ҚР төлем жүйесі және оның даму тенденциялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2012 в 17:52, дипломная работа

Описание работы

Экономикалық процестердің қатысушыларының көзқарасы бойынша, тауарлар мен қызмет көрсетулер және оларды сатып алушылардың арасында келісім шарт күн сайын орнап отырады. Көп жағдайда тауар өндірушілер өздерінің тауарлар мен қызмет көрсетулеріне уақытысында ақысының төленуін талап етеді, яғни олар тез арада алынған құралдарды пайдаланумен байланысты болады.

Содержание

КІРІСПЕ .............................................................................................................3

1 ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.........................6
1.1 Төлем жүйесінің түсінігі мен құрылымы ..................................................6
1.2 Төлем жүйелерінің түрлері мен қатысушылары......................................11
1.3 Қазақстан Республикасында төлем жүйесінің қалыптасуы....................14

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ.......................................20
2.1 Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің қазіргі жағдайы............20
2.2 Қазақстан Республикасының төлем жүйесіндегі төлемдер
ағыны............................................................................................................22
2.3 Төлем құжаттарында электронды айырбастау құралдарын
пайдаланудың мүмкіншіліктері..................................................................38

3 ТӨЛЕМ ҚЫЗМЕТТЕРІ НАРЫҒЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА
ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖҮЙЕСІ..............................................................52
3.1 Төлемді жүзеге асыру кезіндегі жаңартпалар..........................................52
3.2 Интернет жүйелерін енгізу..............................................................

Работа содержит 1 файл

Бекайым.doc

— 684.00 Кб (Скачать)

Құны алдын ала төленген өнімдер. ХХ-ХХІ ғғ. Бөлшек төлемдер шеңберіндегі маңызды жаңашылдық ретінде қарастырылатын төлем құралдарының келесі түрі – құны алдын ала төленген өнімдер деп аталады. Құны алдын ала төленген төлемдер ақша қаражаттарын айырбастау жолымен сатып алынады, эмитенттісеньоражды табыспен қамтамасыз етіліп отырады. Қайтару кезінде құны алдын ала төленген өнімдерде отырған ұсынушының ақшалай талабы эмитентке жіберіледі. Эмитент алдын ала барлық талаптарды өтейтін ақша сомасын алғаннан кейін төлемді қамтамасыз ету керек. Талдау жасау тұрғысынан алып қарастырғанда, құны алдын ала төленген өнімдер төлемінің байланысқан тәсіліне жатқызылады.

Ақшалай сурогаттар. Бұл терминді электронды ваучерлер, электрондық купондар, электронды сыйақылар сияқты құнды ұпайларды пайдалану арқылы әр түрлі схемаларды көрсету үшін қолданылады. Әдетте, бұл схемалар банкілік емес қаржылық институттармен басқарылады. Құнды ұпайлар белгілі бір сауда нүктелерінде жұмсалғанға дейін белгілі бір шарттар бойынша сатушыларға бөлініп сатылады. Төлем жүйесінің мұндай түрі ерекше көңіл бөлуді талап ететін біркелкі емес және жаңартпашылық қызмет аясына жатады.

Микробиллинг. Микробиллинг жүйелері шотты электронды ұсыну жүйелері мен төлем сервистеріне қарағанда өзгеше болғанымен, кейде олардың функциялары бір-бірімен ұқсас келеді. Микробиллинг те кредиттік карточка бойынша жүргізілген төлемдер сияқты «төлемнің байланысқан тәсіліне» жатады. Кредиттік карточка бойынша жүргізілетін төлемдерде қаржылық делдал, телекоммуникациялық компания, интернет-провайдер, банк немесе мамандандырылған биллингтік компания төлемдерді клиенттің банкілік шотында дебеттеуде немесе басқа да делдалдық төлем қызметтерінде пайдаланады.Билингтік сервис билингтік қарым-қатынастармен, мысалы телефон компаниясымен, интернет-рповайдермен,сауда орталығымен байланысты болуы мүмкін немесе осы қызметің абоненті үшін жаңадан орнатылуы мүмкін.

Төлемнің мобильді әдісі. Төлемнің мобильді түрлері жаңа құрылғыны – ұялы телефон мен байланыстың жаңа каналы – ұялы телефон желісін қамтиды. Бұл әдіс шынайы және электронды экономикада пайдаланылады. Мұнда үш негізгі бағыт сақталады:

-         басқа шоттардағы ұялы байланыс қызмет есебіне кіргізу арқылы;

-         алдын ала төленген карталардан қаражаттарды ұстау;

-         кредиттік карточка бойынша төлемдер мен тікелей дебеттік аударымдар сияқты дәстүрлі төлем құралдарын пайдалану мүмкіншілігі. Бір сөзбен айтқанда, ұялы телефондарды төлем құралдарының барлық түрлеріне қатысты қолдануға болады.

 

Кесте 18 – дамыған мемлекеттердегі интернет-төлем жүйелері

Типтері

 

Түрлері

 

Жүйенің атаулары

Кіру өнімдері

 

 

Кредиттік трансферттер

АCTION project; fun; nic giro; Solo e-payment

Электронды чектер

BillPomt ;Ecbeck;

Дебеттік каталар

ACH debit I-Pay Leonia;

Bezahlen att;

Safe Debit;

Switch;Cash

Visa debit;

Кредиттік карталар

SET ftcil;

Telepay light;

Мүмкіндікті шоттар/әмиян

Amazon; Money Zap; Barclaycoin; Mover card; CyberCasb; Nochex c2it; Odysseo; Earthport; PayHoimd; Ecoimtcom; PayDirect; EMoneyMaft; com PayPal ;

Электронды ақшалар

Алдын ала төленген ақшалар

 

 

Карталық негізде

Avant; Mraiedero 4B; Danmonl; Moneo; Cash; Quick; Chipknip/Chipper PayCard; GeldKarte; Porta; Mocdas Multibanco; Euro 6000; Proton; Minipay/PayOnWeb; SmartAxis ;

Бір мақсатты карталар

WebCard; SmartTrip

Алдын ала төлеуге «берілген» шоттар

7-Eleven internet card; MicroMoney; Breezecard; on-e Cartafacile Moneta; Online; Commerzbank virtual card;Nexgo Kleingeldborse ;

Ақшалай суррогаттар

3D-Net; Intranet barter; Incenn-vCasb; Bartertrasl/tradeaq; I-Points net; MyPoints; DigiGold Payback Flooz;

Микробиллинг

0900 Interconnect; Kiosque BT; Array Net 900; ChargeitDial NET 900 Kontopass; Chargeitdigital; Post/Torget; Qpass Firstgate click & buy ;

Мобильді төлемдер (он-лайндық банкинг)

Banko max; Pagomobile; Banxsafe; Paiement; CB Cingukr; PayDirecet; Paybox; EasyBuyft; Payitmobil; GenionM-Payment;  Mobilbank; Sonofon; Streetcash; Movilpago; TeliaPayit; Omnipay; Onpbone; Visamovil Orange ;Mobile Payment;

 

              Мына кестеде дамыған елдерде таралған ең әйгілі интернет-төлем жүйелері көрсетілген. Әр түрлі мемлекеттерде интернет-төлем  жүйелерінің алуан түрлерінің таралу дәрежесі көптеген факторлардан құралатын ұлттық «төлем мәдениетінің» ерекшеліктеріне байланысты. Осындай фактоларға елдің саяси құрылымы, оның экономикалық деңгейі, ақша–кредит саласының тұрақтылығы, қаржы секторы мен төлем қызметтерінің аясын қайта реттеу дәрежесі, төлем жүйелерінің енуі мен дамуының қаржылық көрсеткіштері, бизнес дәстүрлі мен қалыптасқан трансакциялық қарым-қатынастар клиент құқықтарының қорғалуы мен сауда нүктелерінің кепілдіктерін қарастыратын заңды нфрақұрылымының болуы, электронды коммерцияның даму дәрежесі және т.б. Интернет-төлем жүйелерінің таралуы сияқты факторлар жеке зерттеудегі талап ететін объектілерге жатады.

Тұжырым. Әрбір жіктемесі өз шегіне жеткен соң, әр түрлі категориялармен қиылысатын төлем жүйелері мен жіктелу шегінен шығатын жүйелер орын табады. Мысалы, интернет-төлем жүйелері туралы айтқанда В2С және Р2Р электрондық коммерция секторларында қызмет ететін жүйелермен шектелеміз. Сонымен қатар, біз жіктелуі тек электрондық әдіспен жүзеге асырылатын трансакцияларды қосамыз.

Біз категориядан артық категорияларға жататын төлем жүйелері де болуы мүмкін. Кей кездері мынадай жағдайлар да кездеседі. Берілген схема алдын ала төленген типке жата ма немесе оны мүмкіндікті шот/әмиян ретінде қарастыру керек пе? – деген сұрақ туындайды. Нақты жауабын табу үшін қызмет көрсетуші мен төлем схемасын егжейлі талдау керек [12;169-172].

Қазіргі кезде интернет-төлем жүйелерінің дамуының негізгі мәселелердің бірі – олардың қызмет көрсету сапасы, яғни бұл жерде төлем жүйелерінің интернет жүйесінде төлемдерді жүзеге асыратын клиенттердің талаптарын қаншалықты қанағаттандыра алатыны туралы айтылады. Сонымен қатар, интернет-төлем жүйелерінің дамуындағы маңызды мәселелерге пайдаланушылардың шекті массасын құру мен төлемдердің тиімділігі жатады. Бұл мәселені де жеке зерттеуді қажет ететін нысан ретінде қарастыру керек. Бірінші мәселе – төлемдердің бүкіл аясының дамуын білдіретін желілік әсерлермен, ал екіншісі - әрбір төлем жүйесінің трансакциялық шығындарын есептеумен байланысты.

Нақты экономикалық есеп айырысулар мен комиссия мөлшерін, коммерциялық банкілердің жалпы табысы мен шығынын анықтамас бұрын, төлем жүйесінің технологиясында ұсынылған жаңалықтар аясында Ресей банкі мен коммерциялық банкілер арасында қызметтерді бөлуге баса назар аударылған. Сонымен бірге төлем қызметін көрсетудегі дәстүрлі үлгімен салыстырғандағы табыс пен кірістің өзгерістерін анықтау қажет.

Клиенттердің ағымдағы есепшоттары мен төлем кестесін Ресей банкінің операция жүргізетін бөлімшелері деңгейінде орталықтандыру туралы ұсыныс коммерциялық банкілерді төлем жүйесі мен есеп айырысу бизнесіне қатысушылар құрамынан шеттету дегенді білдірмейді. Коммерциялық банкілерге тек клиенттердің ағымдағы есепшотын жүргізу мен есеп айырысу құжаттарын өңдеу қызметі беріледі. Бірінші қызметі тікелей Ресей банкінің іс әрекеттік бөлімшесі  атқарса, екінші қызметті банкілік есепшотқа қашықтықтан қызмет көрсету құралы атқарады.

Оталық банкінің іс-әрекеттік бөлімшелерін ұйымдастыру жұмысы жоғары технологиялық әрі іс-әрекетті электрондық өңдеу дәрежесінде және клиенттермен қатынас жасамай-ақ жүргізіледі. Мұндайда төлем жүйелерінің технологиясын электронды негізге толықтай көшірудің, құжаттарды қолмен өңдеудің қажеті жоқ.

Орталық банкінің бір ғана аймақтық БАКО-сы, мейлі ол есепшот ашу немесе қашықтықтан қызмет көрсету құралын өзгерту болсын, клиенттерге пайдалы қызмет көрсете алмайды, қарапайым және бұрынғы есеп айырысу операцияларын, соның ішінде, 100 %-ға дейін автоматтандыруға болатын төлем тапсырыстарын жүргізу мен өңдеуді ғана орындайды.

              Орталық банкінің орталықтандырылған төлем жүйелерінің әлеуетті клиенті есепшоташу үшін өзіне ыңғайлы кез келген банкінің, яғни жүйеге қатысушы банкінің қосымша офисіне барады. Банк ол клиентпен келісім жасап, есепшоттың нөмірін береді де, Ресей банкінің іс-әренкет жүргізетін бөлімшесіне тіркейді және артынша құжаттама жасайды. Төлем жүргізген кезде есепшот коммерциялық банкімен емес, БАКО-мен жұмыс істейді. Банк мамандарының қатысуын талап ететін басқа да қызметтер құжаттаманың жасалған жеріне қарай көрсетіледі. Банк есепшот ашқаны және жыл бойы көрсеткен қызметі үшін комиссия ұсталады.

Әрбір клиент міндетті түрде банкілік есепшотпен жұмыс істеген кезде қашықтықтан қызмет көрсету құралын қолдануы қажет. Ол бұл құралдардың орнына ұялы телефон, БАКО-ның интернет-сайтын немесе дәстүрлі пластикалық картаны қолдана береді. Осы құралдардың кез келгенін клиент өзінің құжаттамасы жасалған банкінің офисінен ала алады. Құжаттамада клиенттің осы құралдарды қолдануға берген келісімі мен оны қолдану қағидаларын түсіндіру жөніндегі куәлік сақталады. Егер ол құжаттаманы жыртып немесе жоғалтып алған жағдайда, клиент сол банкінің офисіне келіп хабарлауы керек. Қашықтықтан қызмет көрсету құралдарын бергені және сервистік қызмет көрсеткені үшін банк комиссия ұстайды.

Қашықтықтан қызмет көрсету құралдарын барлық клиенттер пайдалана алмайды, олар жоғалып немесе қатардан шығып қалуы мүмкін. Егер клиентке төлем төлеу немесе көшірмені дәстүрлі тәсілмен алу нұсқауы берілсе, онда ол бұл істі құжаттама жасалған банкінің қосымша офисінде жүзеге асырады. Банк дәстүрлі есеп айырысу қызметін көрсетіп, төлемді жүргізгені және көшірме бергені  үшін комиссиялық пайыз алады. Ол ақшаның көлемі үлкен болуы қажет, себебі ол қашықтықтан қызмет көрсету құралының қолданыс жағдайын жасап, банк шығындарын өтейді.

Қазіргі кезде ресейлік ішкі банкілік есеп айрысуларда аккредитивтер мен инкассолар қолданылмайды. Халықаралық есеп айырысуда олар жиі қолданылып, банкілерге айтарлықтай комиссиялық табыс әкеледі. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың рубльде кең қолданысқа түсуі есеп айрысудың аккредитивті немесе инкассолық түрінің өсуіне әсер етеді. Бұл клиенттерге дәстүрлі қызмет көрсету мен шаруашылық құжаттарын өңдеудегі есеп айрысудың күрделі формасы болып табылады. Аккредитивті қою немесе инкассоны қабылдау, төлеуші немесе алушының клиенттің құжаттамасы сақталған жері бойынша жүзеге асады. Аккредитив пен инкассо арқылы есеп айырысу жүргізгені үшін банк комиссия алады.

              Қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың тиімділігіне қарамастан қолма-қол ақша айналымының толығымен жойылуы жөнінде сөз қозғауға болады. Керісінше, банк арқылы қолма-қол ақшаның айналымын өсіру керек. Қысқарту қолма-қол ақшада, яғни көлеңкелі айналымда байқалады. Қазіргі таңда қолданып жүрген қолма-қол ақша операциялары үшін коммерциялық банкілер комиссия алады, оның мөлшері шаруашылық касса мен банкоматтарды пайдалануға жұмсалған банк шығындарын жасырып тұруы шарт. Сонымен бірге, комиссия жалақы төлегенде немесе клиент тауарларын алғанда, клиенттерді қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды қолдануға ынталандыру керек.

Картаны  қабылдаушы бөлімшелердің саны артуы тиіс. Ресей банкі ол бөлімшелерге пайдалы қызмет көрсете алмайды, әрі ол клиент шотының құжаттамасын жүргізе алмайды.

Төлем жүйесін жасап шығару мен оларды дамытуда коммерциялық банкілер негізгі рөлді атқарады. Коммерциялық банкілер бағдарламамен қамтамасыз етуге тапсырыс беріп, оны жасап шығаруды қаржыландырады. Қазіргі кезде SWIFT жүйесі бағдарламамен қамтамасыз етудің тәуелсіз жасап шығарушыларын ынталандырып, банк тарапынан бағдарламамен қамтамасыз етуді таңдауға ерік береді. Интернет-трейдинг бағдарламасымен қамтамасыз етуге сервистік қолдау көрсетіп, оны енгізіп, қолдауды үйреткені, ЭЦП-ні электрондық поштаны бекіткені, қарапайым форма бойынша автоматты есептің электрондық стандартты үлгісі мен төлем жүйесінің қосымша қызметтері үшін коммерциялық банкілер комиссиялық пайыз ұстап қалады.

Карточкалық жүйені қолданудың тәжірибесінін, банкілік офиске дәстүрлі келуді және банк қызметкерлерінің жұмысын, әрі осындай іс-әрекеттерді жүргізудің жиілігі бойынша мәліметтерді талап ететін тарифтерді алып пайдаланамыз. Бұл есеп айырысу мөлшері банк шығындары бойынша қосымша офистер мен қызметкерлерге түскен ауыртпалықтарды анықтауға мүмкіндік береді.

Қолма- қол ақшаны берудегі комиссияның деңгейі карточка жүйесімен бірдей, себебі ол клиенттердің бәрінен көрсетілген қызмет үшін комиссиялық пайыз алынады. Кассалық іс-әрекеттердің осыған ұқсас табысы статистикалық мәліметтер негізінде анықталады.

Информация о работе ҚР төлем жүйесі және оның даму тенденциялары