Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 20:35, лекция
1.1 Экономикалық талдаудың түсінігі, пәні
1.2. Экономикалық талдаудың міндеттері.
1.3 Экономикалық талдаудың басқа ғылымдармен байланысы.
6.Дәрістер кешені
1–Тақырып. Экономикалық талдаудың пәні мен міндеті, объектісі және мазмұны
Сабақтың мақсаты – экономикалық талдаудың кәсіпорынды басқару жүйесіндегі орны мен маңызы туралы түсінік беру.
Дәріс сұрақтары:
1.1 Экономикалық талдаудың түсінігі, пәні
1.2. Экономикалық талдаудың міндеттері.
1.3 Экономикалық талдаудың басқа ғылымдармен байланысы.
Негізгі (түйінді )түсініктер – экономикалық талдау, талдаудың пәні, талдаудың объектісі, анализ, синтез, индукция, дедукция, диалектика.
Дәріс тезистері
1.1 Экономикалық талдаудың түсінігі, пәні
Табиғат пен қоғамдық өмірдің құбылыстарын оқу талдаусыз мүмкін емес. Талдау (анализ) құбылыстың ішкі мәнін оқу мақсатымен оны құрамдас бөліктерге ажыратуды көрсетеді. Мысалы, пайданың мәнін толық түсіну үшін оның көздері мен оны анықтаушы факторларды білу қажет. Олар неғұрлым терең зерттелген сайын, қаржылық нәтижені қалыптастыру үрдісін соғұрлым тиімді басқаруға болады, т.с.с. Бірақ анализ зерттелетін құбылыс жайлы толық көріністі синтезсіз, яғни құрамдас бөліктер арасындағы байланыстар мен тәуелділіктерді анықтамайынша бейнелей алмайды. Пайданы оқу кезінде оның деңгейін анықтаушы факторлардың арасындағы байланыстар мен тәуелділіктерді ескеру қажет. Анализ бен синтездің бірлесуі ғана құбылыстардың ғылыми деңгейде зерттелуін қамтамасыз етеді.
Кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық қызметін талдау (экономикалық талдау) микроэкономикалық деңгейде шешімдер қабылдаудың негізі болып саналады. Бірақ талдаудың бұл түрін зерттелетін объектіні құрамдас бөліктерге бөліп, тек сипаттау деп түсінбеу қажет. Себебі кез-келген экономикалық субъект өз ішіндегі және сыртқы ортамен көптеген байланыстардан тұратын күрделі және. Бұл байланыстарды қарапайым түрде анықтау мен сипаттау тәжірибеге елеулі үлес қоспайды. Бұл жерде ең бастысы: аналитикалық іс-әрекеттер арқылы кәсіпорын қызметінің негізгі сипаты мен бағыттарын анықтап, болашаққа жобалар құру, осы жобалар негізінде өндірістік қаржылық жоспарлар құрып, олардың жүзеге асырылуын бақылау мен айқындауға қол жеткізу.
Шаруашылық қызметін талдаудың қалыптасуы объективті шарттар мен талаптарға байланысты.
Біріншіден, өндіргіш күштердің дамуы, өндірістік қатынастардың жетілуі мен өндіріс көлемінің артуына байланысты кешенді және жүйелі талдауға қажеттілік туындады. Шаруашылық қызметін кешенді талдаусыз күрделі экономикалық үрдістерді басқару мен оңтайлы шешімдер қабылдау мүмкін емес.
Екіншіден, экономикалық ғылымның дамуына байланысты оның салаларының дифференциациясы. Экономикалық талдаудың қызметін ертеректе бухгалтерлік есеп, статистика, қаржы секілді пәндер атқарса, кейіннен олар тәжірибенің барлық талаптарын қамтамасыз ете алмай, шаруашылық қызметін талдауды жеке білім саласы ретінде қалыптастыру қажеттілігі туындады.
Барлық экономикалық ғылымдардың зерттеу объектісі - өндірістік қатынастар, ал шаруашылық қызметін талдаудың пәні – барлық шаруашылық үрдістері.
1.2. Экономикалық талдаудың міндеттері.
Шаруашылық қызметін талдау бухгалтерлік есеп пен басқару шешімдерін қабылдау арасындағы байланыстырушы буын болып саналады. Талдау барысында есеп мәліметтері аналитикалық өңдеуден өтеді: қол жеткізілген нәтижелер өткен жылдардың, жоспарлы, басқа кәсіпорындардың не орташа салалық көрсеткіштермен салыстырылады; шаруашылық қызметінің нәтижесіне факторлардың әсері анықталады; жіберілген қателер, пайдаланылмаған мүмкіндіктер, перспективалар анықталады. Экономикалық талдау көмегімен ақпаратты игеру, түсіну жүзеге асады. Талдау нәтижелері негізінде басқарушылық шешімдер жасалынып, негізделеді. Экономикалық талдау шешімдер мен іс-әрекеттердің бастамасы, ол өндірісті ғылыми басқарудың негізі.
Шаруашылық субъектісінің іс-әрекетіне экономикалық талдау жүргізудің басты мақсаты – шаруашылық субъектілерінің қызметінің тиімділігін арттырудың резервтерін іздестіру.
1.3. Экономикалық талдаудың басқа ғылымдармен байланысы
Экономикалық талдау шаруашылық қызметіне білікті талдау жүргізу үшін қажетті бірқатар экономикалық және басқа да пәндермен тығыз балайланысты.
Ең алдымен, шаруашылық қызметін талдау экономикалық теориямен байланысты. Себебі ол экономикалық заңдылықтар мен олардың әрекет ету механизмдерін оқи отырып, барлық экономикалық пәндердің теориялық негізін қалайды. Аналитикалық зерттеулер жүргізген кезде осы заңдардың әрекетін ескеру қажет. Өз кезегінде, шаруашылық қызметін талдау белгілі бір деңгейде экономикалық теорияның дамуына ықпал етеді. Сан алуан аналитикалық зерттеулер барысында экономикалық заңдардың көрінісі туралы мәліметтер жинақталады. Осы мәліметтерді оқу бұрын белгісіз болған, жаңа заңдарды ашуға жәрдемдеседі, экономиканың дамуы туралы күрделі жобалар жасауға мүмкіндік береді.
Осылайша талдаудың жеке сала экономикасымен де байланысы туындайды. Кәсіпорын қызметіне терең талдауды сала экономикасы мен өндірістің ұйымдастырылуын білмей жүргізу мүмкін емес. Ал экономикалық талдаудың нәтижелері өз кезегінде өндірісті ұйымдастыруды жетілдіруде пайдаланылады.
Экономикалық талдау жоспарлау мен үрдісті басқарумен тығыз байланысты. Талдау барысында жоспарлы көрсекіштер жиі қолданылады, сол себепті сарапшы кәсіпорындағы өндірісті жоспарлау әдістемесін жақсы білуі тиіс. Ал экономикалық талдау жоспарлар құру мен басқару шешімдерін қабылдау үшін қажетті ақпарат базасын құрады.
Талдау бухгалтерлік есеппен өте тығыз байланысты. Бір жағынан, бухгалтерлік есеп мәліметтері шаруашылық қызметін талдау барысында басты ақпарат көзі болып табылады. Бухгалтерлік есеп әдістемесі мен бухгалтерлік есеп берулердің мазмұнын білмей, талдауға қажетті ақпараттарды таңдау мен олардың сапасын тексеру қиынға соғады. Екінші жағынан, талдауға қойылатын талаптар бухгалтерлік есепке қайта бағытталады. Талдауды сапалы ақпаратпен қамтамасыз ету үшін, оны оперативті, шынайы, нақты, түсінікті ету үшін бухгалтерлік есеп жүйесі үнемі жетіліп отырады.
Шаруашылық қызметінің барлық жақтарын кешенді талдау үшін экономикалық талдауда статистика ғылымы жиі қолданылады. Аналитикалық есептеулер жүргізу, кестелер, графиктер құру, топтастыру мен т.б. ақпаратты өңдеудің статистикалық әдістерін білуді қажет етеді. Өз кезегінде талдау мәліметтері статистикада жаппай экономикалық құбылыстардың заңдылықтары мен тенденцияларын анықтау үшін пайдаланылады.
Талдаумен байланысты экономикалық емес ғылымдар ішінде технологиялық және математикалық ғылымдар ерекшеленеді. Өндіріс үрдісін өндірістің технологиялық ерекшелігін білмей талдау қажет емес. Сол салада білімі бар экономист қана өндіріс нәтижесіне баға беріп, пайдалы кеңестер бере алады.
Осылайша, кәсіпорын қызметіне білікті, әрі терең талдау жүргізу үшін макро және микроэкономиканы, менеджмент, маркетинг, бухгалтерлік есеп пен информатиканы және басқа ғылымдарды терең игеру қажет.
Бақылау сұрақтары:
1. Экономикалық талдау түсінігі, мазмұны мен міндеттері.
2. Экономикалық талдау жүйесіндегі басқарушылық талдаудың орны.
3. Экономикалық талдаудың жіктелуі.
4. Экономикалық талдауды қаржылық және басқарушылқ талдауға бөлудің артықшылықтары.
5. Талдау жұмысын жоспарлау мен талдау нәтижесін құжаттау.
6. Талдау нәтижесінде алынған мәліметтерді өндірісті басқару мен жоспарлауда қолдану жағдайлары.
ӘДЕБИЕТТЕР: Негізгі: 1,2,3,4; Қосымша: 1,5,8,7
2–Тақырып. Экономикалық талдаудың әдістері мен тәсілдері
Сабақтың мақсаты – шаруашылық қызметінің нәтижесіне талдау жүргізу барысында қолданылатын барлық негізгі әдістерді меңгерту.
Дәріс сұрақтары:
2.1 Экономикалық
талдаудың әдістері мен
2.2 Экономикалық талдаудың дәстүрлі әдістері.
2.3Талдаудың
экономикалық-статистикалық
2.4 Талдаудың
математикалық-статистикалық
Негізгі (түйінді түсініктер) – талдау әдісі, әдістеме, талдаудың дәстүрлі әдістері, экономикалық-математикалық әдістер, экономикалық-статистикалық әдістер, тізбекті алмастыру әдісі, детерминирленген факторлық талдау әдістері, стохастикалық факторлық талдау
Дәріс тезистері.
2.1 Экономикалық талдаудың әдістері мен әдістемесі
Ғылым
әдісі түсінігі пәнді зерттеудің
тәсілдерін бейнелейді. Барлық ғылымдар
өз пәнін оқу барысында танымның
диалектикалық әдісіне
Талдаудың келесі бір
әдістемелік ерекшелігі, талдау тек
себеп-салдарлық байланыстарды
Талдау барысында кез-келген экономикалық құбылыс бір-бірімен байланысты көптеген элементтердің жиынтығы ретінде қарастырылуы керек. Сол себепті талдау объектісін зерттеуде кешенді бағыт ұстану қажет.
Талдау объектісіне кешенді бағыт ұстану зерттелетін құбылыстар мен үрдістерді элементтерге максималды жіктеуді (анализ), оларды жүйелеу мен жалпылауды (синтез) көздейді.
Зерттелетін құбылысты
құрамдас бөліктерге жіктеу зерттелетін
объектідегі негізгі
Салыстыру әдісі.
Салыстыру танымның ғылыми тәсілдерінің бірі ретінде ШҚТ да кеңінен қолданылады. Оның мәні - бірдей объектілерді олардың арасындағы ұқсастықты не айырмашылықты анықтау үшін салыстыруда. Салыстыру көмегімен экономикалық құбылыстардағы ортақ және ерекше белгілер, олардың даму заңдылықтары анықталады.
Талдауда салыстырудың келесідей түрлері қолданылады:
1). Қол жеткізілген нәтижелерді өткен кезеңдер деңгейімен салыстыру. Бұл кезде бүгінгі күннің нәтижесі кешегі күнмен, өткен аймен, тоқсанмен, өткен жылғы деңгеймен салыстырылады. Бұл зерттелетін құбылыстардың өзгеру тенденцияларын анықтап, экономикалық үрдістердің даму заңдылықтарын бағалауға мүмкіндік береді.
2). Көрсеткіштердің нақты деңгейін жоспарлы деңгеймен салыстыру. Мұндай салыстыру жоспардың орындалу деңгейін анықтап, кәсіпорынның пайдаланылмаған мүмкіншіліктерін анықтау үшін қажет.
3). Ресурс шығындарының (материал, шикізат, энергия, т.б.) бекітілген нормаларымен салыстыру. Мұндай талдау өндіріс үрдісінде ресурстардың артық не үнемді пайдаланылғанын анықтау үшін, оларды пайдалану тиімділігін бағалау үшін және ресурстарды ұтымды пайдалану арқылы өндіріс көлемін арттыру мен өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтерін анықтау үшін қажет.
4). Ең жақсы нәтижелермен, яғни ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерімен, үлгілі тәжірибемен салыстыру.
5). Зерттелетін кәсіпорын көрсеткіштерін сала бойынша орташа көрсеткіштермен, ұқсас кәсіпорындар жетістіктерімен салыстыру кәсіпорынның басқа шаруашылық субъектілері арасындағы рейтингін анықтау үшін, кәсіпорынның даму деңгейіне объективті баға беру үшін қажет.
6). Экономикалық шешімдердің түрлі нұсқаларын салыстыру. Мұндай салыстыру басқару шешімдерін қабылдау барысында экономикалық шешімдердің ең оңтайлысын таңдау үшін қажет.
7). Белгілі бір факторды енгізгенге дейінгі және енгізгеннен кейінгі шаруашылық қызметінің нәтижелерін салыстыру.
Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдау негiзiнен салыстырмалы көрсеткiштерге негiзделедi, себебi талдау барысында қаржылық есептiң абсолюттi көрсеткiштерiн салыстырмалы түрге келтiру өте қиын.
2. Кей жағдайларда көрсеткіштер көлем факторына байланысты салыстыруға келмейді. Егер есепті жылғы шығын сомасын (∑q1z1) өткен жылмен салыстырсақ (q0z0), оның айырмашылығына тек жеке өнім түрлерінің өзіндік құны ғана емес, өндіріс көлемі де әсер етеді. Сол себепті көрсеткіштерді салыстырмалы түрге келтіру үшін көлем факторларының әсерін жою керек. Ол үшін салыстыру базасына есепті жылғы өндіріс көлемі алынады: