Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2012 в 17:52, дипломная работа
Экономикалық процестердің қатысушыларының көзқарасы бойынша, тауарлар мен қызмет көрсетулер және оларды сатып алушылардың арасында келісім шарт күн сайын орнап отырады. Көп жағдайда тауар өндірушілер өздерінің тауарлар мен қызмет көрсетулеріне уақытысында ақысының төленуін талап етеді, яғни олар тез арада алынған құралдарды пайдаланумен байланысты болады.
КІРІСПЕ .............................................................................................................3
1 ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.........................6
1.1 Төлем жүйесінің түсінігі мен құрылымы ..................................................6
1.2 Төлем жүйелерінің түрлері мен қатысушылары......................................11
1.3 Қазақстан Республикасында төлем жүйесінің қалыптасуы....................14
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ.......................................20
2.1 Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің қазіргі жағдайы............20
2.2 Қазақстан Республикасының төлем жүйесіндегі төлемдер
ағыны............................................................................................................22
2.3 Төлем құжаттарында электронды айырбастау құралдарын
пайдаланудың мүмкіншіліктері..................................................................38
3 ТӨЛЕМ ҚЫЗМЕТТЕРІ НАРЫҒЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА
ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖҮЙЕСІ..............................................................52
3.1 Төлемді жүзеге асыру кезіндегі жаңартпалар..........................................52
3.2 Интернет жүйелерін енгізу..............................................................
Кесте 7 - банкаралық клирингтегі төлем айналымын пайдаланушы топтар
бойынша бөлінісі
| ||||
Топ | Төлемдер көлемі (млрд. теңге) | Өзгерістер | ||
2005 ж. І тоқсан | 2006 ж. І тоқсан | Млрд. Теңге |
% | |
Бес ірі банкілер | 98,8 | 127,4 | 28,5 | 28,9 |
Шетел қатысуындағы банкілер | 39,3 | 49,4 | 10,1 | 25,6 |
Басқа да банкілер | 57,5 | 77 | 19,5 | 33,9 |
Банкілік емес ұйымдар | 11,5 | 17,6 | 6,1 | 53,4 |
Басқа қатысушылар | 63,4 | 98,7 | 35,3 | 55,7 |
Жалпы нәтиже | 270,5 | 370 | 99,5 | 36,8 |
Төлем құралдарын пайдаланудағы төлем карточкалары жөнінде айта кетсем, соңғы жылдары төлем карточкаларының Қазақстандық нарығы өз ұстанымының аясын айтарлықтай кеңейтті және нығайтты. 2007 жылғы І қаңтардағы жағдай бойынша төлем карточкаларын шығаруды екінші деңгейлі 19 банк және «Қазпошта» АҚ жүзеге асырды [26;66-67].
Екінші деңгейлі банктер жергілікті жүйелердің мынадай төлем карточкаларын: Altyn card – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және «АТФ Банк» АҚ, Smart Alem Card – «Тұран Әлем Банкі» АҚ, Каспийский – «Банк Каспийский» АҚ, Ситибанк Казахстан жергілікті карточкасын – «Ситибанк Казахстан» Ақ, Цеснабанктің жергілікті карточкасын – «Цеснабанк» АҚ шығарды. Бұдан басқа, Қазақстанның банктері VISA International, Europay International,Amerikan Express International және Diners Club International халықаралық төлем жүйелерінің карточкаларын шығарды және таратады. Бұл ретте «Қазақстан Халық Банкі» АҚ China Union Pay халықаралық төлем жүйелерінің карточкаларын шығаруға және қызмет көрсетуге кірісті. Сондай – ақ Қазпошта« АҚ «Ұлттық Прогрессингтік орталықпен» бірлесіп, Kaz Card микропроцессорлық ұлттық төлем карточкаларын шығаруды жүзеге асырды.
2006 жылғы халықаралық және жергілікті жерлердің төлем карточкалары жөніндегі мәліметтерге сүйене кетсек, 2006 жылы қолма-қол жасалмайтын төлемдер саны 7 995 691-ге жетсе, қолма-қол ақшаны алу бойынша трансакцияның саны 58 830 850-ге жетті. Ал, айналыстағы карточкалар саны 4 100 808 болды (8 кесте).
Кесте 8 - 2006 жылғы халықаралық және жергілікті жерлердің төлем карточкалары жөніндегі мәліметтер
Банктің атауы |
Жүйе |
Айналыста- ғы карточка лар саны |
Қолма-қол жасалмай тын төлемдер саны | Қолма-қол ақшаны алу бойынша трансакция-лар саны | |
| |||||
«АТФ Банк»АҚ | VISA | 69 246 | 151 552 | 1 124 770 | |
«Тұран Әлем Банк»АҚ | VISA | 509 817 | 511 783 | 5 633 179 | |
Europay | 204 167 | 107 146 | 2 142 580 | ||
«Банк Центр Кредит» АҚ | VISA | 181 929 | 119 954 | 2 210 800 | |
«Казкоммерцбанк»АҚ | VISA | 369 447 | 1 236 041 | 5 402 489 | |
Europay | 251 219 | 724 078 | 3 563 744 | ||
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ | Europay VISA | 1 670 460 | 3 267 298 | 25 965 330 | |
| 313 426 | 482 161 | 4 644 380 | ||
«АБН АМРО Банк Казахстан» ЕАБ ЖАҚ | VISA | 54 544 | 252 132 | 894 709 | |
Басқалары | 284 763 | 457 555 | 3 857 243 | ||
| 3 909 018 | 7 309 700 | 55 439 224 |
Жергілікті жүйелер | |||||
«АТФ Банк»АҚ | Altyn | 7 | 3 | 26 169 | |
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ | Altyn | 114 044 | 192 683 | 1 402 073 | |
«Банк Каспийский» АҚ | Каспийский | 3 347 | 1 534 | 30 775 | |
«Тұран Әлем Банк»АҚ | Smart Alem Card | 68 564 | 58 864 | 956 109 | |
«Ситибанк Казахстан» АҚ |
Ситикарт | 2 258 | 5 238 | 50 816 | |
Басқалары | 3 570 | 427 669 | 925 684 | ||
Жергілікті карточкалар,барлығы | 191 790 | 685 991 | 3 391 626 | ||
Жиынтығы | 4 100 808 | 7 995 691 | 58 830 850 |
Басқа төлем құралдары: 2006 жылы екінші деңгейлі банктер және «Қазпошта» АҚ кестеде көрсетілген төлем құралдарын пайдалана отырып 71 трлн.теңге сомаға саны 106 млн. трансакция жүргізді. Жалпы алғанда түрлі төлем құралдарын пайдаланудың ұлғаюы байқалды. Сонымен бірге, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда төлемдер саны 24,7 %, ал сомасы 49,1 %-ға инкассалық өкім өсті (9 кесте).
Кесте 9 - 2006 жыл үшін төлем құралдары бөлігіндегі төлемдер
Төлем құралдары | 2005 жыл үшін І тоқсан | 2006 жыл үшін 1 тоқсан |
Өзгеруі %-бен | |||||
Абс. |
Жалпы көлемінен % |
Абс. |
Жалпы көлемінен % | |||||
Төлем тапсырмасы | К | 30453,6 | 35,8 % | 30870,4 | 29,1 % | 1,4 % | ||
С | 44929,3 | 94,3 % | 67904,0 | 95,6 % | 51,1 % | |||
Төлем-талап тапсырмасы | К | 120,1 | 0,1 % | 135,5 | 0,1 % | 12,8 % | ||
С | 217,2 | 0,5 % | 42,1 | 0,1 % | 5 % | |||
Инкассалық өкім | К | 301,2 | 0,4 % | 341,9 | 0,3 % | 13,5 % | ||
С | 140,7 | 0,3 % | 317,9 | 0,4 % | 2,3рет % | |||
Төлем карточкалары | К | 49820,4 | 58,6 % | 66826,5 | 63,0 % | 34,1 % | ||
С | 848,7 | 1,8 % | 1241,8 | 1,7 % | 46,3 % | |||
Басқа да құралдар | К | 435,2 | 5,1 % | 7867,9 | 4,4 % | 81,5 % | ||
С | 1498,8 | 3,1 % | 1532,9 | 2,2 % | 2,3 % | |||
Жалпы қорытынды | К | 85030,6 | 100,0 % | 106042,2 | 100,0 % | 24,75 % | ||
С | 47634,7 | 100,0 % | 71038,8 | 100,0 % | 49,1 % |
Ұсынылған төлем құралдарынның жалпы санының көбеюі негізінен төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған операциялар санының 17 млн. трансакцияға өсуіне себепші болды. Бұл ретте төлемдер көлемінің көбеюі негізінен төлем тапсырмаларын пайдалана отырып жасалған төлемдер көлемінің 23 трл. теңгеге өсуімен байланысты болды [23;36-45].
Төлем тапсырмалары және төлем карточкалары, бұрынғысынша Қазақстанның аумағында барынша тартылған болып табылады. Бұл ретте, бір төлем тапсырмасының орташа сомасы 2006 жылы 2,2 млн. теңге болды және өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 49,1%-ға ұлғайды. Төлем карточкаларын пайдаланған кезде бір трансакцияның орташа сомасы 2006 жылы 18,6 мың теңге болды. Сонымен қатар, төлемдер саны бойынша төлем карточкаларының үлес салмағының жоғары және төлемдер көлемі бойынша төмен болуы осы төлем құралынын негізінен қолма-қол ақша алу үшін пайдаланумен сипатталады..
Басқа төлем құралдарына тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін есеп айырысуға арналған чектер, банк шоттарын және орындалған аккредитивтерді тікелей дебеттеу кіреді. Көрсетілген төлем құралдарының санының 81,5 %-ға өсуі негізінен банк шотын тікелей дебеттеуді пайдаланудың ұлғаюы себепші болды.
Тұтастай алғанда Қазақстан төлем жүйелері арқылы 2007 жылы І тоқсанда 39,1 трл.теңге (313,4 млрд.$) сомаға 5,4 млн. трансакция жүргізілді. 2006 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда төлемдер сомасы 2,3 есе (22,0 трлн. теңге) ұлғайғанда, төлем жүйелеріндегі төлемдер саны 10,9 %-ға (658,7 мың трансакция) төмендеді.
Банкаралық ақша аударымдар жүйесі (БААЖ): 2007 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша БААЖ-да 48 пайдаланушы тіркелді.
2007 жылы І тоқсанында барлығы БААЖ арқылы 38,7 трлн.теңге (309,7 млрд.$) сомаға 1,9 млн. трансакция жүзеге асырылды. 2006 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда төлемдер саны 4,3 %-ға қысқарды, бұл ретте төлемдер сомасы 2,3 есеге ұлғайды. Төлемдер санының аздап қысқарып, олардың елеулі өсуі БААЖ-дағы бір төлем құжатының орташа сомасының 2,4 есе 20,8 млн. теңгеге дейін іріленумен сипатталды.
Орташа алғанда бір күнде БААЖ арқылы 2007 жылғы І тоқсанда 633,8 млрд.теңге сомаға 30,5 мың трансакция өтті, бұл 2006 жылғы осы кезеңдегі деңгейден саны бойынша 1,9 мың трансакцияға (5,9 %) аз, бірақ 355,0 млрд. теңге (2,3 есе) сома бойынша көп.
2007 жылғы І тоқсанда байқалған БААЖ-дағы төлемдер сомасының өсуі 2006 жылғы І тоқсанмен салыстырғанда Қазақстан Республикасы резиденттерінің бағалы қағаздарымен операциялар бойынша төлемдер көлемінің 3,2 есе, банкаралық депозиттермен және банктер мен олардың клиенттерінің меншік қаражаттарының аударымдарымен 53,5%, сондай-ақ шетел валютасымен және қымбат металдармен 2,7 есе ұлғаюына себепші болды. Осы төлемдер көлемінің ұлғаю сомасы БААЖ төлемдер көлемінің жалпы өсімінің 89,3 % болды. Сонымен қатар, БААЖ-да төлемдер көлемінің тауарлар және материалдық емес активтер үшін 40,5 %, көрсетілген қызмет үшін 48,3 % және бюджетке төлемдер және бюджеттен төлемдер үшін 94,3 % өсуі байқалды [20;89-96].
Информация о работе ҚР төлем жүйесі және оның даму тенденциялары