ҚР төлем жүйесі және оның даму тенденциялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2012 в 17:52, дипломная работа

Описание работы

Экономикалық процестердің қатысушыларының көзқарасы бойынша, тауарлар мен қызмет көрсетулер және оларды сатып алушылардың арасында келісім шарт күн сайын орнап отырады. Көп жағдайда тауар өндірушілер өздерінің тауарлар мен қызмет көрсетулеріне уақытысында ақысының төленуін талап етеді, яғни олар тез арада алынған құралдарды пайдаланумен байланысты болады.

Содержание

КІРІСПЕ .............................................................................................................3

1 ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.........................6
1.1 Төлем жүйесінің түсінігі мен құрылымы ..................................................6
1.2 Төлем жүйелерінің түрлері мен қатысушылары......................................11
1.3 Қазақстан Республикасында төлем жүйесінің қалыптасуы....................14

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ.......................................20
2.1 Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің қазіргі жағдайы............20
2.2 Қазақстан Республикасының төлем жүйесіндегі төлемдер
ағыны............................................................................................................22
2.3 Төлем құжаттарында электронды айырбастау құралдарын
пайдаланудың мүмкіншіліктері..................................................................38

3 ТӨЛЕМ ҚЫЗМЕТТЕРІ НАРЫҒЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА
ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖҮЙЕСІ..............................................................52
3.1 Төлемді жүзеге асыру кезіндегі жаңартпалар..........................................52
3.2 Интернет жүйелерін енгізу..............................................................

Работа содержит 1 файл

Бекайым.doc

— 684.00 Кб (Скачать)

Бөлшек төлем жүйелерінің ішінде жиі қолданылатыны – халықаралық Visa және Europay жүйелері. Слип бұл да төлем құжаты, бірақ оның форматы басқаша. Бұл формат слип басылымы әрекетінің өзгеше болуынан пайда болған. Қазіргі таңда слип касса чегіне ұқсас болып келеді, себебі карточкалық жүйе электронды технологияға көшіп, ол компьютерлік жолы бар жаңа кассалық ақпараттарда басылып шығады.  

Төлем тапсырмасының форматы Ұлтық банк жүйесі бойынша нақты тіркелген болса, онда бұл халықаралық есеп айырысуда да болмайды. Ол жерде әр банк форматты өздігінше құра алады. Сонымен қатар кейбір клиенттер үшін үш банк бәсекелестік күресте төлем тапсырысын кез келген түрде қабылдайды. Олар үшін ең негізгісі өздерінің арнайы реквизиттар құрамының болуы.

Халықаралық есеп айырысуда клиенттердің төлем тапсырысы клиент пен банк арасындағы қарым-қатынасты тіркеу үшін, яғни жүйеге қатысушылар керек. Алдағы уақытта қатысушы-банк клиенттің төлем ережесін SWIFT форматы бойынша электрондық жүйеге көшірді. SWIFT  хабарламасы сырт көзге қарағанда клиент тапсырысынан мүлдем басқа. Бұл хабарлама электронды бейнені банкаралық каналдарға таратудың нысаны, операциялық бағдарламаларды өңдеуші және төлем өткізудің негізі болады.

Карточканың иесі банкомат арқылы қолма-қол ақша алуды жүзеге асырғанда, ол картаны салады да, төлем ережесін банкомат клавиатурасы бойынша, дисплейдегі нұсқаулар бойынша жүзеге асырады. Іс-әрекетті жүзеге асырған кезде, банкоматтың карточкалық есеп реквизиттері мен әрекет жасалған соманы көрсететін чекті басып шығарады. Чек алғашқы төлем құжаты болып табылмайды, оны банкілік есептің қорытындысы деп айтқан дұрыс. Оның басылымы міндетті емес, ол клиенттің іс-әрекет жасаудағы есебін сақтау үшін қолайлы. Мұндай жағдай сауда орындарында да кездеседі, мысалы, сатушыға қол қоятын слиптің орнына пин-код енгізу үшін клавиатурасы бар құрал береді [30;88-96].

Төлемді желілік ақшамен жүзеге асырғанда төлеуші өзінің төлем тапсырысын әдеттегі жағдайда көре алмайды. Жүйенің операциялық бағдарламасы клиентке оның компьютерінде бірнеше шолу жасалған, яғни мазмұны банкоматтың дисплейіндегі бағдарлама сияқты образдарды көрсетеді. Жалпы, шолу жасалған образ форматын төлем құжаты деп тануға болады. Егер оны қағазға басып шығаратын болсақ, ол дәстүрлі төлем тапсырысындағы бухгалтерлік есеп айырысу сияқты болады. Бірақ, банкоматтағы чек секілді жүйе үшін міндетті болып табылмайды. Электрондық жүйе негізінде төлеуші мен алушы өздерінің чиптік карталарын арнайы құрылғыларға қояды. Бұл құрылғының клавиатурасында төлеуші пин- код пен төлем сомасын тереді де, оны клавишті ұзақ басып тұру арқылы акцептейді. Бұл жағдайда ешқандай төлем құжаттары талап етілмейді, барлық төлем нұсқаулары мониторда орындалады. Құрылғыға әр іс-әрекетті жадында сақтау қажет емес, тек ақшанаы бір картадан екінші картаға ауыстырудың бір рет қана жүзеге асырылуын қамтамасыз ету керек.

Электронды технология кең тарағанға дейін, қағаз құжат төлем нұсқауларын төлеуші банк пен қызметкер үшін тиімді тасымалдаушы ретінде қолданды. Ол сонымен қатар төлеушінің акцептін тіркеуге, сондай-ақ акцепті банк қызметкерлері тарапынан бақылап, отыруға қолайлы. Қағаз және төлем құжатының  қатаң формалары төлеушіден төлем жүргізудің бастапқы әрекеттерін жүзеге асырғанда ұқыпты болуды талап етеді. Қағаз құжат қолмен өңдеу жұмысын жеңілдетіп, төлемнің нақты әрі тез жүзеге асуына негіз болады.

Төлем құжаттары электронды технологияға негізделген жүйелерде емес, дәстүрлі қағаз құжат айналымын автоматтандыруда қолданылады.

Төлем нұсқауларын электрондық жүйеде қалыптастыру нұсқауларды енгізетін клавиатурасымен бақылау үшін дисплейі бар арнайы құрылғылар көмегімен жүзеге асады. Клавиатура мен дисплей көп қызметті және қарапайым болады. Төлем реквизиттері электронды құрылғылардың жадында сақталады.

Клиентке өзіндік жұмыс жасау үшін аз ғана мүмкіндік беріледі. Барлық төлем нұсқаулары толығымен қалыптасып болғандықтан, клиент нұсқаулары стандартталғандардың ішінен таңдайды. Төлемші, алушы және қатысушы-банкілердің барлық реквизиттері алдын ала электронды құрылғыларға енгізіліп, автоматты түрде шығарылады. Әдете, клавиатурамен тек төлем сомасын теру ғана жеткілікті. Осы электронды құрылғылардың көмегімен төлеушінің акцепті тіркеледі. Акцепті тіркеудің әр түрлі тәсілдері төменде беріледі.

Қалыптасқан тізім мен төлем жадына енгізілген реквизиттерді қолдану төлем нұсқауларын дұрыс құруға негіз болады. Олар бірден электронды формада құрылады да, клиенттің алғашқы төлем нұсқасын қайта қарап, қайталап енгізуден сақтайды. Электронды құжат айналымы төлем құжаттарын бастапқы өңдеуде, төлемді дұрыс жүргізуде қолмен өңдеудегі қағаз құжатқа қарағанда үлкен мүмкіндік береді. Электронды құжат қазіргі уақытта төлемді жүзеге асырудың алғашқысы болып табылады [27; 69-78].

Банкілік сараптау мен төлем жүргізудің кең таралған жүйесінде электронды құжат қолданылады. Мұндай тәртіп, мысалы, төлемді пластикалық  картамен жүзеге асыратын жүйеге, чектер арнайы магниттік сиямен толтырылатын чектік төлем жүйесіне, SWIFT жүйесі мен клиенттің банкілік төлем тапсырмасымен шектелетін Ресей банкіне тән.

Жоғарыда көрсетілген мысалдар төмендегідей нәтиже жасауға мүмкіндік береді. Төлем құжаты мен банкілік шоттың есебін тиімді жүзеге асыруды талдау қорытындысы кестеде жалпы түрде көрсетілген (16 кесте):

 

Кесте 16 – төлем құжаты мен банкілік есепшоттың тиімділігі

Төлем құжаты

Банкілік есепшот

Мамандардан шығатын қажетті қолма-қол сома

Тіркеудің нақтылығын, өңдеудің тиімділігін және қабылдаудың ыңғайлылығын қажет етеді

Төлем нұсқаулардың акцепті

Төлемдер, төлем нұсқауларын орындаудағы есеп беру

Тәжірибе мен технологияға қарсы

Банкомат жұмыстары, алдын ала төленген карталар жүйесі, интернет желісіндегі электронды ақша мен электронды қолма-қол ақша

Жедел ақша аудару жүйесі, интернет жүйесінде электронды қолма-қол ақша аудару жүйесі.

Қарама-қайшылық материалды тасымалдаушының трансформациясы арқылы ашылады

Дәстүрлі қағаздың жағымды жақтары қарапайым тұлғаларды қабылдау үшін қолданылған

Жаңа электрондық жүйенің жағымды жақтары жедел өңдеу мен төлем өткізуді, акцептік бақылауды жеделдетеді

Металдарды тасымалдаушының өзгеру тенденциясы

Өңдеу ұсталымдарының электронды құжатқа көшуі – электронды негіз және қағаз көмекші

Өңдеу ұсталымдарының төмендеуі және төлем жүргізуі.

Бір электронды құжатқа төлем құжаты мен банк есебінің бірігуі

Фактілер

Компьютердің көмегімен қағаз тасымалдаушыда құжаттарды басуды қалыптастыру.

Электронды-цифрлы қол қоюды заңды тұрғыдан қарастыру. Жаңа электрондық жүйенің таралуы және дәстүрлі жуйе позициясының жоғалуы

Төлем тізілімі мен жалпы есеп жүйесінде корреспонденттік есепшот бойынша көшірменің бірігуі, жедел ақша аудару мен электронды ақша аудару мен төлем құжаты негізінде өткізілген төлемдерге есеп беруі

 

              Клиенттің төлем құжаты банкомат арқылы қолма-қол ақша алуда, электрондық жүйе мен интернетте болмайды.

Бұл жүйенің технологисы автоматтандырылған күннің өзінде, төлем құжаты міндетті түрде төлем жүйесі мен банк-клиент қарым-қатынасының дәстүрлі формасында қолданылады.Төлемқұжатының банк-клиент қатынасы электронды технологиялар жүйесінде қолданылмайды.

Бастапқы төлем құжатының негізгі қызметі – төлемнің барлық реквизиттері мен төлеуші акцептінің дұрыс тіркелуін қамтамасыз ету. Бұл қызметтерді электронды технология негізінде жүзеге асыруға болады.

Дәстүрлі төлем құжатынсыз электрондық жүйелер электрондық құжат негізінде нақты уақытта төлемдерді тез әрі нақты жүзеге өткізеді.

Төлем құжаты төлем негізі ретінде банкаралық корреспонденттік қатынаста қолданылады. Төлем тізілімі төлемші-банкінің төлем нұсқауларын тіркеу үшін қажет. Тізілімнің электронды түрі электрондық өңдеу мен банкаралық төлемдерді өткізуге негіз болады.

Дәстүрлі төлем жүйесінде клиент төлемдерді тізілім мен корреспонденттік шот бойынша көшірмелерге арнайы орындар бөледі.

Жалпы төлемдер жүйесінде  біріккен құжат айналымы жүзеге асады. Тізілім төлемдер негізі ретінде өткізілген төлемдер туралы корреспонденттік шот есебінің көрінісі болып табылады. Клиенттік төлемдердің барлық реквизиттері біріңғай электронды құрылғыларға түсетін ауырлықты азайтады.

Western Union ақша аудару жүйесі, пошталық ақша аударулар, Ресей Жинақ банкінің ақша аудару жүйесі, Ресей жинақ төлемдер жүйесі, алдын ала төленген карта мен электронды қолма-қол ақшаға негізделген жүйе клиент-банкінің есепшотын қажет етпейді.

Банкілік есепшот ашуда тәжірибесі бар төлем жүйелері клиент тарапынан уақытша есепшот ашуға қатысушылардың санын көбейтті.

Технологиялық жағынан дамыған төлем жүйелері банкілік есепшот ашудағы іс-әрекеттерді жеңілдетіп, интернет арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Қолма-қол ақшасыз  төлемдердің бірден бір қағидасы – төлеушінің төлемді жүргізуге кесімін беруі. Акцепті куәландыру амалы төлем құжатын банкіге көрсетумен анықталады. Электронды құжаттағы жүйеде электронды-цифрлы кодтың алуан түрі қолданылады. Электронды қол төлем құжаты негізінде қағаз құжатқа басылғанда сандардың жеке-жеке жазылуы түрінде сипатталады.

 

3   ТӨЛЕМ ҚЫЗМЕТТЕРІ НАРЫҒЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА

ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖҮЙЕСІ

 

3.1      Төлемді жүзеге асыру кезіндегі жаңартпалар

 

Төлем жүргізу процедурасындағы өзгерістер тенденцияларын жете түсіну үшін алдымен алғашқы екі бөлімге сараптама жасап кетсем.

Көбіне шағын кәсіпорындар, кәсіпкерлер немесе дәулетті азаматтар операцияларды негізінен төлем жүйесі арқылы жүзеге асырады. Банкілер өз бизнесін ұлғайту үшін бірнеше минуттың ішінде қолма-қол есеп айырысуды жүзеге асырады. Жалпы олардың көңілінен шықпайтын мәселелердің бірі – төлем жүргізуде банкаралық төлем жүйелерінің жылдам жүргізілмеуі, олардың ауқымды деңгейде таралмауы, банкілік шоттардағы қаражаттарға қашықтықтан қол жеткізудің мүмкін болмауы, төлем жүйесінің күрделі еместігі. Егер төлем жүйелері ортақ мәмілелер бойынша қолма-қол есеп айырысумен нақты бәсекеге түскісі келсе, онда олар қолма-қол есеп айырысу сияқты төлем жүргізу уақытын азайту керек.

Төлем жүргізу уақытын бірнеше минутқа қысқартудың принциптерін түсіну үшін, алдыңғы бөлімдерде қарастырылған төлем жүргізу процедурасына талдау жасау керек.

Банкаралық көтерме жүйелерге қатысушылар ретінде олардың өздерінде төлеушінің банкі, есеп айырысу банкі және алушының банкі болады. Төлем жүргізу процесінде банк қатысушылардың төлем құжатын дайындау мен өңдеу бойынша 18 әрекет жасайды және де төлеуші мен алушының банкінде клиенттік шот бойынша төлем жүргізу екі әдіспен жүргізіледі. Әрбір 20 процедураға он шақты секунд керек, ал жалпы барлық төлемге небәрі 10-20 минут кетеді.

Карточкалық төлем жүргізу өте күрделі процедураны қамтиды, себебі төлем процедурасына дейін авторландыру мен процессингті жүргізу керек. Бірнеше процессингілік компаниялар карточкалық жүйенің қатысушылары болып табылады. Негізгі мүмкіншілік түралы хабарлама тез тараған күннің өзінде, төлемді жүзеге асыру бірнеше күнге созылады.

Төлем жүйесісін ұйымдастыру мен төлем құжатын даындау процедурасын толық автоматтандырған кезде, төлем жүргізу мерзіміндегі жеке тұлғалардың қатысуымен болатын қолма-қол ақшасыз есеп айырысу күрделеніп кетеді. Төлем жүйесін жылдамдату үшін ондағы процедураларды қысқартып, төлемді әр түрлі бағдарламалармен қамтамасыз ету керек.

Төлем жүргізудің әр түрлі құрылымы мен төлем жүйесінің қорытынды сипаттамасы 1-бөлімнің 1.2 бөлімшесінде жан-жақты қарастырылып, төлем жүргізудің жалпы әдісіне, көтерме жүйенің тиімді комбинациясына көп көңіл бөлген. Сондай-ақ төлем жүргізудің уақытына, банкаралық негізгі тарифтер мен карточкалық төлем жүйелеріне салыстырмалы талдау жасалып, жүйенің түрлері бойынша артықшылықтарды біріктіру мүмкіншілігі қарастырылған.

Сонымен мұндай қорытынды алғашқы кезде шындыққа сәйкес келмесе де, көтерме банкаралық жүйелердің кішігірім комиссиялары мен қорытынды есеп айырысулардың ерекшеліктері, сонымен қатар төлемді авторландыру бойынша карточкалық жүйе ерекшелігі мен жалпы қолдану тәжірибесін біріктіру мүмкіншілігі туралы тұжырымдарды қалыптастыра бастады. Егер осы екі түрлі жүйенің ерекшелігін біріктірсек, онда қолма-қол төлем шығынын бірнеше минутқа, банк-клиент қатынасының шығынын бірнеше есеге азайтуға болады. Орта төлемдер шығыны қолма-қол есеп айырысу шығынынан аспайтын тиімді төлемдер жүйесіне қызмет етеді.

Дәстүрлі төлем жүйесі мен төлем жүргізу процедурасына талдау жасаған кезде отандық тәжірибені негізге ала отырып, төлем жүргізу уақытын бірнеше минутқа қысқартудың мүмкін еместігіне көз жеткізуге болады. Сонымен қатар алдыңғы тарауларда қолма-қол есеп айырысудың дәстүрлі емес және жергілікті төлем жүйесін жылдам жүзеге асырудың тиімділігі дәлелденген. Егер төлеуші мен алушыға бір банкінің бөлімшесінде қызмет көрсетілсе, онда көп  жағдайда ресейлік ірі коммерциялық банкілер төлем жүргізуді бірнеше минутқа жүзеге асырады. Мұндай жағдайда төлем жүргізуде көрсетілген барлық қызметтер акцепт пен төлем құжаты мазмұнының дұрыстығын бір ретті тексеруден өткізіп, төлемді қарапайым бір реті жазбамен жүзеге асырады [28;163-170].

Электронды технологияны енгізу жағынан дамыған, өздерінің бірегей ақпараттық кеңістігі бар бірнеше банкілер өздерінің барлық оқшауланған бөлімшелері арасында төлем жүргізуді бірнеше минутта жүзеге асырады.

Тіпті бірнеше секунд ішінде жалпы карточкалық есеп айырысуды  жүзеге асырудың өзі өте тиімді жүргізілді. Мәскеулік «Седьмой Континент» супермаркетттер желісі өзінің біріккен дисконттық төлем бағдарламасын МДМ банкінің «Visa Electron» карточка негізінде жүргізді.

Мұндай тиімді карточкалық есеп айырысу Нерюнгри банкінде «Алтын корона» атты карточка көмегімен дүкендердегі тауарларға төлем жүргізуге болады.

Осылайша кәсіпорын қызметкерлеріне жалақы беру банк карточкалары бойынша жүзеге асырылады. Банкаралық операцияларды өзінің операциялық жүйесі шеңберінде жүзеге асырады және де ешқандай сыртқы комиссияларды төлемейді.

Төлем жүргізудің қысқартылған процедурасы интернет желісіндегі электрондық есеп айырысу жүйесінде жүзеге асырылады. Жүйеде ақшаны сақтау, депозиттеу немесе есеп айырысу аяқталғаннан кейін оны кері қайтарып алу уақытын есептемегенде, екі клиент арасындағы төлем жүйесі бірнеше минутты қамтиды.

Көрсетілген мысалдардағы сияқты тез арада төлем төлеу алушы мен төлеушінің бір банкінде немесе банк бөлімшесінде ғана жүзеге асады. Сондықтан төлем құжатын берудің бір ғана жолы – акцептің дұрыстығы мен төлемдер реквизитін бір рет тексеріп, содан кейін төлемді тек бір ғана қарапайым жазумен жүзеге асыру керек. Сонда төлем жүйесі процедурасына қатысушылардың саны төрт есеге дейін төмендейді.

Төлем процедурасын қысқартуға Ресей банкі негіз болды. Жалпы есеп айырысу жүйесін енгізудің бірінші кезеңінде Ресей банкі аудандық МАЕКО деңгейінде коммерциялық банкілердің корреспонденттік шоттарын орталықтандырылды. Бұл ішкі аймақтық төлемдерді жүргізу процедурасын қысқартуға өз әсерін тигізді. Сондықтан банкаралық төлемдер төлемші-банкінің дебеттік шотынан алушы-банкінің кредиттік шотына аударумен жүзеге асырылады.

Информация о работе ҚР төлем жүйесі және оның даму тенденциялары