік аймағы 6000 бірлікті (16000-10000) немесе 37,5 % құрайды (6000/16000), демек кәсіпорынның нақты сату көлемі 6000 бірлікке не 37,5 % ға кемігеннен бастап қана кәсіпорын зиян шеге бастайды.
Бақылау сұрақтары:
1. Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесін талдаудың міндеттері, ақпарат көздері.
2. Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесін сипаттаушы көрсеткіштер жүйесі.
3. Бірнеше және жеке өнім түрлерін өткізуден түскен пайда сомасының өзгерісіне факторлардың әсерін есептеу әдістемесі.
4. Орташа сату бағасына қандай факторлар әсер етеді және олардың әсері қалай есептелінеді ?
5. Өнімнің рентабельділігіне қандай факторлар әсер етеді және олардың әсерін есептеу әдістемесі қандай ?
6. Пайданы жоғарылату резервтерінің негізгі көздерін атаңыз және оларды есептеу әдістемесі.
ӘДЕБИЕТТЕР: Негізгі: 1,2,3,4; Қосымша: 4,6,7
Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер
1. Исмаилова А.С., Байдақов А.Қ. Қаржылық және басқару талдауы. –Астана, 2009. – 154 б.
2. Лысенко, Д.В. Экономический анализ: учебник.- М.: ТК Велби, Издательство Проспект, 2008.- 376 с.
3. Дюсембаев, К.Ш. Анализ финансовой отчетности: Учебник.- Алматы: Экономика, 2009.- 366 с.
4. Утибаев Б.С. Қаржылық талдау. – Астана: Экономика, 2009.
5. Басовский Л.Е., Басовская Е.Н. Комплексный экономический анализ хозяйственной деятельности: Учеб. пособие.- М.: ИНФРА-М, 2009.- 366 с.
Қосымша әдебиеттер
1. Байдақов А.Қ. Қаржылық талдау. –Астана, 2006. – 76 б.
2. Исмаилова А.С., Байдақов А.Қ. Басқарушылық талдау. –Астана, 2006. – 131 б.
3. Ефимова О.В. Финансовый анализ.-М.: 2001. –305 с.
4. Балдин К.В., Воробьев В.Б. Управленческие решения. –М.:Дашков и К, 2006.-496 с.
5. Экономический анализ: Основы теории. Комплексный анализ хозяйственной деятельности организации: учебник / под ред. Н.В. Войтоловского, А.П. Калининой, И.И. Мазуровой.- 3-е изд.- М.: Издательство Юрайт, 2010.- 507 с.
6. Анализ хозяйственной деятельности: учебное пособие / под ред. В.И. Бариленко.- М.: Эксмо, 2011.- 352 с.
7. Гинзбург, А.И. Экономический анализ.- 2-е изд.- СПб.: Питер, 2010.- 208 с.:
8. Дюсембаев
К.Ш. Анализ финансового
9. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: Учебник. М.: 2007. –336с.
10. Дроздова
Н.В. Экономический анализ.–
11. Бочаров В.В. Финансовый анализ. – СПб. 2005. -240 с.
12. Шеремет А.Д., Негашев Е.В. Методика финансового
анализа деятельности коммерческих организаций.-
2-е изд..- М.: ИНФРА-М, 2010.- 208 с.
13. Либерман И.А. Анализ
и диагностика финансово-
14. Любушин, Н.П. Экономический анализ: учебник.- 3-е изд..- М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2010.- 575 с.
15. Маркарьян, Э.А. Экономический анализ
хозяйственной деятельности: учебное
пособие.- 2-е изд..- М.: КНОРУС, 2010.- 536 с.
16. Савицкая, Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: учебник.-5-е изд..-М.: ИНФРА-М, 2010.-536 с.
17. Савицкая, Г.В. Теория анализа хозяйственной деятельности: учеб. пособие.-2-е изд..- М.:ИНФРА-М, 2009.-303с.
18. Теория экономического анализа: учебное пособие / под ред. Р.П. Казаковой, С.В. Казакова.- М.: ИНФРА-М, 2010.- 239 с.
Ф ҚазЭҚжХСУ 703-01-10