ҚР төлем жүйесі және оның даму тенденциялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2012 в 17:52, дипломная работа

Описание работы

Экономикалық процестердің қатысушыларының көзқарасы бойынша, тауарлар мен қызмет көрсетулер және оларды сатып алушылардың арасында келісім шарт күн сайын орнап отырады. Көп жағдайда тауар өндірушілер өздерінің тауарлар мен қызмет көрсетулеріне уақытысында ақысының төленуін талап етеді, яғни олар тез арада алынған құралдарды пайдаланумен байланысты болады.

Содержание

КІРІСПЕ .............................................................................................................3

1 ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.........................6
1.1 Төлем жүйесінің түсінігі мен құрылымы ..................................................6
1.2 Төлем жүйелерінің түрлері мен қатысушылары......................................11
1.3 Қазақстан Республикасында төлем жүйесінің қалыптасуы....................14

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ.......................................20
2.1 Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің қазіргі жағдайы............20
2.2 Қазақстан Республикасының төлем жүйесіндегі төлемдер
ағыны............................................................................................................22
2.3 Төлем құжаттарында электронды айырбастау құралдарын
пайдаланудың мүмкіншіліктері..................................................................38

3 ТӨЛЕМ ҚЫЗМЕТТЕРІ НАРЫҒЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА
ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖҮЙЕСІ..............................................................52
3.1 Төлемді жүзеге асыру кезіндегі жаңартпалар..........................................52
3.2 Интернет жүйелерін енгізу..............................................................

Работа содержит 1 файл

Бекайым.doc

— 684.00 Кб (Скачать)

Бірақ, коммерциялық банк деңгейінде төлемдерді алғашқы қайта өңдеу бойынша шығындар мен Ресей банкінің есеп айырысу бөлемшесінің жол шығындары есепке алынбайды. Сонымен қатар көптеген коммерциялық банкілердің операциялық жүйесінің әр түрлілігіне байланысты шығындардың мөлшері белгісіз болып қалады. Сондықтан банкаралық есеп айырысуды тез арада жүзеге асыруға мүмкіншілік жоқ.

Ал күрделі шешімдер ММВБ-ға интернет-трейдинг жүйесінде жүзеге асырылған. Осы негізде банкілер өз клиенттеріне ММВБ-ның есеп айырысу жүйесінде шот ашуға делдалдық қызмет көрсетеді. Банкілер бағдарламамен қамтамасыз етуді бекітіп, оларға бұл жүйемен қалай жұмыс істеу керектігін үйретеді, нарық туралы ақпараттар береді.

Биржаның интернт-сайтындағы инструкция және мәмілелерді жүзеге асыру мен есеп айырысу негізінде, ол соңғы клиенттер мен делдал-банкілері туралы мәлімет береді.

Сонымен қатар ұялы байланыс қызметінде де клиенттермен өзара іс-әрекет ұйымдастырылған. Мұнда телефон иесі ұялы байланыс операторына бармаса да болады. Телефонды сатып алу, келісімшарт бекіту, сөйлесу ақысын байланыс салонында да жүзеге асыруға болады. Байланыс салондары клиент үшін байланыс операторымен алдын ала іс-әрекеттер процедурасын жүргізеді. Егер клиент тікелей оператор арқылы қосылса, онда олардың бұл процеске қатысы жоқ [16;125-130].

Қысқарған жүйе процедурасына қатысты жүргізілген салыстырмалы талдаулар, бір қатысушымен жүргізілетін төлем процедурасының санын бірнеше есеге азайту мен төлем жүргізу уақытын жылдамдату негізінде қабылданған шешімнің дұрыстығы мен тиімділігін көрсетті.

Коммерциялық банкілер бәсекелестік нарықта қызмет етеді, бірақ көшбасшы болып табылмайды. Жекелеген банкілер өз акционерлерінің мүдделері үшін қызмет етеді. Коммерциялық банкілердің шоттарындағы қаражаттар кредиттік тәуекелі бар міндеттемелер болып табылады. Сондықтан төлемдерді жүргізудің қысқарған процедурасы шеңберінде бірегей есеп айырысу институты функциясын Ресей банкі атқару керек.

Батыстық төлем жүйесін ұйымдастыру тәжірибесінде көрсетілген клиенттер шотын Орталық банкінің операциялық бөлімшесінде орталықтандыру туралы ұсыныс өте оңтайлы шешімін тапты. Клиенттер шотын осы сияқты орталықтандыруды ұйымдастыруын Орталық банінің Ресей банкімен банкаралық есеп айырысу жүргізуінен көруге болады.

Осы сияқты бағдарламаларды, банкілік жүйе мен қолма-қол есеп айырысу жүйесін ұйымдастырған кезде кеңестік тәжірибеге көп көңіл бөлу керек. 1980 жылдың ортасына дейін Мемлекеттік банкіден бес арнайы мамандандырылған банкілер модельді көшірудің еш қажеті жоқ. Содан бері экономика мен төлем жүйесінің технологиясында көптеген институттық өзгерістер болды. Бірақ бұл шешімнің негізгі мүмкіншіліктері көрсетудегі бағдарламасы орынды болады.

Сонымен процедураны күрделі қысқарту  қажеттілігін ескере келе, барлық клиенттердің есеп айырысу шотын Бас Ресей банкінің орталық есеп айырысу кассасына аударып, аймақтық клиенттердің шотын коммерциялық банкілер арқылы орталықтандыру керек. Бұл жағдайда оларды қашықтықтан бақылау керек. Бұл төлеушінің дебеттік шотынан алушының кредиттік шотына ешбір қосымша банкаралық коммуникацияларсыз және төлем құжатын аралық өңдеусіз төлем жүргізуге негіз бола алады.

Орталықтандырылған жүйеде жалпы қашықтықтан тиімді қызмет көрсетудің болмауынан, бұл жүйеге қызмет жүктелмейді. Барлық клиенттер төлем тапсырмалары банкілік шотқа қашықтықтан қызмет көрсету құралдары арқылы жеткізіледі. Тіпті қызмет ететін дәстүрлі жүйедегі қарапайым клиенттердің шотына операторларымен бірге коммерциялық банкілердің қосымша офистерінің байланысы арқылы төлем жүргізу пайда әкелмейді. Қашықтықтан қызмет көрсету құралдарын енгізбесе, қазіргі уақытта әр түрлі төлем жүйесіндегі ұйымдардың төлемді әр тиімді жүргізуі мүмкін емес.

Бірақ, банк операторлары мен клиенттердің хабарласуынан 100 % қашықтықтан қызмет көрсету қалыптаса қалмайды. Тек жалғыз ғана банк электрондық интернет-банкинг жүйесін толығымен құра алады. Экономикасы дамыған елдердің бірқатар банкілері, сонымен қатар бұл банкілердің ірі клиентері электрондау жүйесіне дайын емес.

Орталық банкіде МАЕКО аймақтық шотын орталықтандыру мен банкіге қажеттілігіне қарай мәселелер туындайды. Мұндай жағдайда клиенттер кезекте тұрмауы керек және клиенттердің ыңғайлы уақытына орай банкіге келуі қарастырылуы қажет. Егер банкінің кең көлемді желілері болса, онда клиенттерге сапалы қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар шектеулі мөлшерде болса да клиенттерге қызмет көрсетудегі бәсекелестік сақталу керек.

Банкіге келіп тұру қажеттілігі банкілік шот ашу, қвашықтықтан қызмет көрсету құрылысына қол жеткізу, шиеленіскен жағдайларды шешу, күрделі есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін туындайды. Қашықтықтан қызмет көрсетудің электронды қатынасы дегеніміз – банкіге төлем иструкцияларын көрсету мен банкіден көшірме алу болып табылады.

Ал төмендегі ағымдық дәстүрлі жеке қатынасты карточкалық бизнестен көруге болады. Клиент жылына бір рет банкіге шот ашу мен карта алу үшін бару керек. Кейін, егер клиент ешбір қарсылық көрсетпесе, онда барлық төлемдер мен көшірмелер банкілік карточкаға автоматты түрде аударылады.

Әрине, Western Union жылдам ақша аудару жүйесін ұйымдастыруда шешімді де қолдану керек, яғни, мұндағы төменгі аударым уақыты сервердің аймақтық офисіне барлық төлемдерді орталықтандыру есебінен қол жеткізеді. Сондықтан серверге компьютер арқылы жылдам қосылу клиенттерге қызмет көрсетудің қажеттілігін қанағаттандырады.

Клиенттер шотын орталықтандыру мен клиенттердің банкіге келуін реттеу – ұялы байланыс операторларының делдалдық желісін ұйымдастыру принциптеріне негізделеді. Коммерциялық банкілер шот ашады да, бірден Орталық банкінің  МАЕКО-на қызмет көрсетуге жібереді. Сонымен қатар банкілерде клиенттердің ісін қарастыру мен қажеттілігін қанағаттандыру клиенттердің банкіге келуі арқылы жүзеге асырылады.

 

 

3.2  Интернет жүйелерін енгізу

 

              Соңғы кезге дейін интернет-төлем жүйелерінің дамуы туралы пікірталастар тек іскерлік одақтастықтар аясымен ғана шектелетін. Жалақы төлемдерінің  қолма-қол ақшадан жиро-трансферттерге өтуі, кредиттік карталарды енгізу, халықаралық төлем жүйелерінің пайда болуы немесе банкоматтық желілердің таралуы сияқты жаңашылдықтар ғылым аясынан тыс қалды. Сауда нүктелерінде электрондық төлем жүйелерін, атап айтқанда дебеттік карталарды пайдаланумен төлемдерге, әсіресе электрондық әмияндарды енгізуге үлкен көңіл аударылды. Бірақ осы мәселелердің біреуін де жаңа интернет-төлем жүйелерінің дамуына арналған мәселелермен салыстыруға болмайды.

              Интернеттің он-лайндық және офлайндық режимінде төлемдерді жүзеге асыруда жаңа және дәстүрлі электронды төлем жүйелеріне деген сұраныс пен қызығушылықтың артуының бірқатар себептері бар. Осындай себептерге келесілер жатады:

-  жаhандану. Әлемнің түпкір-түпкіріндегі өзара саудада қажет іскер адамдар мен клиенттердің саны өсуде;

- ақша нарығындағы бәсекелестіктің өсуі. Бәсекелестіктің өсуі ақша нарығына кірудегі реттеуші кедергілердің төмендеуімен, банкілік емес институттардағы төлем қызметінің белсенділігімен түсіндіріледі. Сондықтан банкілік емес институттар өздерінің  қаржылық қызметінің аясын кеңейтіп, шығындарды азайтудың жолдарын іздестіруді жалғастырады. Нәтижесінде банкілер және басқа да қаржылық институттар төмендетпелі маржа жағдайында бұдан шығар жолды тапты.

-  он-лайндық сауданың елеулі өсімі. Фирмалық көтерме сауда секторында, клиенттің бөлшек сауда секекторында, клиенттің бөлшек сауда секторында, сонымен қатар жеке клиентаралық төлемдер секторында да электрондық коммерцияның дамуы қауіпсіз әрі ыңғайлы он-лайндық төлем әдістеріне деген сұранысты арттырады.

Қазіргі кезде интернет төлем жүйелерінің көптеген түрлері дамыған.

Олардың ұлттық көлемдегі жағдайы мен кеңею дәрежесі әр түрлі. Интернет-төлем жүйелерінің жіктелуі олардың негізін құрайтын, төлем құралының дәстүрлі анықтамасына сүйеніп жасалған интернет-төлем жүйесінің  жіктелуін келесі кестеде көрсетіп өттім (17 кесте).

 

Кесте 17 – интернет-төлем жүйелерінің жіктелуі

                        Типтері

                     Түрлері

 

Кіру өнімдері

Кредиттік трансфертер

Электронды чектер

Дебеттік карталар (соның ішінде, чиптік карталар)

 

 

Кредиттік карталар

Негізгі айырмашылықтар кредиттік карточкалар бойынша төлемдерді кепілдеу әдістерінде болады (SET, 3D-SET және т.б) және түрлері ретінде қарастырылмайды

 

Мүміндікті шоттар/әмиян

B2C және P2P дәстүрлі төлем құралына тәуелді «байланыс төлем құралы» болып қала береді

 

 

 

Құн алдын ала төленген өнімдер

             Бір мақсатты схемалар

 

Электронды ақшалар

 

 

Карта негізінде

Бағдарлама негізінде

Алдын ала төленген «арнайы шоттар»

 

Ақшалай суррогаттар

Мысалы, электрондық жүйенің электрондық схемалары. Үш тарап қатысады

 

Микробиллинг

Шоттарды ұсыну барлық қатынастарға негізделеді немесе жаңа қатынастар орнатуы талап етеді

 

Ұялы төлемдер

Бүгінгі күнге дейін төлем құралы дербес заңды объект болып табылмайды, бірақ жаңа құрылғылар төлемнің электрондық тәсілдерінің барлық диапазонын алып отыр

 

              Кіру өнімдері. Кіру өнімдері деп банкілік шоттарды ашуға жол беретін және А агентінің банкілік шотынан В агентінің банкілік шотына қаражат аударуға мүмкіндік беретін төлем құралдарын айтамыз.Кредиттік трансферттер, тікелей дебеттік аударымдар, чектер мен дебеттік аударымдар, чектер мен дебеттік карталар осындай өнімдердің маңызды түрлеріне жатады. Критерий ретінде нақты төлемнің уақытын пайдалана отырып, осы қаражаттарды «қазір төлеу керек» категориясына жатқызу мүмкін. Осылардың барлығы бастапқы кезде қағаз түрінде шығарылғандығына қарамастан электронды ортаға бейімделуі мүмкін.Осы төлем құралдарын интернетте пайдаланғанда кейбір мәселелер туындайды. Оларға кейбір қорғану және танылу яғни, дәстүрлі коммерцияда шешуші рөл атқаратын «чекті ұсыну», «қолтаңба жазу» ерекшеліктері жетіспей тұрады. Сандық қолтаңба көшіретін төлем құралдары немесе смарт-карталар осы мәселені шешудің тәсілі болып табылады. Төлем жүйелерінің осы түрі физикалық тауарларды сатып алуға, бөлшек сауда секторында төлемдерді жүзеге асыруға арналған.

Кредиттік және төлем карталары. Кредиттік карточкалар бойынша төлемдер жүргізу бүгінгі күнге дейін банкілік шотпен тығыз байланысты болса да біз оларды жеке қарастырамыз. Біз оларды делдалдық төлем қызметін көрсететін «төлем құралы» деп есептейміз. Кредиттік карточка бойынша төленген төлем клиенттің банкілік шотын дебеттеудің алдында төлемдерді біріктіруге жұмсалады. Төлемнің  бұл түрін «кейін төленеді» категориясына жатқызуға болады. «Өзара байланысқан төлемдер» концепциясы өте маңызды болып табылады, себебі ол төлем қызметерінің артық бір тізбегі мен провайдерінен тұратын төлем процестерін түсінуге мүмкіндік береді.Сондай-ақ, ол интернетте төлем қызметттерін ұсынуға банкілік емес қаржы институтарының арасындағы қарым-қатынастарды жақсы түсінуге септігін тигізеді. Кредиттік және төлем карточкалары негізінде жүргізілген төлем жүйелері барлық төлемдердің тіркелуімен, орташа және жоғарғы құнды төлемдердің жасалуымен сипаттталады. Кіру өнімдері сияқты төлем жүйелерінің бұл түрі жоғары деңгейлі қуіпсіздік  пен пайдалану жеңілдігінің талаптарына жауар береді.

Мүмкіндікті әмиян/шоттар. Төлем қызметтерінің кейбір провайдерлері орталық серверде орналасқан әмияндарды қолданды. Бұл кредиттік трасферттердің, дебеттік және кредиттік карточкалардың көмегімен төлемдердің дәстүрлі түрлерін пайдалануды жеңілдете түседі. Көп жағдайда мүмкіндікті әмиян функционалды түрде «мүмкіндікті шотпен» біріктірілген. Сол себепті оларды «мүмкіндікті әмиян/шоттар» деген жалпы категорияға жатқызуға болады. Әдетте, мүмкіндікті шоттар кәдімгі банкілік шоттардың қызметтерін атқарып отырады. Олар құнды бір мүмкіндікті шоттан екіншісіне немесе мүмкіндікті шоттан банкілік, болмаса карталық шотқа аударып отыруға мүмкіндік береді.

Информация о работе ҚР төлем жүйесі және оның даму тенденциялары