Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2012 в 17:52, дипломная работа
Экономикалық процестердің қатысушыларының көзқарасы бойынша, тауарлар мен қызмет көрсетулер және оларды сатып алушылардың арасында келісім шарт күн сайын орнап отырады. Көп жағдайда тауар өндірушілер өздерінің тауарлар мен қызмет көрсетулеріне уақытысында ақысының төленуін талап етеді, яғни олар тез арада алынған құралдарды пайдаланумен байланысты болады.
КІРІСПЕ .............................................................................................................3
1 ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.........................6
1.1 Төлем жүйесінің түсінігі мен құрылымы ..................................................6
1.2 Төлем жүйелерінің түрлері мен қатысушылары......................................11
1.3 Қазақстан Республикасында төлем жүйесінің қалыптасуы....................14
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ.......................................20
2.1 Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің қазіргі жағдайы............20
2.2 Қазақстан Республикасының төлем жүйесіндегі төлемдер
ағыны............................................................................................................22
2.3 Төлем құжаттарында электронды айырбастау құралдарын
пайдаланудың мүмкіншіліктері..................................................................38
3 ТӨЛЕМ ҚЫЗМЕТТЕРІ НАРЫҒЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА
ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖҮЙЕСІ..............................................................52
3.1 Төлемді жүзеге асыру кезіндегі жаңартпалар..........................................52
3.2 Интернет жүйелерін енгізу..............................................................
Төлем жүйелерінің қосымша қызметтері телефон немесе интернет арқылы көрсетіледі. Қосымша қызмет комиссиялары қашықтықтан қызмет көрсету құралдарын қолдану комиссияларымен бірге жүргізіледі.
Төлем-кассалық іс-әрекеттердің баға орнатуын модельдеуді есепшот ашуға алынған комиссия мен қағаз түрінде төлемді жүргізу үшін алынған комиссиядан бастаймыз. Мұндай іс-әрекеттер қазіргі кезде банкілерге көп табыс әкелмейді, әрі шығынды көп жұмсайды.
Коммерциялық банкілер қарапайым тұлғалардың 80 млн. астам карточкалық төлемі мен 2,4 млн. жұмысшының төлемін жүргізеді. Жылына 16 млн. жуық адам жаңа карта алуға келсе, 1 млн. кәсіпорын жаңа есепшот аштыртып жатады.
Банкілер эмиссия мен қарапайым пластикалық карта арқылы қызмет көрсеткені үшін 5 доллар алады. Банкілердің клиенттерге Есепшот ашып, қызмет көрсеткеннен түскен табысы жылына 500 млн. доллар болуы мүмкін.
Карточка жүйесінің клиенттері банкілік офистерге сирек барғандықтан банкомат пен POS-терминал жүйелерін қолдануды үйреніп қалған. Сондықтан клиенттерге дәстүрлі қызметкөрсетуде жеке комиссия алынбайды, осыған сәйкес ұсталымдар карточканың жылдық қызметінен алынады.
Пластикалық картаның иелеріне қарағанда кәсіпорын қызметкерлері қашықтықтан қызмет көрсету құралының қаражатын бақылап отыру үшін, банкіге барған сайын комиссияның мөлшерін анықтап отыру керек. Бірақ осыған ұқсас ұсталымдарды мекеменің жылдық қызмет көрсету төлеміне жатқызуға болмайды.
Қағаздық құжатта төлем жүргізген кезде үзінді көшірмені сақтаған дұрыс. Дәстүрлі қызмет көрсетудің кез келген формасына 2,5 доллар мөлшеріне комиссия ұстау керек. Бұл норма карточка жүйесіндегі ұсталымдар мен комиссияға сәйкес мемлекет ішінде шетел валютасы төлемін өткізумен бірдей болады.
Дәстүрлі төлемдерді өңдеудегі үлкен комиссиялық ұсталымдар төлемнің қысқаруына әкелуі мүмкін. Бірақ қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың жалпы өсуі төлем санын сол дәрежеде сақтауға мүмкіндік береді.
Егер 500 млн. долларға шот ашып, жүргізгені үшін 170 млн. долларды, шетел валютасымен жүргізілетін төлемдерден 216 млн. долларды қосатын болсақ, онда төлем қызметі үшін 886 млн. доллар көлемінде комиссия ұсталатын болады.
Бұл көрсеткіш қазіргі комиссиялық кірістен 12 % көп. Жаңа модельде кірістің көтерілуіне қарамастан, қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың 1,6 млрд. долларды құрайтын дәстүрлі инфрақұрылымы әлі жабылмай жатыр. Кірістерге қолма-қол төлемдегі комиссиялар қосылған жоқ, сондықтан оларды модельдеуге көшеміз.
Қазіргі таңда ірі кәсіпорындар жалақы төлеу үшін банкіден қолма-қол ақша алады, ал ірі саудагерлер банкілерге қолма-қол ақша түрінде түскен табыстарын өткізіп отырады.Осы бөлімдерде көрсетіп өткенімдей, қолма-қол ақша беру әрекеттері орташа есеппен алғанда 0,23 %-ды құрайды, ал барлық ұсталымдарды жауып, аз мөлшерде болса да пайда табу үшін банкілерге 0,3 % қажет.
Карточкалық бизнестегі сияқты қолма-қол ақша операциясы үшін алынатын комиссия банкіге негізгі пайда әкеледі. Қолма-қол ақша операциясының өзіндік құны 0,3 %, ал кірістер 1 %-ды құрайды. Кассалық операциялардан түсетін банкінің бір жылдық пайдасы 2,2 млрд.долларды құрайды. Мұндай көлемде пайда түсіре отырып, банкілер банкоматтар санын тез арада көбейтіп алады.
Төлем жүйелерінің жаңа технологияларды жасырын шаруашылық айналымын экономикалық жағынан тиімсіз жасайды деп ойлауға болмайды. Жасырын қолма-қол ақша айналымы көп жағдайда банк арқылы, нақтырақ айтсақ банк жанындағы бір күндік фирмалар арқылы өтеді. Қолма-қол ақша айналымындағы тарифтер операция сомасының 1 %-ынан аспайды. Олардың 0,3 %-ын банк кассалық операциялардың комиссиялардың комиссиясы ретінде ретінде ұстайды және осымен оның қызметі шектеледі. 0,7 %-ды өз ұсталымдарын жабу үшін бір күндік фирма алады. Бұл бөлімге банкілердің жасырын кірістері кіреді.
Банкілік шот арқылы жалақы төлеуге мемлекет банк жағында болады, себебі, мұндай төлемдер салықтық басқаруға мүмкіндік береді.
Көптеген клиенттер қашықтықтан қызмет көрсету құралдарына қол жеткізе алмай отыр. Себебі, біздің елімізде интернет немесе ұялы телефонға қосылу қызметінің құны қымбат, ал банк оларды жасап шығаруға қажет сомамен қаржыландыра алмай отыр.
Орта есепппен алғанда, кәсіпорынның бір есеп айырысуына айына жеті төлемнен келеді.Егер бір төлемнің дәстүрлі өңделуіне 2,5 доллардан келетін болса, онда қашықтықтан қызмет көрсетуге қосылудың комиссиясы жеті төлемге 2,5 доллардан шаққанда аз болуы керек.
Бұл жағдайда 1990 жылдың аяғында тарифтерін айтарлықтай төмендетіп, өз қызметтеріне барлығының қолының жетуіне мүмкіндік берген ұялы байланыс операторларының тәжірибесін пайдалану керек. Интернет-банк пен телебанкіге қосылу және айлық абоненттік пайдалануға айына 10 доллар көлемінде комиссия белгілеу ұсынылып отыр.
Бұл ұялы телефонды қолданудағы төменгі төлемді тіпті студенттер де жүзеге асыра алады. Клиенттердің интернет немесе ұялы 727 млн. долларды жылына өзара 100 ірі коммерциялық банкілер мен бағдарламалармен қамтамасыз ететін 20компания бөліп алады делік. Нәтижесінде, әр банкіге жылына шаққанда 7 млн. артық доллардан келеді. Интернет-банкіні енгізу үшін 3-4 млн, доллар қажет. Әр коммерциялық банк жылына бұл сомадан аз алмайды, яғни қашықтықтан қызмет көрсету мен қосымша төлем жүйелері қызметін кез келген банк қаржыландырып, бағдарламамен қамтамасыз етуді енгізе алады.
Төлем жүйелерін ұйымдастыру мен технологиясындағы өзгерістердің төлем-кассалық қызметі үшін ұсталатын комиссия көлемі анықталады. Олар төлем жүйесіндегі технологияда банкілердің қызметіне сүйенеді. Клиенттер мен банкілерде төлем жүйесінде жаңа технологияны дұрыс қолдану міндет болып табылады.
Коммерциялық банкілердің атқаратын қызметтері: ағымдағы шот ашу, клиенттердің құжаттар жиынтығын сақтау; банкілік шот арқылы қашықтықтан қызмет көрсету құралдарын клиенттерге беру, осы құралдармен жұмыс істеуді үйрету және оларға қызмет көрсету; төлем құжатын дәстүрлі жүйеде, яғни қағаздық құжатта жүзеге асыру; аккредитив немесе инкассо бойынша күрделі төлемдерді жүргізу; шетел валютасымен шоттарға қызмет көрсету және халықаралық төлемдер жүргізу; қолма-қол ақшаны алу және беру; инкассация; пластикалық карталар қабылдайтын пунктерде қызмет көрсету және банкомат құрылымы; есеп айырысу мен төлем жүйесіне қатысушылар арсындағы келіспеушілік жағдайларды шешу; төлем жүйесіндегі қосымша қызметтерді дамыту, қызметке сәйкес бағдарламамен қамтамасыз етуді енгізу және ағымдағы шотты ашу мен оның жылдық шығарылымына 5 доллар көлемінде комиссия бекіту ұсынылды. Клиенттердің төлем нұсқауларын дәстүрлі өңдеу үшін – 2,5 доллар ұсталса, қолма-қол ақшаны беру мен алудың барлық сомасы 1 %-ды құрайды. Бұл көлемдерді анықтаудың негізінде банкілік үшін тиімді карточка жүйесінің комиссиясы жатыр.
Ақшаны жариялауда салық органдары салық салады, сондықтан банк мұндай қызметтерді сенімді клиенттеріне ғана көрсетеді. Банкілік шотта жалақы төлеуде мемлекет банк жағында болады, себебі мұндай төлемдер салықтық басқаруға мүмкіндік береді. Банк интернет және ұялы телефон арқылы жұмыс істеуге 10 доллар мөлшерінде ай сайын комиссия бекітеді, яғни ұялы телефон үшін төленетін төлем деңгейі барлық адамдардың қолдауына ыңғайлы.
Банкілер ірі және орта кәсіпорындарды арнайы бағдарламамен қамтамасыз ету үшін клиенттердің офиске келуін талап ететін қосымша қызметтің түрін қосады. Құны 10 доллар тұратын қосымша бағдарлама модулін қолданғаны үшін, айына бір рет комиссиялық төлем төлейді. Банк операторы клиент офисіне бір немесе бірнеше модульдерді орнатқаны үшін 100 долларға алады.
Клиенттің шотын ашу қашықтықтан қызмет көрсету құралына қосылу мен қосымша қызмет көрсетуге жұмсалған комиссиялық төлемдерді карточкалық жүйедегі банкілердің шығындарын жасырып тұрады.
Клиенттер қашықтықтан қызмет көрсету құралына төлем жүйесінің қосымша қызметтерін автоматты түрде қолданады, бұл кезде банк шығындары аз болады. Қашықтықтан қызмет көрсету құралын қолданудан түсетін комиссиялық табыстар табыс жинағын қалыптастырады. Бұл қызмет көрсетудің табыстары автоматтандырылған банк жүйесіне жұмсалған банкілердің әр жылғы шығынынан екі есе артық, әрі бұл жаңа жүйелерді толығымен қаржыландыруды, соған сәйкес бағдарлама енгізуді қамтамасыз етеді.
Онда коммерциялық банкілер клиенттердің шот ашқаны үшін, сондай-ақ 886 млн, доллар сомасы көлемінде дәстүрлі төлемді жүргізгені үшін комиссия алады. Кассалық іс-әрекеттердің комиссялық табысы 3150 млн. долларды құрайды. Қашықтықтан қызмет көрсету құралын орнатып, қосымша қызметтерді бағдарламамен абоненттердің қолданғаны үшін 727 млн. доллар көлемінде комиссия алынады.
Ақша аудару үшін төлем жүйелері техникалық механизмдер мен ережелердің жиынтығы арқылы анықталады. Төлем жүйелерінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесіне қарағанда, электронды технология жақсы дамып келе жатқан сияқты. Сонымен бірге, осы құбылыстардың арасында есеп айырысу формалары, төлем тәсілдері, субъект және қағидалар сияқты элементтердің өзара байланысы байқалады [26;212-218].
Төлем жүйелері төлем шығынын кеміту үшін есеп айырысу формаларын бір ізге салды. Қазір бұл біркелкі реквизиттер мен құжат айналымының негізінде жүреді. Реквизит негізінде дегеніміз – төлемді тарату және электронды файлды айырбастау секілді төлем нұсқаулары. Төлем жүйелерінде технологиялық тәуекел жеткілікті, ал төлемдер төлеушінің шотынан алушының шотына депозитті ақша аудару арқылы жүреді. Төлем жүйе төлемнің басқа қызметінен бас тартады. Себебі, ол ішкі төлем жүйесінің қатынасын кредиттік тәуекелді банк-клиент қатынасына айналдырады.
Төлем жүйелерінің жоғары технологиялары субъектілерді мамандандыруға үлкен талап қояды. Сондықтан технологияларды стандарттау мен төлемдерді электрондық өңдеу қызметін атқаратын жүйедегі операторлардың орны ерекше. Сонымен бірге, бәсекелестік бастамада әрбір төлем жүйесінде қызмет ететін бағдарламамен қамтамасыз етушілердің де рөлі орасан зор. Ал банкілер клиентпен офистік жұмыс атқарып, төлемдер жүргізеді. Төлем жүйесін жүргізудің қағидалары өте көп. Олар: қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың мәні, заң, тәртіп, барлық субъектілерді бақылау мен реттеу, таңдау мүмкіндігі, акцепт, мүліктік жауапкершілік. Төлемді жүргізудің тиімділігі мен жоғары технологиямен қамтамасыз етілуіне тәуекелді кеміту, қауіпсіздік, сенімділік, төлемді жедел жүргізу сияқты қағидалар жатады.
Төлем сомасының тиімділігіне, әдісі мен тәртібіне қарай төлем жүйелері төмендегідей болып бөлінеді: көтерме және бөлшек, клирингілік және жиынтық, дебеттік және кредиттік. Сонымен бірге олар төлемнің түрлі мерзімімен сипатталады. Төлемнің тәуекелі мен шығындарына көтерме, жинақ және кредиттік құрылымдар үндестігінің нәтижесінде қол жеткізуге болады. Тәжірибе жүзінде бұл үндемтік белгілі уақытта жинақ есебіне көшу тенденциясынан байқалады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қаржы жүйесінің тиімді қызмет етуі республикадағы төлем жүйелерінің дамуы мен тұрақтылығына байланысты. Соңғы жылдары Қазақстан Ұлттық төлем жүйесінде күрделі оң өзгерістер болды. Олардың ең бастылары:
- коммерциялық банкілердің корреспонденттік шоттары Ұлттық банк тарапынан республикалық деңгейде шоғырландырылды;
- Ұлттық банк төлемдерді орталықтан жүргізеді;
- Республикадағы барлық облыстар Ірі төлем жүйесіне қосылды;
- Қағаздық форманы куәландыруды талап ететін электронды формадағы құжаттар енгізілді;
- Құқықтық базадағы қосымшалар енгізілді.
Қазіргі уақытта Қазақстан төлем жүйесі ТМД мемлекеттерімен салыстырғанда алдыңғы орында тұр. Сонымен қатар төлем жүйесіндегі стратегиялық талапты анықтап, оларға қол жеткізуге тырысу керек. Ұлттық төлем жүйесін модернизациялау Қазақстанның банкілік секторын дамытудың жалпы стратегиялық мүмкіншіліктері мен банкінің төлем жүйесіне қоятын талаптарына сәйкес келуі керек.
Қазақстан төлем жүйесінің тиімді моделі мынадай талаптарға сай болуы тиіс:
қатысу үшін қол жеткізу критерийлерін нақты анықтау;
сенімді заңды-құқықтық базаның болуы
тәуекелді басқарудың нақты процедурасын енгізу, барлық қатысушылардың арасында жауапкершілікті бекіту, қауіпсіздік шараларын анықтау;
банкаралық ақша аудару жүйесіндегі есеп айырысудың өз уақытында жүзеге асуы мен жылдамдығын қамтамасыз ету.
Сонымен қатар модернизацияланған төлем жүйесінде овердрафт пен күндізгі кредит міндетті түрде болуы керек.
Ұлттық төлем жүйесін дамытудың негізі тенденцияларын анықтауда қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың тиімді формаларын құру туралы мәселені де қарастыру керек. Нарықтық экономикада төлем құралдарының алуан түрі бар. Төлем құралдары дегеніміз – ақшаны бір клиенттің шотынан екіншісінің шотына аудару туралы банкіге берілген электронды немесе қағаз жүзіндегі тапсырма.
Қазіргі кезде қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың негізгі төлем құралы төлем тапсырмасымен есеп айырысуды (аз мөлшерде болса да төлем талаптарымен немесе есеп айырысудағы) инкассомен жүзеге асыру болып табылады. Чек және заңды тұлғалардың көпшілігі есеп айырысуды қазіргі уақытта қарқынды дамып келе жатқан төлем карточкалары арқылы жүзеге асырады. Сондықтан төлем карточкаларын есеп айырысу мен төлем қатынастарына енгізуді дұрыс жолға қою керек.
Төлемдерді чек арқылы жүзеге асырудың формасын дамыту үшін чектерді қабылдау ережесіне, қағаз бен баспа сапасына, сонымен қатар клирингілік жүйе арқылы чектің өтуі үшін талап етілетін уақыт мерзімін тексеруге көп көңіл бөлінуі тиіс. Сондай-ақ жалпы жарнамалық компания арқылы чекке сенімді төлем құралы ретінде жарнама жасау, белгілі сома мөлшерінде чекпен төлемді кепілдендіру туралы банкіге ұсыныстар жасау, есепшоттағы ақшаға кішігірім мөлшерде пайыздық үстеме қосу арқылы өздеріне клиенттерді тарту қажет.
Төлем карточкалары қызметінің бөлшек нарығын дамытудағы басты бағыт – «Тенгри-карт» микропроцессингілік технология ірі және ұсақ төлемдерді жүзеге асыру үшін өз карточкаларын қолдануға мүмкіншілік береді. Микропроцесингілік технология арқылы жүзеге асырылатын ірі төлемдер 80 %-ды құрайды. Мұндай жүйе құрудың ең негізгісі – маңызды әрі ірі көлемдегі қолма-қол ақша айналымын қолма-қол ақшасыз есеп айырысу түріне алмастыру болып табылады. Бұл өз кезегінде бюджетке түсетін салықтар түсімін көбейтуге, коммерциялық кәсіпорындардың сауда айналымдарын заңдастыруға, қолма-қол ақшаның жасырын айналымын қысқартуға мүмкіндік жасайды. Орталықтанбаған төлем жүйесін құру жобаның негізін қалаған маңызды идея болып табылады. Мұндағы мақсат – карточка иесінің кең көлемді бірегей инфрақұрылымын жасау, яғни банкілер Ұлттық банкаралық төлем жүйесін құру үшін әрбір банкінің инвестициясын қысқартуға мүмкіншілік береді.
Информация о работе ҚР төлем жүйесі және оның даму тенденциялары