ҚР төлем жүйесі және оның даму тенденциялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2012 в 17:52, дипломная работа

Описание работы

Экономикалық процестердің қатысушыларының көзқарасы бойынша, тауарлар мен қызмет көрсетулер және оларды сатып алушылардың арасында келісім шарт күн сайын орнап отырады. Көп жағдайда тауар өндірушілер өздерінің тауарлар мен қызмет көрсетулеріне уақытысында ақысының төленуін талап етеді, яғни олар тез арада алынған құралдарды пайдаланумен байланысты болады.

Содержание

КІРІСПЕ .............................................................................................................3

1 ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.........................6
1.1 Төлем жүйесінің түсінігі мен құрылымы ..................................................6
1.2 Төлем жүйелерінің түрлері мен қатысушылары......................................11
1.3 Қазақстан Республикасында төлем жүйесінің қалыптасуы....................14

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ.......................................20
2.1 Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің қазіргі жағдайы............20
2.2 Қазақстан Республикасының төлем жүйесіндегі төлемдер
ағыны............................................................................................................22
2.3 Төлем құжаттарында электронды айырбастау құралдарын
пайдаланудың мүмкіншіліктері..................................................................38

3 ТӨЛЕМ ҚЫЗМЕТТЕРІ НАРЫҒЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА
ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖҮЙЕСІ..............................................................52
3.1 Төлемді жүзеге асыру кезіндегі жаңартпалар..........................................52
3.2 Интернет жүйелерін енгізу..............................................................

Работа содержит 1 файл

Бекайым.doc

— 684.00 Кб (Скачать)

 

Басқа да төлем құралдары: 2007 жылғы І тоқсан үшін екінші деңгейдегі банктер және «Қазпошта» АҚ 13–кестеде келтірілген төлем құралдарын пайдалана отырып, 18 935,5 млрд. теңге сомаға, саны 29 242,6 мың трансакция жүргізілді. Жалпы алғанда түрлі төлем құралдарын пайдалануды көбейту байқалады. Сонымен, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда саны 29,1 %-ға, ал төлемдер сомасы 81,2 %-ға өсті (14 кесте)

 

Кесте 14 – 2007 жылғы І тоқсан үшін төлем құралдары бөлігіндегі төлемдер жөніндегі мәліметтер

 

 

Төлем құралдары

2006 жыл үшін І тоқсан

2007 жыл үшін І тоқсан

 

 

Өзгеруі %-бен

 

Абс.

 

Жалпы көлемінен %

 

Абс.

 

Жалпы көлемінен        %

Төлем тапсырмасы

К

6806,7

30,1 %

8046,7

27,5 %

18,2 %

С

9810,7

93,9 %

18140,5

95,8 %

84,9 %

Төлем-талап тапсырмасы

К

28,6

0,13 %

35,8

0,1 %

25,3 %

С

7,6

0,07 %

13,3

0,07 %

73,9 %

Инкассалық өкім

К

82,3

0,4 %

88,0

0,3 %

7,0 %

С

56,7

0,5 %

38,3

0,2 %

-32,4 %

Төлем карточкалары

К

13809,6

61,0 %

18878,0

64,6 %

36,7 %

С

241,5

2,3 %

370,3

2,0 %

53,4 %

Басқа да құралдар

К

1919,6

8,5 %

2194,1

7,5 %

14,3 %

С

331,8

3,2 %

373,2

2,0 %

12,5 %

Жалпы қорытынды

К

22646,7

100,0 %

29242,6

100,0 %

29,1 %

С

10448,7

100,0  %

18935,5

100,0 %

81,2  %

 

Ұсынылған төлем құралдарының жалпы санының көбеюіне негізінен  төлем карточкалары пайдаланылған операциялар санының 5 068,3 мың трансакцияға өсуіне себепші болды. Төлемдер көлемінің көбеюі негізінен төлем тапсырмаларының пайдалана отырып, көлемнің 8 329,8 млрд. теңгеге өсуімен байланысты болды.

              Төлем тапсырмалары және төлем карточкалары, бұрынғысынша Қазақстаннның аумағында барынша кең тараған болып табылады. Бұл ретте, бір төлем тапсырмасының орташа сомасы 2005 жылғы І тоқсанда 2,3 млн. теңге болды, және өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 56,4 %-ға ұлғайды. Сонымен қатар, төлемдер саны бойынша төлем карточкаларының үлес салмағының жоғары және төлемнің көлемі бойынша төмен болуы осы төлем құралын негізінен аздаған қолма-қол ақша сомасын (бір трансакцияның орташа сомасы 2007 жылғы І тоқсанда 19,6 мың. теңге, өсімі 2006 жылғы І тоқсанмен салыстырғанда – 12,2 % болды)

пайдаланумен сипатталады.Төлемдік талап-тапсырмаларда және инкассалық өкімдерді пайдаланудың жалпы саны мен көлемдегі едәуір үлесі олардың ерекшеліктеріне байланысты болды.

 

             

 

            

2.3  Төлем құжаттарында электронды айырбастау құралдарын

пайдаланудың мүмкіншіліктері

 

Адыңғы бөлімге жасалған талдау төлем құжаттары мен банкілік есепшоттың қажет екендігін дәлелдеп берді. Жоғары деңгейлі автоматтандырылған жаңа жүйелерде клиенттердің төлем өткізу туралы нұсқауы сақталып қалады. Олар төлем құжатының дәстүрлі түсінігінде біршама үйреншікті емес электронды  сипат алады. Клиенттің банкілік шоты көп жағдайда төлем жүйелерінде қолданылады. Төлемдер банкаралық байланыстарға шот арқылы жүргізіледі.

Осылайша қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыру үшін төлемші-банк пен алушы-банк арнайы бір банкілік есепшоттармен байланысты. Әрине, бір уақытта үш банкте бір іс-әрекетті бірден жүзеге асыру сирек кездеседі. Егер әрекет бойынша  есеп айырысу қолма-қолсыз ақшасыз төлем түрінде жүзеге асатын болса, онда экономикалық субъектілер өз банкілеріне барып тұруы немесе сол банкімен байланысуы керек. Бұл төлем жүргізудің уақытын созып, шарттардың орындалуын тоқтатады.

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға қарағанда қолма-қол ақшамен есептесу жиі кездеседі. Егер шарт жасаушы субъектілердің біріне өз банкісін қолма-қол ақша алу қажет болса, онда екінші субъект шартты кейін өткізуі керек. Мұндай жағдайда есеп айырысулар мен шарттар тез жүзеге асады, банкіге қайта-қайта барудың және жиі байланысып тұрудың еш қажеті болмайды. Егер төлем жүйелері өздерінің  төлем қызметінде үлестерін төлемнің орташа есебінен  кеңейткілері келсе, онда банк-клиент қатынасындағы ұсталымдар мәселесін шешуі керек.

Есепшот төлем жүйесінде банкіге есепшот ашу үшін ғана емес,сонымен қатар әр төлемді жүзеге асыру үшін міндетті түрде бару керек. Ол кезде электронды және телекоммуникациялық технологиялар жалпы қолдануға шақпаған болатын. Клиенттердің уақытын үнемдеп, олардың іс-әрекетін алға жылжыту үшін төлем құжаттарын алғаш өңдеуде банкілер делдал жалдайды. Уақыттарын үнемдегені үшін клиент делдалдарға комиссиялық жарна төлейді.

Банкаралық корреспонденттік қатынаста төлем нұсқаларын өткізудің қарапайым түрі – жазба авизо беру. Бұл үрдіс сонымен қатар халықаралық пошта мен курьерлік компаниялардың делдалдығы арқылы жүзеге асты. Корреспонденцияны алғаннан кейін банк оның түпнұсқалығы мен төлем құжаты реквизиттерінің дұрыстығын тексереді. Тексерілгеннен кейін алушы-банк төлем құжатының нұсқаларына сай жұмыс істейді.

Көтерме төлем жүйесінде делдалдық қызмет пошта немесе банк қызметкерлері арқылы жүзеге асырылады. Төлем құжаттарын қарастырғанда делдалды қатыстыру ертедегі бөлшек төлем жүйелерінің үлгісі. Мысалы, карточка немесе чек қолданылатын карточкалық төлем жүйесінде делдалдық қызметті процессингілік немесе инкассациялық компаниялар жүзеге асырады.

Телекоммуникация мен компьютер негізінде клиентерге қашықтықтан қызмет көрсету түрі пайда болды. Банкаралық хабарламалар енді телекоммуникациялар арқылы беріліп компьютер дисплейінде көрінді, пошталық және телеграфтық авизоны электронды авизо алмастырды. Көтерме жүйеде банкілердің кең тараған түрі клиент-банк, интернет-банк және телебанк болып табылады. Бөлшек карточкалық төлемдер жүйесінде клиенттің банкіге баруы бұрыннан талап етілмейді. Банкоматтардың POS- терминалдық жүйесінің жиынтығы төлем нұсқауларын осындай құрылғылары бар кез келген жерде жүргізуге мүмкіндік береді. Кез келген жүйеге қатысушы банкілердің офисінде қолма-қол ақшаны карточка арқылы алуға немесе төлемді инициализациялауға болады.

Банкаралық қатынастар мен бөлшек төлем жүйесінде банкілік есепшоттың қашықтықтан қызмет көрсетуі кең таралған. Көтерме жүйеде клиенттерге қызмет көрсету көп жағдайда дәстүрлі түрде жүзеге асырылады.

Қашықтықтан қызмет көрсету құрылғысы төлем ұсталымдарын төмендетеді, қосымша электронды құрылғылар мен байланыс желісін, клиенттердің білімін қажет етеді. Бұл құрылғылардың қолданыста жүргеніне көп болған жоқ, сондықтан да технологиялар толығымен әлі шыға қоймағандаықтан, нарық олардың ішіндегі ең тиімдісін әлі анықтаған жоқ.

Қашықтықтан қызмет көрсету құрылғысының тиімділігін анықтауға салыстырмалы сараптама жасау керек: банкаралық корреспонденцияны өткізу, көтерме жүйедегі клиент-банк пен бөлшек жүйелердің қашықтықтан қызмет көрсетуі. Аталған жүйелердің мүмкіншіліктері алдын-ала анықталады.

Банкаралық электрондық поштаның көрнекті мысалы ретінде Ресей банкінің электронды құжат алмастыру жүйесі мен SWIFT жүйесін келтіруге болады.

1998 жылы Ресей банкі өзінің барлық бөлімдеріндегі төлем жүйелерін электорнды құжат айналымына ауыстырып бітті. Ресей банкінің төлем жүйесі арқылы барлық көтерме төлемдердің жартысынан көбі жүзеге асырылуда. Бұл электрондық жүйеге қатысушылар Ресейдің барлық коммерциялық банкілерінің төлем жүйесі негізінде нормативті құжаттар мен төлем құжаттарын алмастырады.

Алмастыру мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыздандыру жинағы негізінде жүзеге асады, яғни Ресей банкінің электронды құжат алмастырудағы автоматтандырылған жұмыс орны (АРМ – АЖО). АЖО Ресей банкі құжат жинаған қолданушының нұсқауларын қабылдап, АЖО-мен, жұмыс істеуді коммерциялық банк қызметкерлеріне үйретеді, қауіпсіздік режимін тексеріп, қадағалайды, АЖО-ны тестілейді. АЖО коммерциялық банк қызметкеріне оның жұмысын жеңілдететін қолайлы және қызмет етуші интерфейс ұсынады. Интерфейстің негізгі атқаратын қызметі: төлем құжаттарын тізілім форматы бойынша қалыптастырады. Бұны Ресей банкінде өткізу әрі қарастыру жеңіл, электронды қолдар мен файлдарды сақтау құралын автоматты түрде жүзеге асырады.

АЖО-ың технологиялық жұмысы электрондық пошта жүйесі қағидасына негізделеді. Мысалы, The Bat немесе клиент-банк есебімен қашықтықтан қызмет көрсету жүйесі құрылады. Бұлардың арасындағы айырмашылық - олардың қызметі мен электронды құжаттарды сақтауында.

Корреспонденцияларды алмастыру үшін мына әрекеттерді жүзеге асыру қажет: АЖО-ға міндет жүктеп, пароль енгіу, ерекше каталогқа тізілім файлын сыйдыру, электронды-цифрлы қалдық генерациясын белсенді ету,қосымша бақылау әрекетінде қосымша нақтылаулар егізу, клавишаларды беру. Тізіліммен жұмыс істеген кезде банк қызметкері уақытты үнемдей отырып, клиентке қызмет көрсетеді. Ресей банкі бірден автоматты түрде тізілімнің мазмұны мен қолын тексереді, төлемді жүргізуге қабылданғаны немесе бас тартуы туралы автоматты түрде хабарлама береді.

Бастапқы кезде электронды алмастыруға қатысушы-банк компьютермен жабдықталған жоғары жылдамдықтағы байланыс желісін жалға алуы керек. Сонымен қатар ол Ресей банкін бағдарламамен қамтамасыз ететін қызметі үшін төлем төлеуі керек. Бағдарламамен қамтамасыз ету айтарлықтай қиындық тудырмайды. Тек қана АЖО орналасқан жерге жауапты адамдардың тобын құрып, компьютерге қосылудың ерекше режимін орнату керек. Байланыстың дәстүрлі каналдарын, модельдері мен компьютерлерін қолдану коммерциялық банкілерден үлкен капитал салымдарын қажет етпейді. Барлық шығынның жалпы мөлшері 10 мың доллардан аспайды.

Электронды-цифрлы қолды жасанды қолдан қорғау мақсатында ашық кілтті жүйелер қолданылады, олар «ассиметриялық криптожүйелер» деп те аталады. Криптожүйе ашық (яғни бәріне белгілі) және жабық (құпия) бөлімдерден тұрады. Құпия кілт электронды құжатқа қол қойып, оны иесінде сақтауға арналған. Ашық кілт электронды-цифрлы қолдың дұрыстығын тексеруге арналған. Бұларды қолданудағы әлемдік тәжірибемен олардың кеңінен таралуы ЭЦП қолданудың сенімді екенін білдіреді.

SWIFT жүйесі әлемдік деңгейде өте жақсы танымал банкаралық пошта. 1990 жылдың бас кезінде әлемнің 67 мемлекетіне 2700 клиент күніне 1,2 млн-нан астам хабарламалар жіберген. Әлемнің барлық ірі және орташа банктері  - SWIFT-тің мүшесі. Көптеген орталық банкілер бұл жүйені өз жүйесін жасауда негіз етіп алады.

SWIFT коммерциялық емес ұйым ретінде Брюссельде орналасқан. Оның негізінде құрылған әлемдік-аймақтық процессингілік орталықтар Нидерланды (Еуропа үшін), Вашингтон (Солтүстік Америка үшін), Бразилия (Латын Америкасы үшін) және Токиода (Оңтүстік Шығыс Азия үшін) орналасқан. Сонымен қатар банкілері SWIFT-тің мүшесі болып табылатын әр мемлекетте процессингілік орталықтар бар. SWIFT телекоммуникациясы жүйенің банкілік мүшесінде бекітілген терминалды компьютерде орналасқан.

Жіберуші-банкінің хабарламасы сол банкінің мемлекеттік процессингілік орталығына жіберіледі. Бұдан барып хабарлаудың әлемдік-аймақтық орталығы арқылы алушы-банкнің орталығына жетеді. SWIFT тек коммуникациялық жүйе, сондықтан SWIFT хабарламаларына сай төлемдер аймақтық көтерме жүйесі бойынша жүргізіледі.

Әрі банкінің халықаралық  корреспонденттік жүйесінің құрамына оншақты елдің жүздеген банкісі кіреді. Олардың әрқайсысымен төлем нұсқауларын тез арада алмастырып отыру қажет. SWIFT  жүйесі көптеген банкілер арасындағы горизонтальды байланысты бір ғана байланыс каналы арқылы өткізуге мүмкіндік береді.

SWIFT жүйесі бойынша хабарламалар кез келген қатысушы-банктерге бірнеше минуттың ішінде жетеді. Қарапайым хабарлама 30-40 минутта тарайды. Сонымен қатар Ресей банкінің электрондық поштасындағы сияқты SWIFT-те хабарламаларды өткізу компьютер немесе қарапайым байланыс каналы арқылы жүзеге асады.

SWIFT-тің кең тарлуы мен оның қызмет көрсету мерзімінің ұзақтығы көптеген зертеуші компаниялардың бағдарламалық мәселелерін шешуге, олардың арасындағы бәсекелестікті орнатуға мүмкіндік береді. Көп жағдайда бәсекелестік клиент интерфейсін зерттеуде пайда болады. Осылайша, SWIFT жүйесі бүкіл әлем бойынша әртүрлі копаниялардың 50 шақты бағдарламалық өнімдерін сертификаттайды, соның ішінде екі Ресейлік өнімдерде бар. Бәсекелестік өңдеу технологиясы мен төлем нұсқауларының дамуына үлкен әсер етеді. SWIFT-ке тән бағдарламалық бәсекелестікпен  қамтамасыздандыру әзірше Ресей банкінде жоқ.

Информация о работе ҚР төлем жүйесі және оның даму тенденциялары