Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 20:35, лекция
1.1 Экономикалық талдаудың түсінігі, пәні
1.2. Экономикалық талдаудың міндеттері.
1.3 Экономикалық талдаудың басқа ғылымдармен байланысы.
2. Зерттелетін факторлар сандық бейнеленуі тиіс.
Корреляциялық талдауды пайдалану нәтижесінде келесі міндеттер шешімін табады:
1. Нәтижелік көрсеткіштің бір немесе бірнеше факторлардың әсерінен абсолютті шамада өзгеру деңгейін анықтау, яғни факторлық белгі бір бірлікке өзгергенде, нәтижелік белгі неше бірлікке өзгереді деген сауалға жауап табылады.
2. Нәтижелік белгінің факторлық белгіден салыстырмалы тәуелділігін анықтау.
Нәтижелік белгінің оны анықтаушы факторлардан тәуелділігі жұп және көптік регрессия теңдеуімен бейнеленеді. Көрсеткіштер арасындағы байланыстар тік сызықтық жағдайда олар келесідей сипатталады.
Жұп регрессия теңдеуі: Ух = a + b* x
Көптік регрессия теңдеуі: Ух = a + b1* x1 + b2* x2 + ... + bn* xn
Мұндағы:
а – экономикалық мәні жоқ бос мүше; х – нәтижелік белгіге әсер етуші факторлар деңгейі; b – регрессия коэффициенті.
Регрессияның Ух = a + b* x байланыс теңдеуін алу үшін келесі теңдеулер жүйесін шешу керек:
na + b ∑x =∑y
a∑x + b ∑x2 =∑xy
Факторлық және нәтижелік белгі арасындағы байланыс тығыздығын есептеу үшін корреляция коэффициенті (r) есептеледі:
r =
Корреляция коэффициентінің мәні мәні 0 мен 1 аралығында өзгереді. Оның мәні 1 ге жақын болған сайын , байланыс тығыз болады. Егер коэффициент оң (+) мәнге ие болса, онда көрсеткіштер арасында тура байланыс, теріс (-) мәнге ие болса, онда көрсеткіштер арасындағы байланыс кері болады.
Есептелген корреляция коэффициентінің мәні жер сапасы мен астық өнімділігі арасында тура, тығыз байланыс бар екендігін көрсетеді.
Егер корреляция коэффициентін квадраттасақ, детерминация коэффициентін аламыз.
Егер зерттелетін құбылыстар арасындағы байланыс тіке емес, қисық сызықты болса, ондай байланысты бейнелеуге ең ұтымдысы екінші дәрежелі парабола:
Ух = a + bx + сх2
Ең төменгі квадраттар әдісімен а, в және с параметрлерінің мәнін табу үшін келесі теңдеулер жүйесін шешу қажет:
na + b ∑x + с ∑x2 =∑y
a∑x + b ∑x2 + с∑x3 =∑xy
a∑x2 + b ∑x3 + с∑x34 =∑x2y
Жоғарыдағыдай байланыс теңдеуі факторлық белгінің өсуі нәтижелік белгіні белгілі бір деңгейге дейін ғана өсіріп, одан кейін төмендей бастайтын жағдайларда пайдаланылады (мысалы, еңбек өнімділігінің жұмыскерлер жасынан тәуелділігі, дақыл өнімділігінің тыңайтқыш енгізу мөлшерінен тәуелділігі, т.б.).
Бақылау сұрақтары:
1. Экономикалық талдаудың әдістемесі, оның басқа ғылымдармен байланысы.
2. Экономикалық талдау әдістерінің жіктелуі мен олардың қолданылуы шарттары:
- талдаудың логикалық әдістері;
- талдаудың экономикалық статистика әдістері;
- талдаудың математикалық статистика әдістері;
- детерминирленген факторлық талдау әдістері;
- шешімдер қабылдау теориясының әдістері.
3. Талдау нәтижесін құжаттау мен өңдеу.
ӘДЕБИЕТТЕР: Негізгі: 1,2,3,4; Қосымша: 4,6,8
3–Тақырып. Факторлық талдау
Сабақтың мақсаты – шаруашылық қызметін талдау барысында нәтижеге факторлардың әсерін анықтауды, оларды пайдалану мүмкіндігін анықтауды меңгерту.
Дәріс сұрақтары:
3.1 Факторлық талдау әдістемесі және факторлардың жіктелуі.
3.2 Фкторларды жүйелеу мен байланыстарды үлгілеу.
3.3. Шаруашылық резервтері, олардың жіктелуі
Негізгі (түйінді) түсініктер – жүйелік көзқарас, фактор, себеп-салдарлық байланыс, факторлық белгі, резерв, пайдалынылмаған мүмкіншілік.
Дәріс тезистері
3.1 Факторлық талдау әдістемесі және факторлардың жіктелуі
Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің барлық құбылыстары мен үрдістері өзара байланыс пен тәуелділіктен тұрады. Олардың біреулері өзара тікелей байланыста болса, екіншілері оларға жанама ықпал етеді.
Талданатын әрбір құбылысты
себеп ретінде де, нәтиже ретінде
де қарастыруға болады. Мысалы, жылдық
еңбек өнімділігін өндіріс
Әрбір нәтижелік көрсеткіш сан алуан факторлардан тәуелді. Нәтижелік көрсеткіш деңгейіне факторлардың әсері терең зерттелген сайын, талдау нәтижесі де нақты болады. Осы себепті шаруашылық қызметін талдаудың маңызды әдістемелік сұрағы – экономикалық құбылыстардың деңгейіне факторлардың әсерін оқу мен анықтау болып табылады. Факторларды терең, әрі жан-жақты зерттеусіз қызмет нәтижесі туралы негізделген қорытындылар жасап, өндірістік резервтерді анықтап, басқарушылық шешімдерін қабылдау мүмкін емес.
Детерминирленген факторлық талдау факторлардың нәтижелік көрсеткішпен байланысы функционалды, яғни факторлар нәтижеге тікелей әсер ететін жағдайларда қолданылады.
Стохастикалық талдау факторлардың нәтижелік көрсеткішпен байланысы толық емес, мүмкін, ықтималды жағдайларда қолданылады.
Тікелей факторлық талдауда зерттеу дедуктивті әдіспен – жалпыдан жекеге, ол кері факторлық талдауда зерттеу логикалық индукция әдісімен – жеке факторлардан жалпылаушы факторларға қарай жүргізіледі.
Факторлық талдау бір сатылы және көп сатылы болуы мүмкін. Бір сатылы талдау кезінде факторлар жіктелмейді, мысалы, у = а * в. Көп сатылы факторлық талдау барысында а мен в факторлары құрамдас бөліктерге жіктелуі мүмкін, мысалы, а = с *d, сонда y = c * d * b.
Статикалық факторлық талдау нәтижелік көрсеткішке факторлардың ықпалын белгілі бір мерзімге анықтауды көрсетсе, динамикалық талдауда себеп салдарлық байланыстар динамикада зерттеледі.
Табиғи – климаттық факторлар ауыл шаруашылығында, орман, балық шаруашылығында шаруашылық қызметінің нәтижесіне елеулі ықпал етеді. Олардың әсерін есепке алу шаруашылық субъектілерінің қызмет нәтижесіне нақты баға беруге мүмкіндік береді. Әлеуметтік – экономикалық факторларға жұмыскерлердің тұрмыстық жағдайы, кәсіпорындағы мәдени – спорт шараларды ұйымдастыру деңгейі, кадрлардың білім деңгейі, т.б. жатады. Өндірістік – экономикалық факторлар кәсіпорынның орналасқан жерімен байланысты (жол, байланыс, өткізу нарығы, т.б.).
Шаруашылық қызметінің нәтижесіне әсер ету деңгейі бойынша факторлар негізгі және қосалқы болып бөлінеді. Негізгі факторлар нәтижелік көрсеткішке шешуші әсер етеді, ал қосалқы факторлар шешуші әсер етпейді. Бірақ бір фактор нақты қалыптасқан жағдайға байланысты негізгі де, кейде қосалқы да болуы мүмкін. Сол себепті көптеген факторлар арасынан негізгісін бөліп ала білуден талдау нәтижесі тәуелді болады.
Экономикалық құбылыстарды зерттеу кезінде ішкі және сыртқы, яғни кәсіпорын қызметінен тәуелді және тәуелді емес факторлаға бөлу үлкен маңызға ие. Талдау барысында негізгі назар кәсіпорын әсер ете алатын ішкі факторларға аударылуы қажет.
Дегенмен, қазіргі өндірістік қатынастардың дамуы жағдайында әр кәсіпорынның қызмет нәтижесі басқа кәсіпорындардың іс-әрекетінен де тәуелді, мысалы шикізат жеткізудің тұрақтылығы, оның сапасы, бағасы, нарық конъюнктурасы. Бұл факторлар сыртқы болып саналады. Олар зерттеліп отырған ұжымның әрекетін сипаттамағанымен, оларды зерттеу ішкі факторларды тереңірек зерттеп, өндірістің ішкі резервтерін толығырақ анықтауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорын қызметіне оң баға беру үшін факторларды объективті және субъективті деп ажырату қажет. Объективті факторлар, мысалы табиғи апат, адамдардың әрекеті мен мақсатынан тәуелсіз. Ал субъективті факторлар заңды және жеке тұлғалардың іс-әрекетінен тәуелді.
Таралу деңгейі бойынша
Кәсіпорын қызметіне баға беруде факторларды экстенсивті және интенсивті деп бөлу үлкен мәнге ие. Экстенсивті факторлар өндіріске пайдаланылатын ресурстар көлемін көбейтумен байланысты, мысалы өндіріс көлемін егістік ауданын, мал басын, жұмыскерлер санын өсіру жолымен арттыру. Интенсивті факторлар ресурстарды пайдалану тиімділігін жоғарылатумен, еңбек өнімділігін арттырумен байланысты, мысалы дақыл өнімділігін жоғарылату, мал өнімділігін арттыру, еңбек өнімділігін жоғарылату.
Талдау барысында нәтижелік белгіге әр фактордың әсерін сандық бейнелеу мақсаты қойылса, онда факторларды алдымен сандық және сапалық, қарапайым және күрделі, есепке алынатын не есепке алынбайтын деп бөліп алу қажет.
Сандық факторлар құбылыстардың сандық сипатын бейнелейді (жұмыскерлер, құрал-жабдық саны, егістік алқабы, т.б.), ал сапалық факторлар құбылыстың ішкі сапасын, белгілерін, ерекшеліктерін көрсетеді (еңбек өнімділігі, өнім бағасы, сапа, дақыл өнімділігі, т.б.).
Экономикадағы факторлардың көпшілігі құрамы бойынша күрделі факторлар, яғни бірнеше элементтерге жіктелетін факторлар, мысалы жылдық еңбек өнімділігі. Қарапайым факторлар құрамдас бөліктерге бөлінбейді, тек бір элементтен тұрады, мысалы жұмыскерлер саны, жылдағы жұмыс күндері, жұмыс күнінің ұзақтығы.
Кейбір факторлардың нәтижелік көрсеткішке әсері сандық бейнеленіп, есептеуге келсе, кейбір факторлардың әсері есепке алуға келмейді, мысалы жұмыскерлердің тұрғын үймен, балалар бақшасымен қамтамасыз етілуі, кадрлардың дайындық деңгейі, т.б.
3.2 Талдаудағы факторларды жүйелеу мен байланыстарды үлгілеу
Шаруашылық қызметін талдауда факторлардың өзара байланысын олардың ішкі және сыртқы байланыстарын, тәуелділіктерді ескере отырып зерттеу қажет. Мұндай қажеттілік жүйелеу көмегімен іске асырылады. Жүйелеу – бұл зерттелетін құбылыстар мен объектілерді олардың өзара байланысы мен тәуелділіктерін есепке ала отырып белгілі бір тәртіппен орналастыру.
Факторлық жүйелердің детерминирленген
және стохастикалық түрлері
Факторлық жүйені одан әрі жүйелеу күрделі факторларды жіктеу арқылы жүргізіледі, осылайша күрделі фактор бірнеше қарапайым факторларға айналғанға дейін жүйелеу жалғастырыла беруі мүмкін.
Факторлық талдаудың негізгі міндеттерінің бірі нәтижелік көрсеткіш пен оған әсер етуші факторлар арасындағы байланысты үлгілеу. Оның мақсаты зерттелетін көрсеткіштің факторлармен байланысын нақты математикалық теңдеу түрінде бейнелеу.
Сурет 1 - Жалпы өнімнің детерминирленген факторлық жүйесі
Детерминирленген талдауда келесідей факторлық үлгілер жиі кездеседі:
1. Аддитивті үлгілер: Y = ∑xi = x1 + x2 +x3 + …xn
Бұл үлгілер нәтижелік көрсеткіш бірнеше факторлық белгінің алгебралық қосындысынан тұратын жағдайларда қолданылады.
Мұндай байланыстың мысалы ретінде кәсіпорынның қаржылық - операциялық циклының ұзақтығын (КОЦҰ) алуға болады, ол қаржылық (ҚЦҰ) және операциялық (ОЦҰ) циклдар ұзақтықтарының қосындысынан тұрады:
ҚОЦҰ = ҚЦҰ + ОЦҰ
2. Мультипликативті үлгілер: Y= = x1 * x2 * x3…xn
Мұндай үлгілер нәтижелік
көрсеткіш бірнеше (екі не одан көп)
факторлар көбейтіндісі ретінде
анықталатын жағдайларда
Мысалы: Түсім көлемінің (Q) натуралды сату көлемі (q) мен өнім бірлігі бағасынан (р) тәуелділігі:
Q = q * p
Немесе жалпы өнім көлемінің (Q) жұмыскерлер санынан ( Т ), жылдағы жұмыс күндері (К), жұмыс күнінің ұзақтығы (t) мен сағаттық еңбек өнімділігінен (q) тәуелділігі:
3. Кері үлгілер : Ү = а/в
Екі фактордың қатынасы нәтижелік көрсеткішті береді. Мысал ретінде негізгі өндірістік қорлар құнын (Н) жұмыскерлер санына (Т) бөлу арқылы анықталатын қормен қарулану (Ққ) көрсеткішін алуға болады: