Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2012 в 17:52, дипломная работа
Экономикалық процестердің қатысушыларының көзқарасы бойынша, тауарлар мен қызмет көрсетулер және оларды сатып алушылардың арасында келісім шарт күн сайын орнап отырады. Көп жағдайда тауар өндірушілер өздерінің тауарлар мен қызмет көрсетулеріне уақытысында ақысының төленуін талап етеді, яғни олар тез арада алынған құралдарды пайдаланумен байланысты болады.
КІРІСПЕ .............................................................................................................3
1 ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.........................6
1.1 Төлем жүйесінің түсінігі мен құрылымы ..................................................6
1.2 Төлем жүйелерінің түрлері мен қатысушылары......................................11
1.3 Қазақстан Республикасында төлем жүйесінің қалыптасуы....................14
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ.......................................20
2.1 Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің қазіргі жағдайы............20
2.2 Қазақстан Республикасының төлем жүйесіндегі төлемдер
ағыны............................................................................................................22
2.3 Төлем құжаттарында электронды айырбастау құралдарын
пайдаланудың мүмкіншіліктері..................................................................38
3 ТӨЛЕМ ҚЫЗМЕТТЕРІ НАРЫҒЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА
ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖҮЙЕСІ..............................................................52
3.1 Төлемді жүзеге асыру кезіндегі жаңартпалар..........................................52
3.2 Интернет жүйелерін енгізу..............................................................
Төлем жүйесін дамытудағы басты мақсат – төлем жүйесін реттейтін нормативті-құқықтық база құру. Мұндағы міндеттер:
1. Кредиттік, өтімділік және жүйелік тәуекелді азайту.
2. Қатысушы тараптардың міндеттері мен құқықтарын анықтау және бекіту.
3. Сенімді қорғалған, шығындарының мөлшері аз төлемдерінің өз уақытында төленуін қамтамасыз ету.
4. Мемлекеттегі коммерциялық қызметті қамтамасыз ету.
Төлем жүйесінің құқықтық базасының негізгі элементтері: төлем жүйесі мен банкілердің қызметін бақылауға құқығы бар реттеуші орган, қызметпен қамтамасыз ететін немесе менеджер болып табылатын және де төлемдерді жүзеге асыратын ұйымдар, төлем жүйесіне тікелей немесе жанама қатысушылар, жүйені жанама қолданушылар (банкілік мекеменің клиенттері болып табылатын ұйымдар немесе жеке тұлғалар).
Төлем жүйесіне қатысты заңдар заңдар жеткілікті деңгейде тәуелсіз болғаны дұрыс, себебі клиенттер банк тарапынан көрсетілген қызметтер мен берілетін ұсыныстардан ешқандай қолайсыздықты сезінбеуі керек. Сонымен қатар бұл заңдар ішкі банкілік тәртіп пен процестерде, төлем жүйесінің операциясы мен функциясында аудит жүргізуге мүмкіндік береді. Компьютерлік операция, желі және жүйеге кіруде кеткен қателіктермен бірге банк пен клиенттер арасындағы қаржылық даулар да жиі кездесетін заң бұзушылықтарға жатады.
Құқықтық қатынастар жүйесін дайындауда клиенттерді қорғау үшін де шаралар жүргізуі керек, яғни операциялық мүмкіндіктің жоқ болуы себепті, делдалдар төлем қызметінде клиентке ақша аударуда туындайтын кірістерден пайда табуға тырысады. Заңды базаның негізінде әр түрлі төлем механизмдерінің жекелеген түрлеріне «ойын ережесін», төлем операциясы кезінде ақшаларды жіберуші мен алушылардың рөлін ойнайтын шаруашылық жүргізуші субъектілердің, төлемдерді жүзеге асыратын делдалдардың құқықтары мен міндеттерін бекітуге болады. Төлем жүйесінің жалпы нормативтік базасы Қазақстан Республикасы территориясында чектер мен вексельдердің айналымын реттейтін ережелерді қоспағанда, басқа қызметтерде де қолданылады. Бұл құжаттардың толығымен жете зерттелмеуі құралдарды енгізуге кедергі жасауда. Аталған құралдар тиімді айналысқа ену үшін олардың ережелеріне қосымша кепілдеме немесе ұсыныс дайындау керек.
Қазіргі уақытта төлем жүйесі арқылы төлем жүргізу мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру кезіндегі уақытша кідірістер жойылған.Төлем жүгізу қауіпсіздігі мен тиімділігінің жоғарылауына байланысты Қазақстанның төлем жүйесі екінші деңгейлі банкілерден, банкілік емес ұйымдардан және шаруашылық жүргізуші субъектілерден қолдау табуда.
Мен осы жалпы Төлем жүйесі және оның Қазақстандағы даму тенденциялары тақырыбын қорытындылай кетсем,отандық экономистер осы төлем жүйелеріндегі мәселелерге қатты көңіл бөліп отыр. Алайда, олардың қалыптасуы жағынан айырмашылық өте көп, ол уақыт және зерттеумен түсіндіріледі. 1990 жылдан бастап отандық экономистер қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға қатысты ұстанымдарды өзекті ендіре түсті. Сол кезден бастап төлем жүйелерін ұйымдастыру мен технологиялары, ұстанымдарды қалыптастыруға көмегін тигізген құрылғылар да өзгере бастады.
Сонымен қатар төлем жүйесін жүргізуге көп септігін тигізетіндер, яғни төлем жүйелерінің қатысушыларын да атап өтсем.
Төлем жүйесіне қатысушылар – көбіне коммерциялық банкілер. Жүйе операторлары қызмет көрсетулерді өз бетінше дамытулары керек. Бөлшек төлем жүйелері клиенттерді өздеріне коммерциялық банкілер сияқты тарта алмайды. Оларда төлем қызметтерінің жалпы қамтылымы ыңғайлы емес және клиенттердің талаптарына сай келмейді. Көптеген қатысушы-банкілер клиенттерге қызмет көрсету жағынан бәсекелесе отырып,бірнеше төлем жүйелеріне қатыса алады.
Сондай-ақ мен Қазақстан төлем жүйесіндегі төлемдер ағынына қысқаша тоқталып өтетін болсам, бөлімде 2005,2006 және 2007 жылдар аралығындағы төлемдер ағынын көрсетіп өттім және оларды қысқаша сипаттап кетсем.
Жалпы алғанда 2005 жылы ел экономикасының дамуына үлес қосқан қолма-қол ақшасыз жасалатын төлемдер саны мен көлемінің айтарлықтай өсуі байқалды. Мәселен, 2005 жылдың І тоқсанында БААЖ мен банаралық клиринг арқылы жасалған төлемдер саны 1 646,1 мың трансакция құрап, сомасы 9 379,2 мың теңгеге жетті.
Ал,2006 жыл ел экономикасын дамытудың жағымды үрдістеріне негізделген. Қазақстан Республикасының төлем жүйесіндегі төлемдер санының және көлемінің одан әрі ұлғаюы байқалды.
2006 жылы І тоқсанында Банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ) мен Банкаралық клиринг арқылы жасалған төлемдер саны 6 003,7 мың трансакция құрап, сомасы 17 098,7 мрд. Теңгеге жетті. 2005 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда төлемдер саны 28,8 %,-ға ал төлемдер сомасы 77,2 %-ға артқан. Бұл ретте, БААЖ арқылы жасалған төлемдерге 2006 жылдың І тоқсанында еліміздің төлем жүйелерінде жасалған барлық төлемдер санының 32,2 %-ы, ал төлемдер көлемінің 97,8 %-ы келеді. Банкаралық клиринг арқылы жасалған төлемдерге, сәйкесінше төлемдер санының 67,8 %-ы, ал жалпы жасалған төлемдер көлемінің 2,2 % -ы келеді.
Жалпы алғанда Қазақстан төлем жүйелері арқылы 2007 жылы І тоқсанда 39,1 трл.теңге (313,4 млрд.$) сомаға 5,4 млн. трансакция жүргізілді. 2006 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда төлемдер сомасы 2,3 есе (22,0 трлн. теңге) ұлғайғанда, төлем жүйелеріндегі төлемдер саны 10,9 %-ға (658,7 мың трансакция) төмендеді.
Соңғы кезге дейін интернет-төлем жүйелерінің дамуы туралы пікірталастар тек іскерлік одақтастықтар аясымен ғана шектелетін. Жалақы төлемдерінің қолма-қол ақшадан жиро-трансферттерге өтуі, кредиттік карталарды енгізу, халықаралық төлем жүйелерінің пайда болуы немесе банкоматтық желілердің таралуы сияқты жаңашылдықтар ғылым аясынан тыс қалды. Сауда нүктелерінде электрондық төлем жүйелерін, атап айтқанда дебеттік карталарды пайдаланумен төлемдерге, әсіресе электрондық әмияндарды енгізуге үлкен көңіл аударылды. Бірақ осы мәселелердің біреуін де жаңа интернет-төлем жүйелерінің дамуына арналған мәселелермен салыстыруға болмайды.
Мен осы тақырып бойынша қорытындылай кетсем алдағы уақытта Қазақстан Республикасының төлем жүйесі қарқынды дамиды деп ойлаймын.
Ақша аударымдарының қызмет етуін реттейтін заңнаманың негізгі қағи даларын анықтау үшін төлемдер саласында жаңа халықаралық заңнама мен осы заңнаманың салыстырмалы-құқықтық нормативтеріне зерттеу жұмыстары жүргізілуі тиіс. Ақша аудару саласында құқықтық бос кеңістік төлем жүйесінің өсуі немесе дамуына кедергі келтіреді, ал бұл өз кезегінде мемлекеттің экономикасына төлемдердің түсуін қиындатып жіберуі мүмкін.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. 1999 ж. 16 шілдеде шыққан № 436 «ҚР Ұлттық Банкі туралы» ҚР Заңы. 8-тарау.48-50 баптар.
2. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының 2007-2011 жылдарға арналған қаржылық сектордың дамуы туралы» 25.12.06 жылғы №1284 тұжырымдамасы.
3. ҚҰБ Басқармасының «Төлем карточкалары № 1073 бойынша мәліметтер жасауды ұсыну жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 03.02.05 жылғы №21 қаулысы
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 2005 жылғы жылдық есебі. 2006 ж.
5. Баймуратов У.Б. Деньги и финансы: нелейная система. Том 1. Алматы: Экономика,2005г.
6. Деньги, кредит, банки: Учебник/Под ред. Д.э.н.,профессора Сейткасымова Г.С. – А: Қаржы-қаражат, Паритет,2006 г.
7. Ақша, несие, банкілер: Оқулық/Жалпы ред. Басқарған э.ғ.д., профессор Ғ.С.Сейтқасымов. А: Экономика,2001 ж.
8. Ақша, несие, банктер: Оқулық/Жалпы ред. Басқарған э.ғ.д., профессор, ҚP ҰҒА академигі Ғ. С. Сейтқасымов. А: Экономика, 2005 ж.
9. Ақша, кредит, банктер: Оқулық/Жалпы ред. Басқарған э.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Ғ.С Сейтқасымов. А: Экономика, 2006 ж.
10. С.Б.Мақыш. Ақша айналысы және несие. – Алматы: Издат.Маркет,
2004 ж.
11. С.Б.Мақыш, А.ә.Ілияс. Банк ісі. – Алматы: Қазақ университеті, 2004 ж.
12. А.Ә. Ілияс, Г.И.Супугалиева, Н.Н.Керімбекова. Дамыған елдердің банк жүйесі. Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2004 ж.
13. Ильясов А.А. Денежно-кредитная политика. А: Экономика, 2007 г.
14. Гринберг И. Рубль, черновец, тенге. – Алматы: Қаржы-қаражат, 1997 ж.
15. Banking Technology – 1998 October
16. Pierce M. Payment techanisms designed for the Internet // http. ganges ected
17. Жоламанова М.т. Вексельное кредитование в рыночной экономика Казахстан и за рубежом. – Алматы: ЕИР, 2005 г.
18. Тедеев А.А. Электронные банковские услуги. – М: Эксмо, 2005 г.
19. Платежная система : структура, управление, контроль. / Под ред. Брюса Д. Саммерса – МВФ, 1993 г.
20. Кенжегузин М. Реформирование экономики Казахстана. – Алматы, 1997 г.
21. Калиева А.К. Особенности систем электронных переводов в Казахстане. // 5-научно-практической конференция Каз НУ им. Аль-Фараби. 8-9 декабря 2004 г.
22. Кочергин Д.А. Эволюция электронных наличных денег в контексте развитития денежных свойств. // Финансовый мир. Вып. 1-2002.
23. Матаева Н.У. Теоретическая основа безналичного механизма в организации денежного оборота страны. // Қаз ЭУ хабаршысы, 2005 № 5.
24. Ә.Қ Сәулембекова.Интернет-төлем жүйелерінің жіктелуі. // Аль-Фараби атындағы Экономика және бизнес факультетінің 5-конференциясы материалдарының баяндамасы. – Алматы, 2006 г.
25. Рубинштейн Т.Б., Мирошкина О.В. Развитие банковской системы и инновационные банковские продукты (пластиковые карты). М.: Гелиос АРВ, 2002 г.
26. Ютиш В. М., Бахарев В. А. Банки и банкиры Казахстана. – Алматы: Дизайн Принт, 2004 г.
27. Ілияс А.Ә.,Сәулембекова Ә.Қ. Төлем жүйесі: теория және практикасы: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2007 ж.
28. Ануреев С.В. Платежные системы и их развитие в России. М: 2004 г.
29. Платежные системы: Справочник. Алматы. НБ РК 2001 г.
30. Ұлттық банк хабаршысы: Журнал, 2007ж.,№ 1-13
31. Қаржы-қаражат: Журнал, 2006., № 1-7
31
Информация о работе ҚР төлем жүйесі және оның даму тенденциялары