Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 20:35, лекция
1.1 Экономикалық талдаудың түсінігі, пәні
1.2. Экономикалық талдаудың міндеттері.
1.3 Экономикалық талдаудың басқа ғылымдармен байланысы.
Дәріс тезистері:
5.1. Басқарушылық
талдаудың мақсаты мен
Бухгалтерлік есеп пен аудиттің халықаралық стандарттарына көше бастауымызға байланысты бухгалтерлік есеп қаржылық және басқарушылық есепке бөлінді. Бірақ мұндай бөліністі шарты деп айтуға болады, себебі басқарушылық есеп қаржылық есептің жалғасы ретінде қарастырылуы мүмкін және керісінше.
Қаржылық есеп кәсіпорынның мемлекет пен ақпаратты сыртқы пайдаланушылар арасындағы қарым-қатынастарын реттейді. Ал басқарушылық есеп мемлекетпен реттелмейді, оны ұйымдастыру мен оның әдістерін кәсіпорын басшысы анықтайды. Басқарушылық есептің мақсаты – меншік иелері мен кәсіпорын басшылығын тиімді басқарушылық шешімдерін қабылдау үшін қажетті сапалы ақпаратпен қамтамасыз ету.
Бухгалтерлік есептің қаржылық және басқарушылық есептерге бөлінуі кәсіпорын деңгейінде шаруашылық қызметін талдаудың да екіге бөлінуінің алғышарттарын жасады.
5.2. Басқарушылық
және қаржылық талдау
Талдауды ішкі және сыртқы деп бөлудің негізгі критерийі – пайдаланатын ақпарат сипаты. Сыртқы талдау жарияланатын есептік мәліметтерге, яғни кәсіпорын қызметінің шектеулі бөлігін ғана сипаттайтын мәліметтерге негізделеді.
Басқарушылық (ішкі) талдаудың ақпараттық базасы ретінде кәсіпорын қызметі туралы барлық ақпарат саналады: өндірістің техникалық жарамдылығы туралы ақпарат, нормативті және жоспарлы ақпарат, оперативті, бухгалтерлік және статистикалық есеп мәліметтері, сыртқы қаржылық есеп, барлық ішкі есеп жүйесі, басқа да ақпараттар, оның ішінде мамандар пікірі, жиналыстар шешімі, т.б.
Қаржылық және басқарушылық талдау мақсаты мен міндеттеріне қарай да ерекшеленеді.
Қаржылық талдаудың мақсаты – анықталған нәтижелер негізінде кәсіпорынның қаржылық жағдайына баға беру, оны жақсарту бойынша ұсыныстар жасау. Ол ішкі және сыртқы болуы мүмкін. Ішкі қаржылық талдау қалыптасқан қаржылық жағдайдың себептерін терең талдап, оны жақсарту бойынша шаралар белгілейді. Ал сыртқы қаржылық талдаудың міндеті сыртқы ақпарат пайдаланушылар қызығушылығымен анықталады.
Басқарушылық талдау тек ішкі бола алады. Тек осы талдау түрі ғана кәсіпорындағы нақты жағдайға баға бере алады, тек өндірілген және сатылған өнімнің өзіндік құнының құрылымын ғана емес, жеке өнім түрлерінің өзіндік құнын, коммерциялық және басқару шығындарының құрамын оқуға мүмкіндік береді.
Басқарушылық талдаудың мәліметтері кәсіпорынның бәсеке саясатының негізгі сұрақтарын қалыптастыруда шешуші роль атқарады, оны басқару ақпараты өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру мен пайда сомасын максималдау механизмін дайындау үшін пайдаланады. Осы себептерге байланысты басқарушылық талдаудың нәтижелері жарияланбайды, коммерциялық құпия болып саналады.
Қаржылық және басқарушылық талдаудың салыстырмалы сипаттамасы 1 – кестеде келтірілген.
Кесте 1- Талдау түрлерінің салыстырмалы сипаттамасы
Салыстыру облысы |
Қаржылық талдау |
Басқарушылық талдау |
Ақпаратты пайдаланушылар |
Ішкі, сыртқы кез-келген қызығушы тарап |
Кәсіпорын басшылығы |
Зерттеу объектілері |
Кәсіпорын біртұтас жүйе ретінде |
Кәсіпорын, оның құрылымдық бірліктері |
Ақпарат көздері |
Қаржылық есеп формалары |
Экономикалық ақпараттар кешені |
Ақпараттың өлшем бірліктері |
Ақшалай форма |
Кез-келген формада |
Талдау кезеңділігі |
Есеп формаларын құру уақыты (тоқсан, жыл) |
Қажеттілікке қарай |
Ақпараттың еркіндігі |
Жалпыға ортақ |
Қатаң құпия |
Бақылау сұрақтары:
1. Басқарушылық талдаудың қаржылық талдаудан айырмашылығы қандай?
2. Басқарушылық талдау сыртқы бола ала ма?
3. Экономикалық талдау жүйесін басқарушылық және қаржылық деп бөлудің қажеттілі бар ма?
4. Басқарушылық талдаудың негізгі кезеңдері қандай?
ӘДЕБИЕТТЕР: Негізгі: 1,2,3,4; Қосымша: 5,6,7
6–Тақырып. Компанияның маркетингтік қызметін талдау
Сабақтың мақсаты – студенттерге маркетингтік қызмет аясын талдауды меңгерту.
Дәріс сұрақтары:
6.1. Маркетингтік талдаудың мәні мен міндеті.
6.2. Маркетингтік талдаудың кезеңдері
6.3. Өнімнің бәсеке қабілеттілігін талдау
Негізгі (түйінді) түсініктер – сұраныс, ұсыныс, баға, баға белгілеу стратегиясы, тапсырыс портфелі, баға саясаты, бәсеке, бәсеке қабілеттілік.
Дәріс тезистері.
6.1. Маркетингтік талдаудың мәні мен міндеті.
Маркетингтік талдаудың мәні екі қарапайым сұраққа жауап беруде:
а) жобаны жүзеге асыру нәтижесінде алынатын өнімді (қызметті) сата аламыз ба?
б) сатылатын өнім көлемі инвестициялық жоба шығындарын өтей ала ма?
Жоба әрекет етуші нарықта жүзеге асырылуына байланысты талдау барысында нарықтың сипаттамасы, бәсекелестер мен тұтынушылар талдануы тиіс.
Нарықты зерттеу – жобаны талдаудың маңызды сатысы, оған аса жауапкершілікпен қарау қажет. Коммерциялық жобаларды жүзеге асырудың тәжірибесі сәтсіздікке ұшыраған жобалардың көпшілігі нарықты сапасыз талдау мен оның сыйымдылығын асыра бағалаумен байланысты екенін көрсетеді.
Нарықтың сипаттамасын зерттеу жоба бағытталып отырған нарық сегментінің даму сипатын (дамып келе жатқан нарық, тұрақты нарық, стагнациядағы нарық), нарықтағы бәсекелестік пен нарықтың реттелу деңгейін, сұраныс пен ұсыныстың қатынасы мен даму динамикасын, нарықтың сыйымдылығын зерттеуді қамтиды.
Нарық сыйымдылығын талдағаннан кейін, бәсекелестік ортаны талдау қажет. Бәсекелестерді талдау келесідей сұрақтарды қамтуы тиіс.
– нарықтағы ірі өндіруші кім болып табылады?
– олардың өнімі қандай, оның сипаттамасы, сапасы, тұтынушылардың пікірі қандай?
– бәсекелестердің баға деңгейі, баға саясаты қандай?
– бәсекелестердің сату көлемі мен табысы қандай, олар жарнамаға қаншалықты көңіл бөледі?
Жиналған ақпаратты талдау мен қорытындылау бәсекелестердің артықшылықтары мен кемшіліктерін, әр бәсекелестің нарықтағы қызмет аясын, максималды және минамалды баға деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Егер нарық сыйымдылығы мен бәсекелестік орта осы нарыққа енуге мүмкіндік берсе, онда потенциалды тұтынушыларға талдау жүргізу қажет. Тұтынушыларды талдау барысында тұтынушылардың сұранысы, талғамы, нарықтың потенциалды секторлары мен сатып алу үдерісінің сипаты жан–жақты зерттелуі қажет.
Маркетингтік талдау
негізінде инвестициялық
Маркетинг жоспарын дайындауда
кәсіпорын өнімдерінің
6.2. Маркетингтік талдаудың кезеңдері
Басқарушылық
зерттеу – бұл кәсіпорын
Маркетинг аясында талдаудың жеті облысын бөліп көрсетуге болады:
1) кәсіпорынның нарықтағы үлесі мен бәсеке қабілеттілігі;
2) тауарлар
мен қызметтердің түрлері,
3) нарықтық, демографиялық статистика;
4) жаңа
тауарлар мен нарықтарды
5) сатып алушыларға қызмет көрсету;
6) жарнама;
7) пайда.
Қазақстандық кәсіпорындардың көпшілігі үшін бухгалтерлік есеп пен қаржы ресурстарын зерттеу өте қажет, себебі олардың көпшілігінде қаржы ресурстарын басқару функциясы жүзеге асырылады және басқарушылар қаржылық қиындықтардың негізгі себептерін білмейді. Сол себепті қаржылық қызметті талдау кәсіпорынның ішкі әлсіз жақтарын айқындап, оны жою үшін шаралар дайындауға мүмкіндік береді.
Өндірісті басқаруды талдау кәсіпорын дамуы үшін өте маңызды және ол келесі сұрақтарға жауап беруі тиіс:
1.Кәсіпорын тауарлар мен қызметтерді бәсекелестерімен салыстырғанда төмен шығындармен өндіре ала ма? Егер жоқ болса, неге?
2. Кәсіпорын қызметі бір не бірнеше жеткізушілерден тәуелді ме? Неге?
3.
Кәсіпорын құрал жабдықтары
4. Материалдық қорлар көлемі мен тапсырыс мерзімін қысқартуға бола ма? Қорлар мен тапсырысты басқару жүйесі бар ма?
5. Кәсіпорын
тауарлары мен қызметтері
6. Кәсіпорын
бәсекелестер игере алмаған
7. Кәсіпорында сапаны бақылау мен реттеудің тиімді жүйесі әрекет ете ме?
Көптеген
кәсіпорындардың күрделі
1. Сала қызметкерлерінің бүгінгі және болашақтағы сипаты қандай?
2. Жоғары
басшылықтың дайындығы мен
3. Мамандардың біліктілігін арттыру жүйесі ұйымдастырылған ба?
4. Басқару кадрларын алмастыру тәртібі жоспарланған ба?
5. Жетекші мамандарды жоғалту орын алды ма?
6. Персонал қызметін бағалаудың кешенді жүйесі әрекет ете ме?
7. Кәсіпорын персоналы табысты бөлуге қатыса ма?
8. Еңбек
үрдісі қаншалықты тиімді
Ұйымда қалыптасқан климат – ұйым мәдениеті деп аталады. Бұл фактор кәсіпорынның ұзақ мерзімді дамуына елеулі ықпал етеді. Себебі кәсіпорын қызметкерлерінің, клиенттер мен жалпы қоғамдық пікір негізінде кәсіпорынның бейнесі, имиджі қалыптасады. Осыған орай кез-келген кәсіпорынның алға қойған мақсаттары оның имиджімен ұштасуы қажет.
Қазіргі уақытта кәсіпорындар жүзеге асыратын 2000 нан аса стратегиялар түрлері белгілі. Бірақ экономикалық тұрғыдан кәсіпорын басшылығы алдында төрт негізгі стратегиялық альтернатива бар. Бұл шектеулі өсу, өсу, төмендеу, сонымен бірге осы 3 стратегияның үйлесімі.
Өсім
көрсеткіштері ретінде
Өсім көрсеткіштерін инфляция деңгейімен, депозиттер бойынша пайыздық үстеме мөлшерімен, басқа кәсіпорындар көрсеткіштерімен салыстыру негізінде кәсіпорын стратегиясы бағаланып, жіктеледі. Егер жалпы табыстың өсімі пайыздық ставкалардан жоғары болса, онда шаруашылық қызметі өсу стратегиясына сәйкес келеді. Егер жалпы табыстың өсімі пайыздық ставкалардан төмен, бірақ инфляция деңгейінен жоғары болса, онда шектеулі өсу стратегиясы орын алады. Ал егер табыс өспесе не табыстың өсімі инфляция деңгейінен төмен болса, онда төмендеу стратегиясы орын алады.
6.3. Өнімнің бәсеке қабілеттілігін талдау
Өнімнің бәсеке қабілеттілігі оның бәсекелес тауармен салыстырғанда қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыруы мен өндіруге кеткен шығын бойынша айырмашылығын сипаттайды.
Өнімнің бәсеке қабілеттілігін
бағалау тұтынушылар
Өнімнің бәсеке қабілеттілігін талдау әдістемесі 1- суретте келтірілген.
Сурет 1 - Өнімнің бәсеке қабілетілігін талдаудың логикалық үлгісі
Бұл әдістеме бойынша бәсеке қабілеттілікке баға беру үшін талданып отырған тауар мен бәсекелес тауардың параметрлерін салыстыру керек. Осы мақсатпен өнімнің бәсеке қабілеттілігінің жеке, топтық және интегралдық көрсеткіштері есептеледі.
Жеке көрсеткіштер (q) – бағаланып отырған өнімнің қандай да бір жеке параметрінің деңгейін (Р1) бәсекелес өнімнің сол параметрінің деңгейіне (Р0) бөлу арқылы анықталады:
q =
Топтық көрсеткіштер (G) жеке көрсеткіштерді (qi) әр параметр бойынша алдын-ала эксперттік жолмен белгіленген салмақтық коэффициенттерге (аi) көбейту жолымен анықталады:
G = ∑ аi * qi
Интегралдық көрсеткіш (I) техникалық параметрлер бойынша есептелген топтық көрсеткішті (Gт) экономикалық параметрлер бойынша есептелген топтық көрсеткішке (Gэ) бөлу арқылы анықталады:
I =
Егер I ≤ 1 болса, онда талданып отырған өнім салыстырып отырған өніммен салыстырғанда бәсеке қабілетсіз, ал I ≥ 1 болса, онда ол өз параметрлері бойынша бәсекелес өніммен салыстырғанда артықшылыққа ие.